«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ



КІРІСПЕ

I. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТОЕРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың мәні мен маңызы
1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру

II. «Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Даму Банкі және олардың экономикалық рөлі
2.2 «Қазақстан Даму Банкі»АҚ.ның қаржылық жағдайын талдау

III. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

IV. ҚОРЫТЫНДЫ

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына
Жолдауында: 2030 жылы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз
қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы
тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз
болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске
асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, онда өзімізден
басқа ешкімге кінә арта алмаймыз. Салауатты әрі гүлденген экономика
құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз,
демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір
адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси
тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап
етеді,- деп Елбасымыз Қазақстанның болашақтағы гүлденуінің негізгі
алғышарты экономикалық дамудың жоғары қарқыны мен нысаналы экономикалық
реформалар екендігін айтқан болатын.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің
бірінші деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының заң актісімен
белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін
қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады.
Екінші деңгейлі банктер халыққа түрлі банктік қызметтер көрсетеді, сол
операциялары нәтижесінде пайыздық және басқа да комиссиялық табыстарды
алады. Яғни, еліміздің экономикасының одан әрі жедел қарқынмен дамуы үшін
біз қазіргі кезде жетіп үлгірген секторларды жаңғырта жаңару қарқыны
жеделдетуіміз керек. Елбасымыздың бұл сөздерін еліміздің жеке секторлардың
өкілдері де қолдайды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономистерінің бірі,
Казкоммерц Инвест АҚ-ның Басқармасының төрағасы Сарсенбаева Ж.И.: Шетел
инвесторлары Қазақстанды инвестициялық климаты бойынша тартымды елдер
қатарына қосады. Ол дегеніміз Қазақстан Даму Банкіне қосымша жұмыс болып
табылады,- деп айтқан болатын 5, 13б.
Елдің экономикасы үшін екінші деңгейлі банктердің маңызы зор және сонымен
қатар олардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығының деңгейінің де жоғары
болуы маңызды. Егер де мемлекеттің қаржы нарығы тұрақты, банктерінің
қаржылық жағдайы жақсы және сенімді болса, онда елдегі басқа да
экономикалық салалар одан әрі дами түседі, өндіріс көлемі артады, яғни
халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Бикбаев А. өзінің бір сөзінде:
Жаһанданудың күшеюі және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
жағдайында елдің бәсекеге қабілетті банк жүйесін дамыту бойынша жұмыстар
жүргізу керек. Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының
белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген
инвестициялық қызығушылықты арттырады, арзан және ұзақ мерзімді қаржылық
қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы мәселелерді ары қарай
дамытуда Қазақстан Даму Банкінің орны еркше.,-деп отанымыздың қаржылық
нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы банктердің, соның ішінде,
Қазақстан Даму Банкінің орнын көрсетті.
Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін,
яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама
сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі
құрылымдық бөлімдер бойынша талдау – банктің активтерін сапалы басқаруды
талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық
жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау – банктің қызметін жүйелі және
комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты – банктердің инвестициялық портфелін
қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
болып табылады.
Мақсатпен байланысты курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін
бөлуге болады:
• банктердің инвестициялық қызметін талдаудың теориялық негіздерін
зерттеу;
• Қазақстан Даму Банкі Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелін
талдау және бағалауды жүргізу;
• банктердің инвестициялық портфелін басқарудың жетілдіру жолдарын
іздеу.
Жұмыстың зеттеу заты банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен
басқару жолдарын анықтау болып белгіленді.
Жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Даму Банкі Акционерлік Қоғамының
инвестициялық портфелі.
Курстық жұмыстың жазылу барысында Сейтқасымов Г.С., Мақыш С.Б., Печникова
А.В., Игонина Л.Л., Лаврушин О.И., Коробовой Г.Г., Буевич С.Ю. және тағы
басқа ғалымдардың жазған еңбектері, оқу-әдістемелік құралдары арқау
негізінде қолданылды.

1. БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың
мәні мен маңызы

Банктің инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген
мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен,
инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі
өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.
Инвестициялық портфель – мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық
стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы.
Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты
инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды
таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады.
Банк жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті дамуы банктердің инвестицияық
процессте беделді қызмет атқаруына себеп болады. Бір жағынан коммерциялық
банктердің қызметінің міндетті шартты ретінде экономикалық аяның тұрақты
болуы деп саналады, басқа жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың
тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің икемді және тұрақты болуынан, яғни оның
нәтижелі қызмет көрсетуінен. Жеке банктердің қызығушылығы тәуекелдің төмен
дәрежесінде неғұрлым көбірек пайда табу. Экономиканың инвестициялануына
банктер тек қана жағымды, тиімді шарттар болғанда ғана қатысады.
Инвестициялық процессте банктердің жалпы алғанда негізгі бағыттары
мынадай:
• инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы;
• инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі;
• салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы (банк
есебінен де, клиент тапсырмасынан да).
Бұл бағыттар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Капиталдарды, халықтың
жинақтарын, және тағы басқа да бос ақша құралдарын шоғырландыра отырып,
банктер олардан пайда табу мақсатында өз ресурстарын құрастырады. Ақша
құралдарын жинастыру операцияларының көлемі мен құрлымы – банктің несиелік
және инвестициялық портфельдеріне әсер ететін негізгі факторлар және
олардың инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі.
Банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қызмет көрсететін бизнес ретінде
қарастырылады: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және орналастыру;
екінші ретті нарықта сатушы мен сатып алушыларды жолықтыру брокерлік және
диллерлік қызметтер арқылы.
Совет одағы кезінде банктердің инвестициялық қызметі ретінде қарыз
алушыдарға ұзақ мерзімді несиелік капиталды ұсынуды және шоғырландыруды
қарастыратын. Бұл тұрғыдағы мәселелер сол кезгі жағдаймен байланысты болып
келген, ол кезде банктердің инвестициялық қызметі ретінде ұзақ мерзімді
несиелеу болып қарастырылды. Бәріне белгілі себептермен ол кезде бағалы
қағаздар нарығының жұмыс істеуі мүмкін болған жоқ.
Инвестиция ретінде банк ресурстарын барлық бағыттар бойынша орналастыру,
табыс табу мақсатында ақша қаражаттарын белгілі мерзімге негізделген
операциялар жиынтығы деп қарастуруға болады. Бірінші жаірінші жағдайда
банктің активті операцияларының барлығы қарастырылса, ал екіншісінде
операциялардың құрлымы қарастырылады.
Банктік инвестициялардың өз экономикалық құрлымы бар. Банктің
инвестициялық қызметін микроэкономикалық тұрғыда – оны экономикалық субьект
ретінде қарастырса, онда банк инвестор ретінде өз қаржы құралдарын тікелей
және жанама пайда табу мақсатында белгілі мерзімге қаржылық активтерді және
нақты активтерді сатып алу үшін жұмсайды.
Сонымен қатар банктің инвестициялық қызметі қаржылық делдар ретінде
макроэкономикалық қызметті де атқарады. Бұл қасиетте банк шаруашылық
субьектердің инвестициялық сұранысын қанағаттандыру қызметін, нарықтық
экономика жағдайында ақша-несиелік түрде жинақтар мен қорларды инвестицияға
айналдырады. Сондықтан банктің инвестициялық қызметі макроэкономикалық
тұрғыда экономиканың инвестицияға деген сұранысын қанағаттандыру қызметі
деп есептеледі.
Сонымен банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қарастырылады.
Экономикалық субьект (банк) ретінде қарастырса инвестициялық қызмет банк
табысын көбейтуге негізделген. Макроэкономикалық тұрғыда инвестициялық
қызмет қоғам капиталының өсуіне бағытталған.
Экономиканың дамуы позициясынан банктің инвестициялық қызметі тек қана
банктің пайда табуы емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де табысқа қол
жеткізу болып табылады (қоғам табысын қайта бөлу кезінде болатын, банктің
жеке табысын ұлғайтатын ивестициялық қызметтерден басқа). Сонымен
макроэкономиалық тұрғыдан банктің инвестициялық қызметі өндірістік негізде
жүргізілгенде көрініс табады.
Банктің өндіріске инвестициясы өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен
дамуына қажет, шаруашылық субьектердің капиталдық шығындарына банктің
қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бірінші ретті нарықта орналасқан
үлестер, пайлар, акциялар, басқа бағалы қағаздарды сатып алу, инвестициялық
несиелендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық банктің инвестициялық қызметін екі тұрғыдан қарастыру бір-
бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс негізінде объектерді жекешелендіру
нарығы мен бағалы қағаздар нарығының дамуы жатыр, олардың құралдары тікелей
немесе жанама түрде инвестициялық процесстің қызмет етуін құрайды.
Коммерциялық банктер инвестициялық қызмет барысында микроэкономикалық
тұрғыда жекешелендірілген өндірістің бағалы қағаздарын орналастыру арқылы
қатысады. Банктер басқару қызметін бірінші ретті нарықта орналасқан
өндірістің бағалы қағаздарын, акцияларын, пайларын сатып алу түрінде
жарғылық капиталға салым салу арқылы жүзеге асырады. Сондықтан
инвестициялық қызмет экономикадағы инвестициялық процесстің негізі ретінде
қарастырылады.
Қазақстан экономикасы жағдайында, бағалы қағаздар нарығының спекулятивтік
салымдарға толы болуы, тұрақсыздығы мен экономикаға инвестициялаудың
мәселерін шешуде ешқандай маңызды ролді ойнамауы, әлі ұзақ мерзімге дейін
несиелік түрде инвестициялық сұранысты қанағаттандыру маңыздылығы
сақталады. Сондықтан банктердің инвестициялық процесске қатысуын зерттеу
кезінде банктің инвестициялық қызметінің екі жақтығын ескеру керек.
Банктің инвестициялық қызметінің индикаторлары ретінде келесі
көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:
• коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі;
• инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы;
• банк инвестицияларының көлемі;
• инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі;
• объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрлымдық көрсеткіштері;
• банктің инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіштері, соның ішінде,
инвестиция көлеміне есептелген активтердің өсуі, инвестиция көлеміне
есетелген пайданың өсуі;
• табысты қаржылық активтерге салымдармен салыстырғандағы
инвестициялардың өндірістік секторға альтернативті табыстылықғының
көрсеткіштері.
Салымдардың объектісі бойынша нақты экономикалық активтерге салыидар
және қаржылық активтерге салымдар деп қарастыруға болады. Банктік
инвестицияларды дифференциялған түрде объектілер бойынша қарастыруға
болады. Олар: инвестициялық несиелерге, қысқа мерзімді депозиттерге,
пайларға және үлестік қатысуларға, бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке,
қымбат бағалы тастар мен металдарға және тағы басқаларына салымдар деп
бөлуге болады.
Банктік инвестициялар салыну мақсаты бойынша тікелей және портфельді
болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар инвестициялау объектісін басқаруға
бағытталады. Ал портфельді инвестициялар инвестициялық объектіні тікелей
басқару емес, пайыздар мен дивидентер арқылы немесе активтердің нарықтық
бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі.
Инвестициялардың салыну бағыты бойынша өндіріс пен ұйымның банк тарапынан
шаруашылық қызметіне қатыспай, тек қана құрылуы мен дамуына бағытталуы
мүмкін.
Инвестициялардың құралу көздері бойынша банктің өз инвестициялары және
банк есебінен жүргізу, және клиент тапсырмасы бойынша және клиент есебінен
банк жүргізуі мүмкін.
Инвестициялардың салыну мерзімі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін),
орташа (үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) болуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің инвестициялары тәуекел түрлері бойынша, салыну
аймағы бойынша, салыну саласы және тағы басқа түлері бойынша бөлінуі
мүмкін.
Коммерциялық банктер өндіріс саласында инвестициялық қызметті атқармайтын
болса, нақты инвестицияларды олар нарықта қызмет жасайтын жылжымайтын
мүліктерге, бағалы металдарға, мүліктік және интелектуалдық құқықтарға
немесе өзінің материалды-техникалық жабдықтарын жақсартуға жұмсауы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктерге салым салу олардың нарықтық бағасының өсуі немесе
оларды жалға беру арқылы табыс табуға болады. Бірақ жылжымайтын мүліктерге
салым салу инвестицияны қаржыландыратын ұзақ мерзімді қаржы көздерінің
болуын талап етеді, сондықтан бұл істі көбінесе ірі банктер жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлік нарығы негізгі үш тараптан тұрады: ғимараттар,
шаруашылық объектілер және жер учаскелері. Бұл бағыттардың қай саласынада
болмасын инвестициялар жасау банк қызметкерлерінің арасында әр саланың
білікті мамандарының болуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл салаға салым
салу төмен өтімділікке әкеліп соғады. Сондықтан инвестициялық шешім
қабылдау барысында барлық көрсетілген факторларды және барлық ақпараттарды
талдап, жүйелі шешім қабылдау керек. Жылжымайтын мүлікке салым салу кезінде
объектінің жарамдылығы, орналасқан жері, көлемі, оны сатып алу немесе салу
керектігі, кейін оны ауыстыруға болатындығы талданып сараланады.
Бағалы металдар мен асыл тастарға салым салу банктің бірнеше мақсатына
сүйенеді. Олардың нарықтық бағасының көтерілуіне, бұл активтердің белгілі
уақытқа дейін өз құндылықтарын жоғалпауына, сақтану резервтері қызметін
атқаратындығына, осы ерекшеліктеріне негізделіп банк салым салуы мүмкін.
Бағалы металдар мен асыл тастарға банк инвестицияларын салу тез арада
пайда табуға негізделмеген. Бұл операцияларды ресурстық базасының
жеткілікті болуы немесе дұрыс бағаланбаған немесе бағасы анықталмаған
активтерге салым салу саясатын жүргізетін банктер жүзеге асырады, бірақ
болашақта олардан үлкен табыс күтеді. Бағалы металдар мен асыл тастарға
салым салу, жылжымайтын мүліктерге салым салудан қарағанда жоғары өтімді
болып келеді, сондықтан күтпеген жағдайлар туғанда оларды тез арада сатып
жіберуге болады.
Нақты инвестициялар жалпы банк инвестициясының көлемінің аз үлесін
құрайды. Қаржы-несиелік иститут ретінде банкке негізінен қаржылық
инвестицияларды жүргізгені абзал.
Банктің қаржылық инвестицияларына бағалы қағаздарға, басқа банктердегі
қысқа мерзімді депозиттерге, несиелік инвестицияларға, пайлар мен үлестік
қатысуларға салым салу жатады. Қор нарығының дамуы салдарынан бағалы
қағаздарға: борыштық міндеттемелерге (вексельдерге, депозиттік
сертификаттарға, мемлекеттік және муниципалды бағалы қағаздарға), үлестік
бағалы қағаздарға (акциялар), туында бағалы қағаздарға (деривативтер) салым
салу тиімді саналуда. Бағалы қағаздарға салымдарды банк өз есебінен (бактің
инвестициялық операциялары) және клиент тапсырмасы мен соның есебінен
(клиенттің инвестициялық операциялары) жүргізуі мүмкін. Банк басқа
банктердегі қысқс маерзімді депозиттерге салым салуы мүмкін.
Банк несиелік инвестицияларды төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық,
ол дегеніміз банк міндетті түрде қарыз сомасын және ол бойынша пайыздарды
қайтарып алады, бірақ бірлескен шаруашылық қызметке араласпау негізінде
ұзақ мерзімді несие түрінде береді. Сонымена қатар бұл несиелеу өзге
несиелерден айырмашылығы бар, несиенің түпкілікті пайдалану мақсаты,
басқаларға қарағанда ұзаұ мерзімге және тәуекел дәрежесі жоғары. Тәуекел
дәрежесін төмендету мақсатында инвестициялық несиелеуді жүзеге асыратын
банктер қарыз алушыларға қосымша міндеттемелер жүктейді. Ең көп таралған
міндеттемелер келесідей болады:
• ұйымның басқару құқығын беретін акция бөлігін иемдену;
• үкімет немесе сенімді банктердің қаржылық кепілдік көрсетуі;
• жоғары өтімді кепілдің болуы;
• үлестік қатысу.
Инвестициялық несиенің ұзақ мерзімге берілуіне байланысты, несиелік
арызды немесе инвестициялық жобаны қарастыру барысында инвестициялық
тәуекелді анықтау кезінде, қарыз алушының несие кабілеттілігі және несие
тарихы ғана емес, және ұйымның қаржылық жағдайының динамикасы талданады.
Үлестік қатысуға, пайларға, акцияларға салым салу, инвестициялық несиеден
ерекшелігі, ұйымның шаруашылық қызметіне банктің араласуы болып табылады.
Банк ұйымның жарғылық капиталының қаржылық және қаржылық емес мазмұнында
қатысушысы және құрылтайшысы болып табылады.
Өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына банк инвестициялары екі
негізгі түрден тұрады: басқа ұйымдардың шаруашылық қызметіне салымдар және
банктің өз қызметіне салымдар. Банктің өндіріс немесе ұйымның шаруашылық
қызметіне инвестициялар салуы арқылы, олардың капиталдық шығындарына,
жарғылық капиталдарын құру немесе ұлғайту арқылы араласады. Ұйымның
акцияларын, пайларын, үлестерін сатып алу арқылы жарғылық капиталға
араласуы, банктер заң бойынша жарғылық капиталдың құрылтайшысы ретінде
берілетін барлық құқықтарға ие болады. Еншілес ұйымды құру мен оны дамытуға
салым салу банктің құрылтайшылық қызметіне араласуына негіз болады, өйткені
банк оның қаржылық және қаржылық емес құрылтайшысы болып табылады.
Коммерциялық банктердің құрылтайшылық ұйымдары болып, көбінесе қаржылық
саладағы (инвестициялық қорлар және компаниялар, брокерлік фирмалар,
инвестициялық кеңестер, лизингтік және факторингтік фирмалар, депозиттік
және клирингтік институттар, сақтандыру фирмалары, мемлекеттік емес
зейнетақы қорлары, холдингтер, қаржылық топтар және тағы басқслары) немесе
қызмет көрсету саласында (қаржылық кеңестер беру, ақпараттар және тағы
басқалары).
Банктердің ұйымның немесе өндірістің шаруашылық қызметіне қатысуы бірнеше
жағдайларға байланысты:
• инвестицияларға қаржылық бақылау орнату;
• тәуекелдің диверсификациясы және банктік бизнестің табыстылығы;
• қызмет көрсету аймақтары мен клентерге көрсететін қызмет түрлерін
кеңейту арқылы банк беделін әр түрлі нарықтарда артыру;
• еншілес қаржылық иституттар құру арқылы ресурстік және клиенттік базаны
ұлғайту;
• еншілес ұйымдар арқылы банкке келетін ақша құралдарының ағымын ұлғайту;
• банкке заңды айнала жұмыс істейтін, рұқсат етілмейтін операцияларды
ұлғайту (өндіріс саласында, материалдық құндылықтармен сауда-саттық
және сақтандыру).
Еншілес ұйымдарды инвестиция арқылы, олады құру мен дамыту өндірістік
және өндірістік емес сипатты иеленуі мүмкін.
Өндірістік инвестициялар, банктің шаруашылық субьектілердің капиталдық
шығындарына қатысуы, инвестициялық несиелерді беру және инвестициялық
жобаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық банктер
несиені беру, акционерлеу, жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту, лизинг
беру арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыра алады.
Инвестициялық жобаға инвестициялау арқылы банк тек қана пайда таппайды,
сонымен қатар құрылған немесе қайта құрылған ұйымды басқару құқығына ие
болады. Инвестициялық жобаға тікелей қатысуы арқылы банктің жалпы басқару
стратегиясын құруына себепші болады. Бұл жобаны қаржыландыру мен оны тиімді
басқаруға деген қарым-қатынасты жақсартады.
Қазақстандық банктер өндіріс орындары мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына
инвестициялауы пайыздар мен дивидентерге ғана қызығушылықпен емес,
экономикалық нәтижелерге: нарықта өз беделін күшеуті, қосымша клентерді
тарту және тағы басқа қызметтер көрсетуге бағытталады. Инвестициялаудың
бірден-бір тұжырымы ретінде ұйымды басқаруға қол жеткізу болып табылады.
Банктердің өндіріс орындарына инвестицияларды жұмсауы күтпеген жағымсыз
жағдайлар туғызуы мүмкін. Банктердің қаржылық емес ұйымдарға көп көңіл
бөлуі банктік тәуекелдің жоғарлауна, және банктік жүйенің тұрақтылығы мен
сенімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты банктердің
шаруашылық қызметке араласуын шетейтін заңдар мен нормативтік актілер бар.
Банктің өз қызметіне ивестициялар салуы өзінің материалды-техникалық
базасы мен ұйдастырушылық қызметін жақсартуға жұмсалады. Бұл салымдардың
бағыты, банктің осы салымдар арқылы қандай мәселелерді жүзеге асыратынына
байланысты анықталады. Инвестицияның бағыты бойынша:
• банк қызметінің тиімділігін артыру мақсатындағы инвестициялар. Олар
банктік жоғалтуларды төмендетуге бағытталған техникалық жабдықтарды
жақсартуға, банктік қызметтерді ұйымдастырудың жаңа сатысына шығуға,
еңбек ету жағдайын жақсартуға, қызметкерлерді үйретуге, сапалы талдау
жүргізуге бағытталған;
• банктік қызметтерді диверсификациялау мен кеңейтуге бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар банктің ресурстық және клиенттік
базасын ұлғайтуға, банктік операцияларды көбейтуге, жаңа банктік
қызметтерді жүзеге аыра алатын жаңа бөлімшелер құруға бағытталады;
• мемлекеттік қадағалау органдарының қойған талаптарына сай болуға
бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар банктік қызметті
белгіленген жағдайлар бойынша жүргізу үшін қадағалау органдарының
қойған талаптарын қанағаттандыруға жұмсалады.
Банктің өзінің дамуына салынған инвестициялардың тиімділігі, жасалған
қаржылық шығындардың арқасында банктің қаржылық жағдайының жақсаруы немесе
банктің жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан көрінеді. Өз қызметіне
инвестициялау көлемі мен құрлымы, нақты техника-экономикалық есептеулер
нәтижесіне сүйеніп іске асуы қажет. Қажет болған көлемнен артық мөлшерде
инвестициялау өтімділіктің өзгеруіне, банк табысының азаюына және банк
қызметіндегі тиімділіктің төмендеуіне алып келеді.

1.2 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру

Инвестициялық портфельді қалыптастыру процесінде инвестициялауға керекті
объектілер жиынтығы инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Қазіргі заман
теориясына сәйкес инвестор бір ғана емес, бірнеше инвестициялық
объектілерге өз салымын инвестициялай алады, сонымен қатар инвестициялық
объектілердің жиынтығын қалыптастыра алады. Өзінің қызығушылығын
қанағаттандыра алатын инвестициялық объектілерді таңдап алу мәселесі
туындайды.Портфельді инвестицияның негізін, оның инвестициялық
мүмкіндіктерін жақсарту үшін инвестициялық объектілерді жиынтықтау арқылы
қол жеткізіледі. Инвестициялық потфельдің құрылымы инвестордың қызушылығын
көрсетеді. Инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген
мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен,
инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі
өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.
Инвестициялық портфель – мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық
стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы.
Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты
инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды
таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады. Таңдалған инвестициялық
саясатың бағыты мен инвестициялық қызметтің ерекшелігінің негізінде
мынандай мақсаттар жүйесі құрылады:
• капиталдың өсуін жоғарылату;
• табыстың өсуін жоғарылату;
• инвестициялық тәуекелді төмендету;
• инвестициялық портфельдің қажетті өтімділік дәрежесін сақтау.
Бұл инвестициялық портфельді құру мақсаттары таңдамалы болып келеді.
Капиталдың нарықтық бағасының өсуі инвестициялық портфельдің ағымдық
табысының төмендеуімен байланысты. Капитал бағасының өсуі мен табыстың
жоғарылауы тәуекел дәрежесінің де жоғары болуына әкеліп соқтырады. Керекті
өтімділік дәрежесіне жету үшін, капиталдың бағасын арттыратын немесе жоғары
табысты, бірақ төмен өтімділік дәрежесі бар инвестициялық объектілерді
инвестициялық портфельге қосуға кедергі болады. Инвестор инвестициялық
портфельді құру кезінде инвестициялық объектілердің қасиеттерін талдайды
және жасалған инвестициялық саясаттың бағыты бойынша олардың жеке
мақсаттарын саралайды. Инвестициялық портфельді құру барысында тиімді
мақсаттарды таңдау инвестициялық портфельдің бағасына әсер етеді. Таңдалған
бағытқа байланысты инвестор инвестициялық портфельдің капиталының өсуі,
табыстылық, өтімділік және рұқсат етілген тәуекел дәрежесін негізгі
қағидалар ретінде алуы мүмкін. Сонымен қатар, инвестициялық портфель
құрамында әр түрлі қасиеттерге ие инвестициялық объектілер болуы мүмкін,
осы арқылы тәуекелді әр объектілер бойынша бөлу нәтижесінде жиынтық
табыстың үлкен көлеміне қол жеткізуге болады.Инвестициялық портфель
құрамындағы объектілердің түрлері мен инвестициялық мақсат бағыттарының әр
түрлі болуы – инвестициялық портфельдің алуан түрлі болуының негізі және
табыс пен тәуекел арасындағы қатынасқа сай келеді. Бұл экономикалық
әдебиеттерде әр түрлі топтау схемаларда көрініс табады.Инвестициялық
объектілер түрлері бойынша инвестициялық портфельді топтау, алдымен,
инвестициялық қызметтің көлемі мен бағытына байланысты. Өндірістік ұйымдар
үшін инвестициялық жобалардың нақты портфелі тиімді, ал иститутционалдық
инвестор үшін қаржы құралдарының портфелі тиімді болып келеді.Бұлар арқылы
аралас инвестициялық портфельді құруға болады. Оларда әр түрлі жеке
инвестициялық объект болып, әр түрлі стратегиямен басқарылуға тиіс
инвестициялық объектілер біріктірілуі мүмкін. Сонымен қатар,
мамандандырылған инвестициялық портфельдер инвестициялық объектісі ретінде
құрылуы және бөлшектері, салалар мен аймақтары, инвестициялық мерзімі,
тәуекел түрі және тағы басқалары бойынша құрылады.Фирманың (компанияның)
инвестициялық портфелі нарықтық экономика жағдайында тек нақты
инвестициялық портфельден ғана емес, бағалы қағаздар портфелі және басқа да
қаржылық құралдан (банктік депозиттер, депозиттік сертификаттар және тағы
басқалары) құралған инвестициялық портфель болуы мүмкін.
Банктің инвестициялық портфелі келесі портфельдерден тұруы мүмкін:
инвестициялық жобалар портфелі; инвестициялық несие портфелі; бағалы
қағаздар портфелі; үлес пен пайлар портфелі; жылжымайтын мүліктер портфелі;
бағалы металдар мен асыл тастар портфелі және басқа да инвестициялық
объектілер портфелі.
Әлемдік тәжірибеде инвестициялық портфель біртұтас басқару объектісі
ретінде заңды немесе жеке тұлғаның иелігіндегі бағалы қағаздар жиынтығы
ретінде түсіндіріледі. Бұл портфельді қалыптастыру мен болашақта оның
құралы мен құрылымын өзгерту кезінде басқарушы менеджер тәуекел-пайда
қатынасындағы жаңа инвестициялық сапаны қалыптастыруды білдіреді. Бірақ
жаңа портфель корпоративтік акциялардан, әр түрлі дәрежедегі қамтамасыз ету
мен тәуекелі бар облигациялардан және бекітілген пайдасы бар қағидалардан
тұрады, яғни негізгі сомасы мен ағымдағы түсімдерді жоғалту тәуекелі
минималды болады. Теориялық жағынан портфель бағалы қағаздардың бір түрінен
қалыптасуы, бағалы қағаздардың бір түрін екінші түрге ауыстыру арқылы
құрылымын өзгертуі мүмкін.Портфельді қалыптастырудың мәні - бағалы
қағаздардың жекелеген бір түрі бойынша қол жеткізуге болмайтын және оларды
біріктіру арқылы қол жеткізуге мүмкін болатын инвестициялық мінездеме
қасиетін қалыптастыру арқылы инвестициялық жағынан жақсарту.
Бағалы қағаздардың портфелі – инвесторға минималды тәуекел деңгейі мен
талап етілетін табыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрал. Портфельдік
инвестиция бойынша табыс тәуекел деңгейі ескерілген портфельдің біреуіне
қосылған бағалы қағаздар жиынтығы бойынша жиынтық пайданы білдіреді.
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапаларына байланысты бағалы қағаздар
портфелінің бірнеше түрін қалыптастыруға болады. Мұндай әр портфельде
тәуекел мен бағалы қағаздар портфелінің иесі мен күтілетін табыс арасында
өзіндік баланс болады. Бұл факторлардың арақатынасы бағалы қағаздар
портфелінің типін анықтауға мүмкіндік береді.Портфельдің типі – оның табыс
пен тәуекел қатынасына негізделген инвестициялық мінездемесі. Бұл кезде
портфель типінің сыныптарында табыс қандай қайнар көзінің көмегімен
қалыптасқаны маңызды болады, оның қайнар көздері болып курстық құндылықтың
өсуі немесе ағымдық төлемдер – дивиденттер, пайыздар болады.
Қалыптасу көзіне байланысты портфель сыныптамасы:
• Өсу портфелі. Бұл портфель бағасы өсетін компания акцияларынан
құралады. Бұл порфель типінің мақсаты дивиденттерді алумен бірге
портфельдің капиталды бағасының өсуі, бірақ дивиденттік төлемдер
кішкентай өлшемде алынады.
• Қарқынды өсу портфелі. Бұл портфель капиталының максималды өсуіне
бағытталған. Бұл портфель типінің құрамына жаңа, тез өсіп келе жатқан
компаниялардың акциялары кіреді. Портфельде инвесторлық тәуекелі өте
жоғары, бірақ, соған қарамастан, ол жоғары табыс әкеледі.
• Консервативтік өсу портфелі – бұл портфелдің тәуекелдік деңгейі біршама
төмен, оның құрамына ірі белгілі компанияның акциялары, курстық бағасы
жоғары емес, бірақ тұрақты өсу қарқынымен ерекшеленеді. Ұзақ мерзім
бойына бұл портфельдің құрамы тұрақты болады және капиталдың сақталуына
бағытталады.
• Орташа өсу портфелі. Бұл агрессивті және консервативті өсу портфелінің
жиынтығы, оның құрамына уақытша мерзімге алынған сенімді бағалы
қағаздар мен құрамы үнемі жаңарып отыратын тәуекелі бар қор құралдары
кіреді. Бұл жағдайда капиталдың орташа өсімі мен салымының төмен
тәуекел деңгейі байқалады. Сенімділікті консервативтік өсу бағалы
қағаздары, ал табысты агрессивті өсу бағалы қағаздары қамтамасыз етеді.
Бұл портфель типі кең тараған портфель моделі болып саналады.
• Табыс портфелі. Бұл портфель жоғары ағымдық табысты – пайыздық және
дивиденттік төлемдерге негізделген. Бұның құрамына жоғары дивидентті
акциялар мен жоғары ағымдық төлемді облигациялар мен басқа бағалы
қағаздардан тұрады. Бұл портфельдің ерекшелігі – оны қалыптастыру
мақсатының консервативтік инвесторлар қолдайтын минималды тәуекел
деңгейіне сәйкес табыстың белгілі деңгейін алуды көздейтіндігі.
Сондықтан портфельдік инвестицияның объектілері тұрақты төленетін пайыз
бен курстық бағаның арасындағы жоғары қатынасы бар қор нарығының
сенімді құралдары болып табылады.
• Тұрақты табыс портфелі. Бұл портфель жоғары сенімді бағалы қағаздардан
құралады және минималды тәуекел деңгейінде орташа табыс әкеледі.
• Табысты қағаздар портфелі. Бұл портфель корпорацияның жоғары табысты
облигацияларынан және орташа тәуекел денгейінде жоғары табыс әкелетін
бағалы қағаздардан құралады.
• Өсу мен табыс портфелі. Бұл портфель төмен дивиденттік және пайыздық
төлемдер мен курстық бағасының төмендеп кетуі сияқты қор нарығы мүмкін
жоғалтуының алдын алу үшін құралады. Портфель құрамына кіретін қаржылық
активтердің бір бөлігі иесіне курстық бағасының өсуін, ал екінші бөлігі
табыс әкелді. Бір бөлігін жоғалту, екіншінің өсуімен жабылады. Бұлардың
да бірнеше түрлері бар:
- Екі жақты портфель. Бұл портфель иесіне салынған капиталдың өсуі
жағдайында жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздардан құралады. Бұл
жағдайда екі жақты инвестициялық қордың бағалы қағаздары туралы
айтамыз. Бұл қорлар екі түрлі акцияларды шығарады: біріншісі – жоғары
табыстылықты, екіншісі – капиталдың өсуін қамтамасыз етеді.
- Балансталған портфельдер. Бұл портфель тек қана табыстардың
балансталуын білдірмейді, сонымен бірге бағалы қағаздармен операциялар
жасасу кезінде пайда болатын тәуекелдің балансталуын да қарастырады.
Балансталған портфель белгілі пропорцияда курстық бағасы тез өсетін
бағалы қағаздардан және жоғары табысты бағалы қағаздардан құралады.
Нарық коньюктурасына байланысты портфельге кіретін қор құралының
белгілі түріне қаражаттың үлкен немесе кіші бөлігі салынады.
Портфель типін тәуекел деңгейіне байланысты қарастырсақ, олардың 4 типі
бар:
• консервативтік
• қалыпты-агрессивті
• агрессивті
• рационалды емес
Сондықтан инвестордың әр типіне бағалы қағаздар пайдасының өзіндік типі
сәйкес келеді: жоғары сенімді бірақ төмен табысты, әртарапталған, жоғары
тәуекелді, бірақ жоғары табысты, жүйеліліксіз.
Инвестиялық портфельдің өтімділігі дегеніміз – портфельдің құнын
жоғалтусыз ақша қаражатына тез айналу мүмкіндігі. Бұл мақсатқа жетуді ақша
нарығының портфельдері шешеді.
1. Ақша нарығының портфельдері – капиталдың толық сақталуына бағытталған
портфельдердің түрлері. Бұл портфельдің құрамына ақша-қаражаттары мен
жоғары өтімді активтер жатады.
Бағалы қағаздармен жұмыс істеудің “алтын” ережесін: барлық ақша
құралдарын бағалы қағаздарға салуға болмайды, аяқасты туындайтын
инвестициялық мәселелерді шешу үшін бос ақша-қаражаттар резервін құру
қажеттігін, айтып кетуіміз жөн.
Инвестор құралдарының бір бөлігін ақшалай нысанда салуы портфельдің
тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жоғары өтімділікті қысқа мерзімді қордың портфельдері де қамтамасыз ете
алады, себебі олар қысқа мерзімді бағалы қағаздардан құралады және ақша
нарығында айналыста жүреді.
2. Салық салудан босатылған бағалы қағаздар портфелі құрамына мемлекеттік
қарыздық міндеттемелер кіреді және жоғары өтімділік деңгейінде капиталдың
сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Мемлекет органдарының бағалы қағаздарынан құралған портфелдер. Бұл
портфель мемлекеттік және жергілікті бағалы қағаздар мен міндеттерден
құралады. Бұл нарықтық құралдарға салымдар портфельді ұстаушыға сатып алу
мен сату бағасының арасындағы дисконт түріндегі пайыздарды төлеу
мөлшерлемесі түрінде табыс әкеледі.
4. Әр түрлі өндірістік салалардың бағалы қағаздарынан құралған
портфельдер. Бұл портфельдер түрлі өндірістік саладағы кәсіпорындармен
шығарылған бағалы қағаздардан құралады.
Инвестициялаудың мақсатына байланысты бағалы қағаздар портфелінің
құрамына сол мақсатқа сәйкес келетін айырбасталатын бағалы қағаздар кіреді.
Ол айырбасталатын және артықшылығы бар акциялар мен облигациялардан
құралады және белгілі уақыт аралығында бекітілген бағамен, бекітілген жай
акциялар санына айырбасталады. Активті нарық жағдайында, яғни “өгіздер
нарығында” бұл қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл портфель типіне,
сонымен бірге, тұрақты табысты облигациялар және ұзақ мерзімді
инвестициялар портфелін жатқызады. Элементерінің орналасу аймағына
байланысты бағалы қағаздар портфелін ажыратады. Мұндай бағалы қағаздар
портфелі типіне белгілі мемлекеттің бағалы қағаздары, аумақтық және
шетелдік бағалы қағаздар портфельдерін жатқызуға болады.Инвестициялық
портфель құрамындағы объектілер инвестордың қызығушылығының негізінде
құралатын болғандықтан, портфель типі мен инвестор типінің арасында
байланыс болады. Консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен
табысты, байсалдыға - әртараптандырылған портфель, ал агресивтіге – жоғары
табысты, бірақ жоғары тәуекелді портфель сәйкес келеді. Портфельді
инвестицияның теорияларын зерттеу көрсеткендей, инвестициялық портфельді
құру белгілі қағидалардың негізінде жасалуы қажет. Олардың негізгілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
• инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық портфельді құру
мақсатында инвестициялық саясаттың негізінде құрылған және таңдап
алынған мақсатқа сай келуі маңызды;
• инвестициялық портфельдің көлемі мен құрлымы ұйымның өтімділігі мен
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатына байланысты, оны құруға кеткен
қайнар көздеріне байланысты болады;
• ұйымның ақша құралдарының сақталуы мен қаржылық жағдайының тұрақты
болуына әсер ететін табыстылық, тәуекел және өтімділік араларындағы
қатынастың тиімді дәрежесін сақтау;
• инвестициялық портфельді әртараптандыру, оның құрамында әр түрлі
инвестициялық объектілердің болуы, сонымен қатар сенімділік пен
табыстылығы жоғары және тәуекел дәрежесі төмен баламалы инвестициялар
болуы мүмкін;
• инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыру, инвестордың
инвестицияның негізгі мінездемелерін (табыстылық, тәуекел, өтімділік
және тағы басқаларын) қадағалауы.
Инвестициялық саясаттың мақсаты анықталғаннан кейін, нарық конъюктурасы
мен инвестициялық жағдайын ескергеннен кейін инвестициялық портфель
құрылады.
Инвестициялық портфельді құрудың негізі инвестордың өз мүмкіншілігі мен
сыртқы ортаның инвестициялық қызықтыруын баланстың табыстылық пен өтімділік
арқылы жағымды тәуекел дәрежесі болуын талдау арқылы жүзеге асады. Осы
талдау нәтижесінде инвестициялық портфельдің негізгі мінездемелері (тиімді
тәуекел дәрежесі, болашақ табыстың көлемі, мүмкін болатын жоғалтулар және
тағы басқалары) сараланады, инвестициялық ресурстардың көлемі мен құрлымын
ескере отырып, көптеген инвестициялар түрлері бойынша инвестициялық
портфельді оптимизациялау жүргізіледі.
Инвестициялық портфельді құру кезінде ең негізгі мәселе ретінде нақты
инвестициялық объектілерді таңдау, оларды инвестициялық портфель құрамына
инвестициялық қасиеттері бойынша саралап алып кіргізеді.
Инвестициялық портфель құрамына неше түрлі инвестициялық объектлерді
кіргізу үшін, олардың табыстылық, тәуекел және өтімділік деңгейлерінің
қатынастары сараланып алынады. Сонымен қатар, нақты инвестициялық
портфельдерді құрудың өз ерекшеліктері бар. Басқа портфельдерге қарағанда,
нақты инвестициялық жобаларға инвестициялау капиталды көп қажет етеді,
тәуекел деңгейі жоғары болып және басқаруда қиындықтар туғызады. Бұл
портфельді құруда, оның құрамына кіретін инвестициялық объектілерді таңдау
мен оларды басқаруда үлкен жауапкершілік талап етіледі.Қазақстанның
нарығының құрылуы жағдайында инвестициялық жобалардың отандық өндіріске
бағытталуы кезінде, жобаның бөлшектік саралануына негізделіп жүргізілуі
тиіс. Бұл жағдайда жұмысты іске асыру барысында тәуекелді қарыз алушы,
кредитор және басқа да инвестициялық жобаға қатысушылар арасында бөлу
керек.
Қызмет ететін инвестициялық жобалар бойынша ақпараттың қайнар көзі
ретінде келесілерді қарастыруға болады:
• аймақтың әкімшілігі жинаған ақпараттар;
• бағдарламалар бойынша құрылған инвестициялық жобалар;
• өндіріс орындарын жекшелендіру жоспарлары бойынша инвестициялық
жобалар;
• ғылыми-зерттеулік институттар мен ЖОО-ның жобалары арқылы құрылған
инвестициялық жобалар;
• басқа да инвестициялық жобалар.

2. Қазақстан Даму Банкі АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ
БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Даму банктері және олардың экономикадағы рөлі

Мемлекет қолдауымен маңызды орын алатын ұлттық экономикалық сферасында
қызмет етуші банктер қатары бүгінгі таңда көптеген елдерге тән. Даму банк
қызметінің кеңеюі қазіргі әлемдік тәжірибедегі тенденцияның бірі болып
табылады. World Bank-пен жасалған концепцияға сәйкес, осындай институттар
маңызды экономикалық программалар мен жобалардың қаржыландырылуын алға
тартушы катализаторы болуы қажет.
Даму банктері бір-бірінен қызметінің масшабы және бағыты бойынша, ұйымдық-
құқықтық формасы және т.б. сипаттамаларына сәйкес ажыратылады. Олар орташа,
сондай-ақ қаржы институттары ретінде әлемдік даму банктерінің көшбасшылық
рейтингіне ие. Әлемдік тәжірибеде жеке, сондай-ақ мемлекеттік даму
банктерінің кеңейтілуі де орын алған.
Германияның даму банкі ерекше мәселелермен айналысатын несиелік
институттар ретінде ұлттық экономикада белгілі бір алға ұмтылушы бағыттағы
қызметтерді орындайтын мемлекеттік және жеке қаржы несиелік ұйымын ұсынады.
Мысал келтірер болсақ, жеке банк болып, кәсіпорындарға ұзақ мерзімдегі
несиені берумен айналысатын Industriekreditbank A6-Deutsche
Industriebank банкісін жатқызамыз. Ал мемлекеттікке қызметі экспорттық
несиемен және экономиканың кризистік саласымен байланысты Kreditanstalt
fur Wiederaufbau (қалыптасу банкі) банкін атауға болады.
Нидерландыдағы көптеген мамандандырылған банктер мемлекеттік немесе
мемлекеттік кепілдіктер негізінде қызмет етеді. Мұндай банктерге, қаржылық
қиындықтарды бастан кешіруші, несиелік қолдауды қажетсінетін және дамушы
аймақтардың капитал салымын жүзеге асырушы Ұлттық инвестициялық банкі (De
Nationale Investeringsbank N.V. ), ерекше жағдайларда саяси тәуекелділікті
сақтандыруды жүзеге асырушы несиені сақтандыратын Нидерландиялық компаниясы
(Nederlandse Creditietverzekering Maatschappij N.V.). Францияда
мемлекеттік несие үлесіне ұзақ мерзімдік несиенің жартысынан көбісі түседі
18, 214б.
Экономикалық дағдарыстың мерзімі инвестициялық процесстегі мемлекеттің
рөлінің күшеюімен, сондай-ақ несиелік институттағы оның өсу жолымен
сипатталады. Бұған 1930 жылы құрылған Италиядағы дамудың қайта құрылу
институтының қызметін мысалға келтіруге болады. Холдинг пен банктің
белгілерін біріктіре отырып, Италияндық дамуды қайта құру институты
мемлекеттік акционерлік қатысым жүйесінде әрекет етті. Облигациялық заемдар
эмиссиясы, бюджеттен әр түрлі мемлекеттік және аралас қаржы мекемелерінен
алынған ақшаға Италия қайта құру (ИҚҚ) өндірістік компаниялары мен
тоқырауда тұрған банктердің ірі әрі негізгі акциялар пакетін сатып алып
отырды. Италияндық дамуды қайта құру институты мұқтаждыққа байланысты
кәсіпорындармен еншілес бола отырып, қосымша акция пакеттерін сатып ала
отырып, компаниялар мен банктерді қаржыландырды. Сенімсіз қаржылық
жағдайымен құрылымның өтімділігін жүзеге асырды.
Соғыстан кейінгі онжылдықта мемлекеттік Instituto Mobilliare Italiano
банкінің қатысуымен Италияндық қайта құру институтының аналогиялық
мемлекеттік институттары құрылды. Олар: ЭФИМ, ЭНИ, ДЖЕПИ. Бүгінгі таңдағы
белгілі бір экономикалық тұрақтылық жағдайында мемлекеттік қолдау өзінің
мәнін жоғалтты. Сол себепті, Италия үкіметі өндірістік қаржылық
кешендердің сатылап жекешелендіру процесстеріне көшті.
Жапония бизнесінде дәстүрлік мән болып, мемлекеттің тек ұлттық қолдауды
ғана емес, сонымен қатар банктік қолдау да маңызды рөл атқарды. Нарықтық
механизм қалыс қалған кезде мемлекеттің экономика ісіне араласуы қажет-бұл
жапондық модельге тән. Жапондық тәжірибенің бір үлгісі оның экономиканың
алдыңғы қатарлы өндіріс схемелары негізіне орнықтыруы болып табылады.
Капиталдың орнығуы мемлекеттік қаржылық корпорациясы арқылы өндірістің
базалық тармақтарының бағыттарымен орныққан. Келесі кезеңде, яғни
экономикалық дамуға қол жеткізгенде, инвестициялық сұранысты
қаржыландырудың мүмкіндігін жасау үшін төмендегі банк түрлері қалыптасты:
Ұзақ мерзімді несиелендіру банкі, Траст банктер және мемлекеттің қаржы
институттарының қызметін толықтыратын банк қатарлары Жапония даму банкі,
Жапонияның экспорт-импорттық банкі. Бұл қаржы министірлігіндегі сенім
қорларының есебінен ақша қаражатын ұсынды.
Сондай-ақ қаржылық реттеудің арнайы мына түрлері пайдаланылады: пайыздық
реттеу, қызмет сферасы, сыртқы және ішкі нарықтың бөлінуі (капитал мен
операция кезіндегі валюталық бақылау) т.б.
Жапония экономикасының және банк өтімділігінің құлдырауы Жапонияны 1997-
1998 жж. әлемдік валюталық-қаржылық дағдарысқа алып келді. Сол себепті,
экономиканы аяғынан тік тұрғызу үшін және қаржылық сектордың қайта
қалыптасуын қамтамасыз ету үшін ел үкіметі мемлекеттің қатысуы бар
банктер Хейсей Файнэншл ресторейшн корпорациясы негізінде құрылды.
Депозиттерді сақтандыру корорациясы шығынға ұшыраған бантерді қалпына
келтіру .шін және мүмкін болатын тәуекелділіктердің жабылуы үшін осы
құрылтайшыларды қажеттіліктермен қаржыландырды. Капиталдық базаның
әлсіреуіне, сенімсіз қарыздардың өсуіне себепкер 19 ірі банктің мәселелерін
шешу барысында ерекше орын алатын стратегиялық қаржыландыруды және осы
банктердің қосылуын алға ұмтылдыру үшін мемлекет қаржысы пайдаланылды.Жаңа
индустриялдық елдерде инвестициялық капитал мобилизацисы орнығуына
мемлекеттің қатысуы қызығушылық процесін туғызатындығы даусыз. Соның бірі –
экономикалық өсудің қажеттілігін қамтамасыз етуімен сабақтасқан Корея
Республикасының банктік жүйесінің қалыптасуы. Экономикада өндірістік және
ауыл шаруашылық секторын эконом калық даму жобасын қаржыландыру мақсатымен
Кореяның ауыл шаруашылық банкі, қаржылық ассоциация база шеіберінде
мемлекеттік несие институты болып табылатын Корейлік банкі бекітілді
19, 167б.
Көп кешікпей, қаржылық қолдауды стратегиялық негізде жүзеге асыратын
толыққанды мамандандырылған банктер құрылды. Олар: Ұзақ мерзімді несие
беруші Корей банкі, Кореяның экспорттық-импорттық банкі, шетелдік
капиталды мобилизациялауды және қаржылық емес кәсіпорындарға орта және
ұзақ мерзімді несиені алуды қамтамасыз ететін сауда және банк
корпорациялары. Ұйымдық-қорлық нарыққа бағытталған қаржының өсуі үшін
қабылданған шаралар өзара жинақтаушы компаниялар және инвестициялық –
қаржылық банктік емес байланысымен бекітілді. Сол себепті, инвестицияның
жоғарғы деңгейіне жету үшін, технологиялық және өндірістік жаңа
өзгерістерді еңгізу үшін, сонымен қатар жеңіл несиелік- банктік жүйенің
орнығуы үшін мемлекет тарапынан бақылаудың болуы және оның қатысуы бірден-
бір қажеттілікке ие болды. Осындай және басқа да мысалдарда көрсетілгендей,
несиелік институтта ұлттық экономикада стратегиялық мәселені шешу үшін
мемлекеттің қатысуының талап етілетіндігіне куә болдық. Бұл қатысудың
деңгейі көптеген жағдайда экономикалық ситуацияның нақты ерекшелігі болып
табылатын нарықтық механизмнің, құрылымның және әдістерінің қалыптасуымен
анықталады. Жалпы ұлттық қызығушылыққа жету үшін, яғни мемлекеттің,
банктің, қаржылық емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік
Банктегі несиелік тәуекелділік. «Алматы сауда қаржы банкі» акцонерлік қоғамының несиелік қызметіне талдау
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Коммерциялық банктердің несие портфелі
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Пәндер