Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні



Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған.
Буаз малды ауылға жақын жаю, туа қалса төлiн алып жылы қораға тез жеткiзу, қойдың қозысын ауыздандыру (енесiн дүрыс емуге үйрету), жаңа туған жас төлдi аяқтандыру, т.б. әдiс-тәсiлдердi баланың жасынан бiлуiн қадалаған. Ат суыту, аттың ыстығын шығару үшiн аяғының күре тамырынан қан алу, еркек малды пiшу, қойды қырқу, тоғыту, мал сою, түйе қомдау, түйеге жүк арту, ер-тұрман әзiрлеу, қайыс илеу, сiреден таспа тiлiп, айыл, қамшы, жүген, шiдер өру, қой қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық салып, асау ұстау, оны үйрету, қазақы үйдi жығу, оны тiгу — мiне осының бәрi ер баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеудiң өзегi болған. Ежелден мал бағып, айға қарап жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсiмдiктiң түр-түсiн ажырата бiлуге, қараңғы түнде жүлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгiлеп, қоныссуды дәл табуға үйреткен.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні

1. Отбасы тәрбиесi, (ұл мен қыз тәрбиесiнiң ерекшелiктерi, жастарды
жұбайлық өмiрге даярлау).
2. Отбасы тәрбиесiнiң 8 түрi.
3. Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерiн марапаттаудың әлеуметтiк
мәнi

Қазақ халқы ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк
ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген. Осыған орай ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне
жеке-жеке тоқталуға тура келдi.

Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ,
жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi
мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк
қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып
азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға,
ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни
қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал
жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте
өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай
түске дейiн жусатпауды тапсырған.
Буаз малды ауылға жақын жаю, туа қалса төлiн алып жылы қораға тез
жеткiзу, қойдың қозысын ауыздандыру (енесiн дүрыс емуге үйрету), жаңа туған
жас төлдi аяқтандыру, т.б. әдiс-тәсiлдердi баланың жасынан бiлуiн
қадалаған. Ат суыту, аттың ыстығын шығару үшiн аяғының күре тамырынан қан
алу, еркек малды пiшу, қойды қырқу, тоғыту, мал сою, түйе қомдау, түйеге
жүк арту, ер-тұрман әзiрлеу, қайыс илеу, сiреден таспа тiлiп, айыл, қамшы,
жүген, шiдер өру, қой қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық
салып, асау ұстау, оны үйрету, қазақы үйдi жығу, оны тiгу — мiне осының
бәрi ер баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеудiң өзегi болған. Ежелден мал
бағып, айға қарап жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсiмдiктiң
түр-түсiн ажырата бiлуге, қараңғы түнде жүлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар
белгiлеп, қоныссуды дәл табуға үйреткен.
Қонақ күту, үлкенге иiлiп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй
шерткiзу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу,
жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын
үйрету тәрбиенiң басты шарты болып есептелген.
Қазақта қонақ күтудiң де жазылмаған, бiрақ дәстүр болып қалыптасқан
заңы бар. Үй иесi қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейiн, жатар алдында
өзi ауылдың алты ауыз өлеңiн айтып немесе күй шертiп қонағына құрмет
көрсетедi де, қонақтан “қонақ кәде” сұрайды. Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек,
терме, толғау айтып берiп немесе күй шертiп өз өнерiмен үй иелерiне құрмет
көрсетуге мiндеттi болған.
Үнемi үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегi, аңыз әңгiме естiп өскен
балаға да жастайынан сөз өнерiне бейiм, өнегелi, өнерлi болып өсуiне әсер
еткен, “қонақ кәде” мен “ауылдың алты ауызы” жастарды сөз қадiрiн бiлуге,
шешендiкке, ән мен жырға баулып өсiруде белгiлi рөл атқарған.
Баланы жастайынан сөз өнерiне баулу, мақалдап, тұспалдап ойды көркем
сөзбен тыңдаушыға жүйелеп жеткiзе бiлуге үйретудi ата-бабамыз мақсат
тұтқан. “Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” деп текке айтпаған.

Сөзiңдi айт ұққанға,
Айтып айтпай не керек —
Құлағына мақта тыққанға,—

деген мақал осы ойды меңзейдi.
Сондай-ақ қонақтың “ат тергеу” салты да болған. Ол үйге келген үлкенге
5-6 жасар баладан бастап отбасы мүшелерiнiң бәрi сәлем беруден басталады.
Қонақ баладан жетi атасын таратып берудi талап етедi. Бала өзiнен бастап
жетi атасына дейiнгiлердiң аттарын атап шығып, қай рудан екенiн бiлдiредi.
Қонақ “жақсы, өнегелi азамат бол!” деп батасын бередi. Ат тергеу далада
кездесе қалғанда жолаушылардың бiр-бiрiне сәлемдес-кеннен кейiн де iске
асыратын әдетi. Мәселен, жасы үлкен адамға жасы кiшi жолаушы бұрылып келiп
амандасқаннан кейiн, қарияның “қарағым, қай рудансың, қай ауылдың
азаматысың?” деп сұрақ қоюы заңды болған. Осы кезде жасы кiшi азамат өзiнiң
ата-тегiн айтып таныстырады. Оны бiлмеген ұят саналған. Ондайларды “жетi
атасын бiлмейтiн — жетесiз!” деп сөгетiн болған.
Жiгiттiң үш жұрты. Ол — өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деп
аталады. Ел азаматы осы үш жұртын (өзiнiң әке жағындағы туыстары мен шеше
жағындағы туыстарын, алған жарының ел-жұртын) жақсы ажырата бiлуi заң болып
саналған. Үш жұрттың жәй-жапсарын ұлдың әке-шешесi жiгiтке айтып үйретiп,
құлағына сiңiрiп отыруды мiндет санаған.
Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке
үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы,
қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл
баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы.
Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе
атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны
сондықтан. “Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi”, “Әке —
бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата —
балаға сыншы” мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.
Отбасында әкелерi немесе аталары өз өнерлерiн балаларына үйретiп,
олардың өзiндей мерген, аңшы, құсбегi, қолөнер шеберi немесе әншi, күйшi,
ақын етiп тәрбиелеуге көңiл бөлген. Ата өнерiн баласының қууы, оны мирас
етуi ежелгi ел дәстүрi болған. Қазақ халқының өмiрiнде жетi атасына дейiн
мергендiк, аңшылық немесе ұсталық, күйшiлiк, емшiлiк өнердi қуып өткен
адамдар жиi кездеседi. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлi жастарды
дәрiптеу қазақ ауыз әдебиетiнен өзектi орын алған. Мысалы, Құламергеннiң
баласы Жоямерген, Тобықбай сыншының баласы Толыбай туралы ертегi-аңыздар
осы пiкiрдi дәлелдейдi. “Атадан ұл тумас болар ма, ата жолын қумас болар
ма” деген мақал да — сол пiкiрдiң айғағы.
Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер
айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылар-дың немесе
Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң
жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдарын, аңыз-әңгiме мен өлең-жыр,
мақал-мәтелдерiн жаттап, жадында сақтап, көп бiлуi әкелерi мен аталарының
әсерi екенi сөзсiз. Көптi көрген қариялар отбасының, ауыл-аймақтың үлгi
тұтар тұлғасы, тәлiм-тәрбие мектебi сияқты.
Қазақ ауылында бала тәрбиесiне бүкiл ауылдың үлкендерi, әсiресе
қарттары араласқан. Үлкендер ауыл-дастарының балаларының өрескел мiнез-
құлқын көрсе, ұрсып, зекiп тыйым салуға, ақыл айтуға, тiптi реттi жерiнде
ұруға да хұқылы болған.
Ән айтуға, күй шертуге, зергерлiк өнерiне бейiмi бар балаларды әке-
шешесi, атасы ел iшiндегi аты шыққан әншi, күйшi, ұсталардың жанына қосып,
шәкiрттiкке беруi ата дәстүрi болып саналған. Ал шәкiрттiң ұстазын ұлы
әкесiндей сыйлауы, оның өнерiн жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының
жанында жүрiп, өнегелi шешен, ақын, билердiң, көптi көрген қариялардың
батасын алу олар үшiн парыз боп есептел-ген. Сол мектептен тәлiм-тәрбие
алған өнер адамдары ұстаздар жолын қуып, өнерiн жалғастырған. Мысалы, Төле
би, Қазбек, Әйтеке билердiң ұстазы Әнет бабаның оларға айтқан өсиет-
өнегелерi, Бiржанның өнер мектебiнiң түлектерi (үкiлi Ыбырай, Иманжүсiп,
Балуан Шолақ, Ақан серi, Мәди), Тәттiмбеттiң шәкiрттерi (Жақсымбет,
Қыздарбек, Ж.Каламбаев,. Ә.Хасенов), Құрманғазының шәкiрттерi (Сейтек,
Дина, Соқыр Есжан) — ұстаздарының ұлағатын, өнер туындыларын жадында
сақтап, бүгiнгi күнге жеткiзушiлер.
Сондай-ақ, атақты үйшi Сандыбай, зергер-ұсталар Әйтеке, Балтеке,
Үйсiнбай, отамашы Шоқбатыр, Кәдiрсiз, Смый, суретшi Ә.Қастеевтер — өз өнер
мектептерi бар халық таланттары. Олардың өнер үлгiлерi ұрпақтан-ұрпаққа
шәкiрттерi арқылы тарап, бiрден-бiрге жалғасып, бүгiнгi дәуiрге жеткен.
Ежелгi ата-бабаларымыз “Жiгiтке жетпiс өнер аз”, “Өнердi үйрен, үйрен
де жирен”, “Өнерлi өлмейдi” деп насихаттай отырып, қолөнерi мен шешендiк,
тапқырлық, ақындық өнердi тең санаған.
Өнегелi, өнерлi, “Сегiз қырлы, бiр сырлы”, намысқор азамат тәрбиелеу
аталар арманы болған. Ал аталар жолын қуып, өнерi мен өнегелi iсiн
жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. “Ата көрген оқ жонар”
деген мақал соны меңзейдi.
Қыз өссе — елдiң көркi. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған
жерiнде балдай батып, судай сiңiп кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы
ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн
жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсiредi. Халқымыз “Келiн-нiң —
аяғынан, қойшының — таяғынан” дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-
туыс, ауыл арасындағы беделiн, болашақ ұрпағына дұрыс тәлiм-тәрбие беруiн
келiннiң жақсы-жаман қасиеттерiмен өлшеген.
Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел
болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген
жерiне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келiнге енелерi қонақ
күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемi ақыл-кеңес берiп үйретiп
отырады. “Келiннiң жақсы болмағы қайын ененiң топырағынан” деп, ененiң
жас келiнге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да “Жақсы ауылға келген
келiн — келiн, жаман ауылға келген келiн-келсап” деп текке айтпаған.
Әйел қандай биiк дәрежелi жұмыс iстемесiн, қайда болмасын оның ең басты
мiндетi — өмiрге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының
берiктiгi әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешiрiмдiлiгi, сыпайы-
лығымен, т.с.с. жақсы қасиеттерiмен үй-iшiне береке әкелiп, шаңырақ бақытын
орната алады.
Үлкендi сыйлау — бiздiң халқымыздың ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша
жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз
жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата
дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап, жалғастыра бiлуi қажет.
Тән сұлулығы. Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни, жан сұлулығымен қоса,
тән сұлулығы бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi — сұлулықтың,
нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары
ерекше көңiл бөлген. “Аттың көркi — жалы, арудың көркi — шашы” деп ұққан
аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шашты жақсы өсiру
үшiн айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп
өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Оған, мысалы, қыз бен жiгiт
айтысындағы:

“Атымды әкем сүйiп Несiп қойған,
Шашымды бестемшелеп есiп қойған”,

деген сөз тiркестерi осы пiкiрдi дәлелдейдi.
Халық жырларында аруларды “Шашының ұзынды-ғы iзiн басты”, немесе
“Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген”, “Қыпша бел, қиылған қас, қолаң
шашты” деп сипаттаған.
Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген.
“Адам көркi–шүберек,
Ағаш көркi–жапырақ”,
“Қыз өссе–елдiң көркi”,–

деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат
бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк,
шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. “Қыздың көзi — қызылда”
деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.
Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын “Жар-жар”, “Жұбату”, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні. Тұрмыстық салт - дәстүрлер
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ баспасөзіндегі рухани құндылықтар мәселесі
Тарихи теориялардағы психологиялық мәдениет ұғымы
Ұлттық тәрбие тағылымы
Жеке тұлға туралы түсінік
Отбасы тәрбиесін жетілдіруде психологиялық қызмет көрсетудің маңызы
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ
Пәндер