Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Кедендік төлемдер және салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кедендік төлем мен салық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы ... ... ...7
1.4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.5 Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
II бөлім. Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу ... 12
2.1 Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы ... ... ... .12
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтерді басқару ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ...4
0.1 Кедендік төлемдер және салықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
0.2 Кедендік төлем мен салық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.3 Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы ... ... ...7
0.4 Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.5 Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
II бөлім. Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу ... 12
2.1 Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы ... ... ... .12
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік қызметтерді басқару ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып,егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұры-лымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келеді. Осындай басты бағыттардың бірі - кеден жүйесі.
Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде - кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.
Келесі бөлімінде, яғни екінші бөлімінде - мемлекетіміздің бюджетінің қалыптасуындағы осы кеден төлемдері мен салықтардың алатын орны, оларды есептеу, төлеу мерзімдері мен тәртібі, кедендік ресімдеу мен бақылау, кеден баждарын жинау механизмі көрініс табады.
Соңғы бөліміне келмек болсақ, бұл бөлімде кеден ісі дүние жүзілік деңдейде қарастырылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты шет елдердің кедендік саясатымен салыстырмалы түрде көрсетілген. Осы жерден біз еліміздің кеден ісінің барлық ерекшеліктері мен кемшіліктерін байқаймыз.

I бөлім. Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері
0.1 Кедендік төлемдер және салықтар
Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдын ала шешім үшін төлемақы.
Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады.
Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн - адвалорлық;
2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті;
3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi.
Кедендік баждар
Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.
Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Кедендік алымдарға:
1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады. ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.
Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.
Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.
Кеден органдары алатын алымдарға:
1) лицензия бергені үшін алым;
2) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.
Лицензия және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатының берілгені үшін белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Лицензия бергені үшін алым:
1) кеден қоймасын құрғаны;
2) ажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;
3) бос қойма құрғаны;
4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;
5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;
6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.
Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

0.2 Кедендік төлем мен салық түрлері

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында кеден ісі туралы Заңмен бекітілген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінің келесі түрлері алынады:
oo кеден бажы;
oo Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензияны беру үшін алым;
oo тауарларды кедндік алып жүру үшін кеден алмы;
oo кедендік рәсімдеу бойынша маманның біліктілік куәлігін беру үшін алым;
oo кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым;
oo алдын ала шешім қабылдау үшін төлем;
oo ақпарат және консультация бергені үшін алым.
Салықтар - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендің шекарсы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген ҚҚС мен акция және бұл белгіленген мөлшерде жән көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттері жүзеге асырудың көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі. Салықтар мемлекеттің құрлуы мен қатар қалптасты және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады.
Салықтың түрлері
1. Қосылған құн салығы
2. Корпарациялық табыс салығы
3. Жеке табыс салығы
4. Әлеуметтік салығы және т.б.
Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік органдар көрсеткен қызмет үшін олардың міндетті төлемдері төлемдер болып табылады. Осы төлемнің сомасы жергілікті бюджетің табысына түседі немесе белгіленген үлесте бюджетке және сәйкес ұйымға қосылады, олардың қызметін дамыту, ілгерлету, шығындарын бөлшектеп немесе толғымен өтеу үшін қызмет көрсеткен ұйымның, мекеменің қарауына толығымен түседі.
Төлемдерді өтеу қаржылық тұрғылары және жргілікті бюджеттерге есптелетін, сонымен бірге мүліктік құқықты техникалық процедураларды және тіркеулерді, объкетінің қызметінің белгілі бір жағдайын бекітуді қосатын қызметтің кең аумағында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес анықталатын тауарлардың кедендік құны, кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар, импорттық кедендік баж, импортайтн тауарға төленетін акциз.
Кеден заңдарына сәйкес анықталатын кедендік құн немесе тауардың заттай мөлшері импортталатын акциздік тауарлар бойынша салық салу объектісі ретінде алынады. Белгілеуге жататын тауарлар бойынша, есептелген акциз сомасы алып келінетін тауарлардың көлемі бойынша акциздік алым маркаларының құынына азайтылады. Сондықтан кеден жеңілдігі түсінігі тариф жеңілдігі түсінігінен кеңірек.
Кез-келген кеден жеңілдігінің мақсаты салық міндеттемесінің көлемін қысқарту.
Кедендік төлемдерді салудан босату тарифтік преференциялар, кедендік төлемдер мен салықтардың артық төлемін қайтару, сондай-ақ талаптың ескеру мерзімі.
Жабдық, шикізат және материалдардың (спирт, алкоголь және темекі өнімдерінен тыс импорты, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін өңдеусіз сатуға белгіленген тауар импорты).
(Қазақстан Республикасы агенствосының инвестициялар мен инвесторлар бойынша келісілген контрактысына сәйкес, кедендік баж салымынан жартылай ғана бөлшаетей босатылады.
Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымнан босату мақсатымен тауардың шыққан тегін басқа құжаттардың негізінен белгілейді (тауардың шыққан сертификатынан тыс): сала сертификаты, қауіпсіздендіру, счет фактуралар мен бұйым құжаттары.
Талап, шарт, шектеулер бұзылған кезде олардың сақталынуы кеден төлемдеріне берілетін жеңілдіктер кенден төлемдерінің сомасы және салқ кеден органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында қаралғандай жауапкершілік шара және өсімпұл төлендірідеді.
Кеден саясаты Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрлымдық бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары мынадай:
1.Қазақстандық нарықты қорғау
2.Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау
3.Экономикалық дамуын ынталандыру
4.Экономикадағы құрлымдық қайта құруды жүргізуге жәдемдесу
5.Монополизмге қарсы әркекет пен бәсекелестікті қолдау
6.Экспортық ынталандыру және импортты алмастыру өндірісті қолдау
7.Шетел инвестициялардың назарын аудару
8.Сауда саясатының мәселелерін шешу


0.3 Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде және Қазақстан Республикасының заңында қарастырлған басқа дажағдайларында, кедндік төлемдер мен салықтар төленеді, оны өндіріп алу кеден бөлімдеріне жүктелген.
Кеден баждары бюджетке құйылатын міндетті төлемдердің бір болып табылады. Олар түрлері мен белгілері бойынша жіктеледі. Халықаралық тәжірбиеде көбірке таралғандары импорттық және экспорттық баждар болып табылады. Импорттық кеден баждары елдің аумағына әкелетін таурларға салынады. Ол ұлттық немесе еркін жүретін валюта, төлеушінің еркі бойынша төленеді және мемлекет пайдасына аударылады.
Кеден бажы - импортталатын жүктерге салынатын салық, кеден аумағында тауар әкету барысында кеден органдарының өндіріп алынатын төлемі және Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кеден төлемдерінің түрі.

Кеден бажының түрлері
Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждарымен қатар Қазақстан Республиасының заңымен қорғаушы, демпингке қарсы және өтемдік баждар қарстырлған.
Қорғаушы баждар - қандайда бір тауарды Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу жағдайында кеден баждарының мөлшкрінен жоғары кеден органдарының өндіріп алатын баждары.
Едендік баждар мөлшерлері біртұтас болып табылады және келісім түрінде тауар алмастырушы тұлғалардан тәуелділікте өзгертуге жатпайды.
Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждарының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді және оларды ресми жариялануынан отыз күн өткеннен кеәін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасында кейбір тауарларға уақытша қорғау баждары әрекет етеді
Демпингке қарсы - Қазақстан Республикасының кеден аумағында оның экспорттық елдегі бәсекелестік бағсынада төмен баға бойынша тауар әкелу жағдайында қолданылатын баждар.
Өтемдік баждар - мынадай жағдайларда қолданылатын баждар:
oo өндіру немесе экспорттау барысында тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінуі;
oo өндіру барысында тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден
oo аумағының шетке әкетілуі
Кедендік хаттау үшін кеден алымдары - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізлетін саудалық мақсаттағы тауарлардан емес, халықаралық пошталық жөнелтулердің күзетілмейтін жүктері орналасқан көлік құралдарының кедендік хатталуы барысында өндіріп алынады.
Кедендік хаттау үшін кеден алымдары, сондай- ақ, кеден режімінің өзгеруі барысында өндіріп алынады.
Кедендік хаттау үшін алым мөлгері кеден құнының 0,2 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы бекітілген еркін сауда (берілген келсімдер жағдайларымен сәйкес) немесе кедендік одақ туралы келсімдер негізінде ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан ТМД елдеріне әкелетін тауарлар қатнасына кедендік хаттау үшін кедендік алымдар төленбейді. Берілген келсімдер мен тиісті кедендік хаттау үшін кедендік алымдар Қазақстан Республикасының төмендегі елдермен өзара әрекеті барысында өндіріліп алынбайды: Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен, Қырғызстан Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен және Армян Республикасымен.
Маусымдық кедендік бажы - тауарлар әклу мен әкетуді жедел реттеп отыру үшін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті маусымдық бажды қолдана алады. Бұл орайда кеден тарифіне көзделген кеден бажының ставкалары қолданылмайды. Маусымдық баждың қолданылу мерзімі ол белгіленген сәттен бастап 4 айдан аспайды.
Арнайы кеден бажы:
Егер тауарлыр Қазақстан Республикасының аумағына соншалықты көп мөлшерде немесе осындай өнім өндіретін отандық өндірісшілерге зиян келтіретін немесе тікелей бәсекелес тауарлар арқылы зиянды қауіп төндіретін жағдайларда әкелінетін болса, қорғану шарасы ретінде;
Осы салада Қазақстан Республикасының мүддесін бұзатын сыртқы экономикалық байланыстарға қатушыларға ескеру шарасы ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен айқындалатын жағдайда нысапсыз басекелестіктің жолн кесу шарасы ретінде;
Басқа мемелекеттер мен олардың одақтары тарапынан Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтіретін кемсітушілік және өзге де әрекеттеріне жаап шарасы ретінде қолданлады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және бұл аумақтан алып кетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік баждар салынады. Кеден баждары - тауарларды, бағалы заттарды, әр түрлі қозғалатын мүлікткі, оның ішінде кеден вдомствосының бақылауы астында шекара арқыл өткізлетін жылу, электр және т.б. энергияларды әкелу, аумақтан асырып өткізу немесе алып кету кезіндегі кеден органдарымен алынатын міндетті түрдегі мемлекеттік ақшалай алымдар. Баж салынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелерінің тізімі Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде көрсетілген. Дамушы мемлекеттерден импорталатын тауарларға кеден бажының преференциялдық мөлшерлемесі салынады. Ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарларды әкелу кезінде преференциялдық 0 мөлшерлеме қолданылады. Өнеркәсіптік дамыған мемлекеттердің дамушы елдер үшін преференциялары Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауында ұйымдастырылған преференциялар жалпы жүйесіне кіреді.
Кеден баждарының мөшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі, бірыңғай болып табылады және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізетін тұлғаларға, мәміле түрлеріне, кеден заңдарында көрсетілген кездерінен басқа жағдайларға байланысты өзгертілмейді, және ресми жарияланғананан кейін 30 күн өткен соң күшне енеді. Кедндік рәсімдеу үшін кедендік баждан тыс, төленетін кедендік баж сомалары, кедедік баждың бір түрінен әр түрлі валютамен төлеу кедендік органының рұқсаты қажет.

0.4 Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу

Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған база болып табылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.
Кеден ісі саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден органы жүргізеді.
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады.
Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар қолданылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады.
Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің және салықтардың ставкалары пайдаланылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімінің бұзылуы болған кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу кедендік төлемдерді және салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептей отырып жүргізіледі.

0.5 Кеден органдарының қызмет атқару тәртібі

Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.
Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен және осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.
Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;
2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.
Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте тұрады.
Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

II бөлім. Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Кедендік ресімдеудің жаңа тәртібін іске асырудағы ең басты мақсат - тауарлар тасымалдауда жасырын айналымға тосқауыл қойып , кәсіпкерлердің делдалдар көмегінсіз жұмыс істеуіне ықпал ету, кедендік ресімдеуді жеңілдету және кедендік қызметінде жоғары жауапкершілік қалыптастыру. Дегенмен , бұл жаңа тәртіп кейбір көлеңкелі топтар тарапынан тосқауылға тап болып , жұмысқа айтарлықтай кедергілер келтіруде.
Мысалы, Қытай Халық Республикасы шекарасымен шекаралас Қорғас шекарасы арқылы халық тұтынатын тауарлар тиелген 600-ге жуық жүк автокөліктері жиналып, кедендік ресімдеуден өтпей тұр. Кедендік бақылау қызметіндегі жаңа ереже шарттары осыған дейін ескі әдіспен жұмыс істеп үйренген , кедендік төлемдердің 1 бөлігін мемлекеттік бюджетке аударудың орнына , қалтасына басуға әдеттенген сыбайлас жемқорлар үшін әрине, өте тиімсіз болып шықты.Бұл орайда кедендік ресімдеудің жаңа тәртібінен қарсы тұрушылар кімдер деген орынды сауал туатыны сөзсіз. Олар - тауатдың бұрынғысынша текше метрі бойынша кедендік төлемдер мен салықтар алуды жақтайтындар.
Қоғастағы жағдайды көзбен көру, кәсіпкерлермен тиісті мекемлер басшылары мен пікірлесу - қордаланған мәселелер түткілін бірлесіп шешуге деген көпшіліктің шынайы ұмтылысын айқын аңғартады.
Еліміздегі өзге салалар сияқты, кеден қызметінде де сыбайлас жемқорлықпен күрес ықпалдылығын күшейтудің маңыздылығы орасан.
Кедендік бақылау қызметі мамандарының есептеуінше, орташа алғанда, жүк тиелген көләікті мысалы, Алматы қаласна дейін әкелу 37000 долларды құрайды. Кәсәперлдің делдалдарға төлеген осы қаражатынан мемлекеттік бюджетке түсетіні тамшы дай десе де болады.
Қазіргі кезде 0,6 евро ставкасын енгізгенен кейін 1 жүк көлігін кедендік ресімдеуден өткізу құны кәсіпкерге біршама арзан түсіп отыр.
Шекара аумағын бақылауға алған бір емес, бірнеше мемлекеттік құрлымдар жетекшілерінің қордаланған мәселелер төңірегінде таяу арада ортақ шешімге келуінің қажеттілігі мол екендігі атпаса да түсінікті.
Осындай кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайларын шешу және осындай мәселелердің алдн алу керек.

2.1 Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы

Қазақстан Республикасындағыкеден төлемдерінің жағдайын Алматы қаласы және Алматы облысы кеден басқару бөлімшесінің жүйесінде қаратырсақ.
oo Кеден табыс бөлімшесі Алматы қаласы және Алматы облысы кеден басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және басқарманың басқарушысы мен оның орынбасарына бағынады.
oo Бөлімше өз жұмысын атқаруда Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарарлары мен үкімдерін, Қазақстан Республикасының Кеден комитететінің бұйрықтары мен шешімдерін және нормативтік актілерін басшылыққа алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасының кеден аумағына әкелінуі
Шетелдік валютамен
Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Қазақстан Республикасы аймағындағы тауарлардың кедендік бақылауы
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Сыртқы сауда
Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
Пәндер