Шет тілін оқытудағы газет материалдарын қолдану



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.1 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңызы ... ... ... .4
1.2 Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып,
оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2. Газет материалдарын ағылшын тілі сабағында пайдалану ... ... ... ... ... ... ..10

2.1 Оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар ... ... ... ... ...10
2.2. Ағылшын тілі сабағында пайдаланатын жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3. Сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
КІРІСПЕ

Тақырыбы: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалану.

Өзектілігі: Қазіргі таңда шетел тілдерін оқуды сол тілде сөйлеушілердің өмірі мен мәдениетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал газет бұқаралық ақпарат құралы ретінде мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану, шетелдік басылымдарды пайдалану басты назарда болып отыр. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасы көтерілуде. Сонымен, ағылшын тілін оқытуда кездесетін кейбір проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыруда шетелдік басылымдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Шетел тілін қазіргі заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілетін көтеру талабы қойылып отыр.

Мақсаты: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңыздылығын анықтау, газет материалдарын сабақ барысында қолдануға үйрету.

Теориялық маңыздылығы: Шет тілі сабақтарында шетел басылымдарының оқушылардың білімін, коммуникативтік қабілетін кеңейту үшін қолданылатын қосымша материалдар ретінде маңызын анықтау.

Практикалық маңыздылығы: Оқушылардың оқылып жатқан тілге деген қызығушылықтарын арттыру және мотивациясын көтеру мақсатында шетел басылымдарын қолдану жолдарын жүзеге асыру.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Автореферат, Нышанова С.Т. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану. Түркістан, 2008.
2. www.wikipedia.com
3. Учитесь переводить/Читалина Н.А., 1975г., 81с.
4. Лексикология английского языка: учеб.пособие для студентов /Г.Б.Антрушина, О.В.Афанасьева, Н.Н.Морозова. – 5-е изд., стереотип. – М.: Дрофа, 2005. – 286 с.
5. Әбдіғалиев С. Неміс тілін оқытудың негіздері. Оқу құралы. – Алматы, «Қазақ университеті», 1992ж., 136 б.
6. Методика обучения иностранным языкам в средней школе: Учебник/Гез Н.Н., Ляховицкий М.В., Миролюбов А.А. и др. – М.: Высш.школа, 1982, 373 с.
7. Cambridge English for the Media. Nick Ceramella and Elizabeth Lee. Cambridge University Press 2008.
8. English File upper-intermediate Oxford University Press, 1996 г.
9. www.about.com Guide to Environmental Issues, 2006.
10. www.school.edu.ru

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ атындағы
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шетел филологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шет тілін оқытудағы газет материалдарын қолдану

Шифр 050119, Шетел тілі: екі шетел тілі

3 курс студенті _______________________________

Жетекшіс
аға оқытушы ________________________________

Астана

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.1 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың
маңызы ... ... ... .4

1.2 Ұлыбританияның басылымдары, олардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..5

1.3 Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып,

оқушылардың оқуға деген қызығушылығын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2. Газет материалдарын ағылшын тілі сабағында
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. 10

2.1 Оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған
тапсырмалар ... ... ... ... ...10

2.2. Ағылшын тілі сабағында пайдаланатын
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... 10

2.3. Сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16

Кіріспе

Тақырыбы: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалану.

Өзектілігі: Қазіргі таңда шетел тілдерін оқуды сол тілде
сөйлеушілердің өмірі мен мәдениетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал газет
бұқаралық ақпарат құралы ретінде мәдениеттің бір бөлігі болып саналады.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін,
инновациялық технологияларды қолдану, шетелдік басылымдарды пайдалану басты
назарда болып отыр. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану
арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген
қызығушылықтарын арттырып, білім сапасы көтерілуде. Сонымен, ағылшын тілін
оқытуда кездесетін кейбір проблемалар және оны шешудің жолдарын қарастыруда
шетелдік басылымдарды пайдаланудың маңызы өте зор. Шетел тілін қазіргі
заманға сай оқыту мәселелері, олардың өзіндік ерекшеліктері, жаңа заманға
сай мұғалімнің біліктілігін арттыру, оқушылардың шетел тілін меңгерудегі
ынтасын арттыра отырып, олардың сабаққа деген қабілетін көтеру талабы
қойылып отыр.

Мақсаты: Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың
маңыздылығын анықтау, газет материалдарын сабақ барысында қолдануға үйрету.

Теориялық маңыздылығы: Шет тілі сабақтарында шетел басылымдарының
оқушылардың білімін, коммуникативтік қабілетін кеңейту үшін қолданылатын
қосымша материалдар ретінде маңызын анықтау.

Практикалық маңыздылығы: Оқушылардың оқылып жатқан тілге деген
қызығушылықтарын арттыру және мотивациясын көтеру мақсатында шетел
басылымдарын қолдану жолдарын жүзеге асыру.

1. Шетел тілі сабағында шетелдік басылымдарды қолдану

1. . Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдаланудың маңызы

Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі,
нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне
де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен
кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз
тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп,
өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады.
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі
өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі
жүргізетін - мұғалім.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда
бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір
тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Мұғалімнің сабақты неғұрлым
жоғары деңгейде жүргізсе, білім деңгейі соғұрлым жоғары болады. Оқытушының
қолданған әдіс-тәсілдері балаларғы қызықты, түсінуге оңай болуы тиіс. Осы
орайда газет материалдарын қолданудың маңызы зор.
Газет тілінің көркем, ғылыми және ауызекі тілден басқаша өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл газеттің негізгі ақпарат құралы ретінде орындайтын
әлеуметтік міндетке сәйкес тілдік құралдардың ұзақ уақыт іріктелу
нәтижесі.
Қысқа уақыт ішінде соңғы жаңалықтарды баяндау коммуникативті
тапсырмалар сипатында беріледі. Газет көп әрі түрлі оқырмандар шеңберіне
арналған және өзіне назар аудартатын болуы тиіс. Тілдік құралдың жүйесі әр
газетте әр түрлі болғанымен, газет стилі басқа сөз стильдерінен
ерекшеленеді.
Басылымдардағы мақалалар көбіне талдауды ұйымдастыратын және
тілді үйренушілердің жеке пікірін қалыптастыру мен оны білдіруге әкелетін
мәселелерді қамтиды. Мақала авторлары соның алдындағы басылымдарды
талдайды, немесе қоғамда болып жатқан жаңа процестерді танытып
отыратындықтан оқушыларда сөз ойнақылығына және әр түрлі пікірлерден
дәлелдеме жасау жолдарына назар аудару мүмкіндігі болады.
Газет мақалаларында берілген тақырыпқа байланысты өте көп
лексикалық бірліктермен қатар күрделі концепцияларды дәл беретін белгілі
клишелер, яғни тұрақты лексикалық тіркестер кездеседі. Сол сияқты онда
фразеологиялық тіркестер және идиомалар жиі кездеседі.
Клишелер мен тұрақты лексикалық тіркестерді, сөз құрылымдарын
меңгерудің маңызы зор, себебі оқушылар шетел тілінде өз ойларын құрастыруда
және білдіруде, әсіресе күрделі сөйлеуді талап ететін мәселелерді талдауда
ана тіліндегі құрылымдар мен тіркестерді өзгеріссіз беру бағытын ұстанады.

Осылайша газет материалдары мәдениетпен, қоғамдағы процестермен,
таныстырып қана қоймай, коммуникативті дағдыны дамыту және тілдік
компетенцияны қалыптастыру жұмыстарында материал ретінде пайдаланылады.
Сонымен бірге лексикалық материал нақты халықтың менталитетінің
ерекшеліктерін оқып-білу жағдайында іске асырылады және меңгеріледі және
оқушының санасында із қалдырады. Қоғамда қазіргі болып жатқан мәселелерді,
оларды шешу жолдарын талдау, басқа ортаның даму тенденцияларын өз
ортасындағы тенденциялармен салыстыру мүмкіндігі шетел тілін оқу мен оны
жете меңгеруде өте күшті стимул бола алады. [1;3-4б.]

1.2 Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері

Ұлыбританияда 120-ға тарта күнделікті газет бар. Олар аптасына 6 рет
басылып шығарылады. Олардың жалпы саны – 15 миллионға жуық дана.
Ағылшындардың ұлттық күнделікті газеттері екіге бөлінеді: сапалы
газеттер өзінің қатаң, қысқа атауларымен және суреттерінің кішілігімен
ерекшеленеді. Ал танымал газеттерге ірі жазумен берілетін атаулар, қысқа
материалдар және суреттердің көптігі тән. Газеттердің бірінші тобына
жататындар The Times, Financial Times, The Guardian, The Daily
Telegraph, ал екінші топқа Daily Mail, Daily Express, Daily Mirror,
The Sun және т.б. жатады.
The Times — Ұлыбританияның күнделікті газеті, әлемдегі танымал
газеттердің бірі. Қазіргі таңда Таймс Times Newspapers Limited басылып
шығарылады және News Corporation корпорациясының жеке меншігі болып
табылады. Оның қазіргі басшысы Руперт Мердок (ағылшынша Rupert Murdoch).
Жексенбі күндері бұл басылым The Sunday Times деген атпен шығарылады.
Таймс Консервативтік партияны қолдайды.
Таймс-қа ұқсас американдық The New York Times және үндістандық The
Times of India деген басылымдар бар.
Джон Уолтер (ағыл. John Walter) 1785 жылы Таймстың негізін қалады. Ол
кезде газеттің аты The Daily Universal Register (Күнделікті жаңалықтардың
тізімі) болды. Редакторы - Джон Уолтер. 1788 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
газеттің аты The Times-қа ауыстырылды.
Financial Times – халықаралық газет, әлемнің 24 елінде ағылшын
тілінде басылып шығарылады. Жалпы тиражы – 450 мың дана. Басты
редакциясының штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Pearson PLC медиа-холдингке
тиесілі.
2000 жылдан бастап неміс тілінде шығады. Газеттің атауы – Financial
Times Deutschland.
Бұл газеттің негізін 1888 жылы Джеймсом Шеридан және оның ағасы қалады.
Financial Times қаржы және бизнес әлеміндегі жаңалықтарды басып
шығарады.
The Guardian – Ұлыбританияның күнделікті басылымы. 1821 жылы The
Manchester Guardian деген атпен негізін қаланды. 1959 жылы аты The
Guardian болып ауысты. The Guardian Лейбористік партияны қолдайды.
Daily Mail танымал газеттердің қатарына жатады. Жалпы тиражы –
1800 мың дана. 1896 жылдан бастап, бұл газет политикалық жаңалықтарды емес,
криминалистік сенсацияларды басып шығарады.[2]

Ағылшын газеттерінің ерекшеліктері:

• Мақаланың атауы (Headlines) ағылшын газеттерінде қысқа болады және
онда артикль, көмекші етістік тәрізді көмекші сөздер алынып
барынша қысқартылады. Осыған байланысты онда ұзақ сөздерге
қарағанда қысқа сөздер көп қолданылады. Мынадай сөздер жиі
қолданылады: cost, deal, ban, hit, get, clash. Сонымен қатар онда
ұзақ сөйлемдерге қарағанда күрделі зат есімдерден тұратын фразалар
жиі қолданылады. Мысалы, “Japan Leadership Struggle” for “The
Leadership Struggle in Japan”, “Bridge Cost” for “The Cost of the
Bridge”, and “Bank Girl Killer Clues” for “Clues to the Killer of
the Girl who Worked in a Bank”.

• Газет мақалаларының атауларында етістіктің жай формалары, соның
ішінде көбінесе Present Simple қолданылады: “Japan Leadership
Struggle Hots up”, “Bridge Cost Soars”, “Miners Ban Overtime”,
“Police Get Bank Girl Killer Clues” and “Action Man Sinatra Dies”.
Келер шақты көрсету үшін инфинтив формасы қолданылады:
“Agricultural Policy to be Discussed”, “Two Presidents to Meet in
September” және Passive form істеушіден гөрі іс-әрекет маңызды
болған жағдайда қолданылады: “25 Charged after Clash”.

• Сирек (Rare) және кітаби (bookish) сөздерге метафораға негізделген
және эмоционалды бояуы бар мынадай фразалар кіреді: war hysteria,
escalation of war, overwhelming majority, a storm of applause,
post attack cleanup, global hunt for terrorists, a shot of power.;

• Неологизмдер (Neologisms) (кейде мәтін ішінде түсіндірмені талап
етеді): stay-in, ride-in, sit-in, break-in, pile-up, lobby-in, non-
partizan. Мысалы: To the already well-known sit-ins and teach-ins
have been added sing-ins and preach-ins. Teach-in for ford women.
[3; 21б.]

• Арнайы саяси және экономикалық терминдер, мысалы: stability,
elections, anti-terror war, military facilities, terrorist
network, opinion polls, human rights, budget deficit, immigration,
presidential vote, race, opponent, business, security, to
devastate, blast.

• Терминдік емес саяси сөздер, мыс. officials, hostages, kidnappers,
protest, breakdown, regime, local terror cells, popularity rating,
emergency anti-terror funding. Саяси сөздерге тән белгі мұнда
басқа салаларға қарағанда терминдік және терминдік емес сөздердің
айырмашылығының аз болады. Кейбір сөздердің семантикалық құрылымы
терминдік те, терминдік емес те болады. Мыс., crisis, agreement,
progressive, nationwide, unity.

• Газет клишелері (Newspaper clichés), i.e., стереотипті сөз
тіркестері, оқырманға таныс қарапайым фразалар, мыс., public
opinion, free markets, long-term agreements, a melting pot, to
cast a veto over, crucialpressing problems, zero tolerance,
political correctness, to go postal (extremely hostile).

• Abbreviation – қысқарған сөз, сөз жасаудың бір түрі
1acronym = құрамындағы сөздердің бас әріптерімен айтылатын қысқарған
сөз, мыс., SARS = severe acute respiratory syndrome
2initialism = сөздердің құрамындағы әріптері тұтастай немесе жартылай
алынатын қысқарған сөздер, мыс., CD = compact disc
3pseudo-blend = құрамындағы артық немесе жоқ әріптері оның нағыз
acronym, initialism бола алмайтындығын көрсетеді. UNIFEM - (p) United
Nations Development Fund for Women

• Conversion – лингв. конверсия сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына
ауысуы. Конверсия сөздіктегі бар сөздің сөз табын ауыстыру арқылы
жаңа сөз жасайды және ол сөздің морфемалық формасы өзгеріссіз қалады.
Алынған жаңа сөз бұрынғы сөзбен байланысты болса да, олардың
айырмашылығы болады. Оның өзінің жаңа сөз табы категориясы бойынша
жаңа парадигмасы болады. Мысалы: Splendid room , мұнда room зат есім.
To print – a print, to cut – a cut, nurse – to nurse, love – to
love.[4; 87 б.]

I was to room with another girl called Jessie, мұнда room етістік.

3. . Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып,
оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру

Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытып, осы тілде қарым-
қатынас жасауында оқудың (Reading) алар орны ерекше. Өйткені оқу бүгінгі
күндегі ақпараттың негізгі әрі жетекші көзі болып табылатын кітап пен басқа
да баспа өнімдеріне жол ашады.
Шетелдік прессаны пайдаланып оқыту әдісі бойынша дүниежүзілік
әдістемелік зерттеулерден де байқайтынымыз тілді үйрену үшін көп оқудың
маңызы зор. Шетелдік пресса арқылы деген сөз, оқушылармен шетел тілі
сабағында берілген тақырыпқа сай пресса өткізу, яғни оқушылар мен мұғалім
арасындағы пікірталас.
Жалпы шетелдік прессаны пайдаланып оқыту әдісі оқудың төрт басты
ережесін ұмытпау керек. Олар:
1) Тез қарап шығып (skimming) мәтіннің басты идеясын анықтау.
2) Оқып шығып (scanning) керекті жылдарды, сандарды, мекен-жайларды,
басты кейіпкерлерді т.б. табу.
3) Толық қамтып оқу (through comprehension)-әp сөзіне көңіл бөлу.
4) Сыни оқу (critical геаding)-оқушылардың мәтінге көзқарасы, ой-
пікірі т.б.
Шетелдік басылымдарды пайдалану барысында "Тоғыз ауыз сөздің тобықтай
түйіні бар" демекші, оқушылардың кітапты қаншалықты түсінгендіктерін және
қандай козқарастары барлығын байқау мақсатында соңғы сабақтарда
төмендегідей тест сұрақтарын ұсынуға болады:
- Give a few words about the author.
- What is the background of the story?
- Name the main characters of the story. Who is the most interesting?
Why?
- Give a short narrative of the story.
- What episode of the story did you like? Why?
- Did you like the article? Why? Why not?
Оқушыларды оқуға баулуда мұғалім тарапынан көп ізденіс пен шыдамдылық
керек. Оқушылар басқа газет мақалаларын ағылшын тілінде үйде оқып, сыныпта
басқаларына әңгімелеп беріп, пікірталасқа айналдыратын жағдайға да жетті.
Әрине, қытай халқының мақалында:"Естідім-ұмыттым, оқыдым-есімде, орындадым-
білемін" деп айтылғандай тіл дамытудың төрт түрін де тыңдау, оқу, сөйлеу,
жазуды бірге дамытқанда ғана белгілі бір жетістіктерге жетуге болады.
Сонымен, коммуникативтік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін қарастыру
негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:
Жұппен жұмыс түрімен қоса пікір алысуға, қарым-қатынас жасауға үйретуде
топ ішіндегі жұмыстарды ұйымдастыра білу керек. Өйткені ол:
1 .Оқушылардың екеу ара сөйлеу қабілетін арттырады.
2. Оқушылардың өзара карым-қатынасын күшейтіп, бір-бірін түсінушілікке
үйретіп, ұжым құруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде қолданылатын аутентті мәтіндер
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі
Ағылшын тілді БАҚ материалдарын қолдана отырып, ауызша сөйлеуге оқыту тиімділігі
Шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты - шет тілдерін оқушылардың коммуникативтік мәдениетін дамыту, оқушылардың шет тілін меңгеру
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Ғаламтор бұқаралық ақпарат құралдары ағылшын тілін оқытудың құралы ретінде
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Пәндер