Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Танымдық белсенділікті арттырудың теориялық негізі
1.1 Таным процестерінің педагогика.психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары ... ... ... ... ..5
1.2 Танымның философиялық негіздері және оның қоғамдағы алатын орны...11
1.3Таным белсенділігінің бағыттары дәрежелері және белгілері мен компененттері ... ... ... ... ... ... ... .14

2 Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
2.1 Танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Танымдық белсенділіктің даму деңгейлерін анықтаудағы тәжірибелік зерттеулер ... ... ... ... .20
2.3 Танымдық белсенділікті арттыруды ұйымдастыру жолдарының оқушы танымын қалыптастырудағы тәжірибелік зерттеулер ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Танымдық белсенділікті арттырудың теориялық негізі
1.1 Таным процестерінің педагогика-психологиялық негіздерінің дамуы және
қалыптасу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
1.2 Танымның философиялық негіздері және оның қоғамдағы алатын орны...11
1.3Таным белсенділігінің бағыттары дәрежелері және белгілері мен
компененттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
2.1 Танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
2.2 Танымдық белсенділіктің даму деңгейлерін анықтаудағы тәжірибелік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3 Танымдық белсенділікті арттыруды ұйымдастыру жолдарының оқушы танымын
қалыптастырудағы тәжірибелік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2002-жылғы сәуір айындағы
Қазақстан халқына жолдауына орай 2003-2005 жылдар Ауыл жылы болып
жарияланды. Қазақстан халқына Жолдауында: Білім беру жүйесіндегі істің
жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндет деп санаймын. Еліміз үшін
мұғалім мәртебесін арттыру, ең алдымен, ауылдық жерді арттыру- ең бір
өзекті мәселе, деп атап көрсетті.[3]
Демек, ауыл жылына арналған стратегиялық міндеттердің бірі ауылдағы
білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына
сай жаңаша саналы тәрбие , сапалы білім беруді талап етеді.
Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін,
танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері
туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, А.Е.
Әбілқасымова, Т.С. А.Ж. Қараев , Р.С.Омарова. т.б еңбектері. [9]
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
қалыптастыру мәселесі арнайы толық зерттелген емес.
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі
ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, мені дипломдық жұмыс
тақырыбын: Бастауыш сыныптарда оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің болжамы. Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-
бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол
әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының
танымдық белсенділігі артуы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі
мен шығармашылығы қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын теориялық
тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық
бағыттарын айқындау.
2.Орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін арттыру моделін құру.
3.Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін қалыптастырудың нақты
әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
4. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы
тәжірибеден бұрынғы оқушылар таным деңгейін анықтау
5.Оқушылардың танымдық белсенділігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік
сауалнамалар құру
6.Жүргізілген тәжірибеге негіздей отырып, оқушылардың танымдық
белсендігін арттыру жолдарын жасау
Зерттеу объектісі. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
Карасевка орта мектебі. 2 сынып. Дүниетану пәні. 2005-2006 оқу жылы
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу
әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушылардың оқу үрдісін бақылау;
оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық
тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және
педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік –
эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру теориялық негіздері
айқындалып, оларға берілген сауалнамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі
ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың моделі
жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- Қазіргі жағдайда орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырудың әдістемесі жасалынды;
-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар жасалды;
-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық әдістемесі,
қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдер қызметінде, педагог
кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім,
іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

1. ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 ТАНЫМ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ДАМУЫ
ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
Түйсік және қабылдаудың дамуы,оны қалыптастыру жолдары
Балаларда түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан
кейін бернеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның
аузына хинин ерінтіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы
айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың
есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері құлақ түтігі суға толы
болады да, ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа
біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе,
оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып
көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен дауысын естіп,
көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан
былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы
заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған
нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше
күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін
айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне,
біртіндеп оның көлеміне, одан соң барып, бояуына көңіл аударатын болады.
Бала тілінің шығуы, оның жүре бастауы- түйсіктердің дамуына қолайлы әсер
етеді. Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту,
сипай сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгереді. Мектеп оқушыларының
түйсіктерін де жан-жақтылы дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу
әрекеті белсенді де творчествалы, қызғылықты да сан қилы болып
ұйымдастырылуы тиіс. Түйсік дамытуды баланың өзі қажетсінсе, тіптен жақсы.
Егер оқушы мектепке дейін сурет салумен әуестенсе, және оның салғандары
сәтті шықса, мектепте де сурет салуға ынталанып, бояу біткеннің қасиетін
білуге ықыластанып тұрады. Осындай баланың түсті айыру қабілеті өз
құрбыларынан әлдеқайда жоғары болады. Түйсікті дамытуға нұқсан келтіретін
факторлардың бар екенін ұмытпау қажет. Мәселен, бала партада дұрыс отыра
алмайтын болса, оқыған немесе, жазған кезде қисайып жатып алса, кітапқа,
дәптерге көзін өте жақын дағдыланса, оның көру қабілеті нашарлайды. Мұғалім
осы айтылғандардың, сондай-ақ жатып оқудың да зияндылығын балаға ескертуі
тиіс. Мұғалім көзі нашар көретін оқушыны жеке бақылауға алып, қадағалап
отырмаса болмайды. Көзі нашар көретін баланы қадағаламаса, оның сабақты
нашар үлгеруі де мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының есту түйсіктерін
жетілдірудің де маңызы зор.
Оқушылар жоғары дыбыстарды да сезе алатын болуы тиіс. Мұндай қабілет
арнаулы жаттығулар арқылы тәрбиеленеді.
Мәселен, 1-ші сынып оқушыларының көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен ажырата
алмауы, оқу жазу дағдаларының қалыптасуына кедергі эксперименттік
зерттеулерде анықталып отыр. Сөйтіп оқушылардың түйсіктері тәжірибе жүзінде
дамитындығы атап айтқанда, ән айту – есту түйсігін, сурет салу – көру
түйсігін, еңбек сабақтары – қозғалыс, сипай сезу түйсіктерін кемеліне
келітіріп отыратындығы байқалды.
Қабылдау. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің
дамуымен бірге жүріп, отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы
зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру – оның мағынасын
ұғынуға жәрдем етеді, мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға
болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сондықтан олар
заттарды көбінесе үстірт қабылдамайды. Мәселен, 4-5 жастағы бөбектер
кеңістік пен уақытты, алыстық пен қашықтықты, нашар ажыратады
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді,
жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді кешегі
мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне
байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың
қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы
нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан Бастауыш сыныптарда оқитын
балалардың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде
болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Бала заттың
көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерн ғана көреді, заттарды
талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын,
олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.
Мұндай қабылдауда белсенділік жағы да аз болады. Егер объектіні қабылдау
қиынға соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады, қабылданған
затының жеке бөліктерін тізбектей алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай
қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын
болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік
белгісін ұққысы келеді, оның мәніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу
принципіне зер сала бастайды, Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді.
Заттарды дұрыс қабылдай алу мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей
болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін ана тілі сабақтарына қарағанда сирек
болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі баяу
болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің
көрінуімен ұштасады. Байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып
оқушыларында да бар. Мәселен, қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны, аяғы бар
деп баланың тізбектеуі – оның байқай алатындығының белгісі. Үшінші,
төртінші сынып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен-кішілігіне де
назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы
тұжырымдап, бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді.

Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер
етеді. Сондықтан да мұғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының
белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға
селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.
Бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, мұғалім мына
төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:
1)Көрнекті құралдарды
2)Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар
мен құбылыстардың мәнін түсінген болу шарты
3)Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа
материалды оқушылардың бұрынға білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға зер
салу қажет.
4)Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі,
көлемі, қиындығын мұғалім еске алу шарты
5)Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу, дұрыс қабылдап үйренуге
әдеттендіру шарты.
Естің дамуындағы елес және оны тәрбиелеу. Қайта жаңғырту процесі
елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі
елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады. Елес
арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға
мүмкіндік алады.
Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес.
Егер оқушы да әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап
жаза алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат
жөніндегі елестері анық болса ғана ол суреттерді соған сәйкес етіп сала
алады. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың
қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Оқушы өзі байқап
отырған нәрсені кейін қажет блатындығын сезінетін болса, оның елесі де
тиянақты қалыптасады. Мәселен, оқушы табиғаттану сабағында үй қояндары
туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа саладыны ескертілсе, баланың
байқауы тереңірек болып, елесіне жақсы тірек болады. Баланың елестерін
дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында
алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты
салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса баланың көру
елесі дами түседі. Бастауыш сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі
әлі жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Мұғалім осы
жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы
тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды оқу
әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде
болуы тиіс.
Зейінннің дамуы және оны тәрбиелеу. Балаларда тілдің шығуына
байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін
үлкендердің ықпалымен балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай
дамытып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру,
үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т.б) Мектеп жасына дейінгі
балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын
арқылы бала түрлі обьектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен
құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларды
зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б) жақсы
байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі. Мектеп-
оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процессінің талаптарына байланысты жүйелі
түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, мұғалім – балалардың
зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойлағаннан басқаға көңіл бөлмей
келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін
отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын
асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы
ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары
түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына
көңіл аударады да, ең негізгі міндеті есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл
жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік- зейін көлемінің өте
тары келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол
сабақта бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі
құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір обьектіге тұрақтала түседі
де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде
тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша,
мұғалімнің сөзі оның зейініне қонбайды, қиялын толғандырмайды.
Зейін тәрбиесінде әр бір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына
төмендегілер:
1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, олада
зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын.
2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа
болып келсін.
3. Бала қайда жүрсе де, (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі
тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі –ерік. Сондықтан
зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Бастауыш сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде болса, қатая
қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз
жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне
талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар
шаралар. Ы. Алтынсарин: егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, оқытушы
оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға
тиіс -деп өте дұрыс айтқан. [9]
Ойлаудың дамуы және оны қалыптастыру Жаңа туған балада ешқандай ойлау
болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасаудың
нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Он бес айлық
бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп
оларды азайта бастайды, содан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады.
мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың үстінде болады. Ойлау бұл
кезеңде нақтылы-бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауын дамыту үшін мұғалім
тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты
кейбірі мына төмендегілер:
1.Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық математикалық) жөнінде өз
беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше
эвристикалық методты жиі пайдаланып отыруы қажет.
2.Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға
үлкен әсерін тигізеді
3.Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жазылады.
4.Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу
процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын
мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
5.Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс-
бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге
үнемі бағыттап отыру
6.Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз
ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, таныту қызығуларын,
көзқарасымен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс.
Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу. Бала алдымен дауысты дыбыстарды,
кейінірек дауыссыз және сыңар дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, ұяң
түрлерін меңгереді. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі.
Мәселен, жас жарымдағы балада 10-15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста
мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын
стихиялы түрде үйренуге кіріседі.
Жанұяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл
бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгеріп кетеді.
Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады.
Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас ролін атқарса, мектепте
жүргенде білім жүйелері меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады.
Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай
туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін өз бетінше
меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық трғыдан) оқып-үйрену бала тілін дамуына бұрын-соңды болып
көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу
ерекшеліктері онан сайын жетіле, дами түседі.
Жазбаша сөйлеу – баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал
жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеуді меңгеруге бала мектеп есігін
аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Балалардың орфографиялық дағдылармен
қатар жазу жұмысы дағдыларын үйрену жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі
элементі болып табылады.
Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден басталады. Хат тану арқылы
арнаулы дағдылары болуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды оқу дағдысы дейді.
Хат негізгі үш кезеңнен тұрады.
Мұның бірінші кезеңде оқушы әріптің аттарымен танысады. Оқу дағдысының
бірінші кезеңін психологияда анализдік (талдау) кезеңі деп атайды.
Екінші кезеңде оқушы сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне
жеңіл қоса алатын болады.
Үшінші кезеңде бала әріптерді тез танып, бір-біріне қосып оқи алады.
Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу
дағдысын да меңгере бастайды.
Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі
бар. Жазу дағдысының осы үш кезеңі жылдам тез жазуға жасалған дайындық
кезеңі болып табылады.
Баланың жазу қарқыны әр сыныпта әр түрлі болып келеді. Бастауыш
мектеп оқушыларының ішінде жазумен көбірек шұғылданатын – бірінші
сыныптағылар. Өйткені бұл кезде жазуға көп көңіл бөлінеді. Екінші, үшінші
сыныптарда баланың жазу қарқыны біршама төмендейді де, төртінші сыныпта
қайтадан көтеріледі. Психологиялық зерттеулерде бастауыш мектеп бітіретін
оқушының жазу темпі минутына 60-70 әріп болатындығы анықталған. [8]
Балалар сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға
алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады.
1).Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық,
лексикалық дұрыс жаза айта алуына қамқорлық жасау керек.
2) Оқушының тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа,
кей дыбыстарды дұрыс айтпау т.б.) жою
3)Мұғалімдер оқушылардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлу
4)Оқушылардың сөйлеу мәдениетін
Халқымыздың классик жазушысы Мұхтар Әуезов: Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де
болады- деді. [11]
Қиялдың дамуы және оны қалыптастыру. Қиялдың алғашқы көріністері үш
жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын көріп,
бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай
сияқты болып көрінгенімен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.
Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын
сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғаттағы
суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды
түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады.
Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен
ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі. Бастауш сынып оқушыларында
алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші
сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай
алмайды. Осы салада мұғалім істейтін іс – ұшан теңіз. Мәселен, мұғалім
балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір
ағашты, өсімдік түрлерін көздерісен көріп, қолдарымен ұстайды,
білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне
мұғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра,
тропика т.б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге
көп пайдасын тигізеді.
Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын
да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында
тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен
салыстырып көреді.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін
қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен,
сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың
осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық
сезімдерін оятады.
Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті
дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына топ
саяхат жасау, таапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу
барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер
бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

1.2 ТАНЫМНЫҢ ФОЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасын
дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де
үйренеді.
Таным – филисофиялық ұғым,... [11] айналадағы материалдық шындықты
адам санасында бейнелеуі. Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін
болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру,
сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді
де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы
таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды
нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық
формасы дамиды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Осылайша
таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға негізделсе, оны өз
мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін
биологиялық, химиялы, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың
мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде жеткен жітістіктерін бір-
бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.
Көптеген ғылым салаларында дүниетанымдың көзқарас философиялық
тұрғыдан қарастырылады. Қазақ халқының қоғам, адам, табиғат туралы
философиялық ойлары ертеден-ақ адамгершілік, ізгілікті көксеу, имандылықты
дәріптеу, зорлы-зомбылыққа қарсы күресу, мемлекет пен адам тағдырының мәнін
түсіну тұрғысында қалыптаса бастаған. Халық арасынан шыққан ақындар
табиғат пен әлеуметтік ортаның байланысы туралы біршама шығармашылық үлгі
көрсетті. Алдыңғы қатарлы ойшылдар да өздерінің көрген-білгендерін терең
біліммен байланыстыра отырып, ауқымды ой жүйесін құрады. Осыдан халықтық
философия және ғылыми көзқарастар туады. Адамзаттың даму эволюциясына
байланысты дүниетану деңгейі де өзгеріп, күрделене түсті. Неғұрлым табиғи
ортаға икемделіп, оның сырын аша бастаған сайын адамның оны меңгеру мақсаты
да, соған орай атқаратын қызметінің түрі де өзгерді. Енді табиғатқа
табынушы, оның дүлей күшінен қорқатын қалыпта қалмай, оны бағындырушы,
керегіне қарай өзгертуші дәрежесіне жетті. Сөйтіп табиғатты меңгеру
деңгейінің өсуімен байланысты адам санасы мен білімі де өсе түсті.
Білім салаларының қай-қайсысы да адамның дүниетанымын қалыптастыруға
үлесін қосады. Сондықтан да ертеден бастап ғылымның дамуына орай
дүниетанымдық деңгей де кезеңнен өтті. Оның ең алғашқы кезеңі – халық ауыз
әдебиетінің басты түрлері – ертегілер, аңыздар, айтысра, батырлар жырлары
негізінде қалыптасқан дүниетанымдық деңгей.
Бұл кезеңдегі дүниетанымдық деңгей адамдардың өз тәжірибесінен,
күнделікті өмірден, олардың арасындағы қарым-қатынастан дүниетанымдықпен
сабақтаса байып отырады. Ертегілерде қоршаған дүние ішінде адамды жоғары
ұстап, оның өзіне тән қасиеттерін (батырлық, тапқырлық, күштілік,
ақылдылық, сұлулық, ізгілік, адамгершілік және т.б,) сол кездегі қоғаммен
тығыз байланыста көрсетеді.
Дүниетанымның тәжірибеден дамыған деңгейін уағыздап, ортаға салған.
Мұны көшпенді дәуірдегі қазақ халқының дүниетанымының негізі деп
қарауымызға болады. Мұндай пікірлерді қазақ философтары М. С. Орынбеков пен
Ә. Нысанбаев еңбектерінде кездестіреміз. [13]
Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ойшылдар (Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал
ақын, Шортанбай, Ақтамберді, Шалкиіз, Дулат, Майлықожа, Ақан сері,
Махамбет, Шернияз, Сүйінбай т.б.) өздерінің дүниетанымдық көзқарастарында
материалдық, рухани байлықтарды, ақыл-парасатты, адамгершілік, қоғамдық,
байлықты игеру мақсаттарын паш етті. [22] Мұндай дүниені көркемдеп жеткізу,
Абай тілімен айтқанда, Жан азығы еді. ...Табиғаттың бойындағы әсемдікті,
күш-қуатты адамның қажетіне сәйкестендіріп, қол я тіл арқылы көріктендіріп
жіберу ол жанға, яғни көңіл күйіне, сезімге қатты әсер етеді. [13]
Мұнан әрі адам тілі, ұғымы дамып табиғатты меңгеру жолындағы өздігінен
атқаратын әрекеттер етек алып, күнделікті көргендерін тек қабылдап қана
қоймай, заттар мен құбылыстардың байланыстарын іздестіруге, олардың себеп-
салдарын білуге талпынды. Сананың, ой-өрістің дамуына байланысты дүниетаным
да жаңа белеске көтерілді. Осы тұста білімі бар, парасатты ойшылдарымыз да
көріне бастады.
Адам мен қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты диалектикалық
тұрғыдан қарау кезеңі басталды. Абай, Шәкәрім, С. Торайғыров және т.б.
ойшылдар туындыларында бұл пікірлер белең беріп отырады.
Абай адам мен қоғам мұратын еңбекпен, біліммен, ақыл-ой санамен,
принципшілдік және қарапайымдылықпен, халықтың бірлігі мен өркениетке жету
жолындағы мақсаткерлігімен тікелей байланыстыра қарастырады, - дейді М. С.
Орынбеков. [22] Бұл пікірдің түпкі тірегі – дүниетанымдық деңгейдің
көтерілу сатысын көрсетуінде. Көргенді, сезінгенді логикалық ойға салып
талдау арқылы сол затқа, құбылысқа адам қатысы деңгейінің айқындала
түсуінде.
Адам көзқарасы ғылымға, қоршаған ортаға, алған білімді меңгеру және
ұғыну деңгейіне қарай өзгеріп, соған қарай қалыптасады, қалыптасқан
көзқарасқа байланысты дүниетаным да өзгереді. Адамның дүниетанымы,
біріншіден, қоғамның тарихи дамуына байланысты өзгерсе, екіншіден, сол
қоғамдағы халықтың сана-сезімінің өсуі, білімді меңгеру мүмкіндігіне қарай
өзгеріп отырады. Дүниетанудың ең өркендеу шыңы – ғылыми таным.
Дүниені ғылым жолымен тану үшін нақты объектілерді бақылау,
эксперимент, анализ жасау, абстрактілі ойлау – бәрі қатысуға тиіс. ...Адам
сезім органдарының көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ерекшеліктерін
қабылдап, біле алады, ал оның ішкі мәнін, даму заңдылықтарын тек
абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады. [16] Сонда ғана дүниетаным
ғылыми теориялық деңгейге көтеріледі. Ғылыми теория зерттеліп отырған
объектінің ішкі, қажетті жақтарымен байланыстырып, оның өмір сүру және даму
заңдылықтарын бейнелейді .[23]
Адам көзқарасының қалыптасуында, әсіресе, биология ғылымының алатын
орны ерекшк. Биология жетістіктері көзқарасты қалыптастырып қана қоймай,
оны жаңартады, өзгертеді. Дүниетанымды адамның дүние жайындағы қалыптасқан
көзқарасы деп қарасақ, адам сол көзқарастың ажырамас бөлігі екенін
ұмытпауымыз керек. Адамды оның өмірге көзқарасынан бөліп қарауға болмайды.
Биология ғылымдары дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретінін
дәлелдесе, көзқарас сол дүниені адам ойынан өткізіп, соған қажеттігіне
қарап бағалайды. Биология ғылымының салалары дүниені теориялық тұрғыдан
дәлелдесе, көзқарас бұл дүниенің адам үшін қандай мәні, маңызы барын, адам
осы қоршаған ортасында өзін қалай ұстауы керек, неге талпынуы, неден
сақтануы жөн екенін қарастырады. Сөйтіп, биология ғылымы қоршаған дүниені,
нақты шындықты қабылдауды қамтамасыз етсе, қалыптасқан көзқарас осы ұғымды
бағалау тұрғысынан қарайды.
Көзқарастың қалыптасуы мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам
баласының табиғатты танып-білуіне тікелей байланыстылығын көреміз.
Табиғатты танып білу өте күрделі процесс. Оған қажетті алғы шарттар: адам
мен табиғаттың іс жүзіндегі ара қатысы; табиғат, қоғам, адам арасындағы
қарым-қатынас; қоғамның рухани мәдениеті, ой мәдениеті, ғылым жетістігі,
жалпы философиялық көзқарастар т.б.
Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-құлқына,
дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай, үш
қабілетті (ерекше жаралған дене құрылысы, жан құмарлығы, ой парасаты) дұрыс
жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады.

1.3 ОҚУШЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ БАҒЫТТАРЫ, ДӘРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ
БЕЛГІЛЕРІ МЕН КОМПЕНЕНТТЕРІ
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық
ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе танымдық белсенділікті
дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы төрт бағытты бөліп
көрсетуге болады.
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастап алады. Оның көрнекті
өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың
белсенді және өз бетімен білім алыуының маңыздылығын, өз бетімен білім
алудағы жетістіктері өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-жақты
жетілудің әрі объекті, әрі субъекті екендігін жан-жақты негіздеген. Олардың
пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің
алғышарты болып табылады және ойлап отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен
білім алады. Өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш
сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы
болып келді.
Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын
тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат
тйрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс
жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын
дұрыс таңдап алуы қажет болды.
Дидактикалық-әдістемелік бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау
алады. Оның Ұлы дидактика еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін
ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру
және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырды.
Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж.
Руссоның, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервергтің және т.б. еңбектерінде дами
түсті.
Үшінші бағыт психологиялық-дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский, Ы
Алтынсарин еңбектерінде бастау алады. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана
оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-
ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К. Д. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, өз бетінше
жұмыс – оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы [15] деп есептеді.
Осы жұмыстың нәтижесінде жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі
еңбегін дұрыс болуы деп түсіндірді. К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда
алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-
педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-
әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Ал
К. Д. Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін
дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу,
көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталады.
К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше,
сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі
мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.
Бұл бағытта П. Ф. Каптерев, А. П. Вахтерев, Ы. Алтынсариннің және
т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады. В. П. Вахтерев оқушының оқу-
танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді көрсетіп, көптеген
экспериметтер жүргізді.
Төртінші жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа
кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен
айқындалады.
Қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны
қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге баланың
шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен
салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті
дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп дейгейлік негізде, мультимедия жүйесін
қолдану т.б.) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогика идеясы орта мектеп
жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипатәкелді.
Танымдық іс-әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық
мәселелері жөнінде оқу-әдістемелік, психология-педагогикалық әдебиеттерге
ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық
бағытты бөліп көрсетуге болады.
Ю. К. Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М. А.
Ланилов пен Б. П. Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық
белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы
классификациясын жасады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін
дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В. И. Зазвязинский, М. И. Махмутов,
Ж. Б. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін артырудың
тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу
әрекеті жайлы Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смаилов, М. А.
Құдайқұлов, Р. С. Омарованың еңбектері маңызды.
Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А. Н. Ильясова,
Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, Р. Н. Төлеубаева, О. С. Сыздықов, Б. И.
Мұқанова, М. С. Молдабекова, Г.Ж Менлибекова, т.б. еңбектерін ерекше атап
өтуге болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым,
оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыратын жаттығулар
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар
Танымдық белсенділік теориясы
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру
Пәндер