Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстардың теориялық және практикалық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.6

БІРІНШІ ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1. Оқушылардың өзіндік жұмыстары бойынша педагогикалық.психологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.15

2. Бастауыш сыныптағы дүниетану пәні оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың қазіргі таңдағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...15.31


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6

БІРІНШІ ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ПРАКТИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..7

1. Оқушылардың өзіндік жұмыстары бойынша педагогикалық-психологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .7-15

2. Бастауыш сыныптағы дүниетану пәні оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың қазіргі таңдағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...15-31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...33

КІРІСПЕ

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық процестер тоғысқан күрделі даму
кезеңін бастап өзгеріп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамының талап-
тілектеріне толығымен жауап беретін жауапкершілік сезімі жоғары,
шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірегей үндескен,
дербес тұлғаларға зәру.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы бойынша әр мүғалімге
қойылатын негізгі талаптары Жеке адамның шығармашылык, рухани және дене
мүмкіндіктерш дамытуда, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыруға, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектін байытуға (1) бағытталған.
Жеке тұлганың қалыптасып, ой-өрісінің дамуында, белсенділігінің артып,
қоршаған ортаны танып, білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана
білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-
әрекеттердің бірі-оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде
орындайтын өзіндік жұмыстар.
Қазіргі таңдағы бастауыш білім стандарты, әлемдік және Отандық
педагогика, психология ғылымдарының жетістіктері, оқушыларды дамыта оқыту
проблемалары, ұзақ жылдар бойы мектептерде екшеліп жинақталған озық
тәжірибелер, бастауыш сыныптардағы білім беру приоритеттерін
түбегейлі өзгерту қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған орай,
бірінші кезекке оқушыларда тек пәндік білім мен білік,
дағдырларын қалыптастырып қана қоймай, олардың түрлі оқу әрекеттерін
қалыптастыру негізінде тұлға тәрбиелеу мақсатын койып отыр.
Білім беруде ең негізгі мақсаттардың бірі-оқушылардың білімді саналы
меңгеруін қамтамасыз ету.
Осыған орай, ғалым-педагог Л.В.Занков: Оқыту-оқушының жалпы рухани
дамуын қамтамасыз етуі қажет,- дейді. (2) Сол сияқты, көрнекті психолог
Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны
жетекке алатын оқытуды айтады- деп тұжырымдайды.(З)
Оқушының жұмысты шығармашылықпен орындауы, оның танымдық белсенділігін
арттырады.
Қазіргі таңда мұғалімдер кауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі
- оқушылар шығармашылығын арттырудың жолдарын қарастыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына
жолдауында болашақ қоғам мүшелері – жастатардың қандай болатындығын
айта келіп, Біздің балаларымыз белгілі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелсрі,
мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелсрі, биржа
делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын,
тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз
ететін болады - дейді. (4)
Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта
мемлекеттік жауапты кызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтың
мүддесін дәріптейтіндей деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім
беру, саналылыққа тәрбиелеу, жекебас құндылығын көтеру, оқу-ағарту
саласының; үлесіне тиеді.
Орта білімді стандартында Мектептің әрбір сатысында жеке тұлғаны
дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету"
талабы қойылып отыр. (5)
Көптеген ғалым-педагогтардың, практик мұғалімдердін тәжірибесіне
сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты ролді, ең
алдымен, оқушының өздігінен атқаратын әрекеті, белсенділігі алады.
Бастауыш буын кейінгі алатын бүкіл білімнің ірге тасын қалайтындығын
ескеріп, сонымен қатар сапалы да саналы білім беруде оқушылардың өзіндік
жұмысының алатын орнының мәнін түсініп, оқушылардың өзіндік жұмысына көңіл
бөлу керектігін айқындадық.
Мектептерде педагогикалық практика кезінде байқалып отырған жағдай
оқушылардың өзіндік жұмысының әлі де болса, тиісті дәрежеде
ұйымдастырылмайтындығы, дүниетану пәні бойынша бағдарлама талаптарына сай
өзіндік жұмыстардың ұйымдастырылуынан оқушылардың білімді саналы меңгеру
дәрежесінің төмендігі, бағдарлама талаптары мен мұғалімнің, сабақ беру
жүйесіндегі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының арасындағы қарама-
қайшылықтың тууы біздің зерттеу тақырыбымызды Дүниетану пәні бойынша
оқушылардың өзіндік жұмысының оқу-тәрбиелік мәні деп таңдауымызға себеп
болды.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы оқыту процесінде дүниетану
пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Дүниетану пәні бойынша оқушылардың өзіндік
жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін саралау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: дүниетану пәнін оқыту барысында және
сыныптан тыс кездерде оқушылармен бағдарлама талаптарына сай өзіндік
жұмыстар ұйымдастырылса, олардың тұлга ретінде қалыптасуына,
шығармашылығының, белсенділігінің, логикалық ойлау дәрежесінің дамуына
мүмкіндік туады.
Зерттеудің міндеттері:
- теориялық, практикалық, психологиялық зерттеулер негізінде
оқушылардың оқу үрдісіндегі өзіндік жұмысының зерттелу деңгейіне
шолу;
- бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні бойынша өзіндік
жұмыс дағдырларын дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін саралау;
- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды педагогикалық
эксперимент арқылы әдістемлік нұсқау беру;
Зерттеудің әдістері:Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу
барысында төмндегідей әдістерді қолдандық:
- оқушылардың өзіндік жұмыстарына байланысты психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау;
- мұғалімдермен, оқушылармен жүргізілген сауалнама әңгіме және
бақылау жұмыстары, олардың нәтижелерін қорыту;
- мектептегі бақылпу нәтижесінде өзіндік жұмыс арқылы
оқушылардың білімі меңгеруге деңгейін анықтау;
- озық тәжірибелермен танысу;
- эксперимент ұйымдастыру, оның нәтижелерін өңдеу;
І-тарау. Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстардың теориялық және
практикалық негіздері

1. Оқушылардың өзіндік жұмыстары бойынша педагогикалық-психологиялық
зерттеулер.

Психология тұрғысынан оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі өзіне тән
ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер
ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім
алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш-түрлі қайшылықтар.
Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар
кездестіреді, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге
асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық – педагогикалық міндет
талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және
дамуының казіргі деңгейі арасындағы қайшылық.
Өзіндік жұмыстарға арналған дидактикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерде белгілі тәжірибе жинақталған: Л.Н.Алексашкина, Б.П.Есипов,
В.В.Давыдов, Н.Г.Дайри, М.И.Махмудов, Т.С.Сабыров, М.Н.Скаткин,
П.И:Пидкасистый т.б. еңбектерінде өзіндік жұмытың функциясы, оған қойылған
талаптар, оның анықтамасы меп критерийлері қарастырылған.
Жаратылыстану пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың маңыздылығы туралы ой орыс мектебінде
Я.А.Каменский, А.Дистерверг, К.Д.Ушииский т.б. сияқты орыс
және шетел педагогика классиктері көзқарастарының әсерімен
пайда болған. Олар табиғат құбылыстары мен заттарды
оқушылардың өзіндік әрекетін дамытып, сапалы білім меңгеруінде
дидактикалық құрал ретінде қолданған. В.Фзуев оқушылардың табиғи
объектілерді өздігінен зерттеу мәселесіне баса көңіл аударса, А.Н.Бекетов
өзіндік әрекетінің біртіндеп жоспарлы дамуы жайлы құнды ой-пікір қалдырған.
Жаратылыстану ғылымы әдістемесінің іргетасын қалаған А.Я.Герд
оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруы жайлы: "Барлық шынайы білімді
адамзат баласы бақылау, салыстыру және тәжірибе жасау нәтижесінде алған.
Тек осындай жолмен сол білім балаларға игі әсерін тигізеді. Оқушылар
оқытушы басшылығымен бақылау жасап, салыстыру, баяндау, бақылаған
құбылыстарды талқылау, қорытынды жасау және қарапайым тәжірибелер арқылы
оны тексеру іс-әрекеттерін орындай білу тиіс", - деп көрсеткен.(б)
Әйгілі әдіскер В.В.Половцов практикалық сабақтарды оқушылардың
байқампаздығын жаттықтыру құралы ретінде ғана қарастырмай, сонымен қатар
оларды теория мен практиканы байланыстыру қалпы деп түсіндірген. Ол:
"Дүниетану пәнін оқытуда қолданылатьш барлық тәсілдерінде оқушылардың
өздігімен орындайтын жұмыстың көптеген элементтері байқалады. Осындай
жұмыстар барысында әсіресе оқушылардың ойлау қабілетінің, сезім және қимыл-
қозғалыс мүшелерінің жүйесі басқарылады, айқындалады, яғни оқушы ойлау
әрекеті арқылы өздігінен шығарған қорытындыға келіп, оны әрекет түрінде
жүзеге асыра алады. Осындай жағдай өзіндік жұмыстың негізі болып
есептелінеді", - дейді.(7)
Көрнекті әдіскер - педагог Б.Е.Райков оқушылардың практикалық
әрекетін, білімге деген шынайы құштарлығын дамыту жолында өзіндік жұмысқа
жоғары баға берген.
Н.В.Половниковтың айтуынша "Өздігінен тану" оқушының дайын сабақты
игеру ғана емес, оны өз күшімен өздігінен ала білуі.
С.А.Рубинштейн оқушылардың өзіндік әрекетін мотивтенген саналы іс-
әрекет деп түсінеді. Оқушының бұл жұмысын өте маңызды деп есептеу керек, ол
оқушыны ілгері ұмтылып, алдына мақсат қойып, оқуына, таным дүниесін
кеңейтуге әсер етеді. Оқушыда өзі жасаған іс-әрекетінің арқасында мына
қасиеттер пайда болады:
а) жаңа жағдайда жаңа білімді игере білу қабілеттілігінің
артуы;
ә) өздігімен ойлану біліктіліктері мен алға ұмтылу;
б) берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және
көбірек игеру жолдарын түсіне білу ниеті;
в) басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен карау;
г) өз ойының дербестігі.(8)
Психологиялық тұрғыдан П.Я.Гальперин мен П.Ф.Талызинаның ақыл-ой
әрекетін кезендерге бөліп қалыптастыру жөніндегі теориясына сүйенсек,
біздің оқыту тәсілімізге пайдаланылған оқу-әдістемелік құралдар мен
тапсырмалар әр тақырып бойынша өткізілуге тиісті сынақ жұмыстары
оқушылардың өзіндік жұмыс атқаруына бағыт-бағдар беретін негіздер болып
табылады.
М.И.Махмутовтың пікірінше өздігінен білім алу мынадай белгілермен
сипатталады:
а) білім көзі болатындай әр түрлі оқулықтардан өздігімен жаңа мәлімет
алып, білім алу біліктері мен дағдыларын дамыту.
ә) алған білім, дағды, біліктерін келешекте өздігінен оқып, білімін
көтеруге пайдалана білу.
б) өмірде кездесетін әртүрлі жағдайда оны шеберлікпен пайдалана
білу.(9)
А.Н.Гудилова әр түрлі сабақтарда оқушыларды жинақты оқу
біліктіліктерін қалыптастыруға қатысты графикалық нұсқаулар әзірлеп
ұсынған.
Оқыту тек дидактикалық процесс емес, ол психологиялық процеске де
жатады. С.А.Архангельский мұны оқушылардың білімін, іскерлік дағдыларын
қалыптастыруға қатысты ең жоғарғы ойлау қабілетін ұдай дамытып отыратын
процесс деп есептейді. Дамытпалы оқыту принциптерін Л.С.Выготский
қалыптастырған болатын. Бұл принцип бойынша қабілеттілік негізінде
құрылатын компоненттерді анықтап, оларды ұдай дамыта қалыптастыруға болады.
Ал З.Н.Калмыкова өз еңбегінде дамымалы үдемелі оқытуда психологиялық
принциптердің бірі ретінде индивидуальды және дифференциалды оқытуды
ұсынды.
Үздіксіз білім беру осы заманғы оқыту процесінің ең басты бағытының
бірі болып есептеледі. Ал екінші жағынан оқу процесінде информациялық
формадан оқушылардың белсенділігіне көшу қажет, үздіксіз білім беру
приндипі негізінде интерпритацияласаң, біздің анықтауымызша оқушылардың
өздігінен білім алу биіктіктері мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор
екеніне көз жеткіземіз. Шын мәнінде өздігінен оқудың өзі үздіксіз білім
алуға кең жол ашады, яғни өздігінен оқу дағдысын қалыптастырмайынша ешкім
де, еш уақытта үздіксіз, білім алу және кәсіби мамандығын ұдайы жетілдіріп
отыруы мүмкін емес.
Оқушылардың өздігімен атқаратын жұмысының тәрбиелік мәнін
қарастыратын болсақ, ең алдымен, өзіндік жұмыстардың жеке адамның
қалыптасуына тигізетін ықпалын естен шығармауымыз керек.
Тәрбие кез-келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Дамыған қоғамда
дүниетанымы биік, адамгершілік қасиеттері бар, терең идеялы, сенімді,
қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын жаңа адамды
жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналды.
Бұл міндетті шешу қазіргі психологияның, педагогиканың білім жүйесінде
талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық
жағынан дамытып отыруды көздейді.
Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердің ішінде жеке
адамды онтогенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықтарды,
кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында
тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттеріңіз, түбегейлі
проблемаларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан
зерттеледі. Зерттеушілердің назары бірнеше міндентерді шешуге бағытталады:
1.Жеке адамдарды белсенді мақсатқа бағыттап қалыптастыру мүмкін
бе? Бұл тұста ғалымдардың дүниетанымдық көзқарасы, жеке адам мәні, алдымен
оның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік әрі биологиялық бастаманың
қарым-қатынасы, неғұрлым дәл шектеледі.
2. Жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудағы заңдылықтар мен
механизмдер мүмкіндіктері, шарттар және бұл процеске белсенді ықпал
жасау механизмдері қандай? Бұл сәттерді талдауда психология ғылымы
адам іс-әрекетінің, мәні және оның құрылысы мен өзгерісі туралы тәржібиелік
қағидаларға негізделеді.
3.Жеке адамды калыптастыру процесіне ықпал жасауда
зерттеу мен ұйымдастыру жүйесінің принциптері мен шарттары
қандай? Бұл тұрғыда әрбір дәуірге тән психикалық дамудың
жас шағы кезеңдеріне бөлу іс-әрекеттің жетекші типтері туралы
психология ғылымының қағидалары аса маңызды орын алады.
Жеке адамды психологиялық қайта құрудың аса мол
мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін тиімді формалары, шарттары мен тәрбиелеу
процестерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері қандай? Олар біздің қоғамның
жағдайында тәрбиелеудің негізгі мақсаты – жеке адамдардың ұжымдық сапасын
қалыптастыру, олардың іс - әрекеттерін қоғам мүддесіне бейімдеумен
айқындалады.
Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі мен
қайта құруларын, жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады.
Міне, сондықтан да баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға
бағыттау, Л.С.Выготскийдің айымдауынша, баланың психикалық дамуынан кенже
қалмай, қайта оны ілгері бастырып, өз соңына ертіп, мақсатқа бағыттай
ұйымдастырып, басқарып отыратын тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға
мүмкіншілік туғызады.
Адамның жеке басы туралы түсінік-тарихи ұғым. Жеке адам,
А.Н.Леонтьевтің айтуы бойынша, табиғи индивидтің іс-әрекетінің, қарым-
қатынасының, танымының негізінде қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасқан
маңызды сапа ретінде танылады. (10) Қалыптасқан жеке адам өзінің
көзқарасы, ұғымы, моральдық талаптары, бағалаумен, саналы қойған
мақсатымен, өзінің қулығын, іс-әрекетін басқара білуімен
сипатталады
Өзіңдік іс-әрекет - оқушыны жеке адам ретінде қалыптастыру негізі.
Бала дамуының қайнар көздері мен жағдайларын, оның жеке басының қалыптасуын
түсініп алмайынша тәрбиенің психологиялық механизмдерін ашып беру мүмкін
емес.
Оқушылардың өзіндік жұмысының күрделенуі баланың психикасының дамуын
айқындайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың іс-әрекеттерінің
психологиялық заңдылықтарына, олардың динамикасына сүйенуге тиіс. Тәрбиелік
ықпал жасау жүйесін құру кезінде бала орындайтын өзіндік жұмыс түрлерінің
сипаты мен ерекшеліктерін, олардың маңызын, көлемі мен мазмұнын ескеру
қажет.
Оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігі мен білім алу мақсатында
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар кезінде-ақ ерекше назар аударған болатын.
Л.Байтұрсыновтың анықтамасы бойынша: Бала білімді тәжірибе арқылы
өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі, оның білімінің, шеберлігінің
керек орны өздігінен алатын тәжірибені білімнің ұзақ жолы қысқару үшін,
ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде
алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін
белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру" - дейді .(11)
Бүгінгі күнге дейін ғылыми педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде
өзіндік жұмыс туралы әр түрлі анықтамалар береді. Бір авторлар өзіндік
жұмысын оқыту әдісі десе, екіншілері оқыту тәсілі дейді, үшіншіден –
оқушы қызметін ұйымдастыру формасы дейді. Мысалы: Р.М.Микельсон өзіндік
жұмысты, мұғалімнің бақылауымен оқушының ешкімнің көмегінсіз тапсырманы
орындауы" - деп түсіңдірсе,(12) Б .П .Есипов: "Оқыту үрдісіндегі өзіндік
жұмыс дегеніміз, оқушының мұғалімнің тапсырмасын өздігімен орындауы. (13)
Сол тапсырманың мақсатына жету үшін оқушының тырысуы, онда өзінің күшін
және ойлау қабілетін оқу іс-әрекетінде пайдалануы" - дейді. Шын мәнінде
өзіндік жұмыс оқушының оқу, білім алу барысында өздігімен жұмыс атқаруы,
сол арқылы оқушының білімді меңгеріп, біліктілігінің қалыптасуы.
Білім, икемділік, дағды - адам психикасындагы кейбір үрдістердің
нысандары мен нәтижелері болып келеді. Яғни олар оқушының басына тек оның
өзіндік қызметінің нәтижесінде ғана қалыптаса алады. Материал дайын түрде
берілгеннің өзінде, оның кейбірін ұғыну және есте сақтау үшін адамның
тиісті ойлау қызметі қажет.
Оқуға деген оң көзқарас саналы да нәтижелі түрде асырылатын оқу
үрдісінде қалыптасады. Оқушы оқудың қажеттілігі, өзінің парызы мен
міндеттері, өзі үшін және өзнің болашақ өмірі үшін осы еңбектің
керектігі туралы қанша естісе де және өзі осы сөздердің дұрыстығын
қанша сезіне тұра, осы іске кіріспесе, онда оқуға деген ешқандай
себеп тумайды. Оның үстіне осы еңбекке деген бірқалыпты
танымдылық қызығу қабілеті де қалыптаспайды. Оқуға деген себептін пайда
болуы, оның нығаюы және дамуы үшін оқушының еңбектене басталуы қажет.
Басқаша айтқанда, баланың оқуға дайындығын қалыптастыратын
барлық жағ дай осы оқу үшін өздігінен еңбск ету барысында қалыптасады.
Дүниетату пәні бойьшша оқытудың мазмұны мен оқыту формасымен,
білім берудің әдіс-тәсілдерімен Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов,
К.Коргумен, К.Жүнісова т.б. ғалымдар айналысып отыр. Осы ғылыми-әдіскерлер
өз зерттеулерінде оқушылардың өзіндік жұмыстарына үлкен мән берді.
1968 жылдан бастап Казақстанда 2-сыныпқа арналға Табиғаттану
оқулығы жарық көрді.
Жоғарыда берілген анықтамалар негізінде біз өзіндік жұмыстың мәнін
ашуда келесі беліілерді алдық:
- кез-келген тапсырманы оқушының өздігі не н орындауы;
- білім алу барысында оқушы өзінің біліміне, икемділігіне,
тәжірибесіне сүйеніп, жұмысты орындауда өзіндік аргументтерін келтіріп,
ынтасының артып, шығармашылығының дамуы;
Мұндай жағдайда оқушының білімі терендеп, логикалык ойы дамиды,
оқушының дүниетанымы кеңейеді. Оқушы бұрын алған білімін жаңа жағдайға
қолдана алады.
Тек өздігімен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктерін біліп,
жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады.
Өздігінен еңбектенгенде, оның рухани өмірінің байлығы: ой-
өрісі мен сезімдерінін терендігі, қиял-еркінін күші ашылып, мінезінің
негізгі қырлары қалыптасады.
Казақстан ғалымдарының еңбектерінде оқу үрдісіндегі өзіндік
жұмысының маңызы мен орны жаңа тұрғыдан қарастырылған. М:
Р.Г.Лембергтің өзіндік жұмысына берген анықтамасының ерекшелігі:
өзіндік жұмысы өз еркінімен орындалып, оқушыларды қойылған
мақсатына жетуге ынталандыруы тиіс(14). Ғалымдардың пікірінше, мұғалім
сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушының бойында оқу және
қоғам еңбегіне өз еркімен қатысуға ынталандырушы күшті проблемалық
ситуацияларды пайдалану керек. (К.К.Құнантаева М.А.Құдайқұлов,
Б.К.Момынбаев, Г.Т.Хайруллин, Н.Н.Кан, Г.К.Мендіғалиева).
Оқушыны табанды түрде және беріле жұмыс істеуге үйретпейінше, қазіргі
күннің ең жаңа әдістерімен де мақсатқа жетуге болмайтындығы әрбір мұғалім
үшін талқылауға жатпайтын қағида болу керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдарын және оны орындау
шарттарын профессор Т.С.Сабыров былай деп көрсетіп: Оқушылардың өздігінен
білім алуға деген кажеттері мен дағдылары өзімен-өзі пайда
болмайды. Оқушылардың дербес білім алу дағдылары, ең алдымен, мектепте
олардың өздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру тығыз
байланысты"- дейді (15)

2. Бастауыш сыныптағы дүниетану пәні оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың қазіргі таңдағы жағдайы.

Қазіргі заманда мемлекетке білімді де білгір, іскер адамдардың
керектігіне, ал оларды оқыту және тәрбиелеу білім процесіне жаңа
педагогикалық, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды
енгізуге тікелей байланыстылығына ешкім де шұбаланбайды.
Бұл мақсатқа қол жеткізу қазіргі таңда мемлекеттік құжаттар талабын
жүзеге асыру деп тусінуімізге болады. Ол құжаттарға бастауыш білім
стандарты, бастауыш білім тұжырымдамасы және жеке пәндср бағдарламасы.
Осы кұжаттар талабын жүзеге асырумен бірге жаңа буын оқулықтарын
бастауыш сыныптарда өз дәрежесінде оқытуды камтамасыз ету бағытында жұмыс
жүргізілуде.
1-сыныптан бастап айналамен таныстыру, 2-сыныптан бастап
дүниетану пәнінің оқытылуы оқушылардың өзіндік жұмысқа дағдылануына
жағдай туғызады. Себебі дүниетану пәнінің оқытылуы оқушылардың өзіндік
жұмысқа дағдылануына жағдай туғызады. Себебі дүниетану пәнінің
мазмұны оқушылардың өзіндік жұмысын дағдылануына жағдай туғызады.
Себебі дүниетану пәнінің мазмұны оқушылардың өзіндік жұмысын
түрлендіруге үлкен мүмкіндік береді. Дүниетану пәнінің әрбір
тақырыбы, оның мақсаты оқушылардың өзіндік жұмысын нәтижелі түрлендірудің
көзі.
Осыған орай, дүниетану пәнінің бағдарламасының мазмұнына тоқталсақ
мына жағдайды байқаймыз.
Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән. Бұл пән бұрыннан Айналамен
таныстыру (1-2 сыныптар) және Табиғаттану 3-4 сыныптар) пәндерін
алмастырады. Интегративті болғандықтан, оны оқып үйренудің негізгі
мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас
бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы
біртұтас дүниедегі адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі.
Бағдарламада дүниетану пәнін оқытудың төмендегіше міндеттері
шешілген:
- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері,
қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер
қалыптастыру; өзінің көңіл-күй (сезім) денсаулығына деген дұрыс
қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге
үйрету;
-табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың
қасиеттері, сапалары, күйі туралы ұғымдарды меңгерту; табиғи объектілер мен
құбылыстар арасындағы байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттық және ксі
кеңістік өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық
мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;
- оқушыны әлеуметтендіріп, оның тұлғасының барлық жоқтарын, ең
алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін,
естетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Әрине, бұл міндеттер әр білім аймағымсн шектеліп, жекс-жеке шешілмей,
бір-бірімен астасып, байланысып шешілетіні түсінікті.
Соңғы бағдарлама стандарт талаптарына сай жасалған.
Бұрынғы бағдарламадан айырмашылығы: дүниетану пәні осы
уақытқа дейін Айналамен таныстыру және Табиғаттану деп
аталып, олардың мазмұны және логикасы жағынан дүниетанудан
өзгешеліктері бар. Яғни оқушыға берілетін білім, білім жүйесі адам-
табиғат-қоғам тізбегінен тұратын үш іріленген дидактикалық бірлік
түрінде топтастырылған. Сәйкес бірліктер мазмұны сыныптан сыныпқа қарай тек
өткенді қайталап, аздап тереңдетілу арқылы емес, жаңа
мағлұматтар, түсініктер, ұғымдар қосылып кебеюі есебінде, яғни
жоғарылау принципі негізінде күрделенеді. Мысалы: 1 -сыныпта табиғат
өзгерістері туралы жалпы түсінік берілсе, 4-сыныпта тірі органиізм мен
орта туралы бір-бірімен генетикалық байланысы бар ұғымдыр беріледі. Басқа
бірліктер де осындай Адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке
оқылады
Бұрынғы оқу бағдарламаларында адамның әлеуметтік міні арнайы
қарастырылады: ол туралы мағлұматтар (көбінесегигиена, денсаулық
туралы) Ана тілі, Айналамен таныстыру, Табиғаттану пәндерінде әртүрлі
материалдармен аралас беріліп, оқушы тұлға ретінде өзі түсінетіндей де
мағлұмат ала алмайды.
Дүниетану бағдарламасындағы Адам бірлігінде білім мазмұны Адамның
айналадағы дүние, оны танып, білуінің маңызы, әдістері туралы тусінік
деген тақырыптан (1-сыныпта) басталып, айналадағы дүниені оқушының қалай
және кандай мүшелердің көмегімен тани алатынына бірден бағдарлайда. Осы
арқылы бірден-бірі шығатын, теориялық сипаты бар (әрине, оқушы түсінігіне
лайық деңгейде), екі түрлі үғым төңірегіне оқушының логикалық ойы мен
практикалық іс-әректін жұмылдырады:
а) сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше
ролі, ойлау-адамға тән қасиет;
ә) бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту,
тәжірибе-дүниені зерделеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
«Математика» пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер