Ыбырай Алтынсарин жайлы



Үміт еткен көзімнің нұры — балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен.аман».
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.
Ата.анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Бұл өлеңді Орынбор қаласында оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа жолдаған екен. Өз заманының беделді адамдарының бірі болған. Россиямен қарым.қатынастың жақсаруын құптап, одан оқу.өнердің жолын үйренуді көздеген Балқожа 5 жасар Ыбырайды (Ол 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.) Орынборда ашылмақ болашақ орыс.қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі — Ыбырай болған.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласьш билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер дайындау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа да немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан.жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Содан кейін екі жылдай Ыбырай өз елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қазақ қоғамының қайшылықты тұрмысын тереңірек түсініп, оның болашағы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЫБЫРАИ АЛТЫНСАРИН (1841—1889)

Үміт еткен көзімнің нұры — балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман.
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Бұл өлеңді Орынбор қаласында оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа
жолдаған екен. Өз заманының беделді адамдарының бірі болған. Россиямен
қарым-қатынастың жақсаруын құптап, одан оқу-өнердің жолын үйренуді көздеген
Балқожа 5 жасар Ыбырайды (Ол 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай
облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы
Балқожаның тәрбиесінде болған.) Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ
мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ
баласының бірі — Ыбырай болған.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласьш билейтін
патша чиновниктеріне көмекші әкімдер дайындау мақсатымен ашылған мектепке
Балқожа да немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан-жақты
білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп
мектепті 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітіреді.
Содан кейін екі жылдай Ыбырай өз елінде тілмаштық қызмет атқарады.
Қазақ қоғамының қайшылықты тұрмысын тереңірек түсініп, оның болашағы жайлы
ойлануда бұл аз уақыттың өзі Ыбырай өмірінде едәуір із қалдырады.
1859 жылы Ыбырай Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып
ауысады. Бұл кезде ол Шекаралық комиссияның председателі, белгілі шығыс
зерттеушісі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Атасы
Балқожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен
қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Осы
кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының
шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы
адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған. Өз заманының озат
ой-пікірімен танысқан. Әдебиет, саясат, ағарту саласындағы журналдарды да
қараған.
Осылайша өз бетімен оқудың нәтижесінде білім қорын едәуір молайтқан
Ыбырай өзінің болашағын тілмаш болудан емес, халыққа пайдалы қызмет
істеуден іздейді. Оның бойында ағартушылыққа деген ынта туады. Сөйтіп,
орыстың XIX ғасырдагы прогресшіл ой-пікірі негізінде оның көзқарасы
қалыптаса бастайды. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш
мектеп (Троицк, Торғай, Ырғыз және Қазалы қалаларында) ашуға ұйғарылған
кезде, Ыбырай өзі сұранып Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады.
Сөйтіп, мектеп ашу мақсатымен 1860 жылы ЬІбырай Торғайға ауысады.
Бірақ жергілікті орындардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі біраз
созылып кетеді. Соған қарамастан Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасы жайында
әңгімелер жүргізіп, жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз
үйінде оқытады.
Ыбырайдың арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ғана ашылады. Осы
жылы қаңтардың 8 күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған
14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға
қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім,— деп жазады ол белгілі шығыс
зерттеуші, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында.
Ыбырай мектептегі сабақ пен бүкіл тәрбие жұмысын сол кездегі орыс
мектептері үлгісінде құрды. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол
балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен хабар беруге тырысты.
Тәрбие жұмысының негізін Ыбырай оқу арқылы әкім дайындау мақсатына емес,
адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдеді.
Халық ортасына жақын келіп, олармен кең араласу арқылы Ыбырай мәдениет
пен білім жолына ұмтылудағы туған халқының көңіл күйін жақсы ұқты. Бұл оны
ағартушылық іске рухтандыра түсті. Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды.
Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр,— деп жазды ол
Торғайға барған соң-ақ Н. И. Ильминскийге. Ыбырай Ильминскиймен халықтың
жақсы мінез-құлқы, болашағы жайлы ойларын да бөліседі. Қазақ даласын үш
жылдай аралаған сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған
халық дейтініңізге мен сенемін,— деп жазды Ыбырай оған. Қазақ халқы
қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп
жақсылық табамыз. Туған халқы туралы мұндай озық ойда болу Ыбырайдың
демократтық көзқарастарының негізі болды және оның сеніммен жұмыс
жүргізуіне көмектесті.
Сонымен бірге Ыбырай мектептен тек шенқұмар әкімдер дайындауды күткен
топтың қылығына қарсы күреске де қатысады. Ел ішіндегі теңсіздік,
қанаушылықпен байланысты сорақылықтарды сынайды. Езілуші бұқараның мүддесін
қорғайды.
Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын,— деп жазды ол
1864 жылы Ильминскийге.— Олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар.
Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін. Қазақ арасындағы
қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды —
қарсылық көрсете алмай, қасқырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды
— адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды
көргенде... өте қатты күйінемін. ...Осы елдің күшті жемқорларының бірі
олардың істеп жүрген істерін менің жаратпайтынымды біліп қалды... Сондықтан
ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр.
Осы негізде Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары түйісті.
Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу
үшін ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұқты. Бар
күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсады.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыстың
ағартушылық жүйесін, орыс агартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға
еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлады.
Қазақ хрестоматиясы.
Оқулық жасау жұмысына Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен
тәрбие берудің ең негізгі шараларының бірі деп қарады.
Оқудағы мақсат — ел билейтін әкім болу деп ұғатын өзінің феодал
замандастарына қарама-қарсы, Ыбырай жастардың білімді адам болғандағы
мақсат, міндеттері өз халқының бір керегіне асу, онын, прогресс жолымен
ілгеріленуіне жетекшілік жасау, мәдениет жағынан басқалардан бірнеше ғасыр
кейін қалган өз елін тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді
ашып-жұмғанша жылдам хабар алдыратын елдердің қатарына жеткізу деп білді.
Келешекке сенімі мол Ыбырай арманын өзі орындай алмаса, жастар орындайды
деп сенді. Өмір көркі, болашақтың иесі — жастар деп ұқты. Сойтіп, өзін
қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
Өнер — жігіт көркі,
Ескермедік мақалды.
деп,
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен, достарым,
Сіздерге бердім батамды!- дейді.
Бұл өлеңдердегі екі түрлі жағдайды — жақсы мен жаманды, білімділік пен
надандықты — салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға өмірдің жағымды,
жағымсыз жақтары жайлы әсер қалдыру мақсатында алынған. Жаманның жамандығы
әрқашан жақсымен қатар тұрғанда ғана көрінеді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі
оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Өлеңнің екеуі де
халық жырларының өлең өлшеміне негізделген. Оның көп тіркестерінің мақал-
мәтелге айналып кетуі де осыдан.
Еңбекші халықтың үстем тапқа деген ызасын бейнелеуде Ыбырайдың Залым
төреге, Азған елдің хандары, Азған елдің билері, Азған елдің
байлары, Азған елдің қожасы, Азған елдің молдасы атты өлеңдерінің
едәуір идеялық-көркемдік маңызы бар. Бұларда ақын ел ішіндегі әлеуметтік
теңсіздік мәселелеріне көңіл боліп, сол теңсіздікті тудырып отырған билеу-
шілерді, олардың мінез-құлқын, іс-әрекетін сынға алады. Залым
төреге—әділетсіздік көрген төменгі тап өкілінің монологы түрінде жазылған.
Ол төре алдында өзі көрген зәбірді айтады. Бірақ кейіпкер әрекетінде
торығу, түңілу жоқ, алдағы күнге үмітпен қарайтын оптимизм бар. Сондықтан
да ол:
Оразаның түбіне мақсым жетер,
Азған елдің түбіне тақсыр жетер.
Әділдіктен хан тайса, наным кетер,
Жылай-жылай жарлының малы кетер.
Ай, тақсыр, бұл дүние өтер-кетер,
Мал иесі артыңнан қуып жетер.
Жарлылар да бір табар әділ қазы
Таразылы күн болса, арыз етер, - дейді.
Соңғы өлеңдерін Ыбырай хандарды, билерді, байларды, қожа-молданы
мінездеуге құрады. Олардың өзінен төмендерге жасайтын әділетсіздігін
(Жарлыдан алып байларға сыйлап берсе керекті), парақорлыгын (Қорадағы
малыңа төре берсе керекті), сараңдығын (Бермек түгіл бейшараны масқара
қылса керекті), алдампаз, екі жүзділігін (Аса бауыр қылмаңыз, оның рас
емес молдасы) суреттейді.
Бұл өлеңдер — Ыбырай демократтық козқарасының айқын көрінісі. Ел
ішінде бай мен кедейлердің қақтығысын яғни көрген және өзі де ел
билеушілерден зәбір керген ақын таптық қайшылықтың сырын да дұрыс түсінеді.
Ыбырайдың Таулардан өзен ағьш сарқыраған, Өзен, Жаз деген
өлеңдері табиғат көрінісгерін суреттеуге арналған.
Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайга дейінгі
қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу
көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін
патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі
болатын. ЬІбырай өлеңдері — ақынның сол озық әдебиет дәстүрінде қазақ
табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты,
Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі талабы. Екі өлеңде де
Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, халық өмірінің тіршілігімен
байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын,
табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін
бейнелейді.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсе ашылады.
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннон рақат тауып басылады.
Мұнда тау өзенінің табиғи күшін суреттеу арқылы ақын өз сезімінің
асқақ көрінісін де таныта алған. Бүкіл тіршіліктің өзеннен рақат тауып
жатқанын айту да өзеннің қогам өміріндегі орнын аңдатады.
Жаз өлеңінде көктемгі табиғаттың әп-әсем суреттері бар. Ұшпақтың
күн сәулесі жерге түсіп, Аспаннан рақымменен күн төнгенде, Ұйқыдан
көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі, Кеш болса, күн
қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып, т. б. суреттер мен
образдар Ыбырайдың табиғат көріністерін бейнелеудегі әдістерін танытады.
Ақыл бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста береді.
Өлеңнің лирикалық жағы қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, сезіне, толқу,
мінез-құлыққа баулуды көздеді. Діни мектептерде оқытылып жүрген, татар,
араб, парсы кітаптарының бәрі адам баласын дұрыс ойлаудан шатастырып, кері
кетіретінін айта отырып, Ыбырай балаларды Ондай ықпалдан құтқару үшін...
мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын
кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керектігін көтерді.
Сөйтіп, 1876 жылдан бастап Қазақ хрестоматиясын жазуға кірісті.
Қазақ хрестоматиясы 1879 жылы Орынборда басылды. Бұл кітапты
құрастырғанда мен,— деп жазды ЬІбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, —
біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз
кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу
кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап
бола алу жағын көздедім. Сол мақсатпен Ыбырай Қазақ хрестоматиясын
балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.
Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып
еркін аударды. Сонымен бірге кітапқа қазақтың халық әдебиетінің кейбір
үлгілерін іріктеп кіргізді. Қазақ хрестоматиясы арқылы жеткен Ыбырайдың
бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды өзінің агартушылық идеясына
бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін,
сөйтіп, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.
Сонымен бірге Ыбырай әдебиетті қоғамдық құбылыс есебінде бағалай
білді. Ол шыгармаларын өмірдің өзекті мәселелерін суреттеуге арнады. Жеке
оқиғалар мен фактілерге өз ойы тұрғысынан баға беріп, оны жас ұрпаққа үлгі
ретінде ұсынды. Мұның өзі Ыбырайдың қоғам өміріндегі әдебиеттің қызметін
бағалауда орыстың демократтық әдебиетінің басты қағидаларын негіз етіп
ұстай білгенін танытады. Ескі діни ақындардың халық ой-пікірінен тыс,
қиялдан туған уағыздарынан ол бойын аулақ ұстады.
Қазаң хрестоматиясын Ыбырай орыс алфавиті негізінде жариялады. Бұл —
оның қазақ сөзін бұзып жазатын және бұрып оқытатын діни араб әрпінен
балаларды құтқаруға жасаған алғашқы талабы еді. Орыс әрпін қолданумен
байланысты қазақ тілі орынсыз кірген араб, татар сөздерінен тазарады. Орыс
әрпін қолданғанда ғана қазақ кітаптарыи дұрыс жазылатын болады,— деп жазды
Ыбырай. Сойтіп, ол қазақ тілін орыс графикасына көшіруді бірінші рет
ұсынды. Орыс алфавиті орыстың тілі мен білімін балаларға үйретуде көп
жеңілдік туғызады деп санады.
Кел, балалар, оқылық!
Бүкіл өмірін ағарту ісіне арнаған Ыбырай Қазақ хрестоматиясына
кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын кең көтерді. Сөйтіп, ел арасына
кең жайылып, жатталып кететін шығарма арқылы әсер етуді көздеді. Оның Кел,
балалар, оқылық!, Өнер-білім бар жұрттар өлеңдері осындай мақсатта туды.
Кел, балалар, оқылық өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақыру үлгісінде
жазылған.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Өлеңнің әр шумағын оқудың пайдасын әр жақты түсіндіруге құра отырып,
ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Мал, дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге көп болар.
Ещ жұтамақ жоқ болар.
Сөйтіп, ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші
жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым-
білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа
соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық — білім екендігін айта
келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету
керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып,
жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу қажеттігін көрсетеді.
Ыбырай Өнер-білім бар жұрттар атты өлеңінде оқу, білім алудағы
мақсат неде екенін кеңінен аша түседі. Өлеңнің негізгі идеясы — қараңғы
қазақ қауымына озық, мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсету.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша
Жылдам хабар алғызды – деп халқына жырлау, құбылысқа өзінің көзқарасын
көрсету десек, мал баққан елдің қыстан қысыла келіп жазга жеткендегі
тынысының кеңуі, қуаныш-шаттықтары шындық түрде нанымды суреттеледі.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен балалық шағы
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Тамақ атаулары
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Ыбырай Алтынсарин публицист жазушы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
Пәндер