Байжігіт



Байжігіт (XVI-XVII ғғ.) қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез даратуға ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күшілердің бірі.
Ұлттық төлтума (самобытный) өнері ешқашан сол ұлттық дара этникалық болмысын бұрын қалыптаспайды. Төлтума өнерді ұлттық тарихи қалыптасу үрдісінен арғы кезеңнен іздеу, бейнелеп айтқанда, әкесінен бұрын баласы туады дегендей әбестік. Сонымен бірге, ұлт та, оның рухани болмысы да бір күнде, бір жылда, тіптен бір ұрпақ өмірінің аясында қалыптасып үлгермейді. Этностың тек-тамыры әлденеше ғасырларды көктей өтіп, тарихтың шыңырау құрсағынан нобай танытады. Сол этникалық нобай мен этникалық төлтұмалықтың арасында кейде ондаған ғасырлар кесіліп жатады.
Бүгінгі ғылыми таным қазақ халқының этникалық нобайын біздің жыл санауыздан арғы кезеңдердегі скиф, сақ, ғұн заманынан шырамытып жүр. Тіптен, осыдан 12 мың жыл бұрын Азиядан кеткен үндістердің тілімен бігінгі қазақ тілінің арасындағы бұлтартпас сәйкестікті көргенде, немесе, осыдан 47 ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Ғылғамыш заманындағы өмір салттан, дүние танымнан, аңыз әңгімеден, тіптен, тілінен түркі халықтарынан болымысына үндес жәйттарды аңғарғанда тіршілік шіркіннің алды-артының шексіздігі басынды айналдығандай болады.
Соған қарамастан ақиқат алдында бас иеміз.Қазақ халқының, Өзге де түркі тілдес халықтар сияқты, этникалық болмысының даралық тұлға таныту үрдісі, орта ғасырдан бергі кезеңге жатады. Түркі қағанатының (VI-VIII) Тәңір тектес қағандары Еуразияның Ұлы даласын ендей жайлаған
Қағанаттың шаңырағын құлатып алған соң-ақ түркілік тұтастық тарихтын еншісіне айнал бастады. Оның орнына тарих төсінде бүгінгі түркі тілдес ұлттардың «іңгәлаған» дауысы естіле бастады. ОНың орнына тарих төсінде бүгінгі түркі тілдес ұлттардың даралауының басы еді. Рас, біржола дараланып,

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
БАЙЖІГІТ

Байжігіт (XVI-XVII ғғ.) қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез даратуға
ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата
орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күшілердің бірі.
Ұлттық төлтума (самобытный) өнері ешқашан сол ұлттық дара этникалық
болмысын бұрын қалыптаспайды. Төлтума өнерді ұлттық тарихи қалыптасу
үрдісінен арғы кезеңнен іздеу, бейнелеп айтқанда, әкесінен бұрын баласы
туады дегендей әбестік. Сонымен бірге, ұлт та, оның рухани болмысы да бір
күнде, бір жылда, тіптен бір ұрпақ өмірінің аясында қалыптасып үлгермейді.
Этностың тек-тамыры әлденеше ғасырларды көктей өтіп, тарихтың шыңырау
құрсағынан нобай танытады. Сол этникалық нобай мен этникалық төлтұмалықтың
арасында кейде ондаған ғасырлар кесіліп жатады.
Бүгінгі ғылыми таным қазақ халқының этникалық нобайын біздің жыл
санауыздан арғы кезеңдердегі скиф, сақ, ғұн заманынан шырамытып жүр.
Тіптен, осыдан 12 мың жыл бұрын Азиядан кеткен үндістердің тілімен бігінгі
қазақ тілінің арасындағы бұлтартпас сәйкестікті көргенде, немесе, осыдан 47
ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Ғылғамыш заманындағы өмір салттан, дүние танымнан,
аңыз әңгімеден, тіптен, тілінен түркі халықтарынан болымысына үндес
жәйттарды аңғарғанда тіршілік шіркіннің алды-артының шексіздігі басынды
айналдығандай болады.
Соған қарамастан ақиқат алдында бас иеміз.Қазақ халқының, Өзге де
түркі тілдес халықтар сияқты, этникалық болмысының даралық тұлға таныту
үрдісі, орта ғасырдан бергі кезеңге жатады. Түркі қағанатының (VI-VIII)
Тәңір тектес қағандары Еуразияның Ұлы даласын ендей жайлаған
Қағанаттың шаңырағын құлатып алған соң-ақ түркілік тұтастық тарихтын
еншісіне айнал бастады. Оның орнына тарих төсінде бүгінгі түркі тілдес
ұлттардың іңгәлаған дауысы естіле бастады. ОНың орнына тарих төсінде
бүгінгі түркі тілдес ұлттардың даралауының басы еді. Рас, біржола
дараланып, этникалық төлтумалықты орнықтыру оңай емес. Бұрыңғы түркілік
тұтастық, түркілік тектестік өмірдің барлық саласында тарихи екпінін
оңайлықпен тоқтатпағаны аңғарамыз. Оның мысалы мың сан. Басқасын былай
қойғанда күні бүгінге дейін иісі түркі тілдес халықтардың аудармашысыз
түсінісуі осынау тарихи заңдылықтың ең басты айғағы болуға тиісті. Бір
ғана қазақ пен башқұрт халықтарының арасында отыздан астам ортақ эпос бар.
Рулар мен тайпалық атаулардың түркі тілдес халықтардың арасындағы
ортақтығын санап тауысу қиын. Э.К.Пекарскийдің Якут тілінің сөздігі атты
тамаша кітабында сахалар (Якуттар) өздерін Арғыннан, Мейрамсопыдан тарады.
Қазақ арасында күні бүгінге дейін жатқа айтылатын Мұңлық-Зарлық жырының
атымен аталатын екі биік шың Байкал маңында тұр. Ал, Еуропаның төріндегі
мадьярлардың (венгрлердің) этникалық атауы қазақ арасында әлі күнге бір
рудың атауы болып жүр. Ұлттардың этникалық тектестігіне, әсіресе, тарихи
тұлғалар жарқын айғақ. Мәселен, Қорқыт есімін қазақ, түрікмен, әзірбайжан,
түрік сияқты ұлттар бірдей кие тұтады.Одан бергі Кетбұға есімі де қазақ,
қырғыз, қарақалпақ арасында зор құрметпен аталады.
Этнос өзінің рухани даралығын орнықтырған сайын тарихи тұлғалардың да
бірнеше ұлтқа ортақтастығы сирей ббереді. Мәселен,соңғы ғасырларға ой
жіберсек, қазақ пен қарақалпаққа ортақ Асанқайғыны және қазақ, башқұрт,
татар ұлттарына ортақ Ақмолда ақынды еске алуға болады. Демек, этникалық
даралық міндетті түрде рухани даралық шендес орнығады деп тұжырым жасауға
болады.
Міне, бұл ойдың орайында, Байжігіт күйшіні қазақтың ұлттық музыкалық
тілінің орнығуына ықпал етушілердің біреуі деуімізде, осындай тарихи қисын
бар. Байжігіттен бері қарайғы күй мұрасы көршілес ұлттармен ортақтаспайды
десе де болады. Яғни XVI ғасырдан бері қарай күй өз алдына ұлттық музыкалық
дербес жанр ретінде біржола орнықты деп айта аламыз.Тек күй емес, ұлт дара
этникалық тұлға танытқансоң, оның басқа да рухани өрістері төлтума
қасиетімен жарқырап көріне бастайды. Мұның тамаша мысалдары, әсіресе, ақын-
жыраулардың шығармашылығына, әндерден, қол өнерінен , өнер деңгейіндегі
салт-дәстүрден айқын аңғарылады. Ұрпақтардың ғұмыр жолын бармақ бүгіп санап
отыратын шежірешілердің айтуы бойынша Байжігіт 1489 жылы Өр Алтайда дүниеге
келген. Шежіре жөнімен тартсақ, қазақтың Орта жүзі-Арғын, Найман, Қоңырат,
Қыпшақ, Керей, Уақ болып алты арыс елді құрағанда, Соның Керейінен-Абақ
және соның бір атасы Жастабан ұрпақтарынан күйші Бажігіт туады. Ата санын
қуып келгенде Байжігіттің өмір сүрген заманы XVI-XVII Ғасырға сәйкес
келеді.
Қазақ халқы үшін, оның ішінде Керейлер үшін XVI-XVII ғасыр
нендей сыбаға бұйырып еді? Керейлердің ел болып, төңірегімен терезесін тең
ұстаған кезі Шығғыс ханның алдыңғы заман, этнограф Н.Н. Харузиннің

(1865-1900) дерегі бойынша, Х ғасырда Керейлердің саны миллионға жуықтаған.
Бүкіл Еуропаға Иоани поп деген атпен танылған Керей Тұғырыл (қытайлар-Ван-
Хан, қазақтар Оң хан деген) әйгілі Шыңғыс ханның әкесі есукаймен анда
болған. Бірақ, бұл дәурен ұзаққа бармағаны белгілі. Шыңғыс хан өзірің епті
саясатының арқасында-Найман ханы Байбұқа мен Керей ханы Тұғырылды
түйістіріп, асығын алшысынан түсіреді. Тұғырыл мертік болады. Осыдан кейін-
ақ Керейлердің іргесі сетінеп, бұрынғы жұртынан қозғалып, жан-жаққа шашырай
тарайды. Ең үлкенбөлігі Арғындармен жапсар болады. Қазіргі Кіші жүз
құрамындағы Керейттер сол кезде келіп қосылған Керейлердің бір бұтағы.
Шыңғыс хан зардабынан кейін Керейлердің үлкен жоғары Лепсі өңіріне
қоныстанған болатын. Алайда, 1420-1430 жылдардағы Жоңғарлардың қыспағы
Керейлерді бұл қонысқа да түрақтатпайды. М. Тынышбаевтың айтуында, Ақ
орданың ханы Барақ 1420 жылы Ташкент пен Ходжентке шабуыл жасағанда әскер
құрамында Керейлердің болғанын айтады. Керейлердің тұс –тұсқа шашырауы
аңыз әңгімелерден де аңғарылады, -дейді М.Тынышбаев, - он екі ата Абақ
Керейдің атасы осынау жаугершілікте өлсе керек,қазіргі рулар қалған
алтауынан тараған.
Міне, Байжігіт күйшінің дүниеге келген кезі ел-жұрттың жаңа қонысқа
ірге бекітке қоймаған шағы болса керек. Бес жасында ата-анадан тұлдыр жетім
қалған Байжігіт өмірдің қиындығын белшесінен кеше жүріп, халық басындағы
ауыртпалықты көкірегіне тоқып өседі. Бұл жолды жұбаныш тауып, шер тарқатары
да, халық қасіретіне араша түсері де домбырасы болғанға ұқсайды. Байжігіт
өмірдің кез келген құбылысын күй тіліне түсіре алған. Ол өзінің қуаныш-
қайғысын, арман-мұңын күй тілінде жеткізіп отырған.
Осы қасиеті жөнінде ел аузында мындай әңгіме бар. Құдайберді ұлы
Жауқашар 1503 жылы ойрат қызы Еңке сұлуға үйленіп, ұлан асыр той жасайды.
Тойда ат бәйгесі, балуан күрестіру, көкпар тарту, қыз қуу, мүше алып
қашу,теңге ілу,жамбы ату, әнші-ақындарды өрелестіру сияқты бәсеке-жарысы
мол ойын түрлері болады. Сол ойын түрлерінің басталуын да, аяқталуын да 14
жасар Байжігіт күймен көмкеріп отырып еді дейді. Осы жолы Байжігіттің
тартқан күйлерінің саны 300-ге жетіп, Жауқашар мен Еңке сұлудың тойындағы
барша қызықты көріністі домбыраның шанағына сыйғызғандай болса керек. Сонда
тойға басалқылық көрсетіп жүрген Көшекдағай ақсақал:Көзім салсам
баласың,құлағым салсам данасың, сондықтан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
Күй
Дәстүрлі күйшілік өнер
КҮЙ ӨНЕРІ - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Қаракерей Қабанбай өмірбаяны
КөшIм хан мен Сүзге сұлу
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Пәндер