Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми.теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны ... ... ... ...10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Тәжірибелік.эксперимент жұмысының нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері

1. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың
тәрбиелік
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі

2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...48

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа
танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең
мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты
сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман
тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.
Білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі - өскелең ұрпақтың
шығармашылық қабілетін, ойын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында [1] “Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, -
деп аталған. Сондай-ақ, “Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интелектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің
жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының
тарихын әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу”, [1] - деп атап көрсетілген.
Олай болса, өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты мәдениетті тұлға
етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан
жеделдетілген экономикалық-әлеуметтік және саяси жаңару жолында деген
халыққа жолдауында [2] бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылу
үшін білім беру жүйесінің 12-жылдыққа көшу керектігін атап көрсетті оның
негізгі мақсаттарының бірі жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастыратын, өзін-
өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, шығармашылық пен
еңбек ететін, қоғамдық, нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық
іске асыра алатын, функционалды азамат тәрбиелеуді көздейді.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды
өзгерістердің сатысында тұр. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық таулының
барлығы бейімділікті, ептілікті, қызу белсенділікті қажет етеді.
Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты
адамгершілікке тәрбиелеу екені айқын.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың адамгершілікке тәрбиелеуді ең алдымен
отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса,
екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады.
Яғни, адамгершілікке тәрбиелеуді бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың
маңызы зор. Оның себебі, бастауыш сатыдағы кезең – бала дамуының ұйытқысы,
іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Бастауыш
мектеп – орта мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы.
Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным
мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге
бағдарлануы – табиғи нәрсе.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының қуатты жүретін ерекше
құнды қайталанбас кезеңі болғандықтан, оқушылардың шығармашылық негіздері
мен еңбек әрекетіне деген дайындық қалыптаса бастайды.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуді көркем
шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.
Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін көптеген философ, психолог, педагог
ғалымдар әр қырынан зерттеп, негіздегені айқындалды.
Көркем шығарманың тәрбиелік мәнін, білімдік маңызын орта ғасыр
ойшылдары: Қорқыт [3], Әл-Фараби [4], алдыңғы қатарлы ағартушылар
Ш.Уәлиханов [5], А.Құнанбаев [6], Ы.Алтынсарин [7] жан-жақты қарастырып,
өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған.
Ы.Алтынсарин шығармалары өсіп келе жатқан жас ұрпақты ерлікке баулып,
ар-намысын, адамгершілік үшін күресуге тәрбиелеп, қайрат, ақыл, жүректілік
сияқты адам бойындағы қасиеттерді қалыптастырады [14].
Белгілі қазақ ойшылдары А.Байтұрсынов [8], М.Дулатов [9], Ж.Аймауытов
[10], М.Жұмабаев [11], Ш.Құдайбердиев [12] т.б. өз еңбектерінде ұлтымыздың
салт-дәстүрлеріне, оның ішінде отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше
мән беріп, көркем шағармалар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу туралы
құнды пікірлер айтып көрсеткен.
Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде,
оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша
Қазақстандық ғалымдар: Қ.Жарықбаев [13], С.Қалиев [14], С.Ұзақбаева [15],
Ж.Наурызбай [16], К.Қожахметова [17] т.б. ерекше үлес қосты.
Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-
мазмұнын зерттеген В.Г.Афанасьев [18], Л.П.Буева [19], В.В.Журавлев [20],
В.А.Медведев [21], Г.Л.Смирнов [22], А.Г.Спиркин [23], Г.Н.Федосеев [24]
т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде адамгершілікке тәрбиелеу туралы құнды
пікірлер айтылған.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен олардың
даму заңдылықтарын зерттеген ғалымдар А.А.Давыдов [25], Н.В.Занков [26],
А.Н.Леонтьев [27], В.С.Мухина [28], С.Рубинштейн [29], А.Люблинская [30]
т.б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т.Тәжібаев [31],
М.Мұқанов [32], Қ.Жарықбаев [33], Ә.Алдамұратов [34], Х.Шерьязданова [35]
т.б. қарастырған.
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан
зерттеген Қазақстандық педагог-ғалымдарымыз: Т.Сабыров [36], Қ.Бержанов
[37], С.Мусин [38], А.Сембаев [39], Ж.Б.Қоянбаев [40], Р.М.Қоянбаев [41],
Е.Сағындықов [42], М.Жанпейісова [43] т.б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог
ғалымдары: В.F.Сухомлинский [44], И.С.Марьенко [45], Е.И.Моносзон [46],
Ю.К.Бабанский [47], И.Ф.Харламов [48], И.П.Подласый [49], П.И.Пидкасистый
[50], Б.Лихачев [51], Сластенин [52], Столеренко [53], Т.А.Ильина [54],
Н.В.Савин [55] т.б. еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырылған.
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі Ж.Г.Кондзе, Н.А.Асипова
және А.Э.Измайлов, А.Ф.Фаткуллина, Л.Я.Градулис және т.б. ғалымдардың
зерттеу пәні болған. Олардың ішінде Ж.Г.Кондзе мен И.И.Насыров еңбектерінде
халық және ерлік дәстүрлері негізінде тәрбиелеудің жолдары ретінде
қарастырады.
Қазақстан Республикасы көлемінде К.Құнантаева, К.Н.Меңлібаев,
В.Г.Храпченков, Қ.К.Жампеисова, А.Р.Жұмаханов, С.Ешімханов, С.Т.Иманбаева,
С.Б.Омарова, Н.И.Қойшыбаева, Ж.А.Макатова, Д.С.Құсайынова, А.К.Кеңесбаева,
А.К.Қалимолдаеват.б. адамгершілік тәрбиесіне байланысты елеулі зерттеулер
жүргізді.
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы жетік білуі, оларды
адамгершілікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Бірақ бастауыш сынып оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеуді Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы жүзеге асырудың
ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай
келе жатқан мәселелердің бірі.
Солай бола тұра Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері
мен оларды бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі
жағдайы арасында; бүгінгі қоғам талабына сай адамгершілікке тәрбиелеудің
өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген
әдістеменің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми зерттеу
жұмысымыздың мәселесі Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып
оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және әдістемелік
жолдарын қарастыру болып табылады.
Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік
тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын
Ы.Алтынсарин шығармалыры арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және
әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: Егер:
- Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес адамгершілік тәрбиесін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
қалыптастырса;
- Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру оқу-әдістемелік кешендер мен
қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін
жоғары деңгейде қалыптастыруға негіз болар еді
Зерттеудің міндеттері:
- Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін
айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруда Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
Зертеудің әдістемелік және теориялық негіздері:
Адамгершілік, адамгершілік тәрбиесі туралы философиялық, психологиялық,
педагогикалық теориялар мен адамгершілік тәрбие теориясы негізге алынады.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, халық педагогикасының
мұраларын зерттеу, оқулықтарды, бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
талдау, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісін бақылау, алдыңғы қатарлы озық
іс-тәжірибелерді жинақтау, зерттеу, сауалнама жүргізу, диагностикалау,
педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды
математикалық статистикалық жағынан өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін
айқындалды;
- бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруда Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;
- Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдері
өз іс тәжірибелерінде оқу үрдісінде қолдануға болады;
- зерттеу материалдарын жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу
орындарында, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде,
педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру институтында
пайдалануға болады.
Зерттеудің базасы: Алматы қаласының №140 мектеп-гимназиясы.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні,
болжамы, міндеттері айтылады. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің
ерекшеліктері ашылып, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері,
зерттеу базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні
сипатталып, диплом жұмысының құрылымы қамтылған.
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері атты
бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып,
негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Бастауыш
сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы ретінде Ы.Алтынсарин
шығармаларының мазмұны, мәні қарастырылды. Ы.Алтынсарин шығармаларына
теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі атты екінші бөлімінде
Ы.Алтынсарин шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-
тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бойынша
жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.
Қорытындыда теориялық және тәжіриелік-педагогикалық зерттеулердің
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар нақты
түрде көрсетілді.

1. Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың
тәрбиелік мазмұны

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпақты
адамгершілікке баули отырып, жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-
бабамыздың ерлік өнегісімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды әрине, бұл
мақсатқа жету барысында біздер болашақ педагог-ұстаздар халықтық төл
ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды бала тәрбиесінде алатын рөлін
айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда
білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.
Жалпы адамзаттық құндылықтар мәселесі көне заманда да, қазіргі кезенде
де философ, педагог, психолог және тарихшы мамандардың щүғылданып келе
жатқан мәселелерінің бірі.
Жалпы құндылықтар мәселесіне арналған зерттеулер нысаны - құндылықтың
мөні мен табиғаты, олардың генезисі мен топтамасы, адам мен қоғам
өміріндегі орны мен рөлі, құндылықтар иерархиясы, қүндылықтар әлеміндегі
бағдарлар сияқты сұрақтар болып табылады.
Қазіргі күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің алар
орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс қүбылыстарының
қүндылықтарынсыз өлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де,
өмірінің де мәні болмайды.
Құндылық дегеніміз не? Ол адамның мінез-қүлқында, тарихта, әртүрлі
мөдениетте қалай көрініс табады? Құндылықтардың қазіргі заманғы
философиялық түсініктемесі қандай? Құндылықтар дегеніміз ешқашан
өзгермейтін идеялар мен принциптер ме, әлде табиғат пен қоғамның
объективтік қүбылыстары ма? деп, зерттеу мәселемізге байланысты көптеген
ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерге талдау
жасау барысында құндылық, адамгершілік құндылық, жалпы адамзаттық
құндылық ұғымдарына берілген әр түрлі анықтамалардың бар екендігіне
көзіміз жетті. Олар алуан түрлі және тіпті бірін-бірі жоққа шығаратындары
да бар. Әртүрлі авторлардың еңбектері біртүтас зерттеу мәселесін
қүрмайды. Бұл құндылық ұғымының әртүрлі мағына беруінен туындап отыр
(белгілі бір объектінің құны бар немесе белгілі бір объект құндылық болып
табылады).
Объектілерді немесе заттарды қүндылықтар деп есептеу тағы бір
мәселеге әкеліп тірейді: қүндылық дегеніміз - субъект үшін ерекше мөні
бар немесе оның қажеттіліктерін қанағаттандыратын нақты бір заттар ма,
өлде қүндылық деп ерекиіе бір абстрактілі мәнге ие заттарды айтамыз ба?
Мәселен, Р. Вильямс құндылықтарды мақсат-құндылық (терминальды),
құрал-құндылық (инструментальды) болатындықтан оларға бағынышты құндылықтар
болады деген пікірді білдірді де, мақсат құндылыққа - Ақиқатты, Еркіндікті,
Әсемдікті, Әділдікті, Жақсылықты жатқызады. Ал қүрал-қүндылықтарға -
Әлеуметтік, Саяси, Экономикалық құбылыстарды жатқызады. Бұлардың барлығы
қоғамдық тарихи үрдістің жалпы адамзаттық құндылық кеңістігіндегі алдына
қойған мәселелермен байланысты құндылықтар болып табылады — дейді [64].
Осы терминальды құндылықтардың ішінде интраперсональді, яғни адамның
жеке басына байланысты (жанды құтқару, өмір мөні т.б.) және интерпер
соналды, яғни өртүрлі топтарға бағытталған (өділдік, бауырмалдық т.б.)
салалар бар. Біздің ойымызша осы терминальді құндылықтардың жүйесі
негізінен қоғамдағы адамгершілік құндылықтар жүйесін қүрайды.
Әрине, инструментальды құндылықтарсыз жалпы құндылықтар жүйесі
қалыптаспайды.
Өйткені, олар нақты тарихи жағдайдағы ерекшеліктерге байланысты
қалыптасқан мөселелерді қамтиды. Инструментальды құндылықтардың негізін
моральдық құндылықтар құрайды және олар қоғамда реттеуші, тәрбиелеуші
функцияларды атқарады. Міне, біз осы жоғарыдағы пайымдаулардан құндылықтар
жүйесінің әртүрлі элементтері болып есептелетін жеке, топтық, қауымдастық,
ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар иерархиясы бар екенін айқындаймыз.
Демек, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе - өмір. Өмір - адам
тіршілігінің негізі, онсыз адамның өзі де, өмірдің мәні туралы ойлары да іс-
өрекеті де, қуаныш-қайгысы да жоқ.
В. Франкл өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани объект жөне ол
мақсатпен, қүндылықпен байланыста болады деп түсіндіреді. Өмір мәнін
түсіну әртүрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін,
сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс, өйтпесе оған сырттан
келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы
жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үпгін табиғи құбылыс болып
саналады[65; 18].
Осыған орай халықтың өз дінін білу керек екендігін түсіне білген Ыбырай
қазақ балаларын мүсылман дінінің шын мәнімен таныстыратын Шариат-үл Ислам
деген атпен діни оқулық жазып, 1884 жылы Қазан қаласында жарыққа шығарды.
Ислам дінінің негізгі қағидаларын қазақ тілінде баяндайтын бүл кітап туралы
пікірлер әртүрлі. Бұл мәселенің мәні жөнінде біздің ойымызды білдірсек,
біріншіден, сол кезде орыс патшалығының мектептерінде дін сабағы міндетті
түрде оқытылатын.
Сондықтан да ерте ме, кеш пе бұл пән қазақ даласында ашылған
мектептерге де жетер еді жөне ол христиан дінін уағыздаушы пән болуы өбден
мүмкін еді. Осы қүбылыстың алдын ала білген Ыбырай қазақ мектептерінде
мұсылман дінінің негіздерін оқытуды енгізді. Оқулық қазақ балаларына
түсінікті қазақ тілінде жазылды.
Екіншіден, Ы.Алтынсарин мұсылман дінінің адамды адамгершілікке
шақыратын тұстарына ерекше назар аударып, адам өмірінің мәні ғылым-білімге,
адамдыққа үмтылу, адамгершілікте өмір сүру, сол арқылы халқына пайдалы болу
деп түсініп, ғүлама үстаз діни оқулықты да осы қағиданы үғындыруға
пайдаланды.
Ағартушының пайымдауынша, өмір өтпелі, дүниеде мәңгілік ешкім де, ештеңе
де жоқ. Адам бүл дүниеге аз уақытқа келген қонақ қана, бай мен жарлы, қүл
мен патша, үлкен мен кіші де қүдай алдывда бірдей, бөрі де бір күні бүл
дүниеден өтеді. Әрбір адам алдымен осы ақиқатты үғынғаны жөн. Олай болса,
аз ғана ғүмырды
жақсы мен жаманды айырып, таза пиғылмен қайырымды істер істеп, бір-біріне
мейірімді болып, жақсылықпен өмір сүрген жөн.
Жамандық істеген залал илігетін қүдай емес, адамның өзі, жақсылықтың,
ғылым-білімнің, таза мінездің пайдасын көретін де адам емес пе? Алла-тағала
адамды жаратқанмен, жақсы мен жаманды таңдау адамның өз еркіне берілген,
сондықтан дұрыс өмір сүру -адамның өз қолында.
Біз тұлға бойында құндылықты бағдарлардың қалыптасу деңгейін А.Г. Харчев
ұсынған деңгейлер негізінде анықталады:
• Құндылықты бағдарлар- тұлғаның рухани келбетінің барлық жақтарын және
оның тіршілік әрекетін қамтитын біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан
деңгей;
• Құндылықты бағдарлар- өз бағыты бойынша тұлғаның сана өлшемдеріне
сәйкес, бірақ адам тек өзі үшін ең маңызды деп тапқан рухани мақсат
өлшемдерін ғана меңгерген деңгей;
• Құндылықты бағдарлар- жүйесі жеткіліксіз меңгеріліп, адамның көптеген
іс-әрекеті мақсатсыз істелетін деңгей;
• Құндылықтар ес, ақыл арқылы сөз жүзінде ғана меңгерілген, бірақ
практикалық әрекетте байқалмайтын даңгей;
• Құндылық бағдарлардың тұрлаулы жүйесі жоқ, мінез-құлық негізінен бір
сәтті импульстер және ниеттермен реттелетін деңгей.
Аталған деңгейлерге топтау үшін оқушының рухани тұлғасын төмендегідей
көрсеткіштермен, өлшемдермен анықтауға болады:
- танымдық өлшем- оқушылардың рухани құндылықтарды игеру деңгейі;
- эмоциональды-құндылықты- оқушылардың құндылықты меңгерудегі
мотивациясы, рухани құндылыққа қатынасы, дүниетанымдық көзқарастары,
ұстанымдары қызығушылығы, пікірі, адамгершілігінің болуы;
- тәлім-тәртіп- оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттегі белсенділік деңгейі:
тәртібі, қарым-қатынасы, еңбек, оқу, сөйлеу мәдениеті, алған білімді
практикада қолдану- дейді.
Ал, рухани құндылық мәселесі жөнінде Қ.Қ. Шакаримова Рухани дамыған,
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі құндылық бағдардың маңызы деген
мақаласында рухани құндылық ұғымын алты бағытқа бөледі.
- Танымдық бағыт- ( таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой
мәдениеті, шығармашылық, ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі
және т.б.).
- Әлемдік бағыт –(азаматық, патриотизм, өмірлік позиция, ұжымшылдық,
адам құқықтары және т.б.).
- Салауатты өмір салты- ( экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық-
гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу,
денешынықтыру және т.б.).
- Адамгершілік бағыты- ( жеке тұлғаның құндылық қасиетері, сыйлау,
мейрімділік және т.б.).
- Ұлттық бағыт – ( салт-дәстүр, діни ғұрыптар, ұлтжандылық, жерін, елін
сүю және т.б.).
- Дүниетанымдық бағыт- ( ғылыми, білімділік, дүниені түсіну,
ойтолғаныс, және т.б.).
Отандық ізденушілердің бірі Б.Қ. Игенбаева рухани адамгершілік
құндылықтарды білім мазмұнына енгізу тәсілдері жүзеге асырудың мынадай
мүмкіндіктерін ұсынады:
1. Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың
мазмұнына енгізу;
2. Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне
ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру;
3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Мәселен В. Франкл Адам өмір мөнін іздеуде деген еңбегінде өмір мөнін
жоғалту адамның материалдық жэне өлеуметтік орнымен емес, депрессиямен,
демек, уайымдаумен, қайғырумен байланысты, деп көрсетеді. Жоғары
деңгейде дамыған қоғамда материалдық
қажеттілікті қанағаттавдыру адамға өмір мәнін сезінуге көмектеспейді.
В. Франкл өмір мөнін адам жаны үмтылатын рухани объект жөне ол
мақсатпен, қүндылықпен байланыста болады деп түсіндіреді. Өмір мәнін
түсіну әртүрлі жас кезеңінде және әртүрлі жагдайда пайда болуы мүмкін,
сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мөн беруі тиіс, өйтпесе оған сырттан
келер көмек жоқ. Өмірдің мөні жазылып, қүрастырыла салмайды, ол өмір бойы
жинақталады. Өмір мөнін іздестіру адам үпгін табиғи қүбылыс болып саналады
[65;18].
Демек, адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін қүрайды:
1. Трансдентальдық, яғни тәжірибеден, ақыл-санадан тыс қүндылық.
Оған қүдай туралы, өлем негізіндегі абсолютті принциптер,
моральды абсолют жүйесі жатады. Бұл құндылықтар адамды өлім
туралы ойлауға, оған мөн беруге әкеледі. Олар қоғамды біріктіреді,
идеологиялық жүйені құрайды, адам эмоциясына әсер етеді.
2. Әлеуметтік-мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет
тарихы, мемлекет мөдениеті, мемлекеттік шекара, аймақ,
дәстүрлер, тіл т.б. Адам Отанына, еліне, жеріне қызмет етуден
өмірдің менін тапқандай болады.
3. Жеке бас құндылығы: денсаулығы, табысы, махаббаты, достығы,
қарым-қатынасы т.б.
Жеке бас құндылығы - тарихи өзгермелі категория. Мәселен, тоталитарлық
қоғамда жеке тұлғаға қоғамдық құндылық белгіленіп беріледі, олар адамдар
тарапынан игеріледі де, жеке бас қүндылығына айналады, ал демократиялық
қоғамда жеке бас өз құндылығын ерікті түрде тандап алады, бірақ мүнда
адамдарды (басқаларды) біріктіретін құндылық күшін жояды.
Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоциональдық жағдай ретінде мақсатқа
ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген
қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік
ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен
қоса жүреді [66].
Өмірдің құндылығын түсіндіруге негізделген Ш.Уалихановтың түсінігінде
адам, оның өмірі - ең басты қүндылық, жаратылыстың ғажайып жемісі: Табиғат
пен адам, өмір мен өлім саналы үғымға тіптен түсініксіз, таңғажайып құпия
қүбылыс болып келеді. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан
ғажал, одан қүпия не бар? - деп, толғанған Шоқан адамның пайда болуы мен
дамуын табиғатпен тікелей байланысты қарастырылады. Бұл пікірін ол
шамандықтың себептерін ашуға тырысқан Тәңірі атты еңбегінде жалғастырып,
ол табиғатты адам санасынан алғашқы, объективтік реальдық, ал адам санасы
осы реальды шындықтың бейнесі деп түсіндіреді. Табиғат - адамнан жоғары
жөне мәңгілік, сондықтан адам одан әлсіз. Адамның санасында табиғатқа
табынушылықтың пайда болуы да, оның табиғат алдында бас июінің,
мойындауының дөлелі екендігі туралы Шоқан: От - өулие, киелі болып
саналады... Ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайды, қарғыс үрады...
Қара жер қайғыға қайырымсыз, аруақтардың рухы бар деп, ескі жүртты
баспайды, ескі жүртта жүруден қорқады. ... Аспандағы өр жүлдызды өр адамның
жаны деп түсінеді. Табиғат пен жаратылыстың барлық тосын құбылыстары
көрінген жерлерді қасиетті деп санайды - деп жазды. Демек, Шоқан адам
санасындағы құбылыстардың, әртүрлі сенімдердің себебін осылайша табиғаттан
іздеудің, адаммен табиғат бірлігін түсіне білудің маңызы өте зор екендігін
атап көрсетеді [67, 171].
Ш. Уалиханов сияқты Ы. Алтынсарин да адам өмірінің адамгершіліктік
мағынасын қазақтың, жалпы адамзаттың тарихи жөне шынайы мысалдары арқылы
көрсетеді. ...шариғат, мысалы, әртүрлі ғылымдарды, өнерді қай халықтан
болса да үйренудің керектігін ешбір жерде теріс демейді, - деп жақсы
дәлелдейді.
Қазақ ағартушысының бұл пікірі қазіргі заман адамын да ойландырады.
Біздің қоғамда адамгершілікті тек діннен іздеуге насихаттаушы бағыт қазіргі
кезеңнің басым бағыты болып тұрғандығын жасыру мүмкін емес. Бірақ,
адамгершілік тек діни ұғым деп түсіну қате, жеке адам адамгершілікке
қүдайдан қорыққаннан емес, саналы түрде өз еркімен, жүрегінің өмірімен
жетуі тиіс.
Осыған орай халықтың өз дінін білу керек екендігін түсіне білген Ыбырай
қазақ балаларын мүсылман дінінің шын мәнімен таныстыратын Шариат-ұл Ислам
деген атпен діни оқулық жазып, 1884 жылы Қазан қаласында жарыққа іпығарды.
Ислам дінінің негізгі қағидаларын қазақ тілінде баяндайтын бүл кітап туралы
пікірлер әртүрлі. Бүл мөселенің мәні жөнінде біздің ойымызды білдірсек,
біріншіден, сол кезде орыс патшалығының мектептерінде дін сабағы міндетті
түрде оқытылатын. Сондықтан да ерте ме, кеш пе бүл пән қазақ даласында
ашылған мектептерге де жетер еді жөне ол христиан дінін уағыздаушы пән
болуы өбден мүмкін еді. Осы құбылыстың алдын ала білген Ыбырай қазақ
мектептерінде мүсылман дінінің негіздерін оқытуды енгізді. Оқулық қазақ
балаларына түсінікті қазақ тілінде жазылды. Екіншіден, Ы.Алтынсарин
мұсылман дінінің адамды адамгершілікке шақыратын тұстарына ерекше назар
аударып, адам өмірінің мәні ғылым-білімге, адамдыққа ұмтылу, адамгершілікте
өмір сүру, сол арқылы халқына пайдалы болу деп түсініп, ғұлама ұстаз діни
оқулықты да осы қағиданы ұғындыруға пайдаланды.
Демек, Ыбырайдың бүл айтқандарының мәні өте терең. Ол адам еркінДігін
ерекше атап көрсетіп, жаманды істеп, жақсылыққа ие боламын деу мүмкін емес,
адам не ексе, соны орады, деп түжырымдайды. Сондықтан адам ең әуелі жаман
қүлықтан арылып, ойын тазартып, таза ой мен таза мінезге үйренгені жөн. Ой
мен мінезді түзету ешқашанда кеш емес, бірақ ағашты жас күнінде қисығын
түзей келсең, түзу болып өседі, һәм бір түзу болып өскен соң түзеуге де
көнбейді, сынып кетеді, — деп Ы. Алтынсарин ұстаз ретінде әрбір ата-ананың
есіне салады [67,171-172].
Қазақ педагогикасында қүндылықтың түрі мен маңызына, сыры мен сипатына
алғаш терең философиялық мән беріп, оны жан-жақты талдай білген Абайдан
асқан зор түлғаны атау қиын.
Абай қазақ ұлты үшін парасат биіктігінің, ақыл-ой толықтығының,
адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Мәселен, Абайдың адам өмірінің
мәні мен мақсатын түсіндіруде оның қара сөздерінің орны ерекше. Бұл жасқа
келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді
өткіздік: алысты, жұмысты, айтысты, тартысты, өурешілікті көре-көре келдік.
Енді жер ортасы жасқа келдік. Қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің
бәрінің баяндысын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік.
Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай
өзім де қайранмын, - деп толғанған Абай өмір туралы түйген пікірін
осылайша білдіреді. Демек, Абай мүнда басқаларға ой салудың, сол арқылы
адамды түзетудің ең дүрыс жолы ретінде санаға сөз арқылы өсер етуді
тавдайды: кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын,
керегі жоқ десе, өз сөзім езімдікі, -дейді Абай.
Сондай-ақ адамның өмірге келгендегі басты мақсатын Абай жетішпі қара
сөзінде: Дүниеге келген адамдардың бір тобы ішсем, жесем, ұйықтасам деп
тәнін күтеді, енді біреулер көрсем, білсем деп жан рахатына ұмтылады деп
зерделейді.
Абай нағыз адам болу үшін жан сүраныстарын дамытудың қажеттігін айтады.
Бұл жол - адамгершілік жолы, руханишылыққа, білімге талпыныс жолы. Рухани
байлық адамның ең жоғарғы өлшемі десек те болады. Ішсем, жесем деген төн
қүмарлығы жануарларда да бар, адам осы мақсатты ғана көздесе, оның
жануардан еш айырмашылығы жоқ.
Әрине, өсіп-жетілу үшін төн сүраныстарын да қанағаттандырған дүрыс,
бірақ жанды тәннен жоғары қоя білу керек.
Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші, саналы да салауатты,
ұлтжанды, рухы биік, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты
тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет. Әрбір халық ұрпағын өзіне дейінгі
қоғамда қолы жеткен жалпы адамзаттық ізгіліктерді жинақтап, пайдалана
отырып, қоғамдық-тарихи тәжірибесін игертуді мақсат еткен.
Әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін
пайдаланбай өмір сүрген емес. Мәселен, Антика заманы мен орта ғасырдағы
өмір сүрген философ-ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлірек айтқанда
этикалық, эстетикалық, діни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс
ұғымымен бірге қарастырды.
Бұл - ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі ойшылдарды мазалап келген
сүрақтардың бірі. Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Құндылық - бүл құнды
нәрсе.
Алайда, адам үшін не қүнды және неге қүнды? Кейде біреу үшін қүнды
нөрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкім
де келіскісі келмейді жэне әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық
деп есептейді. Кімдікі дүрыс?
Бұл мәселені қүндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде
ахіс- құндылық және "1о§о8" - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиологая -
құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтың
өлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен
тұлғаның құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.
Ал, Н. Лапин: Құндылықтар - адамдардың өз мінез-құлқының мақсаты мен
нормасы туралы талдап, қорытындыланған түсініктері, онда адамзаттың тарихи
тәжірибесі жинақталып, белгілі бір этностың немесе жалпы адамзат
мәдениетінің мәні жатыр, - деген пікір айтқан еді [89].
Кейбір еңбектерде құндылық сөзі тиісті заттарға да, сондай-ақ тиісті
ойларға да қатысты қолданылады.
Бірінші топқа табиғи қүбылыстардағы игіліктер мен зиянкестіктер, еңбек
өнімдерінің тұтынушылық бағасы, адам әрекеттерінің адамгершілік
сипаттамалары, табиғи және қоғамдық объектілердің, көркем өнер
туындыларының эстетикалық сипаттамасы сияқты заттық құндылықтар жатады.
Ал екінші топқа адамзаттың жақсылық пен жамандық, әділеттілік, өсемділік
пен кейіпсіздік туралы нормативті түсініктер түріндегі қоғамдық ережелер
мен бағалау, бұйрықтар мен тыйымдар, мақсаттар мен жобалар, арман-
мүраттары, нормалары мен көзқарастары жатады. Бұл топты субъектілік
қүндылықтар немесе саналық қүндылықтар деп атайды.
Құндылықтар арман-мүрат ретінде тек жеке адамға, жеке тұлғаға ғана тән
емес, ол жеке тұлғаның өміріндегі өз орнын өзі белгілеу критерийі болып та
саналады. В. Краустың пікірінше: Арман-мұраттар дегеніміз жоғары
деңгейдегі құндылықтар, оларға тек жақындауға ғана болады, оларды өмірге
енгізу әрекеті бүл арман-мұраттардың күйреуіне әкелуі мүмкін [91].
Шет елдердегі әлеуметтану ғылымында да құндылық ұғымының нақтй бір
қорытыланған анықтамасы жоқ. Т. Парсонстың пікірінше: ...құндылықтар
дегеніміз әлеуметтік жүйенің құрамды бөліктері. ... әлеуметтік жүйенің
қалаулы түрі туралы жалпы адамзаттық түсініктер, ең алдымен қоғам
мүшелерінің қоғам туралы түсініктері.
Мұндай әлеуметтік құндылықтарды адамдардың, басқа да физикалық заттардың
қалаулы түрімен шатастыруға болмайды [92].
Н. Смелзер құндылықтар деп қоғамдағы адамдардың ұмтылуға тиісті
мақсаттарға және оларға жетудің негізгі әдіс-тәсілдеріне (терминалды жөне
инструменталдық құндылықтар) қатысты сенімдерді қарастырады [93].
А.Тойнбидің пікірінше: Құндылық та - уақыт сияқты қатыстық үғым- дейді
[94,87].
Л. Витгенштейн былай деп есептейді: Дүниенің мөні дүниеден тыс болу
керек. Дүниеде барлығы да тиісінше бар және өрбуде; бірақ онда қүндылық жоқ
- егер құндылық болса, онда оның құны болмас еді. Егер қандай да бір құны
бар құндылық бар болса да, ол дүниедегі барлық бар және әрбіп жатқаннан тыс
болу керек, өйткені дүниеде болып жатқанның бәрі кездейсоқтық. Құндылық
дүниеден тыс болу керек [95,70].
Шынайылық, адамгершілік, әлемдік — жалған, адамгершіліксіз,
ұсқынсыздық түріндегі құндылықтар мен құнсыздықтар арасындағы қарама-
қайшылық адам баласын жаман жөне жақсы деп екіге бөлудің негізі бола
алмайды. Әртүрлі жағдайларда адам әртүрлі әрекет жасайды, кейде тіпті
өзінің мақсаттары мен өзіндік бағасына кері өрекет етіп, құнсыздықты нағыз
құндылық деп қабылдауы мүмкін. Құндылықты анықтау бағытындағы осындай
қателесулер құндылық мәселесінің айналасында әртүрлі пікірталастар
тудырады, [101,105].
Адамның жекелік қасиеттері мен мінез-қүлқы да қайта қарастырылады. Жеке
түлғаның рухани қалыптасуы дегеніміз өз өзіне, яғни өз қасиеттеріне, іс-
әрекеттеріне, қатынастарына, мінез-қүлқына қайта-қайта талдау жасау үрдісі.
Жеке тұлғаның мінез-құлқы мән мен мағынаның өрісінің кеңуімен анықталады.
Адамгершілік өрісінің мәні ерекше: адамгершілік санамен қоса адамның
бойында өзінің іс-өрекетіне деген жауапкершілікпен қарау сезімі де пайда
болады. Эмпирикалық шектеулі болмыста өзін таныту тек жеке түлғаға ғана
байланысты. Эмпирияда жеке тұлға басқаларға күш көрсету арқылы ғана өзін
танытып, дами алады.
Ол өзінің екпініне ұмтылып, оны дұрыс деп таниды. Тек үлкен қайғы мен
күйзеліс нәтижесінде ғана жеке тұлға өлімнің мөнін түсініп, бағалай
алады... [ 102,129].
Сонымен, адамгершілік нормаларын меңгеру, адамгершілік сананы
қалыптастыру тек жақсылық жолымен жүзеге аспайды: адамгершілік адамның
мінез-құлқын сырттай ретке келтіруі мүмкін немесе жеке тұлғаның өз ішінде
адамгершілік заңдылығына айналуы мүмкін. Адамгершілік нормалары мен
құндылықтарын меңгеру адамның дүниесін кеңейтіп, оған заттардың дүниесін
ғана емес, сонымен қатар дүниенің идеалды өлшемін, мөңгілік мөн мен
жақсылықтың дүниесін көріп тануға да мүмкіндік береді.
Адамгершілік нормалардың жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне көшуі
(күйзеліс немесе қайғы арқылы), жеке түлға үшін мәні мен маңыздылығы бар
деп қарау, шын мөнінде, адамның қайтадан, рухани туылғаны деген сөз.
Ф.Е. Василюк былай деп жазады: Құндылық күйзелістің жоғары сатысына
жеткенге дейін құндылық жеке тұлғаға тәуелді, оның бір бөлігі болып, жеке
түлға оны бұл менің ұндылығым деп айтқан болса, қазір бұл қатынас теріс
көрініс тапты: жеке тұлға бұл құндылықтың бір бөлігіне айналып, оған
төуелді болады, өмірдің мәні де осында жатыр" [103,134].
Адамның жекелік қасиеттері мен мінез-қүлқы да қайта қарастырылады. Жеке
түлғаның рухани қалыптасуы дегеніміз өз өзіне, яғни өз қасиеттеріне, іс-
әрекеттеріне, қатынастарына, мінез-қүлқына қайта-қайта талдау жасау үрдісі.
Жеке тұлғаның мінез-қүлқы мән мен мағынаның өрісінің кеңуімен анықталады.
Адамгершілік өрісінің мәні ерекше: адамгершілік санамен қоса адамның
бойында өзінің іс-өрекетіне деген жауапкершілікпен қарау сезімі де пайда
болады. Эмпирикалық шектеулі болмыста өзін таныту тек жеке түлғаға ғана
байланысты. Эмпирияда жеке түлға басқаларға күш көрсету арқылы ғана өзін
танытып, дами алады. Ол өзінің екпініне үмтылып, оны дүрыс деп таниды. Тек
үлкен қайғы мен күйзеліс нәтижесінде ғана жеке түлға өлімнің мөнін түсініп,
багалай алады... [ 102,129].
Ал, Д. Н. Нұрғалиева құндылық дегеніміз — дүние жузілік адам баласы
жасаған бағалы бағдарламалық білімін құндылық ретінде оқушы өз іс~
әрекетіне, қарым-қатынасында, игерген өмірлік тәжірибесіне пайдаланып,
өзінің табиғи болмысын байыта алатын, мәдени байлықтарды меңгерген, соган
сәйкес әртүрлі іс-әрекеттер, сезім, сана, мінез-құлықта, қоғамдық қатынаста
тұлғаға тірек болатын сенімдер жүйесі -деп тұжырымдаймыз.
Енді осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл
жерде баланы адамгершілікке тәрбиелеу де керек, қажетті әдіс – тәсілдердің
тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті нәтижеге қол жеткізбек, - деген
болатын.
Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесi келешек қоғам қамын ойлау болса,
сол қоғам иелерiн жан-жақты, ақыл-парасаты мол, iзеттi, кiшiпейiл,
мәдениеттi азамат етiп тәрбиелеу – мектептiң, мұғалiмнiң, ата-ананың қоғам
алдындағы борышы.

1.2.Адамгершілік құндылыққа тәрбиелеудің педагогикалық
мәні
Адамгершiлiк тәрбиесi - жас ұрпақтың белгiлi бiр мақсатқа негiзделген
көзқарасын, сенiмiн, парасатын, мiнез-құлық дағдылары мен әдеттерiн
қалыптастыруға және адамгершiлiк сезiмдi, ұлттық сананы, қарым-қатынасты
дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиiмдi пайдалануға бағытталған жалпы
адамзаттық тәрбиенiң құрамдас бөлiгi.
Адамгершiлiк тәрбие мыналарды қамтиды: адамның қоғаммен
байланыстылығын, оған тәуелдi екенiн, өзiнiң мiнез-құлқын қоғамның
мүдделерiмен үйлестiрудiң қажеттiгiн сезiну, адамгершiлiк мұраттарымен
таныстыру, қоғамның талаптарымен, олардың заңдылықтарымен және адамгершiлiк
туралы бiлiмдерiн адамгершiлiк сезiмдерге айналдыруды көздеумен, адамның
адамдарға құрметпен қарауын қарастыруды, сөйтiп адамгершiлiк дағдыларды
қалыптастыруды көздеу.
Адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз – моральдық нормаларды жаттату, ақыл
айту, миына құюға тырысу, мiнез-құлық дағдыларын қатаң талап қою арқылы
игерту емес, ол өзара әрекет, қарым-қатынас және қайшылықтарды жеңуден
тұратын белсендi өмiрлiк үрдiс. Бала өзiнiң iшкi және сыртқы қайшылықтармен
күресте ғана өзiн адамгершiлiк иесi ретiнде сезiне алады.
Ендеше, адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз – балаларға өмiрлiк
қайшылықтарды, қақтығыстарды, келiспеушiлiктердi жеңе бiлуге үйрету.
Оқушылардың адамгершiлiгiн қалыптастыру үшiн олардың өмiрдегi қайшылықтарды
тәрбие үрдiсiнiң объектiсi ретiнде қарастыру, ол қайшылықтарды шешу үшiн
шығармашылықпен жүйелi жұмыс iстеу арқылы олардың адамгершiлiк сезiмдерi,
санасы, әдеттерiнiң қалыптасуына ерекше көңiл бөлу қажет.
Ресейлік зерттеуші И.Ф. Харламов: Адамгершілік тәрбиесі әрбір қоғамда
адамның барлық өмірі мен іс-әрекетінде, еңбекте, тұрмыста, отбасында,
барлық адамдармен қарым-қатынасында, саясатта жөне ғылымда, ойында, спортта
т.б. өзінің мінез-құлқын реттеуде азаматтықты көрсетуімен анықталады,-
деген [124];
П.П.Пидкасистый: Адамгершілік тәрбиесі - жеке түлғаны жан-жақты
жарасымды дамыту жүйесінің ең шешуші компоненті және адамгершілік сананы,
адамгершілік сезімді, адамгершілік мінез-қүлықты қалыптастыру
процесі,- деді [125];
Т.А. Ильина: Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-
қүлықтың белгілі бір сипаттарын және олардың өздерінің де бір-біріне,
отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын
мінез нормалар мен ережелерін дарыту жөніндегі төрбиешінің арнаулы мақсат
көздеген қызметі,-деп қарастырады [126];
Н.В. Савин бұл үғымды былай деп түсіндіреді: Адамгершілікке тәрбиелеу
адамның дүниеге, адамдарға деген көзқарасын анықтайды, оның ықпалымен
жеке адамның адамгершілік құлқын қалыптастырады.
[127];
Ал, Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев адамгершілік тәрбиесін құлық төрбиесі
деп атап: "Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласыңда -еңбекте, тұрмыста,
саясатта, ғылымда және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын
реттейді, - деп қарастырады [128].
Бұл үғымға Р.К.Төлеубекова: Жаңа әлеуметтік мәдени ортада адамның
ұстанар мұраты - адамдармен қарым-қатынасында, іс-әрекетінде адамгершілік
сана-сезім дағдысымен, өзіндік Мен бейнесі арқылы ұлттық жөне жалпы
адамзаттық құндылық қасиет-сапаларымен ықпалдасып субъект ретінде танылуын
тәрбиелеу,-деген анықтама береді [59,128];
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: Адамгершілік тәрбиесі -
мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары
мен әдеттерді қалыптастыруға жөне адамгершілік сезімді, ұлттық сананы,
қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға
бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі", - деп
анықтама берілген құлық, дағдылардың ұлттық қарым-қатынастағы алатын орнын
ғылыми, педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген [50].
Осыған орай, жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру жолдарын қарастырған
қазақстандық ғалым-зерттеушілерді де атап өтсек. Мысалы, В.А. Ким көп ұлтты
мектеп жағдайындағы адамгершілік тәрбиесінің ұлттық қарым-қатынас негізіне
талдау жасаған.
Әр этникалық топтың ерекшеліктеріне байланысты адамгершілік мінез-
Мектеп жас ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр ықпал етедi және
белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асырады. Мектептi бiтiргеннен кейiн адам
мiнездiң жаңа сапаларын игермейдi, қайта бұрынғыларын шыңдай түседi немесе
түзетедi.
Сол себептi балалардың мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi адамгершiлiктiң
барлық салаларын қамтуы тиiс. Мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi бiздiң
өмiрiмiздiң тек осы кездегi талаптарын ғана емес, болашақтағы талаптарын да
қанағаттандыруға бағытталуы қажет.
Адамгершiлiк тәрбиесi тәрбиеленушiнiң дамуына қандай игi әсер
ететiндiгiн, тәрбие әсерiмен оқушы қалай өзгеретiндiгiн, адамгершiлiк
кемелiнiң жаңа сатысына қалай көтерiлетiндiгiн педагог жақсы бiлуi тиiс.
Ол үшiн адамгершiлiк тәрбиесiнiң бүкiл үрдiсiн жеке буындарға бөлiп,
әрқайсысын жекелей қарастырған жөн. Бұл үрдiстiң аса маңызды буыны –
адамгершiлiк сананы қалыптастыру.
Оқушының адамгершiлiк санасын қалыптастыру үшiн оның сезiмiне әсер ету
керек. Ал, баланың сезiмiне әсер ету – тәрбие жұмысының күрделi саласы.
Сондықтан көптеген мұғалiмдер баланың санасына әсер етудi жөн көредi, ал
тәрбие жұмысында оның сезiмiне қалай әсер ету керектiгiн бiле бермейдi.
Оқушының сезiмiне әсер етудiң тәсiлдерiн анықтағанда, сезiмдi тәрбиелеу
негiзiнен баланың бұрынғы өз сезiмдерiн өзгерту және одан әрi жетiлдiру
жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында туған
жердiң табиғаты туралы қанша айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы
балаларға онша әсер етпеуi мүмкiн. Ал ендi табиғатқа саяхат жасаса, суретке
түсiру, әңгiме құрастыру жайлы тапсырма берiлсе, бұл балалардың табиғатқа
деген сүйiспеншiлiк сезiмдерiн туғызар едi. Бұл жағдайда мұғалiм iзгi
сезiмдердi туғызып қана қоймай, оның бекуiне де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезiмдер қатты әсерленудiң ықпалымен жетiлуi, өзгеруi
мүмкiн. Әсерлену, әсiресе өзгелердiң iстегенiн қабылдау және санадан өткiзу
үрдiсiнде сезiм пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыз бен
батырларымыздың, хандар мен билерiмiздiң халқы үшiн көрсеткен теңдесi жоқ
ерлiктерi туралы әсерлi әңгiмелеу бала сезiмiне өте қатты әсер етiп, оның
адамгершiлiк, елжандылық, Отансүйгiштiк сияқты iзгi сезiмдерiн оятады.
Мұғалiм ұжым өмiрiн жарқын да сезiмге бай етiп ұйымдастыра алса, мұның өзi
Отан сүю, ұжым алдындағы жауапкершiлiк сияқты жоғары адамгершiлiк
сезiмдерiн қалыптастыруға негiз болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мұраттарының қалыптасуында
мұғалiм маңызды рөл атқарады, өзiнiң барлық жұмысында ол оқушыларды адамдар
мiнезiне талдау жасап, бiлудi, шынайы адамгершiлiктi өтiрiк, жасанды
адамгершiлiктен ажыратуды үйретедi. Балалар өмiрiн ұйымдастыруды, өзiнiң
жеке басының тәртiбiн оқушылармен арақатынасын егжей-тегжейлi ойластырған
мұғалiм ғана оқушылардың саналы тәртiбiн тәрбиелеуде табысқа жете алады.
Әр оқушының iшкi-сыртқы сырын әрбiр деталына дейiн екшеп бiлiп, соған
сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыра бiлсе, мұғалiм әр оқушының ерекшелiгi мен
мүмкiндiгiне сәйкес алдына нақты тарсырма қоя бiлсе, онда оқушының бойында
адамгершiлiк қасиеттердiң қалыптасуы тез әрi табысты жүредi.
Адамгершiлiкке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың
аса маңызды бiр саласы болып табылады. Ол оның ата-анаға, айналадағыларға,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз мiндетiне және өз басына қатынасын
қалыптастыруды көздейдi. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң негiзгi мiндетi –
қоғамның әлеуметтiк қажеттi талаптарын әр баланың борыш, намыс, ождан,
қадiр-қасиет сияқты биiк адамшылық iшкi стимулдарына айналдыру болып
табылады.
Тәрбие жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң аса маңызды көрсеткiшi оқушының
адамгершiлiк жағынан жетiлуi, оның рухани адамгершiлiк қасиеттерiнiң елеулi
өзгеруi болып табылады. Жетiлгендiк оқушылардың дағдылы және күрделi
жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-құлқының тұрақтылығын, мiнез-құлқының
ересектер бақылауынан бiршама тәуелсiздiгiн, өз әрекетiнiң адамгершiлiк
тұрғыдан қалай болатынын алдын ала болжап бiлуден, iштей бақылауы, ар-
ожданның пайда болуынан, әрекетiнiң моральдық жағын, өзiнiң адамгершiлiк
қасиет иесi екенiн түсiне бiлуiнен көрiнедi. Адамгершiлiктiң дамуы – тәрбие
жұмысының жемiсi. Бұл жүйенiң өлшемi – тәрбие жұмысының пәрмендiлiгi.
Бастауыш мектепте балалардың тәртіп, мінез-құлық, достық, жолдастық
және Отан туралы ұғымы қалыптасады, дамиды, ата-аналарын, үлкен адамдарды
құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізеттілік сақтауды
меңгередi.
Адамдық сананың моральдық үлгісі - адамдық мәдениеттің бір бөлігі.
Моральдың мәнін, өлшемін және ұстанымдарын түсіну тәрбиеленушілерді
өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын бағалай білуге, адамгершілік
туралы ойлауға үйретедi. Мектеп жасындағы оқушылардың бойында мәдени қарым-
қатынас пен жүріс-тұрысты қалыптастыру үшін мұғалім тәрбие жұмысының
мақсаты мен мазмұнын дұрыс жоспарлап, әр оқушыға ықпал жасайтындай әдіс-
тәсілдерді дұрыс таңдай білуі, таңдалған әдіс-тәсілдерді шебер қолдана
білуі керек.
Адамгершілік туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ
даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М.Қашқари;
жыршы-жыраулары да: Асан Қайғы, Доспамбет Шалкиіз, Бұқар жырау, Махамбет,
т.б. айтқан болатын.
Білім ұлттық мәдени дамуының тұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз
етеді. Оның маңызды шарттарының бірі – ана тілінің басымдылығын тану, соның
негізінде ұлттық сана-сезімді дамыту.
Тіл – ұлттық этностың ұлттық мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Ұлттық рухани - адамгершілік құндылықтар
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Пәндер