ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер



М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.
1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау ... ... 23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі ... ... ...26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы) ... ... ... ... ... ... 27

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер ... ... ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1.1 Құқық қайнар көзінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Азаматтық құқықтық
заңнамалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің
заңды күшіне енуін ресми
жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың
кеңістік пен тұлғаларға әсер
етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай
қолданылуы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық
актілер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік
актілер ... ... ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту
кезеңіндегі еліміздің маңызды және үлкен заңдарының бірі болып табылады.
Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде
мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану
механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық
формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз
контрагенттерін өз бетінше анықтау.
Қазақстандық заңшығарушылар азаматтық құқықтың жалпы негіздерін сақтай
отырып (жалпы ережелер, азаматтық құқықтың субьектілері, меншік,
міндеттемелік құқық), Азаматтық кодексте нарықтық қатынастарға қызмет
ететін норамаларды, шарт кепілдігі, мүліктік жауапкершілікті арттыруға
бағытталған жаңа заматтық-құқықтық институттардың жүйесін енгізді.
Азаматтық кодекстің қабылдануы көптеген маңызды заңдардың қабылдануна
негіз болды. Көптеген ондай заңдар қазіргі таңда қабылданып қызмет етуде,
ал қалғандарының жобалары дайындалып талқылануда. Қазақстандық азаматтық
құқықтық заңнамалардың қалыптасуына нормалардың қолданылуы мен сот
практикасының маңызы зор.
Осындай себептерге байланысты азаматтық құқық қайнар көздерінің
сапалық, сандық өзгерістерге алып келгенін білеміз. Жаңа экономикалық,
әлеуметтік қатынастардың формаларына байланысты көптеген азаматтық құқық
институттарының және ғылымының өзгерістеруін талап етеді.
Азаматтық құқық қайнар көдерінің бүгінгі күндегі өзектілігі өте
маңызды. Еліміздің нормативті-заңнамаларының базасы жаңарып, жаңа заңдар
қабылдануы қайнар көздердің өзгеруіне алып келеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы үлкен тәжірибесі бар елдердің
халықаралық жеке құқығындағы нормаларды зерттеуді талап етеді, өйткені
қоғамдық құрылым соған бейімделуіді қажет ететінін түсінеміз. Қазіргі таңда
Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүшесі болуға ұмтылып отырғанда, біз
сол қоғамның талаптарына сәйкес болуымыз керек. Сондықтан да халықаралық
құқықтың ролі артып, азаматтардың құқығын қорғау, оның ішінде азаматтардың
құқығы өзекті мәселе болып қала береді.
Азаматтық құқықтың қайнар көзі ғылымда өзара байланысты аспектілер
бойынша екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, оларға қоғамдық құбылыста
құқықты тудыратын обьективті факторлар жатады. Мұндай факторларға қоғам
өміріндегі материалдық жағдайлар, әлуметтік топтардың мен мемлекеттік
кластардың экономикалық, саяси, және әлеуметтік қажеттіліктері жатады. Бұл
жерде сөз құқықтың қайнар көзінің материалдағы мағынасы туралы.
Екіншіден, құқық қайнар көзі ретінде заң, жарлық, қаулы мен басқада
нормативті-заң құжаттарын қалыптастырушы мемлекеттік органдардың өкілетті
қызметі мен байланыстырады.
Айтыла кететін бір жәйт, бұл қайнар көз туралы екінші категориялы
түсініктің ғылымда ғана емес күнделікті өмірде, тәжірибеде азаматтық
құқықтық қатынастарға қатысушылардың нақты субьектілеріне байланысты,
нормалардың қалыптасу мазмұны маңызды екенін түсіндіреді.

Дипломдық жұмыстың бағыты:
1. Азаматтық құқықтың қайнар көздерін қоса алғанда құқықтың қайнар
көзерінің түсінгін анықтау.
2. Қазақстанда азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде Азаматтық
кодекстің алатын орыны.
3. Халықаралық жеке құқық нормаларының әсерін анықтау.
4. Азаматтық құқықтың нармативтік актілер жүйесі мен Азаматтық
заңнаманың түсінігін анықтау.
5. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жүйесіндегі салт-дәстүрдің, заңның,
заң күші бар актілердің, министрліктер мен жергілікті атқарушы
органдардың актілерінің орынын анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқықтың қайнар көздерін
анықтамасы, түсінігі, қалыптасуы мен жалпы құқықа әсер етуі.
Зерттеу пәні - азаматтық құқықтың қайнар көздері
Зерттеу обьектісі - заңдар, заңнамалық актілер, заң күші бар
нормативтік актілер,жергілікті атқарушы органдардың нормативті құқықты
актілері, кешенді нормативті актілер, халықаралық құқық нормалары,
халықаралық шарттар, азаматтық айналымдағы салт-дәстүр нормалары мен сот
тәжірибесі.
Зерттеу денгейі- жұмысты жазу барысында түрлі әдеби қайнар көздер,
Азаматтық кодекс, заңдар мен нормативтік актілер, ғылыми-тәжірибелік
әдебиеттер, заңгерлердің теориялық-зерттеу еңбектері қолданылды.
Зерттеу әдісі – жалпы теориялық, салыстырмалы, тарихи, аналитикалық,
дедуктивті.
Зерттеудің хронологиялық кезіңі 1994 жылдар мен бүгінгі күнге дейін
аралықты алады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің
бөлімшелерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Құқық қайнаркөзінің түсінігі, азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық
құқықтық заңнама.

1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі.

Құқықтың қайнар көзі ретінде құқық нормаларының түсінігі мен оларды
қалыптастыру әдістері түсіндіріледі.
Әдет бойынша құқық қайнар көзері болып құқықтық әдет-ғұрып, сот
практикасы, заңдар, діни нормалар қарастырылады.
Соңғы жылдары құқықтың қайнар көзі ретінде тек сыртқы формаларын ғана
емес қоғамдық қатынастарды, қатысушы субьектілер мен оладың қызметін,
нормативтік-құқықтық актілердің түсінігімен ұйымдастыруылу түрлерін айтатын
болды.
Құқытануда қайнар көз ұғымы ежелден қалыптасқан. Осы қалыптасуы Рим
құқығына байланысты. Көптеген елдерде “қайнар көз” ұғымын бірнеше мағынада
түсіндіреді, олар:
1) құқық нормаларының мазмұны ретінде;
2) құқық нормаларының құрылу (қалыптасу) тәсілі мен нысаны ретінде;
3) құқықты тану ретінде.
Құқық қайнар көзінің мазмұны қоғам өмірінің материялдық жағдайы болып
есептеледі.
Заң оқулықтарында “құқықтың қайнар көзі” дегенде мына сауалдардан
бастау табатындығын көрсетеді, ол: қай құқық нормасынан, қандай бағытпен
және қандай жолдармен қалыптасады деген. Сондықтан тарихи негіздерін
міндетті түрде қарастыруымыз қажет.
Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі: 1) Әдеттік құқық
( әдет-ғұрып); 2) заңдар; 3) магистраттық құқық; 4) Заңгерлердің іс-
әрекеті; 5) Мемлекет басшысының ( императордың) қаулылары.Оларға жеке-жеке
тоқталғанымыз дұрыс болар.
I. Әдеттегі құқық – тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың
жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-
қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты
нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары
мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек қана мемлекеттік
билігі бар қоғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші
бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпқа
айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-
тамыры сонау көне заманға кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан.
II. Заңдар. Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық ретінде
қарастырады. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы
тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар
жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.
III.Магистраттық құқық ( магистраттар эдикттері). Рим мемлекетінің
саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияны атқаратын арнайы
мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы
дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде - мемлекет
қызметшісін білдірген.
Римдік тарихшы Тит Ливий “Fons omnis publici privatigue juris” деп
аталатын XII таблицаны барлық көпшілік және құқықтардың қайнар көзі деп
атады.
Рим құқығында құқықтыњ қалыптасуында ерекше бір түрі - магистраттар
эдикті. “Эдикт” деген термин diko (айтамын) деген мағынаны білдіреді.
Алғашқы кезеңдерде эдик магистраттар тарапынан белгілі бір мәселені шешуді
алдын-ала оның тәртіптері ауызша айтылып қойды. Кейін келе эдикт арнайы
бағдарламалары түрде жазбаша түрде жарияланатын болды.
Магистраттар өздері шығарған эдиктінде олардың жұмыстарының негізі
неге сүйенетін қандай жағдайда талап қойылатыны міндетті түрде көрсетілуі
тиіс болды.

Әрбір эдикт магистрат кезінде және соны шығарған магистартқа міндетті
сипатта болды. Бірақ әрбір эдиктінің ережелері өзгермей сақталып келе
берді. Өйткені магистрантардың барлығы үстем таптың мүддесін қорғап, соған
бейімдеп эдиктіні шығарды.
Әсіресе, магистрат преторлардың (бұлар қалалық және Римдік азаматтар
мен перегриндердің арасындағы дауларды шешеді) және курильдік эдиктердің
(бұлар жергілікті саудаға байланысты дауды шешті) маңызы зор болды.
Б.э.д. III - ғасырда Римде сауда қатынасы жоғары дәрежеде дамыды.
Цивильдік құқықтың бұрынғы қалыптасқан нормалары ол қатынастардың реттеу
қажеттілігін өтей алмады. Сондықтан ондай қажеттіліктер магистраттар
эдиктілері арқылы жоюға заңдар шығаруға оларды өзгертуге құқығы болмады.
Магистрат немесе претор соттық қызметінің басқарушысы ретінде цивильдік
нормалардың маңызын көрсетіп оны пайдаланды. Сонымен бірге қажет емес деп
жатқан нормаларды пайдаланбауға құқылы болды.
Соттық магистраттардың құқық жасаушылық қызметтері біртіндеп дамыды.
Алғаш преторлар цивильдік құқықтық нормаларының іске асырылуына жол ашып,
оѓан ықпал етіп, оның орындалуына көмектессе. Кейін олар эдикт арқылы
цивильдік нормаларды толықтыратын мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен преторлық эдикт цивильдік құқықтың нормаларын жоймады, оны
жаңа нормаларымен толықтырып отырды. Яғни, цивильдік құқықтың жаңа
институттарын қалыптастырды.

Құқық мазмұнының бастауы қоғамдағы өмірдің материялдық жағдайы болып
табылады. Мәселен, құлиеленушілік қоғамда осы қоғамның өмір жағдайы Рим
құқығы нормасының мазмұны болып табылады.

Рим құқығы нормасының қалыптасу түрі, оның тарихына мыналар жатады:
1. Әдеп құқығы;
2. Заң (ұлттық жиналыстың қаулылары, сенат қаулылары, императорлық
конституция) магистраттар эдикті, заңгерлер әрекеті.
Сонымен бірге “Рим құқығының қайнар көзі” Рим құқығын танудың
бастаулары ретінде түсіндіріледі. Оған мысалы, заңдық ескерткіштер ретінде
Юстинианның кодификациясы, Рим заңгерлерінің шығарамалары, Рим
тарихшыларының шығармалары жатады. Олар Тита Ливия б.э.- I ғасыр, Цицерон
б.э.д. I ғасыр т.б.

Рим құқығын танудың негізгі қайнар көздері бізге жеткен бұрынғы ағаш,
тал және ондаѓы басқа да жазбалар болып табылады.

Рим құқығындағы маңызды қайнар көзінің бірі Папирустар. Тарих
ғылымында оны зерттеу үшін арнайы ғылым саласы -папирология қалыптасқан.
Рим құқығының қайнар көздерін мынадай 3- топқа бөлуге болады.

1. әдет құқығы және заң;
2. магистраттар эдикті;
3. заңгерлер қызметі.
Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып
есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер
беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп
жүрген.
Мемлекеттік - саяси мәдениеттің тұрақтануына байланысты, монарх
өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады, Рим құқығы үшін
бұл да қайнар көз ретінде кірді. Қаулының мынадай түрлері қолданылды:
1) Эдикт немесе жарлық – бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген
(жеке немесе жариялы сала).
2) Мандат – мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке
немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.
3) Рескрипт – жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген
жауабы.
4) Декрет – императордың сот шешімі.
Римдік заңгерлер қоғамда жоғары беделге ие болып, үстем таптың қатарына
жатты. Олардың қызмет жағдай жоғары орында тұрды. Заңгерлердің ақыл-
кеңестері нормаларды түсіндірулерінің маңызы зор болды. Заңгерлердің құқық
жасаушылық қызметтері б.э. III ғ. Классикалық деңгейге жетті. Негізгі
өкілдері Цицерон, Аквиллия, Галла, Муция, Манилия, Капитон, Ульпиан, Гая
т.б.
Императорлық кезеңде нормативтік материалдардың әр түрлі сипатта
болуы оларды жүйелеуді қажет етті. Нормаларды алғашқы кодификациялау
әрекеті III ғасырдың соңында жүргізілді. Жеке заңгерлер императорлық
конституция жинаған жасады.

V ғасырдың төртінші жартысында алғашқа ресми кодификация жасалынды.
Император Феодосий II (Codex Thedosianus) (Феодосиев кодексі)
Константиннің кезіндегі нормалардан бастап бәрін жүйелеп жинақтады. Ол 16
кітаптан тұрды және Феодосив Новелл деп аталды.

Юстинианның еңбегінде (б.э. 6 ғасыр) құқық жазылған және жазылмаған
болып екіге бөлініп көрсетіледі. Жазылған құқық - бұл мемлекеттік органдар
шығарған немесе бекітткен заңдар жєне басқа да нормативтер. Жазылмаған
құқық - бұл өмірде өзінен-өзі қалыптасқан нормалар. Егер адамдардың белгілі
бір мінез-құлық ережелері мемлекет тарапынан танылып қорғалмаса, ол жай
тұрмыстық әдеп болып саналады. Егер ол мемлекет тарапынан танылып қорғалса,
онда ол әдет құқығының нормалары болып табылады.

Әдет құқығы - Рим құқығының қалыптасуының ежелгі нормасы. Әдет
құқығының нормалары Рим құқығында терминдер арқылы белгіленеді.

Ежелгі дәуірде жазылған заңдар болмады. Шаруашылықтың қарапайымдылығы,
жалпы мемлекеттік қоғамдық қатыынастардың күрделі болмауы заңды қажет
етпеді. Оларды реттеуді әдет құқығы нормалары іске асыра алды.

Кейін келе, мемлекеттің нығаюы, қоғамдық қатынастардың күрделенуі әдет
құқығының нормаларынан реттеу қабілеттігінің жетімсіздігін байқатты.
Императорлық кезінде әдет құқығының нормалары заңдарға орын берді. Өйткені
орасан үлкен аймақта әдет- ғұрыптың өзінің бір болуы мүмкін емес еді.
Жергілікті жерлердегі қалыптасқан әдет нормалары орталықтан басқарудың
талаптарына қайшы келе берді.

Әдет нормалары көп уақыттан бері қолданылуына байланысты маңызды болса
да заңнан күшті бола алмады. Яғни, императорлық кезеңде әдет нормаларының
біршама жүйеленіп заңдарға айналдырылды.

Республикалық кезеңде заңдар халық жиналысы арқылы қалыптасты. Сонымен
бірге Римде көп заңдар болмады. Құқықтың қалыптасуының Римдік ерекшелігі
болды. Олар магистраттардың эдикті және заңгерлер әрекеті.

Кодификация (сұрыптау) – қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды
саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын
құрайтын қолданыстағыкүллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау
және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.
Юстиниан кодификасиясы – император Юстиниан кезінде VI ғ. жүргізілді.
Негізгі мақсаты рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып
табылған. Рим құқығы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып,
өзгертіліп, толықтырылған.
Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құралған
беделді заңгерлер құрастырған (529-534 жж). Алғашқыда Юстиниан жарлығы үш
бөліктен тұрды:
1. Рим жеке құқығының оқулығы (Институция);
2. Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе грекше Пандекттер
).
3. Жарғылар жинағи рим императоры Адрияннан (б.э. II ғ) бастап Юстинианға
дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар
кірген.
Жоғарда қарастырлған құқық қайнар көзінің тарихы қазіргі күндегі
нормалардың қалыптауы үшін маңызды болып табылады.
Енді біз қоғамның дамуы мен қалыптасқан құқық қайнар көздерінің
ерекшеліктеріне тоқталайық.
Құқық қайнар көзінің материалдық мағынасы қоғамдық қатынастардың
дамуымен тығыз байланысты. Оларға өмірдің материалдық өндірісі,
экономикалық-шаруашылық байланыстардың жүйесі, меншіктің түріне байланысты
құқықтың пайда болуы мен әрекет етуі жатады. Жеке меншікке құқық адамның
барлық құқықтарының бастау болады.[1]
Құққтың қайнар көзі ретінде ең бірінші құқықтық сананы түсінуіміз
керек. Олай болуына құқықтық нормалардың заңи мағынада жасалуы, яғни
мемлекеттің еркін білдіру болып табылады. Ашып айтатын болсақ құқықтың
түрін мемлекет қандай әдіспен қалыптастыратындығы, оның қоғам мүшелерінің
санасына жеткізу. Бұл әдіс терминологиялық деп аталады. Енді құқық
формаларына тоқала кетейік.
Рим құқығында қайнар көзің қалыптасумен біз құқықтық әдет-ғұрыптық
бастауларын білеміз. Жалпы құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз – тұрақты
қатынастардың қалыпты қайталануынан қалыптасқан тәртіп ережелері. Тұрақты
қатынастарға отбасылық, жер, мүліктік қатастарды айтуға болады, өйткені бұл
қатынастар қоғам мен адамның дамуында маңызды орын алады. Мысалы мұндай
нормалар әр халықтың мақал-мәтелдерінен көрінеді. Жаңа зерттеулер бойынша
жер, мұрагерлік, отбасылық құқық нормалрында әдет-ғұрып номаларынан
қалыптасқан заңдар Африканың мемлекеттерінде, Азияда, Латын Америкасында
кездеседі. Мемлекет әдет-ғұрыпқа өзінің көзқарасын түрлі формада байқатады.
Мысалы: біреулеріне тиім салады, ал біреулерін дамытуды қолдап отырады.
Қазақстандық заңшығарушылар қоғамның қызығушылығы үшін сауда-саттық
қарым қатынастарды халықаралық шарттармен реттеуде қалыптасқан әдет-ғұрып
нормаларын пайдаланатын жағдайларда кездеседі. Өйткені әлгі күнге дейін
ағылшын соттарында істі қарау кезінде тарихи қайнар көздерге де сілтемелер
жасап отыратын жағдайлар орн алады.
Құқықтың қайнар көзі ретінде, оның ішінде азаматтық құқықтағы
шаруашылықты жедел басқару ұғымы мен нормалары заңгер А.В. Венедиктовтың
шаруашылықты социалистік формада ұйымдастыруға байланысты қалыптасқан. Ал
шарттарды құқықтың қайнар көзі деп тануымыз үшін оның мазмұнында заңи
нормалардың болуы талап. Азаматтық құқық саласында халықаралық шарттардың
атқаратын ролі өте зор , өйткені халықаралық шарт дегеніміз- мемлекетттер
мен халықаралық құқық субьектілерінің арасындағы ортақ қызығушылығы
көрсетілген озара құқытар мен міндеттерді белгілеген келісім болып
табылады. Бұл туралы Вен конвенциясының 2- бабынан көруге болады.
Нормативті-құқықтық акті, бұл ең негізгі және құқық фомасының
жаңарған түрі. Ол үкіметтің номативтік мазмұнындағы актісі. Нормативтік
акті жеке істер бойынша мазұнында нормалар қалыптасқан қайнар көз болып
табып қана қоймай, істі шешеді.

1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі.

Азаматтық заңдарға АК-тің 1-ші бабында көрсетілген қатынастарды
реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-ші баптың 3-ші тармағында
көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес
сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды
пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы
салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен
реттелмеген жағдайларда ғана сол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге
билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі
мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық
заңдар қолданылмайды.
Азаматтық құқық пен азаматтық заң терминдері өзара байланысты
болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық
құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдірсе, азаматтық
заңнама – сол нормалар көрсетілген құқықтық актілердің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық
актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінеді. Сонымен
бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына
жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы).
Барлық азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа
да орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз
бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға
құқы жоқ. Бұл органдар тек заңдарға бағынышты туынды актілер шығара алады.
Азамттық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып
бөлінеді.
-Императивті нормаға мазмұны нақты қатаң нұсқаулық сипаттағы және
тараптардың ұйғаруымен өзгертуге жатпайтын нормалар жатады. Егер қатысушы
тараптар өзара келісіп басқа шарттар жасаса, ол шарттар жарамсыз болып
табылады.
-Диспозитивтік нормаға тараптардың тиісті мәселе бойынша келісімдері
болмаған ретте, оның орнын толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады.
(шартта көзделген ретте). Яғни диспозитивтік норманың мазмұны тараптардың
шарт еркіндігі принципіне негізделген болып табылады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері заңдар, басқа да нормативтік
құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге
бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық құқықтық қатынастар
төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны
бөлек. ҚР АК-тің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған
бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары заңда және
басқа да заң актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасының “Нормативтік актілер туралы” заңында барлық
нормативтік құқықтық актілер заңдық күштері бойынша айқындалған.
Нормативтік құқықтық актілердің ішінде Конституцияның ең жоғарғы күші бар.
Оның нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық
қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен оның 6-шы бабында
Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тең негізде танылатындығы және
қорғалатындығы айтылған.
Конституцияның 26-шы бабында азаматтардың жеке меншігі туралы мәселелер
жан жақты көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда азаматтардың телефонмен
сөйлесу, хат-хабар алысу, құпиялықпен, ар-намыс пен абыройы, оның
бостандығы мен оған ешкімнің тиіспеуі құқығы сияқты мүліктік емес құқықтары
көрсетілген.
Конституциядан кейін, 1994 жылы қабылданып, 1995 жылы 1-ші наурызда
күшіне енген азаматтық кодекстің (жалпы бөлімі) заңдық күші бойынша күші
бар. Оның ерекшелігі сонда, нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық
айналымының нормативтік қоры қалыптасқан. Қазақстан Республикасының
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңы бойынша заң актілеріне мыналар
жатады: Конституциялық заң, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар
жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, ҚР
Парламентінің қаулысы, Сенат пен мәжіліс қаулысы. Күші бойынша нормативтік
актілер жүйесінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері заң
актілерінен кейін тұрады.
Президенттің заң күші бар жарлығы мен қатар жай жарлықтары да бар.
Оларда азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен қатар Үкімет
қаулылары да заңға тәуелді нормативтік актілеріне де жатады. Олардың
көпшілігі азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен бірге
азаматтық құқықтық нормаларына министрліктің, мемлекеттік ведомствалары мен
комитеттердің жалпы орталық атқарушы органдардың нормативтік актілері де
жатады.
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңда орны көрсетілмесе де
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы сот Пленумының
азаматтық заңдарды талдау мен түсіндіруге байланысты нормативтік қаулылары
азаматтық құқықтың қайнар көзіне жатады. Бұл құқықтық құжаттардың жалпыға
бірдей заңды күші бар.
Азаматтық кодекстің 3-ші бабының 4-ші тармағында азаматтық қатынастар
заңдарға қайшы келмейтін әдет нормаларымен, соның ішінде іскерлік қызмет
өрісіндегі әдет нормаларымен де реттелетіндігі айтылған. Іскерлік қызмет
өрісіндегі әдетті қолдану мүмкіндігі АК-тің 272-ші бабында да көрсетілген.
Бұл кәсіпкерлік қызмет барысындағы қалыптастырылған ереже. Іскерлік қызмет
өрісіндегі әдет ережелерінің маңыздылары Халықаралық сауда палатасының
ұсынысымен жинақталған. Әдет нормалары заңға қайшы келмеуі тиіс, сондықтан
ол диспозитивтік мазмұнда болады.
ҚР-ның Конституциясының 4-ші бабында көрсетілгендей барлық заңдар,
халықаралық шарттар мерзімді басылымдарда басылады. ҚР “Нормативтік
актілері туралы” заңының 31-ші бабында көрсетілгендей ҚР-ның заң актілері
Парламент жаршысында, Егеменді Қазақстан (Казахстанская правдада), Заң
журналарында және Заң газетінде басылымдарында ресми түрде жариялатындығы
көрсетілген. Конституцияның 62-ші бабында Парламенттің заңдар
қабылдайтындығы, оның қаулыларының ҚР-ның аумағында қолданылатындығы
көрсетілген. Бірақ оны шығарған орган оның күшін кейбір аймақтар бойынша
шектеуі мүмкін. Азаматтық заңдардың күші сонымен бірге оның қолданылу
топтары бойынша да анықталады.
Арнайы заңда көрсетілгендей нормативтік құқықтық актілер төмендегідей
сатылардан тұрады. Ең басында Қазақстан Республикасының Конституциясы, одан
кейін: конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар және Президенттің заң күші
бар Жарлықтары; Президенттің нормативтік жарлықтары; Парламенттің
нормативтік қаулылары; Үкіметтің нормативтік қаулылары; орталық атқарушы
органдардың нормативтік қаулылары (Заңның 4-ші бабы).
Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-шы бабына сәйкес күші
жағынан әртүрлі актілердің нормалары бір-бірімен қайшы болса, онда күші
басым актінің нормалары қолданылады. Егер күші бірдей актілердік арасында
қайшылық болса онда күшіне кейін енген акті қолданылады.
Қазақстан таныған халықаралық құқық нормалары, қатысушысы Қазақстан
Республикасы болып табылатын барлық халықаралық шарттар (конвенциялар)
отандық заңдардың алдында басымдыққа ие. Бұл жағдайда тек қана
Конституцияның 3-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес мемлекетаралық келісім
шарттар ратификацияланған жағдайда ғана басымдыққа ие болады.
Азаматтық заң нормаларын дұрыс түсіну үшін, оны дұрыс қолдану үшін оның
негізгі мазмұның ашу қажет. Яғни норманың нағыз мән мазмұны айқын ашу
заңдық термині бойынша түсіндіру деп аталады. Заңдарды түсіндіру
мәселесімен сол құқықты қолдануға қатысы бар мемлекеттік мекемелер, соттар
және азаматтар да айналысады. Түсіндіру ресми және бейресми түрде болады.
Құқықтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде
соларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына
ресми түсіндірме береді, ал заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін
оларды қабылдаған (шығарған) органдар мен лауазымды адамдар береді.
Заңды түсіндірудің мақсаты - тиісті норманы пайдалану барысында оны
дұрыс қолдануға, іске асырылу барысында кемшіліктерге ұрындырмау болып
табылады.

1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар.

Азаматтық заңнама дегенміз - әртүрлі заң күші бар нормативтік
құқықтық актілердің жиынтығы. Сонымен қатар көп жағдайда оларды қамтитын
нормативтік актілер тек азаматтық құқықтық нормалардан ғана емес кешенді
және салалық табиғаты бар нормаивтік актілер болуы мүмкүн. Азаматтық
кодекстің өзі азаматтық заңнаманы құрайтын жария құқық нормаларынан
құралған. Заңшығарушылар заматық заңнаманы қалыптастыруда салалық
ерекшеліктерге емес, мазмұндалуына көбірек ерекшеліктерін қарастырған.
Мұнымен айтайын дегеніміз азаматтық құқықтық қатынастар жария құқық пен
жеке құқықтың нормаларын пайдалану арқылы қалыптасады. Азаматтық заңнаманың
негізгі ерекшеліктеріне онда диспозитивтік нормалардың көбірек қолданылуы.
Қатысушылар өздерінің әрекеттерінде басқаша мүмкүндіктеріді қарастырмаған
жағдайда заңнамалардағы басқа нормалардың өздері күшіне ене алтындай болуы.
Бұл нормаларды толықтаушы нормалар деп те атасақ болады. Мұндай нормаларды
көбіне мүліктік айналымдағы шарттық қатынастарда жиі кездестіреміз.
Диспозитивтік нормалардың ерекшелігіде осында, яғни егер шартпен
қарстырылмаса деген ережеге сәйкес заң нормалары қажет болғанда өз
қызметтерін жүзеге асыра бастайды.
Азаматтық заңнамадағы императивті нормалар өзінің қалыпты
мазмұнынымен көпшілікке міндетті болып қалыптасады. Мысалы: субьектілердің
құқықтық жағдайын анықтағанда, азаматтық құқықтық қатынастардың
обьектілерінің режимінде, заттық құқықтың мазмұны императивті нормалардан
қалыптасады. Азаматтық заңнаманың құрамына кіретін нормативті актілердің
жиынтығы заңнамалардың ішіндегі басымдылығын көруге болады. Оның осындай
салмағыазаматтық-құқықтық реттеудің пәнінің қиындығы мен кеңдігінде.
Заңдарға көп мөлшерде өзгерістер мен толықтырулар көптпе енетін болса
оны қайта редакциялап баспадан шығару керек, ал ескісі өз інің күшін
жоғалтады. Заңнаманы жүйелеудің бірден бір әдісі, ол заңдарды
кодификациялау, бұл жағдайда ескі заңдардың күші жойылады. Кодекстің
ерекшелігі, оның белгілі бір жүйе бойынша қолданылатын саланың ерекшелігіне
байланысты жалпы ережелер қалыптастырылып, тиісті саланың негізгі
заңнамасына айналтындығында.
Азаматтық құқықта кодификация жалпы(салалық) немесе жеке сипатта
болуы мүмкүн. Біріншісінде, Азаматтық кодексте осы құқық саласының негізгі
нормалары мен институттарын қамтиды.
Екіншісінде, кодекс түрінде қабылданып, тек кішігірім топтардың қоғамдық
қатынастарын реттеуге арналған болуы мүмкүн. Мысалы: ҚР еңбек кодексі,
орман кодексі, су кодексі т.б.
Азамттық құқықтың нормалары дифференцияланып баптарда орналасқан, осы
баптар азаматтық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Ал үкіметтің
орындаушы органдары заңшығарушы бола алмайды, олардың нормативтік
актілерінің тек заң күші болады. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары
заңдарда және заң күші бар нормативтік актілерде қалыптасады екен. Бұл
нормативтік актілердің барлығы өзінің заң күшіне қарап ирархиялық жүйе
бойынша орналасады. Қаншалықты актінің күші көп болса оның жүйедегі орыны
жоғары болады. Мұндай азаматтық заңнамалардың орналасуы тек теориялық емес
тәжірибелік маңызына сәйкес келеді. Азаматтық заңнамының нормативтік
актілерінің көптігне орай кеде мір мәселені әр түрлі нормалармен шешуге
тура келетін жағдайлар болады. Ол кезде заңды күші жоғары тұрған нормалар
қолданылады. Мысалы: қонақ үйлерде тұрғындардың бағалы заттары мен ақшалары
жоғалған жағдайда жауапкершілікте болмаймыз деген бір жақты ескертпесі
азаматтық кодексте көрсетілген нормаларға қарама қайшы келеді, әрине мұндай
жағдайда біз қонақ үйдің ескертпесіне емес, тек азаматтық кодектің
нормаларына сүйенуге міндеттіміз.
Еліміз егемендік алып құқықтық мемлекетті қалыптастыра бастаған
кезеңдерде советтік заңнамаларды қатар қолданған кездер болды. Мұндайда
заңнамалар саяси бағыттарға бейімделіп, жаңара бастаған болатын.

1.4 Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің
заңды күшіне енуін ресми жариялау

Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, әдетте азаматтық заңнамалар
болып ирархиялық қағида бойынша белгілі бір жүйені құрайды. Бұл жүйенің
мазмұны барлық нормативтік актілер мен заңдардан жоғары тұратын күші бар
Конституцияның нормаларымен анықталып қойған.
Азаматтық құқықтық актілер өзінің заң күшіне байланысты үш топқа
бөлінеді.
-заңшығарушы болып табылатын Парламенттің қабылдаған жоғарғы заң күші
бар заңдар мен нормативтік актілер;
-заң күші бар Президенттің жарлықтары мен Үкіметтің қаулылары;
-министрліктер мен ведмствалардың, атқарушы органдардың шығарған
нормативтік-құқықтық актілері;
Аталған топтағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілер өздерінің
өкілетті органдары арқылы заң күші анықталады. Заңнамаларды қалыптастыру
тәртібінің сақталуына байланысты, азаматтық заңнаманың нақты,
қарамақайшылықсыз жүйеге айландырып, кездесетін заңдардағы көптеген
жағдайларды шешуде қажет.
Азматтық құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастарды реттеуде
азаматтық-құқықтық нормативтік актілер арқылы жүзеге асды. Көп жылдық
тәжірибе көрсеткендей заң күші бар нормативтік актілер тұрақсыз болып
келеді, өйткеі мүліктік және мүліктік емес қатынастардың даму динамикасы
өте тез қарқындауда. Осындай әлеуметтік-экономикалық тұрақсыз жағдайларда
азаматтық заңдарда өзгертулер мен толықтыруларға толып жатыр.
Жалпы теориялық негіздерге байланысты азаматтық заңдар мен олардың
мәтіні міндетті түрде жарялануды қажет етеді. Яғни заң шығарушы азаматтық
нормалардың жариялық сипатын осылай көрсетеді. Ал енді біз жалпы азаматтық
заңдар мен нормативтік актілерді жаиялаудың жалпы ережсін қарастырамыз.
Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары
мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресими
жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы және Қазақстан Республикасының
Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми
басылымдар болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай
құқық алған мерзімді баспа басылымдарда жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілерді ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды
баспа басылымдары ҚР Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын
мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге
асырады.
Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми
жарияланымдары пайдаланылуы тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми
жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларын жариялау ҚР бүкіл аумағында таратылатын
мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Кейбір заңдарда тікелей оның заң күшіне ену тәртібі көрсетіліп қояды.
Ондай тәртіптер мысалы: жаңа заңның қабылдануын немесе жалпы қалыптасқан
мерзімдерден кеш мерзімді қарастыруы мүмкүн. Кейбір заңнамаларға өзгеріс
енгізетін кодекстер мен маңызды заңдар қабылданғанда кіріспе заңдар
қабылдануы мүмкүн. Мысалы: Қазақстан қатысатын халықаралық шарттарды,
ратификациялайтын заң шыққаннан кейін күшіне енеді.
Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу үшін жарияланған жергілікті
атқарушы органдардың мәтіні мінжетті түрде жарияланбасада кейбіреулерін
міндетті мемлкеттік тіркеуден өткізу қажет болад. Егер нормативтік
актілердің мазмұнында мемлкеттік құпия сақталатын жағдайлар қарастырылса
көпшілікке жарияланбайды. Заңдардың көпшілікке жариялану талабы олардың заң
күшіне енудің тағы бір міндеті, өйткені тиісті ақпарат құралдарында
жарияланбаған нормаивтік актілердегі құқықтар мен міндеттері азаматтық
дауларды қарауда қолдана алмаймыз.
Соңғы кездері қабылданған жаңа зан мәтіндерінде ескі заңның күшін
жоятындығы туралы нормалар қалыптасытыруды қойды, бірақ бұл жалпы заңдардың
қабылдану талаптарының бұзылғандығы емес.

1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың
кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі.

Азаматтық заң құжаттарының кері күші болмайды және өздері күшіне
енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заң
құжаттарының заңдық күші өздері күшіне енгізілгенге дейін пайда болған
қатынастарға бұл оларда тікелей көзделген реттерде қолданылады.
Бұл нормалар барлық дамыған елдерде қалптасқан, заңның ерекше бөлімі
қабылдануымен азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге
байланысты нормалар кодекс қабылданғанға дейін үш жыл бұрын болған жағдайға
да қатыстылығы бар екендігін айтады. Бұл заңмен салымшылардың мүддесіне
қатысты жағдайларды да қарастырған. Мұндай тәртіп заң күші бар гормативтік
актілерге қатысты екендігі айтылып кеткен.
Басқа жағдай егер азамттық құқықтық қатынастар ұзағынан болған
кездері: Мысалы, егер заң белгілі бір талап бойынша мерзімнің ұзақтығы оның
әрекет етуіне дейін өзгерсе, ал сотқа заң қабылданғаннан кейін талаптанатын
болса қай заң нормалары қолданылады деген сұрақ туындайды. Бұл жағдайда
ережелерге сәйкес құқықтық қатынастардың негізі есі заң нормаларымен пайда
болғандығы танылып, қолданыстағы жаңа заң нормалары бойынша шешіледі.
Ал шарттарға қатысты жағдайларда шарт жасасқан тараптардың құқықтары
мен міндеттері сол қалыпында қалады, яғни дау-дамай туындағанда шарт
мазмұны бойынша ескі заң тәртібі қолданылады. Осылайша заңшығарушылар
азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде тараптардың мүддесі үшін қызмет
етеді.
Ал енді азаматтық заңнамалардың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі
туралы айтатын болсақ, бұл жағдайдың да өзіне тән ерекшеліктері мен
қалыптасқан заңдылықтары бар.
Айтлып кеткендей азаматтық заңнама Қазақстанның барлық
терртиториясында қолданылады. Мүліктік айналымға байланысты тек Үкіметтің
шығарған арнайы заңы бойынша азаматтардың өмірі мен денсаулығына, табиғатты
қорғау мен мәдени құндылықтарға байланысты территориялық шектеулер қоюы
мүмкүн.
Азаматтық заңнамалардың ережелері Қазақстан азаматтарына, заңды
тұлғаларға және құқықтық-жария құрылымдарға қолданылады. Сонымен қатар
азаматтық заңнама шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтарға, шет ел
заңды тұлғаларына қатысты. Сонымен қатар Қазақстандық субьектілер мен шет
ел контрагенттерімен халықаралық құқық нормаларын қолдана алады.
Заңшығарушының кейбір салалар бойынша заңдарды қолдануға тиім салу құқығы
бар. Бұл ережелер заң күші бар нормативтік актілерге де қатысты бола алады.

1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану ( заңдардың ұқсастығына қарай
қолданылуы )
Азаматтық қатынастардың қмындығы мен ауқымдылығы кей жағдайларда
азаматтық заңнамалармаен реттей алмайтын жағдайларды туындаттырады.
Азаматтық шарттармен азаматтық айналымдағы әдет-ғұрып ережелерімен шеше
алмайтын заңдардағы олқылықтар болған жағдайда біз заңдардың ұқсатығы
бойынша нормалрды қолдану азаматтық заңмен рұқсат берілген.Заңдардың
ұқсастығына қарай қолднудың өз ерекше талптары да қалыптасқан.
Біріншіден, мүліктік қатынастардағы салт-дәстүрді қосқанда, заң
құралдарымен қарастырылмаған және толықтырылмаған заңдағы олқылықтар болса;
Екіншіден, ұқсас қатынастарды реттейтін заң болатын болса.
Үшіншіден, реттелетін қатынастарға қолданылатын заң оның маңызына
қарамақайшы келмеу қажет. Мысалы, мәмілелер туралы ережені жеке мүліктік
емес қатынастарға қолдана алмаймыз.
Заңнан сілтеме жасау аналогияға жатпайды. Мысалы, шектеулі
жауапкерілігі бар қоғамның статусы туралы ережені қосымша жауакершілігі
барына қолдана алмаймыз, өйткені бұл жерде заңдағы олқылықтар туралы емес,
реттеу әдісі мен ерекше заңи-техникалық тәсіл туралы айтылады.
Белгелі бір қатынастар үшін ұқсас құқықтық реттеу қалыптаспаған
жағдайда құқықтардың ұқсастығы қолданылады. Оның маңызы құқықтық ретеу
қалыптаспағанда, тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтауда азаматтық
заңнама бастауларын маңызы мен әділдік, ақылдылық, адамгершілік талаптарына
сай болуында. Азаматтық заңнаманың бастаулары ретінде азаматтық-құқықтық
реттеудің негізгі қағидаларын, ал мақсаты ретінде азаматтық құқықтың пәні
мен әдістерін анықтауда салалық ерекшеліктерді айтамыз.
Азаматтық заңнамалардың ұқсастығына байланысты қолданылуы сот
тәжірибесінде өте сирек кездеседі.

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер)
Заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы
Конститутциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі қағидалар мен
нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан
Республикасы Конститутциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген
жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік
құқықтық акті. Ал заңдар-белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік
құқықтық актілердің жиынтығы.
Барлық номативтік актілер өзінің заң күшіне байланысты заңдар мен
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге бөлінеді; оларға заң актілері
болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заң
актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған өзгеде
нормативтік құқықтық актілер жатады.
Конситутциялық заңдардың ішінде жоғарғы заң күшін ҚР Конститутциясы
иеленеді. Ата заңымыз көптеген құқық салаларының негізін қалайтын
нормалардын тұрады. Олардың ішінде азаматтық құқықтың да нормалары бар.
Қазақстан Республикасының территориясында меншік қатынастарын
азаматтық құқықтық реттеудің негіздері Конституцияда қалыптастырылған. Онда
азаматтық-құқықтық мүліктік емес жеке құқықтардың да негізі көрсетілген,
оларға: азматтың ар-ожданы мен қадір қасиеті, оның босатындығы мен жеке
өміріне қол сұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия, хат алысу құпиясы,
телефонмен сөйлесу, пошталық және телеграфтық хабарламаларға, тұрғын үйге
қол сұқпаушылық.
Азаматтық заңнамалар жүйесінің ішінде салалық кодификацияланған
салалық нормативтік актілердің түрі ретінде ерекше орын Азаматтық кодекске
беріледі. Азаматтық кодекс- азаматтық құқықтың негізін қалаушы қайнар көз.
Қазақстан Республикасының азамттық заңдарына- Азаматтық кодекстен,
Қазақстан Республикасының оған сәйкес қалданған заңдарынан, Қазақстан
Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарынан, Прламенттің
қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң
актілерінен), Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған
қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан,
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық
кодекстің 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, азаматтық
құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілернде қамытылған нормаларды
Азаматтық кодекстің ережелеріне қайшы келгенде осы кодекстің ережелері
қолданылады.
Банктер мен астық қабылдау кәсіпорындарының құрылуына, қайта
ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметін бақылау мен
оны аудиторлық тексеруге, асытық қабылдау кәсіпорындарының қызметін
бақылауға, банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиялауға, астық
қабылдау кәсіпорындарының қойма куәліктерімен операцияларды жүзеге асыруға
байланысты қатынастар банк қызметін және астық қабылдау кәсіпорындарының
қызметін реттейтін заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде Азаматтық
кодекспен реттеледі.
Нарық жағдайында банктер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар,
клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, оның ішінде іскерлік қызмет
өрісіндегіәдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып
жүрген азаматтық заңдармен реттеледі. Ал министрліктер мен орталық атқарушы
органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды
реттейтін актілер шығара алады. Ше ел азаматтыр мен азаматтығы жоқ
азаматтар Азаматтық кодекстегі көзделген азаматтардың құқықтарын мен
міндеттеріне азаматтық қатынастарға түске кезден бастап ие болады. Егер
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер
белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық
шарттан оны қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілген басқа
жағдайларды, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы ьолып
табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылы 27 желтоқсанда
№269-ХІІІ (жалпы бөлімі), 1999 жылы 1 шілдеде №-409-І (ерекше бөлімі)
қабылданды. Қазіргі таңда кодекске көптеген өзгертулер мен толықтырулар
енгізілді.
Азаматтық заңдардың бастаулары болып-азаматтық заңдар өздері
реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты,
шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болсада озбырлықпен араласына жол
бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру,
рұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды қорғауын
қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделген. Азаматтар мен заңды тұлғалар
өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және мүддесін көздей отырып ие
болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары
мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген
жағдайларын белгілеуде ерікті.
Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
емін-еркін орын аусытырып және айналысқа түсіп отырады. Егер қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени
қазыналады сақтау үшін қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлар мен
қызметтің орын ауыстыруына шектеулер енгізіледі.
Азаматтық заңдарды қолдану үшін ең маңызды азаматтық құқықтық
қатынастар туралы толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйес
Aзaмaттық құқықтық зaңнaмaдaғы зaңды тұлғaнының түcінігі мeн мәні
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Азаматтық құқық бастаулары
Азаматтық құқық нормалары
Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпарат
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Нормативтік құқықтық актілердің белгілері
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер