Қаржылық есеп беру



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I.Қаржылық есеп беру
1.1.Қаржылық есепберу құрамы мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қаржылық есепке қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

II.Негізгі қаржылық есептер
2.1. Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Бухгалтерік есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3. Ақша қаражатының қозғалыс есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

III Халықаралық қаржылық есеп стандарттары
3.1.Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 3.2.Қазақстанда бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту жəне жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
• Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
• Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
• Жергілікті қаржы органдарына;
• Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
8. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі
10. http://www.massagan.com/downloads/downloadfile.php?fileid=1618
11.www.afn.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...3

I.Қаржылық есеп беру
1.1.Қаржылық есепберу құрамы мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қаржылық есепке қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

II.Негізгі қаржылық есептер
2.1. Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Бухгалтерік есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3. Ақша қаражатының қозғалыс есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

III Халықаралық қаржылық есеп стандарттары
3.1.Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына
көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 23
3.2.Қазақстанда бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін
дамыту жəне
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол
жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-
шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде
сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі
және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер,
ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат
ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын
бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы
органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға
қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін
пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық
салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан
статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау
тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз
құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі
резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа
жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға
қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай
жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай
қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем
қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің
айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның
қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан
капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа
қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы
талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал
барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық
жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда,
тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне
қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің
мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
• Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық
құжаттарға сәйкесті органдар;
• Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
• Жергілікті қаржы органдарына;
• Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол
қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-
экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы
ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

1.1 Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық
қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер
жүйесіШаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп
беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады.
Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы
болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және
қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын
және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын , баланстың
өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың
(яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым)
құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті
қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп
беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша
толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу
дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым
өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының
мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді
пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға
болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында
жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтаү
кезінде өте маңызды болмақ.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы
нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру
экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе
алмайды. Өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп
беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі
мен жыл ұстасуы;
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.

1. Бухгалтерлік баланстан;
2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
3. Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан сондай ақ басқа да
қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе
солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын
қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар
құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы
бухгалтерлік есептің тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір
есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып
табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржылық
жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген
есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.
Баланс Актив, яғни субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және
жеке мүліктік игіліктері мен құқық және пассив, яғни жеке меншік капитал
мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.
Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің
бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін
көрсетеді:
• Активті;
• Жеке меншік капитал және міндеттемелер;
• Қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте көрініс табады.
Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды
көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл
деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.
ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа
формасы № 3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп формасы болып
табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және
шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық
қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа
да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру
мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген
талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат
тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет.
Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті
тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы
есептің негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық негізі ретінде қабылданған
БҰҰ-ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі бір принциптері мен
талаптарына сәйкес келуі керек.
ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен
кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік
принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан
кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар
мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері
туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап
емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік
және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі
өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер
қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу
единицасы – мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап
беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі
календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық
есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап
31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр
жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға
ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген
тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.
Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі
елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті
қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне
тиістілі рөлін – тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы
туралы толық та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп
жасауға міндетті.
Түсініктеме хат.
БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік хат та кіргізілген.
Оның құрылымы экономика саласының ерекшеліктерін ескере отырып
қарастырылуы қажет. Түсінік хаттың бір басты мақсаты – бүкіл бухгалтерлік
есеп ақпаратын пайдаланушылар алдында кәсіпорын қызметінде орын алған
проблемаларды анықтау, айналыс құралдарының айналысының кеміп кетуін айту,
рентабельділіктің тмендеуі мен жоспардың орындалмау себептерін негіздеу.
Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары :
1. Ішкі
2. Сыртқы
Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді :
1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар .
2. Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар .
Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар
:
1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар .
2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
3. Сатып алушылар .
Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар :1.
Салық органдары
2. Реттеуші органдар
3. Статистикалық органдар
4. Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар тобы және т.б.

1.2 Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың ,
өкілдіктердің , бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да
құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоас
алғанда , мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін
қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша
жасалад. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру
құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорның қаржы – шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарның қозғалысы
туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің
батырмасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру
басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы
мүмкін.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар : көрсеткіштердің
қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және
талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы
көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың
осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны мекеменің
басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы
жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып
табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық
есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге
негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге
оқылатын болады.

Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары :
1. Түсініктілік - қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға
түсінікті болуға тиіс.
2. Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды
бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге
ықпал ету.
3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ
екендігіне шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы көрсету – сенімділікті қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық
жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы және тағы басқа
операцияларды шынайы көрсетуі тиіс.
5. Мәннің формадан артықшылығы – операциялар мен басқа оқиғаларды
шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес
есептеп ұсынуы қажет.
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін
қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен
шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық
деңгейін ұстау.
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық
есептердегі ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған
жағдайда өзінің орындалғандығын жоғалтуы мүмкін.
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс – ақпараттан алынатын пайда, оны
алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс - қаржылық есеп беру тепе –
теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық
есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы
маңыздлығын анықтайды.
12. Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік есептің сәйкес
стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында
ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.
Шаруашылық субъектілері тоқсандқ және жылдық қаржылық есептемені
құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық
инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші
банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде
басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық
есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы
есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені
жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және
әлеуетті инвесторлар , кредиторлар , жеткізушілер , қызметкерлер , сондай –
ақ министрліктер , ведомстволар және жұртшылық жатады .
Кәсіпорынның , ұйымның , мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі
пайдаланушылар , сатып алушылар , жеткізушілер , инвесторлар , биржалар ,
банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады .
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар ,
банктер , сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде ,
журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті . Жарияланатын
қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын
тәуелсіз аудитор растауы тиіс .
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда , сондай – ақ
Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен
бірінің басиамасы бойынша жүргізіледі .

2.1 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын
қамтамасыз ету үшін “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы”
Заңға , “Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” бухгалтерлік есептің
стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті
.
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның
әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді
жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік
жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
- субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай – ақ
шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;
- материалды – жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау – тапсыру күні);
- талан – тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай – ақ
құндылықтар бүлдірілгенде – мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде,
бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда
(қайта ұйымдастыруда) ;
- негізгі құралдарды және тауарлы – материалдық қорларын қайта
бағалауда – субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және
Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар .
Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар – жоқтығын және
заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал – сайман ,
құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін
анықтау ; құрылыс – монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар
– жоғы анықталуы керек ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс
объектілерінің жағдайын анықтайды .
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай
жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен
және қатаң есеп берумен банктерді полистік ( сақтандыру куәлігі ) қайта
есептеумен түгендейді .Түгендеу нәтижесін жеке “Қолда бар ақшаны түгендеу
актісімен” рәсімдейді .
Кассадан түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен
әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес
жүзеге асырылады . Кассаны түгендеу , қатаң есеп барумен құжаттар және
бланкілерді (әуе – және теміржол билеттері , жанар – жағай май ( бензин )
талондарын және т.б. ) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің
қатысуымен кенеттен болады . Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта
есептеліп , кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі . Түгендеу
басталғанша ( бірнеше касса ) оларға сүргі салынады , яғни мөрленеді .
Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық
кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек . Кассирден барлық
кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген ,
есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ , деген қолхат алынады . Ақша қайта
есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады .
Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен
салыстырылады . Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің
түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект
басшысының қарары жазылады .
Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет : кассирмен толық
материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме , касса талапқа
сай жарақталған ба , сейф кілттерінің дубликат ( көшірме нұсқасы ) қайда
сақталады .
- есеп беруші тұлғалармен есеп айрысу - Қазақстан Республикасы заңында
белгіленген іс сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына ,
субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық ,
өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру
негіздемесінің дұрыстығын тексереді .Ақшалай қаражатты беру және шығын
кәсіпорындардағы 24 “ Шығын кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есеп
беруі” Стандартына сәйкес тексеріледі ;
- кредиттерді алу және өтеу бойынша ба айырысу нкпен есеп– тексеру
барысында ағымдық , корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға
тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады
.Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне (
кредиттік келісімшартпен анықталады) сәйкес көрсетіледі;
- сатып алушылар және тапсырыс берушілермен , жабдықтаушылар және
мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес
тексереді . Мынаны есте ұстау керек : талап қою мерзімі 3 жылды құрайды.
Талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру ( қарызды төлеу
мерзімін өткізіп алу ) сәтінен басталады . Талап қою мерзімі біткен (өтіп
кеткен ) дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв
есебінен есептен шығарылады (БЕС 5 “Табыс” және оған әдістемелік ұсыныс
болып табылатын “Күмәнді қарыздар бойынша пайда болған резерв” ) немесе
резерв құрлмаған болса , онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып ,
салық салғанда түзетуге кіреді
- еңбекақы бойынша субъектінің қызметкерге берешегі – комиссия
істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы білдіреді
- есептеудің дұрыстығы , мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері
жинақтаушы зейнетақы үшін ұсталымдар , сондай -ақ бұлардың бухгалтерлік
есеп шоттарында көрініс табуы ;
- алдағы кезең шығындары - құжат бойынша шотта көрініс табатын сома ,
сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді ;
- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар
сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша .
Инвестицияны түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын
құжаттар , олардың дұрыс ресімделуі , құнды қағаз балансында ескерілген
құнның нақтылығы ,уақтылығы және қағаз бойынша алынған табыстардың
бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді түгендеу олардың есепте дұрыс әрі уақтылы
көрініс табуы , субъектінің оны пайдалану құқын растайтын ( патент ,
лицензия , тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы
тексеріледі .
Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актілерінің қолда бар
болуы және уақтылы жасалынуы , олардың бастапқы құны , амортизациялық
аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер
көрсетіледі .
Қаржылық есеп беру – субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық
ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар
субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді .

2.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Халық шаруашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны
ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына
дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін,
экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын
әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс
процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе
қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға
деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы
жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық
өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып
табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық
шауашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай
есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында
болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын,
әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын
талаптардың өсіп,міндеттердің артып отырғандағы бухгалтерлік есептің
тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда
болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы
шаруашылық оперцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп
біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал
біздің заманымызға дейінгі II ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен
шығындар есептеліп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған.
Бухгалтерлік есеп — барлық шаруашылық істерді түгелдей, үздіксіз және
құжатты түрде мүліктің жағдайын, ұйымның міндеттемелерін және олардың
өзгеруін (ақшаның қозғалысын) жинау, тіркеу және мәліметті ақшалай түрде
топтастыру.
Бухгалтерлік есептің объектісі болып ұйымның мүлігі, олардың міндеттемелері
және өзінің қарекет етуі кезіндегі ұйымның шаруашылық жұмыстары.
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны:
Бухгалтерлік есепті пайдаланатын ішкі - басшыларға, ұйымдастырушыға,
мүшелерге және ұйым мүлкінің иесіне және сыртқы - (инвестициялаушыларға,
қарызшыларға және басқа да бухгалтерлік есептілікті қажет етушілерге
керекті ұйымның қарекеті және мүліктің жағдайы жөнінде толық әрі сенімді
мәліметтерді құрастыру; Бухгалтерлік есепті заң бойынша жүргізу; Шаруашылық
қарекеттердің теріс нәтиже бермеуін және ішкі шаруашылық қорлардың қаржылай
тұрақтылықты ұстауын қадағалау.
Бухгалтерлік есепті ұйымда есепші, ұйым жетекшісі және сыртқы ұйым жүргізе
алады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты
ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз
жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік
деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы
құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп
схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:
• Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның
есептік саясаты
• Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және
олардың қолтаңбаларының үлгісі
• Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде
көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын
беруі туралы бұйрық жобасы
• Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
• Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі
туралы Ереже
• Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
• Типтік шаруашылық шарттар альбомы
• Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
• Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
• Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
• Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
• Өзге де құжаттар

Бухгалтерлік есепті жүргізу
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың
қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды
біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және
жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект
мыналарды қамтамасыз ету керек:
• есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және
активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған
саясатының айнымас болуын
• есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында
толық көрсетілуін
• есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін
Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне
мына қызмет түрлері кіреді:
• бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс
рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
• жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-
фактураларды өңдеу және ұсыну
• ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті
төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
• барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік
есептерін жүргізу
• банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін,
кадрлық құжаттарды өңдеу
• типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу
• есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу
• жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу
• тіркелген активтерді есептеу
• жалақыларды есептеу
• ішкі қаржы есептерін жасау
• барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау.
• бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру
Оның мәні келесідей – толық немесе жарым жартылай берілген бастапқы
құжаттар негізінде синтездік, аналитикалық және салық регистрларын, ұйым
есептіліктерін қалпына келтіру. Ол бастапқы құжаттар ұйымның көшуі немесе
бухгалтерлерді ауыстыруға байланысты, кәсіпорынның белгілі бір жұмыс
кезеңінде есепті дұрыс жүргізбеуіне және т.с.с. байланысты жоғалуы мүмкін.
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру процедурасы қолда бар бастапқы
құжаттар бойынша синтездік және аналитикалық бухгалтерлік және салық
регистрларын, және сонымен қатар өткен уақыт кезеңдері бойынша ұйым
есептілігін жандандыруға мүмкіндік береді. Салықты азайту схемаларын
(сұлбаларын) пайдалана отырып барлық есеп регистрлары қалпына келтіріледі
және жасалады, тоқсан және жылдық есептілігі түзіліп, салық инспекциясына
тапсырылады, ары қарай бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар
беріледі.

2.3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер

Ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы
ақша кіреді.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары
сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа
мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың
баламаларының түсімдері және төлемдері.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі
және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын
ұзақ мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Есеп берудің мәліметтері
Пәндер