Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне қаржылық талдау жүргізу («Мөлдір су» ЖШС мысалында)



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ . МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... 5

1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қажетті айналым қаражаттарын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ...8

2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ («МӨЛДІР СУ» ЖШС МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ...12
2.2 ЖШС «Мөлдір су» капиталын басқарудың жалпы қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қосымшалар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ – МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5

1.1 Айналым капиталының мәні және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қажетті айналым қаражаттарын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Айналым капиталы тиімділігін анықтау
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... .8

2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
ЖҮРГІЗУ (МӨЛДІР СУ ЖШС
МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.1 Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін
талдау ... ... ... ... ... ...12
2.2 ЖШС Мөлдір су капиталын басқарудың жалпы қаржылық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Кәсіпорынның айналым басқару тиімділігін көтеру жолдарын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...26

Қосымшалар

Кіріспе

Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт –
қолда бар айналым қаражаттарының болуы, яғни капиталдың болуы.
Капитал – бұл даму үрдісімен тығыз байланысты ұғым және
айналымда оған ұқсайтын құбылыс болмайды. Бұл ұғым өзінің бойына
тек дамумен ғана байланыстыратын экономикалық қырын сіңірген.
Айналым капиталы дегеніміз – өндірістік айналым қорлары мен айналыс
қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін
алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік
қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек
заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс үдерісіне қатысып, олардың құны
өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын
сұрайды. Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің
айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз
байланыста болады.
Айналым капиталы өндіріс және айналыс өрісінде пайдаланылып, жабдықтау,
өндіру, өткізу сияқты үш кезеңнен өтеді және осы кезеңдер ішінде әр түрлі
табиғи күйге енеді.
Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын
қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда
кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз ете алмайды
және т.с.с. басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.
Кәсіпорын айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген
себептердің ықпалымен өзгеріпте отырады. Әрбір нақты кәсіпорында
капиталдың шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаттағы
күрделігіне, өндіріс кезеңінін ұзақтығына оларды жеткізу жағдайы және
т. б. байланысты болады. Кәсіпорында айналым капиталын қажеттілігін
анықтау және олардың қалыптасу көздерін табу айналым капиталын
басқару болып табылады
Курстық жұмыстың тақырыбы: Кәсіпорын капиталын басқару
Курстық жұмыстың өзектілігі: Айналым капиталы өндірістік үдерісте
келешекте қажет өндірістік запастар мен аяқталмаған өндіріс өніміне, ал
айналыс үдерісінде дайын өнімдер мен қаражат түрлеріне ауысып отырады.
Бірлік айналымның ұзақтығы өндіріс пен айналыстың жиынтық уақытына тең.
Өндіріс және айналыс өрісіндегі бірлік айналымның ұзақтығына кәсіпорынның
өндіріс - шаруашылық қызметіне қажет айналым капиталының шамасы тәуелді
болып келеді. Қаржылар бір түрден екіншісіне неғұрлым жылдам өтіп, айналым
тез жүрген сайын, қажетті айналым капиталының жалпы сомасы солғұрлым
төмендей түседі. Айналым капиталын басқару айналым капиталының өте аз
көлеміндегі өндірістік үдерістің үздіксіздігі мен өнімді өткізуді
қамтамасыз етуге негізделген. Бұл дегеніміз - кәсіпорынның айналым капиталы
бүкіл айналым сатыларында міндетті түрде ең аз мөлшерде, бірақ жеткілікті
көлемде болуы тиіс дегенді білдіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кәсіпорын капиталын басқару барысында,
Мөлдір су ЖШС мысалында талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бірінші, екінші бөлімнен және қорытынды мен
қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде: Кәсіпорын капиталын басқарудың теориялық-методоло-
гиялықлық негіздері және капиталдың құрылымы сипатталады.
Екінші бөлімінде: Мөлдір су ЖШС-ның капиталды басқарудағы қаржылық
жағдайына талдау жүргізіледі.
Талдаған курстық жұмыстың міндеттері:
- Қажетті айналым капиталын анықтау;
- Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау;
- Кәсіпорын капиталының көтеру жолдарын дамыту;
Курстық жұмыста осылар талқыланады.

1 Кәсіпорынның айналым капиталын басқарудың теориялық -методологиялық
негіздері

1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы

Айналым капиталы (айналым құралдары) – бұл кәсіпорынның активтері,
ағымдағы қызметтің қамтамасыз етуімен жиі анықталып отыратын және айналым
ұзақтығы кем дегенде бір жыл немесе бір өндірістік цикл болатын салымдар.
“Капитал” термині отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде бірнеше рет
кездескен. Капитал негізінен келесі салаларда кеңірек қолданылды делінеді:
біріншіден – бухгалтерлер арасында, екіншіден – экономистер арасында.
Бірінші саладағы қолданылатын капитал – бұл кәсіпорынның жеке
меншігінде, яғни баланста акционерлік капитал, эмиссиялық кіріс және
бөлінбеген пайда түрінде көрсетілетін капиталды айтады. Капитал үлесі
фирманың өзіндік құны және олардың үшінші жақтың алдындағы (кредиторлар,
мемлекет, жеке жұмысшылар және т.б.) берешек айырмасын айтады. Есепте
қандай бағалардың қолданылуына байланысты (есептік немесе нарықтық) капитал
үлесі (мөлшері) де әр түрлі болуы мүмкін. Екінші салада қолданылатын
“капитал” түсінігін кәсіпорынның материалдық активтері (негізгі
құралдар,түгендеу және т.б.) ұғынылады.
Осы екі саладағы капитал ұзақ мерзімді қаражат көздері немесе “капитал”
термині қаржыландыру көздері сияқты активтерге де қолданылуы мүмкін. Соңғы
жағдайды ескере келе “пассивті капитал” жайында, яғни оны меншікті және
тартылған (заемдық), сонымен қатар “активті капитал” жайында, оны негізгі
капитал (ұзақ мерзімді активтер, аяқталмаған құрылысты қоса) және айналым
капиталы (мұнда барлық қалған айналым құралдары жатады) деп бөледі.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда
бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары –
бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік
процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай
қаражаттарының жинтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік
процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен
анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын
негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік
кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын
тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп - барлық жиынтығындағы олардың
бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым
қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы
кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық
берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған
өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық
берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және
оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді
сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер
айналымындағы айналым қаражаттарының оқшауланғанын, сату мөлшерінің,
сонымен бірге пайданың азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарды айналым
қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты
мақсатқа айналғаны жөн.
Кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз және көптеген
себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым
қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен
күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және
т.б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың
өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс
кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен.
Кәсіпорындарда айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың
құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу,
айналым қаражаттарын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен
негізгі материалдар, отын, қосалқы матариалдар, тез тозатын аспаптар және
басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың
есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде
кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын
өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының
айрықша назар аударғаны жөн.
Осы бөлімде капиталға жалпы түсініктеме беріліп өтті, сонымен қатар
құрамы мен құрылымы ашылып өтті.

1.2 Қажетті айналым қаражаттарын анықтау

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін
дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған
пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді.
Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы
жағдайына, өндіріс процесінің іркелісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан
өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының
көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын
жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның
өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда
қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде
шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін
есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары
өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу
ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы
және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар
және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі иәселелерді
жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген
жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған
күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай
қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның
қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір
бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты
өндірістік босалқы қоларды сатып алу үшін жұмсалады.
Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның
төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық
көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес,
сонымен бірге алдағы есеп айырысудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде
түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын
қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер,
несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына
мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды
қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы
болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады.
Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында
түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған
жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
- жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға,
зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
қорына аударым жарнасы;
- ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ
жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге
берешегі;
- аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
- салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен
құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Осы бөлімде қор қайтарымдылығының өсу факторлары және қалыптасу көздері
қарастырылды.

1.3 Айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері

Айналым құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігі корпорацияның өз
қызметін жүзеге асырудың пайдалы нәтижесінде көрініс табады. Ол айналым
көрсеткіштерімен анықталады.
Айналым құралдарының тиімділігі экономикалық көрсеткіштер жүйесімен
бейнеленеді.
Айналым құралдарының айналымдылығы деп айналым құралдарының ақшалай
формада өндірістік қорларға айналғанша және дайын өнім болып шыққан және
өткізілген уақытқа дейінгі құралдардың толық бір айналымы (шеңбері)
түсіндіріледі.
Құралдардың айналымдылығы корпорацияның есебінен пайда түсуімен
байланысты.
Айналым құралдарының айналымдығы өзара байланысты көрсеткіштермен
бейнеленеді: бір айналымның ұзақтығы – күнмен, белгілі бір кезеңдегі
айналымдар саны – жыл, жарты жыл, кварталмен (айналымдылық коэффициенті),
өндірістен алған айналым құралдары (тиеп жіберу коэффициенті).
Айналым құралдарының бір айналымның ұзақтығы күнге (О) есептеледі және
келесі формулада көрініс табады.
О = С : ТД
Мұндағы, С - айналым құралдарының қалдығы (орташа немесе белгілі бір
датаға);
Т – тауар өнімінің көлемі;
Д – қарастырылып отырған кезеңдегі күндер саны;
Бір айналымның ұзақтығының қысқаруы (азаюы) айналым құралдарын
қолданудың жақсарғанын көрсетеді.
Белгілі бір кезеңдегі айналымның саны, немесе айналым құралдарының
айналым коэффициенті (Ко) келесі формуламен есепте:
Ко = ТС
Мысал. Бір жылда өткізу көлемі 10000 мың теңгені, ал айналым капиталы
2000 мың теңгені (Ко) = 5(10000:2000) құрады. Яғни, айналым құралдарының
әрбір теңгесі тауар өнімінің 5 теңгеден өткізіліп отырғанын немесе айналым
құралдарының барлық сомасы бір жылда 5 айналым жасағанын көріп отырмыз.
Айналым коэффициентінің (Ко) кері мөлшері тұрақтану коэффициенті деп
аталады. (Ко = 2000: 10000) = 0,2. Бұл көрсеткіш қор сыйымдылық
көрсеткішіне бір типті болып келеді. Ол айналым құралдарын 1 теңгеге қанша
өткізілуін көрсетеді.
Бұл жағдайда айналым коэффициентінің жоғары болуы, айналым құралдарын
соғұрлым тиімді қолдануға септігін тигізеді.
Айналым құралдарының тиеп жөңелту коэффициенті (Кз) айналым
коэффициенті теріс болады, ол мына формуламен анықталады:
Кз * СТ
Айналым құралдарының беріліс көрсеткіші кәсіпорынның өнімді сатудан
түскен табыстың айналым құралдарының қалдығына қатынасымен анықталады.
Айналым құралдарының босатылуы, олардың айналымдығының жеделдігімен
анықталады, абсолютті және қатысты болады.
Абсолютті босату, егер айналым құралдарының нақты қалдығы нормадан аз
немесе қарастырылып отырған кезеңдегі өткізу көлемі мен өткен кезеңдегі
қалдықтарын салыстыру болып отыр.
Қатысты босатып алу, олардың айналымдылығы жылдам (тез) жүргізілсе және
корпорацияның өндірістік бағдарламасының өсуімен қатар жүреді. Сонымен қоса
өндіріс көлемінің өсу қарқыны айналым құралдары қалдығының өсу қарқынынан
озады.
Айналым құралдарының айналымдылық жылдамдығы құралдардың қажеттісін
босатып және сол арқылы қосымша қаржылық ресурстарсыз өндіріс көлемін
ұлғайтуға әкелуі мүмкін. Ал босаған құралдарды сәйкесінше корпорацияның
тұтынуына жарату.
Айналым құралдарының бір күнде жасаған айналым ұзақтығы келесі формула
бойынша есептеледі:
Од = ДКо
Мұндағы, Д – кезеңдегі күндер саны (жыл – 360, квартал - күндер);
Біздің мысалымызда жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы мынаны
тауып отырмыз. Од = 72 күн (360:5)
Бұл формулаға Ко көрсеткішінің мәнін қойсақ, онда айналым құралдарының
айналыс шеңберінің ұзақтығын есептейтін формуланы аламыз:
Од = (Д*Со)Т
Айналым құралдарын басқару процесіндегі кейбір айналым капиталының
ұзақтығының элементтерін қарастырып өтейік.
1. Тауарлық – материалдық қорлардың айналысының ұзақтығы.
Материалдық қорлардың (шикізаттардың) дайны өнімге айналуы мен оны өткізу
үшін кеткен уақыт кезеңін бейнелейді.
Оз = (Дс*Сз)РПс
Мұндағы, Д – 360 күн;
Сз – тауарлық –материалдық құндылықтардың қорының орташа мәні;
РПс - өткізілген өнімнің өзіндік құны.
Мысал. Өткізілген өнімнің өзіндік құны – 200 мың теңге, өндірістік
қорлардың орташа қалдығы – 20 мың теңге болса, онда өндірістік қорладың
айналыс ұзақтығы 72 күн (360*20:200), яғни шикізаттардың, материалдардың,
отынның және т.б. дайын өнімге айналуына және оны өткізуге 72 күн керек.
2. Дебиторлық берешектің айналыс ұзақтығы төлемді алудағы орташа
мерзімді бейнелейді:
Одб = СдВ
Мұндағы, Сд – дебиторлық берешек;
В - өткізуден тапқан бір күндік табыс.
Мысал. Дебиторлық берешек – 30 мың теңгені, өткізуден табыс – 450
мың теңгені құрайды.
Онда дебиторлық берешектің айналыс ұзақтығы 24 күн (30:450:360), яғни
дебиторлық берешектің ақша қаражаттарына айналуы үшін – 24 күн қажет.
3. Тәулікке (күнге) есептелген ақша қаражаттарының айналымдылығы
корпорацияның өндірістік ресурстардың құнын және сатудан түскен түсімді
алған кезден бастап, яғни шикізат және жұмыс күшін, сонымен қатар
дебиторлық берешекті өтеген кезден бастап уақыт кезеңін бейнелейді.
Ақша қаражаттарының айналымдылығының ұзақтығы келесі формуламен
есептеледі:
Оден = Оз + Одб –Ок,
Мұндағы, Оз – қорлардың айналуының кезеңі;
Одб - дебиторлық берешектің айналуының кезеңі;
Ок – кредиторлық берешектің айналуының кезеңі.
Мысал. Қорлардың айналысының ұзақтығы 72 күнді құрайды, дебиторлық
берешектің айналысының ұзақтығы 22 күнді, кредиторлық берешектің
айналысының кезеңі 28 күнді құрайды. Ал ақша қаражаттарының айналымдылығы
күнге есептегенде 74 + 22 -28 =48 күнге тең болады. Бұл корпорация өндіріс
басынан бастап, 48 күн ішінде қаржыларды іздестіру керек. Әрбір корпорация
ақша қаражаттарының айналым ұзақтығын қысқарту туралы мәселені қояды, яғни
бұл қаржыландыру көздерінен алатын пайданы көбейтеді және тұтынушылық
ынтаны азайтады.
Ақша қаражаттарының айналым ұзақтығы келесі жолдармен қысқаруы мүмкін:
1. ТМҚ-дың айналым ұзақтығының қысқаруы;
2. Дебиторлық берешектің айналым ұзақтығының қысқаруы;
3. Кредиторлық берешектің айналыс кезеңін ұлғайту.
Корпорацияның айналым активтерінің маңызды элементтерінің бірі болып
дебиторлық берешек табылады. Дебиторлық берешек құрамында болатын
құралдардың жалпы сомасы келесі факторлармен анықталады:
1. несиеге (қарызға) өткізу көлемі;
2. тауарды түсіру мен ақшалай түсім алу орташа уақыт аралығындағы уақыты;

Дебиторлық берешекті ұлғайтудың түрлі амалы тартылған өзіндік немесе
қарызға алған көздердің есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Өнімді тиеп жөнелткеннен кейін қорлар өткізілген өнімге кеткен шығындар
көлеміне қысқарады (азаяды). Бұл кезде дебиторлық берешек өткізуден түскен
түсімнің сомасына көбейеді, ал есепте көрсетілген өнімнің өткізілуі
дебиторлық берешекті ңшамасы (мөлшері) көбейеді (еселенеді).
Еңбек ақыны төлеуде корпорация нақты пайда алады. Егер тауар тиеліп
жіберілген болса, бірақ келісімнің шарттарына сәйкес төленбеген, баланста
есептелген болса, ол ақысын төлемегенге дейін жүзеге аспайды.
Дебиторлық берешекті және үмітсіз қарыздардың пайда болуын болдырмау
мақсатында корпорация берешектерді пайда болу кезінен бастап, сонымен қатар
дебиторлық берешектердің 1 күндегі (тәуліктегі) көрсеткіштерін жіктеп
бақылайды. Дебиторлық берешекті басқару мақсатында дебиторлардың төлемдік
дисциплинасын талдау жүргізіледі.
Кәсіпорынның қызметі айналым құралдарының жедел және баяу айналымдығына
әкелуі мүмкін. Ол айналымның нақты көрсеткіштерін қатар қою жолымен немесе
өткен кезеңдегі күндерге сәйкес анықтау жолымен жүргізіледі.
Айналым құралдарының жедел айналымдығы үлкен мәнге ие болады. Жедел
айналымдық мәні бір айналым ұзақтығының қысқаруымен түсіндіріледі.
Кәсіпорынның айналым құралдарының сомасы арқылы көп өнім шығаруға және
өткізуге, яғни рентабельділікті жоғарылатып, көп пайда (табыс) табуға
мүмкіндік алып отыр. Осының бәрі өндірістің көбеюіне және өнімді өткізуіне,
сонымен қатар, қаржылық шығындарды минимизациялауға мүмкіндік береді.
Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету тиімділігі оларды босатып
алу көрсеткіштерімен бейнеленеді. Босатып алу абсолютті (Ва) және айналым
құралдарының (Во) қатысты түрлері ажыратылады.
Айналым құралдарын абсолютті босату жоспарда қарастырылған айналым
құралдарының сомасын қолданған кезде өндірістік бағдарламаны орындау немесе
асыра орындаған кезде болып тұрады.
Айналым құралдарын қатысты босату өзімен корпорацияның айналым
құралдарын тұтынудағы айырмашылықты бейнелейді. Ол корпорацияның есепті
жылы немесе нақты есептелген және өндірістік бағдарламаны келесі жылы
орындау немесе асыра орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы бөлімде
айналым капиталы тиімділігін анықтау көрсеткіштері, тиімділігі
қарастырылды.

2 Кәсіпорынның айналым капиталын басқару тиімділігіне қаржылық талдау
жүргізу (Мөлдір су ЖШС мысалында)

2.1 Кәсіпорын капиталын қолданудың тиімділігін талдау

Айналым капиталы және оларға қатысты саясатты қолданудың кәсіпорынның
ағымдағы қызметінің тиімділігі мен үздіксіздігі өте маңызды. Көп жағдайда
айналым активтерінің көлемінің өзгерісі қысқа мерзімді пассивтердің
өзгерісімен жүргізіледі. Соған сәйкес таза айналым капиталын басқару
саясаты, бұл айналым капиталы мен қысқа мерзімді пассивтердің айырмашылығы.

Таза айналым капиталын басқару оның мөлшері, құрылымы және компоненті
болып табылады.
Айналым капиталын құраушы көздердің негізгілерінің бірі болып
кәсіпорынның өндірістік қорлары табылады, олар өз кезегінде: шикізаттар мен
материалдарды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді және т.б. қорларды
қамтиды.
Кәсіпорын өз қаражаттарын қорларды құруға салады, өйткені қорларды
сақтау шығындары қоймадағы шығындармен байланысты, тауарлардың көнеруі және
істен шығу қаупі, сонымен қатар капитал құнымен, яғни табыс (пайда) нормасы
басқа инвестициялық мүмкіндіктер нәтижесінде алынады. Көптеген кәсіпорындар
қорлардың қалыптасуы, осы кәсіпорынның капитал салымдарының қауіп деңгейін
туғызады, сондықтан шығындарды есептеуде кәсіпорынның орташа капитал құнын
сақтайды.
Экономикалық және өндірістік-ұйымдық нәтижелер айналым активтерінің
белгілі бір түрін сақтау немесе осы активтерге тән спецификалық мәнге ие.
Мысалы, дайын өнімнің қорының көп болуы, осы өнімге сұраныстың
жетіспеушілік қаупін азайтады. Осы сияқты шикізаттар мен материалдардың
үлкен қоры кәсіпорында сәйкес қорлардың жетіспеушілігінен, өндірістің
қысқаруынан немесе басқа қымбат ауыстырушы материалдарды сатып алудан
сақтап қалады.
Шикізаттар мен материалдарды иеленуге тапсырыс көлемін және көптеген
қорлардың қалыптасуына әкеледі. Алайда, ол кәсіпорын өз жеткізушілерінен
бағалардың төмендеуіне қол жеткізсе, онда жүзеге асырылды деуге болады. Сол
себептерге байланысты кәсіпорын дайын өнімнің қажетті қорын иеленгенді
дұрыс деп санайды, бұл оған өндірісті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Осының нәтижесінде кәсіпорын өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсынады. Қаржылық
менеджердің қызметі – қорларды сақтауға байланысты шығындар туралы нәтижені
шығару және дұрыс баланс жасау болып табылады.
Дебиторлық берешек – айналым капиталының қажетті компоненті болып
табылады. Егер бір кәсіпорын екіншісіне тауарларды сатса, бұл таурлардың
құнының тез төленуін білдірмейді. Жеткізілген тауарлар үшін төленбеген
шоттар дебиторлық борыштың көп бөлігін құрайды. Дебиторлық берешектің
спецификалық элементі болып алынған вексельдер (олар коммерциялық бағалы
қағаздар) табылады. Қаржылық менеджердің дебиторлық берешекті басқару
қызметі сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі, күмәнді қарыздар бойынша
резерв, сонымен қатар сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі нақты және
потенциалды болып келеді.
Ақша құралдары және олардың эквиваленттері – айналым капиталының ең
өтімді бөлігі. Ақша құралдарына кассадағы, есеп айырысу шотындағы және
депозиттік шоттағы ақшалар жатады. Ақша құралдарының эквиваленттеріне
өтімді қысқа мерзімді қаржылық салымдар: басқа кәсіпорындардың бағалы
қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар,
жергілікті үкімет органдары шығарған құнды қағаздар жатады. Қолма-қол
ақшалар мен бағалы қағаздарды тандай отыра қаржылық менеджер алдына өндіріс
менеджері шешетін есептерді қояды. Ақша құралдарын сақтау қорының болуы,
кәсіпорынға заңда белгіленген тәртіптен бұрын қойылған тарифтерді төлеуге
мүмкіндік береді. Екінші жағынан, уақытша бос ақша құралдарының шығындары
бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді салымдар шығындарынан жоғары.
Сондықтан қаржылық менеджерге қолма-қол қаражат қоры туралы сұрақты
шешу керек.
Қысқа мерзімді пассивтер – бұл кәсіпорынның мердігерлер, жұмысшылар,
банктер, мемлекет және т.б. алдындағы шоттар бойынша төленбеген
міндеттемелері. Нарықтық экономика жағдайында ссудалардың негізгі көздері
болып коммерциялық банктер табылады. Сондықтан банктің көрсетілген
қызметтері үшін ссудалары ТМҚ-мен байланысты. Альтернативті нұсқасы болып
кәсіпорынның өз мекемеге сату, және сол үшін қарыздық міндеттеме бойынша
ақша (қаражат) алып тұру табылады. Соған сәйкес, кейбір кәсіпорындар
активтерін кепілге салу қысқа мерзімді қаржыландыру жолымен, ал екіншілері
– олардың бөлігін сату арқылы жүзеге асырылады.
1 - 2 кестеде көрсетілген компоненттердің барлығы маңызды, алайда
тиімді басқаруда маңызды орынды айналым активтері алады. Өйткені олар
кредиторлық берешекті қамтамасыз етуге қызмет көрсетеді. Кең мағынада
активтердің берешекке қатысы туралы айтуға болады. Сондықтан да айналым
құралдары және олардың құрылымы бастапқы мәнге ие. Айналым құралдары әр
түрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін, алайда маңыздысы болып өтімділігі,
көлемі және құрылымы табылады.
Өндірістік қызмет процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің
трансформациясы болып тұрады. Кәсіпорын шикізаттар мен материалдарды сатып
алады, өнім өндіреді, содан кейін оны сатады. Әдетте кредит (қарыз),
нәтижесінде дебиторлық берешек пайда болады, ол уақыт өткен соң ақша
құралдарына айналады. Бұл құралдардың айналысы 3- кестеде көрсетілген.
Айналым активтері таза айналым капиталын басқаруда маңызды орын алады.
Айналым құралдарының көлемі мен құрылымы салалық қатынасымен анықталады.
Сонымен кәсіпорын айналыс сферасында тауарлық қорларға жоғары үлесін
тигізеді. Қаржылық корпорацияларда әдетте ақша құралдары және олардың
баламаларының сомасы байқалады. Айналым құралдары мен кредиторлық берешек
арасында тікелей байланыс жоқ, бірақ та жақсы функцияландырылған
кәсіпорында айналым активтері қысқа мерзімді пассивтерден артуы керек деп
есептеледі.
Қаржылық менеджмент теориясында “тұрақты айналым капиталының” екі
негізгі түсінігі қалыптасқан. Біріншісіне сәйкес тұрақты айналым капиталы
өзімен ақша қаражаттарына, дебиторлық берешекке және өндірістік қорларға
тұтынушылық деңгейі барлық операциондық цикл бойына тұрақты болып қалатын
бөлігін бейнелейді. Екіншісіне сәйкес айналым активтерінің мөлшері
кәсіпорынның тұрақты қол астында табылуы керек. Осыған сәйкес тұрақты
айналым капиталы айналым активтерінің қажетті өндірістік қызметті жүзеге
асырумен байланысты. Бұл кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін айналым
құралдарымен, мысалы, есеп айырысу шотындағы ақша құралдарының немесе
резервтік капиталымен байланысты.
Ауыспалы айналым капиталының категориясы қосымша айналым активтерін
бейнелейді, ол шекті периодта немесе сақтандыру қоры ретінде қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Өндірістік айналым қоры
Инвестициялық жоба объектілері
Меншікті капиталды пайдалану көрсеткіштері
Компанияның қарыз капиталын басқару
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Кәсіпорынның меншік обьектісінің жалпы құнын есептеу
Пәндер