Бизнес-жоспар



6.1 Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: «Автобаза диспетчерінің автоматтандырылған жұмыс орны» АЖ құрастыру.
Фирма аты: «Қуат»
Мекен-жайы: Шымкент каласы, Сайрам 12-8
Телефон: 25-25-15
Кіммен жасалған: Демеуов Ыбырай Батырбекович
Бизнес сферасы: Тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағдарлама құру
Қызметтің негізгі түрлері: Бағдарлама жасау
Басталу мерзімі: 2008 жыл
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептелініп жасалған: 0,5 жыл

6.2 Резюме
«Қуат» кәсіпорнның негізгі сферасы бағдарламалық құралдар құру және бағдарламалық сервис. Бұл сала Қазақстан нарығы үшін әлі жас болып саналады. Көптеген фирмалар сапасыз және заңсыз бағдарламаларды қолданады. Сондықтан көптеген кәсіпорындар жағынан мамандандырылған бағдарламалық құралдарға сұраныс көп. «Қуат» компаниясы осы фирмаларға сапалы бағдарламалық құралдар жасауға дайын.
Кәсіпорын өнімдері уақытылы және сапалы жасалады және өз өнімін уақытылы бақылау мен жөндеу жұмыстарын да жасайды. Егер қажет болған жағдайда бұрын жасаған өнімдерін жаңартады (модернизациялайды). Сонымен қоса, бағдарламалық өнімді орнатудан кейінгі сервис.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – болашақта өз саласында дамып, тек Оңтүстік Қазақстан Облысы емес, бүкіл Қазақстандық нарыққа шығу және өнімдерді тек тапсырыс бойынша емес, сонымен қатар көпшілікке арналған әмбебап бағдарламалық өнімдер шығарып, сату. Осы мақсатқа жету үшін Кәсіпорынның алдағы жылдардағы жоспары :

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес-жоспар
6.1 Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: Автобаза диспетчерінің автоматтандырылған
жұмыс орны АЖ құрастыру.
Фирма аты: Қуат
Мекен-жайы: Шымкент каласы, Сайрам 12-8
Телефон: 25-25-15
Кіммен жасалған: Демеуов Ыбырай Батырбекович
Бизнес сферасы: Тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағдарлама құру
Қызметтің негізгі түрлері: Бағдарлама жасау
Басталу мерзімі: 2008 жыл
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептелініп жасалған: 0,5 жыл

6.2 Резюме
Қуат кәсіпорнның негізгі сферасы бағдарламалық құралдар құру және
бағдарламалық сервис. Бұл сала Қазақстан нарығы үшін әлі жас болып
саналады. Көптеген фирмалар сапасыз және заңсыз бағдарламаларды қолданады.
Сондықтан көптеген кәсіпорындар жағынан мамандандырылған бағдарламалық
құралдарға сұраныс көп. Қуат компаниясы осы фирмаларға сапалы
бағдарламалық құралдар жасауға дайын.
Кәсіпорын өнімдері уақытылы және сапалы жасалады және өз өнімін
уақытылы бақылау мен жөндеу жұмыстарын да жасайды. Егер қажет болған
жағдайда бұрын жасаған өнімдерін жаңартады (модернизациялайды). Сонымен
қоса, бағдарламалық өнімді орнатудан кейінгі сервис.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – болашақта өз саласында дамып, тек
Оңтүстік Қазақстан Облысы емес, бүкіл Қазақстандық нарыққа шығу және
өнімдерді тек тапсырыс бойынша емес, сонымен қатар көпшілікке арналған
әмбебап бағдарламалық өнімдер шығарып, сату. Осы мақсатқа жету үшін
Кәсіпорынның алдағы жылдардағы жоспары :
- шағын және орта жобаларды (тапсырыстарды) қабылдау;
- теледидар, газет-журналдар және интернет қызметтері арқылы
жарнамалар жасау;
- шағын және орта кәсіпорындарға резюмелер тастап, өз қызметтерін
ұсыну;
- шағын тапсырыстардан, бірте-бірте, үлкен жобаларды қабылдау;
- персонал санын көбейту;
- кеңеюге қажетті ресурстар сатып алу.

Бағдарлама тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша құрылмаған, бірақ
құрастырылған бағдарламалық өнім еліміздегі кез-келген транспорттық
фирмаларға арналған, қызмет түрлері автоматтандырылған. Егер бағдарламаны
сататын болсақ, онда бұл өнімді ОҚО-ы бойынша барлық үлкен және кіші
транспорттық фирмаға ұсынуға болады.
Жобаны іске асыру үшін жаңа техникалық құралдар мен технологиялар
қажет. Материалды-техникалық базасын жасау үшін ЖШС Қуат Халық Банкінен
174 мың теңге кредит алады. Бұл қаражат жалпы операциялық шығындарды және
бастапқы шығындарды жабуға қажет. Жобаны жүзеге асыру үшін Сайрам кош-нен
арендаға офис алынады. Кәсіпорынның қызметкерлер штаты осы саладағы білікті
мамандардан тұрады.

6.3 Кәсіпорын сипаттамасы

Кәсіпорын аты.
Қуат ЖШС.
Ұйымдық-құқықтық формасы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Мекен-жайы.
Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан Облысы, Шымкент қаласы,
Сайрам кош 128 үй.
Жоба инициаторы.
Демеуов Ыбырай Батырбекович, 23 жаста, диплом М. Әуезов атындағы ОҚМУ,
есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама маманы.

Қуат ЖШС-ң шығаратын өнімі – бағдарламалық құралдар. Бұл сала өте
білікті персоналды және сапалы өнім шығаруды талап етеді. Жоба соңғы
технологиялар мен құрылғылар бойынша жүзеге асырылады. Компанияның ақпарат
алу үшін өз еліміздегі және шет елдегі партнерларымен көптеген байланыстары
бар.
Жобаны бастар алдын кәсіпорынның міндеті мына сұрақтарға жауап іздеу
еді:
- бағдарламалық өнімдерге сұраныс бар ма және сол сұраныс көлемі
қандай;
- егер бәсекеге сай бағасы мен сапасы болса, дәл осы өнімді сатып
алады ма;
- заңды және сапалы өнімді пайдаланудың артықшылықтарын клиенттер
біледі ма.

Зерттеулер нәтижесі бұл нарықтың қазіргі кездегі сұранысы өте үлкен
және өсуші болып табылады. Кейбір компаниялар бұл жобаны қолдайтындығын да
айтты.

6.4 Өнімнің сипаттамасы

Қуат кәсіпорны бағдарламалық өнімдер шығарады. Бұл бағдарламалық
құралдар фирмалар мен кәсіпорындар үшін және сонымен қатар жеке азаматтар
үшін де жасалады. Бағдарламалық құралдар қаржылық және бухгалтерлік
сфераларында, өнімді жоспарлау, заңды құжаттау және басқа да кез келген
сфераларда қолданылуы мүмкін. Барлық бағдарламалық құралдар Қазақстан
Республикасының заңдары мен нормаларына және заңмен бекітілген
стандарттармен шығарылады. Алайда компанияның бағдарламалық өнімдері
шетелдік аналогтарынан сапа жағынан ешбір кемшілігі жоқ. Коипания
продукциясын жасау технологиялары уақытпен бірге жүреді. Ақпараттық базасы
технологияның дамуы бойынша жаңартылып отырады, солайша техникалық
прогрестен қалыспайы.
Қуат ЖШС-ң алдағы қысқа мерзімді жобасы Автобаза диспетчерінің
автоматтандырылған жұмыс орны АЖ құрастыру.
Бұл бағдарламада іс қағаздармен жұмыс жасайтын қызметкердің жұмысы
туралы толық мәлімет көрсетілген.
Қызметкер бағдарламаны қосымша дайындаусыз қолдана алады. Жасалынатын
бағдарлама аталған жүйенің ішкі жүйесі болып орнатылады. Сондықтан
деректерді дайын серверден (деректер қорынан) алады.
Бағдарлама іс қағаздармен жұмыс жасайтын қызметкерлерге арналған.
Бағдарламаны қолданушы деңгейі – персоналды компьютерді қолданушы. Арнайы
оқытуды қажет етпейді. Бағдарлама интерфейсі интуитивті түсінікті және
анықтамалық жүйемен қамтамасыздандырылған.
Бағдарламаны басқа да ір және кіші мекемелерге сатуға болады. Ол үшін
тапсырыс беруші мекемеге жаңа деректер қорын орнату керек немесе егер
өздерінде деректер қоры бар болса, өнімге соған ыңғайлап өзгерістер енгізу
керек.

6.5 Маркетинг жоспары

Нарықты зерттеу бағдарламалық өнімдерге сұраныстың үлкен екендігін
көрсетті. Автобаза диспетчерінің жұмыс орны АЖ құрастыру.
Бұл бағдарламада іс қағаздармен жұмыс жасайтын қызметкердің жұмысын
жеңілдетеді кассирлік қызметкерлері бағдарламаны қосымша дайындаусыз
қолдана алады.
Кәзіргі кезде транспорттық компаниялардың арасында бәсекелестік жоғары
болуына байланысты, компанияның ақпараттық техникалық мүмкіншілігін
жоғарлатады.Ақпараттық технологияның дамуына байланысты көптеген
компаниялар бұл жүйені орнатады.
ЖШС мақсаты – осы нарықты жаулап алу.
Тапсырыстар мен сатылымдардың өздігінен келмейтінді. Алғашқы жылғы
компанияның мақсаты − өзін сапалы компания ретінде таныту.
Компания клиенттерін төмендегілердің арқасында тартуды көздейді:
• негізгі сатып алушылармен тікелей байланыс арқылы;
• компьютерлік желілер арқылы жарнама;
• өнімдеріміздің жоғары сапалығымен;
• қызметкерлеріміздің жеке таныстары арқылы.

Бағдарламалық өнімді жасап сату нарығы өсуші болып табылады. Себебі бұл
нарық Қазақстан үшін жаңа және үлкен сұраныстарға ие.
Компанияның потенциалды тұтынушылары:
- транспорттық саланың компаниялары;
- шағын және орта бизнестегі компаниялар;
- компьютерлік дүкендер;
- жеке тұтынушылар.
Қазір заңды түрде бұл нарықта бәсекелестік жоқ. Алайда бағдарлмалық
қамтама жасайтын заңсыз жеке тұлғалар бар. Көптеген тұтынушылар сол жеке
бағдарламашыларды іздеп тауып, тапсырыстарын соларға беріп отыр. Олардың
өнімдерінің бағасы да тұтынушыларды қанағаттандырып жүр. Алайда бұл уақытша
кезең. Себебі ондай жеке бағдарламашылар еш жерде заңды түрде
тіркелмегендіктен олармен хабарласу қиын. Егер олардың бағдарламаларынан
қате табылса, тапсырыс беруші қайда хабарласарын білмейді. Автобаза
диспетчерінің автоматтандырылған жұмыс орны АЖ құрастыру.
ЖШС-ң бесекеге төзімділігінің мынадай факторларын атап өтуге болады:
• сапа;
• баға деңгейі;
• дизайн;
• сатылымнан кейінгі қызмет көрсету;
• фирма репутациясы.
Компанияға кең жарнама қажет емес. Үлкен компанияларға жарнама ретінде
бағдарламалық өнімдердің жарнамалық варианттарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлаудың мәселелері
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлау мәселелері
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні
Бизнес жоспарды жақсарту жолдары
Бизнес - жоспарды уйымдастыру
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Бизнес жоспарын құру жолдары
Бизнес жоспар. Жоспар кәсіпорынның тиімді қызметінің негізі ретінде
Бизнес-жоспарлардың мазмұны
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Пәндер