Топырақтың азуы немесе эрозиясы



КІРІСПЕ 2
ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ 3
А. Топырақтың азуы немесе эрозиясы (еrаsіо . латынша . төзу, шіру). 3
Б. Топырақты тұзданудан сақтау. 5
В. Жерді құмға айналудан cақтау. 5
Г. Жерді батпақтанудан қорғау. 7
Д. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау. 7
Е. Топырақты уланудан қорғау. 8
Ж. Топырақты қалпына келтіру (рекультивация). 9
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ 3
А. Топырақтың азуы немесе эрозиясы (еrаsіо - латынша - төзу, шіру). 3
Б. Топырақты тұзданудан сақтау. 5
В. Жерді құмға айналудан cақтау. 5
Г. Жерді батпақтанудан қорғау. 7
Д. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау. 7
Е. Топырақты уланудан қорғау. 8
Ж. Топырақты қалпына келтіру (рекультивация). 9
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16

КІРІСПЕ

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық
құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра
бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ
білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ
ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың
құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар
құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап
адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде
пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55
тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады.
Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан
жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып
кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп
жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып
отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар
да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып
микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің
сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық
заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б.
Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана
емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің
ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

ТОПЫРАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ

Күшті жел мен дауыл, қатты ағын сулар, басқа да күтпеген табиғи
құбылыстар (апаттар) жер бетін бүлдіріп топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын
алып кетіп жатады. Бірақ топыраққа зиянды табиғаттан гөрі адамдар көп
келтіреді. Африкада, Оңтүстік Америкада, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс
Азияда орасан зор алқаптар арнайы егіншілік, жөнсіз қолданған техника,
жүйесіз пайдаланылған жайылым мен шексіз кесілген орман салдарынан құрғап,
кеуіп құмға айналды.
Топырақтың құнарсыздануы жердің азуына, бүлінуіне, тұздануына,
батпақтануына, құмға айналуына, ластануына тікелей байланысты болады.
Топырақтың құнарсыздануы жердің азуына, бүлінуіне, тұздануына,
батпақтануына, құмға айналуына, ластануына тікелей байланысты болады.

А. Топырақтың азуы немесе эрозиясы (еrаsіо - латынша - төзу, шіру).

Топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабаты желдің күшімен ұшып, қар мен
жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар (гумус -
қарашіріктер) азайғаннан кейін жер азып, өнім бермейтін халге түседі. Бұл
апаттың қанша қауіпті екенін түсіну үшін осы күнге дейін істен шыққан
жерлердің оннан тоғыз бөлігі осы себебпен болғанын ескерген жөн.
АҚШ-тың 300 миллион, Ресейдің 100 миллион жуық жерлері топырақ
эрозиясынан кейін жарамсыэ болып қалды. Мадагаскар елінің 58 миллион гектар
жерінің тек 5 миллионында ғана өсімдіктер бар.
Қазақстанның Солтүстік және Батыс аудандарында 8 миллион гектар
эрозияланған, немесе эрозия қаупі бар жерлер қатарына жатады.
М.М.Щевцовтың мәліметтері бойынша құнарлы топырақты жермен
салыстырғанда аза бастаған жерлер 10-15, орташа азған жерлер 20-40,
толықтай азған жерлер 50-60 процентке дейін өнімді аз беретін көрінеді.
Жердің азуы негізінен адамдарға тікелей байланысты, олай болса оны
аздырмауда адамның қолында.
Орманды жерде топырақ эрозиясы болмайды. Ағаштан, шөптен айрылған жер
аза бастайды. Егістік жерлерде өсімдіктерді ауыстырмай үнемі бір түрін,
мысалы жүгеріні, өсіре берсе 10-15 жылдан кейін жер аза бастайды. Шөпсіз
ашық топырақ 2- 3 нөсер жауыннан кейін жуылып кетеді де, оны табиғи жолмен
қалпына келтіруге 2-7 мың жыл уақыт қажет болады.
Топырақ эрозиясы 2 түрлі болады. Біріншісі - секунтіне 18-20 метр
жылдамдықпен қатты жел үргенде ұсақ топырақ ауаға көтеріліп жүздеген
километрге ұшып кетеді. Жер беті алай - түлей болып, күн көзін көрінбейтін
шаң басып кетеді. Мұндай жел топырақтың 15-20 сантиметрге дейін, кейде бар
құнарлы қабатын ұшырып әкетеді. Желдің жылдамдығы секундіне 5-6 метр болса,
оңда жергілікті топырақ эрозиясы болып, құнарлы қабат 5 см көтеріліп 5-6 км
қашықтыққа ұшып жатады. Екіншісі күшті нөсер жауын жауғанда, қар күрт еріп,
өзен тасқындары, немесе тауда жиналған сулар төмен құлап сел болғанда
топырақтың құнарлы қабаты жуылып, сай - сала мен жыралар пайда болады.
Мысалы, 1921 жылы таудан сел жүргенде Алматыны 4 сағат ішінде құм, тас,
саз балшық араласқан лай су басып, көптеген үйлер қирап, кісі өлімі болды.
70-ші жылдары Медеуде салынған бөгет қаланы 2 рет сел тасқынынан қорғап
қалды.
Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер бетінің ерекшелігін, ауа райының
жағдайын, эрозиялық құбылыстардың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар
қолдану қажет:
- ұйымдастыру шаралары - топырақтық ерекшелігін ескеріп, егістіктерді
айналмалы жүйе бойынша орналастыру, жерді топырақтың түріне сәйкес әдіспен
жырту, топырақты қорғайтын көп жылдық шөптер егу, мал жайылатын өрістерді
дұрыс пайдалану.
- агротехникалық шаралар - топырақта қоректік заттар, су, ауа, жылу
жеткілікті мерзімде егін егу, өсімдіктердің өсуіне және жоғарғы өнім
беруіне қолайлы жағдай (тыңайтқыш төгу, арам шөпті отау, зиянкестермен
күресу т.б.) жасау;
- Топырақ дымқыл болу үшін қар мен жауын суы жерге жақсы сіңу үшін
жыртылған жердің тереңдігі үлкен әсер етеді. 20-см-ге дейін аз тереңдік, 20-
22 см-ге дейін орташа тереңдік, 25-см-ден көп болса өте терең болып
есептеледі.
Біздің жағдайда жердің қыртысын аудармай жырту, қалдық шөп тамырларын
көлденең кесу пайдалы.
Топырақ қорғайтын егістік айналымы. Мұны тау баурайындағы топырақты
орташа, және өте көп азған жерлері қорғау үшін қолданады. Егістік айналымы
алқаптарын негізінен көп жылдық шөптер мен қатар егілетін дақылдар алады,
қара пар қалдырмайды және оталмалы дақылдар егпейді.
- тыңайтқыштар қолдану. Эрозияға ұшыраған жерде топырақтың құнарлы
қабаты жұқа, қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор; жеткіліксіз
болғандықтан тыңайтқыштар қолдану мөлшерін 20, 30 немесе 50 процентке дейін
көбейту керек.
- егістік жерлердің айиаласына ағаштар отырғызу. Ағаш отырғызғаңда
егістік жерлерде жел азаяды, топырақта ылғал кегі сақталады. Сөйтіп
өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасалады.
Егістік өңірді қоршаған 3-5 қатарлы, ені 10-15 метрге жететін алқапта
ағаш өсіру өте пайдалы.
- гидротехникалық шаралар. Топырақ, бетін - сулар жумау үшін ағымды
тежеп, оның жылдамдығын азайту керек. Ағыстың бағытын бұру, немесе
шашыратып жіберу үшін су жолдарына, сайларға кедергі ретінде
гидротехникалық құрылыстар салып, каналдың, сайдың түбіне, су құятын
жерлерге бетон немесе тас төсейді.

Б. Топырақты тұзданудан сақтау.

Топырақтың тұздануы шөл және шөлейт өлкеде, құрғақ далада жиі
кездеседі. Топырақтың тұздану үшін жауын - шашын мөлшері жер бетінен
буланатын ылғалдан аз болса жетіп жатыр.
Топырақтың тұздану себебі - егістік алқаптарда көп жыл бойы көлдетіп
суару. Бас кезінде топырақтағы тұздар сумен төмен қарай кетіп, жер
тұщыланып, өнім көбейеді. Бірақ бірнеше жыл өткен соң жағдай өзгеріп,
булану көбейген сайын жер асты суларының деңгейі көтеріліп, онымен бірге
тұздар да жер бетіне шығып жазда жауған қар сияқты аппақ болып жатады.
Топырақтағы тұз 1 процентке көбейгенде, өнім 30-35 процентке азайып, 2-
3 процентке көбейсе - өсімдіктер өмір сүре алмайды.
Пәкістан, Парсы, Сирия елдерінде жерлердің 70 проценті, Мысырда үштен
бір бөлегі тұзданып істен шыққан.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Мақтаарал" совхозында 23 жылда жерасты
сулар 5,2 м тереңдіктен 1,8 метрге дейін көтеріліп, егістік жсрлері екінші
рет тұзданып кеткен. Тұзды азайту үшін қыс айларында егістік өңірге
көлдетіп су жайып жер бетін жауып, жерасты суларды сорғыштармен сорып
деңгейін төмендетуге мәжібүр болды. Әрине егістік бетіне көлдетіп су жайу
немесе арықпен суару жстістік емес. Онан да жауын сияқты бүрку немесе тесік
құбырлармен өсімдік тамырына суды тамшы түрінде жеткізу т.б. жаңа әдістерді
қолдану арқылы топырақты тұзданудан сақтауға, суды үнемді жұмсауға, өнімді
көп алуға болар еді.

В. Жерді құмға айналудан cақтау.

Дүние жүзіңде жыл сайын 50- 60 мың км2 жер шөл далаға айналып, құм
астында қалып жатады. Қазір құмдардың жалпы көлемі 20 миллион км2 жетті.
Соңғы 10-15 жылда, әсіресе Африка мен Азия құрлығыңда, басқада қуаң
далада жерді құм басу процессі өте ұлғайып кетті.
70-ші - 90-шы жылдары көптеген Африка елдері қатты қуаңшылыққа
ұшырап, мындаган адамдар өліп, миллиондаған бас мал қырылды. Сөйтіп олар
негізгі байлығы, күн көрісі малдан айрылады.
1977 жылы БҰҰ Африка елдерінің талап етуімен дүниежүзілік конференция
шақырып, онда жерді құм басу процесін тоқтату жолдары қаралды. Мұндай
жағдай барлық елдерге қатысы бар, дүниежүзілік проблема деп тауып, ол
табиғаттың құбылысынан емес, адамдардың кінәсінен болып отыр деген
қортындыға келді.
Конференция XX ғасырдың аяғына дейін жерді құм басудан қорғау, қайтадан
қалпына келтіру жөніңде жоспар жасады. Мысалы, Сахараны айнала ағаш
отырғызып, "көк белбеу" жасап, құмның одан да әрі жылжуына кедергі жасау
көзделген еді. Өкінішке орай, тек Алжир мемлекеті ғана ағаш отырғызумен
айналысып, қалған елдер қаржы тапшылығынан оған қатыса алмай отыр. Ал
дамыған, бай елдер болса, мұңдай "пайдасы аз" іске қаржы жұмсағылары
келмейді.
Қазір ЮНЕП (БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы) топырақ жөніндегі
дүниежүзілік саясатты белгілеп, ФАО (БҰҰ азық-түлік қоры) дүниежүзі
топырақтарының азу картасын түсіріп, ИФ мен АС (дүниежүзіндегі жоғары
зерттеу институттары қоғамы) пен ЮНЕП бірігіп "SOS" бағдарламасын
("жерімізді сақтайық") жасап жатыр.
АҚШ, Жапония, Канада, ГФР, Франция т.б. елдердің қатысуымен Парижде
"Сохель достарының клубы" құрылады. Клуб Сенегал, Мали және Чад
мемлекеттеріне көмек көрсетіп Африканың Сохель аймағын өркендетуге шешім
қабылдады. "Достар" Сахара алдындағы өте ұнтақ және Осал топыраққа мақта,
арахис өсіріп, шет елдерге сатып, пайда табуды көздеген. Ол үшін аталған
мемлекеттерге, ауыр мәшинелер беру жоспарланған.
Сөйтіп, 10-15 жыл мақта мен арахис өсіріп, топырақтағы қоректік
заттарды тауысқан соң "достар" пайда тауьш, ал Африка тағы бір елі құмға ие
болып қалатын түрі бар. Сахараның оңтүстікке қарай қазіргі жылжуы осы
жолмен жүріп келеді.
Қазақстан жерін құм басуда көңіл бөлуге тұрарлық мәселе. Көптеген
жерлердің жыртылуына байланысты және әскерлер 20 миллион гектардан астам
шабындықтар мен жайылымдарды алып қойғандықтан қалған жайылымдарға
ауыртпалық көбейіп кетті. Бір жерге оңдаған жылдар бойы мал жайылып, бар
шөпті жеп, қалғанын таптап, жайылымдар тозды. Демалыс болмағандықтан олар
өздігінен қалпына келе алмай, өсімдіктер азайып, топырақ құмга айналып
барады. Әсіресе негізгі мал өрісі болып табылатын Нарық, Қызылқұм, Қарақұм,
Үстірт, Сарыарқа жайылымдарының қалі өте ауыр. Жер азды, жайылым тозды
деген хабарға жаны ашыған, оны түзеуге ұмтылған кісі көрінбейді, көріне
қалса да мардымсыз.
Жерді құм басудан қорғау жолдары топырақты шаң - тозаңға айналып, ұшуын
тоқтату, ол үшін ағаш отырғызып, бұталар мен жартылай бұталар (жүзгін, бұта
таспалар, теріскен) және қияқ, жусан сияқты көп жылдық шөптер егу болып
табылады.
Қамыстан, құм сұлысынан биіктігі 0,5-0,8 см баулар байлап, оларды түрен
жүрген ізге арасы 2-8 м қашықтыққа қойып, сабанмен, бұтақтардан жасалған
жапқышпен жер бетін жауып, құмның жылжуын тоқтатуга болады.
Құмға түйе бұршақ, құмаршық, құм сұлысын, қияқ, жоңышқа т.б.
құрғақшылыққа төзімді шөптер, бұталар, ағаштар егуге болады.
Днепр өзенінің төменгі сағасында көлемі 200 мың гектар Алешин құмын
осылай тоқтатқан болатын. Жыл сайын 8 мың гектар ағашпен бұта отырғызып,
қазір онда қара бидай, қарбыз, шабдалы жүзім т.б. өсімдіктер өсіруде.

Г. Жерді батпақтанудан қорғау.

Егер жауын-шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болса, онда
жер батпақтана бастайды.
Батпақты жерлер Беларусияда, Украинада, Балтық жағалауындағы елдерде
Ресейдің Батыс - Сібір және Мицер Ойпаттарында, қара топырақты емес
аудаңдардың өзен сағаларында көп кездеседі. Бұл жерлерді пайдалану үшін
арық қазып, суын ағызып құрғату, басқа да агротехникалық шаралар жүргізу
қажет.
Көптеген өзендер батпақтардан басталады, жерасты суларда солардың
есебінен толығады, ластанған жауын сулары да осында тазарады.
Сондықтан батпақты құрғатамыз деп жүріп су қорларын сақтауға олардың
үлкен маңызы бар екенін ұмытпаған да дұрыс.
Батпақты орынсыз құрғату жерасты суларының қоры азаюына, өзен мен
көлдің тартылуына, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына
әкеліп соғады. Батпақты құрғатпас бұрын болашақта ксздесетін экологиялық
зардаптарды жақсылап есептеп, оларды болдырмау жолдарын қарастырған жөн.

Д. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау.

Егістік жерлерді дұрыс пайдаланбау нәтижесінде қоректік заттар тез
азайып, топырақтың құрамы өзгеріп, су және ауа жүретін жүйелер бұзылып,
топырақ ұсақ, бөлшек орнына бір-біріне жабысқан, өте тығыз, арасынан су не
ауа өтпейтін, құнары аз жерге айналады.
Қара топырақтар соңғы 100 жылда қоректік заттар болып саналатын құнарлы
қарашіріктердің (гумустың) тең жартысынан айрылды. Бұған эрозиямен қатар
топырақты жыл сайын соқамен аударыстыру салдарынан карашірік күнге күйіп
жоғалуы да себеп болуда.
Жердің сапасын жақсартьш, қоректік заттарын көбейтіп, азуын тоқтату
үшін мелиоратнвтік (суландыру немесе кептіріп жер өндеу) жұмыстар, әсіресе
суландыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Суланған жерлер тұрақты өнімді суарылмаған жерлермен салыстырғанда
бірнеше есе көп береді. Жапония, ҚытаЙ және Корея Республикасында суармалы
жерлер жалпы егістіктің 34 тен 58 процентке дейін жетеді. Мұндай егістіктер
Болгарияда, АҚШ-та, Румынияда, ГФР - де де көп.
Қазақстанда суармалы егістік көлемі 2 миллион гектар шамасында. Ақдала,
Тасөткел су қоймаларын, Ертіс-Қарағаңды-Жезқазған каналын салып болғаннан
кейін суармалы жерді 3-3,5 миллион гектарға дейін көбейтуге болады.
Суармалы жерлерде мақта, күріш, көкөніс, картоп, бақша өсімдіктері жеміс
пен жүзім өсіріп оңтүстік өңір тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етугс
болады.
Сортаң жерлердің құнарлығын арттыру үшін топырақты гипспен (әк
араласқан ақ сары түсті минерал), қышқыл тұздармен өндейді. 3 қатарлы
соқамен жыртқанда сортаң қабат төменгі қабатпен араласып өнім мөлшері 3-4
есе өседі.
Қышқыл топырақты жерлерді ізбеспен өңдеп, қышқылын азайтады. Бұл
жерлсрге кен төккенде ауа мен су айналымы жақсарып, дәнді дақылдар, қант
қызылшасы, жүгері т.б. өсімдіктер мол өнім береді.

Е. Топырақты уланудан қорғау.

Ауадагы радиоактівті заттар, ауыр металдар, күкірт қышқылы зиянды
қалдықтар топырақты ластайды. Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар
мөлшерден тыс қолданылса топырақ уланады.
Өндірістік қалдықтардағы көмір қышқыл газы, күкіртті ангидрид, түрлі
металдар, көмірсутектер топырақтың құрамын өзгертіп, оның құнарлығын
төмендетсді.
Түсті металлургия кәсіпорындары бар жерлерде топырақтағы Корғасын
мөлшері 20 есеге дейін кен болады. Суперфосфат тыңайтқыштарын шығаратын
зауыттан 500 м. қашықтықта топырақтағы мышьяк нормадан 20-25 есе көп.
Топырақта фтор көп болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану, олардың көп жиналуына,
ерімей, бірнеше жыл сақталуына әкеледі. Ақыры олар қоректік тізбек жүйесіне
кіріп, улы зат-топырақ-өсімдік-жануар жолымен адамдарды улайтын болды.
Технологиялық қалдықтардың өте қауіпті ластаушы екенін ескере отырып
мемлекеттік стаңдарт төмендегі химиялық заттарды ерекше бақылауға алуды
ұсынады:

топырақта шектеулі-рұқсат
сақталу етілген мөлшері
мерзімі (ай) (мг) кг
І-класс 144 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Литосфераға антропогендік факторлардың әсері
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАсы
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Топырақтың ластануы, су эрозиясы болатын аймақтағы эрозияға қарсы күресті ұйымдастыру
Топырақты ластаушы және аздырушы көздер
Топырақ эрозиясы және онымен күресу – жолдары
Мелиорация және топырақ
Топырақты сақтау шаралары
Литосфера ластаушылары, қаупі және одан қорғану
Топырақтың бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасы мен алмастыру
Пәндер