31-арнадағы «Информбюро» ақпараттық қызметі



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.4 бет

2. Негізгі бөлім.
1.тарау. «31.телеарна» және ақпараттық бағдарламалар ... ... ... .5.24бет

2. тарау. «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... .24.50бет

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50.54бет
4. Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54.55бет
5. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56бет

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Стамбекова Назым Дәуітәліқызы

31-арнадағы Информбюро ақпараттық қызметі

Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық

Бітіру жұмысы

Жоспар

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 2-4 бет
2. Негізгі бөлім.
1-тарау. 31-телеарна және ақпараттық бағдарламалар ... ... ... .5-
24бет
2- тарау. Информбюро ақпараттық бағдарламасы: ақпарат
әзірлеудегі өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24-50бет
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .50-54бет
4.
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 54-55бет
5. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56бет
Кіріспе

Журналистика қоғамымыздағы төртінші билік деп танылып, өміріміздің
айрылмас бөлшегіне айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, Халықтың
көзі, құлағы, һәм тілі болып, қалың көпшіліктің мұң-мұқтажының
жоқтаушысы қызметін атқару, яғни билік пен халықтың арасындағы
дәнекерші болу. Дегенмен, заман талабына орай журналистиканың қоғамда
атқаратын қызметтері де айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады.
Бүгінгі таңда жұртшылықтың ақпаратқа деген сұраныстары артып келеді,
яғни БАҚ-тың ақпараттық функциясы дамуда. Осы орайда еліміздің
электронды бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыла еңбек етуде, олардың
елдің соңғы жаңалықтарына деген сұранысын өтеу жолындағы қажырлы
жұмыстары бүгінгі күнде жақсы деңгейден бағалана бастады. Мемлекеттік
телерадиоарналардағы ақпарат берудегі өзіндік ұстанымдары, саясаты
көбіне ресми бағытта, әрі қатаң қалыптағы сипатта болса, тәуелсіз
электронды ақпарат құралдарында тақырып таңдаудағы еркіндік пен оқиғаға
қатысты сын пікірлердің орын алуы қалыпты жағдайға айналып келеді.
Зерттеу жұмысын 31-телеарнадағы Информбюро ақпараттық бағдарламаға
арнауымыз да осы жоғарыда айтылған ойды нақты тұжырымдар арқылы
дәлелдеу.
31-арнаның ақпараттар берудегі ұстанатын бағыты жайлы Информбюро
қазақ бөлімінің бас редакторы Серік Сарыбаев өзінің ойын былайша
білдіреді:
Президент те, базарда арба итеріп, күнін көріп жүрген шиборбай перзент
те халықтың баласы. Демек, екеуінің де парызы еліне адал қызмет ету.
Журналист те сол халқының, ұлтының аманатын
арқалаушы. Ал, аманатқа қиянат жүрмейді. Өкінішке қарай біздегі
БАҚ осы түсініктен жаңылысты. Ақпарат құралдарымыз кез келген
шенеуніктің сөзін іліп алып, жарапазан айтқандай жұрт құлағын шуылдатып
жатады. Әсіресе, бір айтылған жолдауды бір жыл талдап, жағы ауыратын
мемлекеттік БАҚ-тың жағдайы мүшкіл. Ал негізінде БАҚ халықтың үнін,
талабын билікке жеткізуші және сол талаптың қалай қабылданғанын
қадағалап отырушы болуы керек. Яғни, екі арадағы дәнекер.
Сондықтан Информбюрода біз әуелі халықтың мұң-зарын, жай-күйін
бірінші кезекке қоямыз. Билік жылап жүргендердің көз жасынан қорықса
екен деп Шаңырақ, Бақай оқиғасын талмай қозғап келе жатқандығымызды
көрермен қауым біледі. Ал, Астанада айтылған сөзді ләббайлап қағып
алып, алақайлап жатқандар бізсіз де жетеді. Бұл біз ресми
жаңалықтардан мүлдем безінеді деген сөз емес. Аса маңызды дегендері
Информбюро шығарылымында күнделікті беріліп жатқанын жұрт жақсы
біледі.
Міне, бұл жерден арнаның ақпарат берудегі мақсатын айқын аңғаруға
болады. Яғни, зерттеу жұмысының мақсатының өзі Информбюро
бағдарламасын жан-жақты қарастыру.
Зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
31-арнадағы берілген ақпараттық бағдарламалар және олардың
ерекшелігі;
Телеарнаның ақпарат берудегі негізгі ұстанымдары қандай?
Информбюро ақпарат беру өзіндік әдіс-тәсілдері қандай?
Негізгі көтерілетін тақырыптар қандай?
Аймақтағы жаңалықтар қалай беріледі?
Шетел ақпараттары қалай дайындалады?
Тілшілердің жұмыс істеу әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі неде?
Көрерменнің ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру
дәрежесі қандай?
Зерттеу жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарау 31-телеарна
және ақпараттық бағдарламалар деген тақырыппен зерттелген. Бұл тарауда
жалпы 31-телеарнаның ақпараттар беру ұстанымы және олардың түрлері
теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сөз етілді. Телеарнаның елімізде
болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды жан-жақты беру және талдау
жолдары Тұжырым, Состояние.KZ Точки над Ы хабарлары арқылы
көрсетілді. Информбюро ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі
өзіндік ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер деген екінші
тарауда Информбюро жаңалықтар топтамасының ақпараттарды жинап-даярлау
және ұсыну бағыттары сөз болып, жаңалық жүргізушісіне қойылатын
талаптар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, телеарнаның еліміздің
аймақтарынан хабарлар беретін тілшілері жайлы және шетелдік
ақпараттардың әзірлену барысы туралы тұжырымдар жасалды. Қорытындыда
Информбюро жаңалықтар топтамасының ақпарат әзірлеудегі және оны
ұсынудағы өзіндік ерекшеліктері мен олқы тұстары бірнеше бағытта
тұжырымдалып, көрсетілді.

31-телеарна және ақпараттық бағдарламалар
Түрлі ақпараттық, сараптамалық, әлеуметтік және саяси бағдарламаларымен
ерекшеленетін телевидениенің бірі - 31- арна. Бұл арнаның тарихына
келетін болсақ, 1992 жылы қазанның 24-інде Арманжан Байтасовтың
жетекшілігімен “31-арна” телерадиокомпаниясы құрылды. Алғаш рет ұжым
құрамында бар-жоғы 4 адам болған. Телерадиокомпанияның эфирдегі тұсауы
1993 жылдың 12 ақпанында кесілді. Сол кездің өзінде-ақ арна жұмысының
басты жобасы анықталған. Эфирге жаңадан шыға бастаған арнаның бірнеше
жеке хабары болды. Сондай-ақ танымал фильмдер тікелей (трансляция)
көрсетілді.
“31-арна” деп аталуы арнаға бөлінген жиілік нөміріне сәйкестендірілген.
Осыған орай, компания өзінің дәстүрлі даму үрдісі негізінде саяси,
экономика құрылымы жөнінде шынайы, әділ ақпарат беруді алдыңғы кезекке
қойып келеді.
Бүгінгі “31-арнаның” эфирін 3 бөлікке бөліп қарауға болады. Мысалы,
жаңалықтар, сериалдар мен фильмдер және кең аудиторияға арналған
бағдарламалар. Олар орыс және қазақ тілдерінде тарайды1.
2003 жылдың шілде айынан бастап “31-арна” Intelsat 904 серігі арқылы
сапалы жаңа сандық арнаға ауысты. Жалпы “31-арна” толқынының қабылдау
аумағына Қазақстаннан басқа Ресейдің орталық аймақтары, Өзбекстан,
Қырғызстан мен Тәжікстанды есептемегенде, Орталық Азияның өзге де
мемлекеттері енеді. Қазіргі кезде осы елдердің телерадиокомпанияларымен
“31-арнаны” ретрансляциалау мүмкіндіктері қарастырылуда. Оның таралу
жүйесі ашық болғандықтан, бағдарламаларды Қазақстанның кез келген
өңірлерімен жоғарыда аталған шетмемлекеттердекөругеболады.
2004 жылдың ақпан айында жаңа студиялық кешен пайдалануға
берілді. Қазіргі заманғы телевизиялық құрал-жабдықтар күрделі
бағдарламаларды жасауға жол ашты. Арнаның түсіру тобы (оператор
бөлмесі), бағдарлама бөлмесі мен эфир студиясы жаңа сандық
қондырғылармен жабдықталған. Бұл жеке бағдарламалар жұмысының жоғары
сапада дайындалуына ықпал етеді. Осылайша, “Информбюро" студиясы
халықаралық талаптарға толық жауап беретін дизайн мен жарық түсіру
ерекшелегінен жаңа сипатқа ие болды.
Ақпарат кеңістігінде 11 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан
“31-арнада” ешқашан кері кету болған жоқ. Компанияда тек алға жылжу
қарқыны анық байқалады. Әрі ол күннен-күнге кәсіби, техника және қаржы
жағынан нығайып келеді. Бүгінде кәсіпорындағы қызметкерлердің саны
850-ге жетті. Компанияның аймақтық таралу жүйесі Орта Азия мен
Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде. Демек, “31-арна” республиканың
барлық өңірлері мен жақын шет мемлекеттерде көрсетіледі. Компанияның
өкілдері Қазақстаның барлық ірі қалаларында жұмыс істейді.
1993ж. 12 сәуір- бірнеше жеке хабары бар “31-арна” эфирге шықты.
Бастапқыда арна танымал фильмдерді көрсетумен шектелді.
1994 ж. 5 қазан- 103.5 FM әуе толқыны арқылы “Радио31” халыққа хабар
тарата бастады.
1995 ж. 12 маусым - “31- арна” ТРК “Internews Network Қазақстан”
халықаралық компаниясымен серіктестік байланыс құрып, бірлесіп жұмыс
істей бастады.
1995ж. 25 желтоқсан - “31-арнаның” бастамасымен үздік теле және
радиохабарға арналған қазақстандық “Алтын жұлдыз” байқауы алғаш рет
ұйымдастырылды.
1997ж. 18 ақпан – “31-арна” ТРК тендерді ұтып алып, Алматы қаласы мен
облысына жедел хабар тарату лицензиясының құқығына ие болды.

1997ж. 1 маусым- “Музыкалық 31-арна” жастар бағдарламасы өз
жұмысын бастады.
1997ж. 3 қыркүйек- қазақ және орыс тіліндегі “Информбюро” ақпараттық
бағдарламасы алғаш эфирге шығып, көрермендер жүрегіне жол тапты.
1998ж. “Сезон” журналы, арада аз уақыт өткеннен кейін “Сезон ДМ”
журналы жарық көрді.
1998ж 7 наурыз - А.М. Байтасовтың “Центр внимания” авторлық
сараптамалық бағдарламасы шықты.
2000ж. 5 тамыз- жаңалықтар бөлімі негізінде радиодан “Информбюро –
Радио31” ақпараттық бағдарламасы шықты.
2000ж. 7 қараша- “Мегаполис” қоғамдық-саяси апталық басылымы жарық
көрді.
2000ж. 22 желтоқсан- Қазақстан Телерадиохабар таратушылар Ұлттық
қауымдастығы құрылды. Ол республикадағы қырыққа тарта мемлекеттік және
жекеменшік телерадиокомпанияның кәсіби бірлестігі болды. “31- арна”
Қазақстан Телерадиохабар таратушылар ұлттық қауымдастығын құрушылардың
бірі болды. Оның алғашқы президенті медиа-холдингтың басшысы А.
Байтасов бұл қызметті 2004 жылдың ақпан айына дейін атқарды.
2001ж. 1 ақпан - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл,
Ақтөбе, Теміртау, Өскемен, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Лисаковск,
Екібастұз, Орал қалаларында тәулік бойы көрсететін арнаның жалпы ұлттық
тележүйесі іскеа сырылды.
2001ж. 7 ақпан- “Мегаполис-Недвижимость” басылымының алғашқы саны жарық
көрді.
2001ж 7 наурыз – “31-арна – Астана” телекомпаниясы алғаш рет
көрсетілді.
2001ж. 25 шілде - “31-арнаның" эфиріне “Тор-20 Қазақстан” жаңа
музыкалық жоба көрсетілді.
2002ж. 9 наурыз - “Мисс 31-арна - Қазақстан” Ұлттық телевизиялық арулар
байқауы бірінші рет өтті .
2002ж. 15 сәуір - Б. Уәлидің “Еркін сөз” авторлық бағдарламасы қазақ
тілінде шықты. Хабар қазақ қоғамының мәселелеріне арналды.
2002ж. 16 қыркүйек - “31-арна” медиа-холдингтың құрамына “Таң”
телекомпаниясы кірді.
2002ж. 28 қараша – автожүргізушілерге арналған “Мегаполис за рулем”
газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты.
2003 ж. шілде -Intelsat 904 серіктік жүйесі арқылы сандық форматта
таралды. Бұл хабар тарату ауқымының Ресей, Орталық Азия елдеріне
жетуіне көмектесті. Серіктіктің күші шағын антенаның көмегімен-ақ
жиілікті ұстай алды. Осылайша оның аумағы Қазақстан мен Ресей өңіріне
ғана емес, сонымен қатар Орта Азия (Өзбекстан, Қырғызстан мен
Тәжікстан) елдеріне де таратылып, “31-арна” көрсетіле бастады.
2003 ж. 7 қыркүйек –“Состояние.kz” авторлық сараптамалық бағдарламасы
эфирге шықты.
2004 ж. сәуір – Күрделі хабарларды түсіруге мүмкіндік беретін соңғы
үлгідегі телевизиялық жабдықтармен жасақталған жаңа студиялық кешен
іске қосылды.
2004 ж. қазан – “Радио 31” өзінің 10 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде
атап өтті. “Астана” алаңында өткен концертте Қазақстан мен шетелдердің
эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік шараны тамалашауға келген
көрермендердің саны 70 мыңға жетті.
2005 ж. 8 ақпан- “Тұжырым” ақпараттық-сараптамалық бағдарлама эфирге
алғаш рет шықты. Тікелей эфирде өтетін хабардың мақсаты
саяси, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді кеңінен талқылап, белгілі бір
қорытынды жасау болып табылады 2.
Телеарнадағы ақпараттық бағдарламаларға келетін болсақ, олар
Информбюро, Деловые новости, Тұжырым және “Состояние.kz”
ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары бар.
Состояние.KZ бағдарламасының жүргізушісі және атқарушы продюсері –
Евгений Грюнберг. Бұл бағдарлама жайында өзі былай дейді: Осындай
хабар ашу идеясы менің және әріптесім Виктор Климовтың ойына хабар
ашылғаннан 3 жыл бұрын келген. Оны қалай жасаймыз деген сұраққа талай
рет жауап іздестірдік. Басында жобаны “Достояние республики” деп атап,
халыққа билік жайында, ал билікке халықтың жағдайын жеткізбек
болғанбыз. Ақырында бағдарламаның аты “Состояние.kz” болады деген ортақ
тоқтамға келдік. Ал оның бағыты саяси да, сараптамалық та болмайтын
болды. Біз тек қана бүгінгі таңның келбетін әр қырынан көрсетуді мақсат
етіп қойдық. Бұл бағдарлама қоғамның айнасы десек артық айтқандық
емес3. Бұл бағдарламадағы журналистер: Дарья Бублик, Евгения
Николенко, Қайрат Балтабаев, Галина Рыжкина, Светлана Британова, Мұрат
Нұрбаев. “Состояние. KZ” -тің бұрынғы журналисі Мұрат Нұрбаевтың
ақпараттық бағдарламалардың қоғамдағы маңыздылығы туралы пікірі
мынадай: Эфирге дайындаған материалдардың әр түрлі тақырыпта болғанын
айта кету керек. Соның ішінде қорғауда “31-арнада” жасаған
материалдардың өзектісін таңдап алып көрсеттім. Оның бірі Жамбыл
облысында болған жойқын зілзала. Жер дүмпуінен кейінгі табиғат апатынан
зардап шеккен халықтың әлеуметтік тұрмысы. Мен шағын аудиторияда
отырған мұғалімдер мен курстастарымның толғанып кеткенін байқадым.
Міне, теледидардың тылсым күші мен мүмкіндігі осы шығар деген байламға
келдім. Журналист толық бере алмаған ақпаратты бейнетаспа көрсетіп,
сюжетті аша түседі екен. Телеарнада ақпаратты жеткізуде
бейнетаспа мен журналистік тәжірибенің айрықша үлес қосары
анық4. Өмірде жағдайлар әр түрлі болады: қуанышты, қайғылы,
қауіпті, көңілді, әділетсіз де. Авторлардың айтуынша, ең бастысы
“Состояние KZ” хабары бұлыңғыр болмау қажет. Олар мемлекетімізде болып
жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды қызықты, дәйекті, шынайы, жан
түршігерліктей етіп береді. Бағдарлама әрбір көрерменді елітіп,
көкейінен шығатын жағдайды ұсынады. Кім біледі, бүгін “Состояние KZ”
хабарының авторлары қозғаған оқиғалар ертең біздің және мемлекетіміздің
ортақ тарихы болуы да ғажап емес.
31-арнадағы келесі ақпараттық бағдарлама ол – сұхбат түрінде көрініс
табатын Тұжырым бағдарламасы. Авторы, әрі жетекшісі – Серік Әбікенұлы
Сарыбаев. Жүргізушілері – Досымбек Қонысбекұлы және Досан Қызайбекұлы.
Дәл қазіргі мемлекеттің дамып, көптеген келелі мәселелердің көтеріліп,
кейбірінің шешуін таппай жатқан кезеңде журналист үшін жұмыс жоқ деудің
өзі күлкілі. Кез келген мәселенің екі жағын да байыптап қарасаңыз
проблемасыз, жайма-шуақ күн кешіп жатпағанына көз жеткізесіз. Міне,
біздің бағдарламаның басты мақсаты қоғамның бүлкілдеген тамырын дөп
басып, анығын айтып, ТҰЖЫРЫМ жасау. Оның сыртында ұлттық мәселелерге,
мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлу. Бағдарлама сейсенбі және бейсенбі
күндері эфирге шығатындықтан, біз сол күнгі жаңалыққа ден қойып,
белгілі бір мәселенің төңірегінде әңгіме қозғауға тырысамыз. Студияға
екі қонақ шақыратынымыздың да басты себебі осы. Яғни, белгілі бір өткір
мәселеге жан-жақтан талдау жасап, тақырыпты мейлінше аша түсу. Қоғамды
толғандыратын саяси, әлеуметтік, ұлттық т.б мәселелер талқысына кіріспе
есебінде әуелде жаңалықтарда ауқымды бейнематериал беріледі. Ал
жаңалықтар аяқталысымен эфирге “Тұжырым” бағдарламасы шығып, студияға
шақырылған екі қонаққа мәселеге терең үңілуге мүмкіндік жасалады.
Бағдарлама тікелей эфирде жүретіндіктен, оның көрерменге әсері де
ерекше болуы тиіс деп ойлаймын -дейді бағдарлама авторы 5.
31-телеарнада заметка, сұхбат, репортаж сияқты ақпараттық жанрлар
көптеп пайдаланылады.
Телеақпарат – ең басты жанр, әрі ол экран кестесінің көп бөлігін алатын
Таңғы, Күндізгі, Түскі, Кешкі, Қорытынды жаңалықтар екі тілде
көлемі 20-30 минуттан беріліп жатады. Жанжалдық хроника, саяси,
экономикалық, әлеуметтік, спорт хабарламалары жаңалықтардың көп бөлігін
құрайды. Жаңалықтардың молдығынан көрермендердің көпшілігі бүгінде
хабардың алдына берілетін қысқаша лидке көңіл аударып, сол арқылы
өзіне керекті деген тұстарға ғана назар салады. Бүгінде уақыт талабына
сай ұлттық және тәуелсіз телеарналар жаңалық хабарларына аса мүдделілік
танытуда. Іскерлік және саяси бағытты ұстанған телеарналар жаңалықты
беру кезінде шыншыл, әділ, бейтарап бағдарды ұстанады. Зерттеушілер
ақпараттық публицистика жанрларына заметка (бейнесюжет), телесұхбат,
телерепортаж, телеесеп, сөз сөйлеуді жатқызған6.
Заметка – журналистиканың ақпараттық жанры. Ең қарапайым, ең жеңіл
жазылатын түрі. Ол мән-маңызы бар факті, оқиға немесе құбылыс туралы
хабарлауды ғана, қоғамға мағлұмат беруді ғана мақсат етеді. Бұл жанр
телевидениеге де, радиоға да, баспасөзге де ортақ. Заметканы кейде
хроникалық хабарлау деп те атайды. Себебі хроника – chronos грек
тілінен аударғанда уақыт деген мағынаны. Ал, журналистикадағы хроника
фактінің қысқаша хабарлануы.
Телевидениеде заметка жанры ауызша хабарлау түрінде және видеозаметка
түрінде көрініс табады. Көп жағдайда заметка ақпаратты бейнесіз ауызша
хабарлау түрінде орын табады. Жаңалықтар эфирге шықпастан екі-үш минут
бұрын келіп түскен өте маңызды ақпарат болса, я болмаса түсіру
мүмкіндігі жоқ кезде, оның бейнематериалы тапшы кезде заметканың ауызша
түрі кеңінен қолданылады7. Мысалы, 31-телеарнада берілген төмендегі
ақпаратты алып көрейік. Шығыс Қазақстан облысында 11 автомектеп
жабылды. Бұған мекемелердің тиісті талаптарға сәйкес келмеуі себеп
болған. Полиция дерегі бойынша, Өскеменде жүргізушілер дайындайтын 30
автомектеп тіркелген. Тексеру кезінде соның бесеуі жабылып, алтауы
өздеріне жүктелген міндетті атқара алмағандықтан өз еріктерімен жұмысын
тоқтатқан. Бүгінде жүргізушілерді дайындауға қатаң талап қойылуда. Ал,
ол талаптарды орындамаған мектептер бірден жабылады. Былтырғы жылы
Өскемен бойынша 296 көлік апаты тіркеліпті. 74 адам қаза тапқан. Бұған
көбінесе жүргізушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі себеп болып отыр,
-дейді мамандар8.
Аз жол, санаулы сөзбен басты ақпаратты кім, не, қашан, қайда болғанын
толық хабарлайды. Ең қажетті, ең маңызды фактілер алынғаны абзал.
Бірақ, бұл жанр неге? қалай? деген сұрақтарға автор жауап бермейді.
Егер берілетін ақпарат талдауды немесе пікір білдіруді қажет етсе, ол
үшін басқа жанрлар қолданылады. Эфирге заметка жанрымен шығатын ақпарат
іріктелініп алу керек. Яғни, ол өте маңызды ақпарат болу керек. Кейде
ол тақырыбы жағынан ұқсас екі ақпаратты қосып хабарлайды9. Кеше ОҚО
Қазығұрт ауданы Қақпақ полигонында тағы да жарылыс болды. Бұл оқыс
оқиғадан 1972 және 1977 жылы туылған екі жігіт ауыр жарақат алып,
аудандық ауруханаға түскен. Ал, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында
болған қақтығыстан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті. Жанжал кезінде
жарақат алған 1969 жылы және 1956 жылы туылған 2 азамат ауруханада көз
жұмды. Марқұмдар Есік қаласындағы аудандық ауруханада жатқан еді. Ал,
төбелесті бастағандардың біріне халықаралық іздеу жарияланды. Ішкі
істер министрілігінің
хабарлауынша, Тахир Махмахановқа қасақана адам өлтірді -деген айып
тағылған. Қазіргі уақытта оның отбасы ҚазАтКом ауылынан
көшірілді. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 17-сінде осы елді-
мекенде үлкен қақтығыс болған еді. Бүгінде осы қайғылы оқиғаға
байланысты 4 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр10.
Ақпаратты хабарламаның яғни, видеозаметканың екі түрі бар. Біріншісі,
ресми, дәстүрлі жаңалықтар. Оған заң шығарушы орындар,
пресс-конференциялар да жатады. Мұндай сюжетті түсіру барысындағы
сьемкада оператор журналистің нұсқауына жүгінбейді. Себебі бұл –
кәдуілгі оператордың да, журналистің де дағдыланған тақырыбы. Монтажда
да залдың, отырыстың жалпы планы, сөйлеушінің ірі планы, тыңдаушыларды
көрсететін бірнеше кадр және басқосуға қатысушыларың (депутаттардың
немесе журналистердің) планы. Бұл ең қарапайым, қалыпты сюжет болып
саналады.
Заметканың екінші түрі авторлық немесе сценарлық деп аталады. Мұнда
ақпарат берудің сапасына тікелей журналистің шығармашылық ізденісінің
қатысын байқауға болады. Авторлық сюжетті дайындау барысындағы
журналистің қызметі мынандай этаптардан тұрады: тақырыпты таңдау және
бекіту, түсірілетін объектіні жан-жақты білу, сценарлық жоспар құру
съемкаға, монтажға және мәтінін жазу. Мәтінге қойылатын талаптарға
тоқталсақ, мәтіні нақты және қысқа, ойды ықшам қайырып жеткізе білу
керек. Бірақ, көрермендердің зердесінде туған сұрақтарға жауап беру
керек. Бұл жерде маңыздысы, мәтін бейнені қайталамау керек, яғни
мәтінді бейнекөрініспен жарыстырмау керек. Мысалы, мінберге шығып келе
жатыр, көрермендер қол шапалақтады деген сөздер болмау керек. Себебі
ол экранда сөзсіз-ақ бейнекөрініспен анық көрініп тұр. Мәтінге
қойылатын тағы бір талап, кей ресми жаңалықтарды тірілту. Көрермендерге
оны түсінікті етіп жеткізу. Асылы, бұл жанр ғылыми терминдерді,
орағытып алыстан басталған ұзақ сөйлемдерді көтермейді. Кадр сыртындағы
мәтінді
жаңалықтар жүргізушісі өзі оқиды. Ал, мәтінді эфирге дейін
журналист-автор дайындайды11. Заметканы Құдайберген Тұрсын бейнесюжет
деп атағанды жөн көрді. Бейнесюжет – заметка, белгі, қысқа жазба
шындықтан алшақ болмаса да, көңілге қонымдысы бейнесюжет деген атау.
Журналист өз шығармасын неден бастайды? Жанрдың негізгі функционалдық
міндеті актуальды жаңашылдықтарды хабарлау, әрі оның өзегінде қоғамды
толғандырып отырған шұғыл, қоғамдық мәнге ие дерек жатады. Оны
айқындайтын белгісі ондағы жаңалық пен берілуіндегі қысқалық. Журналист
үшін маңыздылығы оқиғадағы деректі көріп қана қою емес, ол жайлы баға
әрі түсініктеме беру. Бейнесюжеттің кең тараған қысқа түрі – хроника,
әлде жаңалық болып табылады. Хроника – тарихи оқиғаны реттілік
жүйелілікпен беру жайлы жазба (сондықтан журналистерді көпшілігінде
оқиға не қазіргі кезең жылнамасын жазушылар деп те атайды.) Сондықтан
журналистикадағы хроника – дерек төңірегіндегі қысқаша хабарлама.
Қысқа жаңалықтарды берудің екі түрлі жолы бар. Дербес, ол оқиға,
сенсация жайлы ақпаратты беру кезінде, ал бір тектес, ол ақпаратты
ретімен және бүге-шігесіне дейін беру мезетінде қолданылды. Шебер
журналист аудиторияға небәрі 10-30 секунд аралығында 35-40 сөзбен Кім?
Не? Қайда? Қашан? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Сондықтан сюжеттің композициялық құрылымы осы мақсатқа бағындырылуы
қажет. Негізгі дерек хабардың басында беріледі де, екінші кезектегі
материал өзінің мәнділігіне қарай одан кейінге орналастырылады. Мұндай
мүмкіндік материалдағы ойдың өз мәнін жоғалтуына жол ашады.
Сценарийдегі негізгі ой әлде оқиға сюжетіндегі арқау лид
түрінде берілуі мүмкін. Алайда, журналистерге алғашқы сөйлемді
құрудың екі қиындығын атап айтуға тиіспіз. Біріншіден, оқиғадағы ең
мәнді жайды хабарлау; екіншіден, алғашқы жолдардан көрермендер
назарын өзіне аударту. Тележүргізуші хабардың басында актуальды
мәселені хабарлауы, не жоғары лауазымды тұлғаның ойын келтіруі, әлде
оқиғаның қорытындысын мәлімдеуі қажет болуы ықтимал. Егер лидта автор
оқиға арқауын бейнелеуге ұмтылыс жасаса, ол хабардың бастауында қандай
да бір әрекет жайлы түсінік беруге ұмтылыс танытады. Бейнелі түрде
айтқанда, лид автордың бастау алар ұстанымы болса, ол бастама алға
жылжудағы бірінші қадам болып табылады. Алайда, бейнесюжеттің
композициялық құрылымының айрықшылығы, онда қорытынды бөлімнің
болмайтындығы12.
Телевидение жүргізушілерінің ақпаратты жеткізудегі тәсілі - ауызекі
тілде сөйлеу. Журналистің кадрде сөйлеп тұрып, аудиторияның ықыласын
өзіне аударуын қадрдағы сөз деп атайды. Кадрдағы сөз бұл жанр емес,
автордың көрерменге түрлі ақпарат жеткізудің бір түрі. Және экраннан
тіл қатқан журналист көрерменге қандай да бір ақпаратты хабарлап қана
қоймайды, айтылған фактіге байланысты аудиторияға әсер етіп, реакция
туғызып, қандай да бір әрекетке талпындыруы тиіс. Ал, форма жағынан
тележурналистің сөзі ауызша сипат алады. Экран тілі хабарлау, шақыру
процесін жүзеге асырады. Кадрден сөйлеп тұрған адам камераның
обьективіне қарап тұрып, сол камераның ар жағында үлкен аудиторияның
барын ұмытпау
керек.
Телевидениедегі кадрда сөйлеудің негізінде белгілі бір дерек, дәйек,
дәлел арқылы ашылатын ой, идея жатады. Сол дәйектің көмегімен
пікірлердің екіұштылығына қарамастан, халықтың көзін
белгілі бір нәрсеге көзін жеткізу мақсатында сөйлейді. Сондықтан мәтін
жігерлі болу керек, ал сөйлейтін сөз драматургия заңдарымен құрылуы
тиіс. Бұл жерде сұрақ туылады. Драматургия диалогты талап етеді. Ал,
кадрда сөйлеген сөз тек монологтан ғана тұрады. Бірақ, телевидениенің
диалогтік табиғаты кадрда сөйлейтін сөзге әсер етеді. Кадрда сөйлеп
тұрған адам аудиториямен ойша диалог құрып отырады. Ол ішінен
көрермендердің санасында туу мүмкін деген сұрақтарға жауап бере отырып,
мәтінін дайындайды. Бұл – кадрде сөйлеудегі мәтіннің құру принциптері.
Композиция – форманы құрып тұратын элемент, ол кез келген шығармаға
бүтіндік пен тұтастық береді. Кадрда сөйлеудің ең бірінші талабы,
тақырыпты анықтап алу, тыңдарманды көтеріліп отырған мәселемен
таныстыру (кіріспе ретінде), сосын негізгі фактімен таныстыру, дәлелмен
келтіру (негізгі бөлімі), тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту
(қорытынды). Сөйлеушінің мәтінінің әр бөлімі бір-біріне ұйқас болу
керек. Автор сөзінің сәтті шығуы оның сөйлеу техникасы мен
әдіс-тәсілдеріне байланысты. Орыс шешені А.Ф. Конидің пайымдауынша,
тыңдаушының көңілін аулау үшін мәтіннің бірінші сөздері өте қарапайым,
түсінікті және қызық болу керек. Кез келген тыңдарман құлақ асып, назар
аударатындай болу керек. Ол үшін сөздің басында өмірден мысал келтірсе,
оғаш цитата келтіріп немесе тосыннан сауал қойған жөн болар. Ондай
кіріспені табу үшін автор мәтінінде қандай мәселе қамтып, іштей жоспар
құру керек. Бұл шығармашылық жұмыс. Мәтінге қатысты талап осындай.
Алайда, телевидениеде аудитория мәтінді тыңдап қана қоймайды кадрде
сөйлеп тұрған адамды да көреді. Психологтардың пікірінше, оқырман
санасына ақпаратты 40 пайызына дейін дауыс ырғағы мен екпін жеткізеді
екен. Осы орайда сөйлеушінің дауысы, логикалық пауза, логикалық екпін
өте керек. Оған қоса, сөйлеушінің ым-ишарасы, сыртқы бейнесі, өзін-өзі
ұстауы да маңызды орын алады. Жалпы, телевидениеде кадрда
сөйлеудің үш түрі бар:
- Мәтіндік. Мұнда сөйлеуші журналист мәтінді өзі дайындап,
жазып, редактордың тексеруінен өткізеді.
- Тезистік. Мұнда журналист қозғайтын тақырыбын тауып, қандай
мәслелерді қамтитынын, және сұрақтарды алдын-ала ойластырады.
Тезис – мәтіннің мазмұнын және көрсетілімнің сипатын анықтайтын
(фотосурет, карта, сызба, макет) сценарлық жоспар, тауып қояды.
– Суырып салма. Мұнда журналист тек қана тақырыбын ғана және сөйлейтін
сөзінің уақытын, яғни хронометражын ғана біледі13.
Мұндағы мәтіндік сөйлеу телевидениеге аса келмейтін тәсіл. Себебі
телеэкранда тек табиғилықты ғана телеаудитория жақсы қабылдайды.
Мәтіндік тәсіл көбіне қоғамда рөлі өте маңызды тұлғалар көп
пайдаланады. Мысалы, Президенттің халыққа жолдауы, қоғам қайраткерінің
халыққа мәлімдемесі. Бұл жерде айтылатын ойдың, тұжырымдамасында дәлдік
өте қажет. Сондықтан олар алдын-ала жазылған мәтін бойынша сөз
сөйлейді. Бірақ, бұл әдіс тікелей эфирде болатын ақпараттық
бағдарламаларда өте жиі қолданылады. Мысалы, Информбюро, Хабар,
Тәулік тынысы, Күндерек жүргізушілеріне эфирге шығуына
телесуфлердің рөлі өте маңызды. Ол жүргізушіге табиғилық сипат беріп,
оның оқып отырған емес, камераға қарап, сөйлеп отырған бейне жасайды.
Алайда, бұл жерде мәтінді жүргізушінің өзі жазғаны тиімді болады.
Себебі жүргізуші мәтінін, біреудің жазған сөзіне қарағанда әлдеқайда
сенімді, нық көрерменге жеткізетіндей дауыс ырғағымен оқиды.
Телесұхбат – публицистиканың ақпараттық жанрлар тобына кіреді.
Тележурналист өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаларға
қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі
адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Телепублицистика жанры негізінен
көркемдік-бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте
көмкеріп отырады. Себебі теледидардағы коммуникативтік үрдіс ондағы
әлеуметтік жүйе ретіндегі сөзге ерекше мән береді. Сұхбат
ағылшынның беседа деген сөзінен шыққан. Мағынасы баспасөзде
жарияланып, радио мен теледидардан берілуге арналған саяси, қоғам
қайраткерінің баспасөз, радио, теледидар қызметкерімен болған әңгімесі
дегенді білдіреді14.
Телеэкранда сұхбат жанры айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың
бірде-біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен
тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат- теледидардың сан алуан
түрлерінде үздіксіз кездеседі. Теледидарда осы жанрда арнайы хабар да
жасалады. Оған С. Оразалиновтың ақын-жазушы, өнер қайраткерімен
жүргізген Сұхбат хабары дәлел. Сұхбат жанры сұрақ-жауапқа
құрылатындықтан түйіскен, әдістік, бағдарламалық және экрандық деп
бөлінеді.
Анкеталық сұрақ – журналистке әңгімеге қатысушының өмірбаяндық
мәліметтерін әр телехабар барысында қажетті болып қалатын жайларды
білуіне мүмкіндік туындатады. Сауалнамалық мәліметтерді сөзсіз, құр
баяндау әңгімеге қатысушы әрі аудиториямен арадағы байланықа нұқсан
келтіреді. Сондықтан әрбір сөзге, сандық көрсеткіш пен мәліметтерге
терең ойлылықпен қараған дұрыс.
Бағдарламалық сұрақ – экраннан өтіп жатқан тақырыпқа байланысты әңгіме.
Сұхбатқа қатысушылар үш категорияға бөлінеді:
Саяси және мемлекеттік қайраткерлер, белгілі бір саладан арнайы білімі
бар мамандар; олардан қоғамдағы келелі
мәселелер туралы әңгіме қозғалады. (Сұхбаттың бұл түріне Тұжырым,
Бетпе-бет бағдарламаларын жатқызуға болады.)
Танымал тұлға, оның өмірі мен қызметі жайлы көпшілікке кең түрде
мәлімет беру. (Ән мен әнші)
Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым, жай
адамдар, олармен қандай да бір оқиғаға туралы пікірлерін білу үшін
сұхбат алынады. (Ақпараттық, талдамалық бағдарламалардағы
бейнематериалда көп пайдаланылады. (Мысалы, Информбюро,
Состояние.KZ)
Сұхбат-портретте мақсат әңгімеге қатысушы тұлғаны барлық
қырынан жан-жақты алу және қатысушы тұлғаны барлық қырынан жан-
жақты ашу және бойындағы әлеуметтік-психологиялық, сезімдік мінезге
беріледі.
Проблемалық сұхбатта проблеманы шешу жолдары түрлі көзқарастарды
айқындау бағытында қойылады.
Сұхбат- анкета – белгілі бір сұрақ төңірегінде түрлі адамдардың
пікірлерін білдіру. Сұхбат-анкетада таңдалынған қоғамдық пікір нысаны
үш критерийге жауап беруге тиіс:
пікірталас түрінде (көтерілген проблема жайлы түрлі көзқарастар
тоғысады.)
қоғамдық пікір туғызу.
Көпшілігінің хабардарлық дәрежесінде болуы.
Хабарлама сұхбат – экранда тілдесу түрінде кең тараған түрлердің бірі.
Журналистер кездесу кезінде әңгімеге қатысушы, мәліметке қанық тұлғадан
ақпаратты молдау алуға тырысады. Себебі бұл бір-біріне қатысты екі
міндетті орындаудан туындайды: қоғамдық маңызға ие ақпаратты алу және
оған қосымша осы ақпаратты беретін тұлғаның кейбір өзіне тән мінезін
ашу.
Сұхбат-кескіндеме телехроникада сөйлейтін кейіпкермен көпқырлы болып
табылады. Адам сұхбат кезінде өзі жайлы емес, өзі басшылыққа алатын
көзқарасы мен бағалайтын заты турасында әңгімелейді. Теледидар
тәжірибесінде сұхбат-кескіндеме жанры уақыттың өзіндік құжаты болып
табылып, ол тек бір ғана адамның емес, тұтас әулеттің бейнесін
сомдайды.
Қазақстан-1 телеарнасы бойынша берілген Республика алаңы- 4
хабарының ерекшелігі – тікелей эфир барысында келіп түскен
көрермен сауалдарына білікті адамдардың жауап беруі. Бұл – сұхбаттың
тиімді әдістерінің бірі. Ел өміріне қатысты маңызды мәселелердің нақты
жауабы берілетін телесұхбаттарға көрермен де, тыңдарман да, оқырман
да ынталы. Алайда, эфирдегі уақыт тапшылығынан көптеген сұрақтар
жауапсыз қалады. Сондықтан, Егемен Қазақстан газетінің Жекешелендіру
қалай жүріп жүріп жатыр? айдарымен шыққан Жер сатылмайды, бірақ...
деген сұхбаты (24.05.95.) осылай туындады. Теледидар арқылы көрермен
жүздескен мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет төрағасы С. Қалмырзаевтың
тікелей эфир барысында келіп түскен, бірақ жауабы беріліп үлгерген
көрермендер сауалына газет бетінде жауабы жарияланған. БАҚ-тың бұл
бірлескен іс-тәжірибесі қолдауға тұратын, әрі оны өзге жанрларда
кеңінен пайдалануға болатын оң үлгі.
Қазіргі кезеңде көрермендер сұхбат жоқ демейді, оның жауабының
ұзақтығына кей кезде жауаптар тақырыпқа сәйкес келмей жататынына
көңілдері толмайды. Осындай сұхбаттарда жауап берушінің дауысын кадр
сыртына шығарып, диктордың сөзі арқылы ретке келтіріп, кейбір нақты
жауабын теледидардан көрсету керек.
Сұхбатпен байланысты бірнеше мысал келтірейік. Саясаткерлермен болған
сюжеттер де сәтті бола бермейді. Адамның мағынасыз айтып отырғандарын
кесіп тастап, қалғанын репортердің өзіне қалдыруға болады. Тағы бір
мысал: Грузин саясаткерлерінің сайлау және Ата заң туралы пікірлері
мен толқуларының көрермендерге түсініксіз жағдайлары ішінара кездеседі.
Саяси күштің құрылымы, халық неден қорқады? Бұл ескертуден мәскеулік
азаматтың өзін жоғары санайтындығын, оның өркөкіректігін аңғаруға
болады. Ол ресейлік саясаткерлер туралы былай айтпаған болар еді, ол
өзіне де
түсінікті. Кейбір жағдайда айтушының әңгімесін күрт өзгертуге болады.
Кейбір сюжеттерден айтқаннан гөрі көп мағына түсінуге болады.
Картина-синхрон. Демократиялық Ұлыбритания мынадай заң енгізді,
яғни террористерден сұхбат алуға болмайды. Сюжет және диктордың
дауысы, ал синхрон өте әсерлі. Бұл көріністен Басаевты тыңдап отырып,
Буденновскі тұрғындарын айуандықпен өлтірілгенін ұмытасың!
Маңдайларындағы лентада Еркіндік немесе өлім деген жазуы тұр.
Тамаша-ақ! Мұндай пікірлерден террористерге ғана емес, күллі шешен
халқына деген көзқарастарды байқауға болады15.
Сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушының көзқарастарына қарай бірнеше
түрге бөлуге болады.
Түріне қарай сұралушының сұхбатын 4 түрге бөледі:
сұхбат – көзқарас;
сұхбат – хабарлама;
сұхбат – эмоция;
сұхбат - әлеуметтік зерттеу;
Сұхбат – көзқараста көрнекті, танымал, атақты адамдар қатысады.
Сұхбат – хабарламада жоғары лауазымды, бірақ аты-жөні көпшілікке таныс
емес кісілер болады.
Сұхбат – эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері, көпшілікке таныс емес
адамдар қатысады.
Социологиялық зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші жоспарға
ысырылады, жауап беруші бүркеншік атпен де шығуы
мүмкін16.
Телерепортаж - теледидардың өзіндік табиғи имманенттігі (оқиғаға іштей
қатысушылығы). Репортаж тележурналистиканың елгезек, кең тараған, әрі
үнемі әрекеттегі жанры. Телерепортажды алған зерттеушілер оның үш
түрін ұсынды: трансляция, тікелей хабар және
проблемалық репортаж. Б. Чесноков оның көлемді классификациясын ұсынды.
Олар :
мәселенің қойылуы бойынша: а) оқиғалы;
б) проблемалы.
2) репортердің оқиғаға қатысу дәрежесіне қарай:
а) оқиғалы (репортердің қатысуы міндетті);
ә) түсіндірмелі (репортердің қатысуы шектеулі);
б) трансляция (репортер қатыспайды).
3) техникалық құралдармен:
а) тікелей (оқиға ортасынан);
ә) жартылай әлде толықтай пленкаға түскен.
Болгар теоретигі М. Минков оның 8 түрін ұсынады. Олардың арасында
бүгінде бейнені ығыстырып шығарған кинорепортаж бен фоторепортаж бар.
Телерепортаж өмірде болып жатқан оқиғаны қаз-қалпында көрсетіп,
әрекеттегі шындыққа бір қадам жақындай түссе, екіншіден репортерлердің
оқиғаны қабылдау кезіндегі субъективтілігі алғашқы орынға шығып,
журналист онда куәгер не әрекетке қатысушы ретінде танылады17.
Репортаждың типологиялық ерекшелігіне байланысты оқиғалы, тақырыптық,
қойылымдылық деп бөлінеді. Оқиғалы репортажда – репортер ырқынан тыс,
нақты оқиға көрсетіледі. Репортердің міндеті – көрерменге оқиға жайлы
толыққанды ақпарат беру. Тақырыптық репортажда автор журналист
телешығарымдағы идеяға, таңдалынған тақырыпқа байланысты оқиға өтетін
нысанды айқындайды. Ал, қойылымдылық репортажда журналист оқиғаның
ұйымдастырушысы рөлін атқарады. Мұндай ұйымдастырушылық қызықты және
пайдалы, ал екінші жағынан – зиянды әрі пайдасыз болып шығуы да мүмкін.

Репортаждың басқа да көптеген түрлерін атауға болады:
а) Түсіндірмесіз репортаж;
ә) түсіндірмелі репортаж;
б) оқиғалы репортаж;
в) танымдық репортаж деген түрлері бар. Телеэкрандағы оқиғалы
репортаж ақпараттық міндетті атқарса, ал тақырыптық (проблемалық) –
көпшілігінде мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-педагогикалық
міндеттерді қоса атқарады. Репортаж табиғатынан жинақтаушылық
қалыпқа ие. Сондықтан оны ақпараттық топқа бір жақты кіргізе салуға
болмайды. Өйткені, репортаж құрылымында суреттеме, сұхбат, есеп,
корреспонденция жанрлардың белгілері бар. Репортаждағы әрекет үдемелі
түрде дамиды. Мұнда репортердің хроникашы не шолушыдан өзгешелігі, оны
оқиғаның қорытындысы емес, ең бастысы өзінің көз алдында өтіп жатқан
жайды көрерменге әсерлі етіп көрсетуге ұмтылушылығы. Осыдан репортаждың
сюжеттік – композициялық құрылымын түзудің қиындығы келіп туындайды.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
а) оқиғаның бір бөлшегін таңдау;
ә) оқиғаға қатысушыларды таңдау және орналастыру;
б) репортаждың өн бойына материалдарды іріктеп ораналастыру;
в) көріністерден ерекше жарқын тұстарды бөліп алу;
г) өзгеше детальдарды іріктеу;
д) авторлық көзқарасты таңдау;
С. Байменше: Баспасөзде, радио мен теледидардағы көріну нысаны, кейде
репортаждың жоғарыда айтылғандардан басқа ұжымдық репортаж,
радиорепортаж, телерепортаж, толғанысты репортаж деген сияқты үлгілері
кездесіп қалады. Бұлар репортаждың түрлері емес, көріну нысаны мен
берілу арнасы ғана -деп түйін жасайды. Сонда бүгінде өзінің
аудиториясына молдығы, ұшқырлығы, көтеретін мәселелердің өзектілігімен
алдыңғы орынға шығып отырған радио мен теледидардағы радиорепортаж не
телерепортаж репортаж деп
атауымыз керек пе? Алайда, ғасырға жуық тарихи бар электронды ақпарат
құралының атауын қосып, оларды жанрлар құрамында
айналысқа кіргізіп, радиорепортаж, телерепортаж деп атау өте
орынды болып табылады.
Теледидар экранындағы түсінік берілмеген көрсетілім, әрі кадрден
тыс түсініктеме берілген тікелей хабар мынадай белгілерге ие:
біріншіден, хабардың композициялық құрылымының өзін өмірдегі құбылыс,
оқиға туындатады. Оның дамуын өзгерту мүмкін емес; тек өтіп жатқан
көрсетілімнің интерпретациясын ғана (камераның орналасуын, ракурс,
монтаж стилін т.б. өзгерту) әлде кадрдан тыс берілетін сөздік
түсініктеменің бірлігі, екіншіден қатысушының эффектілігінің
тұрақтылығы - әрекеттегі уақыт пен көрермен қабылдауының сәйкестігі,
үшіншіден үзіліссіз қозғалыс, нысанның динамикалығы, оның уақыт пен
кеңістіктегі дамуы, құбылыстың логикасын ашудың бейнелілігі;
төртіншіден, экран табиғаты көрермен алдына деректі жайып салуға
себепші болады.
Репортаждың құрылымдық-композициялық жүйесін көңіл-күйдің қалауынша
өзгерте беруге мүмкіндігі мол. Мысалы, репортажды ассоциациялық
байланыс немесе тарихи жарыспалы түрде де беруге болады. Алайда,
репортаж көпшілігінде фабулалық негізге құрылады. Сондықтан репортаждың
баяндау байлығы таңдалынған деталь, пейзаждық және портреттік
суреттемелер мен сұхбаттары көбірек байланысты болып келеді18.

Информбюро ақпараттық бағдарламасы: ақпарат әзірлеудегі өзіндік
ұстанымдар мен хабарлар дайындаудағы ерекшеліктер
Ал, жаңалықты жедел, әрі сапалы жеткізетін бағдарламаның бірі бұл –
Информбюро. Информбюро жаңалықтары – Қазақстанның тарихына жедел
енген ақпараттар тасқыны. Бүгінде онда қызмет ететін журналистер
халыққа кеңінен танымал. Тілшілердің жеке қолжазба стильдері де
қалыптасқан.
“Информбюро” жаңалықтары – жоғары технологиялар жобасы. “Информбюро”
көпшілікке жан-жақты қызмет көрсетеді. Мысалы, ақпараттар легін
телеарнадан көріп, радиодан тыңдап, Интернет парақшасынан оқуға кең
мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңалықтар легі сағат сайын жаңартылып
тұрады. Ақпараттарды уақытқа, саяси жағдайға бағындырмай шынайы
беріледі.
“Информбюро” - бұл тек бір ғана идея. Әр түрлі топтардың басын
біріктірген ауқымды жоба. Телеэкраннан тыс және оған тікелей жұмыс
істейтін журналистер, жүргізушілер, жарық түсірушілер, бейне және дыбыс
реттеушілердің ортақ идеясы тың ақпараттар тарату болып табылады.
Қысқасы, әлеуметтік мүмкіндігіне, жынысы мен жас мөлшеріне қарамастан
әркімнің өркениетті қоғамға ұмтылуына құқық беретін идея.
Зерттеу жұмысын жазу барысында Информбюроның қазақ бөлімінің бас
редакторы Серік Сарыбаевпен ой бөліскен едік, сол әңгімеден қысқаша
үзінді келтірсем:
1 – сұрақ: Информбюроның басқа телеарналардағы ақпараттық
бағдарламалардан негізгі ерекшелігі.
Кез келген ақпарат құралының басты мақсаты қоғамымызда, әлемде болып
жатқан маңызды оқиғалардан халықты хабардар ету.
Қандай ерекшелік бар? -дегеннің жауабы осыдан барып шығады.
Теледидардың пультін алып, Қазақстан арналарын бір шолып
шықсаңыз, өзіндік бет-бейнесін байқайсыз. Сол бет-бейненің
тартымдылығынан, өткірлігінен барып арнаның абырой-атағы қалыптасады.
Мәселен, Маловодноеда қазақ-шешен қырқысқанда, 31-арна тілшілері сол
ауылдарды апталап қадағалап, қит еткен жаңалықты жұртқа жариялап
отырды. Тергеудің қалай жүретінін бақылады. Шелектегі оқиғадан соң
болған сотты да қалың бұқараға жеткізген 31-арна. Бізде жаңалықтар
легі ресми мәліметтен басталуы керек - деген қатып қалған түсінік
бар. Бұл – түбірімен қате. Бір елдің халқы бір-біріне қару кезеніп
жатса, одан асқан қауіп бар ма? Және ондай қатерді біз
Премьер-министрдің, не болмаса әлде бір әкімнің Қазақстанның алдынан
ақ жол ашылып, маңдайына нұрлы күннің шапағы төгілгелі тұрғаны
жайындағы ұзынсонар баяндамасынан кейін айтсақ дұрыс бола ма? Қақтығыс
пен әдемі баяндаманы електен өткізген кезде туындайтын ой біздің
мемлекет туралы ақиқаттың бір парасы. Демек, 31- арна - халыққа
шындықты жеткізуге бар күшін салып жатқан БАҚ.
2 –сұрақ: Қандай проблемалар немесе тақырыптар бірінші кезекте
қозғалады?
Президент те, базарда арба итеріп, күнін көріп жүрген шиборбай перзент
те халықтың баласы. Демек, екеуінің де парызы еліне адал қызмет ету.
Журналист те сол халқының ұлтының аманатын арқалаушы. Ал, аманатқа
қиянат жүрмейді. Өкінішке қарай біздегі БАҚ осы түсініктен жаңылысты.
Ақпарат құралдарымыз кез келген шенеуніктің сөзін іліп алып, жарапазан
айтқандай жұрт құлағын шуылдатып жатады. Әсіресе, бір айтылған жолдауды
бір жыл талдап жағы ауыратын мемлекеттік БАҚ-тың жағдайы мүшкіл. Ал
негізінде
БАҚ халықтың үнін, талабын билікке жеткізуші және сол талаптың
қалай қабылданғанын қадағалап отырушы болуы керек. Яғни, екі
арадағы дәнекер.
Сондықтан Информбюрода біз әуелі халықтың мұң-зарын, жай-күйін
бірінші кезекке қоямыз. Билік жылап жүргендердің көз жасынан қорықса
екен деп Шаңырақ, Бақай оқиғасын талмай қозғап келе жатқандығымызды
көрермен қауым біледі. Ал, Астанада айтылған сөзді ләббайлап қағып
алып, алақайлап жатқандар бізсіз де жетеді. Бұл біз ресми
жаңалықтардан мүлдем безінеді деген сөз емес. Аса маңызды дегендері
Информбюро шығарылымында күнделікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телерепортаж- алдынғы тележурналистика жанры
Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Телероликтер
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Бүгінгі қазақ телеарналарындағы жаңалықтардың берілу тәсілі (31 телеарна негізінде)
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
Тележаңалықтардағы хабарлама («мессидж») тәжірибесі
«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Пәндер