Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы



Кіріспе.

1. Халық Ағарту Комиссариаты қорының пайда болуын сынау.
1.1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы.
1.2 Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы құжаттардың құрамы мен сипаты.

2. Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы.
2.1 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі Қазақстандағы XX ғасырдың 20.30 жылдарындағы ағарту мәселесі.
2.2 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі мәдениет пен ғылым орталықтарының қалыптасу кезеңдері.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе. (2-9)

1. Халық Ағарту Комиссариаты қорының пайда болуын сынау. (10-27)

1.1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы. (10-19)

1.2 Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы құжаттардың құрамы мен сипаты.
(20-27)

2. Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму
тарихындағы деректік маңызы. (28-52)

2.1 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі Қазақстандағы XX
ғасырдың 20-30 жылдарындағы ағарту мәселесі. (28-44)

2.2 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі мәдениет пен ғылым
орталықтарының қалыптасу кезеңдері. (45-52)

Қорытынды. (53-55)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. (56-60)

Кіріспе.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Казіргі уақытта халқымыз өркениетке
ұмтылып, ұлттық сана-сезімді калыптастыруға кіріскен тұста және Қазақстан
Республикасының бүкіл дүниежүзілік тарихи процесте алатын орны айқындалып
жатқан кезде оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің
қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде. Әсіресе, мұндай қажеттілік
Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезеңдерін мұқият зерттеп, қалыптасқан
көзқарастарды өзгертіп, қайта қарау да заңды құбылысқа айналды. Себебі,
Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы ел
өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайда біржақты көрсетіп,
ақиқатты бұрмалап, қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық
тұжырымдымалардың пайла болып, орнығуына жол ашылды. Ал Қазақстанның
тәуелсіздік алуына байланысты тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным
бағытында шынайы, төл деректер негізінде қайта зерттеп, зерделеу мүмкіндігі
туды.
Қазіргі таңда оқу-ағарту мен мәдениет мәселесінің еліміз тарихындағы
ролі бағалануы тиіс. Әсіресе, кеңестік мәдени-ағарту жүйесі туралы
қалыптасқан көзкарастарды қайта қарау тарихшылар алдындағы үлкен міңдст.
Мәселені шынайы, ақиқатты тұрғыдан зерттеу, төл деректерді пайдаланып,
деректанулық талдау негізінде жүзеге асады. Кеңес билігі орнаған бетте-ақ
Қазақстандағы білім, мәдениеттің дамуына баса назар аударылды. Бұл жағдай
қоғамдық өмір мен мәдениеттің тоғысқан орны – Халық Ағарту Комиссариатын
үлкен рухани орталыққа айналдырды. Қазақстандағы XX ғасырдағы 20-30
жылдардағы мәдениет тарихын Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын
деректанулық талдаудан өткізу арқылы зерттеу әлі де болса қолға алынбаған.
Бітіру жұмысында зерттеліп отырылған тақырып, бүгінгі таңда Отан
тарихында өзекті мәселенің бірі ретінде көптеген зерттеушілердің
қызығушылығын тудырып, зерттеу обьектісіне айналғаны тарихнамаға қосылған
еңбектерден белгілі. Сондықтан, кез-келген зерттеуші зерттеліп отырған
мәселенің өзектілігін ашу үшін мұрағат қойнауындағы деректерге жүгінеді.
Деректанулық тұрғыдан айтар болсақ, тарихи деректанудың өзекті мәселесі –
деректегі барлық сақталған ақпаратты ала білу жолдарын іздестіружәне сол
ақпаратты тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдерін жасау, ал
сол тәсілдерінің ең бастыларының бірі – деректанулық сын. Деректік құжаттар
зерттеу мәсеелесінің шынайы түрдегі ғылыми құндылығын арттырады. Тарихтың
жемі болып табылатын кез-келген шынайы дерек өзінің табиғаты жағынан
обьективті, өйткені ол белгілі-бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыс
салдарынан пайда болды. Сондықөтан сол оқиға не қоғамдық құбылысөз бойында
мәлімет сақтайды. Екінші жағынан, кез-келген дерек субьективті, себебі оны
белгілі бір субьект жасайды. Жазба деректердің үлкен тобын құрайтын
мұрағаттық құжаттарға, Соның ішінде Халықт Ағарту Комиссариаты қорының
құжаттарына, Қазақстандағы XXғасырдың 20-30 жылдарының мәдени процестерге
қатысты туындаған оқиғаларға обьективті баға беру үшін, дәл осындай
талдаудан өткізу қажет. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік
Мұрағатында жиналған Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын жүйелеп,
оларды деректік талдаудан өткізу қажеттілігі зерттеліп отырған тақырыптың
өзектілігін дәлелдей түседі.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Халық Ағарту Комиссариаты қоры
кұжаттарының зерттелуі 1920-30 жыдарда-ақ басталды. Оның себебі Комиссариат
казақ зияллыларының ең көп топтаскан басты мекемелердің бірі еді. 1920
жылдардан-ақ, Қазақстандағы мәдени-ағарту мәселесі Халық Ағарту
Комиссариатында қызмет еткен зиялылардың зерттеу объектісіне айналды.
Халық Ағарту Комиссары А.Байтүрсыновтың ағарту саласындағы сіңірген еңбегі,
алар орны белгілі казақ зиялыларының мақалаларыңда ашылды 1. Сонымен
катар, алаштық зиялылар мәселесін, олардың 20-30 жылдардағы мәдени
құрылысқа сіңірген еңбектерін алғашқылардың бірі болып көтерген
Т.Рыскүлов еді 2.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында Халық Ағарту Комиссариаты
жылдық есептерін баспасөз бетінде жариялап отырды. Ағарту ісінін дәл сол
кезде қалай дамып жатқандығын мекеме құжаттарының ашық жариялануы көрсетіп
берді. Кейбір басылымдар Халык Ағарту Комиссариатының кұжаттарын
пайдаланып, Комиссариаттың жұмыс барысы мен оның статистикалык
материалдарын анықтай алды 3.
Халык Ағарту Комиссариатының кұжаттарын партиялық және кеңестік
қызметкерлердің пайдалануы кеңестік тарихнамада 30-шы жылдардан бастау
алады. Халық Ағарту Комиссариатының қызметкері Г.Береза Проблема кадров в
Казахстане атты еңбегінде әртүрлі салада даярланып жаткан маман кадрлар
жағдайын, жоғары оқу орындарының мәселеге үлесін көрсетті 4. Партиялық
және кеңестік қызметкерлер де макалаларыңда 30-жылдар басындағы жалпыға
бірдей білім беру мәселесін карап отырды 5. Сонымен катар, Халық Ағарту
Комиссарлары мен казақ зиялылары мәдени-ағарту саласының тарихының
зерттелуіне өз үлестерін қосты. Авторлар макалаларында Халык Ағарту
Комиссариатының материалдарын кең түрде пайдаланды 6.
Казақ зиялыларының мерзімді басылымдардағы макалаларын пайдалану арқылы
кеңес мектебінің кемшіліктерін М.Шоқаев ашып берді. Ол Халық Ағарту
Комиссары К.Тоқтыбаев пен Ф.И.Голощекиннің газет бетіндегі материалдарын
қарай отырып, казақ халқының кеңес үкіметі тұсындағы ұлы жетістігі деп
есептелінген кеңес мектебін сынап өтті 7. Халық Ағарту Комиссариатының
кызметкері Д.Авксентьевский өз еңбегінде Казақ Мемлекетгік Унивсрситетінің
ашылуын нақты құжаттармен баяндап өтеді 10.Айтылып отырған кездегі мәдени-
ағарту мәселесі, ондағы казақ зиялыларының қызметі бір-бірімен байланысты,
үлкен тарихнамалық процесті құрайды.
1950-1960 ж.ж. 1920-30 жылдардағы мәдени құрылыстағы Кенес
өкіметінің жетістіктерін керсеткен ғылыми жұмыстар пайда бола бастады.
Алайда, бұл еңбектерді біржақты түрде карай алмаймыз. Себебі, олар
мәдени құрылыстың кемшіліктерін де нақты бейнелеп отырды. Авторлардың
негізгі мақсаты – Қазақстанда 1920-1930 жылдарда кең түрде жүргізілген
мәдени құрылыс саясатын, сауатсыздықты жою ісін, кеңес органдарының
ағарту саласындағы жстістіктерін кең талдау. Ғ.С. Сапарғалиев зерттеу
жұмысында үкіметтің басшы органдарының қүжаттарын пайдалана отырып,
кеңестік ағарту саясатына тоқталды 8. Кеңес мектебінің
тарихының негізін салушы ретінде біз А. И. Сембаевты айта аламыз. А. И.
Сембаев өзінің монографиялық еңбегінде Халық Ағарту Комиссариатының
Казақстаңдағы мектеп ісі тарихындағы рөлін фактологиялық
материалдармен ашып, Казақ АКСР-і оқу ісін кең түрде баяндап өтті 9.
Кеңес тарихнамасынды мәдени-ағарту саласын терең зерттеген,
монографиялық еңбектер арнаған Р.Б.Сүлейменов болды. Тарихшылардың
ішінде бірінші болып, ол бүкіл мәдени-ағарту ісіне, сауатсыздықты жою
мәселесіне кең тоқталған. Халық Ағарту Комиссариаты қорының материалдарын
ішінара қолданып, терең зерттеулер мен методологиялық
негіздер аркылы оқу ісінің тарихы, мәдени төңкеріс саясатын
ашуда үлкен рөл атқарды 10. Р.Б. Сүлейменов сонымсн катар, белгілі қазақ
зиялысы, Халық Ағарту Комиссары болған Т. Жүргеновтің ғылым мен ағарту
саласындағы еңбегін ашық көрсетті 11. Кеңестік тарихнамада жоғарғы оку
орындарының тарихын кеңінен зерттеген - белгілі тарихшы Қ. Жаманбаев.
Ол өзінің зерттеу жүмысында Халық Ағарту Комиссариатында
қызмет еткен казақ зиялыларының жоғары оку орнын ашудағы қызметтерін
кеңестік заман түрғысынан кең баяндады 12.
1970-80 жылдарда да Казақстанның мәдени құрылысы тарихынан көптегсн
зерттеулер жазылды. Олар кеңестік рухта жазылған еңбектер болғандыкган,
көбінесе мәдени-ағарту саласыңдағы жетістіктер баса айтылды. X. Хабиевтің,
Ж. Өтебалдиевтың, М. Абдулкәрімовапардың диссертациялық жүмыстары мәдени-
ағарту жүмысының дамуына арналды. Еңбектерде белгілі бір дәрежеде
Комиссариат материалдары дерек ретінде алынып, Казақстанның ағарту
саласының бастапқы кезеңі 1932 жылға дейінгі Кеңес өкіметінің мәдениет
саласындағы кызметі ашылып көрсетілді 13.
Қазіргі Казақстан тарихнамасында мәдени-ағарту мәселесі де зертгеушілер
еңбектеріндс орын алды. Казақстанның 1920-30 жылдардағы мәдени-ағарту ісі,
Кеңес өкіметінің сауатсыздықты жою бағытында жүргізген саясаты Халық Ағарту
Комиссариатының қорын пайдалану арқылы зерттеуші Х.Табылдиевтің еңбегіңде
кең түрде ашылды 14. Халық Ағарту Комиссариатынын мемлекеттік мекеме
ретінде калыптасуы Ш. Тәукебаеваның зерттеу еңбегінің өзекті
мәселесіне айнадды. Автордың диссертациялык еңбегі Комиссариаттың кызметін
Халық Ағарту Комиссариаты қорын пайдалану арқылы жан-жақты ашқан зерттеулер
катарына жатады15.Көрнекті қазақ зиялылары О. Жандосов пен С.
Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси және Халық Ағарту Комиссариатындағы кызметтері
зерттеушілер Г. Нұрымбетованың 16, Р.Елмырзаеваның 17 диссертациялық
жұмыстарында кең түрде ашылды. Мәдени-ағарту саласының мәселелеріне тікелей
араласып отырған қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілі Ә. Бөкейхановтың
қызметі А.Мамраеваның еңбегіне арқау болған. Автор көптеген деректерді
ғылыми айналымға ендірді 18. Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы мәдени-
ағарту тарихын зерттеуде М. Қойгелдиев 19, Т. Омарбековтың 20 қосқан
үлесі зор.
Бітіру жұмысында Халық Ағарту Комиссариаты қорын деректанулық
тұрғыдан зерттеген А. Мұсағалиеваның диссертациялық еңбегіне ерекше мән
берілді 21. Автор қор құжаттарына терең деректанулық талдау жасап,
құжаттардың сыныпталуы, сақталу фомасы, деректерді сынау сияқты мәселелерге
тоқталып өтті. Ол қор құжаттарына деректанулық талдау жасау арқылы
Қазақстандағы мәдени-ағарту процестерге тоқталғанымен, оны толық ашпады
деуге болады. Себебі жұмыстың негізгі бағдары – қор құжаттары арқылы қазақ
зиялылырының қызметін ашу. Архив қорларына деректанулық талдау жасауда
Г.А. Сексенбаева, С.А. Жакишеваның диссертациялык енбектеріне ерекше мән
берілді 22.
Бітіру жұмысын жұмысты орындау барысында деректанудың теориялық-
методикалық мәселелеріне арналған Қ.А Атабаевтің 23, және де Қ.А.
Атабаев пен М.А. Қадыртаеваның 24 бірлесіп жазған еңбектері, И.Д.
Ковльченконың еңбетері 25 кеңінен қолданылды. Іс жүргізу кұжаттарымен
жұмыс жасауды Тихомировтың еңбектері ашып береді. Еңбектерде жазба
деректердің спецификалық түрі іс жүргізу қүжаттарына дерекганулық теориялық-
методологиялық негізінде назар аударылып көрсетілді 26.Қазақстандық
зерттеушілер ішінде іс жүргізу күжаттарын жазба деректердің түрі етіп
пайдаланып, деректанулық диссертация жазған М.А. Қадіртаеваны айтуға болады
27.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Қазақ АКСР
Халық Ағарту Комиссариаты қорының кұжаттарын Қазақстанда 1920-30 жылдарда
мәдени тарихын обьективті түрде зерттеу үшін тарихи дерек ретінде
пайдалану. Осы мақсатқа байланысты жүмыста мынадай міндеттер қойылды:
- қор кұжаттарының кұрылымына қарай отырып, Халық Ағарту
Комиссариатының 1920-36 жылдар аралығындағы мәдени-ағарту саласындағы
қызметіне байланысты кажетті деректердің кешенін бөліп алу және қор
құжаттарын сол кезеңдегі мәдениет тарихының дерек көзі ретінде пайдалану;
- қор кұжаттарының негізінде Қазақ АКСР Халық Ағарту
Комиссариатының тарихын жазып, оның XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет
тарихындағы рөлін айкындау;
- қор кұжаттарын талдау арқылы Кеңес өкіметінің мәдени-
ағарту саласындағы саласындағы саясатын көрсету, істелінген шараларға
баға беру;
Бітіру жұмысының мерзімдік ауқымы. 1920-36 жылдар аралығын қамтиды.
Себебі, Халық Ағарту Комиссариаты осы жылдар аралығында қызмет атқарды және
де оның қызметіне сәйкес Қазақстанда осы кезеңде ғылыми-мәдени орындар
қалыптасты, ағарту саласының негізі қаланды. Қазақ мәдениетінің дамуындағы
жаңа бір сатысы осы кезеңде болды.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Жұмыстың негізгі деректері ретінде,
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архивінде № 81 Халық
Ағарту Комиссариатының қоры алынды. Қорда Халық

Ағарту Комиссариатының 1920-36 жылдар аралығындағы
қызметіне байланысты құжаттар жинақталған. Халық Ағарту Комиссариатына
байланысты құжаттарды тағы да мына қорлардан табуға болады: Қазак АКСР
Орталық Атқару Комитеті (№ 5 қ), Халық Комиссарлар Кеңесі (№ 30 қ).
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында Халық Ағарту
Комиссариатына қызметіне байланысты төмендегілей қорлар бар:
1). 1201 қ.р. – ҚАКСР ХКК-інің жанындағы ғалымдарға көмектесу жөніндегі
комиссия.(1932-1933 ж.ж.)
2). 927 қ.р. – Орталық Атқару Комитеті жанындағы студенттердің
жағдайын жақсарту жөніндегі комисия. (1924-1925 ж.ж.)
3). 920 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің
Индустриялық техникумы. (1917-1922 ж.ж.)
4). 203 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің
Политехникалық институты. (1921-1923 ж.ж.)
5). 929 қ.р. – Қазақстанның Мемлекеттік баспасы. (1921-1940 ж.ж.)
6). 1386 қ.р. – РСФСР-дің жалпы Мемлекеттік баспасының Қазақ Өлкелік
баспасы. (1931-1936 ж.ж.)
7). 1252 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумы жанындағы
Ғылым Комитеті. (1933-1937 ж.ж.)
8). 740 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы жаңа Қазақ
алфавиті жөніндегі Орталық Комитет. (1927-1937 ж.ж.)
9). 1308 қ.р. – Қазақстанның Орталық Мұражайы. (1927-1934 ж.ж.)
10). ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің балалар комиссиясы.(1921-1938
ж.ж.)
Бітіру жұмысының методологиялық жәие теориялық негізі. Бітіру жұмысының,
методологиялық негізіне тарих ғылымының колданылып жүрген обьективтілік,
тарихилық, жүйелілік жәнс даму принциптері алынды. Деректерді таңдаута
құжаттарды жан-жақты және кешенді зерттеуді басшылыққа алынып, мәселені
обьективті түрде ашуға тырыстық.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдын және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.

1. Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарының пайда болуын сынау.
1.1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы.
Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылдың қазан айында Кирревкомның Халық
Ағарту Бөлімі негізінде 4-12 қазан аралығында өткен І Бүкілқазақтық
кеңестер сьезінің шешімімен құрылды 28.
Құрылған күннен-ақ Халық Ағарту Комиссариаты жұмысы Кеңестік мәдени
саясатында басты орын алды. Осыған байланысты, Орталық Атқару комитеті
республикадағы барлық жұмысшыларды және ағарту бөлімдерін құрылған
комиссариат қарамағына жіберу үшін керекті қаулылыр қабылдай бастады.
Сонымен Халық Ағарту комиссариаты республикадағы барлық мәдени және саяси-
ағарту жұмысты анықтайтын және бағыттайтын орталық мемлекеттік мекемеге
айналды 29.
Халық Ағарту Комиссариатының басты мақсаты төмендегідей болды:
1). Халық ағарту ісіндегі теоретикалық, жобалық және идеялық басшылық.
2). Халық арасында барлық саяси-ағарту жұмысына басшылық.
3). Балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік тәрбие ісіндегі
басшылық.
4). Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылыққа қажетті жұмысшылар дайындау
ісіндегі жалпы басшылық.
5). Әдеби-баспа ісіндегі басшылық 15, 32б.
1920 жылдың қараша айында ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілісінде
Халық ағарту Комиссариатының Коллегиясы құрылады. Оған А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, И. Акуловжәне т.б. зиялылар кіреді 30.
Халық Ағарту Комиссариатын құру кезінде, осы кезеңнің басқа да
мемлекеттік құру кезіндегідей көптеген қиыншылықтар туындады.Олардың
бастылары, әрине, мекеме қызметкерлерінің жетіспеуі және жұмысқа ыңғайлы
құрылымның болмауы. Бұл мәселені шешумен өкімет айналысты. Мысалы,
Қазақстандағы білім берудің маңыздылығын ескре отырып ҚАКСР Орталық Атқару
Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссаритына әң жақсы
мамандарды тарту және лорды тұрғын үймен, киіммен және тамақпен
қамтамассыз ету туралы шешім қабылдайды31. Барлық білімді халықты
мобилизайиялау жарияланады 31, 10б. Білімді қазақтарды мобилизациялау
жоспарын жасау А. Байтұрсыновқа тапсырылады.
Комиссариатты құру кезіндегі қиыншылықтар тек қана осымен
шектелмеді.Оған, материалдық-техникалық базаның болмауы, жергілікті
халықтың өзіндік ерешіліктері (көшпелі және жартылай көшпелі өмірі) және
т.б. жатқызуға болады. Өлкенің әкімшілік-территориялық бытыраңқылығы және
Қазақстанның ішкі саяси жағдайы да бұл прцеске кері ықпалын тигізді.
Құрылу кезінде Комиссариат жергілікті халық ағарту бөлімдерінің
жиылыстарын шақырумен, саутсыздықты жоюмен, Сібір Халық Ағарту Бөлімі мен
Түрікмен Халық Ағарту Комиссариаты арасындағы қарым-қатынасты нығайту
мәсәләсімен айналысты. Осыған байланйсты 1921 жылы 25 қаңтарда өткен І
Жалпы қазақ ағарту конференциясында резолюция қабылдады. Резолюцияда
республикадағы мәдени және саяси-ағарту жұмысының біріккен жоспарының керек
екендігі айтылды. Жоспарда тәрбие және білім беру мекемелерінің жүйесін
қалыптастыру ,халық арасында сауатсыздықты жою, мәдени күштенрді есепке алу
және жұмысқа тарту мәселелері қаралды 28, 30б.
Мұрағаттағы 1921 жылғы қаңтар айының материалдарына жүгінсек, біз Халық
Ағарту Комиссариатының мемлекеттік мекеме ретіндегі алғашқы құрылымы
туралы мәліметтерді көре аламыз 32. Бұл кезеңде Комиссариат
коллегиядан,істер басқармасынан және жалпы канцеляриядан, 4 сектордан,2
басты комитеттен тұрды. Комиссариаттың 4 секторы:
1). Әлеуметтік тәрбие секторы.
2). Ұйымдастырушылық сектор.
3). Ғылыми сектор.
4). Көркем секторы.
2 басты комитеті:
1). Саяси-ағарту жұмысы жөніндегі комитет.
2). Кәсіби-техникалық білім беру комитеті.
Комиссариаттың әрбір комитеті мен секторларының өз канцеляриясы және
бухгалтериясы болды. Комитеттер мен секторлар өз алдына бөлім мен
бөлімшелерден тұрды. 1921 жылы олардың саны 20 бөлім мен 55 бөлімшеге
жетті. Осы жылдың ақпан-наурыз мәліметтеріне жүгінсек, Комиссариатта 85
адам жұмыс істеді.
Әлеуметтік тәрбие беру секторының функциясы мектеп және балаларды
қорғау бөлімдеріне өтті. Осы жылдары мекиеп бөлімінің басшылығында Б.А.
Сарсенов тұрды. Сарсеновтың қол астында 4 бөлімше тұрды: жалпы
канцелярия,жалпы білім беру, мамандарды даярлау, мектеп пен ақпараттық-
инструкторлық. Бөлімде 7 қызметкер жұмыс істеді, кейін инструкторлардың
көбеюіне байланысты, олардың саны 19-ға жетті 33. Балаларды қорғау
бөлімін А.К. Заозерова-Яковлева басқарды. Қарамағында 4 бөлімше болды:
ақпараттық-инструкторлық, жалпы канцелярия, бухгалтерия және мамандарды
даярлау. Қызметшілер саны – 4.
Көркем секторының басшысы, қарамағында 14 қызметкері бар, Ж. Аймауытов
болды.
Ұйымдастыру секторы 13 қызметкер, 4 бөлім мен 5 бөлімшеден тұрды.
Ғылыми сектордың басшысы – А.П. Чулошников, қарамағында 4 бөлім болды:
ғылыми, мұражай, мұрағат басқармасы және көркем комитеті. Ғылыми бөлім 2
бөлімшеден тұрды: ғылыми және ғылыми-кітіапханалық. Ғылыми сектор ғылыми
комиссияның негізінде құрылды 34.
Халық Ағарту Комиссариатының басты бөлімдерінің бірі – кәсіби-
техникалық білім берудің бас комитеті. Кәсіби-техникалық білім берудің бас
комитетінің құрылуы 1920 жылы қаңтар айында құрылған мектеп бөлімшесенің
құрамына кірген кәсіби-техникалық білім беру секциясымен байланысты 35.
Бұл секция басқару-ұйымдастыру мәселелерін шешумен ацналысты және барлық
кәсіби-техникалық білім беру мекемелерін басқарды. 1920 жылы маусым айында
кәсіби-техникалық білім беру секциясы мектеп бөлімшесінен бөлініп, жеке
бөлімше ретінде қалыптасты 35, 108б.
Саяси білім беру мәселесіне жауап беретін келесі бір бөлімше – саяси-
ағарту бас комитеті. Комитет басшысының қызметі А. Кенжинге жүктелді.
Үстіне салынған міндеттердің көптігінен, бұл комитеттің құрылымы Халық
Ағарту Комиссариатының басқа бөлімдеріне қарағанда, ең күрделі болды.
Комитет қарамағына 6 бөлім, 13 бөлімше және 27 қызметкер кірді. Бірақ
комитеттің осындай құрылымы көп уақыт сақталмады. 1922-1924 жылдары комитет
бөлімнен тұрды. Олар: жалпы, үгіт және насихат бөлімдері.
1921 жылғы аштық нәтижесінде, Халық Ағарту Комиссариаты өз жұмысын
дұрыс атқара алмады. Барлық күштер аштықпен күресуге бағытталды.
Комиссариат қарамағында аштыққа ұшырағандарға қөмек беру мақсатында арнайы
комиссия құрылды 36. Бұл комиссия жұмысына А. Кенжин, Лазов, Пугачевская
сияқты Халық Ағарту Комиссариатының белгілі қайраткерлері белсене араласты.
Осы кезеңде, аштыққа байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды 36,
10б.
РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының қаулысына сәйкес, ҚАКСР Халық Ағарту
Комиссариатының Құрылымы 1921 жылы бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Бұл
мәселе 1921 жылы 18 мамырда ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының коллегиясы
мәжілісінде талқыланады. Жаңа қаулыға сәйкес, комиссариа енді 4 басты
комитеттерден тұрды. Олар: әлеуметтік тәрбие; орталық кәсіби-техникалық
білім беру; саяси-ағарту; мемлекеттік баспа. Сонымен қатар комиссариат
құрамында тағы 2 орталық болды. Ұйымдастыру орталығы барлық әкімшілік-
ұйымдастыру, қызмет көрсету мәселелерімен айналысса, Академиялық орталыққа
республикадағы ғылыми-методикалық мәселелер қарасты болды.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының жұмысының функциясын бәлірек анықтау
және соған сәйкес құрылымын ұйымдастыру үшін ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі
1921 жылы тамыз айында комиссариатқа байланысты жаңа қаулы қабылдайды.Қаулы
бойынша ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының құрылымының жүйесі РСФСР Халық
Ағарту Комиссариатының жүйесімен ұйымдастырылды. Енді, комиссариат
құрамында 2 орталық, 4 басты басқарма және бас әдеби комитет болды.
Комиссариат құрылымы төмендегідей жүйемен құрылды:
1). Әлеуметтік тәрбие мен балаларға саяси білім беру бас басқармасы.
2). Жоғарғы оқу орындарының кәсіби-техникалық білім берудің бас
басқармасы.
3). Үлкендерге мектептен тыс білім берудің барлық түрлерімен
айналысатын, мектептен тыс және саяси-ағарту жұмысының бас басқармасы.
4). Мемлекеттік баспаның бас басқармасы.
Бас әдеби комитет, осы комитетке арналған арнайы қаулы бойынша, ҚАКСР
Халық Ағарту Комиссариатында басты комитет хұқығында тұрып, барлық әдебиет
және баспа мәселелерімен айналысты.
Комиссариат құрамында, мүшелерін ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі
тағайындайтын коллегия құрылды. Колегия жұмысына ағарту саласына байланысты
жалпы жұмыс жоспарларын бекіту және басқару сұрақтарын шешу міндеттері
кірді. Коллегия комиссариат бөліімдерінің дамудың перспективаларын және
міндеттерін бекітті, олардың қызметінің республикадағы жалпы саясатқа
сәйкестігін және де комиссариат қызметінің басқа кеңестік мекемелер
қызметімен ымырашылдығын қадағалады. Комиссариат коллегиясы қызметін
бағалау нәтижесінде, біз Халық Ағарту Комиссариатының құрылған кездегі
барлық қарастырылған мәселелердің ұйымдастырушылық сипатта болғанын
байқаймыз 37. Комиссариат аппараты нақты құрылымының ұйымдасуына көп
көңіл бөлінді. Мәселені, өз қызметін реттеу, күн тәртібіне қойылатын
сұрақтарды егжей-тегжейлі дайындау қажеттілігі және комиссариаттаң
құрылымдық бірліктеріндегі барлық істердегі күнделікті ақпараттарды
ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Коллегия мәжілістері аптасына 1 рет
өткізілді бөлім басшыларының есеп графигі бекітілді. Бұл график бойынша,
бөлім басшылары әр айдың алғақы күндерінде жазба, ал қалған күндері ауызша
есеп беруге міндетті еді.
1923 жылы 25 сәуірде ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі ҚАКСР Халық Ағарту
Комиссариаты туралы қаулы қабылдайды. Кәсіби-техникалық білім туралы тура
осындай қаулы қабылданады 15, 40б. Қаулы бойынша республикада кәсіби-
техникалық білімнің мынадай түрлері дамыды: ауылшаруашылық, индустриалдық,
педагогикалық, өнеркәсіптік-экономикалық 38. 1923 жылғы қаулы бойынша
Халық Ағарту Комиссариаты 1921 жылғы тамыз-қыркүйек айларында қабылданған
құрылымдық жүйемен жұмыс істеді. Комиссариаттың басты органдары бұрынғыдай:
ұйымдастыру және академиялық орталықтар болды. Академиялық орталық
қарамағына бас музей және бас архив бөлімдері кірді 15, 42б. 4 басты
басқарма сақталды. Олар: әлеуметтік тәрбие, кәсіби-техникалық білім, саяси
ағарту және баспа ісі. Әдебиет пен баспаның бас басқармасы басты комитет
хұқығында қалды 39. Осы кезеңде Халық ағарту Комиссары С. Сәдуақасов
болды. Өзінің ҚАКСР-дегі халық ағарту ісінің жағдайы мен міндеттері
туралы атты мақаласында: а) өнеркәсіпке, ауылшаруашылыққа және
мемлекеттік аппаратқа кәсіби мамандар даярлау, б) ұлттық мәдениеттің
дамуына өз әсерін тигізетін ғылыми және мәдени кадрларды даярлау
керектігін көрсетеді 15, 44б.
Комиссариаттың осы кездегі басты міндеттерінің бірі, саутсыздықпен
күресу еді. С. Сәдуақасов мынадай стаистикалық мәліметтерді келтіреді. 1922-
23 жылдары І басқыштың 1639 мектебі, 1923-24 жылдары – 1963, 1924-25
жылдары – 2751, 1925-26 жылдары – 3228, ал 1926-27 жылдары 3571 болды 40.
1923 жылы қабылданған Халық Ағарту Комиссариатының құрылымы көп
сақталмады 38, 84б. КСРО-ның құрылуымен Халық Ағарту Комиссариаттары
орталықтандырылмаған (республикалық) комиссариаттарға айналды. 1924 жылдың
соңында-ақ академиялық және ұйымдастыру орталықтары жойылды. Нәтижесінде,
қаржы шаруашылығы мәселелері, статистикалық-ақпараттық, әкімшілік-
ұйымдастыру функциялары жаңадан құрылған әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінде
шоғырланды. Академиялық орталықтың орнына ғңылыми және методикалық кеңес
құрылды. Басты комитеттердің барлығы бөлімдерге қайта құрылды. Кәсіби-білім
беру комитеті, әлуметтік тәрбие мен кәсіби-техникалық білім беру бөлімінің
бөлімшесіне айналды 41. Қарамағында 3 институт,19 техникум болды.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты
бақылауында болды. РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының бір штаттық
инспекторы Қазақ автономиясына бекітілген еді. Сонымен қатар, Қазақстаннан,
тәжірибе алмасу үшін, жылда, ағарту саласының мамандары РСФСР-дің Халық
Ағарту Комиссариатына жіберіліп отырды.
Кейінгі жылдарда, халық шаруашылығы мен экономикадағы өзгерістер,
индустриализация мен ұжымдастыру жоспарларының іске асуы,халық ағарту мен
мәдениет саласында жаңа міндеттердің қойылуына алып келді. Саяси-
экономикалық жаңа құбылыстарды ескере отырып, ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті
мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1927 жылы көктемде ҚАКСР Халық Ағарту
Комиссариатының функциясы мен құрыдымын жетілдіру жөніндегі мәселені
талдап, 1927 жылы 20 наурызда жаңа қаулы қабылдайды 42. Қаулы бойынша,
комиссариат кеңестерге бөлінді. Олар: ғылыми, ғылыми-методикалық, ұлттық
азшылық өкілдері арасындағы ағарту. Бөлімдері: әкімшілік-ұйымдастыру,
әлеуметтік тәрбие мен саяси ағарту, кәсіби-техникалық білім беру, әдебиет
және баспа істері жөнінде, ҚАКСР-дің мемлекеттік баспасы, бас саяси-ағарту
комитеті, сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссия. Көріп
отырғанымыздай, комиссариаттың ескі функцияларына енді саутсыздықты жою
және мұғаімдерді дайындау жұмыстарын бақылау мен мектептерді оқулықтармен
қамтамассыз ету функциялары қосылды.
Республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық өміріндегі өзгерістері
комиссариаттың жұмысы мен құрылымында да көрініс тапты. Халық Ағарту
Комиссариаты өз аппаратын заман талабын сай бейімдегісі келді. 1929 жылы
шілдедегі Халық Ағарту Комиссариаты туралы жаңа қаулы осымен байланысты
15, 51б. Қаулыда комиссариат қызмктінің басты бағыттары, құрылымы және
негізгі міндеттері нақтыланған еді. Енді ағарту мекемесі салалық
секторларға бөлінді: әкімшілік-ұйымдастыру, оқу, саяси-ағарту, ғылыми және
ғылыми методикалық. Комиссариат жанында Қазақ баспасы, әдебиет пен баспа
жөнідегі бөлімдер және ұлттық азшылықты ағрту жөніндегі кеңес болды.
Әкімшілік-ұйымдатыру секторының қызметіне комиссариаттың әкімшілік,
хұқықтық, ұйымдасырушылық, ақпараттық-статистикалық,жоспарлық және қаржылық
міндеттерін шешу кірді. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың
политехникалық білім алу мәселесі мектепке дейінгі және мектептік тәрбиемен
айналысатын мкетеп секторының қарамағына енді. Ғылыми және ғылыми-
методикалық сектор тархи және мәдени ескерткіштерді қорғаумен, мамандарды
даярлаумен қатар, әлеуметтік тәрбие, кәсіби-техникалық пен политехникалық
білім беру мәселелерін де шешті. Сонымен қатар, бұл сектор Халық Ағарту
комиссариатының ғылыми-зерттеулік пен әдеби және ғылыми-өлкетанулық
мекемелер мен ұйымдарының қызметін бақылады. Саяси-ағарту секторы
Коммунистік партия идеяларын тарату мен оларды саяси-ағарту мекемелер
арқылы бұқара бұқара халық санасына енгізу орталығы болып табылды. Бұл
сектор мекемелеріне жоғарғы оқу орындар мен үлкендерге саяси тәрбие беру
мектептерін жатқызуға болады. Сонымен қатар, сектор кітапханалар, клубтар,
кино және театрлар қызметінің идеялық мазмұнын мен ұйымдастырушылығын
қадағалады 43.
Мемлекетте жалпыға бірдей білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты,
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты құрылымының қайта өзгертілуі болды 15,
55б. Енді секторлардың орнына басқармалар құрылады. Олар: бастауыш және
орта мектептер, мұғалімдерді дайындау, жоғарғы оқу орындар мен ғылыми-
зерттеулік мекемелер,кітапханалар мен театрлар, баспа ісі мен әдебиет.
Білім беру жүйесін өнеркәсіпке жақындату үшін,өкімет барлық жоғарғы оқу
оындар мен техникумдарды сәйкес комиссариаттар қарамағына өткізді. Олар
жоғарғы оқу орындарымен толық басшылыққа ие болды. Мәселен, Жер Халық
Комиссариатына ауылшаруашылық және ветеринардық институттар мен
техникумдар, Денсаулық Халық Комиссариатына медициналық институт өтті.
Қызметінің бастапқы кезінде Халық Ағарту комиссариаты көп салалы
өкілділікке және функцияларға ие болды.. Кейінгі жылдары оның функциялары
тарыла басталып, енді тек ғылыми-методикалық бағытпен шектеліп, білім беру,
дәлірек айтқанда, мектеп құрылысы мәселесімен айналысатын болды. Ал мәдени
құрылыстағы жетістіктер бастапқы кездегі революциялық қарынмен, репрессия,
қатаң тәртіп, идеологизация арқылы жүзеге асқанын мойындау керек. 1929
жылғы 24 шілдедегі ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты туралы қаулысына
сәйкес, РСФСР Халық Ағарту Комиссариатына бағынышты болған ҚАКСР Халық
Ағарту Комиссариаты республикадағы барлық мәдени, ғылыми, ағарту салаларын
және ғылыми-мәдени, ағарту мекемелеруін қадағалады 44. Бірақ халық
шаруашылығын қалпына келтіру жылдары, Халық Ағарту Комиссариаты қарамағынан
ғылым мен ғылыми мекемелер, мәдениет пен баспа ісі шығып, бұл салаларға
арнайы Одақтық орталықтар мен министрліктер құрылады. Комиссариат тек білім
саласымен ған айналысатын болады.
1936 жылғы Кеңес Одағының конституциясы негізінде ҚАКСР Халық Ағарту
Комиссариаты енді Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариатына айналады 15, 59б.

1.2 Қордағы құжаттардың құрамы мен сипаты.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының Құжатары ҚАКСР Орталық Мемлекеттік
Мұрағатына РСФСР-дің Мұрағат Президиумы Коллегиясының 1927 жылы 29 сәірде
шыққан Орынбор бюросы мен ҚАКСР-дің орталық мұрағаты арасында мұрағаттық
қорларды бөлу туралы қаулысынан кейін 1927 жылы мамырда Орынбор
губерниялық мұрағат бюросынан түседі 45.
1954 жылы құжаттарды ғылыми-техникалық өткізіп, 3277 істен тұратын 3
опись құралады.
Описьтер хронологиялық принцип бойынша құралған. Барлық описьтер қор
құрамындағы істердің мазмұнын ашады. Қордың негізіг материалдары мынандай:
Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің ағарту мәселесіне
байланысты декреттері, мәжілістер хаттамалары, стенограммалар, мұғалімдер
сьезінің материалдары, баяндамалар, баянхаттар, хаттар, есеп-құжаттар,
жоспарлар, жоғарғы оқу орындарының, техникумдардың, мектептердің,
құрылуы және мәдени-ғылыми мекемелерінің қалыптасуы туралы құжаттар және
т.б.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында Халық Ағарту
Комиссариатына жұмысына байланысты төмендегілей қорлар бар:
1). 1201 қ.р. – ҚАКСР ХКК-інің жанындағы ғалымдарға көмектесу жөніндегі
комиссия.(1932-1933 ж.ж.)
2). 927 қ.р. – Орталық Атқару Комитеті жанындағы студенттердің
жағдайын жақсарту жөніндегі комисия. (1924-1925 ж.ж.)
3). 920 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің
Индустриялық техникумы. (1917-1922 ж.ж.)
4). 203 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің
Политехникалық институты. (1921-1923 ж.ж.)
5). 929 қ.р. – Қазақстанның Мемлекеттік баспасы. (1921-1940 ж.ж.)
6). 1386 қ.р. – РСФСР-дің жалпы Мемлекеттік баспасының Қазақ Өлкелік
баспасы. (1931-1936 ж.ж.)
7). 1252 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумы жанындағы
Ғылым Комитеті. (1933-1937 ж.ж.)
8). 740 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы жаңа Қазақ
алфавиті жөніндегі Орталық Комитет. (1927-1937 ж.ж.)
9). 1308 қ.р. – Қазақстанның Орталық Мұражайы. (1927-1934 ж.ж.)
10). ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің балалар комиссиясы.(1921-1938
ж.ж.)
Тариха деректер өзінің саны мен көлемі жағынан аса көп,мазмұны, түрі
жағынан әр-алуан. Оның бәрін қамту аса қиын. Сондықтан тарихи деректер
теңізінде дұрыс жол табу , тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы
етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау пробемасын туғызады. Басқаша
айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен айырылатын
категорияларға бөлу 23, 31-32б.б..
Жазба деректердің аса көп мөлшерде кездесетіндігінен, олармен жүйелі
жұмыс істеуге мүмкіндік алу үшін зерттеушілір оларды әр түрге бөледі.
Мұндағы негізгі принцип жазба деректердің пайда болуының формасы мен
мазмұнының және арналған мақсатының бірлігі. Осыған сай зерттеуші Л.Н.
Пушкарев жазба деректерді 2 сыныпқа бөле отырып, оның бірнеше түлерін
көрсетті:
Құжаттық (документальные):
1). Картографиялық.
2). Стаистикалық.
3). Актілік.
4). Іс-қағаздық.
Баяндаушы (повествовательные):
1). Жеке адамдық (хаттар, күнделіктер, естеліктер, заманхаттар).
2). Көркем (очерктер, романдар, лирика және т.б.).
3). Тарихи (тарихи повестер, жылнамалар, әдебиет).
4). Ғылыми (тарихи, филиософиялық, әлеуметтік еңбектер) 23,
37б..
Осы сыныпталуға негізделе отырып, біз Халық Ағарту Комиссариаты қорының
құжаттарын іс-қағаздық құжаттар қатарына жатқыза аламыз. Іс-қағаздық
құжаттар өз алдына тағы да бірнеше түрге бөлінеді:
1). Ұйымдатырушылық.
2). Басқарушылық.
3). Есеп-мәліметтік.
4). Жеке құрамдағы құжаттар 46, 572б..
Кеңес Өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан
ұйымдастырушылық және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Оларды Халық
Ағарту Комиссариаты қорының деректік негізі деуге болады. Бұл құжаттар
жайлы акададемик И.Д. Ковальченко былай деді:Басқарушы құжаттар
ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметін жүзеге асыру үшін
жасалады. Оған шешмдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, үкімдер
жатады. Бақарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана бастапқы
қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады.
Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар,
коллегияның және коллектиті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды.
Хаттамалар және стенографиялар – мәселенің талқылануының және шешілуінің
өңделген жобасы 25, 51б. Барлық бақарушы шешім әрқашан қаралып отырған
мәселемен және обьектпен қаралады. Обьектілікпне, ақиқаттылықпен,
опетративтілікпен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы,
нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (Фактінің көріну нәтижесі
обьективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып
табылады 47, 3-4б.б..
Ұйымдастырушы және басқарушы құжаттары мекеме қызметінің барысын,
құрылымының мазмұнын көрсетеді. Комиссариат қорына кездескен ең көп
түрлері: үкімдер, мәжіліс хаттамалары, мұғалімдер және партия-кеңес
сьездерінің материалдары болып табылады.
ХАК қорындағы іс жүргізу материалдарының көлемді бөлігін хаттамалар
(мәжіліс протоколдары) құрайды.Хаттамалар арқылы біз Халық Ағарту
комиссариатының оқу-ағарту мен мәдениет саласындағыатқарған жұмыстарының
бағыт-бағдарын, жетістіктері мен кемшіліктерін, нәтижесін көреламыз.
Қордағы хаттамалар негізінен Халық Ағрту Комиссариатының коллегия
мәжілістерінің материалдары. Комиссариат коллегиясы мекеменің бүкіл
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешті. Қордағы хаттамалар 2 типті:
1). Мәжіліс хат түрінде.
2). Стенографияланған. (Бірақ көптген мәжіліс хаттар
стенографияланбаған).
Хаттамалардың талқыланып отырған мәселені толық, кеңінен ашылуына қарап
және қаралып жатқан сұрақты нақты көрсетуіне байланысты деректану ғылымында
2 түрге бөледі. Олар жабық және таратылмалы деп аталады 21, 36б..
Жабық түрдегіге тек қана айтылған мәселе және қабылданған шешім көрсетілген
хаттамалар жатады. Мұндай хаттамаларда мәселе толық трқатылып айтылмайды,
себебі мәселенің талқылану барысы айтылмайды. Егер хаттама таратылмалы
болса , онда тек қана мәселенің өзі мен қабылданған шешім ғана көрсетіліп
қоймай,сонымен қатар талқылау кезінде сөйленген сөздер де кең түрде ашылып
көрінеді. Кей жағдайларда талқылауға қатысқандардың сөйлеген де хаттамға
қосылып беруі мүмкін. Алайда Халық Ағарту Комиссариатының қорында
хаттамалардың мұндай түрлері аз кездеседі.
Дерктану ғылымында деректанулық талдау немесе сын түсінгі бар. Ол
тарихи деректанудың ретімен шешуді қажет ететін прблемалар тізбегі:
түпнұсқалығын, уақытын, пайда болған жерін, авторын, пайда болу
себептерінайқындау немесе пайда блуын сынау, сонымен қатар деректегі
ақпараттың толықтығын, шынайылығын, ғылыми-танымдық маңызын айқындау немесе
ішкі сын 25, 102б.
Құжаттың түпнұсқалығы мәселесін ашу үшін құжаттың нақты формулярын
зерттеу үлкен маңызға ие болады. Хаттаманың негізгі формуляры мынадай
қалыптасқан элементтерден тұрады: нөмірі,күні, қатысқан адамдар тізімі,
мазмұны. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді көрсету көбінесе партия,
кеңесұйымдарының хаттамаларында көп кездеседі. Хаттамаларда мәселелер
тыңдалды және қабылданды деп дәстүрлі түрде көрсетіледі. Күнін, айын,
жылын көрсету тәртібі арқылы біз уақытты белгілей аламыз. Хаттама мазмұнын
талдый отырып , Халық Ағарту Комиссариатының мәжіліс отырыстарының
шешімдерінің Қазақстандағы XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы оқу-ағарту
саласына, мәдени прцестерге қаншалықтыәсер еткенін байқауға болады.
Халық Ағарту Комиссариатының қорын зерттеуде белгілі-бір қиындықтар
туады. Мәселен, қордағы хаттамалар хронологиялық принцип бойынша
сақталғанымен, оларда белгілі бір жүйелік жоқ. Кейбір хаттамалар бірнеше
рет қайталанса, кейбіреулері толық емес
Хаттамалардың ең көп жиынтығы ол 1920-25 жылдар аралығындағы іс-
қағаздық құжаттарының ішінде. Зерттеуші Ш. Тәукебаеваның пікірінше, Халық
Ағарту Комиссариатының алғашқы кездегі сипаты ұйымдастырушылық-нұсқаулық
дәрежесінде анықталған 15, 15б. Бұл, жаңадан құрылған мекеменің іс-
жүргізу тәжірибесінің дамымағандығын, шешілмген мәселелдердің көптігін
көрсетеді. Ал кейінгі жылдарда мәжілістерде қаралатын мәселелер ауқымы
тарылып, нақттылына басталған. Өйткені, бюрократиялық жүйе орнығып,
Комиссариаттың көптеген мәселелері жоғарғы партия-кеңес ұйымдарының
мәжілістерінді шешілген еді.
Халық Ағарту Комиссариаты құжаттарымен айналысқан зерттеуші, т.ғ.к.
А.С. Мұсағалиева,қордағы хаттамалардың жинақталуын 2 кезеңге бөлді 21,
37б.. Бірінші кезең, хаттамалардың бүкіл Комиссариат қызметін көрсетуге
ат салысқан тұсы – 1920-25 жылдар. Бұл кезде хаттамалар белгілі-бір
дәрежеде тарихи ақиқатты көрсетуге маңызды рөл атқарды, яғни обьективті
факторлар орын алды. Осы жылдарда барлық мәселелер Комиссариаттың өзінде
шешілді, кейбір жағдайларда ғана жоғарғы ұйымдар бекітіп отырды. Бұдан
Комиссариаттың жартылай болса да тәуелсіз мекеме болғандығын байқаймыз.
Екінші кезең – 1925-36 жылдар, әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса
бастап,кейін мүлдем орнығып алған тұсы. Көптеген маңызды мәселелер жоғарғы
партия-кеңес ұйымдарында шешіле бастап, хаттамалар формальды сипатта
болды.Деректанушы ғалымдар, 20-30 жылдарда мынадай практика орын алғанын
көрсетеді: Бірінші мәжілістің стенографиясы жазылып, кейін оың негізінде
хаттама құрылып, тек кейбір жағдайларда стенограмма фрагменттері
хаттамаларда берілген 46, 579-580б.б.. Яғни, хаттамаларда субьективтік
фактор кең орын алған. Демек, мұндай жағдайларды ескеріп, құжаттарға
обьективті тұрғыдан қарау керек. Хаттамалардың түпнұсқалары қорда
сақталмаған және де оларды жазу немесе түпнұсқадан көшіру барысында
құрастырушылардың субьективті ойларының әсер етуі әбден мүмкін. Мәселен,
хаттама жазғанда немесе көшірген кезде, құрастырушы сөйлеушілердің сөздерін
таңдап, тура күйінде емес, мазмұдап беруі мүмкін, мағынаны өзгертуі мүмкін
немесе сөздің қысқартып жазылуына байланысты сөйлеушілердің ойлары толық
айтылмауы мүмкін.
XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени даму тарихын
зерттеудегі ақпараттық ақпараттық материалдардың рөлі зор. Олардың
көпшілігі ұйымдастырушы-басқару құжаттарының қалай жүзегеасқандығын
көрсетеді. Әсіресе,баяндамалық хаттар мен баяндамалар нақты істің дәрежесін
бейнелейді. Жеке адамдық іс-қағаздық құжаттар қатарына жататын бұл
құқжаттардың басқа материалдардан ерекшелігі, белгілі-бір автордың қолымен
жазылғандығы. Сондықтан да оларда белгілі бір форманың болмауы, нақты
уақыттың болмауы сияқты жетіспеушіліктер бар. Көптеген баянхаттар мен
баяндамалар автордың позициясын көрсеткенімен (субьективті болғанымен),
олар белгілі бір мақсатта жазылған. Сол себепті, бұл деректер – ерекше,
басқа құжаттарға ұқсамайды.
Халық Ағарту Комиссариатындағы ақпараттық құжаттардың пайда бола
бастауы – 1921 жыл. 1920 жылы Халық Ағарту Комиссариаты құрылып, көптеген
уақыт оның ұйымдастырушылық жұмыстарымен өтті. 1921 жылы Комиссариыттың
алғашқы баяндамалары көріне бастады. Алғашқы баяндамаларда Комиссариатта
белгілі бір қызмет жүйесі болмай, жұмыстар толық істелмегендіктен, алдағы
жоспарлар беріліп отырды. Ережеге сәйкес, оның мәліметтеріне барлық ағарту
мекемелеріне идеялық-саяси және бағдарламалық-әдістемелік жетекшелік жасау,
балалардың әлеуметтік тәрбиесі мен политехникалық білім алуына қолғбыс
тигізу, халық шаруашылығы мен кеңес құрылысы үшін мамандар даярлау және т.
б. кірді 21, 68б..
Қазақстанның XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет тарихының дерегі
ретінде Халық Ағарту Комиссариатының қорында жинақталған сьезд, пленум
материалдары үлкен рөл атқарады. Сьездердің негізгі мақсаттары – мәдени-
ағарту жұмыстарын талқылау болды. Сьездерді ұйымдастырушылар мен онда сөз
сөйлегендер қазақ зиялы қауым өкілдері. Құжаттардың ерекше түрін Коллегия
мәжілісінің, жиналыстардың, сьездердің, конференциялардың хаттамалары мен
стенограммалары құрайды 46, 578б. Халық Ағарту Комиссариаты қорының
сьезд, пленум материалдарын екіге бөлуге болады:
1). Бүкілқазақтық мұғалімдер сьездері.
2). Басқа сьездердің мәдени-ағарту ісіне байланысты деректері 21,
99б.
Олардың маңыздылығы сонда, деректанулық талдау арқылы республикадағы
сол кезеңдегі мәдени-ағарту саласындағы бүкіл мәселерді қамтуға болады.
Кеңес өкіметі құрылғаннан бастап, ең көп құжаттар жиынтығын сьезд
материалдары құрайды. Көптеген мәселелер жоғарғы өкімет органларының
өткізген пленудердің, сьездердің, конференциялардың басты-басты
шешімдеріменшешіліп отырды. Құжаттарға деректанулық сын көзбен қарағанда
обьективті жіне субьективті факторлары бар:
1). Деректерде мәдени-ағарту ісінің мәселелері кеңінен ашылып
көрсетілген. Осы саладағы қазақ зиялыларының қызметі құжаттарда бейнеленіп,
обьективті бағалар өзгертілмей берілген.
2). Кеңес өкіметінің қысымы қатты көрінді. Мәдени-ағарту саласындағы
асыра-сілтеушілік кең етек жайды. Кеңс өкіметі өз саясатын жүргізуге
тырысты 21, 100.
Сьездердің негізгі мақсаты – мәдени ағарту ісіне өз коммунистік
идеологияны енгізу, социалистік рухта тәрбиеленген, өкіметтің ұтанған
саясатын қолдайтын кадрлады даялау еді. Сьездер Кеңес өкіметінің саясатын
жүзеге асырудағы негізгі күш, бюрократиялық аппараттың қалыптасуындағы
негізгі рычаы болды.

2. Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени
тарихындағы деректік орны.
2.1 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі Қазақстандағы XX
ғасырдың 20-30 жылдардағы ағарту мәселесі.
Жалпы ағарту мәселесіне байланысты алғашқы өкімет құжаты ретінде 1920
жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті және РСФСР ХКК-ң
В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған “Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік
Республикасын құру туралы” декретін алуға болады 21,19б.. Қазақстан
Кеңесі құрылтай съезі қабылдаған ҚазАКСР еңбекшілерінің құқығы туралы
декларацияда халыққа білім беру туралы мәселе қаралды. “Еңбекшілердің
білімге жол ашу мақсатында, - делінген онда, - жұмысшыларға, кедей шаруаға,
барлық еңбекші қазақ халқының бәріне толық жан-жақты және ақысыз білім алу
мүмкіндігін беруді, бір уақытта халықтың сауатсыздығын жоюға қадам басуды,
өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты физикалық және рухани дамумен
қамтамассыз етуді міндет етіп қоюы керек 12, 15б..
Комиссариат қорында оның құрылуы жөнінде, қызметін бастауы туралы
бастапқы құжаттар сақталынған. Алғашқы қаулыларыңың бірі ретінде Халық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қосымша істеген жұмыс үшін
қызметкерлер мен жұмысшыларға қосымша ақы беру туралы 1920 жылдың 16
қаңтарындағы құжатын айтуға болады. Қаулы үкіметтің ағарту
қызметкерлерінің жағдайын көтеру үшін жасаған шарасы еді 48, 2б.. БОАК
төрағасы Калинин 1920 жылдың 10 қазандағы қаулыда Халық Ағарту Комиссарының
баяндамасымен танысқанын айтып, БОАҚ ХАК-ның коллегиясына Комиссариат
бекіткен міндеттер мен жоспарларды жүзеге асыру үшін кең әкімшілік тәжірибе
жинаған адамдарды кіргізу, комиссариатқа балалар мен ересектерге сауат
үйрету және қажетті оқу құралдарын шығару, осы мақсатта бірнеше адамдарды
басқа жұмыстардан босатып, тартуды тапсырды. Сонымен қатар комиссариаттың
барлық тәжірибелі қызметкерлерін басқа азаматтық мекемелерден егер олар
онда жауапты қызметкерлер болмаса ағарту қызметіне қайтару керектігін
көрсетіп өтті. Қаулыда ағарту қызметкерлерін сақтау мақсатында шаралар
қабылданды: кеңестік жұмысшыларды қамтамассыз ететін комиссариатқа ХАК-ы
азық-түлік пен қамтамассыз етуді іске асыру, олардың нормасын дәрігерлер
мен инженермен бірдей ету, азық-түлік комисариатына арнайы киім үшін
мануфактура беру, мұғалім үйлерін ұйымдастыру тапсырылды 48, 58б.. Ағарту
ісі Кеңес өкіметінің кезек күттірмейтін екпінді жұмыстарының біріне
айналды.
Қазақ АКСР-і құрылып, оның комиссариат бастаған елдегі 1921-1922 жж.
Аштық кезіне тап келді. Сондықтан комиссариаттың жергілікті орындармен
қатынасы үзіліп, елдегі ағарту жұмысына басшылық ету қиынға соға бастады.
Азамат соғысы бүкіл Кеңес респуб-н тұралатқаны соншалық, мәдени
құрылыстың кеңейтілген бағдарламасын жаңа экономикалық саясат басталғанға
дейін тоқтатуға тура келді. Финанстық және басқа мүмкіншіліктердің
жетіспеуі онсыз да өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің барлық қажеттіліктерін
қанағатандыра алмады 49, 146б.. Комиссариат жағдайдан шығу үшін өзінің
жергілікті бөлімдеріне арнап қаулыларын шығарып, оларды аштыққа
ұшырағандарға көмек көрсету қызметіне шақырып, комисариат жанынан президиум
құрды. Президиумды комиссардың орынбасары А.Кенжин, әлеуметтік бөлім
бастығы Лазовтар басқарды. 1921 жыл – комиссариатта әлеуметтік қаражат,
материалдық негізінің шиеленіскен тұсы? Сол үшін комиссариаттың жергілікті
комитеттері қызметкерлер арасында еңбек тәртібін көтеру туралы қаулылар
шығарып отырды. 1921 жылғы 1 шілдедегі қаулыда комиссариат коллегиясы
қызметкерлердің тұрмысын көтеру ісінде барлық қолдан келген шараларды
қолдануды, әйтпесе еңбек тәртібінің төмендейтінін айтты 21, 21б.. Әрине,
онсыз да әлеуметтік жағынан қорғалмаған жалақысы аз ағарту қызметкерлерінің
аштық жыдарында әлеуметік белсенділігі төмендеп, тоқырай бастады.
Әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі тек Қазақстанға тән болмады, бүкіл Кеңес
Одағында көрінді. Бұл мәселе Кеңес республикаларының толық орнап, аяғынан
турып кете алмауынан келіп шықты. Сондықтан ағартуға байланысты Кеңес
өкіметінің басшысы В.И.Ленин қаулылар қабылдады. 1921 ж. 16 қыркүйеке
шығарыған қаулыда мектеп пен ағарту мекемелерін әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етуді жақсарту шаралары айтылды. Ол үшін ХАК-на оқушылардың
көмегімен, кооперативтермен, артельдермен бірігіп, жеке шеберханалар және
ауылшаруашылық фермаларын ұйымдастыруға құқық берді. Сонымен қатар фабрика-
завод кәсіпорынары және кеңес органдары ағарту мекемелерін азық-түлікпен
қамтамасыз етуі, аштыққа ұшыраған елдімекендерден басқа, жерлерде ағарту
қызметкерлерін азық-түлікпен болыстық съездердің ерекше қаулысымен ауыл
тұрғындары қамтамассыз етуі тиіс болды 50, 64б..
Осы жылдары үлкен мәселердің бірі – оқулық жазу. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары Республика зиялылары қызметін зерттеудегі дерек көзі
Қазақстандағы мұрағат ісі
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
Қазақстандық археография
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Пәндер