«Адасқандар». романнан повестке



Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы . халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр.сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.
Әлеуметтік, танымдық.мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби.көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де . талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби.ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой.пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», . деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:
Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының тақырыбы: Қ.Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын
зерттеуші

Бітіру жұмысының көлемі: 41 бет

Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі тарауда Қ.Ергөбектің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты
жазылып, зерттеушінің әдебиет жолына түсудегі қадамы айқындалады.

Бірінші тарауда зерттеушінің ғылыми, сыни еңбектері талқыланып,
жекелеген шығармалары аясында сөз қозғалады.

Екінші тарауда Сәбит Мұқановтың Адасқандар романының зерттеуші
еңбегінен көрініс табуы мен жаңаша бағыт алуы айтылады.

Үшінші тарауда Қ.Ергөбек зерттеулеріндегі Сәбит Мұқановтың фольклор
зерттеуші ретіндегі қыры баяндалaды.

Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Шығармашылыққа
адалдық, еңбекқорлық, шеберлік, рухани байлық пен биік талғам.

Бітіру жұмысына пайдаланылған әдебиеттер саны: 22

КІРІСПЕ
Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса
керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс.
Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте
ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты
емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің
бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында
еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы,
филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы,
терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған
жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен
қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының
қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.
Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-
көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты
сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор
жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де
– талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз
талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу
еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық
танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл
оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су
сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы
пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде
сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының ...
Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа
методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз
ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін, - деп пікір білдіруі
кездейсоқ емес.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке
кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік
университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы,
зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген
ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:
Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов
шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші
Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне
айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы
ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі
әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі
біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.
Сондықтан бітіру жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде
заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов
шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл
әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір бітіру жұмысының
ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек
зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен
сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да,
диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз
бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала
отырып бітіру жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге
алдық.
Бітіру жұмысының өзектілігі:
Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене
араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. Сыншы
атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау,
кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа
көтеріп алудан басталған дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов,
Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев,
Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары
таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер
бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де
еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті
көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға
көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин
Сын тарихы – ел тарихы екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми
зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір
әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-
қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды
құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің
сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек
қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық
жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын
ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің
берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің
шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары
сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек Адасқандар романын – романнан
повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың Адасқандар
романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық.
Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір
дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына
арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек
Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы
деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.

ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕКТІҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.

Қазақ әдебиеті өзінің қазіргі денгейіне жету жолында талай-талай даму
сатыларынан өтті.
Аз ба, көп пе адам баласы Алла тағаланың берген ғұмыр жасын жасайды.
Жасай жүріп оны өз тіршілігінің қам-қарекетімен, мән-мазмұнымен, мінез-
құлқымен, ақыл-парасатымен, болымды-болымсыз іс-әрекетімен толтырады. Ал
бұған өнерпаздық, суреткерлік, қайраткерлік сияқты табиғатынан туа біткен
дара қасиеттер дарып жатса, бұл бір Алланың берген сыйы. Талант сыйы. Міне,
осы сыйды кәдеге жаратып, дерексі қабілетті деректі мақсатқа ұластыру,
өлшемі жоқ қабілетті шыңдап жетілдіру, әр адам баласының нақты ғұмырына,
тағдыр-талайыны, әлеуметтік ортасына лайық өрілетіні айдан анық.
XVIII ғ. Өмір сүрген француз ойшылдарының бірі ұлы Вольтердің
пікірлесі Люк де Вовенаргтың Адам ақыл ойын тануға кіріспе деген
еңбегінде айтылған мына бір пікірді ғылым әлі теріске шығарған жоқ. Ол
былай депті: Мен талантты адамның іс-әрекетінен, қызметінен тыс ұғынуға
болмайды деп есептеймін. Талантты біздің көптеген қабілетіміздің біріккен
күш-қуатының нәтежесінде пайда болады және ол қабілет біздің таным-
түсінігімізбен астыртын бірге жасайды. Егер осы қасиеттерінің бірі жоқ
болса, онда талант та жоқ.
...Демек, талант табиғат берген сый ғана емес, ол ақыл мен жүректің
ажырамас бірлігінің нәтежесінде қол жеткізетін қадір-қасиет, ерекше
мәртебе. (Вовенарг. Размышления и максимы л.1988.с27). (әд.-1).
Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуы мен
бірлікте ғана жасауы, алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын,
талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында
талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді
өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек
Ергөбек керек (терең) еңбек жолы, керек (терең) шығармашылық қабілеті,
керек (терең) ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен
талантты ғалымның толымды еңбегі тілге оралады.
Абай айтқан: Еждиһатсыз,
михнатсыз,

табылмас ғылым сарасы.(2. 164б.)
Тәңір берген талантты өз ғұмырында шығармашылықтың михнаты мен
рахатына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазір әдебиеттану ғылымының
қыр-сырына қанық, бұл жолға таланты мен күш-қайратын бірдей жұмсаған ғалым.
Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы 1952 жылы 16 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан
обылысы Отырар ауданында дүниеге келген. Төрт жетім бала баққан анам Бибі-
Айша өте ойлы кісі болған. Содан осы Құлбекті оқуға жіберсем бе, әлде
шаруаға жексем бе деп көп ойланған. Сонда Апа, Құлбекті оқуға жіберіңіші?
бұдан бірдеңе шығады - деп жалынған немере ағам, көрнекті сатирик Көпен
Әмірбек. Өзі сонда студент. Өзін осы ҚазМУ – ге түсерде сүйемелдеген
балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевке Інімнің оқуға түсуіне жәрдем
беріңізші - деген тағы да сол Көпен. Ірі Түрколог –ғалым Мархаббат
Томановқа Сен де, мен де, қайбір жетісіп өстік! Туысым емес, құда-жекжатым
емес, мына Құлбек жетім бала екен, оқуға түсірсек - деген Әнуарбек
Дүйсенбиев болатын,- дейді автор.
Міне осы кісілердің көмегімен 1970жылы Әл-фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Осы
жылдардан бастап әдебиетке араласқан, оның қаламынан осы уақыт аралығында
ондаған монографиялар, сын-зерттеу кітаптары, 500-ден астам мақалалары
жарық көріпті. Бұл өз құрдастарының ішіндегі ең өнімді көрсеткіш. Әрине
ғылым да, шығармашылық та көлеммен емес, көңіл ұйытып, ой тұндыратын
қасиетімен құнды екенін айтар болсақ, мұндай қасиет Құлбек зерттеулерінде
баршылық, талай ойдың, теориялық ізденістің жетегінде жүретін пайымдаулар
туралы әдебиетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне тиесілі тұжырымдар уақыт
төрелігінің еншісінде... Құлбек әдеби-ғылыми мәселелерді қолынан келгенінше
мөлдіретіп жазып келді. Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол
татусыз тамсану, дәмсіз сөз сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса
да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлерімен көрінеді.
Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп елшенген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының ... Сіздің
ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа
методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз
ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін, - деп пікір білдіруі
кездейсоқ емес.
Алдымен аға буын өкіл, әрі пікірлес досы Ш.Ыбыраев былай дейді:
Құлбек Ергөбек Университет есігін менен бірер жыл кейін ашты. Алдымен іні,
кейін пікірлес достарға айналып кетті. Сол жылдарда кішкене арық сары
баланың қолынан атақты шығыстанушы Н.И.Конрадтың Шығыс және Батыс,
А.Мецтің Мұсылман ренессансы, Г.Белинскийдің томдары түспейтін.
Пендешіліктен гөрі осы кітаптар жайлы сөйлескенді ұнататын. Соған қарап
түбінде осы сары баладан сарабдал сыншы, салиқалы зерттеуші шығатынын іштей
сезетін едік. Қарап отырсақ, сонан бері уақыт Құлбектің шығармашылық
ғұмырына мықтыап жұмыс істепті.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке
кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік
университетінің ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын. Профессорлар
Б.Кенжебаев, Т.Нуртазин, М.Қаратаев, К.Аханов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев,
Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев – бұлар әдебиеттануда ешкімге дес бермейтін бір-
бір тұлғалар еді.
Жазушының бойынан кейде Бейсекеңнің (Б.Кенжебаевтің) қайсарлығы,
Зәкеңнің (З,Қабдоловтың) шешендігі, аракідік Тұрсекеңнің (Т.кәкішіев)
бірбеткейлігі, Рекеңнің (Р.Нұрғалиев) сөз саптасы кездесіп қалып жатады. Ең
бастысы олардың зерделі зерттеушілік мектебі Құлбек еңбектерінде кездесіп
қалып, жаңаша формасын тапқан. Құлбек Ергөбек жазушы шеберханасына көп
үңілген зерттеуші. Ал ол шеберханада нелер болуы мүмкін? Одан көркем
шығарманың жаратылу тарихын, кәдімгі қоңыр тіршіліктің жазушы қорынан
құлпырып шыға келу себептерін, өмірдің өнеге ұласу құпиясын ашатын бай
деректердің шығуы әбден мүмкін. С.Мұқанов шығармашылыға осы бір ізденіске
көп-көсір деректер ұсынады. Әлемдік әдебиетте оның ішінде орыс әдебиеттану
ғылымында ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары басталған осы бір зерттеушішінің
бағыттың қазақ әдебиетінде орнығуы Құлбек Есімімен байланысты. Әдебиеттану
ғылымында қандай да бір теориялық ізденіс пен әдістеменің түпкі мақсаты
көркем шығарманың табиғатын тану, өнер ретінде бітімін ашу. Ал бұған
жетудің жолы алуан түрлі, қаншама әдіс-тәсіл, теориялық ағым,
методологиялық ізденіс, зерттеу мектептері бар болса, көркем шығарманы
танудың да сонша жолы бар деп түсінеміз. Салыстырмалы – типологиялық,
құрылымдық, структуралистік, функциолистік, жүйені анаметикалық, тағысын
тағылар ... Қайсысы тиімді қайсысы тиімсіз, бұл бір түсінбес әңгіме
айтпағымыз, жазушы шеберханасы, егер ол дерекке бай болатын болса,
өмірдерек пен шығарма арасын, шындық пен жазушы тұғырын, өмір мен өнер
парқын толығырақ пайымдауға мүмкіндік бермек. С.Мұқановтың Балуан Шолақ,
Аққан жұлдыз, Мөлдір махаббат романының жазылу тарихындағы бұл сырдың
құпиясын зерттеуші Құлбек Ергөбек зерттеулері арқылы танып білуімізге
мүмкіндік алдық. Мүмкіндік қана емес елеулі зерттеу әдістемесін аса жемісті
жолға қойдық. Жазушы шеберханасна үңілуі ігелі сипатталды.
Құлбек Ергөбектің келесі бір қомақты тындырған ісі. – Балалар
әдебиетінің мәселесі. Асылы балалар әдебиетінің жазушысы ғана емес, сыншы
мен зерттеушісі болу үшін де бұл әдебиетті әрі сүю, әрі жүрекпен сезу
керек. Құлбекті өзі айтқандай: Бөбек пен өбектеп өткен талаптар
Ө.Тұрмантайов, С.Омаров, Б.Соқбақбаев, Қ.Әбдіқадыров, М.Әлімбаев,
Ә.Дүйсенбаев, Ж.Самақов т.б. туралы қалам тарту үшін зерттеуші өз арнасын
тапқан. Бұл жанр адам таңдайды. Бұл бала дүниесін білу үшін дана болуды
қалайтын жанр. Құлбек республикамызда қазақ балалар әдебиетінің көркемдік
ізденістерін, шеберлік қырын, жанырлық түрлендіруін үнемі қадағалап, қалам
тартып келе жатқан санулы сыншы, табанды зерттеушілердің бірі ғана емес,
бірегейі.
Мінез дегеніміз моральдық әрекеттердің жиынтығы - деген екен
А.Стендаль. Құлбек Ергөбектің мінезінде ұстазға деген құрмет айрықша.
Әлбетте бұл адамның бүтіндей моральдық болмысынан туындап жатқан қасиет.
Көрнекті түрколог Бейсенбай Кенжебаевтың қолынан дәріс алған шәкірті
болғандардың үлкен бір шоғырын қазір қазақ әдебиеті мен ғалымында есімі
танымал ғалымдар, жазушылар және қоғам қайраткерлері. Бәрі де ғылымға адал,
пікіріне берік, тұжырымы мығым Б.Кенжебаевты үлкен құрметпен ұстаз тұтады.
Оның қазақ әдебиетінің тарихын түрік дүниесінің бір тармағы ретінде ертеден
бастаған ғылыми тұжырымдамасын әдеби жұртшылық жақсы біледі.Алайда ғалымның
мол мұрасын шашау шығармай жинап бастыруда, зерттеп тануда, ұстаз ұлағатын
ұрпаққа жалғастыруда осы Құлбектің атқарған ісі қыруар. Шын мәнінде адам
сүйсінерлік Б.Кенжебаевтің рухани өнері Құлбектің еңбектерінде шынайы
жалғасын тапты десек ешқандай да асыра айтқандық емес. Ол ғалымның әр
жылдарда жазған зерттеулері мен мақалаларын жинап теріп Жылдар жемісі
(1984), Әдебиет белестері (1987), Асау жүрек (1995) деген атпен кітап
етіп жарыққа шығарды. Әдебиетіміздің озат пікірі үшін, мәдениетіміздің
ұлттық мүддесі үшін, кішкене момын адамның үлесі идеологиялық майданда
көрсеткен қайтпас-қайсар ерлігін зерттеуші ұлт пайдасы үшін болғандықтан да
ерлікке балап, мұндай ерліктің санын он беске жеткізеді. Қазір Түркістанда
Б.Кенжетаев атындағы түркология музейін ашу жұмысына біздің зерттеушіміз,
Құлбек Ергөбек бірден-бір мұрындық болуда. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің
жетістігін бейнелеуді мақсатына айналдырған құлбектің еңбектері бір
қайырып, толымды жинақтауға келді.
Соның айғағы жарыққа шыққан тізбелі бес кітап. Арыстар мен ағыстарды
автор том деп дабырайтпай тақырыптық кітап ретінде ұсынып отыр. Бірінші
кітап – түп-түгелімен қазақ поэзиясына арналған, екінші кітап - қазақ
прозасы туралы, үшінші кітап – балалар әдебиеті мәселесі, төртінші кітап -
әдебиеттану, сын әлемі хақында, бесінші кітап – шығармашылық, лаборатория
мәселесін қарастыруға бағытталған.
Бұл кітап бір проблемаға арналады. Назарға алынған мәселеге орай әр
кітаптың алғашқы бөлімінде (Арыстар) не ақын, не жазушы, не балалар әдебиет
өкілі, шығармашылық портреті жасалады. Олар екінші бөлімінде (Ағыстар)
тақырыптас проблемаларға сабақтасады. Бірін-бірі толықтырып, тақырыптас
кітап өмірге осылай келеді. Жалпы қазақ әдебиетінде, оның ішінде әдеби
сында мұндай тақырыптық кітап жасауға талпыну тәжірибеде жоқ-ты. Арыстар
мен ағыстар қазақ әдеби сынына тақырыптық кітап жасау тәжірибесін әкеліп
отыр. Бес кітапты тұтастыра айтқанда, қазақ түркологиясы негізін салушы,
көрнекті ғалым Бейсенбай Кенжебаев пен қазақ балалар әдебиеті негізін
салушы Өтебай Тұрманжанов жайында жазылған тарау көркем деректі проза мен
зерттеу аралығындағы ғұмырнамалық дербес туындыдай қабылданады.
Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы (б.Кенжебаев), Заманы аямаған, тағдыры
аялаған (Ө. Тұрманжанов) екі саланың екі ірі тұлғасы өмірін олар өмір
сүрген қоғам өзегімен бір өрбіп, бұралаң соқпақтармен, өрістермен олардың
тағдыр ауыртпашылығын жан-жақты ашып, баяндайды. Дүлдүл ақын, дүлей жыр
(С.Торайғырұлы), Сүлей ақын, сыршыл жыр (Ә.Тәжібайұлы), Бұлбұл ақын,
бұла жыр (С.Мәуленов) да осыған жете қабыл. ХХ ғасырдың қадау-қадау
ақындық тұлғалары жайындағы әсерлі толғамдар. Бір өлең - ұғым ретінде
әдебиетте әредік кездесіп қалады. Бірақ, өте сирек. Сыншы Бір өлең атап
бір бөлім құрайды. Сұлтанмахмұт, Сәбит, Қасым, Мұқағали ақындардың бір-бір
өлеңін ала отырып, әрқайсысына әр қырынан келіп қарайды. Тарихына барады,
таласқа да кетеді. Сыртқы фактурадан ішкі иірімге де өтеді. Әйтеуір, бір
өлеңді бөлшектей талдап береді. Бір өлеңнің жазылу тарихын қалай дегенде
қызықты. Әйтпесе, Қолжазбадан кітапқа, немесе жабық рецензияның ашық
сипаты мақаласын алып қарайық. Ж.Жақыпбайұлының қолжазбасына сыншы жабық
пікір жазған күйінде жыр жинағы жарық көрген соң, жабық пікірді ала отырып,
оны жарық көрген жинақпен салыстыра талдайды. Бұл әдеби сын үшін тың форма,
сыншы ізденісі өрісін танытады. Екінші кітаптағы Жұмбақ жан да Тәкен
Әлімқұловтай табиғаты бөлек жазушы. Өмірі мен шығармашылық табиғатын өзара
бірлік-байланыста қарастыратын деректі, ғұмырнамалық дүние дер едік. Ал,
Дулат Исабеков жайында жазылған Тағдырлар толғауы дербес монография
делік. Осы тұста бір жайды айта кету орынды. Әдебиетші еліміздің ішкі,
сыртқы архивтерін көп ақтарған. Мейлі, шығармашылық очерк, әйтпесе сын
мақала жазса да ол архивтік сирек деректерді ұтымды пайдаланады. Асылы оның
жазғандарын деректі әдебиеттану дегізерліктей. Тың сүрлеу, соны соқпақ.
Екінші кітаптағы мақалалар әдебиетшінің қазақ прозасы сынына тиісінше
маманданғанын, уақытқа ілесе, жанр өріс-өркенін қадағалай жазып отырғанын
айқын аңғартады. Үшінші кітап – түп-түгелімен балалар әдебиеті мәселелеріне
арналған мақалалардан бас құрапты. Қазақстан жазушылар Одағында балалар
әдебиеті кеңесін басқарысқан ол, біреу елеп, біреу елей бермейтін сала
жөнінде көп мақала жазып, көп баяндама жасапты. Соның баршасын тақырыптық
кітапқа жинақтағанда – қазақ балалар әдебиетінің түу бастауынан кешеге
дейін желі тартыла жететін тарих, жанрлық түрлену жолы, авторлық құрам
түгенделіп шыға келеді екен.
Шабытты жазу, табысты дүниелік! Әдебиеттану сын қайраткерлері көбіне
өзгелер жайында сөйлей жүріп, өздерін ұмытып кете баратын. Төртінші кітапта
әкесіндей болған Бейсенбай Кенжебайұлының рухани ерліктерін деректі,
дәйекті баяндаудан тартып, белгілі сыншы Бақыт Сарбалаұлына дейін өз
көзімен, өз көңіл дүрбісімен қарап тұлғалапты. Сын тарихына бару жанрдың
бір жылдық тәжірибесін қорыту, марқұм сыншы Қалжан Нұрмаханов күнделігімен
сырласу, жанрға өрістану сөздері, сыншы жазған публицистикаға, мемуарға зер
салу - әдебиетшінің әріптестері еңбегін елеу ғана емес, өткір жанрдың
кешегісі, бүгіні, ертеңі жайында ой толғау деген сөз. Бір өлең...
секілді, Арыстар мен ағыстардың бесінші кітабында Бір роман... аталатын
көлемді тарау, кемел зерттеу бар.
Ол өзі көп жылдан бері сүйіп, зерттеп келе жатқан Сәбит Мұқановтың
Мөлдір махаббат романының жазылу тарихы жайында. Әдетте әдебиетші,
сыншылар жинақтауға бар да, талдауға сараңдау келетіні белгілі. Ал, автор
мәселені Бір роман... - деп алып, әдебиетке құбылыс болып келген бір
шығарманы ішек – қарнына дейін ақтарып, талдайды. Жеке шығарманың жазылу
тарихы, творчестволық лаборатория, шығармашылық психологиясы – Құлбек
Ергөбектің арнайы бағыт етіп, ұстап жүрген саласы. Ол бұл саланы
арналандырып алып бара жатыр.
Адам уақыт перзенті. Уақыт перзентін жарық дүниеге әкелді, есейіп, ер
жеткізіп, күндердің күнінде жарық дүниеден алып кетеді. Жарық дүниеге келу
мен одан көшудің аралығында табиғаттың ең даулы жемісі, қайталанбас түлегі
– адам баласы шарқ ұрып ізденеді. Тіршілік бақыты үшін күреседі. Кейде адам
баласы бақытты болып туады, өзін бақытсыз ететін акдамның жұмыр-тіршілікті
мәңгіліктей көріп, селқос қарап, жауапсыздыққа айналдыратын өзі деп те
жатамыз. Кейде одан жарық дүниеге бақытсыз болып келіп, күресіп жүріп
бақытқа жетіп, соңына із қалдырып өтеді дейміз дүниеден. Бұл ұғымдардың қай-
қайсысында да тіршілік тәжірибесі, тағдырға айналған соқпа-соқпа сырлар
жатыр. Тағдыр қызық: орта адам толмайтындай, толысқан адам ортаймайтындай
көреміз.
Иә, тағдырдың сан тарау, өмірдің соншалық күрделі екеніне ел таныған,
халық мақтанышына айналған аяулы адамдардың тіршілік жолы арқылы үңілу
қызықты-ақ. Мысалға, өмір сапары, творчестволық тағдыры барынша күрделі,
халық жадына терең ұялаған, жарық дүниеден:
Осы да жетті деген тілегіне, жол таптым бар қазақтың жүрегіне,- деп
аттанған Сәбит Мұқановты алайықшы. Елдес жерлестерінен естіген әңгімеге
қарағанда, Сәбит Мұқановтың арғы атасы ауқатты, дәулетті болыпты. Қазақ
үшін дәулетті деген ұғым да шартты. Халқымыздың дәулет санап, байлық
салыстырары – мал. Сол малдың ұзын-ырғасын көңілге медет еткен байырғы
қазекем бірінен-бірі биіксіп сөйледі, біріне-бірі үстемсіп, шекесінен қарап
жүрді. Біз оқулықтан немесе халқымыздың тұтас бір кезеңін шежірелейтін
тарихи, этнографиялық сипаты мол Өмір мектебі трилогиясынан сіңірі
шыққан кедей ретінде білетін Сәбит Мұқановтың арғы атасы алдынан қора-қора
қой өргізген ауқатты адам болса керек. Тіпті мыңғырған малы бар бай
болғанда не тұр, өйткені әңгіме кедей-шаруа ретінде қабылданған Сәбит
Мұқановтың не әкесі, не өзі туралы болып отырған жоқ қой. Керісінше, әңгіме
халық сүйген жазушының арғы ата-бабалары жөнінде болып отыр.Демек,
жазушының бабасы бай болыпты деп суынатын, кедей еді деп қызынатындай
ештеңе де жоқ. Сәбит Мұқановтың өзінше философиялап қайырсақ:
Байлыққа, бақ пен таққа мәңгі ие жоқ,
Кер келмей кете берер еш кие жоқ.
Басында шалқып, тасығанымен,
Түбінде таусылмайтын дүние жоқ.
Сәбит Мұқанов жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын мал түгілі басқа
жарымаған, бақ-дәулет түгілі әке мен шешеге зар, ішер асқа, киер киімге
кенде, маңдайы тайқиған батырақ – жалшы болып аттады. Бірақ, жетім баланың
жұлдызы жарқырап жанғалы тұр еді.Барша бай бабаларынан гөріаты әлемге кең
тараған, рухани кемелдік жөнінен барынша бай ұрпаққа айналғалы тұрды. Бір
жұрттың – байлықтан өзге ештеңесі жоқ жазушының арғы аталарында кісі
мақтанарлық, тектілік тұтатындай қандай қасиеттер бар еді? Бұл сұраққа
Сәбит Мұқановтың өзі жауап берген. Өмірбаянына аталатын топтама
төрттағандарға ден қойсақ, алтыншы әжесі – жаугершілікте қолға түскен
қалмақ қызы. Төртінші атасы – Сырымбет батыр болыпты.
Төртінші атам Сырымбет батыр екен,
Қан майданда қырқысқан жауларменен.
Дұшпаныма белімді бекем буып,
Сол атамның салтынан қумадым мен, -
дейді ол. Әрине атасы сырт жауларға қарсы күрессе, бұл тап жауларымен
жағаласты. Сол жолда адасты да. Бұл да аумалы-төкпелі заманда болмай
қоймайтын нәрсе еді. Жоғарыдағы төрттаған топтамадан мынадай да өлең
жолдарын оқимыз:
Үшінші атам – Байбарақ бақсы екен,
Аспаннан періні аулап, жынды қуған.
Менде міне, нақ сақшы
Жолатпастан маңыма жауды қуған.
Немесе ол Бектемір атасы жайында былай дейді:
Екінші атам Бектемір белдескенді,
Жықпай тынбас, өтіпті палуан боп.
Менде жықтым күресте теңдескенді,
Оған куә - замандас алуан көп.
Осы Өмірбаяныма деп аталатын топтаманы оқи отырып, қызық құбылыстың куәсі
боласыз. Біріншіден - өлеңде мемуарлық сипат бар. Екіншіден – Сәбең өз
бойындағы қасиеттерді әр атасының ерекшелігімен сабақтастырып, баяндап
отырады. Үшіншіден – аталық тармақ Сәбеңе жақындаған сайын нақтылана
түседі.
Бірінші атам – Шүкей ақын еді,
Деседі көмейінен күй саулаған.
Мені де жастан жырға жақын еді,
Деседі жұрт, атасы бұл да аумаған! - деген жолдардан ақындық
талант қайдан бастау алғанын көреміз. Өзінің әкесі Мұқаңды мінездейтін де
өлең осы топтамада. Онда:
Әр өсімдік тартады ұрығына,
Көз тіксең менің мінез, қылығыма.
Аумаған әкем, - жалшы болып жүріп,
Кеудесінбастырмаған бай ұлына, - дейді.
Әке мұндай болғанда, шеше қандай? Алып анадан деген сөз бар емес пе?
Шешесі марқұм Балсары әнші еді,
Бұлбұлдай қапастағы мұң зар төккен.
Көзінен сорғалаған тамшы легі,
Санама сәби күнгі сіңіп кеткен,- дейді ол аяулы анасы жайында.
Байыптап қарасақ, ақынның осы шоқ-шоқ өлең шумақтарында алдымен нақты
адамдардың мінез-құлығы, сурет келбетінен гөрі қазақ халқы бастан кешкен
тарихи жаугершілік, тіршілік кәсіп - мал бағу, ойы жаугершіліктен озат
болып, қолы бейнеттен қалт еткенде көңіл көтеретін ұлттық ойындар –
балуандар күресі елес беріп өтеді. Ақынның қуанышы мен қайғысы, мақтанышы
мен мұңы араласып жататын бұл өлең халқымыздың әлі жинақтала алмай, әлі
ғылыми жүйеленіп хатқа түсе алмай келе жатқан азаматтық тарихы секілді үзік-
үзік, буын мен буын арасын қиял қыдыртып, ақындық көз-қиялмен ғана зорлап
жалғап отырғанын көреміз. Оның өзінде бүгінгі ел қадірлейтін
азамат,қаламгер, қайраткерді құрайтын бар буын түгел емес. Барының өзі
нақты жазба шежіре, әйтпесе, европалықтарша әулет тарихи, атадан балаға
мирас болып қалатын семьялық мемуар секілді жазбаларға сүйеніп, жазылмай
деседі болып басталып, деседі болып аяқталатын ауызша екпінде баяндалып
отыр. Өткеніне оқыпты: тура мағынасында да, жанама мағынасында да шежіре
қаламгердің өзі өз өмір тарихының тумабастау, қадау-қадау көздерін, үзіліп-
жалғасып жататын жылғаларын ұзын құлаққа ден қойып, қиял қуатымен өлеңге
айналдырмасқа амалы жоқ. Европалық үлгідегі әулет, үрім-бұтақ шежіресінің
қажеттігі де осында ғой. Белгілі совет жазушысы Д.Граниннің де үрім-бұтақ
сөздігін жасау керектігін сан мәрте айтқаны бар. Бұл бізге енді-енді ене
бастаған құбылыс. Айталық, А.С.Пушкиннің үрім-бұтағын түгендейтін екі
томдық және оның замандастарын таныстыратын Пушкин достары аталатын қос
томдық осындай игілікті істің алғашқы нышандары ғана. Қазақ әдебиетінде
мұндай игілікті, қызықты шаралар әзірге атқарыла қойған жоқ. Қазақ ССР
Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және
этнографияинституты ана бір жылдары ел арасынан шежіре жинап, ғылыми
жүйелеп, кітап етіп бастырмақ ниетте болғанын білеміз. Өкінішке орай, жақсы
бастама жалғасын таппады. Шежіре жинап, оны жүйеге түсіру былай тұрсын, әр
кезеңде жазылып, кітап болып басылған Нұржан Наушабаев, Шәкәрім
Құдайбердіұлы секілді азаматтардың шежіре кітаптарын тауып оқу кейінгі
ұрпақ үшін арман болып отыр. Көне тарихты тірілтудің шежіре түрі де,
мемуарлық үлгісі де бізден гөрі көршілес өзбек, тәжік халықтарында
еркінірек дамыған. Әзірге бізде шежіре жинаған және оған қысқа ғылыми
сипаттама жазған жазушы Сәбит Мұқанов қана болып отыр. Жазылып бітпей
қалған Қазақ қауымы тарихи этнографиялық еңбектің Халық мұрасы (1974)
деп аталатын қысқа нұсқасы біздің пікірімізге толық дәлел.
Иә, сонымен жазба шежіремен дәттетпегенмен ақын өлеңдеріне сүйенсек,
үлкен қаламгер Сәбит Мұқановтың бабаларында бай да, ақын да, жыршы да,
бақсы да, балуан да, әнші де болған. Олардың бәрі жиналып келіп Сәбит
Мұқановтай алыпты құрайтын қайнар бұлаққа айналады. Дәулетті атаның
жетінші ұрпағы Сәбит Мұқанов өмір табалдырығын білімнен басқа бәсіресі
жоқтақыр кедей болып аттады. Әйтсе де, ол ақын,жыршы, бақсы, батыр, әнші
бабаларының ол заңды жалғасы еді. Сондықтан ол жаңа заманның есігін
тұрпатты суреткер болып ашты. Данышпандар халықтың сұранысымен тумайды,
уақыттың сұранысымен туады дейтін қанатты сөз бар. Сәбит Мұқанов жаңа уақыт
сұранысымен туды, жаңа қоғам қажеттілігімен қалыптасты, жаңа заманды
орнатып, құруға ат салысты. Оның жазушы ретіндегі бар тағдыры халық
мәдениетін, әдебиетін уақытқа сай жаңа арнада дамытуға келіп саяды. Сөйте
тұра оның халық мәдениетіне, замана ағымына қарсы жүргендей сыңай танытқан
кездері болды. Қандай жағдайда да кездік қап түбінде жатпайды. Жазушының
дарыны – бар болмысыменхалықтық дарын еді. Сол себепті халық мәдениетінен
қандай жағдайда да қол үзген, халық әдебиетінен ешқашан да іргесін аулақ
салған жоқ. Демек ол уақытша науқанға еріп адасқан сәттерде де, халық
мәдениетіне қарсы болған кездің өзінде де – халық мәдениеті шуағына
шомылып, соның нәрін жұтып жүрді.

І. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЫНШЫ, ЗЕРТТЕУШІ.

Әдеби сынымызда да әжептеуір ілгерілеу бар. Көркем шығармашылықтың
қандай келелі мәселелері бар нәзік құбылыстары болсын, қандай әдеби сын
талдап тексеруге де, баптап-байыптауға да әзір. (7.3б) Білімпаздпрдың
сөзіне сенсек, әдеби сын іштей төрт түрге бөлінеді: Публицистикалық сын,
Ғылыми сын, Эстетикалық сын, Органикалық сын. Бізге жетпей жүргені де – осы
Органикалық сын. Органикалық сын дегеніміз не?
Мұнда сыншы жазушының шығармасын әрі көркемдік, әрі ғылыми, әрі
пәлсапалық, әрі эстетикалық, әрі ақиқаттану тұрғысынан (имни ілім
тұрғысынан) саралай отырып, сонымен бірге автордың өмірдегі тірлік-тынысына
да айрықша терең үңіледі. Сыншының көзінен автордың ерекшелігін, жаны мен
жаратылысын танытатын ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі фактілердің бірде-бірі
тасада қалмайды. Жазушы неге әйелімен ажырасты? Қай дінеге сенді? Кімді жек
көрді? Ақшасын қалай жұмсайтын? Әйел жандыма еді? Нені әуезе көрді? Неден
жиренбеуші еді? Пендешілік қырлары қаншалық еді? Пендешілік қырларынан неге
арыла алмай-ақ кетті? Қойшы не керек жазушының өмірденгі болмысына бойлай
отырып, оның ішкі қайшылықтары мен сенім-таным дүниесін де жан-жақты ашады.
Міне, жазушының өмірдегі болмысы мен өнердегі болмысын қатар ашатын осындай
тұстар һәм толық сынды органикалық сын дейміз.
Л.Н. Толстой туралы жазылған сындарды толық жинақтасақ, 200 томнан
асар еді. Ф.М.Достоевский туралы еңбектерде де бұдан асып жығылмаса, кем
емес. Дей тұрсақ та, тереңдігі жөнінен Л.Н.Толстой туралы жазылған
еңбектердің ішінде – буниннің, ал Достоевский туралы еңбектердің ішінде –
Буниннің де Цвейгтің де зерттеу еңбектері органикалық сынға жатады. Өз
басым талантты әдебиеттегі – ғалым, дарынды сыншы Құлбек Ергөбектің
Арыстар мен ағыстар кітабына енген жазушы Тәкен Әлімқұлов туралы Жұмбақ
жан атты зерттеуін қазақ әдебиетіндегіорганикалық сынның жақсы үлгілерінің
біріне баладым. Сыншы Тәкен Әлімқұловқа қатысты фактілерді іріктегенде
кейбір әдебиетшілерге ұқсап мынауы – үлгілі екен, мынаусы – үлгісіз
екен, мынауы – жарамды екен, мынауы – жарамсыз екен, деп әлгі өмірлік
фактілерді қырық жерден қиқалап, әуелгі әлібі менбастапқы қалыбын бұзып,
шындығын жойып, ақиқатын қашырып, берекесін кетірмейді. Құлбек үшін Тәкен
Әлімқұловтың жаны мен жаратылысынан сын аңдататын әрбір факты қымбат.
Құлбек үшін Тәкен Әлімқұловтың жанының жылнуын, жыбырлауын (Абай),
қозғалысын көрсете алатын әрбір фактыбағалы. Сондықтан да сыншы қайшылығына
қарамастан Тәкен Әлімқұловтың болмыс – бітімін өмірдегідей дәл көрсететін
фактілерді қаз-қалпында келтіреді. Яғни, бүтін шындық, тұтас шындықты
көрсететін фактілерді көзден таса етпеуге тырысады. Құлбек Ергөбектің
Жұмбақ жаны - Тәкен Әлімқұлов өзінің жұмбақ жан атты зерттеуіндей аса
бағалы, құнды еңбек. Бұл еңбектің бағалы болатынының екінші бір себебі
неде? Мұның себебін біз айтпай-ақ қояйық. Өйткені, бұл себепті осы еңбектің
кіріспесінде Құлбектің өзі де дәл тауып, тап басып айтып кетіпті. Енді
Құлбектің өз сөзінде: Өспірім жастан шығармаларын жастанып оқыған сүйікті
жазушым. Өзімен тіршілікте тәуір-ақ араластым. Ықылас-бецілім құлай тура,
осы бір дара табиғатты, дана болмысты жазушы жайында мандырымды бірдеңе
жаза алмадым. Бір мақаланы Тағдыр - атаппын. Рас, Тәкең – үлкен тағдыр
иесі еді. Бірақ, Тағдыр жалпы сөз. Маған дейін де талай кісі қолданған
әдебиетте, мен тапқан сөз емес. Біреудің дайын киімін апарып кигізу –
орашолақ іс – мер ісі. Тәкеңнің өзіне арнап киім пішілуі керек. Бейнелеп
айтқанда, әрине, Тағдыры тосын талант атаппын талайсыз мақаланың
келесісін. Бұлда дәл емес. Тағдыры бір-біріне ұқсаса – дарын даралығы
қайда? Талант тосындығы неде? Тәжрибе аздығы ма, басқалай себебі бар ма;
Мен мәселенің мәнін аша алмағанмен. Әр кез - әр кез жазып, аяақталмаған
толғаныстардың тұрлаусыздығы сырын енді біліп отырмын. Жасырмай, бүкпей
мойындасам, Тәкен Әлімқұлов - әдеби материал райында маған бағынбаған.
Риясыз сөз. Өзің игермеген материалдан имеуі қанған мақала қалай
шықпақ?! Енді бағамдап отырмын, Тәкеңді көрген, білген, оқығаныма сүйеніп:
оны өзімнен іздеген екенмін. Ал, Тәкен аға ішін ашпаған. Дұрысы Тәкеңді -
өзінен, яғни тәкен Әлімқұловтан іздеуім керек екен. Албырт көңіл жас өз
мінімді мойындатпаған. Бар ілмәт, міне осында! Олқылық орнын толтыру үшін
қайта толғануға тура келді.
Қандай әдемі сыр! Қандай ашық мойындау! Қандай жүрек-жарды лебіз!
Бұл жолы Құлбек Тәкенді Өзінен, яғни Тәкен Әлімқұловтан іздеген және
тапқан, таба алған! Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдеби
процеске белсене араласатыны некен-саяқ, сол некен-саяқтың бірі сөз жоқ
Құлбек Ергөбек. Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның
жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігіндей санау, сөйтіп
жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталса керек. Басқа жол
жоқ,- дейді осы Арыстар мен Ағыстар кітабында Құлбек Ергөбек. Сыншы осы
сөзін дәл осы кітабында ісімен де, білімімен де, мәдениетімен де,
әділдігімен де, сынға деген адалдығымен де дәлелдей алған.
Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Бейсенбай Кенжебаев, Бердібек
Соқпақбаев, Дулат Исабеков, Ақселеу Сйдімбек, Өтеген Нұрғалиев, Болат
Қанатбаев, Қуандық Түменбаев туралы сыншының пікірлері ой-толғамдары,
таразылауы – қандай мәдениетті, өтімді, тұщымды. Ал енді Б.Қанатбаев пен
Қ.Түменбаев шығармалары туралы тұжырымын тек сын ғана емес, сыр десе де
болғандай. Сыншының ішкі сыры. Жазушыны жербаурлататын сын бар, жазушыны
көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де – еренсіздің ісі. Сынның төресі –
жазушыға көмектесетін сын, әдебиетті көтеретін де – осы сын. Құлбек
Ергөбектің сыны да – дәл осындай, жазушыға көмектесетін, әдеби сынның
беделін өсіретін өміршең сын.
Сәбит Мұқановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО арқылы тойлануы – қазақ елінің
зиялылығы мен мәдениеттілігі биік деңгейде екенін дәлелдейтін құбылыс.
Сонымен қатар, Сәбитті кеңес үкіметі үшін жазықты етіп, қаңқу сөздің
тамырына балта шабатын құжат. Еліне ерен еңбек сіңірген, жаңалықты орнатуға
асыққан қайраткердің өмірі мен өнерпаздық жолы мұнтаздай таза, тақтайдай
тегіс бола бермейтіні өзінен - өзі түсінікті. XIX ғасырдың төл перзенті
болған Сәбит Мұқановтың қоғамдық - әлеуметтік және пенделік тірлігіне шолу
жасағанда талай жеңістер мен жетістіктерді, талай сүріну – қабынуды, қуаныш
пен шаттықты, қасірет пен опықты мол табамыз. Ол өмір сүрген кездегі
оқиғалар шындығы деңгейінде баға бергенде ғана орындысы мен орынсызы,
ұлылығы мен кішілігі көрініп, өзінің ішкі пиғылыңмен таразылайтын сәт енді
туып отыр. Дүниеден өткеніне ширек ғасыр болса да, Сәбит Мұқанов есімі
көпшіліктің көкейінен кетер емес. Тіпті, кеңес үкіметі құлағаннан кейін
өршелене де өршіге пікір айтушылар көбеймесе азайған жоқ. Осы жәй Сәбиттің
сорлылығынан ба? Ол жасап кеткен ұлы мұралардың қуаттылығынан ба? ЮНЕСКО –
ның Бас конференциясының 30 сессиясы Тараз қаласының 2000, Сәбит Мұқановтың
100 жылдығын дүниежүзі көлемінде атап өтуге қаулы қабылдап, қазақ елінің
көне, әрі жас ғасырларын атауды орындап тауып отыр. Бұл тәуелсіздігіміздің
әрі орнықты мәдениетіміздің құнарлылығының арқасы. Олай болса, әлем
халықтары алдында тағы да бір жарқырап көрініп, еліміздің өресін, үш ғасыр
тапталған ұлттық намысыздың қуаттылығын, санамыздың жетелігін танытатын күш
келді.
Соның бір қарлығашы – Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов жайында жазған
20 жылдан бері айтып – жазып жүргендерінің ірі – уағына дейін қолымызға
тиіп, алдымызға келіп отырған осы жинағы дер елі. Адасқандар сынды атақты
романның кейіпкерлерінің тағдыр – талайын тәптіштей зерттеп, жазушы
лабораториясының ішкі сырын ашу сияқты жанкешті зерттеуші бірден докторлық
диссертация деңгейінде жазылуы, екі жылдан кейін ғылым докторы атағын алуы
айтуға ғана оңай нәрсе. Сәбит Мұқанов жөнінде төрт монографиялық еңбектің
авторы болған Құлбек Ергөбектің тірнектеп жинап, оқушыға жеткізген тың
мағлұматтары, қызықты деректерінің өзі әрі нақты да ғибратты болуының
үстіне көркемділігімен көз тартып тұрғаны қандай қуаныш. Осы кітапты қолына
алған пенде түгел оңып шықпай көңілі көншімейтінін алдын – ала шамалауға
болады. Сондықтан жинақтағы қаламының дабына көңіл аударып, Түркістанның
1500 жылдығын абыройлы өткізуге бар ынтасымен кіріскен таланты еліміздің
азаматтық келбетін таныта кеткен де орынды болмақ.
Құлбек үшін қасиетті рух – Сәбит Мұқанов. Сәбит мұражайының ұйымдасу,
өсіп – жетілуіне қолма – қол араласып, ішінде жетекші ғылыми қызметкер
болып жүруінің өзі басқа жұрт сарылып, іздейтін байлыққа кезіктірген. Жарты
ғасыр бойына артық айтайық, келе бағалайық, Сәбит Мұқановтың советтік деп
аталатын төңкерісшіл әдебиеттің Сәкеннен кейінгі көшбастары болып
келгендігін қасы да, досы да біледі. Сол уақыт ішінде Сәбеңнің жақсы да,
жаман да іске замана талабымен белсене араласқанын ешкім де жоққа шығара
алмайды. Құлбектің ызғары алыстан соғып, қалың өкінішке оранған жан ашуы
мен адалдығын қалтқысыз көрсеткен Құбылып соққан замана желі – ай...
эссесін зерделей оқып шығуға кеңес берер едім. Өйткені, онда ғибрат алар
сәт мол. Сәбит Мұқановтың өмірі тақтайдай тура жол ма? Жоқ - дегенінен –
ақ күрделі әңгіменің арқауы ширатыла бастайды. Әрі қарай алып жүргендердің
соқпағына түсіп кетер ме екен деп қалғандайсың. Себебі Сәбит Мұқанов мың
құбылып бұралып соққан замана желінің өтінде жасады, иір қисық талай жолдан
өтті деген кезде бір ойыспақ болғанымен арт жағында зіл жатқандай. Түзу
жол – тағдыр емес. Тағдыр – асау мен тура жолды табудан, яки ұдайы
ізденістен тұрады, - деп тағы да ет пен сүйектен жаралғандығын еске салып,
Сәбит Мұқанов 1900 – 1973 жылдар аралығында өмір сүрген үлкен қаламгер,
қоғам қайраткері ретінде әрбір пенде бастан кешуге тиісті өмір белестерін
кешті.
Тарих белеңдерінен мынау қоғам адасыпбарып өтсе, Сәбең де солай адасып
барып өтті. Адаса жүріп халық сүйген, одақ оқырмандары шығармаларын қызыға
оқыған үлкен қаламгерболып қалыптасты. Сәбит Мұқанов көтерілген даңқ
тұғырына оның замандастарының көбі уақытында көтеріле алған жоқ. Көзі
тірісінде даңқ тұғырына көтерілу,халық айтқан марапат сөздерді есту, сөз
жоқ, жазушы бақытыдеп келеді де Сәбит Мұқанов үлкен жазушы бола жүріп,
үлкен қателіктерге де ұрынды - деп тағы да тіксінтіп тастайды.
Бұл – шешендік тәсілі емес, шын қиын тығырыққа тірелген зерттеушінің
ішкі толқынысы. Өйткені, ол, Олжас Сүлейменов айтқандай, даланы асқақтату
үшін тауды аласартпау керектігін айтпаған сананың мың бұрылысы екендігін
байқаймыз. Әр адамның өз амандығы үшін қолынан келгенді жасауға талаптануын
ғайбаттау, әрине кейінгілерге, әсіресе басына іс түспегендер оп – оңай.
Сәкеннің де, Сәбиттің де тарих алдындағы трагедиясы коммунистік
идеалғаойланбай сенуден туғанын ашық айту керек. Сәкен иілмей, шүбәланбай
мерт болды. Сәбит көрер тепершінін мықтап көрді, өзгеге де көрсетті.
Әйтеуір, қазақ әдебиетінің бақытына аман қалды. Құлбек Ергөбеков айтпақшы,
арына кір шалдырып алғандардың бірі болғаны да рас. Қатерлі өткелден
өткендердің, тірі қалғандардың қолы да, ары да былғанғанын 1961 жылы
Қазақстан жазушылар одағындағы ашық партия жиналысы көрсетіп,
дәлелденгендігін айтпай кете алмаймын. Ал енді солай болған екен деп, кек
қайтара бастасақ не күйге ұшырайтынымызды шамалай аламыз ба? Осындай ойды
Құлбек бір қыдыру тұздықтап айтқанымен қисынды мәселеге батылы жетіп бара
алмағандығын да көріп отырмын. Ол – Сәкен – Сәбит – Мағжан қарым – қатынас
жайындағы мәселе. Осыған тереңірек баруы керек еді. Сәкен мен Сәбит,
әсіресе, Мағжанға қарсы 1929 жылға дейін идеалогиялық тұрғыдан күресті.
Солай бола тұрса да, Алаш зиялыларының, әсіресе, 1929 -1931 жылғы қуғын –
сүргіндеріне, сот процесіне, бұлар араласқан жоқ. Өйткені, Голощекин
Қазақстанда контреволюциялық топ бар, оның көздегені – Совет үкіметін
құлату деп мүлдем басқа жолға, көздерін жою мақсатына бұрып жібергендіктен
Сәкен мен Сәбит идеялық әшкерелеуден арыға бара қойған жоқ. Тіпті, әрі –
беріден соң Сәкен 1929 жылғы партиялық тазалауға олардың аяғын құшуға сәл
– ақ қалған болатын. Бұдан басқа бірдемелер болса маған беймәлім. Ондай
пәле жоқ сияқты, көптеп жарияланып жатқандар да кездеспейді, өйткені, газет
тілшілерінің әр жиналыстардан берген хабарланып малданып, Сәкенді Сәбитке,
Сәбитті Сәкенге қарсы атыстырып – шабыстырушылар кездесіп қалады. Ондайлар
Сәкен мен Сәбиттің алашшыл азаматтардың адами тағдырына араласы болса
тартылып қалмасы тағы шындық. Сондықтан мен Сәкен – Сәбит және Мағжан
проблемасы жайында Құлбекке және оқушыға жәрдемдесуін қажет – ақ деп
отырмын. (Т.Кәкішев) Сәбит Мұқановтың таптық позицияда жазған XXғасырдағы
қазақ әдебиеті деген еңбегінде әрбір дарын жөнінде түйетін ойына, жасайтын
қорытындыларына назар аудару керек. Бүкіл идеологиялық аппарат тұлан тұтып
жатқанда, С.Мұқановтың Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің
іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай
қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды - деуі әшейін айта салған сөз
емес, ең негізгі тарихи түйін екені сөзсіз. Не болмаса Мағжанды бағалауына
көз тастайық. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түрлер
енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан
асқан ақын қазақта жоқ, - деп тауып, өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық идеялық ерекшеліктері
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
С. Торайғыровтың лирикасы
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов
Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Секталардың корпоративтік құпиялары
Қазіргі қазақ повесіндегі көркемдік ізденістер
Нұртазин және Мұқановтану ілімі мәселелері
Пәндер