Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік



Органикалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Қантты, майды, крахмалды, т.б. заттарды тағам ретінде қолданды, өсімдіктерден әр түрлі бояулар алып пайдаланды. Кейбір заттарды ашытып, спирт және сірке қышқылын өндірді.
XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің бесты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді.
Бірақ XIX ғасырдың басында қымыздық қышқылының, несепнәрдің, сірке қышқылының, анилиннің, т.б. органикалық заттардың организмнен тыс бейорганикалық заттардан синтезделуі органикалық және бейорганикалық заттарды жеке бөлуге болмайтынын көрсетті.
Органикалық және бейорганикалық заттардың араларына айқын шек қоюға болмайды. Көміртек оксидтері, көмір қышқылы, карбонаттар, т.б. көміртектің қарапайым қосылыстары – қасиеттері жағынан бейорганикалық заттарға ұқсас болғандықтан бейорганикалық заттарға жатады.
Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда біраз ерекшкліктері бар. Барлық органикалық қосылыстардың құрамында көміртек атомы болады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамына кіретін, оларды біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың қайнау және балқу температуралары төмен болады. Олардың тағы бір ерекшелігі барлығы дерлік жанады және қыздырғанда айырылады.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Органикалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Қантты, майды,
крахмалды, т.б. заттарды тағам ретінде қолданды, өсімдіктерден әр түрлі
бояулар алып пайдаланды. Кейбір заттарды ашытып, спирт және сірке қышқылын
өндірді.
XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі
көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке
саласы ретінде бөлінуінің бесты себебі, сол кездегі минералды және
органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы
Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды органикалық заттар деп, ал
оларды зерттейтін химияның саласын органикалық химия деп атауды ұсынды.
Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана
тіршілік күші әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты
лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді.
Бірақ XIX ғасырдың басында қымыздық қышқылының, несепнәрдің, сірке
қышқылының, анилиннің, т.б. органикалық заттардың организмнен тыс
бейорганикалық заттардан синтезделуі органикалық және бейорганикалық
заттарды жеке бөлуге болмайтынын көрсетті.
Органикалық және бейорганикалық заттардың араларына айқын шек қоюға
болмайды. Көміртек оксидтері, көмір қышқылы, карбонаттар, т.б. көміртектің
қарапайым қосылыстары – қасиеттері жағынан бейорганикалық заттарға ұқсас
болғандықтан бейорганикалық заттарға жатады.
Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда біраз
ерекшкліктері бар. Барлық органикалық қосылыстардың құрамында көміртек
атомы болады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамына кіретін, оларды
біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың қайнау және балқу
температуралары төмен болады. Олардың тағы бір ерекшелігі барлығы дерлік
жанады және қыздырғанда айырылады.
Қазіргі кезде 18 млн-ға жуық табиғи және синтетикалық органикалық
заттар белгілі және олардың саны өсуде. Органикалық қосылыстар санының өте
көп болуы, көміртек атомының ерекше қасиетіне байланысты. Көміртек атомдары
бірімен-бірі өзара байланысып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек
түзе алады. Сонымен бірге көміртек атомдары өзара түзу және тармақты
тізбектермен қатар тұйық цикл түзіп те байланыса алады:

‌‌

–‌‌ С – С – С – С – – С – С – С – –
С – С –
‌ ‌‌‌‌

– С –
– С – С –

‌‌

түзу тізбек тармақты тізбек тұйық
цикл

Сол сияқты, көміртек атомдары өзара – дара, қос, үш еселі байланыстар
арқылы да жалғаса алады:


– С – С – – С = С –
– С = С –


дара байланыс қос байланыс үш
еселі байланыс

Органикалық заттар табиғатта кең таралған. Адамдар мен жануарлар
организмдері, өсімдіктер, табиғи газ, мұнай, негізінен органикалық
заттардан тұрады. Тіршіліктің негізіне органикалық қосылыстардың бір-біріне
айналулары жатады. Органикалық заттар біздің ішетін тағамымыздың негізгі
құрам бөліктері. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз және күнделікті өмірде
пайдаланатын заттарымыздың басым көпшілігі органикалық қосылыстар болып
табылады. Табиғатта белгілі органикалық заттардың біразын жасанды жолмен
лабораторияда алуға да болады. Сол сияқты, табиғатта кездеспейтін көптеген
органикалық заттар жасанды түрде синтезделіп алынды. Оларға әр түрлі дәрі-
дәрмектер, бояулар, пластмассалар мен синтетикалық талшықтар, т.б. жатады.
Органикалық заттардың саны өте көп және олардың қасиеттері
бейорганикалық заттардан ерекше болғандықтан, олардың құрамдарын,
қасиеттерін, өзара айналуларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Метанның және газ қоспаларының қасиеттері
Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану
Мұнай мен газдың жаратылысы туралы түсінік
Топырақ түзілу факторлары
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Тіршілік эволюциясы
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Бензол туралы жалпы түсінік
Пәндер