Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы монеталардың сакталуы



Нумизматика термині латынша “numizma” . “монета” деген сөзден шыққан. Нумизматика ақша айналымының материалдық қалдықтарына қарап, оның тарихын зерттейтін ғылым. Сондай . ақ нумизматика монета ісі техникасының тарихы, медаль өнерінің дамуы, сонымен қатар ақша . систамасын және олардың тарихи даму процесіндегі эволюциясын, және де қағаз ақшаларды зерттеумен шұғылданады.
Нумизматикалық зерттеулердің аса маңызды методына: ежелгі заманғы сауда жолдарын анықтау, табылған көмбелер мен кейбір монеталардың топографиясын жасау, кейбір монета типтерінің кімге жататындығын, монеталардың және олардың техникалық ерекшеліктерін, штемпельдерін салыстыру жолымен анықтау жатады.
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда
төлем құралы ретінде пайдалану . сол қоғамның әлеуметтік . экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни формаларды да көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша / 1, 16 /.
Теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын болған. Таңбаға қарап оның иесінің қай әулеттен екендігін, қай рудан екендігін ажыратуға болады.
Қазақ жерінде байырғы заманнан бері далалық көшпелі болмысына тән мал тауар айырбастауы, сауда.ақша айналымын жүргізу секілді шаруашылық.экономикалық қарым қатынастары өзіндік ерекше бітімінде қалыптасып келген.
Қазақстан тарихында сонау ежелгі дәуірден бастап ішкі.сыртқы сауда қатынастарының, оның ішінде көне қалалардағы ақша айналымының алатын орны ерекше. Әсіресе, Қазақ жерінде оңтүстік өңірінде ақша айналымы қарқынды дамығандығын қазіргі археологиялық қазбалардан табылған тиын ақшалар растайды. Табылған мыс теңгенің бетінде төрт бұрыш және садақ бейнеленген ру таңбасы бар. Бұл түркі билеушісінің белгісі екендігі анықталды. Мұндай таңбалар түркеш таңбаларында кездеседі. Таңбалардың ұқсастығы Сырдариядағы түркі билеушлері мен Жетісудағы атақты адамдардың бір әулеттен тарағандығын көрсетеді. Түркеш тиындары “Түркеш Каган Бай Бага 740.766” деген жазуы бар. Акт № жоқ. КП 795577 бойынша музей қорында сақтаулы.
Ежелгі дәуірден қалыптасқан шығыс пен батысты ұштастырған жібек жол торабы Қазақстанның оңтүстік аумағын толығымен қамтыды, сондай.ақ

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
1 Қазақстан жеріндегі ақша соғу ісінің тарихы және музей
материалдары
1. Ақша соғу ісінің дамуы және музейдегі нумизматикалық
материалдар
Нумизматика термині латынша “numizma” – “монета” деген сөзден шыққан.
Нумизматика ақша айналымының материалдық қалдықтарына қарап, оның тарихын
зерттейтін ғылым. Сондай - ақ нумизматика монета ісі техникасының тарихы,
медаль өнерінің дамуы, сонымен қатар ақша – систамасын және олардың тарихи
даму процесіндегі эволюциясын, және де қағаз ақшаларды зерттеумен
шұғылданады.
Нумизматикалық зерттеулердің аса маңызды методына: ежелгі заманғы
сауда жолдарын анықтау, табылған көмбелер мен кейбір монеталардың
топографиясын жасау, кейбір монета типтерінің кімге жататындығын,
монеталардың және олардың техникалық ерекшеліктерін, штемпельдерін
салыстыру жолымен анықтау жатады.
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда
төлем құралы ретінде пайдалану – сол қоғамның әлеуметтік – экономикалық
және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді.
Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін,
патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға
болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап
алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни формаларды да
көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер
тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша 1, 16 .
Теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығартып, оған өз
таңбаларын бастыратын болған. Таңбаға қарап оның иесінің қай әулеттен
екендігін, қай рудан екендігін ажыратуға болады.
Қазақ жерінде байырғы заманнан бері далалық көшпелі болмысына тән мал
тауар айырбастауы, сауда-ақша айналымын жүргізу секілді шаруашылық-
экономикалық қарым қатынастары өзіндік ерекше бітімінде қалыптасып келген.
Қазақстан тарихында сонау ежелгі дәуірден бастап ішкі-сыртқы сауда
қатынастарының, оның ішінде көне қалалардағы ақша айналымының алатын орны
ерекше. Әсіресе, Қазақ жерінде оңтүстік өңірінде ақша айналымы қарқынды
дамығандығын қазіргі археологиялық қазбалардан табылған тиын ақшалар
растайды. Табылған мыс теңгенің бетінде төрт бұрыш және садақ бейнеленген
ру таңбасы бар. Бұл түркі билеушісінің белгісі екендігі анықталды. Мұндай
таңбалар түркеш таңбаларында кездеседі. Таңбалардың ұқсастығы Сырдариядағы
түркі билеушлері мен Жетісудағы атақты адамдардың бір әулеттен тарағандығын
көрсетеді. Түркеш тиындары “Түркеш Каган Бай Бага 740-766” деген жазуы бар.
Акт № жоқ. КП 795577 бойынша музей қорында сақтаулы.
Ежелгі дәуірден қалыптасқан шығыс пен батысты ұштастырған жібек жол
торабы Қазақстанның оңтүстік аумағын толығымен қамтыды, сондай-ақ осы жол
арқылы Орталық Азия елдерінің сауда-ақша қатынастары дәнекерлене байланысып
келді. Осыған байланысты Қазақстан жерінің Орталық Азия елдерінде ақша
қатынастарының қарқынды дамығанын музейдегі Орта Азия жерінен табылған мыс
тиындардан көруімізге болады. Бұл тиындар Түркістан қаласы Қожа Ахмет
Яссауи кесенесінің жанында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Балтакөл
ауылының орта мектеп мұғалімі А. Есерковтың және оқушылардың көмегімен 1961
жылы табылған. Музейге мұғалім Алтаев деген кісі өткізген. КП9944, Акт №
48, 23.01.1962 ж. қабылданған.
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын
көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар,
тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Көптеген халықтарда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін ақша рөлін айырбас
құралы ретінде белгілі бір зат атқарғандығы баршамызға аян. Ал Орта Азия
халықтарының арасындағы онын iшiнде ақша рөлін Африканың әр түрлі
аймақтарында – тастар, тасбақа қабығы, маржан моншақтар, піл сүйектері,
темір, жез, латунь кесектері, Канада аралдарында – түрлі - түсті шыны
сынықтары, эмальданған моншақтар, Америка үндістері арасында – ұлу
қабықтары, Диджи аралдарында – акула мен кашалот тістері атқарған 2, 67-
68.
Ал Қазақстан жерінде тиын жасау әдісі әр жерде әркелкі дамыған.
Ежелгі дәуірлерде тиын соғылымы:
1- тиын соғып жасау әдісі: Тиын соғу қолмен атқарылатын. Әміршілер мен
билік иелерінің бұйрығымен арнайы қалып ( штемпель) дайындалады. Бұл аса
күрделі әрі жауапты іс. Тиын ақшалардың екі жағы болады. Яғни бет жағы және
артқы жағы. Сондықтан екі қалып дайындалатын. Арнайы дайындалған осындай
қалыппен алтын, күміс және мыс қоспалы металл дөңгелектерді немесе
пластинкаларды соғып тиын шығарылады. Сондықтан тиын жасаушылар тиын
қалыбын бірде толық, бірде жартылай соғу тұстары кездеседі.
2- тиын құйып жасау әдісі: Алтын, күміс және мыстан арнайы ерітінділер
дайындалады. Оны тиын теңгенің пішіні ойылып жасалған арнайы құйма қалыпқа
құю арқылы тиын жасалады 3, 214-215.
Б. з. II-V ғасырда қаңлылар шаруашылығының өсуіне байланысты қала
орталықтары қалыптасты. Осыған байланысты ішкі базардың құн төлеу қызметін
атқару үшін теңгелер соғып шығара бастады. Бұған дәлел қазіргі кезде
табылған салмақтары әр түрлі 1300-ден астам мыс теңгелер табылды. Негізгі
үлгісі – билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Мұндай теңгелердің
табылған басты аймақтары Өзбекстандағы Ташкент алқабы. ҚР Орталық
Мемлекеттік музей қорында жалпы мыстан жасалған ақшалардың саны – 1043
бірлік. Ал, 1938 жылы Тараз қаласынан археологиялық қазба негізінде
табылған мыс тиындар. КП 79731-27 бойынша сақтаулы, музейге 12.08.1939
жылы тапсырылған.
Б.з.б. III ғасырдағы ғұндар ақша орнына күміс пышақты пайдалапып
келсе, б. з. I ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып
тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит жазуы бар
теңгелер (б. з. V - VI гасыры) жасап сауда айналымына кіргізген. Ежелгі
көшпенділердегі тауар айналымы айырбас ( мал, аң терісі, кен орындарында
қорытылған алтын, күміс, металл кесектері , сәндік т.б. заттар ) түрінде
өтті. Сақтарға қытай жібегі, ежелгі парсы кілемдері сатылып тұрды.
Көшпелілер мен отырықшы елдер арасында сауда-саттық қатынастары Ұлы жібек
жолы бойымен қарқынды дамыды 4, 25.
Б. з. III ғасырда қаңлылардың ыдырауына байланысты осы елдің
территориясы болып қалды. Бұл дерек жөнінде В. М. Массон: Грек – Бактрия
билеушісі Евкрадиттің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба
соғылған күміс теңгесін атап өткен. Музейде КП4282 бойынша; Император
Динария (213-217), адамның басы бейнеленген. Екінші бетінде табыт бейнесі
бар тиындарды кездестіруімізге болады.
VІ-VШ ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең
ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі - ежелгі Отырар болды. Соның ішінде
Тараз, Испиджаб қалаларынан табылған шағатай дәуіріне жататын теңгелер XIV
ғасырларға жатады. КП 11063 217, салмағы – 1.880, диаметрі – 21мм.
Аверсіндегі жазу анықталмаған, Реверсінде: ...тараз ? 20 деген жазулары
анықталған.
Ерте орта ғасырларда Отырар алқабында ақша айналымы болғандығын Отырар
төбе жұртын, Мардан-күйік, Құйрықтөбе қорымдарын қазғанда табылған түрлі
қола теңгелер дәлелдеп отыр.
Отырар алқабында да бірнеше түрдегі қола теңгелер шығарылды. Бұл
теңгелердің бет жағында шаршылы садақ және аяқтары бар, конус тәрізді
құрбан шалатын орын түріндегі, Х нысанды таңбалар сияқты белгілер
бейнеленген 2, 69.
Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым
ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған. Мұнда
жүздеген теңге табылды. Ал Отырардан оншақтысы ғана табылған еді. Жетісу
теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түркештер теңгелерінің алтауын,
тухустар теңгесінің төрт түрін, құны әр түрлі бір тектес даналардан тұратын
бірнеше сериясы айналысқа түскен.
Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы
қалалардан ғана табылса, Жетісудің түркеш теңгелері Отырарда, Шашта,
Ферғанада, Соғдыда, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді.
Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері
аумақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Бұдан Жетісуға қарағанда,
Отырар алқабынан халықаралық және аумақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі
болған. Бұдан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және
аумақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды
4, 32-33.
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде жаппай өз
теңгелерін соғу басталды, олардың бір бөлігі халықаралық, аймақаралық
саудада қолданылса, екінші бөлігі жергілікті саудада қолданылды.
VIII ғасырдың аяғы IX ғасырдың басы Саманидтер кезіндегі теңгелер араб
жазуымен ерекшеленеді. Ол теңгелердің бетінде мемлекет билеушінің мүсіні
берілген. Бұл кезеңдегі нумизматикалық әдебиеттерде Бухархудаттар немесе
қара дирхемдер деген атау кездеседі. Саманид дәуірінің тиындары КП4412,
Акт № жоқ, 1947 жылы түскен уақыты ғана белгілі. Зерттеуші М. Е. Массон
қара дерхем туралы шетел, орыс ғалымдарының пікірлеріне шолу жасай келіп,
оны үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңі Махди Халифтің (775-785 ж.ж.) билік құрған жылдары.
Екінші кезеңі 792 ж. өте жоғарғы сапамен соғылған алтын металл, оның
ішінде күміс дирхемдері мен алтын динарлары.
Үшінші кезеңді ұзақ уақыт мыс дирхемдердің соғылуы деп бөлді. Қара
дирхем кезеңі XII ғасырдың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңнің мыс
дирхемдері 90 сақтау бірлік. Акт № жоқ. КП 75791-84 бойынша, музейге
тапсырылған.
Саманидтер кезеңіндегі теңгелерді зерттеуде Е.А. Давидович үлкен еңбек
сіңірген.
Шу аңғарының қалаларында ақша мен сауда жасаудың дамығанын VII- VIII
ғасырларда шығарылған түркеш теңгелері дәлелдейді.
Жетісу теңгелерінің диаметрі 12 мм-ден 28 мм-ге дейін жететін,
ортасында шаршы тесігі бар мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Түркеш
теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны оның сыртқы бетіндегі бір ғана жазу
көктегі түркеш қағанның ақшасы деген сөз дәлел 5, 138
VIII ғасыр Навакет қаласы Түркеш қағанатының астанасы болған. Осы
жерден 45 дана тиын жиынтығы табылған. Навакет қамалы (Қызылөзен қаласының
жұрты) қазған кезде осындай теңге табылды: Арслан – білге – қаған мырза.
Фан (Чаглан),- деп түсінік берілген 6,91-92.
Археологиялық қазбалардың деректеріне қарай отырып Навакет қаласы
сауда – саттық, ақша айналымының орталығы болғандығын көруге болады.
IX–X ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде, осы аймақ Саманид
империясының құрамына кіргендіктен, негізінен саманидтік әміршілердің мыс –
фельстері шығарылды. Теңге сарайлары Отырарда (Фарабта) және Испиджабта
жұмыс істеді. Ақша айналысында негізгі жүкті дирхемдер – муссеяби,
мұхаммеди мен гитрби деген түрлері атқарды 7, 178-179. Осы Отырар теңге
сарайында соғылған алтыннан жасалған монеталар музей қорында КП 4365,
салмағы –2,640 мг диаметрі 20-24 мм Хиджра жылы көрсетілмеген, жазулары
оқуға келмейді. Көбісі өшірілген. Аверсінде: ...л ... алл ... му ... ..аллах
(ла-илла-аллах мухаммед расул-аллах). Реверсінде: ал-ха ... аллах ... ..деген
жазулар кездеседі.

Ақша тауар өндірісімен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде
пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей
айырбасталады. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай
формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі
өндіріс пен айырбастың нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп
шығып, басқа тауар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және
жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы
ақша формасындағы жалпыға бірдей балама ролі бір тауардың еншісіне тиді,
яғни ерекше түрі ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар
арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда саттықтың басты заттары болып
табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша ролін кейбір халықтарда (гректер,
римдіктер, славяндар, моңғолдар т.б) мал ертедегі Русьте, Скандинавияда -
аң терісі, Қытайда - шэй, Абиссинияда - тұз атқарды 7, 156.
Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама
ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі
мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым- қатынастың
ұлғаюы нәтижесінде ақша ролі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл
(әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша ролін
атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама ролін
атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды.
Ол кез - келген тауарға айырбасталды 8,196-197.
Жалпы ақшаның пайда болуы, ақша айналымының тарихы сонау ежелгі
замандардан бастау алады. Ол кездері теңіз каури қабыршақтары, металл
кесектер, құймалар, кола балта, қару жарақ, мал және т.б. заттар ақша
орнына қолданылды, өздері өндірген өнімдерін екінші бір затқа алмасуы
арқылы бағалады. Азия, Африка, Мұхиттық елдерде теңіз қабыршағы ұзақ уақыт
ақша ретінде баланып қолданылды. Әсіресе ежелгі Қытай, Үндістан, Жапонияда
теңіз қауыршықтары ақшаның ерекше міндетін атқарған еді. Үндістандық каури
қабыршағынан жасалган шамамен XI ғ. жататын монеталар Орталык музей корында
КП 12244 бойынша сактаулы. Уақыт өте келе адамдар алтын, күміс, мыс сияқты
түрлі түсті металдарды қорыта білудің нәтижесінде аталмыш металдарды өзара
тауарға балап алмасуы кең етек жайды. Сөйтіп металл ақша пайда болды, оның
белгілі өлшемі, металдың қоспалық құрамы, салмағы т.б. ерекшеліктері де
ескерілді. Қолданыстық тұрғыдан дөңгелек пішінді металл өте ыңғайлы болды.
Жалпы дүние жүзі тарихында алғаш рет металл тиын ақшаларды ежелгі Грецияда,
атап айтқанда Лидия мен Эгине қалаларында б.з.б. VПІ-ХІІ гасырларда соғып
шығара бастаған. Қаза0стан Республикасы Орталық Мемлекеттік музей қорындағы
мыстан жасалған ақшалардың саны – 1043 сақтау бірлік, ал күмістен жасалған
ақшалардың жалпы саны – 2897 сақтау бірлік. Ондағы Қытай Жапон мыс
тиындарында дракон және иерогливтер бейнеленген. КП 80846 бойынша сақтаулы
10, 68.
Ежелгі грек аңызында Римдағы Капитолий төбесінде Юнона (тиын)
құдайының пұтханасы бар еді. Ел жұрт Юнона құдайды оның ақылы мен кеңдігіне
сай ақылшы, кеңесші ретінде құрмет тұтатын. Римдіктерге Пирр бастаған
жауынгерлерімен соғысқан кездерінде көмек көрсеткен Юнона болды. Пирр де
жеңіліске ұшырайды. Юнонаға деген шексіз алғысының белгісі ретінде оның
пүтханасына тиын соғатын орын салады. Сөйтіп алғашқы тиындарда Юнонаның
бейнесі соғылатын болды. Бұған дәлел музей қорындағы рим тиындары КП 7974
24 бойынша сақтаулы муз.қорынан.
Ежелгі Қытай мен Үндістанда ақшаның пайда болуы, даму тарихы ерекше,
жолы ала бөтен болды деуге келеді. Б.з.б. I мыңжылдықтарда Қытайда ерекше
бітімді шағын шақа ақшалар шығарылды. Бұл жайында қысқаша мынаны айтуға
болады: Ежелгі Қытайда тиындар әуелгі дөрекі
( каури қабыршағы, олардың қола көшірмелері, пышақша-ақша, кетпенше- ақша
т.б. алуан ) түрінен бастап б.з.б.IV-ІІІ ғасырдан б.з. XX ғасырдың басына
дейін өз формасын өзгертпей келген төртбұрыш тесікті дөңгелек құйма цянға
жетті ( В.А. Беляв ) Қытай тиыны. Цин патшалығы. ХУІП-ХХ ғ. Сяньфэн
дәуірі . 100 цян. С: 37,01 г. ҚР МОМ КП 4101, Қытай таяқша-ақшалары ҚР
МОМ КП 102269 бойынша сақтаулы.
Қазақстанда ежелгі сақтар, үйсіндер, қаңлылар жэне ғұндар қолданған
немесе өздері шығарып тұрған нумизматикалық жәдігерлер әзірше табыла қойған
жоқ. Ғұндар пышақ іспетті тиындарды қолданғаны туралы деректер бар.
Дегенмен Рим, Парфия, Кушан, Қытай сияқты елдерімен экономикалық, мәдени
байланыстарда болған ежелгі көшпелілерде ақша қолданбады деп айтуға
болмас, тіпті сол елдердің ақшаларын пайдаланбағанын жоққа шығара
алмаймыз. Кушан тиыны тетрадрахма. Б.з. ПІ-І ғ. ҚР МОМ КП 243971.
Түрік қағандығы (V -ІХ ғ.) дәуірінде металл ақшалар жасалды, олар ұлан
байтақ жерде кең қолданыста болды. Түріктерде қытай, соғды, т.б. елдердің
тиындары да ішкі-сыртқы саудалар үшін теңгеріліп қолданды. Орталық Азияда
Түрік дәуірінің көне түрік жазуы бар бірнеше тиындары да табылып отыр. Ол
тиындарда ақча, бақыр деген атаулар кездеседі. Дәл осы кезеңдерде
соғдылықтар жібек жолы торабыныц дәнекері транзиттік сатушылары болды. Олар
Византия, Сасанид парсылар мен Қытай аралығындағы сауда-саттықты Түрік
империясының құзырында орындап келді муз. қорынан.

ІХ-Х ғасырларда Түргеш мемлекеті Жетісу алқабында билік жүргізген
кездерде алтын ақша, мыс тиындар соғылып ақша айналымына енгізіліп тұрды.
Түргеш билеушілерінң ордасы Суяб Ақбешім қалашықтарында тиын соғатын.
Соғдылықтардың VІ-VІІІ ғасырларда Жетісуге кіруіне байланысты түрік
билеушілерінің, түргеш әміршілерінің таңба-мөрлері және көне соғды курсив
жазулы мыс тиындар кең айналымға шығарылды 10, 212.
Қазақ елі қазақ халқын құраған негізгі тайпалар баба түркілер Ұлы
Жібек жолында орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір
қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. VІ-VІІІ ғасырда билеуші рулардың
таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның
орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, VІ-VIII ғасырдың 1-ші
жартысына дейінгі аралықта қолданылған.
Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген.
Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған.
Сонымен қатар, Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.
Біріншісі, сәл ұмтылып, секіргелі түрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер,
екінші бетінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы
(дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнеленген. Екіншісі, үшбұрыш
таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда Соғды жазуымен
жазылған сөздерді бедері өшкендіктен ғалымдар оқи алмай келеді. Бүлардың да
бір бетіне арыстан бейнесі салынған. Б.з. 704 -766 ж. Таразда құйылып,
айналымға енген теңгелердің бетінде Түргеш қаған теңгесі немесе Түркінің
көк ханының теңгесі деген анықтама жазулар бар. Бұл-тайпалық дәрежедегі
теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын
кепілдеме. Осы сияқты VI-VIII ғ. аралығына жататын мыс, қола, күміс
теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып түрған. Х-ХІ ғасырлардағы
қалалар халықаралық және жергілікті сауданың орталығы болды. Қала мен
даланың арасындағы сауда қызу жүрді. Испиджаб, Иасы, Тараз және Баласағүн
қалаларында теңге сарайлары жұмыс жүргізді 11, 145-146.
Осы деректерге қарап, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия аймақтарында
өзара экономикалық, мәдени дамудың болғандығын, халықтар арасындағы
байланыстың болғандығын көруге болады.

1. 2 Орта ғасырлық дәуірдегі монета жасау ісінің дамуы және
олардың музейдегі сипаттамасы

XII ғ-дың 2-жартысы XIII ғ-дың басында Отырарда шыққан Мүхаммед ибн
Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет
атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша
алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.
Бұл тиындар Ұйғыр қағандығы дәуірінде де соғылып шығарылған еді. Ондай
тиындарда көне үйғыр жазуымен: Күл Білге Тәңірі ұйғұр Бөкүк қаған Ел
тұтқан жарлығымен соғылды ( 795 -808ж.) деп безендірілген, КП 3144 бойынша
музей қорына түскен.
Қазақ жерінде түргештердің саудалық әрі жәрмеңкелік қалашықтары Суяб
пен Тараз сол дәуірлерде қарқынды өркендеді. Сонымен қатар Отырарда да мыс
тиындар соғылған деп айтуға болады. Ерте орта ғасырларда билік қүрған
тайпалардың атақты адамдары теңге шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын
12, 10.
ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан көлемінде соғды, саманид фельстері
айналымга кең таралды. Сол кезде күміс дирхемдері исмаили деп аталатыи.
Оған қоса алтын динар, күміс фулстерімен қатар бұқара - худаттық - мусейяби
(ең жогары қоспалы күміс), мухаммади (аз қоспалы күміс), гитрифи (мыстан
немесе бағасыз металл) ақшалары, қытайлық т.б. тиындары ақша айналымында
болды. Араб жазуы бар дүтін және мыс дирхемдер – 90 сақтау бірлік. Ондағы
музейге тапсырылған КП 751791-84 бойынша сактаулы.
Зерттеушілер саманид дәуірінде жалған ақша соғу үрдісі басталды деп
топшылайды. Тіпті де ресми түрде ақшаны жалғандандыру (Е.А. Давидовичтің
пікірінше) шаралары болған. Атап айтқанда сырты нақты күміс ақша іспетті
мыстан жасалған жалған ақшалар мемлекет тарапынан шығарылатын 12, 29.
Сауда керуендері сауда-саттық міндетімен қоса рухани мүдделерді де
іске асырды. Оның айқын көрінісі де сол, мүсылман мәдениеті де кең етек
жайды, сауда тауар алмасу қарқынды жүрілді . Оған қоса арабграфикалық
жазулы алуан түрлі тиын теңгелерге міндетті түрде Құрандағы шаһада
(Алладан басқа құдай жоқ, Мұхамед оның елшісі) калимасы өрнектелді және
де сұлтан, мәлік, хан есімдері, таңбалары, соғылған тиын сарайы, хижра жылы
өрнектелді Бұл кездің тиындары КП7958,7959,7960 бойынша сақтаулы. муз.
материалдары.
X ғасырдың ортасы XIII ғасырдың бас шені – бұл Қараханид
мемлекетінің құрылуы мен қызметінің кезеңі. XI ғасырда қалалардың жаппай
өркендеуімен, ақша айналысында аса зор қаражат тасқынын қажетсінетін тауар
өндірісі көлемдерінің және сауданың ұлғаюымен сипатталды. Экономиканың
өсуіне сәйкес күмістің жетіспеушілігінен дирхемдер, яғни беті күміспен
жалатылған мыс тиындар шығарыла бастайды. Ұсақ бөлшек сауданы мыс-фельстер
қамтамасыз етті. Алтын тиындар саудада даналап емес салмағына қарай,
әртүрлі шамада белсенді қатысты, яғни, тиын қажеттілік бойынша майда
кесектерге сындырылатын. Қазақстан аумағында осы мезгілде бірқатар тиын
сарайлары жұмыс істеді: Баласағұн, Ооду, Тараз, Барысхан, Испиджаб, Фараб
(Отырар) және Бұддықкент. Караханидтер теңгелерінің тарихын зерттеуде орыс
шығыстанушы ғалымдар: В.В. Радлов, В.Д. Бартольд, т.б. –болды 9, 78.
XI ғасырдың 18-19 – шы жылдардың аяғында Мауренахрда дирхемнің санасы
күрт нашарлады. Оның құрамы 20 ℅-ке дейін құлдырады.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Оңтүстік Қазақстан қалалары:
Отырар, Құйрық – төбе, Испиджаб, Тараз, Талғар, Ақ – төбе т.б. үлкен
көлемде XI – XII соғылған тиындар табылған. Қарахандар мемлекетінің
билеушілері Сүлеймен, Дауд, т.б. атынан шыққан тиындар Жетісудан, Ферғана,
Орта Азия елдерінен табылған. Тарихшы нумизматик Е.А. Давидович
еңбектерінде баяндалған.
Қарахандықтар әулеті ислам дінін ресми мемлекеттік хұзырында
қабылдады. Сауда ақша айналымдағы тиындары арабша - фулс, динар, дирхем
т.б. аталды.
Қарахандықтар мемлекетінде алтын, күміс, мыс тиындар соғылып жатты,
әсіресе оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде ақша айналымы бұрыңғыдан да
мазмұнды қолданылды. Ішкі нарықта айырбас ақша ретінде адли (медная
фельс) тиыны мол болды. Жалпы қарахандықтарда 450-575 жылы дәрежелік
қоспалы алтын тиынды 2,7 - 6 грамм салмақпен соғып шығарып қолданды.
Осы кезеңдерде алтын тиын соғылып жатты, алайда ол тұрақты түрде ақша
айналымында болмады, алтын тиындар салмақтау арқылы ғана өлшенетін.
Мәселен Қарахандықтарда алтын мен күмістің арақатынасы 1: 8 болды, яғии
5 грамм алтын 40 грамм күміске баланды. ХІ-ХІІІ ғасырларда Отырар,
Испиджаб, Самарқанд, Тараз, Бухара, Термез, Хоженд, Хорезм тиын соғатын
орьнда алтын, күміс тиын соғу үрдісі күшейді. Мыс қарахан тиындары (шамамен
X ғасыр) 1952 жылы түскен уақыты ғана белгілі. КП73891-71 бойынша
сақтаулы.
XI ғасырда Орта Азияда күміс тапшылығы ерекше байқалды. Оған күмісті
сыртқа тасуы, күміс қорының азаюуы себеп болды. Сөйтіп күміс дағдарысы
ксзсңі екі жүздсй жылға созылды. Күмісті шақалап соғу тоқтатылды, оның ақша
айналымьндағы міндетін алтын, мыс тағы басқа да бағасыз металлдар атқарды.
Мыс тиындар тезарада өшіп кететіндей өте жұқа күміспен қапталып соғылып
жатты. Сонымен бірге алтын динарлар негізгі ақша ретінде қолданылды және
ұсақ айырбастық айналым үшін алтындарды бөлшектей теңгеру басталды 13, 66-
69.
Х-ХІІ ғасырларда Жібек жолының маңызы басым болды. Жібек жолының қазақ
жеріндегі бөлігі Газгирден басталып, Испиджабқа, Таразға, Құланға, Науакет,
Баласағұн қалалары және Бедел, Ақсу асулары арқылы өтіп, Шығыс Түркістанға
жалғасқан. Жібек жолы алғашында қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға
қызмет етті. Сонымен қатар бұл жолмен Рим, Византия, Индия, Иран, Араб
халифатынан, ал кейінірек Еуропа мен Русьтан сол елдерде өндірілетін
тауарлар да тасымалданды. Олардың ішінде мирра мен ладан (хош иісті
қарашайырлар) да, жасмин суы мен амбра да, кілемдер мен маталар, бояғыш
және минерал шикізаттары да, алмаздар мен асыл шақпақтастар, янтарь мен
маржандар да, піл сүйегі мен балық азулары, күміс пен алтын құймалары, аң
терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер болды. Жібек жолымен Ферғананың
Қызу қанды арғымақтары, араб пен нисситліктердің сәйгүліктері, жүзім,
шабдалы тасылып жатты. Дегенмен басты сауда заты жібек болып қалды. Жібек
алтынмен бірдей халықаралық өлшемпұлына (валютаға) айналды, ол падишалар
мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерлердің жалақысы мен
мемлекеттік борыштар жібекпен өтелді.
1271ж Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бүл реформа
бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм,
тазалығы 78-81 процент күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс
ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп,
1271 жылдан XIV ғ. басқы кезеңіне дейін айналымда болды 8, 17-18.
1321 ж жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол
бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға енгізді. Ақшаның
салмағы 8 грамм күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан теңгесі Қазақстанның
Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек
хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда
теңгелері Жетісу - Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады 17, 91-
92.
Бұдан кейін 1428ж енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және
Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды.
Моңғол дәуіріне дейін Орта Азиядағы барлық тиын соғатын орында
Мұхаммед бин Текештің (1200-1220 ж.) алтын, күміс (күміс жалатылған мыс)
теңгелері қарқынды түрде шығарылды.
1271-1272 жылдары Түркістан, Мауреннахр хәкімі Масуд-бек бин Йалабашы
шағатайлықтар мемлекетінде ақшаның реформасын жасады. Бұл реформа күміс
дағдарысын жою, күмісті ақша айналымының ең негізгі құралы ретінде
қолдануға бағытталды. Мысалы, Отырар, Таразда қоспасы 75-82 дәрежелі 2
грамм күміс дирхем соғылатын болды. Бұл өте жоғары сапалы күміс тиын деген
сөз.
1463 жылы Самарқандта Құран хатим оқыту үшін молдаға 1 мыс тиын,
жалғыз құлға 1 мыс тиынның үштен бірісі және 0,65 кг бидай, қызметшіге 1
мыс тиынның 22 бөлігі жэне 1,315 кг бидай берілетін 14, 101-104.
Шағатайлықтар мемлекетінде мыс, күміс тиындары тұрақты түрде Отырар,
Самарқанд және Бухара қалаларында ғана соғылатын. Оның ішінде Отырар тиын
соғатын орында ерекше мол жасалынатын. 1967 жылы Таулы қырат совхозынан
мектеп оқушылары 0,5 м тереңдіктен тапқан 1386 сақтау бірлік күміс тиын
көмбесі ҚР МОМ қорында Бұхарада соғылған XIV ғасырға жататын, салмағы –
1.960мг, диаметрі – 20мм, шығарылған жылы жазылмаған. Аверсінде:
ал...адил...ал –газим...бухара, ал реверсінде: сиккат, бухара деген жазуы
бар екендігі анықталған. КП11063128 бойынша сақтаулы. Ал, Самарқандта
соғылған шағатайлық мыс тиындар (шамамен XIV ғ. жататын) салмағы – 1.350мг,
диаметрі – 19-20мм, шығарылған уақыты – 75-27 ж. Аверсінде:
ал...адил...ми..илла. Реверсінде: бал.. самарканд 727 деген жазулары ғана
анықталған. КП110145 бойынша сақтаулы муз.қорынан.
Отырықшы қала өмірінде ақшаның рөлі тіпті де арта түсті. Жібек жолының
барлық тораптарында, базарларында, керуен сарайларында пени, фулс, дирхем,
динар, манат атаулы т.б. металл тиын теңгелер дамылсыз алмасылып саудаға
кең қолданылып жатты.
Қыпшақтың (яки алтын ордалық) хандары тиын соғу өздерінің билік
әмірінің басты назарындағы міндет деп таныды. Алтын ордалық алғашқы Батый,
Берке хандары ұлы моңғол қағанның иелігіндегі әміршілер болғандықтан тиын
теңгелерінде қағанның аты міндетті түрде жазылатын. Тек ғана Мөңке одан
кейінгі хандар өз есімдерімен ақша шығара бастады.
Қыпшақ патшалығында мыс (пұл), күміс (дирхем) және алтын (динар)
теңгелер қолданылды. Тиын теңгелерде: арыстан, жолбарыс, ит, түйе, жылқы,
қой, бүркіт, сұңқар, тоты, аққу, балық, гүл, садақ оқ, балта т.б. бейнелер
көмкеріліп көшлелілердің төртбұрыш әр түрлі формалы ру тайпалық таңбалар
соғылды. Қыпшақ дәуіріне жататын мыс тиындар, И. М. Поповтың жетекшілігімен
1964 жылы Түркменстан террриториясындағы Мұрғаба өзенінің жағалауында ескі
керуен жолдарынан табылған. Оны 15.06.1964 жылы Джусупов музейге өткізген.
Қазіргі кезде ол тиындар КП 103191-47 бойынша сақтаулы.
Тиын теңге мәтіндерінде ханның аты, лауазымы, соғылған жері, хижра
жылы, бағасы жазылды. Тиынның бет жағында мұсылмандық сунни символы шахада
калимасы арабграфикасымен өрнектелді. Қыпшақ державасының түкпір түкпірінде
тиын соғу станогі жұмыс жасап жатты. Қыпшақ пашалығының: Сарай, Сарай-аль
Жадид, Гүлістан, Хаджи тархан, Өкек, Сарайшық, Қырым, Баку, Хорезм, Ургенч,
Сығанак т.б. қалаларында тиын теңгелер соғылды. Бұл тиындар Г. Саблуковтың
зерттеуі бойынша музей қорында КП 4356, 4357 бойынша сақтаулы.
Алтын ордалық тиындарында Әділетті сұлтан Жалал-ад-дин Махмұд Жәнібек
хан. Сарай - әл - жадидтің соғылымы. Хижраның 741 деген тәрізді мәтіндер
соғылып жатқан еді.
Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан
шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу - Түркістаннан Еділ жағалауына дейін
кең тарады 8,44-47.
ХІV-ХV ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде Әмір Темір (әмір Темірлік
мыс динарлары) тарапынан мыс тиындар шығарыла бастады. Мыс тиындардың
соғылымы соншалықты мол болды, тіпті күміс ақшалар айналымын толық басып
алды деуге болады. Сонымен қатар 1525 жылы күміс тиындар да бірыңгай
стандартпен 4,8 грамм салмағында соғылатын болды.
Дәл Отырар алқабында XV ғасырда теңге таига ( кіші номиналы 41 -
мири, одан ұсағы 121- тангаша) деп аталатын тиындар ақша айналымына
түсті. Бұл кездері Йассы, Отырар, Сығанақ, Сайрам, Самарқанд, Бухара,
Хоженд т.б. тиын соғатын орындарда алтын, күміс және мыс тиындар соғылып
айналымға еніп жатты. Бір қызығы әр түрлі тиындар ырықсыз құндарымен
шығарылды 4,88.
XVI ғасырда имамның күндік еңбекақысы 6 - 15 динар; жоғары, ортаншы
және төменгі дәрежелі оқушылар бір күніне 10 динар 4 пұл, 9 динар 2 пұл, 6
динар 4 пұл, ал медересенің аспазшысына күніне 1 динар берілетін
Газнауидтік билеушілер мен Түркістандық хандар Малик шахтың қызының
қалыңдығына (ұлдарына алып беру үшін) 400 000 алтын ұсыныс еткен еді
("Тарихи- Мунеджим-баши" әңгімесінен).
XVII ғасырдың соңында Орталық Азия көлемінде Ресей патша ағзамы
Алексей Михайловичтің мыс тиындары шығарыла басталды. Бұнымен қатар сол
кездері хоқандылық, ташкентлік, бухаралық т.б. тиындар да ақша айналымында
жүріліп жатты. XVI-XVII ғасырларда Отырар т.б. қалаларда ақша айналымының
қарқыны бәсеңсіген тіпті де құлдырау кезі дерлік.
ХҮП-ХҮШ ғасырларда Қазақстанның оңтүстік аймақтарында негізінен орта
азиялық тиын соғатын орында соғылған ұсақ тауар айналымына жарамды мыс
тиындар ғана пайдаланылып түрды. Күміс тиындары транзиттік ірі - ірі
саудаларда қолданылды.
ХҮІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде орта азиялық күміс ақшалары кең
ене бастауына қарағанда, бұл кездері осы өңірдің хандықтарымен пәрменді
түрде сауда-саттық жүрілгенін байқатады. (ХҮП-ХҮШ ғасырлық Жәнидтік тиын
көмбесі бойынша Р.З. Бурнашеваның зерттеуі бойынша) 6, 77.
Сонымен қатар Орта Азия көлемінде қытай саудасы да, күміс жамбысы да
айналымда айырбасталып тұрды. Сол кездері тиын сарайларында қытай күміс
жамбысы шикізат ретінде де қолданылған деген деректер бар.
Орталық Азияда орыс және қытай сыртқы сауда байланыстарының ұлғайып
ресейлік алтын, күміс тиындары мен қытайлық жамбы ( юань бао), күміс, мыс
тиындары да ақша айналымында белгілі дәрежеде орын тебе бастады. Қытайлық
алтын, күміс құймасы болып саналатын жамбы (1 лац -37,301 грамм) немесе
тайтұяқ, орыс патшалықтарының күміс теңгелері тауар алмасымда баланып,
сонымеп қатар тіпті де зергерлік әшекей бұйымдарды жасауға да шикізат та
болып жатты 11, 214.
Соңғы жылдары отандық тарихи зерттеулерде Алтын Орда империясы
дәуірлерінде Еуразия даласында болып өткен этномәдени үрдістеріне деген
қызығушылық артып келеді. Жошы ұлысының жерінде аталмыш тарихи дәуірлерде
экономикалық жүйесі мен әкімшілік орталықтары болған жүздеген қалалар бой
көтерді. Сол қалалардың бірі империяның орталық пен шығыс провинциялары
арасындағы байланыстарын қамтамасыз етіп тұрған Сарайшық (жазба деректері
мен нумизматикалық материалдарда Сарайджук, Сарайджик, Сараджук) болды.
Сарайшық қаласының нумизматикалық материалдары өткен ғасырдың 80-ші
жылдарының аяғынан бері жинақталды. Бұл нумизматикалық материалдары қазба
зерттеулерде қаланың стартиграфикалық қабаттарының хронологиялық
талдауларын жасау үшін қажетті болып табылады. Сонымен бірге аталмыш
кешеннің маңыздылығы - қала тұрғындарда билік жүргізген ханның тиындарымен
қандай ханның тиындары тең дәрежеде ақша айналымда болғандығын көрсетеді.
Демек, нумизматикалық кешен осы қаланың тарихы тек ғана Жошы ұлысымен
шектелмейтінін көрсетеді, әрі одан кейінгі кездеріндегі саяси, сауда-
экономикалық үрдістерін зерттеу үшін зор маңызды.
Бұл қаладан табылған тиындар мыңмен саналады. Сарайшық қаласында
жүргізілген зерттеу жұмыстарында кезінде қаланың мәдени қабаттарынан
табылған және тіркеліп өңделінген тиындардың саны 702 нұсқа. Оның 647
нұсқасы толық анықталды. Бұдан басқа бірнеше көмбе табылған, олардың
біріншісінде 144 нұсқа күміс, 12 нұсқа мыс тиын, екіншісінде 10 дирхем,
үшіншісінде 5 дирхем, төртіншісінде 4 дирхем болды. Микро көмбеде 4 пұл
болды. Барлық көмбелер 8-20 см тереңдіктен табылып қазылды. Тиындардың
басым көпшілігін тат басқан. Топырақ қазу барысында топырақ үстіңгі
қабаттан тиын дайындау 6 стандарттық қалып, тапталынған темір кесінді және
2 нүсқа кесіліп әзірленген қабыршақ табылды 15, 57-58.
Қазірше қаладан табылған ең көне тиын Баты ханның немересі Меңгү-
Темірдің (1266-1282 ж.) билігі кезіндегі соғылған дирхем. Ол қаланың
төменгі мәдени қабатынан табылды және Еділ бойындағы Үкек қаласында
шығарылған. Сол кезеңдерде Меңгү-Темірдің атымен ордалық Бұлғар, Қырым
қалаларында және ол билік жүргізген Сарай, Биляр, Керман, Хорезм
қалаларында да тиын соғылып жатты 16, 26.
1. Меңгү-Темір ханның соғылымы (1266-1282ж.) - 1 нүсқа.
Үкекте соғылған. Бұл ханның тұсындағы күміс теңгелердің аверсінде: ”...wa
al - kahayim” – “Мәңгілік мадақ әлем жаратушысы”, реверсінде: “Соғылым
Үкек” деген мәтін бар. Салмағы 0,732гр, КП269691-105 бойынша сақтаулы.
XIII ғасырдың соңына қатысты Сарайшықтың тағы бір түрі Меңгү-
Темірдің ұлы Тоқты немесе Тоқтоғұнның атымен байланысты.
2. Тоқтоғұ ханның соғылымы (1290-1312ж.) - 5 нүсқа.
Сарай әл-Махруста - 2 дана., Хэрезмде - 1 дана, Ширазда - 1 дана және
белгісіз үқсас - 1 дана соғылған. Бұл кездің күміс теңгелерінің аверсінде:
“Тоқтұ Бек әділетті”, ал реверсінде: “Соғылым Хорезм 694 ”деген жазуы
анықталған. Салмағы 1,2 гр, КП 269701-45 бойынша сақтаулы.
Өзбек хан билігі тұсындағытиындардың ішінде Хорезмде соғылған әр
типтес тиындар кездеседі. Олардың көркемделуі мемлекеттің басқа да
жерлерінің тиындарынан өзгешелеу.
3. Өзбек ханның соғылымы (1313-1341ж.) -136 нұсқа.
Сарайда - 113 дана, Сарай әл-Махрусда 11 дана, белгісіз үқсас - 1 дана,
Қырымда - 2 дана, Хэрезмде - 7 дана, Тебризде - 1 дана, Иезде - 1 дана
соғылған. Күміс тиындарында нүктелі дөңгелек шеңбер және сызықты сегіз-ұшты
шеңберде “lla – illa- Allah Muhammed rasul-Allah- құдай жоқ Алладан
басқа, Мұхаммед Алланың елшісі”, реверсінде: “Сұлтан ағзам Өзбек”,
айнала үш жиегінде: “714 – Соғылым Сарай 714” деп жазылған. Салмағы –
1,36гр. КП 269711-49 бойынша сақтаулы.
Өзбектің ортаншы ұлы Жәнібек хан өзін әкесіндей әділетті, билеуші,
дін қамқоршысы ретінде көрсетті. Иранмен күресті жалғастырып Тебризді
жаулап алып, сонда өз тиындарын соқтырды.
4. Жәнібек ханның соғылымы (1341-1357ж.) - 169 нұсқа.
Сарай әл-Махруста -1 дана, Сарайда - 45 дана, Сарай әл-Жадидте - 101 дана,
белгісіз ұқсас - 2 дана, Хорезмде - 12 дана, Гүлістанда - 4 дана, Баржынде
-2 дана, Тебризде - 2 дана соғылған. Бұл өңірден табылған мыстан жасалған
теңгелердің аверсінде: “Соғылым Сарай әл – Жадид 743”, ал реверсінде:
нуктелі қоршауда – екі басты бүркіт бейнеленген. КП2697210-128 бойынша
сақтаулы.
5. Бердібек ханның соғылымы (1357-1359ж.) - 7 нұсқа.
Сарай әл-Жадидте - 4 дана, Гүлістанда - 1 дана, Азақта - 1 дана, Хорезмде -
1 дана соғылған. Бұл ханның тұсында күмістен жасалған тиындар шығарыла
бастады. Аверсінде: “ Сұлтан әділетті Бердібек хан оның билігі ұзақ
сүрсін”, Реверсінде:”759 – Соғылым қала Гүлістан 759 жыл”. Музей қорында
КП269731-129 бойынша, 27.03.2007 ж. тапсырылған..
6. Құлына ханның соғылымы (1359-1360ж.) - 3 нұсқа.
Хорезмде - 3 дана соғылған. Күміс тиындарының аверсінде: “Сұлтан әділетті
Құлына хан оның билігі ұзақ болсын”, Реверсінде: “ 760 – соғылым
Қалада Гүлістан 760” деген мәтіндері болды. Музейде 25.03.2007 ж.
КП269751-130 бойынша сақтаулы.
7. Наурыз ханның соғылымы (1359-1360ж.) - 3 нұсқа.
Хорезмде - 2 дана, Гүлістанда - 1 дана соғылған. Хан тұсында көптеген мыс
тиындар соғылғандығын, археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі табылған
тиындардан көруімізге болады. Бұл тиындардың көптеген даналары ҚР ОММ
қорынан кездестіруімізге болады. Мыс тиындардың аверсінде: Нүктелі және
сызықты шеңберде – төрт бұрышты сызық іші оюланып келген, осы сызық ішінде
“ Сұлтан Наурыз бек”деп, ал реверсінде: Күрделі төрт өзекті жапырақшалы
өрнектің ішінде: “ 761 – Соғылым Хорезм жыл 761”. Салмағы – 2,2 гр.
КП269781-77 бойынша сақтаулы.

1. 3 Кеңес дәуірі мен Тәуелсіз Қазақстан кезіндегі ақша
реформалары

XVIII ғасырдан басталған Ресей патшалығының әкімшілік жүйесі қазақ
жеріндегі теңге қатынасына да тісін қатты батырды. Жергілікті халықтар
сыртқы және ішкі саудада Ресейлік монеталарды қолдана бастады. Ал, Кеңестік
дәуірде КСРО көлеміндегі мемлекеттер ортақ ақша айналымының қатынысын
ұстанады.
Патшалық Ресей өмір сүруінің ақырғы жылдары елдің ақша системасына
қолайсыз әсер етті. Соғысқа байланысты патша үкіметі 1914 жылы ассигнацияны
алтынға айырбастауды тоқтатты, ал 1915 жылы күміс сомдарды шығару тоқталды
да, ұсақтау үшін күміс және мыс ұсақ монеталарын шығару күрт қысқартылады.
Мұның орнына көптеген, мөлшерде қағаз маркалары шығарылады. Осының
нәтижесінде күміс пен алтын жұрттың қолында қалып, айналымнан шығып қалды.
Алтынды соғыс шығындарын жабуға шетке беру де қазынаны жұтатты. Уақытша
үкіметтің құрылуымен байланысты ақша шаруашылығының күйі апатты жағдайда
болды. Соғыс созыла берді, ауыл шаруашылық өніміне баға өсті, көпшілік
тұтынатын тауарлар шығару қысқартылды. Орасан көп мөлшерде шығарылған қағаз
ақшалар керенки мен ақшаны әртүрлі алмастырушылар (бондар, облигациялар)
құнсызданды, халық, сенімімен пайдаланылмады.17, 36.
Революциялық өкімет 1260 млн. сомға жетер-жетпес алтын қорын мұраға
алды. Бұл алтынның жартысы Қазанда сақталды да, көп кешікпей
контрреволюционерлер басып алды. Елдің көптеген аудандарында сауданың
айырбас формасы, жалдаптық формасы, өріс алды. Ақша шаруашылығын жолға
қойып, жұртшылықтың сенімін қайтару үшін батыл әрекеттер жасау қажет болды.
Азамат соғысының майдандағы ауыр жағдай, экономикалық бүліншілік 1921 жылға
дейін реформа жүргізуді кідіртті. Осы уақыттың ішінде Ресейдің шет
аймақтарында қағаз ақша таңбаларын түрлі үкіметтер орасан көп мөлшерде
шығарды. Оларды жаңа кеңес ақша таңбаларымен ауыстыру туралы мәселенің зор
саяси маңызы болды.
1921 жылдан құны 1 сом 50 тиындық күміс монета мен биллондық – 20,
15, 10 тиындар шығарыла бастады. Техникалық себептермен революцияға дейінгі
монеталар диаметрі, пробасы және салмағы сақталды.
Алғашқы кеңес сомының аверсінде РСФСР Мемлекетттік герібінің шығып
келе жатқан күн сәулесі аясында орақ пен балғаның бүйірлерінде масақтың
бейнелері бар еді. Айнала бүйірінде нүктелер арқылы шеңбер жүргізіліп,
үстінде Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер! деген сөздер жазылған
болатын. Реверсінің ортасындағы ашық жерде жұлдыздың суреті бар. Жұлдыздың
төменгі жағында шығарылған жылы, жұлдызды айнала нүктелермен жиектеліп,
лавр және емен бұтақтарынан буда гүл салынған. Жұлдыздың жоғарғы жағында
Рубль деген жазу болды.
Монетаның гуртінде Чистого серебра 2 золодника 10,5 долей және
жақша ішінде Петроград монета сарайы бастықтарының А.Ф. Гартман мен П. В.
Латышевтің инициалдарына сәйкес әріп (А. Г.) немесе (П.Л.) таңбалары болды.
Құны елу тиындық монетаға салынған бейнелер де осындай еді.
1923 жылы салмағы 8,6 г алтын червонец шығарылды, бұл айналымға
қатысып жарыған жоқ. 1924 жылы қағаз ақша таңбаларын айырбастау тағы да
жүргізілді де, құны 1 сом немесе 1 полтинник, күмістен жаңа монеталар,
биллон – 20, 15, 10 тиындық, 5, 3, 2 және 1 тиындық мыс монеталар шығарыла
бастады 18, 16.
Жаңа сомның аверсінде СССР Мемлекеттік гербінің бейне суреті мен сызық
жиегінде СССР. Один рубль деген жазуы бар еді. Айналасында нүктелерден
жиек және Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер! жазуы болды. Реверсі
– фабрика ғимараты мен шығып келе жатқан күннің аясындағы жұмысшы мен
шаруаның символикалық тұлғасы, тұлға астында 1924 деген дата бар.
Айналасында нктелерден жиектемелері бар. Гурті – Чистого серебра 18 г (43,
21д, П.Л.) деген жазу болды. Полтинниктің де осындай аверсі болды, ал
реверсінде төске ұрып жатқан балға соғушының тұлғасы бар. Полтинниктің бір
бөлігі кеңес тапсырысы бойынша Англияда шығарылды. Олардың басқалардан
айырмашылығы: гуртінде инициалдары (Т. Р.) немесе (Ф.Р.) - Томас Росс,
Лондон монета сарайы деген сөздер жазылған болды. Ұсақ монеталар
революцияға дейінгідей көлемде және салмақта, қызыл мыстан жасалып
шығарылды муз. материалдары.
1925 жылдан бастап сом соғып шығару тоқтатылады. 1926 жылдан бастап
ұсақ монета жаңа салмақтық қатынаста қоладан шығарылады. 1927 жылы күміс
полтинниктер шығару тоқтатылады. 1931 жылы құны 20, 15 және 10 тиындық
никельден жасалған биллон монеталарымен алмастырылады да, монета түрі
түгелдей өзгереді. Содан кейін 1961 жылғы реформаға дейін монета соғуға тек
шамалы өзгерістер ғана енгізіледі. 1961 жылы құны сомдық және 50 тиындық
монеталар никельден жасалып, айналымға жаңадан енгізіледі.
Фашистік Германияны жеңудің 20 жылдығы құрметіне шығарылған 1965 жылғы
юбилейлік сом мен монеталардың юбилейлік 10, 15, 20, 50 тиындық сериялары
мен 1967 жылы Ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің тарихы
АЛТЫН БҰЙЫМДАР ЖИНАҒЫ
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейінің фалеристика материалдар жинағы
Ат әбзелдері, ер тұрмандар, қару-жарақтар
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Ақша эмиссиясының негіздері
ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар
Мұражайдың шығу тарихы
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Пәндер