Ақша жүйесінің құқықтық негіздері



КІРІСПЕ 5.7

1. Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері
1.1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері 8.11
1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 11.20
1.3. Ақша айналысы және ақша жүйесі 20.29

2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
2.1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық аспектілері 30.44
2.2. Мемлекеттің ақша.несие саясаты 44.45
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша аударымын құқықтық реттеу 45.60

ҚОРЫТЫНДЫ 61.64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы “ҚР ақша жүйесінің құқықтық
негіздері” деп аталады. Дипломдық жұмыстың көлемі 65 бетті құрайды.
Дипломдық жұмысы екі тараудан, кіріспеден және негізгі бөлім мен
қорытынды бөлімдерінен тұрады.
Бірінші тарауда ақшаның мәні, қызметтері және түрлері, ақшаның
металдық теориясы және металл ақша айналысы, ақша айналысы және ақша жүйесі
баяндалған.
Екінші тарауда ақша жүйесінің құқықтық негіздері, Қазақстан
Республикасының ақша жүйесінің құқықтық аспектілері, мемлекеттің ақша-несие
саясаты, Қазақстан Республикасындағы ақша аударымын құқықтық реттеу
мәселесі қарастырылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
көрсетілген. Яғни дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының
Конституциясына, ҚР банк және банктік қызмет туралы, ҚР Ұлттық банк
туралы, ҚР Бюджет кодексі т.б. Заңдарына сүйене отырып жазылған.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста ғылыми әдебиеттер және Қазақстан
Республикасындағы нормативтік – құқықтық актілері және Қазақстандық,
шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмысында көп кездесетін сөздер: банк, қаржы, ақша жүйесі,
ақша айналысы, және т.б.

ГЛОССАРИЙ:

АҚША – жалпы балама ретінде, яғни барлық тауар құнын нақтылы түрде
көрсету және айырбастаудың жалпы құралы қызметін атқаратын ерекше тауар.

АҚША ЖҮЙЕСІ – елдегі тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдармен
бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың түрі.

АҚША АЙНАЛЫМЫ – қолма – қол ақша айналымы мен қолма – қол ақшасыз
айналымның жиынтығы.

АҚША АЙНАЛЫСЫ – тауар айналымына, сондай-ақ өндіріс үдерісіндегі
тауарлық емес есеп айырысу мен төлемдерге қызмет көрсететін қолма – қол
және қолма – қол емес ақша түріндегі ақша қозғалысы.

АҚША МЕТАЛЛ – ақшаның рөлі жалпыға ортақ эквивалент ретінде
бекітілетін асыл металл.

МОНЕТА – салмағы мен формасы заңмен белгіленген, металдан немесе
қорытпадан жасалған құйма; елдегі төлем мен айналыстың құралы болып
табылады.

ҚАРЖЫ – ақшалай қаржат қорларын құру және пайдалану үдерісінде
экономикалық қатынасты көрсететін экономикалық санат.

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ – шаруашылық жүргізіші субьектілердің, ұйымдардың
және мекемелердің ұдайы айналыснда болатын және олардың жеке мақсаттарына
пайдаланатын немесе ресурс түрінде банкіге орналастырған банк шоттарында
ақшалай шоғырланған әр түрлі кірістер мен түсімдері.

БАНКНОТТАР – орталық эмиссиялық банк айналысқа шығарған ақшалай
белгілердің әр алуан түрі.

ҚАЗЫНА – мемлекеттік мүлік, ақшалай және өзге қаражат; мемелекет сол
қаражаттың иесі ретінде.

ЭМИССИЯ – ақша бірліктерін айналысқа шығару.

ВЕКСЕЛЬ – оның иесіне міндеттіліктің мерзімі өткенен кейін борышқордан
вексельде көрсетілген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге талапсыз ерік
беретін қатаң түрде жасалынған борышқорлық міндет.

ЧЕК – чек берушінің кредиттік мекемеге чектегі көрсетілген соманы чек
иесіне төлеу туралы сөзсіз бұйрығы бар белгіленген формадағы ақшалай құжат.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5-7
1. Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері
1.1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері 8-11
1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 11-20
1.3. Ақша айналысы және ақша жүйесі
20-29

2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
2.1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық аспектілері 30-
44
2.2. Мемлекеттің ақша-несие саясаты 44-45
2.3. Қазақстан Республикасындағы ақша аударымын құқықтық реттеу 45-
60

ҚОРЫТЫНДЫ
61-64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
65

КІРІСПЕ

Осы кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейiнде тұр және
алдағы уақытта оның табысты жұмыс iстеуi үшiн негiз жасауға бағытталған
реформалардыңкөпшiлiгi жүзеге асырылды. Қазақстанның кредиттік рейтингiнің
инвестициялық деңгейге дейiн жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты
дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің iшiнде ол
әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша, қаржы секторының даму
деңгейi бойынша Қазақстан ТМД елдерiнен бiрнеше жыл алда келедi. Соған
қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қол
жеткiзгендерге тоқталып қалмай, мынадай кезеңнiң мiндеттерiн шешуге көшудi
бастауды дұрыс деп есептейдi: таяу жылдарда қалыптасатын макроэкономикалық
үрдiстердi және валюта заңдарында болатын өзгерiстердi ескере отырып,
орташа мерзiмдегi болашақта дамыту бағыттарын айқындау қажет. Үкiмет пен
Ұлттық Банк валюталық қатынастарды одан әрi ырықтандыру және жекелеген
елдермен бiрге бiрыңғай валюта кеңiстiгiн енгізу мүмкiндiгi жағдайында
қаржы секторының барлық бөліктерiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру
арқылы оның алдағы уақыттағы дамуын байланыстырады. Тұжырымдаманың мақсаты
экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарын қажетсінуін
қанағаттандыратын және қаржы институттарының еркiн бәсекелестiк жағдайында
сапалы қызмет көрсететiн тұрақты және тиімдi жұмыс iстейтiн қаржы жүйесiн
қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2030
атты халыққа Жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел
инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген
экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны
қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағыттау
белгіленген. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың
нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер
жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп айтылған.[1]
Ақшалар өте көне заманда, тіптен мемлекеттер құрылғанға дейін пайда
болғанын білеміз. Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге
дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған
талантты атауға болады. Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас, ал
салмағы 52кг болған. Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ
бірлігі мен ақша өлшемін айтқан. 1 талант = 6000 драхмға тең болған,
салмағы 26,2кг жеткен.
Ал ең бірінші монеталар (ақшалар) біздің дәуірімізге дейінгі VII
ғасырда көне Лидия патшалығы мен Қытайда жасалынған деп есептелінеді.
Қағаз ақшалар біздің дәуіріміздің VII ғасырында Қытайда шығарыла
бастаған. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан мемлекеті қағаз ақшаларды алтынға еркін
ауыстыратын болды. Сондықтан жалған ақша жасаушыларға сол кезден бастап өте
ауыр, қатал жазалар қолданылған.
1500 жылы Қытайда ақша айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кетуіне,
инфляцияның көтерілуіне байланысты қағаз ақша шығару тоқтатылған болатын.
Бірақ Қытайда мемлекеттік банктермен қатар жекеменшік банктердің болуына
байланысты, соңғылары қағаз ақша шығару ісін жалғастыра берген. Бұл банктер
шығарған ақшалар мен құнды қағаздар айналымда мемлекеттік ақшалармен бірдей
жүрген және оларға сол шығарған банктер кепілдік беретін болған.
Қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан ақша белгілері екі түрден,
яғни қазыналық және банктік билеттерден тұратыны сол өткен замандардың
айғағындай. Бұл жерде эмитент ретінде мемлекеттің өзі және мемлекеттік
банктер болған. Осы кезеңге, яғни өз валютамызды енгізгенге дейін біздің
ақша жүйемізден орын алып келген одақтық, одан қалды Ресей ақшалары,
осындай екі түрден тұрған болатын.
Қазыналық билеттер мемлекет атынан шығарылып, мемлекеттің байлығымен
қамтамасыз етілетін болған. Ал банктер шығаратын банктік билеттер
банктердің қорларымен қамтамасыз етілген. Бірақ бұл екі жағдайда да эмитент
тек мемлекет болады. Өйткені мемлекеттік банктер, олардың қандай да
болмасын алтын және басқа да ақша қорлары мен активтері мемлекеттің меншігі
болып есептелінеді.
Қазіргі кезде банкноттар мен тиындарды шығару құқығы тек Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісіне берілген. Бұл жөнінде Қазақстан
Республикасының ақша жүйесі туралы Заңының 5 бабында: Қазақстан
Республикасы аумағында нақты ақша қаражаттарын шығару, оның айналысын
ұйымдастыру және айналыстан алынып тасталуын ... Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі жүзеге асырады деп айтылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңының
19 бабында Нақты ақша қаражаттарын шығару Ұлттық банкінің банктерге
банкноттар мен теңгелер сатып, баламасын қолма-қол алмау түрінде жүзеге
асырылады деп белгіленген.
Айналысқа ақшаларды шығару, ақша жүйесін ұйымдастыру, ақша
бірліктерін қамтамасыз ету және ақша айналысын басқару мемлекет тарапынан
Ұлттық банкіге жүктелген. Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатының
негізгі бағыттарын белгілеп, оны тікелей жүзеге асырады.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады. Және қатысуға тиі, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кіруімізге жәрдемдеседі, әрі біздің экономикамызға қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және Даму Банкі,
Азия Даму Банкі және тауяда құрылған Еуразия Даму Банкінің жобаларына баса
назар аудару керек.
Дипломдық жұмыс ақша жүйесі туралы мәліметтерді қамтыған еңбек болып
табылады. Бұл еңбегімде ақша жүйесі, оның элементтері мен типтері
қамтылады. Сонымен қатар, бұл жұмыстың өзіндік ерекшелігі, ол тек қана ақша
жүйесіне арналмайды, сол сияқты ақшаның мәніне, олардың қызметтері мен
түрлеріне де арналады. Ақшаны тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай,
оның тарихи даму тұрғысынан көрсетеді және ақшаның қажеттігі мен шығу тегі
қарастырылады. Сонымен қатар, ақша айналысы туралы ұғым қарастырылады.
Жұмыс тек қана ақша қатынастарын теориялық бағытта қарастырып қоймай,
сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ақша жүйесі тақырыбын толық ашып көрсету
болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету
алға қойылған:
- ақшаның қажеттігі мен шығу тегін қарастыру
- ақшаның түрлерін қарастыру
- ақшаның қызметтерін және экономикадағы рөлін қарастыру
- ақша айналысын қарастыру
- ақша жүйесін: элементтері мен типтерін қарастыру.
Қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы 2007-2009 жылдар аралығындағы
кезеңге негiзгi мiндеттер мен дамыту бағыттарын анықтауды болжайды және
ақша-кредит саясатын дамыған елдерде қабылданған стандарттарға (мысалы,
Еуропалық одақ стандарттарына) барынша жақындатудың басым бағыттары ретiнде
айқындайды.  2009 жылға дейiнгi кезеңге Ұлттық Банк өзінің алдына тұтыну
бағаларының индексiмен өлшенетiн инфляцияның орташа жылдық деңгейiн жылдық
4-5%-ға дейiн төмендету мiндетiн қойды. Мұндай мiндет қоюға Ұлттық Банктiң
құралдар қолдану ережелерiнен ақша-кредит саясатының инфляциялық таргеттеу
қағидаттарына көшу қажеттігiн негiздейдi. Инфляциялық таргеттеу кезiнде
мақсатты көрсеткiш ретiнде инфляция қарастырылады, ал негiзгi жедел
көрсеткiш ресми қысқа мерзiмдi пайыздық ставканың бiрi ретiнде қызмет
етедi.
      Ақша-кредит саясатын таргеттеу кезiнде алға қойылған мақсатқа
мiндеттi түрде жетудiң мүмкiндігі үшiн мақсатты көрсеткішке жедел көрсеткiш
әсерi қалай өзгертетінін бiлу қажет. Басқару сигналдарын беру әртүрлi
арналар бойынша жүредi. Олардың iшiнде жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс,
валюталық және пайыздық тепе-теңдiк және басқа арналар. Осы беру арналардың
жиынтығы және олардың өзара байланыстары трансмиссиялық тетiк деп аталады.
Сонымен, трансмиссиялық тетiк - бұл басқару сигналдарын берудің мақсатты
көрсеткiшке ықпал ету тетігі. Инфляцияны таргеттеуге көшумен алға қойылған
мақсатқа жету жөніндегі міндеттемелердi қатаң сақтауды қамтамасыз ететiн
тетік құрылатын болады, бұл жүргiзілетiн ақша-кредит саясатына деген
сенімдi арттырады.
Айта кетейік, Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржы ұйымдары және қаржы
нарығын бақылау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде 2009 жылдағы
инфляцияның деңгейі 9 пайыз болып белгіленді. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (2(
1. Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері

1.1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар бұл сату немесе айырбастау
үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің
белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды
құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісінің қатынасы бойынша
айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп
шыққан және олармен бірге өзө бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың,
өзге де нормативтік құқықық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық
және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық
Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып
табылады. (3(
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір – бірін табады және өзара бір
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
барлық басқа тауарлардың бір – бірімен өзара айырбастау құралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемді формасынан жалпы
құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға
нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауралар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасына айналды.
Тауар айналасының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын әр түрлі тауарлар
қабылдады. әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттерболды. Сонымен бірінші ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп, шығуымен мал айырбас құралына
айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи климаттық жағдайларға байланысты
нақты сол ортада айырбас құралы болды. шалғынды аудандарда жалқы, сиыр
және қой, ал шөп және шөлейт аудандарда түйе, тундрада бұғы жалпықұндық
эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланғаны
туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба ұмыстарының
нәтиелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя
батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы
айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда өгіз деген атаау
ойып өрнектеліп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния (ақша) пекус
(мал) сөзінен шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің
атауы рупия негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға
ауысқаннан кейін де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж
былай деген біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10
гривен және боярлардан 18 тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы, қазына
жинау орны – мал ұстайтын орын аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты өйткені ескі гермен
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.[4]
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауралар сатып алу
барысында құстардың аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік
Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік америка халықтарында жалпы
құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте
және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен,
хазарлармен Византиямен сауда саттық жасауы барыснда жүн ең басты
құралдардың бірі болды. ежелгі, Русь елінде ақша жүйесінің бүгіні болып
саналады. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб.
Күміс пен 7000 руб. Жүн табылады.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ ақшаларды пайдаланды, тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары
сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей
ақшыл қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке
тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс
жағалауларында Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың
қызметін атқарады. Американдық үнділердің белдіктерін бақалшақ ақшалар
құсмтардың жыртқыш аңдардың келбет кескінін көрсете өрнектеліп былғары
белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік американың Тынық мұхит
жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас
құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып
табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон
аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде
бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті, ақ түсті, аса қымбат –
қызыл түсті пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай монеталардың диаметрі бірнеше метрге, ал массасы
тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға
бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау он екі қойға теңестірілді.
Қайта құру кезеңінде дейін ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қол-қолсыз айналым мағынасын сипаттады. Бұл жағдайда қолма-
қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса,
қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығы мен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз
рубль бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспар экономика жағдайында
ғана мүмкін болады, себебі уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша
ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатын белгілі
болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына меншіктің мемлекет
иелігіне алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып
қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы
процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде
қызмет көрсету. Сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы несие мекемелерінің
арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының обьективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар астып алу үшін қолданылуы ақшаның әрдайым қозғалыста
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс
бір бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып, ақша әрі айналыс құралы әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкін. өз кезегінде қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы зейнетақы стипендия төлеу үшін бюджетке
төлемдер аудару банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу есеп,
айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты
өзінің меншікті қуатын енгізуі, қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. Қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізіліп директивті саясаттың орнына
республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-тахалықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы
ғана қолма-қол ақшамен ал қалғаны чек несиелік карточкалар, т.б. көмегімен
жүргізіледі.[5]
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде
шектеулі ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты сондықтан оларды бөлу қажет есем. Ақша
өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы кәсіпорынның
бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу
шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз
жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін. Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-
қол және қолма қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл қағаз несие
ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.

1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы

Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдіктеріне капиталдың
алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қоғамның байлығы
ақшамен өлшеуге сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау
тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс яғни
бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылдаы. Ақшаның
металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі, бұл теорияның пайымдауынша
ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал
адамдардың тауар шаруашылығында өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша
екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты
мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның
теориясының барлық пайымдауларының негізі ақшаға тек нағыз бір ғана ақша
деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы
күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХ ғ.
Теоритиктерімен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша
жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын
айналысының тар мағынада қолданылуы ХХ ғ. Дүниежүзілік экономикаынң
шеңберіне сыймады. өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын
талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем
әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделеді. Металдық
теорияның қайта жандануы ХІХ ғ. Екінші жартыныснда алтын-монета
стандарттарының Германияда 1871-1873 жж. Енгізілуімен байланысты болды.
Неміс экономистері ақша деп тек қана ағалы металдарды емес, сондай-ақ
металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол
кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және
М.Дебре ағылшын экономисі Р.Харрд залықаралық айналысқа алтын стандартын
енгізу идеясы н ұсынады. Себебі, ақшаның өндіргіш күштер мен тауар
қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен
бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғандығы, ол,
оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе
айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы
ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған. [6]
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің
бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты
болатын қайшылықтар айырбас құнының әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас –
бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын
білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын ( мал = бидай = балта), яғни,
тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты
өлшенуін талап етеді.
Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін
жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл
тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек
әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп,
қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап,
айырбас құнының ( 1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі
сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-
ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие
болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші
кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың
тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау
мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
- Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның
жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі
екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір
мал бір қап бидайға айырбасталды.
Екінші формасы – бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады.
Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар
саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген
балама-тауарлардың айырбасында жүрген.
- Үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші
өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар
алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар
массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады.
- Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға
тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай
формасы қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс
атқарды.Сонымен, ақша дегеніміз- бұл барлық тауарлардың құнын
бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды
білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес қалыптасты. Ақша- бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шықанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілілігі және
таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай ақ,
оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары
болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2) айырбас құнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның
кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды.
Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық
жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол
уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес
болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл
қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл
формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен
қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге
сату барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы)
ақшалар және құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар).
Нағыз ақшалар – бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен
сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл
ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып
табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX-
X ғ.ғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша
қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері
себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі,
сақталғыштығы, өндіру және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы
арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті де бірдей атқарады.[7]
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
- Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады.
- Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып,
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
- құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді:қағаз ақшаларға және несие ақшаларға.
Қағаз ақшалар ( қазыналық билеттер ) – бюджет тапшылығын жабу
мақсатында қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ
мемлекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады.
Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты
түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және
құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің
төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге ( несиеге ) берілуімен
байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін
атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша
айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша
айналымының дамуына мүмкіндік жасалуымен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер
және несиелік карточкалар.
Вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі болады: жай вексель және аудармалы вексель.
Жай вексель – борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі.
Аудармалы вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) қарызды
алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға
(ремитентке) төлеу туралы бұйрығын білдіреді. Трассат тратта бойынша
төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы
вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы туралы
қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардың көбеюіне
байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант,вексель
бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай вексель мен аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері
болып табылады.
Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель – белгілі бір соманың қарызға беруден туындайтын
қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бұл қаржылық вексельдің бір түріне
жатады.Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып табылады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне
беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- абстрактылық, яғни вексельде мәмленің нақты түрі көрсетілмейді;
- даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін
тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге
тиістілігі;
- айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (
индоссамент ) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік
міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Банкнота – қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен
Орталық банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
- мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме
болса ( 3-6 айлық ), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
- кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде Оралық банк
шығаратын болғандықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Жалпы банкнотаны екі түрге бөлуге болады: классикалық және жай
банкноталар.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде металға еркін алмастырылатын, яғни металлмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билетін білдіреді.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан айырмашылығы бар:
- жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі
қызметінен, ал банкнота – ақшаның төлем құралы қызметінен пайда
болған;
- эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық
шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
- қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің
аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылады, ал қағаз ақшалар
қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
- ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына
байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар
қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқтатылғаннан бастап, банкнота
алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт
нашарлай түсті, себебі, Орталық банктің вексельдік портфелі көбірек
қазыналық вексельдер және міндеттемелермен толықты.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық
банктің билеттерін білдіреді. Бірақ та олар металлға алмастырылмайды, яғни
өз кезегінде банктің активтерімен ғана қамтамасыз етіледі.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуымен
байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болған.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чектің мынадай түрлері бар:
атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент
бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы
төленеді;
есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма – қолсыз есеп
айырысуларда қолданылады;
келісілген чек – банк белгілі бір соманы төлеуге келісім береді.
Банктік операциялардың механизациялануы мен автоматтандырылуы, ЭЕМ
кеңінен пайдалануға өтуі электрондық ақшаларды қолдану арқылы қарызды
өтеудің жаңа әдістерінің пайда болуына мүмкідік жасады.
Банк ісіне ЭЕМ енгізу негізінде чектердің несиелік карточкаларға
ауысу мүмкіндігі туды.
Несиелік карточкалар – бұл нақты ақшалар мен чектердің орнын
ауыстыратын, сондай - ақ оның иесіне қысқа мерзімді несие алуға мүмкіндік
беретін есеп айырысу құралын білдіреді.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың келесідей
төрт түрі пайдаланылады: саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған,
туризм және ойын – сауық шараларын төлеуге арналған. Бірақ та біршама
кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады. Бүгінгі күні
біздің елімізде саудаға арналған несиелік карточкалармен қатар бензин сатып
алуға арналған несиелік крточкалар да қолданылуда.
Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:

1. құн өлшемі және баға масштабы
2. айналыс құралы
3. төлем құралы
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады.
Тауар құнының ақшамен бейнелеуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металлдық (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
келесідей түрде беруге болады: Т (тауар)-А (ақша)-Т (тауар).[7]
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі, әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т(тауар)-
М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме)-Т(тауар).
Ақша төлемі құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР ҰБ-де жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1.кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттардағы,
сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде
қоғамдық қорлану формасында;
2.банктердегі халық салымдарында, облигацияларында жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық займдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болады. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ доллары, неміс
маркасы, ағылшын фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы-еуро,
сол сияқты СДР атқарады.
Саяси проблемаларға заң базасын, алынған мiндеттемелердi және бiрқатар
басқа аспектiлердi орындауға қол жеткiзуде уәкілеттi органдардың
жауапкершілік дәрежесiн айқындау және қалыптастыру кіреді.
      Экономикалық проблемалардың iшiнде едәуiр маңыздысы өтiмділіктi
реттеудің негiзгi құралдары ретiнде ресми ставкаларды қолдауға жеткiлiкті
көлемде толық ауқымда репо операцияларын жүргiзу үшiн Ұлттық Банктің бағалы
қағаздар портфелiнің жеткiлiксiздiгi болып табылады.
      Техникалық проблема өзiне ақша-кредит саясатының экономикаға әсер ету
процесiн түсіндiретiн трансмиссиялық тетiктің моделiн әзiрлеудi қамтиды.
Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу мақсатында мынадай:
 - бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамытуға жәрдемдесу жөніндегi;
 - Ұлттық Банк бағалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қаржы
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік қаржы қызмет
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
«ҚР қаржы құқығы» пәні бойынша лекция тезистері
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Пәндер