Ақшаның бухгалтерлік есебі және уақытша құны



Жоспар:

1. Дисконтталған құн тұжырымдамасы.
2. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу.
3. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны.
4. Пайыздарды есептеу есебі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Дисконтталған құн тұжырымдамасы.

Жалдау бойынша операциялар, не болмасы ұзақ мерзімді қаржылық салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе-оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:
1. Таза келтірілген құн
2. Өзін-өзі ақтау
3. активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда
4. Табыстылықтың ішкі нормасы
5. Пайдалылық коэффиценті
Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының екі негізгі себебі бар: біріншіден,бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ,ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағандатәуекелдік теңгенің құныаздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады.келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді.
Р.Брейли және С. Майерстің «Корпаративті қаржы қағидалары» атты еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толығырақ түсінуге мүмкіндік беретін мысал келтірілген. (М., Олимп-Бизнес,1997)
Мысал:
Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа кететін шығын 100 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. С.Т. Міржақыпова « Банктегі бухгалтерлік есеп»
2. В.Л. Назарова «Шаруашылықтағы бухгалтерлік есеп»
3. С.Б.Баймұханов «Қаржылық есеп»
4. К.К.Кеулімжанов «қаржылық есеп»

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ақшаның бухгалтерлік есебі және уақытша құны

Жоспар:

1. Дисконтталған құн тұжырымдамасы.
2. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу.
3. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны.
4. Пайыздарды есептеу есебі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Дисконтталған құн тұжырымдамасы.

Жалдау бойынша операциялар, не болмасы ұзақ мерзімді қаржылық
салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте
дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе-
оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:
1. Таза келтірілген құн
2. Өзін-өзі ақтау
3. активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда
4. Табыстылықтың ішкі нормасы
5. Пайдалылық коэффиценті
Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының екі негізгі себебі бар:
біріншіден,бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ,ал екіншіден,
сенімді теңгеге қарағандатәуекелдік теңгенің құныаздау. Ағымдық құн
инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған
жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады.келтірілген құнның
және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде
бейнелейді.
Р.Брейли және С. Майерстің Корпаративті қаржы қағидалары атты
еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толығырақ түсінуге мүмкіндік
беретін мысал келтірілген. (М., Олимп-Бизнес,1997)
Мысал:
Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар
тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар
сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына
келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі
кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа
кететін шығын 100 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға
сата алатыныңызды ескеру қажет. Сонымен бірге сіздің кеңесшіңіз болашақта
кеңселік бөлмелердің сұранысы жоғарылап, бір жылдан кейін жаңа үйді сату
400 мың доллар әкелуін болжайды, яғни бүгінгі күні 350 мың доллар
инвестициялау нәтижесінде, сіз алдағы жылы 400 мың доллар әкелуін күтесіз.
Егер күтілген табыстың (400 мың доллар) келтірілген құны 350 мың доллар
инвестиция сомасынан асатын болса, онда бұл ұсынысты қабылдауыңыз қажет.
Яғни сіздің алдыңыздағы тұрған мәселе- 400 мың доллардың бір жылдан кейінгі
келтірілген құны қанша болады және оның келтірілген құны 350 мың доллардан
аса ма деген мәселені ойлану.
Келтірілген құнды табу қиын емес. Табыстылықтың шекті нориасы
немесе балама шығындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының
болашақ ағымын дисконттау ғана қажет.
Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыстылық
нормаларымен анықталады. Егер де ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді
болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі үкіметтің борыштық міндеттемелері
секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ
ағымының көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын
сәйкес тәуелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша
дисконттау қажет.

2.Болашақ және ағымдағы құнды есептеу

Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты
қолданылады.
Жай пайыздар- алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.
Күрделі пайыздар-несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз,
негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар
алынған пайызға да төленеді.
Болашақ құн- қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының
болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше
жылдан кейінгі инвестицияның құны.
Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:

Мұндағы,
FV-инвестицияның болашақ құны;
PV-ағымдағы құн;
r-ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;
r-пайыздарды есептеу жиілігі.
Мысал:
Біздің жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп
қарастырайық.Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік:
Үшінші жылдың соңында:1*(1+0,1)*3=1,33 теңге болады. Егерде бүгін 250
теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым
250*1,1*8=535,90 теңге алып келеді.

Ағымдағы құн-болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау
әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле
аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы
алу үшін қазір қанша қаражат салу қажет екенін таба аламыз.
Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула
қолданылады:

мұндағы,
FV-инвестицияның болашақ құны;
PV-ағымдағы құн;
r-ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;
n-пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал:
5 жылдан кейін 1 теңге алу үшін жылдық пайызбен салатын қазіргі
соммамызды анықтау керек, сонда (1,10)=11,61051=0,62092.
Алынған нәтиже 5 жылдан кейін 1 теңге алуымыз үшін, біз 0,62092
теңгені жылдық 10 пайызбен салуымыз керектігін көрсетіп тұр. Егер 1000
теңге алғымыз келсе (1000)*(0,62092)=620,92 теңге салуымыз керек.

Таза келтірілген құн келтірілген құн мен мерзімі жақын ақша
қаражаты ағымының қосындысына тең.

мұндағы,
-мерзімі жақын ақша қаражаты ағымы;
С-егер мерзімі жақын ақша қаражатының ағымы инвестициялар,яғни ақша
қаражатының кері ағыны болса, онда теріс мәнді болады.
Есептеуді жеңілдету мақсатында ағымдық және болашақ құнның
кестелері қолданылады.
Активтер құнын анықтаудың қалған төрт әдісі таза келтірілген
құнның бәсекелестері болып табылады.
Өзін-өзі ақтау әдісі. Кейбір компаниялар инвестициялық шешім
жасағанда, белгілі бір мерзім ішінде алғашқы инвестициялар өзінің құнын
қайтаратын жобалармен ғана жұмыс істейді. өзінің құнын қайтару (өзін-өзі
ақтау әдісі) тар мақсатты болып табылады. Бұл әдісте өзін-өзі ақтау
кезеңінде ақшалай қаражаттың қалыптасу тәртібі есепке алынбайды және де
болашақ ақша ағымдары тіптен қарастырылмайды.яғни бұл әдіс балама
шығындарды қарастырмайды.
Мысал,
Инвестициялаудың негізгі екі көзі бар:А және Б.әрбір жоба 20 млн. Теңге
мөлшерінде алғашқы инвестицияны талап етеді және де әрбіреуі бірінші жылдан
ақшалай қаражат ағымын бере бастайды.А жобасы үшін ақшалай қаражат ағымы
6,5 млн. Теңгені құрайды және де бұл жоба 4 жылға жалғасады. Б жобасының
ақшалай қаражаты 6 млн. Теңгені құрайды, бірақ оның мерзімі 8 жыл.
Менеджерлер әдетте А жобасын таңдайды, себебі бұл жоба тез арада өзін-өзі
ақтайды дегенмен егер таза келтірілген құн әдісін қолданатын болсақ, Б
жобасы А жобасына қарағанда тиімдірек.
Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда.кейбір
фирмалар инвестициялық жобаларды пайдалылықтың бухгалтерлік нормасы
көмегімен бағалайды. Оны анықтау үшін жобадан болжанған орташа пайданы
инвестициялардың орташа баланстық құнына бөлу қажет. Одан кейін бұл
коэффицентті фирманың пайдалылығының бухгалтерлік нормасымен және тағы
басқа сыртқы өлшемдермен салыстырады.
Аталған өлшемдердің бірнеше кемшілігі бар:
1.ол тек инвестициялардың баланстық құнына есептелген орташа пайданы ғана
сипаттайды және де жаңа түсімдердің мерзімі алыстарға қарағанда құны жоғары
екенін есепке алмайды. Егер де өзін-өзі ақтау әдісінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша, қаражат түсінігі, олардың қазіргі жағдайда дамуы
Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі
Мекеме «АЭСА»
Қаржылық есеп
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Ақша қаражаттар қозғалысы
Кассадағы ақша қаражаттары есебі
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты туралы
Пәндер