Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.7

1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.14
1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары ... ... ... ... ... .
1.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары ... ... ... ..

2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46.59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59.68

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69.72
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73.75

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-7

1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
мәселесін сотқа дейін шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-14

0.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-29
0.2 Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін
шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-43

2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы
істерді сотта қарау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44-46

2.1 Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46-59
2.2 Банкроттық туралы істерді қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..59-68

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69-72

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73-75

Кіріспе

Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның жерін жау араламайды.
(Мәшһүр Жүсіп Көпеев).

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.
Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.
Банкроттық тақырыбының маңыздылығы көптеген жаңа заң жобаларының шығуына ықпал етеді, ол өз жағынан банкроттық процедурасымен байланыста болады.
Банкроттық процедурасы ең алдымен несие берушілер мен заңды тұлғаның, егер ол банк болған жағдайда оның салымшыларына керек, себебі несие берушілер мен салымшылар өз ақшалай қаражаттарын қысқа мерзімде қайтарып алуына сенімді болуы керек.
Не болғанда да белгілі, коммерциялық ұйымдар кредиторлары алдында қарыздарын өтей алмайтын кездер болады. Осыған сәйкес экономикалық кризистен ең ірі деген ұйымдардың өзі де сақтандырылмаған. Солайша, 1999ж. Оңтүстік Кореяның Daewoo компаниясы банкроттыққа ұшырады, бұл сол кездегі дүние жүзіндегі ең ірі банкроттық болатын.1 Бір ғана менеджердің тәуекелі Ұлыбританияның бұрыннан келе жатқан Беринг2 атты ірі банкті банкроттыққа әкелді.
___________________
[1] Кризис в Hyundai обрушал рынок\\ Ведомости, 30 мая 2000г № 94 с.62 Горькое лекарство для Кореи: банкротство Daewoo может
пойти на пользу экономике страны\\ Ведомости, 14 ноября 2000г. №210,
2 Баренбойм П.Д. Правовые основы банкротства: Учебное пособие, М.: 1995, с.с. 52-54.

Борышқордың қаржылық қиыншылықтары оның контрагенттерінде көрініс табады және жағымсыз әлеуметтік жағдай тудырады (бюджетке салық түсімінің төмендеуі, жұмыскерлерді орнынан босату, т.с.с.).
Қаржылық қиыншылықтары бар борышқор мен оның кредиторлары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелерін банкроттық институты қарастырады, бұл нарықтық экономиканың тұрақты қызметінің бөлігі болып келеді.1 Дәрменсіздік (банкроттық) институты экономиканың жандануына әсер етеді, себебі азаматтық айналымнан жарамсыз коммерсанттар іріктеліп шығады. Сонымен қатар, банкроттық туралы заң борышқордың дәрменсіздігінен туындайтын жағымсыз жағдайларды неғұрлым төмендетуге бағытталған.
Құлиеленушілік қоғамның өзінде дәрменсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Төлем өтелмеген жағдайда борышқор кредиторлардың қолына берілетін болған.2 12 кесте заңы бойынша кредиторларға ерік берілді, яғни борышқорларға жұмыс істету, борышқорды құлдыққа сату, борышқорды қинау т.с.с. әрекеттерге жол берілді.
Ортағасырлық құқықтанушылар мынадай тұжырымға келеді, дәрменсіздіктің барлығы дерлік борышқордың мардымсыз жұмысынан ғана бола бермейді, борышқорды өте қатал жазалағанның өзінде банкроттық деңгейі төмендемейді.
Капиталистік (нарықтық) қатынастардың қарқынды дамуының кезінде кредиторлардың талабын қанағаттандырудың негізгі тәсілі борышқордың меншігін шектеу болды. Белгілі бір конкурстық процесстің (өндіріс) үлгісі құрылды. Сол кезеңдегі дәрменсіздік туралы неғұрлым дамыған нормативтік акт 1877жылғы Германияның конкурстық Жарғысы болып есептелді, ол көптеген өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуімен 1999 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жарамды болды. 3
[______][_][_______________________ _]
[1] Белых В.С. Правовые основы банкротства юридических лиц. М. 1996г.с. 10.
2 Малышев К.И. Исторический очерк конкурсного процесса. С-П. 1996г. с. 3-5.
3 Степанов В.В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М.: Статут 1999 г. с. 34.
20 ғасырда банкроттық институтының жаңаша бір түсінігі пайда болады. Яғни, тәжірибе көрсеткендей борышқордың ісін жою кредиторларға тиімсіз болды, керісінше оның ісін жандандыру неғұрлым табысты болды. Солайша, жаңадан реабилитациялық әрекеттер жасалына бастады, борышқорлардың (мысалы: көліктік компаниялардың, муниципалды ұйымдардың, банктардың, биржалар мен сақтандыру компаниялардың) жекеше категориясына қарай банкрот деп танудың ерешке кезегі болды және нормалар шығарылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері банкроттық туралы заң үш рет өзгерді. Алғашқысы 1997 жылы қабылданған еді. Қазіргі кезде Үкімет Парламентке кезекті түзетулер жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бірер жылдан бері республикада 900-ден астам кәсіпорын аукционмен сатылып кетіпті. Жалпылай алғанда, банкроттық жағдайдағы кәсіпорындардың үлесі 1,3 пайызды құрап отыр.[1] Банкрот жариялайтындардың дені, негізінен, қоржынында еш активі жоқ, тек сатылу үшін құрылған фирмалар болса да, кейде мұның меншікті тартып алу құралы ретінде пайдаланылып, әлдекімдердің табысты бизнесіне айналып кететіні рас. Елімізде соңғы кездері жиілеп кеткен жалған және қасақана жасалатын банкроттық оқиғалары ел экономикасына ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіре бастады. Тіпті осыдан үш жыл бұрынғы деректерге сенсек, кәсіпорындардың жалған банкроттығы салдарынан экономикаға 5 миллиард 363 миллион теңге залал келтірілген. Жалған банкроттық бір жағынан, кәсіпорындардың салық, несие қайтару және басқа да қаржылай міндеттемелер сияқты көптеген қарызынан құтылуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мүдделі тарап үшін борышкер-кәсіпорынның активтерін сатып алудың ең үнемді жолы болып табылады.

________________________
1 Аманжолова Б. Банкротство - новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007. с. 77

Сондай-ақ жалған және қасақана ұйымдастырылатын банкроттық жалақы төлеуден жалтаруға және кепілді мемлекеттік заемдарды қайтармау үшін де пайдаланылады.
Жыл сайын Алматыда шамамен 200-300 компания банкроттық процедурасынан өтеді екен. Алдыңғы жылы Қазақстан кәсіпкерлері форумының ұйымдастыруымен болған дөңгелек үстел қатысушылары Банкроттық туралы заңға түзетулер енгізу жобасына қатысты 16 ұсыныс-кеңес әзірлеп, оны Парламент депутаттарына жөнелтті. Ұсыныстар бір жағынан шығынға батқан кәсіпорынды негізсіз жойылу мен банкроттың теріс мақсатта пайдаланылуынан қорғаса, екінші тұсынан борышкердің қаржылық жағдайын оңалтып, аяғынан тік тұруына мүмкіндік беруге бағытталған. Сондай-ақ, банкроттық туралы іс қозғалған сәттен бастап борышкердің активтерін сақтап, оның үшінші тарапқа негізсіз берілмеуін қадағалау да көзделген. Заңға ұсынылған бұл редакцияда белгілі деңгейде банкроттық процестің қатысушылары - сот, өкілетті мемлекеттік орган, ақтаушы және конкурстық басқарушы арасындағы өзара қарым-қатынастағы тепе-теңдік орнатылған. Банкроттық процедурасындағы маңызды тұс - мүдделердің тепе-теңдігінің сақталуы. Бір қызығы, банкроттық процедурасы Дүниежүзілік банктің әлемнің 175 елінде жүргізген зерттеуінде басты 10 индикатордың бірі ретінде қарастырылған. Олар осы елдердегі бизнестің ашылуы мен банкроттыққа дейінгілерін салыстырған. Банкрот жағынан Қазақстанды 2007 жылы сол 175 елдің арасынан жүзінші орынға қойыпты. Зерттеу кезінде банкроттық процедурасының күрделілігі мен ұзақтығы, оған кететін шығын мен борышкердің өз қарызын қайтару көрсеткіші есепке алыныпты.[1]

________________________
1 Аманжолова Б. Банкротство - новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007, с. 79.

Дәл қазір көптеген кәсіпкерлер бұл заңның маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп отыр. Өйткені жаңа түзетулер дер кезінде қаржылық дағдарыстың алдын алып, кәсіпорындардың сауығып кетуіне мүмкіндік жасауға басым мән береді. Жұмыстың эмпирикалық негізін: ҚР Банкроттық туралы заңы, Жеке кәсіпкерлік туралы заңы, ҚР Азаматтық кодексі, соттық тәжірибе, сот істерінің материалдары (шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар, т.б.) құрады.

1 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары

Банкроттық түсінігінде тәжірибеде оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
1. Ұйымның шынайы банкроттығы - ол ұйымның өзінің және қарызға алынған қаражатын шынайы жоғалтқандығы салдарынан төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмауымен сипатталады. Жоғалтқан капитал деңгейі жоғары және қарыз көлемінің өте үлкен болуы ұйымға өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін дұрыс атқаруға мүмкіншілік бермейді, соның салдарынан ұйым заңи түрде дәрменсіз (банкрот) деп жарияланады. Бұл жағдайда конкурстық өндіріс (ұйымның жойылуы) өткізілуі мүмкін немесе ұйымның активтері мен пассивтерінің нақты жағдайын саралай отырып заңды тұлғаны қайта құру шаралары жүргізілуі мүмкін.
2. Уақытша, шартты банкроттық - бұл ұйымның несиелік қарызы мерзімінің өтуімен, дебиторлық қарыздың көптігімен, дайын тауар өндіруімен сипатталады, дегенмен мұнда ұйымның активтері сомасы оның қарыздары көлемінен әлдеқайда жоғары болады. Бұндай банкроттықтың түрі антикризистік басқару кезінде санация мен қаржылық сауықтандыру жұмыстарын дұрыс атқарған жағдайда ұйымның жойылуына соқтырмайды. Арбитраждық процедураларды жүргізу барысында ұйымның төлемқабілеттілігін қалпына келтіру әбден мүмкін.
3. Әдейі (қасақана) банкроттық - ұйым басқарушысы мен оның қатысушыларының ұйымның төлем қабілеттілігін, оған өз мүдделері шегінде экономикалық залал (әртүрлі тәсілдермен ұйымның қаржысын жалтару) келтіріп, қасақана жою. Ол белгілі болған жағдайда кінәлі тұлғаларды соттың қолына қылмыстық іс қозғау үшін тапсырады.
4. Жалған банкроттық - ұйымның төлем қабілеттілігі жөнінде жалған ақпарат айту, яғни кредиторларды бөгеу үшін, не өзіне қарыз төлеудің мерзімін ұлғайту, қарызына жеңілдіктер алу мақсатында жасалады. Бұл жағдайда да олар соттың қолына тапсырылады.
Сонымен, Банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер , ал банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; (1-бап).
Ұйымдар (кәсіпкерліктер) мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлғаның атағын алғаннан кейін олардың белгілі міндеттері, жауапкершіліктері және құқықтың сыртқы субъектілері алдында құқықтары пайда болады. Банкроттық процедурасы жағынан міндеттері мен жауапкершіліктері- бұл өз міндеттерін уақытылы орындауы, қарыздарын толық көлемде өтеуі және дер кезінде өтелмеген қарыздары үшін жауапкершілік болып табылады.
Банкроттық процедурасы жағынан құқық - бұл борышқордан өз қаражатын талап ету, қарыздарды өтеу және уақытылы өтелмегені үшін компенсация төлету мүмкіншілігі, яғни сот органдарына арыздану мүмкіншілігі.
Банкроттық процедурасын жүзеге асырудың басты мақсаттары, біріншіден, заңды және жеке тұлғаларға қарыздарын өтеу, екіншіден, болашақта кәсіпкерлік қызметін қалпына келтіру. Осыған орай алдымен ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің жүргізілуі тиіс, ал содан соң кредиторлық қарыздарын өтеу кезегі басталады.

Ұйымның банроттығының жағымды да, жағымсыз да жақтары болады.
Жағымды жақтары:
* Борышқордың ұйымын жабу және кредиторларға мәдениетті түрде сот арқылы қарыздарын қайтару;
* Жаңа бизнестің басталуы;
* Жарамсыз басқарушыларды, ұйымның уақытша иелерін кәсіби басқарушыларға ауыстыру, ұйымды неғұрлым сенімді тұлғалардың қолына беру;
* Ұйымның активтерін тазарту, қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру және жақсы бизнеске көшу масатында қайта құрылымдандыру;
* Ұйымды мемлекет меншігінен жеке меншікке беру және керісінше.
Сонымен қатар, ұйымның банкроттығы жағымсыз нәтижеге жеткізуі мүмкін, себебі ол көптеген заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін көздейді.
Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде борышкер-ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кешенді шаралар қарастырылған, ал оның банкроттығы мейлінше жағымсыз шара ретінде қарастырылады.
Банкроттықтың жағымсыз жақтарына:
* Кредиторлардың өз капиталының жартысын жоғалтуы;
* Келесі банкроттық тізбегінің пайда болу қаупі;
* Кәсіпорын қызметкерлерінің қызмет ақысын уақытылы төленбегендігі нәтижесінде, олардың материалдық жағдайының нашарлауы;
* Жұмыс орындарының қысқаруы,әлеуметтік қысымның ұлғаюы, содан төлемқабілеттілігінің төмендеуі, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігінің төмендеуі;
* Тұтыну нарығының қысқаруы;
* Ұйымның меншіктілігін криминалдық жолмен шешу қаупі.

Банкроттық процедурасын экономикалық және заңи тұрғыдан қарастырған жөн. Экономикалық тұрғыдан қарағанда банкроттық - бұл ұйым қызметінде шаруашылық және кәсіпкерлік тәуекелдерді нашар есептеуі, ол ең алдымен басқарушының дұрыс шешімдерді қабылдамауымен , кәсіби, әрі сауатты қызмет атқармауының нәтижесінде туындайды.
Заңи тұрғыдан қарастырсақ банкроттық - бұл қарама-қайшылық туындаған жағдайда, мәселені сотқа жүгіну арқылы шешу мүмкіншілігі. Мемлекет кредиторлардың мүддесін қорғайды және оларға өз қарызын қайтаруға мүмкіншілік береді.
Коммерциялық қызмет атқаратын ұйым табыс табу үшін құрылады. Сонымен, коммерциялық ұйым - бұл өзінің қызметін жүзеге асыру үшін сырттан қаржы тартатын және таза табыс табу арқылы сол қаржының өсімін қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Ұйымның табыс табу процесі - бұл өндірістік-шаруашылық кешені және өзінің құрылымы, материалдары, қаражаты, кадрлары, келісім шарттық негіздері болатын қаржы-экономикалық процесс.
Ұйымның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды дұрыс қолданудың жүйелі көрсеткішімен сипатталады. Бұл ұйымның қаржылық бәсекелестігінің (төлем қабілеттілігі) сипаттамасы, яки онымен мемлекет пен басқа да шаруашылық субъектілердің алдында міндеттерін орындауы.
Әлдегідей, кәсіпкерліктердің банкроттығының бірден бір себебі макроэкономикалық жағдайдың қолайсыздығы: дәстүрлі шаруашылық байланыстардың бұзылуы, сұраныстың төмендеуі, үкіметтің экономикалық саясатының өзгерісін болжаудың күрт нашарлауы, гиперинфляция, саяси тұрақсыздық, т.б. Дегенмен, сараптаманың нәтижесі кәсіпкерлердің өздері де, көп жағдайда дәрменсіздікке душар болғанына себепкер болатындығын көрсетеді. Банкрот болған кәсіпкерліктің ретроспективалық саралануы әдетте, банкроттық белгілі бір мерзімде пайда болғандығын көрсетеді, яғни ол күрт басталмайды. Егер де қазіргі күні кәсіпкерлік өз міндеттемесі бойынша жауап беріп, ақысын өтей алмаса, бұл оның дұрыс саланы таңдамағандығының, нарық көлемінің қате бағалануының, тауар әкелуші мен тауар өткізетін жүйесінің өте ерте таңдалғандығының және басқарудың дұрыс жолға қойылмағандығының бір белгісі.
Банкроттықтың ішкі және сыртқы себептеріне бөлінуі оңай емес, бірақ бұрынғы қателіктерін көріп, одан бір нәтиже шығаратын болса, ол болашақта ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен басқа да жағымсыз факторлардан сақтандыратын нағыз кепілдік.
Ұйымдар өз қызметін, жарғылық капиталдың жиналуы нәтижесінде, жеке капиталы бола тұрып бастайды. Өз қызметі барысында ұйым білгілі бір көлемде табыс табады, ол табыс салық пен міндетті төлемдер төленгеннен кейін, жеке капиталды толықтырады. Жеке капиталына қосымша, ұйым өзіне белгілі бір дәрежеде ұзақ және қысқа мерзімді банктік займдар , кейінгі төленуімен тауарларды сатып алу, ақысы кейін өтелетін қызметтерді пайдалану түріндегі міндеттемелерді мойнына алады. Алынған міндеттемелердің жалпы соммасы ұйымның заемдық қаражатын құрайды. Заемдық қаражаттар ақшалай (банктік несие) және натуралды түрде (мыс. Ұйым өзіне 300 мың теңге көлемінде тауар сатып алды, бірақ ақшалай төлемін әлі өтеген жоқ), бірақ ақшалай эквивалентте болады. Заемдық қаражаттардың өзге де түрі бар, ол мысалға екі ұйым өзара міндеттемелерін тауармен өтейді, яғни бартер шарты бойынша. Бірақ, мұндай жағдайда есеп айырысуда нақты қаражаттың болмауы, салықтық міндеттемелерді туғызады. Бұл жағдайда пайда болған, бірақ төленбеген салықтық міндеттемелер салықтық несие ретінде қалады, яғни мемлекетке қарыздар болады. Жеке капитал мен заемдық қаражаттар (міндеттемелер), капитал көзінің барлық жиынтығын құрайды немесе қаржылық - бухгалтерлік терминологиямен айтқанда, - пассивтері болып табылады.
Капиталдың көздері ұйымның айналымындағы және айналымынан тыс активтерінде тұрақталады.
Айналымнан тыс активтер - табыс табуға мүмкіншілік беретін өнім (қызмет) өндірісін жүзеге асыратын базаны құрайтын негізгі қаражат (ғимараттар, құрылымдар, т.б.) болып табылады.
Айналымнан тыс активтерге сол сияқты табыс әкелетін басқа ұйымдардың жарғылық капиталына құйылатын, аяқталмаған құрылыс нысандарына, материалдық құндылықтарға салынатын ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жатқызуға әбден болады.
Айналымдағы активтерге:
* Өндірістегі қаражат - артық ақша ретінде сақталған, аяқталмаған құрылысқа, әлі табыс түсірмеген, яғни әзірге сатылмаған, қоймадағы дайын өнімдерге және тағы басқалай шығындарға салынған капитал.
* Есеп айырысудағы қаражат - бұл табыс табу мақсатымен жасалмаған өндіріске қатыспайтын, өндірістен тыс салымдар. Бұл алынған, бірақ ақысы төленбеген тауардың құны немесе нақты өнім мен тауар, қызметті қолданбай тұрып ұйыммен берілген аванстық төлемдер. Қаржылық - бухгалтерлік терминология бойынша - бұл дебиторлық қарыз. Бұған: сондай-ақ берілген аванстар, қызметкерлерге берілетін әртүрлі ссудалар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және де ұйымның кассасындағы және банктегі есеп шотындағы қаражаттар жатады.
Ұйымның тұрақтылығын саралау үшін кәсіпкерлік қызметінің қаржылық моделін толықырақ қарастырайық.
Ұйымның капиталы жеке және заемдық қаражаттан құралады. Ол айналымнан тыс активтерге құйылады, оның ішінде негізгі қаражаттар мен айналымдағы активтер, егер артық қалатын болса ( бос ақша), онда ұйым оларды өндіріс арқылы қосымша дайын тауарлар немесе фондтық нарықта сатып алып бағалы қағаздарға айналдыруына болады. Осылайша, қосымша қаржылық табыс табады.
Қаржылық ағымдардың тауар жеткізушіге өтуі, кредиторлық қарыздар арқылы жүзеге аспай қалуы әбден мүмкін, сол сияқты дебиторлық қарыздар да айналымға түсетін қаржының қайтарымын бәсеңдетуі мүмкін. Сатып алынған шикі затты дайын тауарға айналдырып шығару еңбек ақыны төлеуге, аренданың ақысын өтеуге, коммуналдық төлемдерді төлеуге, сақтандыру, салықтарды төлеуге кететін шығындарды көздейді.
Негізгі активтердің кейбір бөлігі уақыт өткендігіне (амортизация) байланысты бағасы төмендейді. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі әртүрлі әкімшілік шараларға кетеді. Ақыры, ақшалай қаражаттың көп бөлігі салық төлеуге, несиенің пайыздарын төлеуге және басқа да қаржылық шығындарды өтеуге жұмсалады.
Егер ұйым сырт жобаларға белгілі бір салымдар салатын болса, онда олардан түскен қаражат, ұйымға жүзеге асырылмаған қызметтен түскен табыс ретінде қайтарылуы тиіс.
Солайша, қаржылық қызмет өзіне барлық ақшалай қатынастарды біріктіреді. Ұйымның төлем қабілеттілігі табысқа пропорционалды, төлем қабілетсіздік табысқа кері пропорционалды, ал міндеттемелер көлеміне тікелей пропорционалды.
Ұйымның капиталы толықтай жеке болса және міндеттемелер болмаған жағдайда, ол абсолютті төлем қабілетті ұйым болып табылады. Сонымен қатар, ұйымның капиталының негізгі бөлігін заемдық қаражаттар құраса да, егер өзінің міндеттемелерін уақытылы орындаса, ол да толық төлем қабілетті болып саналады. Барлығы, өнімнің өткізілу көлемі мен ақшалай қаражаттың уақытылы түсіп тұруына байланысты.
Материалдар мен тауарларды сатып алу кезінде тауар жеткізушілердің алдындағы міндеттемелердің бірден басталуына, ал дайын өнім дайындалуы мен өткізілуі тек бірер уақыттан кейін болатындығына байланысты, абсолютті төлем қабілетті болу үшін резервте ақшалай қаражаттың болуы шарт және де сол резервтің дәрежесін ұйымда үнемі сақтап отыру қажет.
Егер, белігі календарлық уақыт ішінде ұйым міндеттемелерінің өсу темпі табыс табу өсімі темпінен жоғары болса, онда ол мүмкін болатын төлем қабілетсіздік периодының бастапқы жолына шықты деген сөз.
Басқаша айтқанда, табыс неғұрлым аз болса, ұйымның төлем қабілеттілік дәрежесі де соғұрлым нашарлайды.
Ұйымның төлем қабілетсіздігіне әсер ететін жалпы себептері:
* Нарық сапасы төмендігіне, бағасы қымбаттығына байланысты, өнімге сұранысты төмендеткен кезді тауарды артық алу;
* Бәсекелестіктің әсері;
* Әкелінген тауар үшін төлем қайтарылымының төмендеуі;
* Тыйым салу, квота енгізу, кедендік барьерлердің енуіне байланысты нарықтың қысқаруы;
Бұл жерде себептері анық: өнімді (қызметті) алады, не алмайды, немесе ақысын төлемейді, нарыққа кіруге жол бермейді.
Міндеттемелер көлемінің өсу темпі мынадый жағдайда байқалады:
* Ұйым, табыстың түсу өсімін жоғарылатпайтын тиімсіз ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жасайды;
* Өндірісті артық (жұмыс істемейтін) запастармен толтырады, олар өндіріс көлемі мен табысты ұлғайтпайды;
* Қаражатты есеп айырысуда ұлғайтады, және олар табысқа ешқандай қатысы болмайды;
* Шығындар көтереді;
* Табысты қажетсіз мақсаттарға жұмсайды.
Көрсетілген кешен, міндеттемелері бойынша уақытылы есеп айырысуда қиыншылықтармен кездесетін барлық ұйымдарға қатысты төлем қабілетсіздіктің жалпы себептерін сипаттайды және бұл мемлекеттер мен елдердің нарығына байланысты емес.

1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу
Азаматтық - құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да танылады.
Заңды тұлға - бұл меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға институтының меншіктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәні сонда, яғни заңды тұлғаны құрған азаматтар өзінің кәсіпкерлік тәуекелдерін өздерінің шамаларына қарай шектеуінде болып табылады.
Зайырлы мемлекеттің билік етуі кезеңінде, азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың негізі жөнінде әртүрлі пікірлер болды. Заңды тұлғалардың негізгі зерттеу объектілері ретінде - мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаралды, бұл экономикадағы мемлекеттік меншіктің басым болуымен байланысты.
Академик А.В. Венедиктовпен берілген, заңды тұлғаның мемлекеттік ұйымдарға қатысты кең түсінігі заңи әдебиеттерде ұйым теориясы (теория коллектива) деген атпен енді.
Қазіргі кезде заңды тұлғаның негізі жайында әңгімелер ғалымдар арасында аса актуалды емес. Шетелде, заңды тұлғаға қатысты, қазір фикция теориясы мен шынайылық теориясы көп қызықтыруда.
Заңды тұлғаның фикция теориясы герман заңгері, 19 ғасырда пайда болған тарихы құқық мектебінің басшысы К.Ф. Савиньи атымен байланысты. Ол құқықтың субъектісі адам және тек қана адам,-деген екен. Оның концепциясы бойынша, заңды тұлға фикция арқылы пайда болған құқық

субъектісі болып табылады, заңды тұлғада құқық қатынастарының нағыз субъектілері - жеке тұлғалар болып қалады, -дейді.
Фикция теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен етек жайды. Мүшелері мен құрылтайшылардан тәуелсіз заңды тұлғаның бар екенін мойындау Англия мен АҚШ корпорациялары үшін негізгі құқық қағидасы болды. АҚШ-тың теориясы мен тәжірибесіне жоғарғы сот судьясы Д.Маршаллдың 19 ғасырда белгілі болған корпорация түсінігіне берген анықтамасы белгілі: Корпорация - бұл көрінбейтін, жалған құрылған, тек заңи көзқараста ғана жүзеге асырылатын ұйым.1
Шынайылық теориясы, немесе органикалық теория, бұл 19 ғасырдағы герман заңгері Гирке атымен байланысты, ол заңды тұлғаны мемлекеттің дұрыс қызмет атқару үшін қажетті нақты жүзеге асатын құқық субъектісі ретінде қарастырды.
Батыс құқығында заңды тұлға - ұйым, не кәсіпорын ретінде түсіндіріледі, ол азаматтық құқық қатынастарының жеке қатысушысы ретінде қабылданады. Бірақ, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермегенді жөн көреді (ФРГ-да 1978 жылға дейін заңды тұлға атты термин қолданбаған, Италияның АК-де 1942 жылы заңды тұлғалардың тек классификациясы ғана берілген, және олар Жалпы ережелер деп аталған), не болмаса заң шығарушы тек жалпы және өте қысқа фомулировкалармен шектеледі. Сөйтіп, 1907 жылы Швейцарияның Азаматтық нормасының 52 бабында заңды тұлғаға мынадай анықтама береді: заңды тұлға - тұлғалардың бірігуі, өзінің корпоративті құрылымы мен жеке ғимараты бар, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталған ұйым, делінген.

______________________________
1 Степанов В.В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М.: Статут 1999 г. с. 37.


Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заңды тұлға институтының азаматтық құқықта негізгі орындардың бірін алады десек қателеспейміз.
Заңды тұлғаның белгілері: заңды тұлғаның анықтамасынан шағатын болсақ, біз білеміз кезкелген ұйым заңды тұлға бола алмайды. Бұл атақты алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы керек:
* Ұйымдастырушылық бірлік;
* Оқшау мүлік;
* Жеке мүліктік жауапкершілік;
* Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде қарастырады. Ұйым дегенде бірнеше тұлғалардың ұжымын түсінеміз, олар белгілі ережелерге бағынады және сол ереже негізінде қызметін атқарады. Ұйымдастырушылық бірлік дегенде заңды тұлғаның азаматтық құқық қатынастарда біртұтас ұйым болып, бір мақсатты көздеген құрылым ретінде түсінеміз.
Шетелдік тәжірибеге қарасақ, заңды тұлға ретінде бірнеше тұлғалар ұжымы емес, жеке тұлғаның өзі де қызмет атқара береді екен. Мысалы, 70-жж. басында ФРГ-да 42 мың ЖШС-тер жұмыс істеді, оның ішінде 9300, яғни 22 пайызы бір тұлғадан тұратын ұйымдарға айналып кетті.
Оқшау мүліктің болуы - заңды тұлғаның негізгі белгісі болып табылады, одан мүліктік жауапкершілік туындайды. Заңды тұлға сол мүлігінің шегінде жауап береді, белгілі азаматтық қатынастарға түседі, т.б.
Жеке мүліктік жауапкершілік- бұл ұйымның оқшауланған мүлігіне негізделген. Бұл белгі АК 44-бабында көрініс тапты, яғни әр заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауапкершілікте болады. Оған қатысушылар да, мемлекет те жауапты емес. Заңда кредиторлардың мүддесін қорғайтын белгілі артықшылықтар бар. Өзге жағдайларда, заңды тұлға банкроттыққа ұшыраған уақытта субсидиарлы не солидарлы жауапкершілік туындайды.
Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру. Бұнда заңды тұлғаның өз атынан белігілі бір мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, сотта жауапкер мен талапкер болуына қатысты мүмкіншіліктері.
Заңды тұлғаның құрылуы. Заңды тұлға құрылтайшысының, меншік иесі ретінде, ерікті қадамы. Меншік иесінің еркінен тыс заңды тұлғаның құрылуы мүмкін болмайды.
Заңды тұлғаның құрылуының бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:
* Ұйғарым бойынша;
* Рұқсат бойынша;
* Нормативті тәсілдері.
Ұйғарым бойынша заңды тұлғаны құру құрылтайшының ұйғарымы негізінде жүзеге асады. Былайша мысалға, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдар құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың құрылтайшылары болып тек, мемлекеттік меншікпен басқару ісін жүзеге асыруға уәкілетті органдар жүргізе алады. (АК 102 бабы).
Рұқсат бойынша құру. Заңды тұлғаны құру үшін уәкілетті органның рұқсатиы қажет. Бұрын жүзеге асқан заңда бұндай шаралар тек, кооперативтер, әртүрлі қоғамдық бірлестіктерге қатысты жүргізілетін болған. Рұқсат берудің түсінігі, заңды тұлғаға тіркеуден өтуге рұқсат бермеуі мүмкіншілігімен сипатталады.
Нормативті - қатысу реті бойынша құру. Бұнда ешқандай мемлекеттік органның рұқсаты қажеті жоқ. Осындай құрылу тәртібі қазіргі кезде коммерциялық мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қолданылады.
Заңды тұлғаның жойылуы - бұл заңды тұлғаны мемлекеттік реестрден шығарғаннан кейін, оның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Жойылу кезінде қайта құру сатысындағыдай құқық мирасқорлығы болмайды. Жойылу ерікті және күштеу жолымен жүргізіледі. Ерікті жойылу меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі. Күштеп жою соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға, АК 49 бабының 2 тармағына сәйкес жойылуы мүмкін:
* Банкроттық жағдайында;
* Заңды тұлғаның тіркеуін заңсыз деп таныған жағдайда;
* Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін әрекеттерді жүйелі түрде жасауы;
* Рұқсат алынбаған қызмет түрімен айналысқан жағдайда;
* Заңи актілерде көрсетілген жағдайларда, т.б.
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес заңды тұлғаларды түрлерге бөлу келесі негіздер бойынша жүргізіледі:
* Заңды тұлғаға немесе олардың меншігіне қатысты құрылтайшының (қатысушылардың) құқықтары;
* Заңды тұлғаның қызмет істеу мақсаттары;
* Заңды тұлғаның мүлігі қалыптасатын, меншік формасы.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты, құрылтайшылар міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтап қалуына болады.
ҚР АК 36 бабына сәйкес қатысушылар өздерінің міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға: акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады. Ал, құрылтайшылары өздерінің меншік және өзге де заттық құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға: шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, және жедел басқару құқығында мүлкі бар казыналық кәсіпорындар, оның ішінде қосымша жауапкершілігі бар кәсіпорындар, құрылтайшымен қаржыландырылатын ұйымдар мен мемлекеттік ұйымдар.
Құрылтайшылары мен қатысушылары ешқандай мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға: қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер, қайырымдылық және тағы басқа қорлар жатады.
Қызмет саласына байланысты заңды тұлғалар АК 34 бабына сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Зааңды тұлғаның негізгі көздеген мақсаты табыс табу болса, онда ол коммерциялық ұйым болады. Ал, егер ұйым ондай мақсатты көздемей, табысты қатысушылар арасында өзара бөліспейтін жағдайда ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Шаруашылық серіктестік.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады (АК 58 б. 1т. ).
1998 жылдың 10 шілде айына дейін Қазақстан Республикасының заңы шаруашылық серіктестіктердің бес түрін атап көрсеткен болатын: толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Бірер мемлекеттерде акционерлік қоғам шаруашылық серіктестіктер қатарына жатқызылмайды(мыс. Ресей Федерациясында, АҚШ, Англия). Тағы да Ресей Федерациясында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады.
ҚР Акционерлік қоғамдар сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңи актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктер қатарынан шығарып, оларға өзбетінше коммерциялық ұйым қызметін анықтады.
Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның жеке балансында көрініс табады. Баланста көрсетілген заттар, меншік құқығы негізінде шаруашылық серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестік азаматтық құқықтың жекеше субъектілерімен құрылады. Бір жағдайда заңгерлер оларды құрылтайшы,-дейді, ал тағы біреуінде қатысушылар,-дейді.
Құрылтайшы мен қатысушы түсініктері жақын, бірақ бірегей емес. Қатысушы үлеске құқығы бар тұлға. Барлық құрылтайшылар тіркеуден кейін, заңды тұлғаның қатысушылары болады. Бірақ, қатысушылардың барлығы құрылтайшы бола алмайды, себебі тіркеуден кейін серіктестіктің үлесін сатып алу оларға құрылтайшы болуға құқық бермейді. Заң шығарушы құрылтайшы терминін қолданғанда, қатысушыны шаруашылық серіктестікті құрғандығы туралы анық айтқысы келеді.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғысы болып табылады. Егер, серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды және бұндай серіктестік жарғы негізінде қызмет жасайды. Серіктестіктің құрылтай құжаттары нотариуспен бекітілуі қажет. (АК 58-бабы 4-5 тт.).
Серіктестіктердің қайта құрылуы мен жойылуы.
Шаруашылық серіктестік өз еркімен, қатысушылардың шешімі негізінде қайта құрылуы немесе жойылуы мүмкін. Басқаша қайта құрулар мен жойылу шаралары Азаматтық Кодекспен, шаруашылық серіктестіктердің жарғысымен, ЖШС туралы заңмен және өзге де заң актілерімен белгіленген. Бұндай негіздерге мысалы, ұйымға қатысушы мүшелер санының жоғары болуы(АК 77-бабы 1т. 2т.), кредиторларды жарғылық капиталдың төмендеуі жөнінде хабардар етпеу, т.б.(АК 59-бабы 4т.).
Шаруашылық серіктестіктердің бір түрі, басқа бір түрлі серіктестікке қайта құрылу мүмкіншілігі бар, немесе акционерлік қоғам, заңмен белгіленген ретте қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша өндірістік кооператив құруға да болады. Толық не коммандиттік серіктестіктің акционерлік қоғамға ауысқан жағдайда жауапкершілігі шектеулі не қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғамның қатысушысы болған әр толық серіктес, жауапкершілігі шектеулі не қосымша жауапкершілігі бар серіктестік екі жыл қатарынан міндеттемелері бойынша, өзінің барлық мүлігімен субсидиарлық жауапкершілікте болады (АК 62-бабы).
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Бұл шаруашылық серіктестіктердің ең кең тараған түрі болып келеді. Оның қызметі Азаматтық кодекс пен ЖШС туралы заңмен реттеледі.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн (АК 77 б. 1т. 1т.).
Осыған жақын ереже Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады (77 бап 1т. 2т).
Акционерлік қоғам.
Қазақстан Республикасының Акционерлік заңнамасы 1998 жылдың 10 шілде айында акционерлік қоғамдар туралы заң қабылдануымен байланысты, 1998 жылы күшті өзгеріске ұшырады. Осы заңның қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске де тиесілі өзгерістер енгізілді.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың ең дамыған түрі.
Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.
Соған сәйкес, заңды тұлғалардың банкроттық мәселесіне келетін болсақ, өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тарату туралы заңнаманы сот тәжірибесінде біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында шығарған қаулысында былай делінген: Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 1 сноска
Қазіргі таңда заңды тұлға болып табылатын банктердің қиын жағдайына ықпал ететін бірнеше жолы бар. Шетелдік зерттеушілер бұндай ықпал етудің үш негізгі стратегиясын атап көрсетеді: байқау (уақыт беру), жою (ликвидация) және балансын қайта құрылымдау (санация).
Байқау стратегиясы, банктердің қиыншылықтары уақытша сипатта банктеріне қатысты қолданылған, 80-жж. дамушы мемлекеттердің қарыз көлемі ұлғайғаннан кейін және бірер жағдайларда қадағалау органдары банктерге біраз жеңілдіктер жасаумен аяқталды.
Жою процедурасы жиі қолданылмайды, себебі бұл заңды тұлғаның бөлшектеп сатылуына әкеп соғады, ал ол өз кезегінде тікелей клиенттермен қарым қатынастарының жойылуына әкеледі, сондықтан ол көптеген шығындарды көздейді. Жапония мен Скандинавиялық мемлекеттерде бұл процедура банктік емес қаржы компанияларына қатысты қолданылады, АҚШ та жинақтаушы банктерге қатысты қолданылады.
Баланстың қайта құрылымдануы (санация) капиталдың тікелей және жанама түрде ұлғаюын көздейді. Германия мен Швейцарияда келесідей тәжірибе орнаған, қадағалау органы бақылауды қатаңдата түсу мен моральдық ықпал ету арқылы акционерлер мен жеке меншік иелерін қосымша капитал бөлуін қарастырады. Сол процедуралардың нәтижесінде заңды тұлғаның төлем қабілеттігін қалпында ұстап тұру мүмкіншілігі туындайды.
Борышкер өзін банкрот деп тануға қарсы жауабын және өзінің дәрменділігін дәлелдеу міндеттерін сотқа уақытылы жолдаған жағдайда, соттар борышкерге өз құқықтарын қорғау үшін мүмкіндік беру мақсатында істің қаралуын, Банкроттық туралы заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім шеңберінде, бірақ осы заңның 34-бабында көрсетілгендей арыз сотқа түскен күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей, тағайындауы тиіс.
Іс қозғалғаннан кейін 30 күн мерзімнен кешіктірмей, борышкердің дәрменсіздігін тану туралы жауабы немесе борышкердің банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап 10 күн мерзім ішінде өзін банкрот деп тану туралы өтініші банкрот деп тануға негіз болады.
Сот оңалту рәсімдерін, егер борышкердің төлем қабілеттігін қалпына келтіру үшін нақты мүмкіндіктер болған жағдайда, тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолдана алады. Оңалту рәсімдерін қолдану тәртібі заңда белгіленген. Борышкер оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішін, заңда көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, өкілетті орынға жолдайды. Өкілетті орган несие берушілер комитетін құрып, онымен бірге борышкердің өтінішін қарайды. Несие берушілер комитеті мен өкілетті органның оңалту рәсімдерін қолдануға келісімі сотқа жіберіледі.
Борышкерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану туралы мәселені шешкен кезде, соттар Банкроттық туралы заң мен ҚР АІЖК нің кейбір нормалары бір бірімен үйлеспейтіндігін ескеруі керек. Аталған заңның бірінші бабына сәйкес оңалту рәсімдері тек дәрменсіз борышкерлерге ғана қолданылуы мүмкін, сондықтан борышкер өкілетті органмен бірге сотқа, заңда көрсетілген қажетті құжаттардың барлығын қоса тіркеп, өзінің төлем қабілетсіздігі (дәрменсіздігі) туралы өтінішті жалпы тәртіп бойынша жолдауы және өзіне оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішті өкілетті органға бергені туралы сотты хабардар етуі тиіс.
Жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамамен таратудың арнайы негіздемелері мен жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. Банкроттық туралы Заңның 1-бабының 18)тармақшасына сәйкес, жоқ борышкер - тұрақты органның, сондай ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер. Заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған заңды тұлға АК-тің 49-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес таратылуы мүмкін.
Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тек сот тәртібімен жүзеге асырылады. Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тәртібі оның несиелік берешегінің болуына не болмауына байланысты анықталады. Заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны табыс етпеу несие берушілері және өзі жоқ заңды тұлғаны тарату үшін негіз болып табылады. Мұның өзі АК-тің 49-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес заңнаманы өрескел бұзу болып табылады.
Дәрменсіз борышкерді сотқа дейін тарату мәселесін былайша көрсетуімізге болады: Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:
1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе;
2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда
шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;
3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе;
4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.
Шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Жеке кәсіпкер
Азаматтық құқықтың субъектілері туралы
Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың субъектілері
Сот шығындары
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Жалған кәсіпкерлікке жасалған талдау
Банкроттық және оның құқықтық аспектілері
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі
Пәндер