Дамушы мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ Дамушы елдердегі сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІІ Қытайдың дамушы ел ретіндегі сыртқы сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... .9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті

Экономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Халықаралық экономика пәні бойынша

Тақырыбы: Дамушы мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты

Орындаған: Алдажаров М.Т.
Э-21 тобының студенті
Тексерген: Рысқұлова Ж.О.
Экономика кафедрасының
аға оқытушысы

Астана - 2012
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ Дамушы елдердегі сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІІ Қытайдың дамушы ел ретіндегі сыртқы сауда саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... .9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Сыртқы сауда да фритретерствоны (еркін сауда) немесе протекционизмді (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары даму локомотиві болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Тақырыптың мақсаты. Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі маңызды. Бірақ әсіресе дамушы мемлекеттер үшін дұрыс тиімді сыртқы сауда саясатын жүргізу қазіргі кезде басты мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан бұл жұмыста бүгінгі дамушы мемлекеттердің ағымдағы жағдайына көз жүгіртіп, олардың сыртқы саудасында болып жатқан елеулі өзгерістер қарастырылып өтіледі. Осыған мысал ретінде Қытай елінің сыртқы сауда саясатына жете тоқталып өтіледі.

І. Халықаралық және сыртқы сауда саясаты

Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни Солтүстік-Оңтүстік, Солтүстік-Солтүстік, Оңтүстік-Оңтүстік.
Солтүстік-Оңтүстік жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін Солтүстік-Солтүстік жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
- сыртқы сауда саясаты жөнінде;
- халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - сыртқы сауда мен халықаралық төлемдерді мемлекеттік реттеумен байланысты экономикалық саясат бағытын, яғни белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі; экспорт пен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда саясатының бір ұшқары жағдайы еркін сауда саясаты, екінші жағдайы автаркия саясаты болуы мүмкін. Осы ұшқары жағдайлардың арасында түрлі дәрежедегі қолдампаздық орын алады, ол валюталық бақылаудың, тарифтік және бейтарифтік реттеудің көмегімен іске асырылады.
Халықаралық сауда саясаты - ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.
Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан, кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса дифференцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірістің, фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.
Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды. Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарын таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады. Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардың өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде жүруі тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.
Әлемдік нарықтың динамикалық өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:
1) кедендік қорғау;
2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;
3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.
Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).
Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады. Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.

ІІ. Дамушы елдердегі сыртқы сауда саясаты

Американ ғалымы Дж.Скастың пікірінше қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ.
Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халықаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты -- 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең еді.
XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі -- сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Дамушы елдердің жоғарғы сатысында тұрған Қытай елінің сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған елдердің сауда саясаты
Азия баспасөзінде көбінесе
Экономиканы ашық жағдайға көшіру кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының протекционизм саясаты және әлемдік сауда ұйымы (дсұ)
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
Халықаралық және сыртқы сауда саясаты
Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
Халықаралық сауда түсінігі туралы
Пәндер