Джордж Бернард Шоу



Жоспар:
I.Кіріспе

Бернард Шоу. таласқа толы өмірі мен шығармалық бастамалары.
II.Негізгі бөлім
Жазушының шығармашылық жетістіктері
а)Даңққа жету жолындағы ізденістер;
ә)Социализмге бетбұрыс.

III.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шоу Джордж Бернард (26.7. 1856, Дублин - 2.11.1950, Эйот-Сент-Лоренс) - ағылшын жазушысы. Ирланд отбасында дүниеге келген. Жасынан өмір тауқыметін көп тартқан Шоу 1871 ж. мектеп бітірген соң күнкөрістің қамымен хат тасушы, кассир болып әр түрлі мекемелерде жұмыс істеді.
Он бес жасында жер сататын фирмада кеңсе қызметкері болып жұмыс жасады. Бір жол өткен соң кассир болып, ол жұмысты төрт жыл атқарды.
Дегенмен, жазушылыққа деген құштарлығы ерте оянып, 1876 ж. Лондондағы анасының келісімін алып роман жазумен айналысты. Оның қаламынан алғаш туған, сол кездегі қоғамды сынау бағытындағы "Сәтсіз неке" (1880), "Артистің махаббаты" (1881) романдарын бір де бір баспа қабылдамады. Жас жазушының Америкаға жіберген әрекеттерінен де түк шықпады. 1879 ж. жазған "Шикілік" романы елу жылдан кейін ғана (1930) жарық көрді. Шоу 19 ғасырдың 80-жылдарының басында елдің саяси өміріне белсене араласып, шешендігімен көзге түсті. Дегенмен, Маркстің іліміне қаншалықты бой ұрғанымен марксизмге бұрылмай, фабиандық қоғамды насихаттаушылар қатарына келіп қосылды. Осы жылдары кішігірім "Ту-дэй" журналында "Дара социалист", "Кэшел Байронның кәсібі", "Аур корнер" журналында "Баянсыз байланыстар", "Артистің махаббаты" романдары жарияланды.
Ол социалистік қозғалысты жақтап, социал- реформистік қоғам құруды насихаттаушылардың бірі.
1884 жылы Бернард Шоу Фабианшылар қауымына кіріп, оның белді ділмарына айналады. Фабианшы Шоу бар ынтасымен жаңа қоғам құру жолында күрес жүргізсе, ал театр сыншысы ретінде жаңа драма үшін батыл шайқасты. Сонымен қатар өз білімін жетілдіру жолында Британдық музейдегі кітапханаға барып, онда жазушы У.Арчермен танысады (1856-1924). Арчер Шоуды журналистикаға баулиды. Ол алты жыл музыканы рецензиялау қызметін атқарып, одан кейін үш жарым жыл Сатердей ривьюда театр сыншысы болып істеді.
Шоу пьеса, рецензия жазып, көшедегі ділмар ретінде социалистік идеяларды насихаттап, сөз сөйледі. Сонымен қатар, Сент-Пекрастағы муниципальдық кеңестің мүшесі болды. Мұндай шамадан тыс жұмыс істеу оның денсаулығына керіс әсерін тигізді.
Бернард Шоу Шекспир шығармаларына Ибсен пьесаларын қарсы қойды. Оның бұл көзқарасы баспасөз бен көрермендер тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Соған қарамастан Шоу Тәуелсіз театрды белсенділікпен жақтады. Драматургтың ұзақ та жемісті жолы "Жесірдің үйі" пьесасынан басталды. Ол айналдырған сегіз жылдың ішінде бірінен-бірі өтетін драмалық топтамасы: "Жағымсыз пьесалар", "Жағымды пьесалар", "Пуритандықтарға арналған пьесаларын" жазды. Іле қоғамдағы жағымпаздық пен жалған көріністерді өткір сынға алған он пьесасын өмірге әкелді. "Соғыс пен адам" пьесасы алғаш Тәуелсіз театр сахнасында табыспен өтті. 1897 ж. Америка театрларының сахналарын дүрілдеткен "Сайтанның шәкірті" Шоу шығармаларындағы елеулі бетбұрыс болды. Жазушы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарды барынша айыптады.
Бернард Шоу Америка Құрама Штаттарын, СССР, Оңтүстік Африка, Индия, Жаңа Зеландия елдерін аралады.
Оның "Инка Перусалемский", "Огэстос өз міндетін атқарды", "Виктория Кресінің ардагері", көлемді "Жүрек жаратын үй" (1913 - 17) пьесалары соғысқа қарғыс айтқан, өткір де шынайы туындылар саналады. Соңғы шығармада елді қанқұйлы соғысқа ұрындырып отырған Англия үкіметі басшыларының қара ниеттері мен айла-шарғылары барынша айқын да жиіркенішті түрде бейнеленген. Шоу өмір бойы жаңашылдыққа ұмтылды, адамгершілік ізгі мұраттарды аңсады. Оның керемет шабытпен және шеберлікпен жазылған "Күтпеген аралдардан шыққан пенде" (1936), "Женева" (1938) пьесаларында жауыздық атаулы, қаскүнем қылмыскерлер жер бетінен жоғалады. Драматург өмірінің соңғы кезеңінде жазған "Бойанттың миллиардтары" (1947), "Астарлы мысалдар" (1948), "Шэкс Шэвке қарсы" (1949) пьесаларында да өзіне тән күрескерлігі мен шыншылдығынан, жауыздыққа қарсы өшпенділігі мен жақсылыққа, жаңаға деген құштарлығынан танбаған.
Оның жұбайы 1943 жылы қайтыс болады. Өмірінің соңғы жылдарын жазушы Эйот-Сент-Лоренсе (Хертфордшир графтығы) жалғыз өткізіп, тоқсан екі жасқа келгенде сонда Байанттың миллиарды еңбегін жазып бітіреді. Ол өмірінің соңғы күніне дейін есін сақтап қалған. Бернард Шоу 1950 жылы 2 қазанда Эйот-Сент-Лоренсте көз жұмды.

Бернард Шоудың даңққа жетуі.
1990 жылдардың аяғында Лондонның үлкен сахналарында, кейінірек Европа театрларында Бернард Шоудың шығармалары қойыла бастады. Бұл кезде жазушы Жағымды пьесалары (Приятные пьесы) циклын жазуға кірісті. Ол шығармасы негізінен әйел теңсіздігін кеңінен суреттеді. Сол жылы жазушының тағдырдың таңдаулысы (Избранник судьбы) атты шығармасы жарыққа шықты. Шоудың бұл шығармаларды жазудағы мақсаты - сценаны талас-тартысқа айналдырып, халықты еліктіру еді. Жазушының шығармаларының көркемдік ерешелігі оның үшінші циклдегі еңбектерінде де сақталып қалды (Пуританға арналған пьеса (Пьесы для пуритан). Аталған пьесада махаббат эпизодтары ұшыраспайды.
Корт хан сарайының театрындағы үш маусымда (1904-1907) Х.Гренвилл-Баркердің қойылымымен Бернард Шоудың белгілі пьесалары (Человек и сверхчеловек, Майор Барбора, Цезарь и клеопатра) сахнаға шығуы оның атақ-даңқын әлемдік дәрежеге көтерді. Бұл шығрмалары Шоудың кәсібилігін мойындап, оның әдеби әлемдегі орны нақтыланды. Философиялық коллизияға жақын прогрестің шынайылығы жазушы драматургиясының ерекшелігі болып табылады. Бернард Шоуға байыптылықтың жетіспеушілігіне қойылған кінәлар сонау Лев Николаевич Толстойдың айтуынан басталады.
Өзге жазушылардың жазу стилінде кездесетін өзгешеліктер Шоу шығармашылығында да ұшырасады. Оның кейіпкерлеріне тән басты және негізгі қасиет- олардың өмірге деген көзқарасы бірден айқын көрінеді. Жүрек суынатын үй атты пьесасында А.П.Чеховтың әсері бар.

Социализмге бұрылыс.
Бернард Шоудың жігерлі атеизмы өмірлік күшті мадақтауымен сәйкес келді. Шоу социализмді идеал ретінде санап, бұл кезде қоғам абсолютті тең құқықты және жан-жақты дамуға негізделген қоғам болып елестеді.
Мұндай қоғам үлгісі ретінде Шоу Советтік Ресейді көрсетеді. Ол Лениннің саясатына тәнті болып, 1931 жылы СССР-ге жол жүруге бекенді. Кеңестік Ресейді жақтаған басқа да батыстық қоғам өкілдерімен салыстырғанда, Шоу өмірінің соңына дейін СССР-дің досы болып қалды.
Бұл жағдай жазушының философиялық пьесаларына бірқатар өзгерістер енгізді. Шоудың - суреткер ретіндегі абыройы көбіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бернард шоу
Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы
Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері факультеті
Асыл ана
Э.Эриксонның теориясы
CNN телеарнасы - хабар таратудың заманауи моделі
CNN компаниясының тарихы мен құрылымы
Махатна Ганди
Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі
Пәндер