Көне түркі тіліндегі есім сөздер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӨЗ ТҰЛҒАСЫ ... ... ... ... ... ...6

2 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Көне түркі тіліндегі зат есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Көне түркі тіліндегі сын есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.3 Көне түркі тіліндегі сан есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4 Көне түркі тіліндегі есімдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... . ... ... ... ... ...45

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ есім сөздер

Орындаған:
4-курс студенті Жакупова В.Е.

Ғылыми жетекші:
филол.ғ.д., профессор Аманжолов А.С.

Пікір жазушы:
филол.ғ.к.
Айтжанова Г.

Норма бақылаушы:
филол.ғ.к. доцент Таусоғарова
А.Қ.

Қорғауға жіберілді:
Жалпы тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі ф.ғ.д., профессор
Сүлейменова Э.Д.
____ __________ 2007 ж

Алматы, 2007
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Көне түркі тіліндегі есім сөздер.
Жұмыстың көлемі – 46
Пайдаланылған әдебиеттер саны – 37
Тірек сөздер: сөз тұлғасы, зат есім, сын есім, сан ісім, есімдік, көне
түркі тілі, түбір сөздер, туынды сөздер, күрделі сөздер, морфология,
морфема, көптік жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау,
шырай, есептік сан есімдер, реттік сан есімдер, жинақтау сан есімдері,
бөлшекті сан есімдер, аралас сан есімдер және т.б.
Бітіру нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы
қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу.
Бітіру жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін
Бітіру ге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми
еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім
сөздерді анықтау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
● көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;
Бітіру жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста бітіру жұмысының мақсатына
сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бітіру жұмысының нәтижелері: Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі
есім сөздердің тарихына тоқталынады. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі
морфология саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды
деректерді қазіргі түркі тілдері деректері бойынша тарихи-салыстырмалы
талдау негізінде есім сөздерге зерттеу жүргізу бітіру тақырыбының
жаңалығы болып табылады.
Бітіру жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі (1986), А.С. Аманжоловтың Түркі филологиясы және
жазу тарихы (1996), М. Томановтың Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
(1988) және т.б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер
пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 тарихи морфология және сөз тұлғасы ... ... ... ... ... ...6

2 көне түркі тіліндегі есім сөз таптарының дамуы

2.1 Көне түркі тіліндегі зат
есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Көне түркі тіліндегі сын
есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..25
2.3 Көне түркі тіліндегі сан
есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...27
2.4 Көне түркі тіліндегі
есімдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... . ... ... ... ... ...45

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі. Тіл құрамында динамикалық дамудың
нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы
боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық
құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи
ескерткіштер фактілерімен салыстырып Бітіру арқылы ғана емес, сол тілдің
өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Бітіру арқылы да ашылады.
Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа
жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын
түсінуге болады.
Тіліміздегі есімдер деп аталатын топқа жататын сөздердің
грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып,
байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының
қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының
қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын
есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен
есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі
қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу
ерекшеліктерімен ұштасып жатады.
Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен
қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі
бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа
сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын
сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И. Мешанинов бұл
туралы: Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және
толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты – дейді (1, 134 б.(. Ал сол зат
есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы
ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде
акад. В.М. Жирмунский: Грамматикалық жағынан
тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат
есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы
грамматика әдістері арқылы көрінеді, – дейді (2, 134 б.(. Нақ осы
тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер
мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Бітіру шілер
де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен,
есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер
мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа
топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады.
Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут
(анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде
жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы
айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ
болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі,
айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.
Көрнекті ғалым М. Томанов Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны –
үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы.
Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік
негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан
грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік
үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел деген
өзінің тұжырымын айтады (3, 135 б.(.
Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз
таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер
сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу
дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің
дұрыстығы әсте талас туғызбайды.
Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай
қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен
тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс
болады.
Бітіру нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы
қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу.
Бітіру жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін
Бітіру ге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми
еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім
сөздерді анықтау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
● көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Көне түркі жазба ескерткіштер
тіліндегі есім сөздердің тарихына тоқталынады. Көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі морфология саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып
келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері деректері бойынша тарихи-
салыстырмалы талдау негізінде есім сөздерге Бітіру жүргізу Бітіру
тақырыбының жаңалығы болып табылады.
Бітіру жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі (1986), А.С. Аманжоловтың Түркі филологиясы және
жазу тарихы (1996), М. Томановтың Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
(1988) және т.б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер
пайдаланылды.
Бітіру дің жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста Бітіру жұмысының
мақсатына сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарихи морфология және сөз тұлғасы

Ескі ұйғыр ескерткіштері тілінің де ерте кездерде қалыптасқан, жүйелі
морфологиялық құрылысы болған. Будды, манихей, ұйғыр халқының әкімшілік,
шаруашылық өміріне байланысты кездесетін ескерткіштер тілінде қазіргі
заманғы түркі тілдерінде кездесетін грамматикалық формалардың бәрі де түгел
кездеседі.
Ескі ұйғыр жазу ескерткіштері тіліндегі сөздер өзінің құрамына қарай
төмендегідей үш топқа бөлінеді (4, 139 б.(:
1. Түбір сөздер. Ескерткіштерде бөліп, жаруға келмейтін жалаң
түбірлерден құралған түбір сөздер де кездеседі. Олардың түрлері
темендегідей:
а) Тек жалғыз дауыстыдан құралған түбір. Мұндай сөздер
мәтіндерде онша көп емес.
ы — бұта, өсімдік
б) С—У( (Дауыссыз және дауыстыдан құралған түбір):
бу — бұ, бұл кү — даңк
лу — ұлу тү —түк(шаш)
не — не со — шынжыр

в) У—С (Дауысты және дауыссыздан құралған түбір):
ад — ат)— ат, даңқ іт — ит
аз — аз от — от
ай — ай ол — ол
ал — ал өг — шеше
еб — үй өд — уақыт
ер — ер уд — бүқа
ем — ем уз — шебер
ід — есеп үч — үш
іг — ауру үн — үн т. б.
іч – іш

г) С—У—С (дауыссыз, дауысты және дауыссыздан құралған)
бағ — байлам, байлау муң — мүн, қайғы
баш — бас қой — кой
бай — бай куш — құс
бар — бар саб — сөз
бег — бек сан — сан
біл — біл сув — су
бір — бір тағ — тау
бош — бос таң — таң
бөз – бөз тіл — тіл
кім — кім йағ — май
күч — күч йаз — жаз
мен — мен йүк — жүк
г) С—У—С—С (дауыссыз, дауысты, дауыссыз және дауыссыз):
барс — барыс йурт — жүрт
барқ — үй йонт — жылкы
берк — берік ,
Екі буынды түбірлер ашық, тұйық және бітеу буындардан құралады.
1) У—С—У (дауысты, дауыссыз және дауыстыдан құралған):
ағы — қазына ікі — екі
апа — апа іні — іні
ата — ата
2) У—С—У—С (Дауысты, дауыссыз, дауысты және дауыссыз):
адағ — аяқ ешід — есіт
ачығ — ащы ынан — сен
ағыр — ауыр өкүн — өкін
3) У—С—С—У (Дауысты, дауыссыз, дауыссыз және дауысты):
алқу — бөрі орду — сарай
алты — алты орта — орта
арта — арта утлы — сыйлық
Текстерде У–С—С—У—С; У—С—У—С; С—У—С—С—С—У; С—У—С—У—С; У—С—С—С—У және
тағы басқа түрлері кездессді:
баға — бақа ішле — істе
балық — кала сілк — сілік
чечек — шешек бедіз — ою
бічін — мешін қатун — катын
йаруқ — жарық арслан — арыстан
сығта — жыла, сықтау ердем — батырлық
2. Туынды сөздер. Ескі ұйғыр ескерткіштеріндегі сөздер тек жалаң
түбірден ғана құралмайды. Олар қазіргі тілдердегідей жұрнактар жалғану
арқылы да жасалады.
етікчі — қарыздар білігсіз — біліксіз
йолчы — жолшы бөлүг — бөлік
күчлүг — күшті батсық — батыс
қорқыныш — қорқыныш
3. Күрделі сөздер. Күрдслі сөздер қатарына, көбінесе, кісі аттары
мен жер-су және кейбір сөз тіркестері жатады:
Бег Буқа — Бекбуқа (кісі аты)
Иал Тұрған — Иалтурған (кісі аты)
Іл Темір — Елтемір (кісі аты)
Орқун йір — Орхон жер
бү күн — бүгін
Зат есім
Зат есімдер заттың, нәрсенін, құбылыстардың аттарын білдіреді. Зат
есімдер семантика-мағыналық жағынан екіге (нақтылы және абстракті)
бөлінеді. Көзге көрініп, денеге сезілетін зат атаулары нақтылы есімдерге
жатады (4, 139 б.(:
оғул — ұл уд — сиыр
кіші — кісі лашын — лашын
йонт — жылқы қуш — құс
Абстракті зат есімдер негізінде адамның ойлау қабілеті арқылы танылады.
Олар көзге көрінбейді, тек заттық үғымды білдіреді.
тапығ — қызмет, жұмыс тынлық — тіршілік
біліг — білік берім — берім, қарыз
Зат есімдер өзінің морфологиялық жағынан септеледі, тәуелденеді,
көптеледі, кейде жіктеледі. Құрамы жағынан негізгі, туынды түбір болып
бөлінеді. Буын құрамына қарай бір, екі, және үш буынды болып келеді. Бірақ
төрт және одан да көп буынды болып келуі ескерткіштерде сирек.
Көптік жалғау
Көптік жалғау — түркі тілдерінің бәріне де тән категория.
Ескерткіштерде қазіргі үйғыр және өзбек, татар тілдеріндегідей етістік
түбіріне көптік жалғауы жалғана береді.
бартылар — барды тутдылар — тұтты, ұстады
оқутдылар — оқытты бітіділер — жазды
Ескерткіш тілінде де көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағынаны
білдіретін сөздер кездеседі. Олардың қатарына кейбір жинақты ұғымды сөздер,
лексикалық мағынасының өзінде көптік мәні бар сөздер жатады, зат есімнің
алдында оның қанша екендігін білдіретін үкүш, көп сияқты сөздер
айтылғанда оларға көптік жалғауы жалғанбайды (1, 142 б.(.
Текстерде кездесетін қос сөздерге де көптік жалғауы жалғанбайды.
Ескерткіштерде көптік форма -лар, -лер аффикстері арқылы беріледі.
Жуан буынды сөздерде -лар түрінде келеді.
тынлығлар — тіршіліктер орынлар — орындар
йоллар — жолдар дінтарлар — діндарлар
Жіңішке буынды сөздерде -лер түрінде келеді:
теңрілер — тәңрілер йеклер — жындар
Тәуелдік жалғау
Көне үйғыр жазба нұсқалары тілінде де тәуелдік жалғаулар үш жаққа,
жекеше және көпше болып бөлінеді.
Ескерткіштерде кездесетін тәуелдік жалғаулар төмендегідей:
жақ жекеше көпше
I жақ -м, -ым, -ім, -ум- -үм -мыз, -міз, -ымымыз, -іміз
II жақ -ң, -ың, -ің, -уң, -үң -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз
III жақ -ы, -і -лары, -лері
жақ жекеше көпше
I жақ теңрім — тәңрім теңріміз — тәңріміз
ақам — ағам ақамыз — ағамыз
інім — інім ініміз — ініміз
урығым — ұрығым білігіміз — білігіміз
тоғушым — туысым күчүмүз — күшіміз
II жақ евің — үйің улусыңыз — облысыңыз
йерің — жерің йарлықыңыз —
жарлығыңы^
сабың — сөзің
III жақ басы — басы атлары — аттары
сачы — шашы адақлары — аяқтары
улуғы — ұлысы бойунлары — мойындары
кічісі — кішісі едгүлері — жақсылары
Тәуелді жалғаулы сөз әруакыт ілік жалғаулы сөзбен байланысты
айтылады.
Септік жалғаулар
Зат есімдер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысты айтылады. Олар
әдетте септік жалғаулары арқылы келеді. Көне ұйғыр жазба ескерткіштері
тілінде төмендегідей септіктер кездеседі.
Атау 5. Жатыс
Ілік 6. Шығыс
Барыс 7. Көмектес
Табыс
Атау Атау тұлғада тұрған сөздің ешбір жалғауы болмайды. Ол басқа септік
жалғауларының жалғануына негіз болып есептеледі. Атау тұлғадағы сөздер
түбір, туынды, біріккен, қос сөздер түрінде және тәуелдік жалғау түрінде
келеді.
Ол бег тіріліп келті — Ол бек жиналып келді.
Тоғмақ болмасар, қарымақ, өлмек болмаз — Туу болмаса, қартаймақ, өлмек
те болмас.
Ілік септік. Ілік септікте тұрған сөз заттың, қимылдың, не белгінің
белгілі біреуге тән екендігін көрсетіп, -ың, -ің, -ның, -нің (нуң, нүң)
аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
Темүрнүң — темірдің бегнің — бектін.
бөрінің — берінің йернің — жердің
Оғлының — ұлының сабның — сөздің
Ілік септікте тұрған сездер ешуақытта жеке айтылмайды. Олар үнемі
тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесте келеді.
Үчүн-чі ең кічігі — оғлының аты — Мағастава ерті — Екінші, ең кіші
ұлының аты — Мағастава еді.
Текстерде ілік жалғаулы сөз ашық түрде де, жасырын түрде де келеді.
Ілікте тұрған сөз сөйлем ішінде, негізінде, анықтауыш мүше қызметін
атқарады.
Барыс септік. Барыс септік белгілі істің, қимылдың алған бағытын
көрсетіп, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады:
а) -қа, -ке:
йылқықа — жылқыға іске — іске
тынлығқа — тіршілікке күчке — күшке
қанқа — қанға улуғқа — үлықка
б). -ғару, -герү, -ғары, -гері:
біргерү — бері қарай
йергерү — жерге қарай
теңрігерү — тәңірге қарай
-ғары, -гері аффикстері — құранды аффикстер. Олар -ға және -ру
қосымшалары арқылы жасалған. Текстерде -ру, -рү аффикстері жалғанған сөздер
де кездеседі:
оңару — оңға
іңерү — далаға
ыңару — ол жерге т. б.
в) -ра, -ре:
Өңре — алға ташра — сыртқа, далаға
г) -а, -е; Жіктік есімдіктері мен тәуелдік жалғаулы сөздерден соң
жалғанады:
құтыңа — құтыңа күчүңе — күшіңе
башыңа — басыңа йеріңе — жеріңе
Ескерткіштердегі барыс септікте келетін сөздердіц мағыналары әр түрлі.
Олар бет алысты, бағытты, мекенді және мезгілді көрсетеді. Сөйлем ішінде не
толықтауыш, не пысықтауыш қызметін атқарады.
Табыс септік. Табыс септіктегі сөз амал мен іспен тікелей байланысты
болып, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады.
а) -ны, -ні.
бітігні — жазуды кісіні — кісіні
оғлыны — ұлды бізні — бізді
оларны — оларды
б) -ығ, -іг, -уғ, -іг.
кісіг — кісіні төрүг — терені
ісіг — істі қудуғығ — құдықты
номуғ — ережені, занды
-ығ, -іг аффикстері қазіргі кездегі түркі тілдерінде кездеспейді, бірақ
Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба нұсқаларында жиі қолдапылған. Ол —
монғол тілінен енген форма.
в) -ын, ін, -н; Тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады.
ағзын — аузын көркүн — көркін
йерін — жерін
ойнун — ойнын сөзін — сөзін т. б.
Табыс септіктегі сөздер толықтауыш қызметін атқарады, ашық түрде де,
жасырын түрде де кездеседі.
Жатыс септік. Текстерде жатыс септік заттың мекен, мезгілін білдіріп,
-та, -те, -да, -де аффикстерінің жалғануы аркылы жасалады.
Көңүлте — көңілде бітігде — жазуда
йазуқда — жазыққа, далада тегдүкте — жеткенде т. б.
балықда — қалада
Тәуелдіктің үшінші жағында -ынта, -інте, -нта, -нте аффикстері арқылы
келеді.
ташында — сыртында күчінте — күшінде
ічінте — ішінде қатунында — қатынында
елігінде — қолында
Жатыс септікте тұрған сөздер сөйлем ішінде, көбінесе, жанама
толықтауыш, не пысықтауыш мүше болады.
Шығыс септік. Шығыс септікте тұрған сөздер қимылдың орнын, себебін,
мезгілін білдіріп, -дын, -дін, -тын, -тін, (-дан, -ден, -тан, -тен)
аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
теңріден — тәңріден улустын — облыстан
төпедін — төбеден өзнідін — өзінен
балықтын — қаладан
Көмектес (құралды) септік.
Көмектес септік текстерде төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады.
а). -н, -ын, -ін.
көзін — көзімен тілін — тілімен
қулғақын — құлағымен елігін — қолымен
адақын — аяғымен
б) бірле:
оғланы бірле — ұлымен бірге
отын бірле — отынмен бірге
өдін бірле — уақытпен бірге
кіші бірле — кісімен бірге
Сын есім
Көне ұйғыр жазба нұсқаларында кездесетін сын есімдер мағынасына қарай
екі түрлі.
Сапалық сын есімдер.
Қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есімдер. Ескерткіштерде ешбір аффиксіз түбір күйінде заттың
түр-түсін, сыр-сипатын көрсететін сапалық сын есімдер де кездеседі. Олар
төмендегідей топқа бөлінеді (4, 145 б.(:
1. Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер:
боз — боз сарығ — сары
йашыл — жасыл қызыл — қызыл
көк — көк
2. Заттың көлемі мен аумағын білдіретін сын есімдер:
артуқ — артық йумчақ — жұмсақ
бедүк — биік йумғылы — жинақы
йінчке — жіңішке күчлүг — күшті
улуғ — ұлы, үлкен
3. Заттың сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер:
ач — аш тіріг — тірі
арығ — таза тоқ — тоқ
бош — бос ысық — ыстық, ыссы
йаблақ — жаман, төмен
Қатыстық сын есімдер. Текстерде қатыстық сын есімдер аффикстер жалғану
арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Сын есімдер жасайтын аффикстердің
бастылары төмендегідей:
-лы, -лі.
теңрілі — тәңрілі беглі — бекті
йарақлы — жарақты қатунлы — қатынды
йеклі — жанды, рухты
-лығ, -ліг, -лық, -лік:
көрүглүг — көрікті тонлығ — тоңды
адағлық — аяқты бағлығ — баулы
күчлүг — күшті
-сыз, -сіз, -суз,-сүз:
білігсіз — біліксіз йоқсуз — жоқсыз
інчсіз - қайғысыз түпсіз — түпсіз
сувсыз — сусыз
-дақы, -декі, -тақы, -текі. Бұл аффикс — жатыс септіктің -да, -де, -та,
-те аффикстері мен сын есімнің -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған күрделі
аффикс.
евіндекі — үйіндегі ажурлардақы — дүниелердегі
ічінтекі — ішіндегі
-қы, -кі аффикстері жалғанған сөздер текстерде мезгілдік және мекендік
ұғымдарды білдіретін сын есімдер тудырады:
ічлі — ішкі бурунқы — бұрынғы
бүгүнкі — бүгінгі
-тег, -дағ есімдерге жалғанып, салыстырма мәнді сын есімдер жасайды:
күнтег — күндей антағ — сондай
Сын есімнің шырайлары
Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей үш түрлі шырайлар
кездеседі. Жай шырай:
узун — үзын едгү — игі
қара — қара көк — көк
йашыл — жасыл
Салыстырмалы шырай:
бегрек — бегірек күнтег — күндей
артуқрақ; — артығырақ
Күшейтпелі шырай:
ең кічігі — ең кішісі ең ілкі — алғашқы
ең үлуғы — ең үлкені
Сын есімдер әдетте сөйлем ішінде анықтауыш болады. Кейде сын есімдер
етістіктен бұрын болған мүшеден бұрын келсе, пысыктауыш та болады. Сын
есімдер сөйлем соңында көмекші етістіктермен тіркесіп, баяндауыш та болады.
Заттанған сын есімдер сөйлем ішінде бастауыш та, толықтауыш та болады.
Сан есім
Ұйғыр жазба ескерткіштерінде сан есімдер мағынасына қарай төмендегідей
топтарға бөлінеді:
1. Есептік сан есімдер:
бір — бір йегірмі — жиырма
ікі — екі отуз — отыз
үч — үш қырқ — қырық
төрт — төрт еліг — елу
беш — бес алтмыш — алпыс
алты, алды — алты йетміш — жетпіс
йеті, йіті — жеті секіз он — сексен
секіз — сегіз йүз — жүз
тоқуз — тоғыз бін — мың
он — он түмен — он мың
2. Реттік сан есімдер. Текстерде реттік сан есімдер -інті, -нч, -ынч,
-інч аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады:
екінті — екінші үчүнч — үшінші
төртінч — төртінші бісінч — бесінші
алтынч — алтыншы бір йегірмінч — он бірінші
3. Жинақтау сан есімі. Жинақтау сан есімі ескерткіштерде -егү
аффиксінің жалғануы арқылы жасалады.
екігү — екеуі бірегү — біреуі
үчегү — үшеуі
4. Бөлшекті сан есімдер. Текстерде кейбір сан есімдер -ар, -ер,
аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
бірер — бір ғана, жеке үчер — үштен
ікірер — екіден онар — ондап
5. Аралас сан есімдер. Мұнда кіші сандар үлкен сандардан бұрын келеді.
үч йегірмінч — он үшінші біш йегірмінч — он бесінші
бір йегірмінч — он бірінші
Сан есімдер негізінде сөйлем ішінде анықтауыш мүше қызметін атқарады.
Бірақ сан есімдер сөйлемнің басқа да мүшелері бола алады.
Есімдік
Ұйғыр жазба ескерткіштеріндегі есімдіктер төмендегідей топтарға
бөлінеді (4, 148 б.(.
1. Жіктеу есімдігі:
Мен — мен біз — біз
сен — сен сіз — сіз
ол — ол олар — олар
Жіктеу есімдіктері септеледі:
Атау: мен — мен, біз — біз
Ілік: менің — менің, бізнің — біздің
Барыс: маңа — маған, бізге — сізге
саңа — саған, сізге — сізге
аңа — оған, оларқа — оларға
Табыс: мені — мені, бізні — бізді
сені — сені, сізні — сізді
Жатыс: менде — менде, бізде — бізде
Шығыс: ментін — менен, біздін — бізден
2.Сұрау есімдігі:
кім — кім қай — қай
не — не қачан — қашан
нече — неше қанча — қанша
нечүк — қалай
3. Сілтеу есімдігі:
бу — бұ, бұл ол — ол
Сілтеу есімдіктері де септеледі:
Атау: ол бу
Ілік: аның — оның буның
Барыс: аңа — оған буңа — бүған
Табыс: аны — оны буны — мүны
Жатыс: анта — онда бунта — мұнда
Шығыс: антын — одан бунтан — мұнан
Қөмектес: анын — онымен
4. Өздік есімдігі:
Өз — өз кентүн — өзі
өзүм — өзім
5. Болымсыздық есімдігі:
нең — ештеңе
6. Жалпылау есімдігі:
барча — барша үкүш — көп т. б.
қамуғ — бүкіл
Есімдіктер де белгілі бір сөз табынын орнына жұмсалуына қарай сөйлемде
кез келген мүше бола алады.

2 көне түркі тіліндегі есім сөз таптарының дамуы

2.1 Көне түркі тіліндегі зат есім
Зат есім – есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны.
Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған
қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы
ғана сөздер емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер.
Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне
түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен
салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде
ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың тұлғалық
(кейде фонетикалық) өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және
кейбір семантикалық өзгерістерін (мәнінің тарылу, кеңеюі) еске алмасақ,
олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын
байқауға болады. Сондықтан зат есім деп аталатын сөз табының тарихи
өзгерісі, оның тарихи жаңаруы туралы әңгіме қозғау мүмкін де бола бермейді.
Көптік категориясы және көптік жалғаулары. Түркі тілдерінің көне
дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы
аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни,
морфологиялық тәсіл, сөздің лексикалык мағынасы, яғни, лексикалық тәсіл
арқылы және сөз тіркестері, яғни, синтаксистік тәсіл арқылы да берілген.
Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде топтасу, жинақтау
ұғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік-дүние) тәрізді сөздер
қолданылуына қарай жекелік те, топтау ұғымын да берген. Сонымен бірге,
көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы,
алты йегірма йаш (он алты жас), екі шад (екі шал), т.б. Сондай-ақ көптік
мән қос сөздер арқылы да берілген. Мысалы, шад – апыт (шадтар, би-бектер),
т. б.
Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы — көптік жалғаулары. Орхон-
Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар,
-т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалы, беглер
(бектер), кунчуйлар (әйелдер ханымдар), т. б. Жинақтық мән беретін сөздер
көбіне -лар жалғауынсыз да қолданылған: Тоқуз оғуз бегілері будуну бу
сабымын егүті есід қатығды тыңла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі
көптік жалғаумен келсе, жинақтык мән беретін будун (халық) сөзіне
жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің басты
тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер енім сөзүм ешідіңлер
(КК.). Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда,
көне түркі тілінің біраз ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей: сан
есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде -лар жалғауын қабылдайды:
мақа төрт йеклер йақын келті (ЗБ). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай
мүшелердің әрқайсысына -лар жалғанып қолданылады, төрт атларым, йылқыларым
(ЗБ). Әрине, бұл жерде ал-дыңғы сан есім бірыңғай мүшелердің әрқайсысына
жеке-жеке қа-тысты деп те ойлауға болар еді. Қос сөздердің әр сыңарларына
жалғанады: куртлар — қоңыздар (ЗБ). Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де
-лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты. Көкшін
бұлт өрүшді. Қайғуқ болуб егрішүр (МК). Ал осы тәрізді сөздер ыңғайына
қарай жекелік тұлғада қолданылады: Кулан түгел қумурты. Арқар, соқақ
йумутты (МҚ). (Құландарды түгелімен аудырды. Арқар, киіктерді жиды).
Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің
алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл реттерде -лар аффиксінің
стильдік қолданылуын ғана байқауға болар.
А.М. Щербак -лар аффиксінің X–XIII ғ.ғ. жазбаларында мынадай
қолданыстарды көрсетеді. -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана
жалғанып келеді: Тағлар сувы (МҚ.). Кейде -лар изафеттің екі сыңарына
бірдей жалғанып келеді: қушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік тіркестің
соңғы, басынқы сыңарына ғана жалғанады. Ашру улу йазлықлы турмен менің
йаман ішлерімнен, йаман сағынчымдан (КК.). Менің жаман істерімнен, жаман
сөзімнен аса үлкен жазықты болып тұрмын (5, 112 б.(. -лар аффиксінің
изафеттің құрамында осы қолданысы қазіргі қазақ тілінің кейбір
заңдылықтарын барлап қаруға мүмкіндік береді. Изафеттің алғашқы сыңары
көптік жалғаулы болып келуі қазақ тілінде тек мынадай ыңғайларда ғана
мүмкін: Кісілердің келісі, уйлердің төбесі, т. б. Екінші сөзбен, изафеттік
тіркестің бірінші сыңарының көптік жалғаулы болуы не көп нәрсеге заттың
ортақтығын не көп затқа көп заттың тәндігін білдірумен байланысты. Бірақ
соңғы ыңғайда сөз жинақылығы мақсатымен екінші сыңары жалғаусыз айтылады.
Изафеттің екі сыңарына бірдей көптік жалғау жалғану қазақ тілінде стильдік
мақсатпен ұштасып жатады. -лар аффиксінің қолданылуының үшінші түрі қазақ
тілінде бір затқа көп нәрсенің тәндігін білдіру тәсілі есебінде жиі
колданылады.
Қысқасы, -лар аффиксі өзінің мәні мен колданылуы тұрғысынан көне түркі
тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.
-лар аффиксінің этимологиясы жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы
Т. Ковальский өзінің осы мәселеге арналған Бітіру лерінде өзінен бұрынғы
пікір — жорамалдардың барлығына талдау жасай келіп, -лар аффиксінің
арғы төркіні болжалды санды (бірнеше, көп сөздері тәрізді) білдірген
сөз болу керек деп есептейді (5, 142 б.(.. В. А.Богородицкий бұл аффикстің
қалыптасуын III жак жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының арасындағы ығысудың
нәтижесі деп қарайды (7, 36 б.(. Н.А. Баскаковтың Бітіру лерінде -лар
аффиксі құранды қосымша есебінде қаралады. Есім түбірлерден етістік
жасайтын -ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та, т. б.) істің қайталамалығын,
дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ есімшенің
тұлғасы -р-мен бірігіп барып ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде
көптік мән берудін қосымшасы есебінде қалыптасуға мүмкіндік берді (6, 222
б.(.
-т қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені, чинді білдіретін
азын-аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі: тарқан-тарқат, шад-апыт,
тігін-тігіт, т. б. Бітіру шілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп
есептейді. Солай екендігін -т қосымшасының сөзге жалғану тәртібі де
дәлелдейтін сияқты (6, 75 б.(. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке
түріндегі соңғы н дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан-тарқат, -т қосымшасы
осы Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған ескерткіштердің
ешқайсысында да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі есебінде ұшыраспайды.
X–XIII ғасыр жазбаларында -т аффиксімен келген бірен-саран сөздер
ұшырасқанмен, сол сөздердің өзі кейде көптік жалғаудың өнімді түрі -лар,
-ды қабылдайды. Бұл қосымшаның ізін алпауыт, сәлем-сауқат қос сөзінің
сауқат сыңары құрамынан көруге болады.
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде кездеседі. Ол
тілде -лар көптік жалғауы есімдерге -т арқылы барып жалғанады, уол-ат-
тар(7, 59-60 бб.(. Мұндай ерекше жалғаныс, әрине, -т қосымшасының өзінің
бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары -т қосымшасының ескіруі, сөйтіп өз
мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы кезеңдерінде болса керек.
Бабурнамэ тілінде де жанағы якут тіліндегідей ерекшелік ұшырасады:
бекетлер — бек есіміне әуелі -т, одан соң ғана -лар жалғанған (7, 89-96
бб.(.
Көне түркі тілін Бітіру шілердің біразы (Габен, т. б.) ол тілде көптік
жалғаудың тағы бір түрі -(а) н қосымшасы болған деген тұжырым айтады. А.
Габен ерен сөзін көптік жалғауда тұрған көптікті білдіретін сөз деп
қарайды. Ал Махмуд Қашқари сөздігінде осы сөз -лар жалғауымен қолданылған
(еренлер).
А.Н. Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді (6, 311
б.(. Бұған сірә, көне түркі тілінде оғлан, қазіргі тілдерде ұл тұлғаларының
айтылуы дәлел болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада
ғана айтылады. Алайда сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен)
сөзінің құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді.
Дегенмен, мұнда жалпылама көптікті білдіруден гөрі топтау мәні басым.
С. Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшаның бірі
деп біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді (17, 116 б.(. Бірақ Орхон-
Енисей жазбаларында -з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде
қолданылмаған. С. Малов бұл аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер құрамынан
ғана ажыратады. Ол қосымша мына фактілерді келтіреді: меңіз (бет), көкүз
(көкірек), ағуз (ауыз), ал біз, сіз есімдіктерінің құрамын былайша
түсіндіреді: бі-з, сі-з. Монғол тілінде мен есімдігі бі, сіз
есімдігі сі түрінде айтылады. Сонда түркі тілдеріндегі біз, сіз сөздері
жіктеу есімдіктерінің жеке түрі мен -з көптік жалғаудың қосындысынан
құралған болады. Ал М. Щербак X–XIII ғасыр жазбалары тілінен мына сөздерді
келтіреді: көз, мүйіз, ікіз (егіз), тіз (е), йодаз (тізе – алтайша). Сіз,
сен есімдіктерінің өз заманындағы түркі тілдерінде қолданысы жайлы Кашқари
былай дейді. Сіз — үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылатын
сөз. Асылында мұның беретін мағынасы сіздер. Кішілерге сен делінеді (Ш.
136). Бұған қарағанда, Махмуд Қашқари дәуірінде сіз есімдігінің сыпайылық
мәні мен көптік мәні қатар жүрген. Түркі тілдерін Бітіру шілердін, кейбірі
бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының көрінісі деп те қарайды.
Айталық, ауыз, көз, егіз сөздері қос-қос немесе екі бөліктен тұратын
заттардың атаулары, сол себептен бұл сөздер -з дыбысына, екілік
категориясының қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда түркі тілдерінің
бірі қазақ тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей -з-ға
аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, қол, бет, т.б. -з-ға аяқталатын атауыш
сөздер санаулы, көз, егіз, т. б. ғана. Екінші жағынан, қазақ тілінде -з-ға
аяқталатын кей сөздердің -р-ға бітетін етістік варианттары бар. Мысалы,
көз, -көр семіз-семір, атыз-айыр, қарыз-қайыр, т. б. Сол сияқты, көне түркі
тіліндегі бедіз қазақ тілінде — бедер түрінде айтылады. Бұған қарағанда -з
қазақ тілінде есім сөздің көрсеткіші тәрізді де, -р етістік сөздің
көрсеткіші. Ал -з-ға аяқталатын әлгі сөздер ешбір екілік не көптік мән
бермейді.
Қазақ тілінде р мен з дыбысына аяқталатын мәндес сөздер
түркі-монғол бірлестігінің қалдығы деп қарау орынды.
Сонымен, -з аффиксінің жіктеу есімдіктерінің құрамында сақталуы әбден
мүмкін жай да, басқа есімдер құрамында сақталуы
жайына келгенде, ойлана түсу мақұл. Айталық, қазақ тіліндегі
егіз сөзінің құрамынан осыны көруге болар (екі сан есімімен салыстырғанда).
Сол сияқты А.Н. Кононовтың ізімен жүз, сегіз,
тоғыз сан есімдерінің құрамындағы -з-да осы қосымша деуге болады (6, 68
б.(. Бірақ кез келген сөз құрамындағы -з-ны осы қосымша деуге негіз жоқ.
Көне түркі тіліндегі будун сөзі құрамындағы -ун қосымшасы да жинақтау мәнін
берген. Сол себептен ол тілді Бітіру шілер бұл қосымшаны да көптік
жалғаулардың тарихи түрінің бірі деп қарайды.
Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары. Меншіктік пен
меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни, тәуелділік категориясы түркі тілдері
құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Мұндай тұжырымға дәлел — түркі
тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде де қазіргі тілдегі тәуелдік
категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз (қазіргі тілмен
салыстырғанда) берілген. Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы
морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік
тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі),
синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген.
Тәуелдік жалғаулары көне мұралар тілінде мына төмендегідей болып отырады:
Жекеше: I ж. –м, (ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ем); будун-ым (халқым),
қаңым (әкем), қут-ым (құтым, бақытым). II ж. -ң, ың, -иң,
-уң, -ұң, -үң, -аң, ең): қут-ың (сенің бақытың). III ж. -ы, -сы, (-ы,
-и, -сы, -си, -зы, -зи): уйасы (оның ұясы, ұрпағы), қағаны (ханы)
айғучысы (уәзірі).
Тәуелділіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы -ың, -сын (-ин,
-син) деген пікір бар. Ал Орхон-Енисей жазбаларында мынадай сөйлем бар: ...
табғач будунка беглік ұры оғылың кул болты, сілік қыз оғлың күң болты
(табғач халқына мықты ұлы құл болды, таза қызы күң болды). Осы сөйлемдегі
оғлың, қыз оғлың сөздері тәуелдік жалғаудың III жағында тұр, бірақ
әдеттегідей -ы емес, -ын.
Қөптік: I жақ: -мыз (-мыз, -миз, -мүз, -мұз, -ымыз, -имиз, -умуз,
-амаз, -әмәз), ханымыз, ечимиз, қағанымыз.
II жақ: -қыз, -киз, (-ыңыз, -иңиз), -унуз, -үнүз: адашыңыз (сіздің
жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың).
III жақ: -ы, -сы, -си, (-зы, -зи) -сылар, -силар.
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп
те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей,
бірде менің кітабым бірде кітабым түрінде жеке де айтылады. Тәуелдік
жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі тілі
ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе
Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік мәтіндер, сол
сияқты кейбір ұйғыр жазбаларында) ғана ұшырасады, яғни, ұйғырлық
варианттар. Тәуелділіктің II жағындағы сөз өзінің алдындағы сөздің ілік
септікте тұруын бірде керек етсе, бірде керек етпейді. Бұл жағынан да
қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарымен астасып жатады.
Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен
де берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала, т. б. Меншіктілік мән
туғызудың нақ осы тәсілі ежелгі түркі ескерткіштерінің тілінде де
кездеседі: Бегін ат (бектің аты) (КТ). Мұнда да тіркестің соңғы сыңары
тәуелдік жалғаусыз келген. Орта ғасыр ескерткіштерінде мұндай
конструкцияның мына төмендегідей варианты кездеседі: Бу Мекке біздің турур
— Бұл Мекке біздікі. Бу бәйіт аныңдүр — Бұл өлең оныкі. Бұлар кемекші
етістікпен келген, қазақ тіліндегі -нікі тұлғалы конструкцияға сәйкес
қолданылған. Бұл фактілерге қарағанда, бұл кітап — менікі тәрізді
конструкциялар осындай тіркестердің негізінде пайда болса керек, -нікі
аффиксі құрамы жағынан күрделі, тарихи жағынан екі бөлікке бөлінеді: -нің —
ілік септік қосымшасы, -кі — сын есім жасайтын жұрнақ. Ілік септік
қосымшасының соңғы дыбысы (-ң) элизияға ұшырап, -кі аффиксімен бірігіп
кеткен. Қазақ тіліндегі -нікі аффиксі өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысының
ықпалына қарай бірнеше вариантта айтылады: қаланікі, ауылдікі. Түркологияда
В.В. Радловтың ізімен тәуелдіктің дауысты дыбыстардан басталған варианттары
алғашқы болу керек дейтін пікір айтылып келеді. Көне түркі ескерткіштерін
хронологиялық тұрғыдан салыстырып қарағанда, тәуелдік жалғауларының көптік
тұлғасының III жағында мынадай ерекшелік бар: V–VIII ғасырлар
ескерткіштерінде тәуелдік жалғауларының III жағы көптікте де, жекелікте де
бірдей бір ғана аффикс арқылы беріледі (-ы, -сы — түбірдің соңғы дыбысына
қарай). Ал ортағасырлық ескерткіштерінде екі түрлі: бірде жекелік тұлғамен
бірдей, бірде -ылар, -сылар түрінде, яғни, -лар көптік жалғауы қосылып
келеді. Алғашқы тәсілде бір ғана аффикс контекстегі мәніне қарай бірде
заттың бір кісіге, бірде көп кісіге қатысты екенін білдірсе, екінші тәсілде
аффикстер де әр түрлі болып отырады. Хронологиялық тұрғыдан, сөйтіп алғашқы
тәсіл ескі де, соңғы тәсіл жаңа болса керек. Қазіргі қыпшақ тілдерінде,
оның бірі қазақ тілінде алғашқы, ескі тәсіл сақталған да, оңтүстік
тілдерінде, татар, т. б. тілдерде соңғы, жаңа тәсіл пайда болған.
Түркологияда тәуелдік жалғауларының арғы негізі — жіктеу есімдіктері
дейтін пікір тұрақталды. Түркі тілдерінің, тіпті жалпы алтай тілдерінің
тарихын Бітіру шілер өте көне дәуірде екпін түскен буыннан кейін айтылған
жіктеу есімдіктері бара-бара өзінен бұрын тұрған, негізгі логикалық екпін
түскен сөздің энклитикасына айналған дейтін пікірді бекерге шығармайды. Осы
постпозициялық қолданыстың соңғы нәтижесінің бірі — тәуелдік жалғаулары
болса керек.
Тәуелдіктің жекеше I жағы -м мен жіктеу есімдігінің қысқарған түрі
есебінде танылса (сонда соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдері
Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық мағынасы
Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтар
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Зерттеудің практикалық мәні
Жұрнақ және оның түрлері
Пәндер