Орталық Азияға ислам дінінің таралуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ
1.1 Исламның шығуы және оның әлемде таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Исламның жеңісі және ХХ ғасырда дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ. БӨЛІМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Тарихи.әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім.нанымдар ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Сопылық және Орталық Азияға исламның таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастар
кафедрасы

Диплом жұмысы: Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Ж О С П А Р :

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ

1.1 Исламның шығуы және оның әлемде
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.2 Исламның жеңісі және ХХ ғасырда
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..18

ІІ. БӨЛІМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Тарихи-әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-
нанымдар ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Сопылық және Орталық Азияға исламның
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..52

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Өркениеттік және техникалық дамудың ырық
бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде,
жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған
елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім
рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес,
сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге
негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық
елестетіп отыр[1]. Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты
дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа
бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-
экономикалық байланыстың дамуы.
Қазақстан егемендік жылдар ішінде ұзақ жолдан өтті. Саясаттың
жаһандануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін
өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген
мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де
рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында
жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-
бірімен өзара қатынасқа түсті.
Исламдық қауіп-қатер деген ұғымды ерінің ұшымен айта салу оп-оңай
болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді
ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы ғана емес, исламның өзін
нақтылы қорғаудың қажеттігін сөз ететін кез келді.
Мұндайда барлық халықтар үшін дін жаулаудың тәсілі мен тәпсыры емес
жан сақтаудың тәсілі мен тәпсыры болғанын еске салудың зияны жоқ. Әр түрлі
себептерге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы дағдарысқа
ұшыраған шақта, елдің қоғамдық және саяси өмірінің сахнасына бүкіл рухани
идеяға ұйытқы болып дін шығады.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің
қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ
бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді
түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз
үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол
ашады.
Тәуелсіздік алып, БҰҰ және бірқатар халықаралық ұйымдарға мүшелікке
өткен Қазақстан жеке сыртқы саясат, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік және
де әлемдік қауымдастыққа, әлемдік экономикаға дербес өту сияқты жаңа
проблемаларға тап болды.
Қазақстан БҰҰ-на әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі
ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық
проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану
жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Біздің дипломатия ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия
ынтымақтастық ұйымы сияқты басымдығы бар ұйымдарды нығайтуға айрықша ден
қоюға тиіс[2]
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) қатысуының негізінде
экономикалық мүдде жатыр. Тәуелсіздік алған кезден бастап түрлі деңгейлерде
ИКҰ-мен байланыстарға жол ашылды. Джиддадағы (Сауд Арабиясы) ИКҰ бас
хатшылығымен тұрақты түрде хат-хабар алмасу жүзеге асырылады.
Қазақстанның өкілдері Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің
сессияларына, атап айтқанда Ислам Даму банкінің экономикалық және сауда
ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қонақтар ретінде
қатысады.
ИКҰ өзінің тарапынан Қазақстанға мұсылман елі ретінде ғана емес,
сонымен бірге халықаралық саясаттың белсенді субъектісі ретінде үлкен
қызығушылық танытты.
1995 жылғы желтоқсанда Конакридегі (Гвинея) ИКҰ-ға мүше елдер сыртқы
істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ұйымға толық құқықты мүше
ретінде қабылданды. ИКҰ Жарғысына сәйкес Қазақстан Ислам Даму Банкінің
мүшесі де болды.
2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада
өткен Ислам Конференциясы Ұйымының ІХ саммитінің жұмысына қатысты.
Саммиттің күн тәртібіне халықаралық саясатқа, ислам әлемі мемлекеттерінің
әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ ИКҰ шеңберіндегі техникалық,
мәдени және гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер енді.
Ислам әлемдік діндердің ішіндегі қуаттысы болып саналады. Өйткені
ислам діні мұсылмандық әлемде қашанда діни доктрина мен әлеуметтік ұйым
ретінде Еуропадағы христиан дінінен өзгеше рөл атқарады. Христиан діні
өзінің халықты толық билеген заманында болсын, қатаң қудалау мен
өркениеттің құлдыраған жылдарында болсын ешуақытта зайырлы билікті толық
ығыстырып шығармаған болатын. Ал ислам діні болса, мұсылман қоғамының
барлық салаларында орын тапты, ол экономикалық қатынастар сипатын анықтады,
саяси әкімшілік бағыт пен мұсылмандардың әлеуметтік құрылымын, мәдениеті
мен тұрмыстық қатынастарын белгіледі. Ислам елдерінің рухани өмірі исламның
бақылауында болуымен қатар сыртқы қалыбы тәрізді ішкі негізі де исламдық
сипат алып, ислам шеңберінде дамыды.
2003 жылы қыркүйек айында Астана қаласында өткен Әлемдік және
дәстүрлі ұлттық діндер съезінің ашылуы рәсімінде Н.Ә.Назарбаев дін жайлы өз
пікірін былай баяндайды: Дін – ғаламдану дәуіріне дейінгі әлемге гуманизм
мен мәдени тілдесуге әкелетін жалғыз ауқымды құбылыс. Рухани байлықтан
өзге, дін халықаралық әріптестіктің әрекетті институты болып табылады. Бұл
этнодіндік сипаттағы локалды және аймақтық шиеленістердің ұлғайған бүгінгі
күні өте маңызды[3]
Диплом жұмысының зерттеу нысанына ислам дінінің пайда болу тарихы,
оның Қазақстан елінде таралуын, даму тарихында алатын орнын, қазіргі
қоғамдағы рөлін зерттеу пәні ретінде атауымызға болады. Иассауи
дүниетанымын сопылық iлiмi негiзiнде қарастыру, сопылық еңбектер мен
сөздiктердi пайдаланып, Иассауи хикметтерiндегi сопылық ұғымдардың
мағынасын ашып көрсету, сол арқылы Диуани хикметтi сопылық көзқарас
тұрғысынан қарастыру тақырыбын қою өте өзектi болып тұр. Мұнымен бiрге
ескеретiн жағдай, Иассауи 11 дүниетанымы мен философиясын зерттеу жұмысының
қолға алынғанына көп болған жоқ. Ендiгi ретте жаңа дерек көздерiн аударып,
қолдана отырып бұл тақырыпты түбегейлi зерттеу уақыты туып отыр.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Ислам дінінің пайда болуынан
бастап, ислам дінінің Қазақстан жерінде таралауы және қазіргі уақыт
аралықтарын қамтиды.
Зерттеу жұмысының мақсаты тақырыбынан көрініп тұрғандай, ислам
дінінің тарихи дамуы, бүгінгі Қазақстан өміріндегі исламның рөлі
мәселелерін ашуда нақты сұрақтар қойып, оған жауап беру; тарихи, рухани
үрдістер дамуын зерттеу барысында қазақ халқының өз деректеріне сүйене
отырып пайымдау; орыс тілді авторлар мен қазақ тілді авторлар еңбегін
салыстырып, екшелеп, зерделей отырып ақиқатты айқындау; Осылайша исламның
Қазақстан тарихындағы орнына баға беру.
Мақсатқа байланысты бұл жұмысқа төмендегі міндеттер қойылған:
1. Ислам дінінде ірі ағымдар пайда болуының тарихи алғышарттарын,
ілімді кім таратқанын айқындау;
2. Мұхаммед және оның исламды құру мен оның эволюциясындағы рөлін
анықтау;
3. Әр замандағы исламның жағдайына, исламның дамуына талдау жасау;
4. Орталық Азияға таралған ислам дінінің ерекшелігін талдап,
зерделеп, анықтау;
5. Иассауи дүниетанымын сопылық iлiмi негiзiнде қарастырып, алатын
орнын анықтау;
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Деректер деректану пәнінің
саралануына сәйкес мұрағат материалдары, заң және іс-қағаз құжаттары,
мерзімдік баспасөз материалдары сияқты бірнеше топқа бөлінеді. Диплом
жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындауда негіз болған
деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырып
отырмыз.
Деректердің бірінші тобына мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық
бағытын қамтитын шарттар мен келісімдердің ішіндегі саяси шарттар құрады.
Мұндай шарттардың қатарына Қазақстан Республикасы ИҚҰ мемлекеттері
арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарттар енеді.
Деректердің екінші тобына сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға
бағытталған, екі және көпжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың
құқықтық базасын құруға бағытталған шарттар мен келісімдер құрайды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шығарған құжаттар жинағы
мен Қазақстан Республикасы Халықаралық шарттар бюллетенінде жарияланып
жүрген шарттар мен келісімдер жатады.
Деректердің үшінші тобына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің ағымдағы мұрағат материалдары құрайды.
Деректердің төртінші тобына Қазақстан Республикасының Статистикалық
Агенттігінің материалдары қолданылады. Статистикалық мәліметтер
мемлекеттердің экономикалық жағдайын және олардың арасындағы экономикалық
ынтымақтастықтың деңгейін көрсетеді. Сол арқылы экономикалық
ынтымақтастықта орын алып отырған проблемалы жақтарға қорытынды жасауға
және оның перспективаларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Деректердің бесінші тобын Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасы
құрайды. Бағдарламада Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен
даму стратегияларында шешімі жақын келешекте жүзеге асырылуы тиісті аса
маңызды міндеттердің қатарына ел экономикасының жақсаруы, оны әлемнің
алдыңғы қатарлы, дамыған елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып дамыту
керектігі айтылады. Стратегиялық бағдарламада біздің жұмысымызға
байланысты еліміздің рухани дамуының перспективасын айқындайтын
басымыдылықтар көрсетіледі.
Деректердің алтыншы тобын Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында, ҚР Сыртқы істер министрі К.Токаевтың
еңбектері құрайды.
Деректердің жетінші тобына бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған
тақырыпқа байланысты құжаттар, ақпараттар, материалдар жатады. Бұған
республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтар
құрайды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеу
барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи
тұрғыдан жазылған көзқарастар басшылыққа алынды. Диплом жұмысының
зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық даму
заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау және
қорыту, жүйелік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи ұстанымдармен
концептуалдық ережелер, танымдық теория негіздері алынды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының тікелей ислам
дініне қатынасы болғандықтан, ислам оның таралуы, генезисі мен
тұжырымдамалар жайлы ғылыми еңбектер баршылық. Осы салада В.В.Бартольд,
В.Ирвинг, О.Г.Большаков, Д.Еремеев, Г.Э.Грюнебаум, Е.А.Беляев, Р.Дозие,
И.Крачковский, В.Соловьев, Ю.Скайлер, И.П.Остраумов, А.Крымский, Х.Абдалати
еңбектерін атауға болады.
Ресейлік шығыстанушы ғалым В.В.Бартольдтың Монғол шапқыншылығы
кезіндегі Түркістан атты классикалық еңбегінен баздің тақырыпқа қатысты
мағұлматтар табуға болады. Х-ХІХ ғасырлардың аяғын қамтитын араб және парсы
жазба деректерінің негізінде жазылған Иран. Тарихи сарап, мәдениет тарихы
мен мәдени дәстүрлердің алмасуы, Ирандағы зороастризм және ислам тағдырына
арнаған Ислам еңбегінің маңызы ерекше. Басылып шыққан еңбектерінің
негізінде қайта жарық көрген ислам тарихына байланысты Ислам және Араб
халифатының тарихы кітабы ғалымның аса бағалы еңбектерінің қатарына
жатады.
Араб әлемінің тарихына, исламның дамуы тарихында Е.А.Беляев еңбектерін
ерекше атауға болады. Оның Мұсылмандық сектанттық атты тарихи очеркінде
ислам секталарына жеке сипаттама беріледі.
Ислам мәселелерін зерттеуге бірқатар Қазақстандық ғалымдар да өз
үлестерін қосты. М.Үсенова мен С.Үсеновтың Дінтану кітабында дінтанудың
тарихымен теориялық мәселелері, яғни ерте замандағы және қазіргі дін
мәселелері, олардың діни ілімі мен құлшылық етудегі ерекшеліктері,
эволюциялық кезеңдері, таралуы, оның ішінде Қазақстан аймағына таралуы,
діндердің бүгінгі жәйі, діндерге сыни көзқарастардың тарихы сөз болады.
Еңбекте буддизм, христиан дінімен қатар ислам дініне де жеке тоқталып, оның
пайда болуы, Мұхаммедтің өмірі, исламның жіктелуі, шиизмнің пайда болуы мен
сүнниттерден айырмашылығына талдау жасалады.
Қазақстан халқын Құран, ислам діні қағидалары, мұсылмандық дәстүрмен
терең таныстырған жеке тұлға ретінде – Халифа Алтай Ғақыпұлының есімін
атауға болады. Шығыс Түркістанның Алтай өңірінде 1917 жылы дүниеге келген
Халифа Алтай, өмірінің 12 жылын Үндістан мен Пәкістанда өткізіп араб, урду
тілдерінде фикһ, хадис және құран тапсырысы саласындағы екі бірдей
медресені тамамдады. 1988 жылы Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды. 1992
жылы тарихи отаны Қазақстанға оралып ислам дінін насихаттап еңбек жазды.
Халифа Алтай Ғақыпұлының Құран әліппесі және имандық шарттары, Ғибадатул
ислам: Діни уағыз, насихаттар, Хұтпалар: Діни уағыз насихаттар сынды
бірқатар танымдық еңбектердің авторы – Өсерұлы Нұралы. Оның Ислам және
қазақтың әдет ғұрпы, Мұсылмандық қағидалары, Мұсылмандық құқық,
Мұсылмандық неке заңдары және тағы басқа еңбектері бар.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Жұмыстың барысында қол
жеткізілген зерттеудің қорытындылары мен ғылыми нәтижелерінің жекелеген
бөлімдері халықарлық қатынастар тарихын зерттеушілер, саясаттанушы,
аймақтанушы және болашақ тарихшы мамандарға осы тақырыпқа байланысты
білімдерін толықтыруға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Диплом жұмысының құрылымы былайша құрылған: екі тармақтан тұратын
бірінші бөлімде исламның шығу тегі, оның пайда болуының әлеуметтік
экономикалық, идеялық алғы шарттары, Исламның жеңісі және ХХ ғасырға дейін
дамуы сараланады.
Екінші бөлім екі тармақшадан тұрады – Тарихи-әлеуметтік орта және
дәстүрлі сенім-нанымдар, Сопылық және Орталық Азияға исламның таралуына
сипаттама беріледі. Исламның Орталық Азияға және Қазақстанға тарауы ұзақ
жылдарға Х ғасырдан ХІХ ғасырға дейін созылды. Бұл жағдай кейбір
дінтанушыларды қазақтар дінді қажет еткен жоқ, ол оларға бөтен еді деген
тұжырым жасауға итермеледі. Бірақ, бұл көзқарас нақты дәлелді емес.
Сондықтан ол анықтай түсуді қажет етеді.
Қазақтардың көшпелі өмір тұрмысы, далалы жерлерде мешіттердің болмауы
исламды қабылдауға кедергі ете алмайтын еді. Өйткені, бұл дін сөзсіз
мешітке келуді міндеттемейді. Ең бастысы көргенді мұсылман болуды, Алла мен
оның елшісі Мұхаммедке шын сеніп, намазды үйде де, далада да – қайда
қолайлы болса, сонда оқып, ырымдарды жасай беруіне болады. Исламның
мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіне, ойлауына қатты енгендігі соншалықты,
ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлерді таза исламдық, діни екендігінен
ажырата қою қиын, сондықтан осы мәселелер диплом жұмысында басқа діндермен
салыстыра отырып исламның ықпалы талданып зерттелген.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде автор ислам мен оның үкімет
билігі, құрылымдарымен ара қатынастарын байыптау Қазақстандағы дін мен
азаматтық қоғам қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата
заңы – Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз
жоғарыда аталғандардың әрқайсысын өз алдына өзінің қызметтерін атқарады,
әрі бір біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің Республикамыздың
азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни ар ождан еркітілігі Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодексіне, Қазақстан
Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы заңдарына
негізделетіндігіне тоқталады.

І. БӨЛІМ ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ

1.1 Исламның шығуы және оның әлемде таралуы

Құдай жер бетінде адамды жаратқаннан кейін оған еркіндік берді. Оның
жіберген елшілері мен пайғамбарлары халықты дұрыс жолға салуға ұмтылды. Бұл
елшілер бірінен кейін бірі халыққа әр түрлі заманда келіп, оларға түсінікті
тілде сөйлеп, уағыз айтты. Елшілер мен пайғамбарлар бір біріне қайшы келген
жоқ, керісінше, бірінен бірі шығып отырды. Пайғамбар деп құдайдың
уакилерін халыққа қасиетті кітап ретінде жеткізіп отырған елшілерді атады.
Ондай қасиетті кітаптар бірнеше - Мұса пайғамбар арқылы жіберілген
Таурат (Ветхий Завет), Дәуіт пайғамбар арқылы жіберілген – Зәбүр
(Псалтырь), Иса пайғамбарға жіберілген Інжіл (Новый Завет) және ең соңғы
пайғамбар Мұхаммед арқылы жіберілген Құран. Ең алғашқы пайғамбар Адамнан ең
соңғысы – Мұхамедке дейін көптеген басқа да пайғамбарлар болды, олар да
халыққа Құдайдан уахи жеткізіп отырды.
Бұл пайғамбарлар мен елшілердің ғажайып мұғжизалар жасауы әркімге
белгілі. Бұл істері жергілікті халықты сендіру үшін жасалынды. Осындай
мұғжизалардың бірі Қасиетті Құран Кәрім болып табылады. Ол кітаптың өзінде
де көрініс тапқан: Бұрынғы пайғамбарлардан кейінгі адамдарға (пайғамбар
келсе біз тәубе етер едік деп) сылтау айтпауы үшін (иланущыларға) жақсы
хабар жеткізуші, (астамшылық еткендерді) ескертуші етіп, тағы да
пайғамбарлар жіберіп тұрдық. Алла ұлы, ол хикмет иесі (4, нисас, 165 а.).
Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен амалдары жайлы көптеген зерттеулер
оның басқа пайғамбарлармен туыстық қатынаста болғанын көрсетеді. Қырық
жасына дейін пайғамбар басқа халықпен бірдей өмір сүріп жүрді. Ол 570 жылы
Мекке қаласындағы құрайш руынан шықты. Әкесі Абдалла ұлы анасының
құрасағында болғанда қайтыс болып кетті. Пағамбар атасы Абдул –Мутталитің
қолында өсті. 6 жасында анасы қайтыс болады. Екі жылдан кейін атасы қайтыс
болып, Мұхаммед ағасы Абу Талибтің қолында өсті. 610 жылы ол өзіне
бағытталған шақыруды естиді. Мұхаммедке түсіне біреу келіп, оқуға бұйрық
береді. Мұхаммед бас тартады. Екінші рет бұйрық естілгенде Мұхаммед: нені
оқу керек деп сұрайды. Ал ол үшінші кезекте он өлеңмен тіл қатты, бұл
Құранның 96 сүресіне айналды.
622 жылы 16 маусымда Меккеде қысымшылық көрген Мұхаммед сенушілерімен
бірге Ясриб (кейіннен Медина деп аталады) қаласына қоныс аударады. Бұл жыл
Хиджра жылы деп аталып, мұсылман күнтізбесі бастау алған жыл болды.
Ислам- Алла Тағала тарапынан жіберілген қасиетті дінге сену және осы
дінде көрсетілген амалдарды жүзеге асыру деген сөз. Құдай осы дінді
пайғамбар Мұхаммед бүкіл адамзатты ізгілік пен жақсылыққа баулысын, Алла
Тағаланың ақ жолы - исламды насихаттасын деп жіберді. Ислам діні нағыз
шыншылдығымен және әділеттілігімен бүкіл әлем таныған әйгілі дін болып
табылады. Бүкіл дүние жүзіндегі 120-дан астам мемлекетте мұсылман қауымы
өмір сүрсе, оның 35-де мұсылмандардың саны жартысынан асып, 90 пайыздан
артық үлесін құрады. Қазіргі кезде ислам дінін ұстанатын адамдардың жалпы
саны бір миллиард үш жүз миллионнан асты деп есептеледі.
Сондықтан да ислам әлемде ең кең тараған әрі беделді діндердің
бірінен саналады. Рухани таза адам ғана өзін күллі жамандықтан, арам
пиғылдан, біреуге қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. Ислам дінінде
экстремизм, терроризм, біреуге себепсіз қастандық жасау уағыздалмақ түгілі,
кез келген қиянатты әрекет пен жағымсыз, ғайбат сөздің өзі зор кінә екені
ескертіледі. Демек, ислам дінінің негізін, оның адамсүгіштік қағидаларын
түсініп, біліп алмай, оны қолдамау не оған қарсылық білдіру нағыз надандық.
Белгілі жазушы Ғ.Мұстафин кеңес дәуірінде біз бұған дейін діншілдікке
қарсы тұрып келдік, енді дінсіздікке қарсы тұратын мезгіл жетті деген
екен. Ислам дінінің қағидалары, Құран Кәрімнің айғақтары, пайғамбарымыз
Мұхаммед сүннәләрі, хадистері, адамды тек ізгілікке, адалдыққа,
адамгершілікке, ізептілікке, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа, рухани тазалық
пен имандылыққа баулиды, тәрбиелейді, шақырады.
Ислам дінінің басқа діндерге қарағанда көп ерекшеліктері бар:
- ислам діні, ең соңғы жаңа дін;
- ислам дінінде зорлау, мәжбүрлік ету жоқ;
- мұсылмандық парыздар мен діни рәсімдер тек дәрет алып, тазалық
сақтау арқылы атқарылады;
- ораза ұстау арқылы адам жан дүниесінің, ағзаларының тазаруына қол
жеткізеді;
- намаздағы жеке элементтер дене шынықтыратын қимылдармен
атқарылатындықтан денсаулыққа пайдасы мол;
- ислам діні діни төзімділікті көздейді.
Американдық ғалым доктор А.В.Филипс ислам дінінің хақтығы туралы үш
дәлел келтіреді:
1. Бірінші дәлелі исламның атында тұр. Ислам дінінің негізін – тек бір
Аллаға сиынды Адамнан бастап барлық пайғамбарлар наисхаттаған,
олардың өздерінің ешқайсысы өзін Құдай санамаған, қайта біз тек
Алланың елшісіміз, үгіттеуші ғанамыз деп ұдайы ескертіп отырған.
2. Басқа діндердің атаулары кейін тағылған, бұрынғы түскен кітаптарда
ол діндердің аты туралы бір де сөз жоқ. Бұл діндерде Алла мен қатар
оның ұлы, не бір бөлшегі делініп, соларға табынуды талап етеді.
Ислам дінінің негізі таухид – бір құдайға ғана табыну.
3. Ислам дінінің хақтығының үшінші дәлелі – оның жалпыға бірдейлігі,
ал сенушілерін нәсілге, ұлтқа бөлмейді. Оның қағидалары тұрмысқа,
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жайлы, денсаулыққа пайдалы,
адамгершіліктің биік үлгілерін уағыздайды, талаптары бәріне бірдей
әділ, топқа бөлу жоқ.
Алла Тағалаға сеніп, иман келтіруде тілмен айтып, жүрекпен бекіту әрі
осыған байланысты амалдарды атқаруда, ғибадаттарды орындауда белгіленген
тәртіп пен ережелер бар. Олар ислам тағылымдары деп аталады. Бұл амалдар
парыз, уәжіб, сүннет, мұстахаб, мүбаһ, харам, мәкрүп болып бөлінеді.
Парыз – Алла Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед арқылы
пенделеріне орындалуы міндет етілген амалдар мен ғибадаттар. Парыз түрлері:
ислам дінінің ақиқаттығына, шындығына, хақтығына сеніп, иман келтіру; күн
сайын белгілі уақытында бес рет намаз оқу; рамазан айында ауыз бекітіп,
ораза тұту; жыл сайын ораза айында малынан және табысынан зекет беру;
қаражаты мен басқа жағдайлары келіп тұрса өмірінде бір рет қажылыққа
Меккеге бару. Бұл амалдар әрбір мұсылман үшін парыз болып белгіленген. Осы
парыздарды орындауда шексіз сауап бар да, орындалмаса үлкен күнә бар. Парыз
екі түрге бөлінеді: парыз ғайып және парыз кифәйә. Парыз ғайып - әр
мұсылманның ислам дініндегі атқарылуға міндетті, өтелуге парыз болып
бекітілген амалдары: иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру,
қажылыққа бару. Кифәйә парыз – кейбір мұсылмандардың атқарған істері немесе
біреуден аманат болып қалған міндеттерді орындау, адамдардың бірі орындаса,
басқаларға міндет болып жүктелмейді (жаназа, намазы, сәлем беру).
Сүннет – Мұхаммед пайғамбарымыз айтқан, өзі орындаған, мұсылмандарға
орындауға міндет еткен әрі Құран Кәрімдегі қағидаларға негізделген діни-
тәрбиелік маңыздағы нұсқаулар және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан
туындайтын даулы мәселелердің шешімдері.
Ислам дініне сенуші мұсылмандар төрт мектепке, яғни мазхабқа бөлініп
кеткен (мазхаб – жол). Оларды белгілі ғұламалар құрған, кейіннен
әрқайсысы солардың атымен аталып кеткен. Алғашқыда көптеген басқа да
мазхабтар болды, бірақ осы негізгі төртеуі оларды ығыстырып тастады.
1. Ханафи мазхабы, негізін қалаушылар – Абу Ханиф (767 ж.қ.б.),
оның шәкірттері Абу Юсуф пен Мұхаммед али- Шайбани. Бұл мектеп
ең сабырлы, білімге бай, ең басынан логикалық, рационалды
ойлаған мектеп болып табылады. ІХ-Х ғасырларда оның тірек
бекеттері Хорасан мен Орталық Азия болды. Бұл мектепке Алтын
Орда хандары мен Ұлы Моғолдар сенді; Осман сұлтанатында бұл
мазхаб мемлекеттік дәрежеге ие болды. Қазіргі кезде оның
сенушілері жер беті мұсылмандарының жартысына жуығын құрайды.
Ол Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Сирия, Балкан
аралдарыда, Индонезияда жартылай таралған. Ресей
мұсылмандарының көбісі және ТМД елдері (Орталық Азия мен
Қазақстан, Поволжье, Орал, Сібір, Қырым, Солтүстік Кавказ –
шешен, ингуш, аварларды қоспағанда, жартылай Әзірбайжан) де
осы мазхабты ұстанады.
2. Маликит мазхабы, негізін қалаушы имам Малик ибн Анас.
Мединеде пайда болып, кейіннен ғана Аравия, Мысыр, Солтүстік
Африка мен Испанияға тарады. Бұл мазхаб пайғамбардың
сахабалары – ансарларға, яғни мединеліктерге байланысты
хадистерге өте көп мән берген. Маликит мектебі рационалистік
сипатта болды. Онда қоғамдық пайда үшін тәуелсіз ойлау
қағидасы ұстанылды. Маликиттердің айтуынша, жамандыққа
әкелетін нәрсенің бәріне тыйым салу қажет, ал жақсылыққа
баулитынның бәріне рұқсат беру керек. Сонымен қатар болып
жатқан өзгерістер нақты айқындалмайынша, өзгеріс деп
саналмайды деп айтқан. Қазіргі кезде бұл мазхаб Солтүстік
және Тропикалық Африка, Судан мен Мысырға тараған.
3. Шафиит мазхабы, негізін қалаушы Мұхаммед аш-Шафии. Бұл мектеп
ханафит пен маликит мазхабтарының негізінде пайда болды,
олардың арасындағы қайшылықтарды жайып, негізгі қағидаларын
ұстанды. Онда Меинедегі пайғамбар сахабалары мен фаликтердің
айтқан сөздеріне, діни білімге көп көңіл бөлінген. Қоғам
пайдасы үшін ойлау қағидасы ұстанады. Қиын логикалық ой-
толғаулар жоқ. Негізінен, бұл мектеп еркін ойлаушылар мен
дәстүрлілер арасындағы орынды иеленді. Өзінің жеңілдігіне
байланысты бұл мазхаб көптеген елдерге тараған: Мысыр, Шығыс
Африка, Малайзия, Индонезия, Сирия, Ливия, Палестина,
Иордания, Бахрейн, Шығыс Үндістан, жартылай Пәкістан, Түркия,
Ирак пен Йеменде; Бұл мектепке сенушілер, сонымен қатар,
Ресейдегі шешен, ингуш, аварларлар болып табылады.
4. Ханбалит мазхабы, негізін қалаушылар имам Ахмад ибн Ханбал,
ибн Таймия. Басында бұл мектептің пайда болуы мутазилит-
рационалистерге қарсы діни-саяси күреске негізделді. Кейіннен
ғана төрт мазхабтың біреуіне айналды. Формальді жағынан бұл
мектеп ханафиттердің барлық догматикалық шешімдерін
қабылдағанымен, ішкі жағынан ол дәстүрлі идеология ретінде
дамыды. Пайғамбар хадистеріне өте көп көңіл бөлінеді. Бұл
мектептің дамуының бір нәтижесі ретінде ХУІІІ ғасырда
вахабиттер қозғалысының пайда болды. Бұрын Ирак, Хорасан,
Сирия, Хиджазда тараған ханбалиттік мектеп, енді тек Сауд
Арабиясы мен Парсы шығанағы елдерінде бар.
Бұл мазхабтар бір бірінен бөлек секталар ретінде дамыған жоқ,
керісінше, бір бірімен байланысып, толықтырып отырды. Оның айқын дәлелі –
мазхабтардың негізін қалаушылар бір бірінен дәріс ұстаздық қатынаста болды.
Мысалы, аш-Шайбани Абу Ханифа, Абу Юсуф пен Маликтің шәкірті болды, аш-
Шафияның ұстазы болды; аш-Шафия, өз кезегінде Маликтен дәріс алып, Ахмад
ибн Ханбалға ұстаздық етті. Әр мазхаб белгілі бір сұрақ төңірегінде жеке
дара шешім шығарды. Мысалы, посткоммунистік кеңістікте кеңінен тараған
сұрақ – Парызды орындамайтын мұсылманға қалай қарау керек?. Ахмад ибн
Ханбал ондай адамды сенімсіз (кәпір) деп санаған, аш-Шафии оны кәпір деп
мойындаған жоқ, алайда оны өліммен қорқытып парызын орындатқызу керек деп
санады, ал Абу Ханифа былай деп айтқан: оны өлтірмейді, керісінше парызын
орындасын деп оған ақыл береді.
Бұл төрт мектеп сунниттік болып табылады, ал шииттер өзіндік діни-
құқықтық бағыттарын ұстанады.
Ислам қазіргі кезде дүние жүзі діни жүйелерінің ішінде ең күштілердің
бірі болып табылады. Оның күші сенушілерінде емес (дүниедегі христиан
немесе буддизм дін өкілдерінің саны мұсылмандар санымен салыстырарлық
жағдайда), жер шары мұсылман қауымының идеялық институционалды құрылымдық
біртектілігінде. Ислам үшін діннің интеграциялық қызметі аса маңызды рөл
атқарады. Қазіргі кезде ислам - әлемінің саяси келбетінің өзгеруі
жағдайында ислами мемлекеттердің дамушы мемлекеттер саясаты мен тактикасын
анықтауда әлемдік діни жүйелердің алдыңғы қатарлы орындарын алып отыр.
Ислам діні бүгінгі күннің ғана емес, сондай-ақ келешектің де діні.
Акирет күніне дейін адамзат баласын тура жолға жетелеп, өзінің жарық
шуағымен жол көрсетіп тұратын ең әділетті, ең қасиетті дін. Ислам ақиқат
пен әділеттіліктің діні болғандықтан ең сенімді жол нұсқаушы әрі жол
бастаушы дін болып табылады.
Дін деген сөздің өзі латынның байланыстыру, қосу деген
етістігінен алынған. Аталмыш құбылыстың аты да діннің мазмұнына сәйкес
келеді, яғни дін адамдарды өз сенімдерін көзге көрінбей өздерін құдаймен
байланыстырып тұрады деп сенеді.
Дін ілімі және оған жақын объективті идеалистік пайымдаулар діни
феноменді мәңгілікпен, құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе деген тезистер
негізінде түсіндірді. Екеуі де дінді дүниедегі тылысым күшпен шығарады. Оны
теология Құдай деп атаса, идеалистік философия трансцендттік абсолюттік
ой деп атайды. Дін ілімнің объективті-идеалистік концепциясы да бар. Бұл
концепция авторы американдық У.Джеймс болып табылады. Діннің шындықты
бейнелеу ерекшелігі, қоршаған ортаны екі бөлікке – табиғи және табиғатпен
тыс ойша жіктеуді, мұнда табиғаттан тыс күшті бірінші қатарға қойып, сонан
соң негізгі бастауды мойындайды. Діннің әдебиетте діннің басты себебі,
тылсым күшке сену деген көзқарас қалыптасты.
Ислам әлемдегі күшті дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Ол Таяу
Шығыста пайда болды. Ислам шығу тегі жағынан иудаизм мен христиандағыдай
қағидалардан және сондай мәдени дәстүрлерден бастау алған. Соған қарамастан
ислам өзгеше, өзіндік ерекшеліктері бар дін. Ерекшеліктің маңыздылығы
сонша, мамандар ислам әлемі және араб ислам өркениеті жайлы жайдан жай
айтпаса керек. Исламның орасан зор рөлін түсініп, бағалау үшін оның алғашқы
әрі негізгі жақтаушысы болған арабтардың ғана емес, оған ғибадат ететін
барлық халықтардың тарихы мен мәдениетіндегі оның шариғаты мен дініндегі
ерекшеліктерін, адамгершілік қағидаларын, оның мұсылмандардың тұрмыс
тіршілігіне әсер ету әдіс терін зерттеу керек. Тарихқа кішкене шолу жасай
отырып, мынадай мәселелерді қарастырған жөн:
1. Исламның шығу тегі: оның пайда болуының әлеуметтік-
экономикалық, идеялық алғы шарттары;
2. Мұхаммед және оның исламды құру мен оның эволюциясындағы рөлі.
3. Исламның Қазақстан аймағына таралуындағы өзіне тән
ерекшеліктері.
Исламды мойындаушылар саны жағынан христиан дінін ұстанатындардан кейін
екінші орынды алады. Ол Таяу Шығыс елдеріне, Солтүстік Африка мен Оңтүстік
Шығыс Азияға кең тараған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына – Орта Азия мен
Қазақстанға, Кауказға, Повольжеге, Сібірге кең тараған.
Ислам біздің дәуіріміздің УІІ ғасырының басында Батыс Аравиядағы
жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған. Ислам пайда бола
бастаған тұста араб қоғамының әлеуметтік құрылымы күрделі де біртекті емес
еді. Арабтардың арасында көшпелілерде, отырықшы тайпаларда болды. Біреулері
малмен, екіншілері жермен, шеберлікпен, саудамен айналысты. Құлиеленушілер
кең дамыған еді.
Араб тайпалары жеке жеке өмір сүрді. Олардың арасында қанды
қақтығыстар жиі болып, нәтижесінден анағұрлым мықты тайпалар әлсіздерін
өздеріне бағындырып, құл етті немесе тұтқында ұстады.
Арабияның барлық аймақтарында У, УІ ғасырларға дейінгі тайпалардың
туыстық қатынастары билік етіп тұрады. Тек УІІ ғасырдың басына қарай
таптық қатынастар түзеле бастады. Арабияның Солтүстік бөлігі мен Хиджаз
арқылы ескі керуен жолы және Ұлы Жібек жолы өтетін. Осында сауда өрістеп,
оның ішіндегі құлдарды сатуда өрши түсті. Мекке сауда орталығына айналды.
Соынмен қатар, ол сол аймақта мекендейтін тайпалық одақтардың діни орталығы
деп саналды. Зам-зам бұлағымен көптеген тайпалардың пұттарын сақтайтын
Хааба да осы аймақта орналасқандықтан бұл қала беделі арта түсті. Әр тайпа
өз құдайларына сиынғандықтан, бұл қаланың басқарушы тап өкілдеріне белгілі
бір дәрежеде сыйлық беріп отыру арқылы сыйынды.
Көптеген арабтар әсіресе көшпелілер бұл уақытта пұтқа табынушы еді,
олар күнге, айға, жұлдыздарға, отқа, ата баба рухына табыну арқылы
өздерінің қай пұтқа табынатындығын білдіріп отырды. Арабияның Оңтүстігінде
фетишизмнің өркендеуін бұл аймақтардағы археологиялық қазбалардың
нәтижесінде табылған үлкен қабырғаларға қойылған тастардың беттеріндегі
бірнеше ою-өрнек, табиғат мәселесіндегі салынған көріністерден байқауға
болады. Сондай қасиетті тастардың бірі болып саналатын бірі қасиетті Мекке
қаласындағы мекен Хаабаның шығу жағынан метеориттік болып табылатын қара
тас. Туыстық және тайпалық құдайлардың пұттарымен қоршалған атақты қара
тасты ежелгі арабтар жоғары құдай символы ретінде қабылдады.
Парсылар мен эфиопиялықтар оңтүстік арабияны басып алып, Арабия арқылы
өтетін керуен жолын кесіп тастады. Бұл өз кезегінде осы аймақта шоғырланған
сауда жолдарының және одан түсетін кіріс мөлшерінің азайып құлдырауына әкеп
соқтырды. Бұл шығынның орнын тек қана сыртқы саясат негізінде, яғни басқа
аймақтарды жаулап алу арқылы ғана толтыруға болатын еді. Ал ол үшін
тайпалар тек саяси жағынан ғана емес, идеялық жағынан бірігіп, бірауыздан
саясат жүргізу идеяларына алып келді.
Панасыз қалып, қуғын сүргінге ұшыраған күшті тайпалық, туысқандық, қандық
жағынан ғана бірігіп қана қоймай көрші тайпалардың қорлығынан қашқан басқа
да бұқара халықты бір ырыққа көндіретін араб көп құдайшылығынан басқа,
анағұрлым рухани әсері мол тиімді шара қажет болды. Сондықтан бір жағынан,
жапа шеккендердің әлеуметтік тенсіздігін бір ымыраға келтіріп, екінші
жағынан, жеке дара жауласып жүрген тайпаларды күшті мемлекеттің қол астына
біріктіретін идея қажет деді. Бұл қоғамдық қажеттілік бір ғана дін астына
бірігуге шақырған уағыздаушылардың, халифтердің іс әрекеттерінен көрініс
тапты.
УІІ ғасырдың басында Арабияда мұндай ішкі және сыртқы саясатты ұстанған
халифтер саны күшейе бастады. Тіпті, әр тайпалық одақтың өз халифі болды.
Олардың арасында келешек пайғамбар ислам теократиялық мемлекетінің ірге
тасын қалаушы жас Мұхаммед ерекше көзге түсті. Мұхаммедтің өмірбаянының
кейбір сәттері, оның уағыздарының арабтар арасында табысқа жетуіне үлес
қосты.
Мұхаммед басқалардан өзгеше Алланы тек өзінің тайпасының құдайы деп қана
дәріптеп, сондай-ақ әлемдік жалғыз құдай жөніндегі идеяның мәнін түсініп,
соған шақыра бастады. Ол барлық адамның Құдай алдындағы теңдігін мойындауға
шақырды. Нашар, кедей тұратындарға байлар өз байлықтарымен бөлісуге
қажеттігін уағыздады, бұл арабиядағы панасыз, аш жалаңаш көпшілік жұрттың
жағдайына сәйкес келетін еді. Ымыраға келу, бір құдайға және жердегі оның
өкіліне ғана берілу, бас ию идеясын байлар мен ақсүйектер жасады.
Сонымен бірге, Мұхаммедтің табысқа жетуіне үлес қосқан өзінің де бірқатар
ерекшеліктері болды. Ол 20 жасынан-ақ әділетшіл деген атақты иеленді.
Оған аралық сот сияқты адамдар өз өмірінде кездестіріп жататын қиын
жағдайлардың ара-жігін ажыратып беруі үшін келіп жатты. Мұхаммед өзінің
уағыздарын өлеңмен жеткізді. Өйткені Шығыста өлеңді өте қадір тұтады.
Сондай-ақ ол талантты қолбасшы болып шықты. Жорықта өмірдің қиыншылықтарын
сарбаздарымен бірге көтерді, пайданы алаламай олармен теңдей бөлісті.
Мұхаммед уағыз айтумен 40 жасқа келгенде ғана айналыса бастады. Дәстүр
бойынша, 610 жылы Мұхаммед өзіне бағытталған шақыруды естиді. Оның қалай
болғандығы жайлы Тауратта да еске алынған. Мұхаммедке түсінде біреу келіп,
оқуға бұйрық береді. Мұхаммед бас тартады. Екінші рет бұйрық естігенде
Мұхаммед: нені оқу керек деп сұрайды. Ал ол үшінші кезекте он өлеңмен тіл
қатты, бұл Құранның 96 сүресіне айналды.
Мұхаммед өзін таңдаған жалғыз құдайдың елшісімін деп жариялады.
Мұхаммедтің аса байлыққа қарсы шыққан уағыздарындағы монотеизм идеясы
алғашында атақты мұсылмандардың арасында табысқа жетті. Әйтсе де жаңа
діннің қолдаушылары көбейген сайын бас саудагер құрайштардан маза кете
бастады, сөйтіп, олар да Мұхаммедтің соңынан ере бастады.
622 жылы діни жанжалдан пайғамбар Хижры жасауға Меккеден Мединеге қоныс
аударуға мәжбүр болды. Осы жылдан бастап мұсылмандар өздерінің жыл санауын
бастайды. Мұхаммед Мединеге мұсылман қауымын құрды, сөйтіп, аз уақыт ішінде
өзін қолдаушылардың саны көптеп өсті. Қоғам өз жарғысын, өз ұйымдасу
әдістерін, бірінші заңдар және діни оқу жайындағы бұйрықтар мен күнделікті
өмірдің ережелерін жасады. Кейін мұсылман қауымның әсерімен оған бүкіл
Оңтүстік және Батыс Араюия бағынды.
630 жылы Мұхаммед өзінің әскерімен Меккені бағындырып, мұнда да исламды
қабылдауға қол жеткізді. Мұхаммед 632 жылы Мединеде қайтыс болды. Бұған
дейін кішігірім мұсылман мемлекеті құрылған еді. Мұхаммед өлгеннен кейін
өкімет оның ізін жалғастырушыларға көшті. Олар солтүстік батыста Испанияға
дейін, Шығыста Үндістанға дейін, оңтүстікте – Үнді мұхитына дейін жазылып
жатқан алып аймақтарды басып алды.
Мұхаммед УІІ ғасырдың басындағы арабтарға қажетті басты жағдайды жасап
берді. Оларды біріктіріп, нашарлап кеткен сауданы сенімсіз араб
мұсылмандарды қасиетті пайғамбардың шындыққа шақыратын ұлы іліміне
қосылуға, тазалық жолын ұстауға нұсқады. Бұл жол ислам нормасына сәйкес
келіп, әскери жорықтан олжа табуға ұмтылдырылды. Осы жол пайғамбардың
тұсында-ақ мұсылман қауымының олжа табудағы ең маңызды көзі болып табылады.
Олжаның бестен төрт бөлігін сарбаздар өзара бөлісті, ал бесінші бөлігі
пайғамбардың кедейлерге, жетімдерге, жалғызілікті адамдарға беруге
арналған еншісі болды.
Дінтану әдебиеттерінде арабтардың исламды таратудағы қарышты табыстарының
себептері жөнінде біркелкі пікір жоқ. Бұл күрделі мәселе, көп жылдардан
бері бұл жөніндегі дау аяқталар емес. Шындығында, Қазақстан, Орта Азия және
басқа аймақтардан алыс жерде пайда болған ислам бұл жерлерде мызғымас
тамырын жайғанын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде бірнеше көзқарастар бар. Оның
бір себебі араб экспансиясында деп көрсетіледі: ислам оқ пен қанжардың
күшімен енгізілді-мыс. Онда арабтар жетпеген жерлерде исламға бас
иетіндерді қалай еске алмаймыз? Мысалы, Африкада, Азияның бірқатар елдері.
Басқа зерттеушілер исламның таралу себебінің сырын Мұхаммед әскерінің
фанатизмінен іздейді. Бірақ, тарихи деректер, Құран және басқа әдеби
дүниелер басқа болжамды жақтайды. Атақты исламтанушы Т.Сандбаев Арабтар
жаңа дінге халифаттың алғашқы онжылдықтарында шын берілді дей алмаймыз. Ол
кезде араб әскерінің негізгі бөлігін бедуиндер құрады, олар Мұхаммедтің
сеніміне кіре алмады. Мұхаммед бедуиндердің шектеліп, көзбояушылық пен
мединелік әулиелікке теңеді және олардың атына бірнеше рет ашуланып сөз
айтты. Бұны мақұлдайтын Құрандағы тиісті сүрелер мен аяттарда келтірген –
4 : 63, 2 : 7, 9 : 68.
Исламға арналған тарихи әдебиетте халиф Омар әскерлердің ислам діні
оқуының негізгі тірегі не екенін білгісі келгендігі жөніндегі дәйектер жиі
келтіріледі. Ол бір жеңісті жорықтан соң түскен олжаны әскерлерінің
Құранның мазмұнын қаншалықты білетініне қарай бөлу жөнінде нұсқау береді.
Бірақ, көптеген сарбаздар Құранның бірде-бір өлеңін білмейтін болыа шығады.
Тек бір сарбаз: Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастайтын деген
қалыптасқан сөзді айтады.
Сондай-ақ бұл жөнінде үшінші көзқарас бар. Ол бойынша, қазақтардың
көшпелі өмірі Қазақстанда исламның кең тарай жайылуына мүмкіндік берген
жоқ. Қазақтар көшпелі өмір кешіп, мешіттер салған емес. Олар пұтқа
табынғандықтан, исламды қабылдай қойған жоқ деседі. Осы тұжырымдардың
бәрінде орынды нәрселер бар. Мысалы, арабтардың Азияны жаулап алуы 673-674
жылдары басталып, сол жолы Амудария арқылы өтіп Бұқараны басып алғаны
даусыз тарихи дәйек екенін жоққа шығаруға болмайды. Арабтар Мавераннахрды
УІІ ғасырдың басында біржола бағындырды.
Арабтардың Орта Азия мен басқа аймақтарды тез жаулап алуының сырын
басқыншылықта қалған елдердің саяси жағынан бөліну мен экспансиясына дейін
шағын мемлекеттердің бір-бірімен қырқысуы, әртүрлі діндердің болуы себеп
болды деп түсіндіреді. Т.С.Сандбаев. Осының бәрі халықтардың бірігіп,
басқыншыларға тойтарыс беруіне кедергі етті. Бұл көзқараспен келіспей
кетуге тағы болмайды. Арабтардың келуі жаулап алған халықтардың өмірлерінің
тұрақтануына, әсіресе, қалалықтарды көшпелі тайпалардың шабуыл қаіптерінен
арылтты. Жергілікті феодалдық княздіктердің жойылуы, орталық мемлекеттің
құрылуы саудагерлердің көптеген патшаларға мүдделігінен құтқарады.
Сөйтіп, сауданың өркендеуі мен географиялық аймағының ұлғаюына жол ашылды.
Әрине, халықтың бұл бөлігі исламды құрмет тұтса, ислам оларға рақымды
болып, саудамен айналысуына мүмкіндік жасайды. Феодалдар да жаңа діннің
артықшылығын тез байқайды.
Бір жағынан жаулап алушылар олардан басқалардан артықшыларын түсірмей,
қайта мемлекетті басқаруға тартты, оларға сүйене отырып, алдағы уақытта да
байи берулеріне мүмкіндік тудырды.
Исламның Қазақстанға тарауы ұзақ жылдарға Х ғасырдан ХІХ ғасырға дейін
созылды. Бұл жағдай кейбір дінтанушыларды қазақтар дінді қажет еткен жоқ,
ол оларға бөтен еді деген тұжырым жасауға итермеледі. Бірақ, бұл көзқарас
нақты дәлелді емес. Сондықтан ол анықтай түсуді қажет етеді. Ең бастысы,
исламды қабылдаудың жеңілі еді. Бір Алладан басқа құдай жоқ. Мұхаммед
Алланың елшісі деп тіл қатса болды, адам мұсылман болып шықты.
Ислам Қазақстанға қылыш пен оқтың арқасында енген жоқ. Сөйте тұрса да бұл
жерде осы діннің қажеттілігі байқалады. Қазақтардың әлеуметтік-
экономикалық, саяси және рухани даму деңгейі арабтардың исламды тарату
кезеңіне дейін бірдей болмаса да, соған жақын, ұқсас екені белгілі.
Қазақтардың синкретикалық ерекшелігі исламды қабылдап, діни оқуға және
исламға табынуға түрткі болды.
Ислам өзіне дейінгі бағынған халықтар арасында болған діндер мен
сенімдерге қарсы күресіп, олардың жақсы қағидалармен дәстүрлерін меңгеріп,
бойына сіңірді. Сондықтан да ислам әр жерде өзіміздің ұлттық құдай
ретінде қабылданды. Қазақтар да мұндай ерекшеліктер бола қойған жоқ.
Қазақтардың көшпелі өмір тұрмысы, далалы жерлерде мешіттердің болмауы
исламды қабылдауға кедергі ете алмайтын еді. Өйткені, бұл дін сөзсіз
мешітке келуді міндеттемейді. Ең бастысы көргенді мұсылман болуды, Алла мен
оның елшісі Мұхаммедке шын сеніп, намазды үйде де, далада да – қайда
қолайлы болса, сонда оқып, ырымдарды жасай беруіне болады. Исламның
мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіне, ойлауына қатты енгендігі соншалықты,
ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлерді таза исламдық, діни екендігінен
ажырата қою қиын.

1.2. Исламның жеңісі және ХХ ғасырда дамуы

Бүгінгі күні ислам дінін ұстанушылар саны христиан дініндегілерден
кейінгі саны жағынан екінші орынды иемденеді. Әлемдегі мұсылмандардың саны
миллиардқа дерлік жетеді. Дүние жүзінің 120 мемлекетінде мұсылман қоғамдары
бар және оның отыз бесінде халық санының басым көпшілігін мұсылмандар
құрайды. Азия және Африка елдерінің жиырма сегізінде ислам діні мемлекеттік
дін болып саналады. Бүгінгі күні бұл мемлекеттердің барлық салаларына ислам
өз ықпалын жүргізіп отыр. Мұндай құбылыстың кеңінен таралуын америка және
еуропа ғалымдарының пікірінше: мұсылман дінінің өмір талаптарына
жұмсақтығы, исламның жас дін болуы, діннің қарапайымдылығы мен жеңіл
қабылданатындығы, мұсылман тұлғасын қалыптастыруда толығымен діннің жауап
беретіндігі.
Мамандардың пікірінше, өмірсүргіштігі мен жұмсақтығы, ол өз бағытын
шығыс елдерінің ұзақ уақыт бойы отарлық езгіге қарамастан төтеп бере
алуында.
Ислам діні жас болып табылады, яғни басқа діндерден кейін пайда
болғандықтан, өзінің мүмкіншіліктерін әлі де болса толық қанды пайдаланып
болмаған. Ислам тек қана сенім ғана емес сонымен қатар экономикалық және
әлеуметтік құрылымда, күнделікті өмір салтында, жан- ұяда өз ықпалын
тигізеді. Шариат құқықтық қана емес құлылықты анықтайды. Яғни, бұл
көрсетілген көз-қарастардың жиынтығы мұсылманның жүріс-тұрысы мен қатар көз-
қарасын анықтайды. Ислам дінінің пәлсәпасы басқа діндермен салыстырғанда
қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Дінді насихаттау әр кезде де болған, ал
оның ХІХ ғасырда кең өріс алуы миссионерлік саясатқа байланысты. Діни
ағартушылық шоқындыру саясаты мен дүмешілікке реакция ретінде және жаңа
озық мәдениетті кіргізу мен иманды сақтау мақсатында пайда болды. Діни
ағартушылар исламның қоғамның рухани дамуына, қоғамдық оймен тұтастай қазақ
мәдениетіне деген ықпалын реалды бағалады. Діни ағартушылықтың сипаты мен
ықпалы қазақ халқын дінмен тұншықтырудан гөрі оның ары қарай дамып
өркендеуі мен рухани трансформациялануына көмектесті. Әртүрлі сыртқы
идеологияға түсіп кетпегн дінде шынайы ағарту құралы олар үшін ар-ождан,
ман, ғылыммен әрқашанда бірлікте. Діни-ағартушылар қазақ философиясындағы
адамның даралығы туралы гуманистік идеяны жалғастырып рухани бостандық үшін
күресті. Шын мәнісінде, рухани бостандық әр адамның, халықтың ең үлкен
мақсаты, ата-бабамыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Түркілердің сенім негіздері
Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Дала жолы
Жібек жолының пайда болуы
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Жібек жолының қалыптасуы
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Пәндер