Қызылорда қаласының антропоген жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКЗОГЕНДІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Қызылорда қаласының географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жер бедерінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Геология құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.5 Гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.6 Топырақ.өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

2. АНТРОПОГЕНДІК БЕДЕР ТИПТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Өнеркәсіп өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.2 Көлік жүйесінің қарқынды дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.3 Коммуналдық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
2.4 Құрылыс жүйесінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

3. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ
3.1 Қаланың табиғи ортаға тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.2 Қызылорда қаласының қазіргі экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...52
3.3 Қала аймағындағы экологиялық тәуекел дәрежесінің кеңістік
айқындалулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
3.4 Қоршаған ортасының экологиялық тұрақсыздандырылу қауіпіне
кешенді баға беру және аудандастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ АНТРОПОГЕН
ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ

Орындаған:
4 курс студенті ___________________________________ ___ Б.О.Омарова

Ғылыми жетекші:
г.ғ.к, доцент ___________________________________ ______ А.Ғ.Көшімова

Бақылаушы:
г.ғ.к, доцент___________________________________ _______.А.Ғ.Көшімова

Қорғауға жіберілді:
“ ”____________ 2006 ж
кафедра меңгерушісі:
г.ғ.к, доцент.___________________________________ ______ Р.Т.Бексеитова

Алматы
2006

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қызылорда қаласының антропогендік жер бедерінің
қалыптасуы және оның аудандастырылуы.
Жұмыстың мақсаты: Қызылорда қаласының антропогендік бедер түзуші
факторларының қалыптасуын және оның аудандастырылу ерекшелігін анықтау.
Жұмыстың міндеті:
● Қызылорда қаласының экзогендік бедер түзуші факторлары.
● Антропогендік бедер типтерінің қалыптасуына әсер етуші факторлар.
● Қаланың қазіргі экологиялық жағдайы.
Зерттеу нысаны: Қызылорда қаласының антропогендік жер бедерінің
қалыптасуы және оның аудандастырылуы.
Зерттеу әдістері: Жұмысты орындау барасында ғылыми әдебиеттер, карталық
әдебиеттер, статистикалық мәліметтер қолданылды.
Жұмыс көлемі: Жұмыс кіріспеден, мазмұннан, үш тараудан, қорытынды және
қолданылған әдебиет көздерінен құралған. Жұмыс 72 парақтан, 19 кестеден, 7
карта сұлбадан тұрады.
Кілттік сөздер: экология, геоэкология, антропоген, микрорельеф,
гидрогеология, грунт, өнеркәсіп, дефляция, эрозия т.б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКЗОГЕНДІ БЕДЕР ТҮЗУШІ
ФАКТОРЛАРЫ
1.1 Қызылорда қаласының географиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жер бедерінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...7
1.3 Геология құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 9
1.4 Климат
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .13
1.5
Гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.6 Топырақ-өсімдік
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

2. АНТРОПОГЕНДІК БЕДЕР ТИПТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА
ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Өнеркәсіп
өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...35
2.2 Көлік жүйесінің қарқынды
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.3 Коммуналдық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .44
2.4 Құрылыс жүйесінің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . ..46

3. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ
3.1 Қаланың табиғи ортаға тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .47
3.2 Қызылорда қаласының қазіргі экологиялық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ...52
3.3 Қала аймағындағы экологиялық тәуекел дәрежесінің кеңістік

айқындалулары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .55
3.4 Қоршаған ортасының экологиялық тұрақсыздандырылу қауіпіне
кешенді баға беру және
аудандастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .71

КІРІСПЕ

Қызылорда қаласы Республикамыздың оңтүстігінде орналасқан, ең алғаш
1817 жылы Ақмешіт қорғаны ретінде құрылған. Кейіннен бірнеше рет
өзгертіліп, 1925 жылы Қызылорда деп аталады. Қызылорда қаласының ауданы 821
шақырымға тең. 1996 жылдан бастап Қызылорда қаласы “Қызылорда арнайы
экономикалық зонасы” құрамында. Ол 1996 жылы 8-ші қазанда Қазақстан
Республикасының Президенті Өкімімен құрылған.
Физикалық – географиялық жағдайда бұл территория төменгі Сырдария
провинциясының Тұран жазықты еліне жатады. Қаланың климаты континентальды
және құрғақ. Табиғи экологиялық жағдайына байланысты территория Қызылорда
оазисына (алқабына) жатады, ол ежелгі атыраулы жазықтықты құрайды.
Қызылорда қаласының экологиялық қолайсызығы өткір ғаламшарлы проблема
болып табылады. Қала – адам өмірінің ортасы, сондықтан да оны зерттеуде
әлеуметтік – экономикалық және экологиялық проблемалардың кешенді анализі
қажет.
Қызылорда қаласының территориясының геморфологиясы едәуір қарапайым.
Мұнда 123 метрден 132 метрге дейін, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа,
Сырдария өзенінің ағысымен шамалы ғана көлбеу келген, тегіс дерлік
жазықтық дамыған. Жазықтықтың шеткі аймақтарында, биіктігі 10 метрге дейін
жететін, ұсақ адыр-бұдырлы және сусымалы құмдар бар.
Осы заманға антропогендік әрекет нәтижесінде шоғырлағыш бедер қатты
бұзылған: өзен террасаларының айтарлықтай учаскелеріне, қала
инфроқұрылымына құрайтын, құрылыс объектілері салынған; мұнда өнеркәсіп
объектілері тұрғызылған; жолдар жүргізілген; өзеннің құрғаған арналары
арнайы тереңдетіп қазылып, тұрақты істеп түрған арықтарға айналдырылған.
Қызылорда қаласының табиға бедері, көп бөлігінде қалалық, өнеркәсіптік және
басқа да құрылыстардан көрінбейді. Бұдан басқа қала территориясындағы
жазықтық бедер ирригациялық жүйемен, бөгеттер мен бөгеулердің маңындағы
терең жыралармен, жол құрылыс жұмыстарын өткізу учаскелеріндегі дефляция
ошақтарымен қиындатылады.
Қызылорда қаласының табиғи ортасының ластанының негізгі көздеріне
табиғат кешендерінің ластануы, көлік трансфорттарының улы газдары,
өнеркәсіп орындарынан шығатын әртүрлі қалдықтар жатады. Қаладағы ластану
деңгейін анықтаушыға, ластанудың стационарлы көзі жатады. Осы зерттеу
жұмысында Қызылорда қаласының экологиясына әсер ететін табиғи кешендердің
жағдайын, қаланың табиғат ортасына антропогенді факторлар жағдайлары
қарастырылған.
.

1. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКЗОГЕНДІ БЕДЕР ТҮЗУШІ
ФАКТОРЛАРЫ

1.1. Қызылорда қаласының географиялық жағдайы

Қызылорда (Ақмешіт) қаласы осы аттас обылыстың орталығы. 1817 жылы
керуен жолы үстінде Ақмешіт ауылы ірге көтерген. 1853 жылдан форт Перовскі
аталады. 1917 жылы 30 қазанда кеңес өкіметі орнап, ежелгі Ақмешіт аты
қайтарылады. 1925 жылы Қызылорда аталып Республика астанасына (1925-1929
ж.ж) айналуы қала тарихының ең елеулі кезеңі саналады.
Қала Сырдария өзенінің төменгі ағысында оң жағалауда, 65(35¹ шығыс
байлықпен 44º 51¹ солтүстік ендікте, Балтық теңізі деңгейінен 126-130 метр
биіктіктк орналасқан. Қала территориясы өзенді бойлай оңтүстік-шығыс
солтүстік- батысқа қарай қисық төрт бұрыш формада жатыр. Қаладан
оңтүстіктен ені 10 – 60 км болатын үлкен Қызылқұм шөлі созылып жатыр, ал
50 км солтүстіктен өсімдік атаулыдан жұрдай. Арыс-құм құмына қосылатын
Дариялық – Тақырлар. Қала Сырдария өзенінің ежелгі дельтасының жоғарғы
бөлігінде орналасқан.
Қала территориясының жер көлемі 3683 га (1956). Ал қазіргі қала
территориясы кеңейіп өсіп барады. Тасбөгет, Белкөл т.б территориялар
қосылды. Қала территориясының жер көлеміның 17,0 га бөлігін темір жол торы
алып жатыр, сонда қала үлесіне 3513 га жер тиіп жатыр. Оның ішінде
транспорттың көшелер 165 га, қала бақтары мен демалыс орындарына 19 га,
жасыл алқапқа 51 га жер тиеді.
Қала құрамындағы ірі ықшам аудандардың бірі, Тасбөгет қыстағы. Ол қала
бойынша су жүйесі әкімшілік – басқарма орталығы. Бұрынғы ескі аэропорт
аумағында жаңа шағын аудан бой көтеруде. 1901-1905 жылы осы өңір арқылы
Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы қаланың қарқынды дамуына себеп болды.
1999 жылғы санақ бойынша қала халқы 157364 адам.

1.2. Орографиясы

Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Қала
жазық жер бедерде жатыр.
Бірақ, К.Ахметовтың (1956) жазуынша Сырдария өзенінің төменгі ағысы
бойындағы аллюийлі жазықты зерттеп қарағанда, ол жердің сәлде болса өзен
бойымен оңтүстік – шығыстан солтүстік – батысқа қарай еңес екенін байқауға
болады. Жазықтың еңістеуі тек қана сыртында солтүстік батысқа қарай теңіз
деңгейінен 126 м биіктікті көрсетеді. аллювийлі жазықтың ең көтеріңкі жері
өзен аңғарының шеткі бөлігі, сөйтіп ол жерден өзен арнасына қарай
біртіндеп төмендейді. Қаланың ең абсолют биік жерлері 128,75 – 130 м
көрсетеді. Ол жерлер мал базарының орталығы мен солтүстік бөлігі, жол
басқармасы ғимараты ауданында, Некрасов пен Першин көшесінің жартысы,
қаланың шығысындағы мұсылман зираты ауданы. Жеке территориялардың
салыстырмалы бийіктігі 2 метрден аспайды.
Жалпы жер бетінің еңістеуі оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай,
Сырдария өзенінің ағысын қуалай төмендейді. Яғни, қала территориясында
биіктігі 130,0 м болатын, меридиан бағытында жатқан екі жайпақ үйілімді
айтуға болады. Оның біріншісі қазіргі әскер бөлімшесі орналасқан жер
немесе ескі қорғаннан базар бағытында болса, екіншісі: қаланы суландырып
тұрған Сарқырама каналын бойлай өтеді. Осы каналдан оңға және солға қарай
жер бедерінің төмендеуі 1-2 метрге дейін байқалады. Қала маңы жер бедері
өте өзгермелі, әсіресе Белкөл, Тасбөгет жағы, ол жерлерде көшпелі құм
төбелер көп. Олар қалаға ентелеп келеді.
Жазықтар мен ойтпаттар. Облыс Тұран ойтпатының жазықтау келген кең
байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың көп бөлігі сырдария, Сарысу баяғы
замандағы Қызылқұмды кең кесіп өткен Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария
өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс территориясынан
ағып өтетін Сырдария өзенінің бойында тарихи деректер көрсеткендей екі
үлкен қазан шұңқыры, ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген
шөгінділерімен толтырылған. Себебі, ол Кезде бұл өзендер арнасы толып, екі
жиегін шайып құлата ағып, көп лайлы – құмды ала келген. Осыдан Қызылорда
қазан шұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып қазіргі рельеф формасы
қалыптасқан. Ол аймақ оңтүстік – шығысында Қаратау, оңтүстік – батысында
Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең
жайылып жатыр. Қазан шұңқыр майда тас аралас құммен саздан, құмшық пен құм
аралас шөгінділермен толтырылған. Облысымыздың солтүстік – батысымыздағы
екінші қазан шұңқырда – Арал теңізі орналасқан. Қазан шұңқырдың батысы және
солтүстік жағалауы тік болып келеді, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы –
қайраңды, құмды, кей жерлері тайыз келеді. Бұл теңізге, қазан шұңқырға
құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сол сияқты желдің әрекетінін
өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде
жауын – шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзеді.
Жер бедерінің өзгеруіне ауылшаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаған
гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды, ол жерлерге су жеткізу
мақсатында жасанды – каналдар қазылды. Оларға 1966-68 жылдары салынған
“Айтек” магистральды каналы (80км), Келінтөбе каналы (90км), Қызылорда су
торабының сол жағадағы магистральды каналы, Шиелі – Телікөл каналдарын
жатқызамыз.
Бикесары жазығы. Шаруашылық мәні біршама, жеткілікті, өсімдік
жамылғысы бар ежелгі төбешік, құмдар кең таралған жазық. Бикесарыға
қатарлас дариялық тақыр жатыр. егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалана
алады.
Жаңадария жазығы 1848,25 мыңга жерді алып жатар. негізгі топырақ
жамылғысы- тақыр тәріздес. Сорлау, сортаңды, сор топырақтардан тұрады, құм
топырақ бетін жауып жатыр, желдің үрлеген жерлерінде ойдым – ойдып
тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақтықтан жайылымы да
құнарсыз. Ал оңтүстік – шығыс бөлігінде сорланбаған топырақ бар, мұнда
суармалы егіншілік дамытуға қолайлы.
Қуаңдария жазығы. 621,25 мыңга жерді алып жатыр. Біршама тегіс жазық.
Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін өте
қажет, көктемде - қыста жайылымы ретінде пайдаланылады. Жер асты артезиан
суын пайдаланып, жердің сулануын қамтамасыз етуге болады. Сол сияқты Айкөл
жазығы, Қос көңнің жазығы, Кесік қырдың жазығы деген жерлер де бар.

Төбелер мен қыраттар. Жазық далада әр жерде жатаған, жусан өскен шағыл
құм төбелер мен жал – жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар
Қуаңдария мен Жаңадария аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде
жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Қарақ, Жосалы,
Жетітөбе, Қостөбе, Көксеңгір т.б бұл төбелердің биіктігі 60 пен 80 метр
аралығында кездеседі. Кейбіреулері желдің үру әсерінен тік жарлы шоқылар
құрайды. Сондай-ақ обылыс жерінде ертеден қалған тарихи топырақ
қорғандардың орындары көп – Ордакент, Сығанақ, Асарлар – Жалпақ асар, жеті
асар, Құм қала, Шірік Рабат т.б.

Қаратау. Алып жатқан ауданы 715,75 мыңга, Жаңақорған, Шиелі
аудандарына солтүстік- батыс шеті еніп жатыр. Қаратаудың солтүстік тау
баурайы онша биік емес, ең биік жері (салыстырмалы) 180-300 м аспайды. Бұл
жерлерге тән негізгі өсімдік баялыш көктемде наурыз, сәуір, мамыр
айларында өсіп гүлдеп ұрығын шашатын қызғалдақтар тау етегіне әсем көрік
береді. Өсімдің негізінен Эфемерлер, топырағы сұр-қоңыр. Тау беткейінен
жоғарылаған сайын (300-500м) сұр-қоңыр топырақ қиыршық тастанып, гипсті
және боз – сұр тартады. Жусан мен баялыш аралас келеді. 500 метр
биіктігінде топырақ түсі өзгергенін бақылауға болады. Биіктеу барысында
боз қызыл-қөңыр, құнарсыз, қйыршық тас басқан, кей жерлерде қызыл-қоңыр
топырақ кездеседі. Тау баурайы мен өзен шатқалдарында қалың бұталар,
жыңғылды тоғайлар кездеседі. Бұл жерлер көктемгі жайылымға пайдаланылады.
Қаратау етегінен Бес арыс, Жиделі, Ақ үйік өзендері ағып шығады. Бұлардың
жолында су бөгендері салынған, ол ауыл шаруашылығында су реттеп отырады.
Арал маңы Қарақұмы. 1783 мыңга жерді алып жатыр. Арал теңізінің
солтүстігінде жатқан құм төбелер. Оның жайылымдық маңызы зор. Топырақ
жамылғысы сорлар менқұм араласып жатыр. Осындай – осындай Арысқұм ( 204,75
мыңга) Жуанқұм (287 мыңга), Бозшоқы құмы (601 мыңга), Үлкен және Кіші
Борсық құмдары, Аралдың құрғаған табанына көтерілген тұзды төбелер т.б
обылыс байтағында кездеседі.

1.3 Геология құрылымы

Табиғи-экологиялық күйде Қызылорда қаласының территориясының
геологиялық құрылымы маңызды рөл атқарады. Жыныстар литологиясы бедер
ерекшелігін, жер асты және топырақты сулардың қалыптасу ерекшеліктерін
анықтап, топырақ құрылуының анықтаушы факторы болып табылады. Антропогендік
факторлардың ландшафтық литогендік негізіне әсері техногенез процесіндегі
геологиялық фундамент пен бедердің тұтастылығының бұзылуымен байланысты.
Бұл дегеніміз, алдымен бедер күйіне, жер асты суларға, топырақ, биота, экзо-
динамикалық процестер (білдіру, көрсету) әсер ететін, қоршаған ортаның
экологиялық дестабилизациясына нақты қауіп-қатер төндіретін литогендік
ортаның өзгеруі.
Қызылорда қаласының территориясы Сырдария ойпатының орталық бөлігінде
орналасқан. Осы жазық дерлік депрессиясының жоғарғы палеозойлық жасы бар
және Тұран плитасының құрылымдық бөлігі болып табылады. Ойпаттың орталық
бөлігінде, Қызылорда қаласының территориясында, палеозой фундаменті 600-800
м тереңдікте орналасқан.(2-сурет)
Ұзақ геологиялық тарих бойына Сырдария ойпаты терригендік материалдың
шоғырлану облысы болып есептелді. Ежелгі, қиын орналасқан палеозой
фундаменті теңізді шөгінді жыныстармен және Сырдария өзенінің атыраулы-
аллювиальды шөгінділерімен жабылған. Бұл қатпарлы қалыңдық мезо-кайнозойлық
және төрттік жастағы тозаңды саз балшықтан, саз бен құмнан тұратын тау
жынысынан, құмдасын қыртыс және ұсақ дәнді құмдардан тұрады.
Континентальдық ұсақ дәнді құмдардың қабатшалары бар ала түсті саз
балшықтармен көрсетілген, мел жүйесінің тұнбалары мезозой эрасының
шөгінділерінен кең тараған. Төрт қабатпен көрсетілген, көбінесе жоғарғы мел
жасындағы шөгінділер қалыңдығы 140-150 м құрайды. Оларға жер асты сулардың
негізгі су тұтқыш қабаттары тураланған. Жоғарырақ тереңдікте жатқан неоген
жүйесінің континентальдық шөгінділері, плиоцен жасындағы 60 м-ге дейінгі
қалыңдықтағы құм-сазды жыныстар қабатымен көрсетілген. Сырдария өзені
сағасының шоғырланған жазықтықтың құрылуының кейінгі геологиялық
процестердің өзгешелігін айтарлықтай анықтаған жер бетінің жазықтығы, атап
айтқанда, неогенде біржолата құрылды. Жоғарынан негізгі жыныстар, қалыңдығы
70-80 м, құм, құмдасын қыртыс, саз бен құмнан тұратын тау жынысымен
көрсетілген, төрттік жастағы шөгінділермен жабылған. Геологиялық құрылымның
әр түрлілігі гидрогеологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Мұнда, Қызылорда
қаласын сумен жабдықтауда маңызды рөл атқаратын, бірнеше су тұтқыш
қабаттары кездеседі.
Геологиялық құрылым Қызылорда қаласының урбажүйесінің осы заманғы
экологиялық қасиеттерін белгілейді. Мұнымен бедердің жазық болуы және
территорияның аздап құрғатылуы, мезо- және микробедердің эрозиондық
түрлерінің, топырақ суларының, Қызылорда қаласының территориясының
ландшафты құрылымының бар болуы сияқты маңызды табиғи-экологиялық
қасиеттері байланысты. Осыған байланысты, осы заманғы Сырдария өзенінің
сағасының бедерінің (Қызылорда қаласының территориясын қосып) құрылу
кезеңдерін талқылау, өзіне белгілі назар аударады.
Жоғарыда айтылғандай, Қызылорда қаласының территориясының бетіндегі
шөгінділер, Сырдария өзенімен байланысты шоғырланған шөгінді жыныстардың
кешенімен көрсетілген. Өткен заманда Сырдарияның жер бедерін түзу
потенциалы аса маңызды болды. Осыған байланысты Қызылорда қаласының маңында
қалыңдығы едәуір аллювиальды шөгінділер жинақталды. төрттікке дейінгі
уақытының тектоникалық жылжымалылығымен байланысты, аллювиальдық
материалдың шоғырлануының екі кезеңінің нәтижесінде Орталық Тұранның байтақ
жазықтықтарында Сырдария өзенінің ежелгі аңғары құрылды.11
В.М.Боровскийдің мәліметтері бойынша11, бірінші (кельтеминар) кезеңінің
басы шамамен төрттік уақыттың ортасына жатады. Шөгінділердің жинақталуы
Сырдария өзенімен іске асырылды. Кельтеминар атырауының құрылуынан кейін
өзен суының ағып кетуінің кенет азаюы пайда болды, аллювий желмен өңделіп,
биіктігі 15-30 м-ге дейін жететін құмнан төбе тізбектерін құрды. Голоценде
суландыру мен аллювий жинақталуының екінші кезеңі орнады. Бұл уақытта құм
төбе тізбектерінің жарым-жартылай өңделуі мен електенген кельтеминар
аллювийінің көмілуі өтеді. Сырдария өзенінің төменгі ағысының көп бөлігінде
жаңа (яксарт) аллювийі ежелгі електенген құмдардың үстіне жатады.
Қызылорда қаласының территориясында мезо-кайнозой жасындағы құм-сазды
шөгінділердің басымдылығы айтарлықтай экологиялық рөл атқарады. Бұл
жыныстар су мен жел эрозиясы процестеріне жеңіл ұшырайды. Олар жер асты
және топырақты (грунт) суларға су сыйғызушы болып табылады:
сортаңданған топырақта (грунт) гидроморфты топырақтар, сортаң
топырақты айырмашылықтар қалыптасады. Берілген шөгінді жыныстар ағынды
суларды тез құрғатады.
Осы заманғы аллювиальды жазықтық, Сырдария өзенінің қуатты эрозиялы-
шоғырлағыш әрекетінен, плейстоценде қалыптасты. В.М.Боровский мәліметтері
бойынша, осы жазықтық Қызылорда қаласының маңында теңіз деңгейінен 123-132
м биіктікте жатыр11. Сонымен қатар, осы заманғы бедердің қалыптасуына
дефляционды-шоғырлағыш фактор да қатысты. Жергілікті эрозия, құмның ұшыруы
және үрлеу шұңқырларының пайда болуы айтарлықтай орын алады. Осы
процестердің нәтижесінде Қызылорда қаласының территориясында бедердің
бірнеше генетикалық түрі қалыптасты. Оларға жататындар: Сырдарияның төменгі
және жоғарғы жайылмасы (бедердің шоғырланған түрі) және эолды құмды
жазықтық (бедердің эол түрі). Құмдар өсімдіктермен біршама жақсы бекітілген
болса да, күшейген жел әрекеті құмдардың ұшыру процесіне және бедердің эол
түрінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Қызылорда қаласының территориясының геоморфологиясы едәуір қарапайым.
Мұнда 132 м-ден 123 м-ге дейін, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа,
Сырдария өзенінің ағысымен шамалы ғана көлбеу келген, тегіс дерлік жазықтық
дамыған. Жазықтықтың шеткі аймақтарында, биіктігі 10 м-ге дейін жететін,
ұсақ адыр-бұдырлы және сусымалы құмдар дамыған. Олардың арасындағы
төмендеулерде – ежелгі өзен тармақтарының қалдықтары – сорлар мен кішігірім
көлдер кездеседі. Қызылорда қаласының маңында Сырдария өзені өте айналмалы,
мұнда өзеннің ескі арналары мен бедердің батпақтанған төмендеулері жаппай
кездеседі. Барлық территорияда, эол процестерімен өңделген, ежелгі
арнатәрізді төмендеулер (өзен адасуының желпуіштері), арна маңындағы
дуалдар көрінеді. В.М.Боровский бойынша, Қызылорда қаласының
территориясының осы заманғы геоморфологиялық құрылымын, келесі түрде
көрсетуге болады. Мұнда Сырдария өзенінің 3 террасасы көрсетілген. Осы
заманғы өзен жайылмасы өзен урезінен 2-3 м абсолюттік биіктікте, оның ені 5-
6 км шамасында. 1-ші жайылма үсті террасаның үстінде Қызылорда қаласының
басым бөлігі орналасқан, оның биіктігі 5-6 м. Ең жоғарылауы, Сырдария
өзенінің 2-ші жайылма үсті террасасы, өзен урезінен 12 м-ге көтеріліп тұр,
ені 20-25 км-ге жетеді. Оның үсті күшті эол өңдеуіне ұшырады және ол
негізінен ұсақ адыр-бұдырлы және сусымалы құмдардан тұрады.
Осы заманғы антропогендік әрекет нәтижесінде шоғырлағыш бедер қатты
бұзылған: өзен террасаларының айтарлықтай учаскелеріне, қала
инфрақұрылымына қарайтын, құрылыс объектілері салынған; мұнда өнеркәсіп
объектілері тұрғызылған; жолдар жүргізілген; өзеннің құрғаған арналары
арнайы тереңдетіп қазылып, тұрақты істеп тұрған арықтарға айналдырылған.
Қызылорда қаласының табиғи бедері, көп бөлігінде қалалық, өнеркәсіптік және
басқа да құрылыстардан көрінбейді. Бұдан басқа, қала территориясындағы
жазықтықты бедер ирригациялық жүйемен, бөгеттер мен бөгеулердің маңындағы
терең жыралармен, жол-құрылыс жұмыстарын өткізу учаскелеріндегі дефляция
ошақтарымен қиындатылады.
Қызылорда қаласының литогендік ортасы қарастырылып отырған
территорияның экологиялық күйіне көзге түсерлік әсер тигізеді.

1.4. Климат ерекшелігі

Зерттеліп жатқан территорияның климаттық жағдайлары, жер бетіндегі және
жер асты сулары, Қызылорда қаласының экологиялық жағдайын анықтайтын,
маңызды құрамдық бөліктері болып табылады. Б.П.Алисовтың климаттық
аудандастыру схемасы бойынша, қарастырып отырған территория қоңыржай
климаттық белдеуінің континенттік солтүстік-Тұран климаттық облысында
орналасқан1.
Қызылорда қаласының климаты континенттігімен және құрғақшылығымен, буға
айналушылықтың жоғарғы шамасымен сипатталады. Бұл, қарастырылып отырған
территорияның осы заманғы экологиялық күйінің қалыптасуында, климаттық
факторлардың үлкен рөлін дәлелдейді.
Қызылорда қаласының табиғи-экологиялық жағдайлары көбінесе Күн
радиациясының шамасына тәуелді. Қызылорда қаласы үшін Күн радиациясының
жоғарғы жылдық үдемелі қарқындылығы тән (жылына 129-134 ккалсм2). Күн
радиациясының осындай жоғары кернеуінде атмосферада, өнеркәсіп
қалдықтарынан уытты өнімдердің қалыптасуына себепші болатын, фотохимиялық
реакциялар жүреді. Өнеркәсіп қалдықтарынан түсетін, техногендік пайда
болған, азот тотықтары Күн радиациясының үдемелі қарқындылығының әсерінен
азоттың қос тотығына (NO2) өтеді де, фотохимиялық шаң қалыптасуына
мүмкіндік туғызады 1.
Жыл мезгілдері бойынша Күн радиациясының үдемелі қарқындылығы әр түрлі
болады (1-кесте). Күзде, орташа шамамен, 28 ккалсм2, көктемде – 38
ккалсм2. Күн радиациясының ең аз мөлшері қыс айларында байқалады – 20
ккалсм2. Бұл мезгілге теріс радиациялық баланс тән. Жиынтық Күн
радиациясының ең жоғарғы мәндері жылы жыл мезгілдерінде байқалады, ең төмен
мәндері – суық мезгілде байқалады. Бұл заңдылықтарға, максимумы жаз
мезгілінде және минимумы қыста болатын, ластаушылардың атмосферада өзгеруі
сәйкес келеді.

1-кесте
Жиынтық Күн радиациясы (ккалсм2), мс Қызылорда

Годы I
кБА тБА кАА тАА кТА тТА
(контин (теңіз (контин. (теңіз (контин. (теңіз
бореал. бореал. арктикал. арктикал. тропиктік тропиктік
ауа) ауа) ауа) ауа) ауа) ауа)
Тұран-Қазақ 69 0 12 1 16 1,5
(Қызылорда)

Қызылорда қаласының континет ішінде орналасуы, осы жерде континенттік
бореалды (поляр) ауаның басымдылығына сепбепші болады. Сібір мен Шығыс
Еуропада қалыптасатын ауа массаларының қайталану пайызы 69% құрайды.
Атлантикада және Жерорта теңізінде пайда болатын теңіз бореалды (поляр) ауа
массалары мүлдем жоқ. Солтүстік Мұзды мұхитынан келетін континенттік
арктикалық ауаның қайталануы 12%. Бұл ауаның суық және құрғақ массаларының
енуі қыс уақытында байқалады (қатты аяз тұрады). Қайталануы бойынша,
континенттік бореалды ауадан кейінгі екінші орынды, құрғақ және ыстық
континенттік тропиктік ауа массалары (16%) алады. Бұл ауа массалары Орта
Азияның оңтүстігінде және Иранда қалыптасады. Олардың енуі жаз айларында
көбірек байқалады, ауа-райы өте құрғақ және ыстық болып тұрады.
Қызылорда қаласының ауа-райының жоғарыда айтылған ауа массаларымен
байланысты. Сонымен қатар, әртүрлі ауа массаларының бөліну сызығында,
Қызылорда қаласының территориясында ылғалдың негізгі тасымалдаушысы мен
атмосфералық жауын-шашынды жаудырушы, циклондар қалыптасады.
Қызылорда қаласында атмосфераның ластану деңгейін әр ауа массасы
белгілейді: ластануға ең аз әсер ететіні – арктикалық ауа массалары; ең көп
әсер ететіні – қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Континенттік
тропиктік ауа массаларының енуі, шаңды дауыл мен аңызақ желдің пайда
болуына мүмкіндік туғызады.
Қызылорда облысының территориясында атмосфералық қысымның, оңтүстік-
шығыстан солтүстік-батысқа қарай, арту тенденциясы байқалады. Қызылорда
метеостанциясындағы атмосфералық қысымның ортажылдық шамасы 1003 гПА-ны
құрайды. Атмосфералық қысымның ең жоғарғы көрсеткіштері желтоқсан-қаңтар
айларында (орташа шамамен 1009-1012 гПА), ал ең төменгі көрсеткіштері шілде
айында (орташа шамамен 991 гПА) байқалады. Жел режимі атмосфералық қысымнан
тығыз тәуелділікте болады. Атмосфераның ластануының жалпы деңгейін табуда
және атмосферадағы ластауыштардың таратылуын анықтауда – жел режимін
талдаудың маңызды мәні бар 3. Желдер ауадағы қоспалардың жинақталу және
таралу процестеріне елеулі әсерін тигізеді, және де атмосфераның өзімен өзі
тазаруына мүмкіндік туғызады. 3-кестеде көрсетілгендей, Қызылорда қаласының
ортажылдық циклінде солтүстік-шығыс және солтүстік румбтағы желдер басым
болып келеді. Бұл дегеніміз, атмосферадағы қоспалардың шоғырлануының
горизонталь таралуы, қаланың ендік созылып жатуына перпендикуляр өтеді.
Бұл жағдай, Қызылорда қаласының территориясында атмосфералық
ластауыштардың шектеулі, жергілікті таралуына мүмкіндік туғызады.

3-кесте
Жел бағыты мен тымықтың көпжылдық орташа қайталануы (%),
мс Қызылорда 4

Мерзім Жел бағыты
С СШ Ш ОШ О ОБ Б
Қауіптілік 3 2 4 3 2 3 1
тобы
ШРК 0,4 0,085 0,2 0,5 0,035 0,15 0,0003
Батыс ықшам 0,22 0,44 0,09 0,23 0 0,15 0
ауданы
Камаз 0,272 0,44 0,124 0,035 0 0,124 0
автоорталығы
Байланыс 0,281 0,44 0,2126 0,2 0 0
автобазасы
Титов к. 0,05 0,08 0,19 0,052 0 0,144 0
2-ықш.аудан 0,009 0,0169 0,066 0,032 0 0,141 0
Перзентхана 0,067 0,102 0,09 0,32 0 0,144 0
Алтынсарин 0,081 0,128 0,2 0,22 0 0,146 0
к-сі
Т.ж. вокзалы 0,2 0,3 0,124 0,23 0 0,14 0
Қала.емхана 0,005 0,008 0,103 0,32 0 0,139 0
Ескі базар 0,07 0 0,143 0
Автовокзал 0,22 0,4 0,09 0,052 0 0,14 0

7-кестедегі деректердің талдауы 1999 ж бойынша қаланың ауа ортасының
күйін тұтастай алғанда қанағаттанарлық деп сипаттауға болады. Зерттелген
объектілерде қауіптілігі 1-4 топтағы ластағыштардың концентрациялары ШРК
деңгейінен аспайды. Алайда тіпті азот диоксидінің шамалы ғана артуы (Титов
к.) өсімдіктер үшін қауіпті болуы мүмкін, себебі бұл жағдайда озон мен
фотохимиялық түтіннің өзге де құраушыларының зиянды әсері күшейе түседі.
Азот тотықтарының аса жоғары концентрациясы қаланың батыс бөлігінде, күкірт
қоспаларының концентрациясы қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде байқалуда.
Шаң-тозаңмен ластану Қызылорда қаласының бүкіл аймағына тән болып келеді.
Қызылорда атмосферасының антропогендік ластануының негізгі көзі болып
автомобиль көлігі табылады. Оның үлесі атмосфераға шығарылатын зиянды
шығарындылардың бүкіл көлемінің жартысынан артық бөлігін құрайды. Тек 1999
жылдың желтоқсан айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
объектілерінде 6 мини-қазандық пайдалануға берілген болатын.
Қызылорда ауа қауызының экологиялық жағдайында орталықтандырылған
жылумен қамту жүйесінің жағдайы белгілеуші рольге ие болады. Қызылорда
Қазақстанның басқа қалаларынан онда ыстық сумен қамтудың жоқтығымен
айырмашылықтанады. Бұл жағдайда ТЭЦ қазандықтары өзін жергілікті
тұрғындардың пәтерлері мен үйлерін жылытуға арнап пайдалануға болатын
едеуір мөлшердегі буды өндіреді. Айта кететін нәрсе, электр желілеріндегі
кернеудің жиі түрде құбылуынан қымбат тартқыш құрал-жабдық істен шығуда.
Қызылорданың орталық бөлігінің ғимараттары мен үйлерінің басым бөлігі
өзін жылумен құрамына аудандық қазандықтар да кіретін Қызылорда ТЭЦ-6
қамтитын орталықтандырылған жылу жүйесімен біріктірілген. Қаланың қалған
ғимараттары мен үйлері ауданаралық жылу орталығымен жеке түрде қамтылады,
ол Шұғыла ықшамауданы мен соған жанасып жатқан жекеменшік үйлер секторын
қамтиды. Жалғыз қабатты үйлердің басым бөлігі дербес түрде жылытылады және
осы мақсаттарда көмірді пайдалануда.
Қызылорда ТЭЦ-6 қала әкімшілігінің иелігіне жататын құбырлар желісіне
ыстық суды береді. Жүйедегі құбырлардың едәуір бөлігі жылыланбаған,
сондықтан жылудың шығындары кем дегенде 40% шамасында бағалануда. Едәуір
мөлшердегі инвестициялар құбырларды жылылау үшін, сондай-ақ жүйені бақылау
жөніндегі құрал-жабдықты қамтамасыз ету үшін қажет етілуде.
Атмосфералық ауаны ластауда күз-қыс мезгілдерінде артатын жалғыз
қабатты тұрғын үйлердің пештік жылытуларының шығарындылары елеулі рольге ие
болады. Пешпен жылынатын жекеменшік үйлер негізінен қаланың орталығы мен
шығыс бөлігінде, сондай-ақ Тасбөгет, Комсомол кенттерінде орналасқан. Отын
ретінде негізінен көмір пайдаланылуда. Автокөлікпен қатар үйлердегі
пештердің шығарындылары қала атмосферасының жер үсті қабатын ластаудың
басты көздерінің бірі болып табылуда.
Айта кететін нәрсе, қала мен облыс атмосферасына ластаушы заттардың
шығарылуының іс-жүзіндегі шамалары Қалалықстатесептілік келтіретін
шамалардан едәуір мөлшерде асатын тәрізді. Атмосфераға шығарылатын
шығарындылардың ескерілмеген мөлшерлері Байқоңыр ғарыш айлағымен
байланысты болып келеді. Аталмыш ғарыш айлағы шамамен 40 жылдан бері
пайдаланылып келеді, сонымен қатар оның қоршаған ортаға тигізетін әсері осы
объектінің жабық болуына орай әлі аяғына дейін зерттелмеген. Байқоңыр
кешенін пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігі проблемасы Қызылорда үшін ең
өзекті проблемалардың бірі болуда. 1999 жылдың 5 шілдесі мен 27 қазанында
болған Протон атты тасымалдағыш-тік ұшақтарын ұшыру кезіндегі апаттар осы
объектіге тағы да назар аудартқан болатын. Қызылорда қ. мен облыста ғарыш
кемелерінің әрбір ұшырылуы атмосферада 9-11 күндік өзгерістер тудырады:
қыста – борандар мен аяздар, жазда – аңызғақтар мен шаңды борандар.
Атмосфераның күйін бақылауға арналған тұрғылықты және жылжымалы
қосындардың болмауы қала атмосферасының жекелеген ингредиенттермен ластану
дәрежесін кеңістіктік түрде анықтауға мүмкіндік бермейді.
Қызылорда атмосфералық ауасының экологиялық жағдайына жүргізілген
талдау келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
• Қызылорда атмосфералық ауасы қолайсыз метеожағдайлар кезінде
ластанудың қалыпты деңгейіне жатқызылуы мүмкін;
• қазіргі кезде Қызылорданың жер үсті қабатының ластануы негізгі
көрсеткіштер бойынша ШРК-дан аспайды;
● Қызылорда аймағының үстіндегі атсмосфералық ауа тұрғылықты және
ұйымдастырылмаған көздердің шығарындыларымен ластанған; қала атмосферасының
ластануына автомобиль көлігі мен жекеменшік тұрғындық сектор шығарындылары
үлкен үлес қосуда.

1.5. Гидрография жағдайы

Жер үсті және жер асты сулары. Қызылорда қаласының басты су күре тамыры
– Сырдария өзені. Өзен қар-мұздықтардың ерінді суларымен қоректенеді, ал
салаларында топырақтық сулар елеулі мәнге ие болады. Қызылорда қ.
шектерінде Сырдария өзенінің ұзындығы 10 км бөлігі орналасқан. Өзеннің ені
100-150 м құрайды. Ағымының жылдамдығы 0,9 мс. Судың жылдық орташа шығыны
1208 м3жыл құрайды. Қызылорда қ. қақпасындағы ағынның орташа көп жылдық
көлемі 37,8 км3жыл құрайды.
Сырдария өз. гидрологиялық режиміне құрғақ, ыстық жазы мен суық қысымен
және атмосфералық жауын-шашындардың шамалы мөлшерімен сипатталатын күрт
континентальдік климат елеулі әсерін тигізеді.
Сырдария өзенінің көп жылдық гидрологиялық режиміне қатысты жүргізілген
талдау келесі түрдегі экологиялық ерекшеліктерді айқындады. Өзен ағынның
жылдық мөлшерінің үлкен дәрежедегі өзгерістерімен сипатталады, соңғысы оның
жоғары жағынан судың көп мөлшерде су-шаруашылығы қажеттеріне арнап
алынуымен негізделген. Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне көктем-жаз
мезгілдерінде судың барынша көп мөлшерде және күз-қыс мезгілдерінде оның
төмен мөлшерде шығындалуы тән болып келеді. Сондықтан өзеннің ағынды
сулардан өздігінен тазару процестері жылдың жылы мезгілінде аса белсенді
түрде жүреді.
Сонымен қатар, жылдың жылы мезгілдерінде Сырдария өз. ауыл шаруашылық
егіндіктерінен жинақтағыштық-дренаждық сулар аса көп мөлшерде құйылады
және дәл осы мезгілдерде Сырдария өз. суы ауыл шаруашылық қажеттерге арнап
барынша көп мөлшерде пайдаланылады. Көктемгі су тасқыны наурыз айының
соңынан маусым айының соңына дейін жалғасады және өзен ағымы көлемінің күрт
артуымен сипатталады. Осы кездегі өзен суы төмен дәрежедегі мөлдірлігімен
(5-10 см) сипатталады, судағы заттардың мөлшері 100-150 мгл құрайды. Шілде
айының соңынан бастап судың шығындалу қисығы баяу төмендей бастайды,
тамыздың ортасынан қазанның басына дейін өзен сулығы ең төмен мөлшерде
болатын кезең басталады.
Судың деңгейі төмендеген кезде ашық су бетінен судың жоғары дәрежеде
булануының салдарынан минералдану деңгейі арта бастайды. Айта кететін
нәрсе, Сырдария өз. оның бас жағынан судың көп мөлшерде алынуымен
негізделген сулығының өзгеруі суаттың өздігінен тазару жағдайларын едеәуір
мөлшерде нашарлатып жіберді 7.
Аталмыш аймақтың экологиялық жағдайына Сырдария өзенінің гидрохимиялық
жағдайы үлкен әсерін тигізеді. Өзен суындағы тұздардың орташа мөлшері 0,6
гл 8. Судың химиялық құрамы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Өзендегі судың минералдануы көктем-жаз кезіндегі су тасқыны жүрген кезде
төмендеп, судың деңгейі төмен болған кезде арта түседі. Соңғысы келесімен
негізделген: судың деңгейі төмен болған кезде өзен негізінен аса
минералдандырылған топырақ суларымен қоректенеді. Судың деңгейі төмендеген
кезде судың құрамында натрий, калий және магний тұздарының мөлшері күрт
артады. Су тасыған кезде судағы тұздардың құрамында кальций мен магний
гидрокарбонаттарының мөлшері басым болып келеді.
Осылайша, су таситын жаз кезінде Сырдария өз. сулары аралас түрдегі
сульфаттық-гидрокарбонаттық сулардың түрлеріне, ал су деңгейі төмендеген
кезде хлоридтік-гидрокарбонаттық-сульфатт ік сулардың түріне жатады9.
Қазіргі кезде өзен суы көбісі улы болып табылатын жасанды ингредиенттердің
саны көбейгендіктен өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтқан (7-кесте).
7-кестеден көруге болатындай, өзен суына тән ерекшелік болып ШРК
деңгейінен асатын магний мен сульфаттардың жоғары мөлшері табылады. Сонымен
қатар оттегінің жоғары болмайтын мөлшері тән болып келеді (БПК5 бойынша ШРК-
дан асу). Органикалық текті ластаушы заттардың қатарына азот қосылыстары
жатады. Олардың суда болуы суат ішінде орын алып жатқан процестермен,
сондай-ақ осы заттардың өнеркәсіптік тұрмыстық шығарындылармен бірге келіп
құйылуымен байланысты. Минералды заттардың суда шектен тыс мөлшерде болуы
оның кермектігінің артуына әкеп соқтырды. 7-кестедегі мәліметтерден көріп
отырғанымыздай, кейінгі жылдары ол ШРК-дан шамамен екі есе артатын.

8-кесте
Қызылорда қ. Сырдария өз. суының сапасына қатысты сипаттама 10,11

РН 6,5-8,5 7,6 6,45 7,24 7,4 6,20
БПК5 2,0 2,27 2,92 2,68 2,23
Кермектігі 7,0 12,82 11,3 12,8 11,2 9,6
Хлоридтер 300,0 96,2 122,1 119,3 145,4 109,9
Сульфаттар 100,0 762,0 488,8 572,8 326,4 667,3
Кальций 180,0 102,0 74,5 102,9 110 66,6
Магний 40,0 85,8 88,5 93,3 68,6 76,5
Жүзгінделген - нд 82,0 112,5 91,0 20,6
заттар
Мұнай өнімдері0,05 нд 0,05 0,02 0,033 0,02
Аммиак 0,39 нд 0,34 0,31 0,28 0,28
Нитриттер 0,02 0,03 0,023 0,010 0,017 0,0017
Нитраттар 9,0 нд 4,10 6,96 4,13 2,80

Өзен суының биогенді элементтер болып табылатын азот және фосформен
қарқынды байытылуы жаз кезінде суаттың трофтігіне, су өсімдіктерінің өсу
қарқындылығының артуына ықпал етеді. Қызылорда маңында судың қарқынды
түрде көгалдануын байқауға болады, ол сәуір айынан маусым айына дейін
жалғасады. Қарқынды антропогендік трофталуға байланысты суаттың өздігінен
тазару процестері нашарлап кетті. Өзен суында сульфаттардың көп мөлшерде
болуы мен көктем-күз кездерінде қарқынды гүлденудің салдарынан қаланың су
құбырларын өсімдіктер басқан.
Жер үсті суларының ресурстары олардың мөлшері шектеулі болғандықтан
және сапасының нашарлығынан Қызылорданың. тұрғын халқы мен өнеркәсібінің
барған сайын артып келе жатқан қажеттерін қанағаттандыра алмай жатыр.
Сондықтан Қызылорда сумен қамтуда жер асты және топырақ суларына үлкен мән
беріледі.
Жер асты және топырақ сулары. Қызылорда аймағында су жанас жыныстардың
литологиясының ерекшеліктері бойынша бірқатар сулылық деңгейжиектері
байқалуда. Бұл: ширектік аллювиальдік шөгінділердің сулылық кешені, жоғарғы
плиоцендік шөгінділердің, үстіңгі борлы маастрихтік, коньяк-кампандық және
турондік шөгінділердің; төменгі борлы альбтік шөгінділердің сулылық
деңгейжиектері 12.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған деңгейжиектердің арасында ширектік
аллювиальдік және үстіңгі борлы коньяк-кампандық шөгінділердің сулылық
деңгейжиектері ғана іс-тәжірибелік мағынаға ие болуда. Турондық
шөгінділердің сулылық деңгейжиегі сумен қамту үшін келешекті болып
табылады.
Жоғарыда аталған кешендердің жанас жыныстарына кварцтік-дала шпаттық
құрамдағы сарғылт-сұр құмдар жатады. Механикалық талдаудың деректеріне
сүйенсек құмдар көбінесе ұсақ түйіршікті болып келеді. Құмдардың суланған
бөлігінің жалпы қуаты 38,9-69,2 м құрайды. Қызылорда қ. ұңғымаларындағы
судың статикалық деңгейлері 1,4-5,2 м. Қызылорда қ. кешеніндегі жер асты
суларының минералдануы Сырдария өзенінің жер үсті
суларының ену дәрежесіне тығыз байланысты болып келеді және 0,3-тен 10 гл
және одан артық шамаға дейін өзгереді 12.
Қызылорда кен орнының жер асты сулары аса жоғары іс-тәжірибелік
қызығушылық тудыруда. Жер асты сулары екі деңгейжиектен тұратын үстіңгі
ширектік шөгінділерге жатқызылады, аталмыш деңгейжиектер үстіңгі ширектік
қазіргі кездегі аллювиальдік шөгінділердің біртұтас сулылық кешеніне
біріктірілген. Жер асты суларының орналасу тереңдігі жергілікті жердің жер
бедеріне байланысты болып келеді, ол Сырдария өзенінің жайылмасы шектерінде
0,8-3,0 м және жайылмадан жоғары террасаның бөліктерінде 10 м дейін жетеді.
Айта кететін нәрсе, жер асты суларының орналасу тереңдігі өзендегі су
деңгейінің тербелулеріне тікелей байланысты болып келеді. Мысалы, Қызылорда
қосынындағы режимдік бақылаулардың деректері бойынша су тасқыны кезінде
топырақ суларының тереңдігі 0,5-2,0 м-ден сирек жағдайларда асады. Ал
қыста судың деңгейі 2-7 метрге дейін азаяды. Бұл сулар өзінің химиялық
құрамы бойынша көбінесе сульфаттік және хлорид-сульфаттік болып келеді.
Минералдану деңгейі 1 гл дейін жететін тұщы сулар Сырдария өзеніне жақын
жерде таралған. Мұнда минералдану 0,5-0,7 гл шектерінде тербелуде. Судың
жалпы кермектігі 4,4-116 мгэкв., оның жалпы мағыналары 5-9 мгэкв.
шектерінде өзгеріп отырады. Карбонаттық кермектігі 3-4,4 мгэкв. Су түссіз
және иіссіз болып келеді, оның температурасы 12-14о С. Хлоридтер (14-25
мгл) мен сульфаттардың (100-200мгл) аздаған мөлшерімен сипатталады 16.
Қызылорда аймағындағы жер бедерінің аздаған дәрежедегі еңістері, су
тіреу арнасының қазандықтық жер бедері жалпы жер асты ағымының шектен тыс
қиындауына негіз болды. Сол себептен Қызылорда қ. аймағының сулылық
деңгейжиегі топырақ суларының жергілікті циркуляциясы мен олардың
транспирация мен булануға қарқынды түрде жұмсалуымен іркілген қауыз түрінде
болып келеді. Бұл Қызылорда қ. топырақтарында тұздың қарқынды түрде
жинақталуына және суарылатын жерлердің жалпы мелиоративтік жағдайының
қолайсыз болуына әкеп соқтырады.
Химиялық құрамы бойынша Қызылорданың сулары келесі түрлерге бөлінеді:
- төмен мөлшерде минералданған топырақтық, сульфаттық сулар, олар
Сырдария өз. қазіргі кездегі жайылмасына, ішінара алғашқы жайылма үстіндегі
террасаға жатады;
- орташа мөлшерде минералданған, хлоридтік-сульфаттық және сульфаттық,
Сырдария өз. қазіргі кездегі жайылмасының бөліктерінде кездеседі;
- көп мөлшерде минералданған топырақтық, хлорид-сульфаттық сулар,
Сырдария өз. жоғары жайылмасына сәйкес келеді;
- тым көп мөлшерде минералданған, хлорид-сульфаттық сулар, жоғары
жайылма мен жайылма үстіндегі терраса шектерінде дақтар ретінде кездеседі
13.
Топырақ суларының орналасу тереңдігіне байланысты Қызылорда қ.
аймағында екі ареал бөлінеді. Алғашқы бөлікте (қаланың орталық, шығыс және
оңтүстік бөліктері) топырақ сулары 0,45м ден 2м дейінгі тереңдіктен
тіркелген. Қаланың бұл бөлігі жеке тұрғындық сектордың орын алуымен
сипатталуда. Сондықтан бақшаларда су суару кездерінде топырақ сулары жер
бетіне бұрынғысынан жақындай түседі. Екінші бөлікте (қала орталығының бір
бөлігі, батыс және солтүстік бөліктері) жер асты сулары 2-3 тен 3-5 м
дейінгі тереңдікте орналасады 13. Тұщы және тұзды сулар әдетте
гидрокарбонаттік-кальцийлік болып келеді.
3-суреттен көріп отырғанымыздай, төмен мөлшерде минералданған (0,3 тен
3 гл дейін) жер асты сулары Сырдария өз. бойымен таралған.
Өзеннен алыстаған сайын жер асты суларындағы тұздардың мөлшері арта
түседі. Қаланың кейбір аудандарында жер асты сулары тұздықтар сипатына ие
болады (50гл). Минералданудың мөлшері артқан сайын сулардың химиялық
құрамы да өзгере бастайды. Егер де Сырдария өз. бойында гидрокарбонаттық-
сульфаттік құрамдағы сулар кездессе, онда өзеннен алыс жатқан жоғары
мөлшерде минералданған жер асты сулары хлорид-сульфаттік сулар түріне
жатады.
Осылайша, Қызылорда қ. аумағы жер бедерінің жергілікті жағдайларына
байланысты болып келетін орналасу тереңдігі мен режимі тән жер асты
суларының аса қиындатылған түрдегі жалпы келуі мен кету аймағына жатады.
Бұл жағдай топырақтар мен биотаның күйіне әсер етумен маңызды экологиялық
мәнге ие болады.
Су ортасының жағдайы. Қызылорданың экологиялық жағдайы көбінесе су
ресурстарын тұтынуға байланысты болып келеді. Қызылорда қ. сумен қамту
жүйесінің жалпы қуаттылығы 51 мың м3тәул. құрайды. Қаланы сумен қамту
жүйесі суды көтеру және өңдеу, беру және үлестіру жүйесінен құралады.
Қазіргі кезде Қызылорда қ. сумен қамтуды жүзеге асыратын Водоканал ЖШС
балансында ұзындығы 263,5 км су құбырларының желісі орналасқан. Қаланы
сумен қамту үшін су Сырдария өзенінен (38%) және жер асты көздерінен (62%)
алынады.
Сырдария өзені Қызылорда қаласын ауыз сумен және техникалық сумен
қамтитын басты көздердің бірі болып табылады. Өзеннің гидрологиялық және
гидрохимиялық режимінің өзгеруі оның санитарлық жағдайын едәуір мөлшерде
төмендетіп жіберді. Жер асты суларының тапшылығы жағдайында тұрғындар
шаруашылық-ішу қажеттеріне арнап Сырдария өз. суын барған сайын жиі түрде
пайдалануға мәжбүр болуда.
Қызылорда шектерінде Сырдария өз. суы қаланың батыс бөлігінде
орналасқан гидроқосында зерттелуде. Зерттелетін көрсеткіштер тізіміне саны
44 жететін параметрлер мен ингредиенттер кіреді. 1999 жылы Қызылорда
облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметтері бойынша
химиялық талдау үшін 59 сынама алынған болатын. Облыстық басқарма өзенге
жинақтығыштық-құрғату суларының келіп құйылатын жерлерінен сынамалар алу
бойынша қосындар ұйымдастырылған.
Өзен суына тән ерекшелік болып онда иондардың, әсіресе магний мен
сульфаттардың шектен тыс мөлшерде болуы табылады. Бұл Сырдария өз. жоғарғы
ағысында оған Өзбекстан мен Тәжікстан кәсіпорындарының ағынды сулары келіп
түсетінімен байланысты. Бұдан әрі Шардара су қоймасынан құрамында
пестицидтер мен минералды тыңайтқыштары бар жоғары мөлшерде
минералдандырылған жинақтығыштық-құрғату сулары құйылады. Соның нәтижесінде
Қызылорда қ. маңындағы бақылаулардың жекелеген мерзімдерінде судың
минералдану мөлшері 2000 мгл асатын, ал сағасында 2800 мгл дейін жететін.
Өзендегі судың күйіне күріш егіндіктерінен келіп құйылатын жинақтағыштық-
құрғату сулары үлкен әсерін тигізуде. Сырдария өз. тек Қызылорда облысының
аймағында ғана құрғату суларының үш жинақтағышымен қоректендіріледі.
Сырдария өз. гигиеналық бағасы – бүкіл аймақтағы су көздерінің нақты
бағасы болып табылады, себебі өзен жайылмасының жер асты сулары мен олардың
химиясының даму заңдылықтары ұқсас болып келеді. Сырдария өзеніне келіп
құйылатын жинақтағыштық-шығарынды сулар пестицидтер мен минералды
тыңайтқыштармен ластанған. Судың ластану индексі мен сапробтілігі шамасына
сәйкес Сырдария өз. бүкіл бойы, соның ішінде Қызылордаға кіретін жағы
қалыпты мөлшерде ластанған (3-ші сапа тобы) су объектілеріне жатады.
М.А.Жұбатхановтың деректері бойынша 1956 және 1986 жж. аралығында
Қызылорда қ. Сырдария өз. минералдануы 500-ден 1730 мгл дейін,
хлоридтердің мөлшері – 40-тан 220 мгл дейін, сульфаттардың мөлшері 140
–тан 780 мгл дейін, жалпы кермектілігінің шамасы 5-тен 14 мгэквл дейін
артты. Өзен суының органикалық ластануының көрсеткіштері едәуір мөлшерде
нашарлап кетті. Облыстағы санитарлық қызметтердің деректері Сырдария өз.
санитарлық режимінің микробиологиялық көрсеткіштерінің нашарлағанын
көрсетіп отыр. Бактериялық ластану көрсеткіштері едәуір шамаларға жетуде:
қалыпты шама – 1 литр суға ары кеткенде 10000 ішек таяқшалары болғанда,
жалпы микробтық саны 2380000, коли-индекс – 90000 мың құрауда, жұқпалы
аурулардың су арқылы тарауы жобасында белгілі түрдегі қауіптілікті
тудыруда. Сырдария өз. Қызылордаға кіретін жағында балдырлардың 12 түрі
анықталған.
Қалқыма су организмдерінің түрлік құрамы төмен болып келеді. негізінен
қалқыма су организмдерінің 9 түрі бар, оның 2 тарамдық-вирустық және 5
айналмалы. Саны мен биомассасы бойынша ескекаяқты шаяндар басым болып
келеді (саны 36 мың данам3, биомассасы – 0,57 г м3). Қалқыма су
организмдерінің барлық анықталған түрлерінің арасында сапробтік
көрсеткіштері болып 7, негізінен 1 және 0-3 мезосапробалары табылады, бұл
сонымен қатар өзен суының қалыпты түрде ластанғандығын көрсетеді. Пантле
мен Букку бойынша сапробтік индексі 1,83 құрады.
Сырдария өзенінен қоректенетін су жүйелеріндегі су көздерінің жоғары
мөлшерде бактериялық және органикалық ластануының салдарынан суды
зарарсыздандыру хлордың жоғары дозаларын қолданумен жүзеге асырылуда.
Осындай әдіспен эпидемиологиялық сенімділікті қамтамасыз еткен су
құбырындағы қалдықтық хлордың жоғары дәрежедегі концентрациясына негіз
болады (1-2 мгл), бұл МЕМСт 2874-82 Ауыз су реттейтін нормадан асуда,
аталмыш стандарт бойынша ауыз судағы хлордың концентрациясы 0,7 мгл аспауы
тиіс. Өзен суының гиперхлорлануы канцерогендік әсері бар хлорорганикалық
қосылыстардың құрылуына ықпал етеді.
Сумен қамтудың тағы бір маңызды көзі болып суды дербес режимде
жеткізетін артезиан бұрғымалары табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Шардара ауданының табиғат жағдайлары
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Экологиялық білім беру туралы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Неотектоника
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Пәндер