Рим құқығының жалпы сипаты



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Рим құқығының жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1. Рим құқығының жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...14
4.
КIРIСПЕ

Рим құықғының термині антикалық Римнің құқығы яғни Рим мемлекетіндегі құлиеленушілік формаларының құқығын білдірді. Ежелгi Рим мемлекетi және Рим құқығы заң ғылымында ерекше орын алады. Өйткенi, Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы, оның абсалюттік монария тарихының болуы өте құнды болса, ал Рим құқығы - бұл классикалық құқыққа жатады. Ежелгi Рим мемлекетiнде құқықтың саяси, экономикалық жағдайы, жеке меншiктің дамуы, түрлерi, пайдалану шарттары қорғалатын жақтары мықты айтылған.
Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:
I дәуір - рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д.VIII - б.э.V ғғ).
II дәуір - тарихи дәстүрге байланысты дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б.э.VI ғ).
Мұндағы рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық рим құқығы кезеңі деп те атайды.
Ежелгi Рим мемлекетiнің құрылуы плебейлердің патрийцийлерге қарсы күресiнің ру-тайпалық қатынастардың ыдырап, құл иеленушiлiк мемлекеттің пайда болуымен байланысты.
Б.д.д. V-VI ғасырларда, яғни 510 жылы Римде Республика құрылды. Ежелгi Рим мемлекетiнің жоғарғы мемлекеттiк органы болып Сенат табылады. Бұл Рим Республыкасы аристократиялық республика болып аталды, өйткенi, Рим мемлекетiнің жоғарғы органының қызметкерлерi болып патрийцийлер болып саналды, яғни ауқатты беделді адамдар. Кейiн бiрте-бiрте плебейлер арасынан басшы қызметкерлерге сайланды. Римде әскери жағдай мықты болды, себебi әскерилер қатарларына шақырылған азаматтар байлықтарына карай тiркелдi. Рим мемлекетiнің әскерi күштi болғаннан соң, Рим мемлекетiнде империя құрылды.
Империя екiге бөлiндi: Шығыс және Батыс. IV-ғасырдың аяғында Римде варварлық дүние қозғалысы болды. Рим империясының ең қауiптi жаулары болып, готтар танылды. Рим мемлекетi көшiп келген готтарға салық төлетiп, оларды жалдамалы әскерге пайдаланып отырды.
Римдiктер уәделенген азық-түлiктi бермей, готтардың арасында аштық басталды. 455 жылы варварлар Римдi қаңыратып тонап кеттi. Вандардың бұл шапқыншығы халық жағдайында ұзақ сақталып қалды. Вандализм адамзат жасаған мәдени және материалдық игiлiктердi мән-мағынасыз қиратудың синонимiне айналды.
Ежелгi Рим мемлекетi және оның құқығы мың жыл өмiр сүрген оған қоса мұнда құл иеленушi қатынастар мықты болған.
Рим құқығы термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуына тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихтарынан көрініс табады.

Рим құқығының жалпы сипаты және негiзгi белгiлерi, қайнар көздерi.

Рим құқығы термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуына тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихтарынан көрініс табады.
Римдік азаматтық құқығының пәні - мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).
Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.
Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуына тұтастай алып қарағанда екі дәуірге бөлуге болады:
Бірінші дәуір - Рим құқығының құрылуы мен дамуы Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты б.э.д. VII-Vғғ. Антикалық мәдениетін кіргізуге болады.
Екінші дәуір - тарихи дәстүрлерге байланысты рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісімен заң ғылымы жағынан) (б.э. VI ғ).
Мұндағы рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңмен байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық рим құқығы кезеңі деп атайды.
Рим құқығының термині антикалық Рим құқығында көрініс тапқан. Рим құқығы мемлекеттердің құлиеленушілік кезеңдерінде пайда болды. Рим құқығы адамзаттың құқықтық дамуында ерекше орын алады. Ол атикалық қоғамдағы және ежелгi дүниедегi құқық дамуының жоғарғы шыңы.
Ф.Энгельс көз қарасы бойынша рим құқығы ол өмірдегі жағдайлармен қоғам арасындағы қақтығыстардың классикалық заңдық көрінісі.
Римдiктер әлемдi үш рет жаулап алды бiрiншi рет легиондармен, екiншi рет христиан дiнiмен, ал үшiншi рет құқығымен. "Жазылып қойған саны" деп аталатын Римдiк құқықтың классикалық түрiн Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқықтық жүйесiнің негiзiн қалады. Бұл құқық жүйесi континенталды және романдық - германдық құқық жүйесi деп аталады.
Рим құқығының мықтылығын дәлелдейтiн факторлар көп. Бiрiншiден, Рим империясы құл иеленушiнiк, сонымен бiрге Римнiң мыңжылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкiл әлемдiк тарихи маңызды оқиғаға айналдарып жiбердi
Римде құқықтық жүйеге, заңгерлерге көп көңiл бөлiндi. Бұл қызмет иелерiне ерекше құрмет көрсетiлдi. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папиниан - Римнiң ең күштi заңгерлерi қатарынан саналды.
Рим құқығы дамуының өзiндiк ерекшелiгi болатын. Олар құқық көп өзгермеу керек деп санайтын - құқықтық нормаларды тек ешкiм қолданбаған жағдайда ғана жоятын едi. Рим заңгерлерi асығыс қабылданған және көп өзгеретiн зандар құқықтық тәрбиеге әсерiн тигiзедi деп есептейтiн. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметтi де қиын жұмыс ретiнде бағаланатын. Оған көп көңiл бөлiнiп, көп уақыт жiберiлетiн. Әрбiр заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдарды көп шығарған адамдар өте сыйлы, маңызды қызметкерлер болып есептелдi. Рим құқығы - ерте Римнің құлиеленуші құқығының жүйесі. Рим жеке құқығының пәні антикалық Римнің толық емес көлемдегі құқығы, яғни жеке құқық шеңберіндегі құқығы.
Біз рим жеке құқығы туралы айтамыз, сондықтан Римде жеке құқық деп нені түсінді соны анықтап алуымыз қажет. Ерте кездің өзінде Римде екі құқық саласы- жария құқық және жеке құқық- ius publicum и ius privatum болды. Тит Ливии (I ғ. б.э.), қалыптасқан терминологияға сүйене отырып, XII кесте заңдарын жеке және жария құқықтың қайнар көзі деп атады.
Ғасырдан ғасырға өткен жария және жеке құқықтың классикалық айырмашылығын Ульпиан былай деп көрсеткен:
Publicum Ius esl quod ad statum rel romanae spectat, privatum quod ad singulorum utilltatem. - Жария құқық рим мемлекетінің жағдайына қатысты құқық; жеке құқық- жекелеген адамдардың пайдасына қатысты құқық. Осы берілген анықтамаға сәйкес, нормалардың мазмұнын бөлу негізін қалайтын құқықтар мүддені қорғауына байланысты ажыратылады. Сондықтан жария құқық дегеніміз мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемлекеттің және оның органдарының құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар. ( ius термині негізгі мағынасы "құқық", "уәкілеттілік" бола отырып, "құқық нормасы" дегенді де білдіреді және қолданылады.). Ал, жеке құқық жекелеген тұлғалардың құқықтық жағдайын білдіретін құқық жүйесі.
Рим жеке құқығы мүліктік және басқа да қатынастарды реттейтін өңделген нормалар жүйесін құрады.
Қоғамның барлық даму тарихынан рим жеке құқығы секілді заңи, техникалық және заңи нысаны жоғары деңгейдегі басқа құқық жүйесін кездестірмейміз.
Рим құқығының маңыздысы ол тек мемлекеттер әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы да септігін тигізеді. Мәдениет саласының қалыптасы арқасында сауда сатыққа қарқын алады, сол кездің өзінде ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көрініс табады.
Халық жиналысы зандарды кабылдағанда оған тек қана "аламыз", "алмаймыз" деп дауыс беретiн. Бүкiл Римнiң тарихынан өткен заң - ХII кесте заңдары. Бұл заң б.д.д. V ғасырда қабылданған, бұны Римнiң Корпус Юрис Цивилис деген кодексiне де кiргiзген едi. Бұл құқықтық құжат II ғасыр қолданылды. Ол Рим құқығының негiзi болғаннан кейiн зандылықтың нақтылығын, тұрақтылығын көрсету үшiн, делелдеу үшiн сакталған.
Рим - мемлекеттердің арасындагы ең iрi, соңғы, күштi мемлекетгердің бiрi болып табылады. Рим империясы көршi мемлекеттердi өзiне бағылдырып, солардың саяси тәжiрибесiн, құқықтық құжаттарын, сот практикасын, саяси санасын өз өмiрiне бейiмдеп, өзiне тән ерекше құкық жүйесiн құрды. Римде преторлардың, патрицийлердiц және перегриндердің iстерiн қарау әр түрлi болды. Сондықтан басқа мемлекеттердің құқықтық әдеттерi, принциптерi, белгiлерi, құқықтық тәжiрибесi Рим құқығына көшiп, оған әсерiн тигiздi. Спарта, Афины, Сирия және басқа мемлекеттер Рим империясының құрамына енiп, оның провинциясына айналған едi. Сондықтан Рим империясының зангерлерi Афинаның құқық дамуының нәтижелерiн пайдаланды.
Сонымен бiрге Римнiң мыңжылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкiл әлемдiк тарихи маңызды оқиғаға айналдарып жiбердi.
Рим құқығы квирит құқығы ретiнде пайда болған. Квириттер - Рим азаматтары патрицийлер едi. Квирит құқығы тек қана Рим азаматтарының құқығы болып саналды. Бұл аксиома ретiнде бекiтiлдi. Рим азаматтарының және перегриндердің қарым - қатынастарын реттейтiн құқық - халық құқығы. Рим құқығының схемалалары, iшкi құрылысы, терминдерi, түсiнiктерi көп мемлекеттерде қолданылды. Оның қайта жаңғырып, гүлденуi, қолданылуы, қайта дамуы, жандануы рецепция деп аталды.
Рецепциямен Рим құқығы феодалдық мемлекеттердің тәжiрибесiне кiрген болатын. Одан кейiн ол буржуазия кодификацияларына кiрiп, Германия, Франция, Италияның кодекстерi арқылы бүкiл дүние жүзiне тараған. Ең күштi кодекстерiнің бiрi - Наполеонның 1804 жылғы азаматтық кодексi. Қазiргi азаматтық зандарды терең түсiну үшiн Рим құқығының негiзгi белгiлерiн, түсiнiктерiн, терминдерiн бiлу керек. Рим құқығының негiзi (сапасы) бүкiл буржуазиялық теорияға сiңсiп кеттi. Қазiр көп қолданылатын терминдердiң, түсiнiктердiн пайда болған уақытын бiлу арқылы олардың шын маңызын да анықтауға болады.
Рим құқығының заңгерлiк техникасын, тiлiн, iшкi құрылысын заңгерлердің бiлгенi жөн. Рим құқығының тарихымен танысу арқылы құқық қалай пайда болады, өзгередi, қандай кезеңдерден өтедi, өзiнің iшкi мазмұнын қалай өзгертедi, сiңiсуi нысаны калай дамиды деген жалпы мәселелерден мағлұмат алуға болады. Рим құқығы жеке меншiк үстемдiк еткен қоғамдық құрылыстардың ең жақсы нысаны.
Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар оның сан ғасырлық тәжiрибесiн өте жоғары бағалады. Рим құқығы дамуының жоғары сатысы құқықтық жоғары нысаны болып қалды.
Республика түрiнде өзiнің проблемаларын шешiп, демократиялық әдiстердi, институттарды қолданып жатқанда Рим мемлекетi құқығының даму деңгейi төмен болды. Құқықтардың сол кезеңiн бiз ежелгi құқық кезеңi деп белгiлеймiз. Оның негiзгi қайнар көзi ХII кесте зандары құқык нысандары болып қалған.
Рим мемлекетi империяға айналып, әлсiреп, ыдырай бастағанда құқық жоғарғы дәрежесiне енедi. Рим құқығының ең маңызды құжаты - Корпус Юрис Цивилис Византияда VI ғасырда пайда болған. Бұл Батыс Рим империясының құлаған кезеңi.
Рим құқығының негiзгi белгiлерi- жеке меншiктің неғұрлым абсолюттiк құкығын бекiту болып табылады. Бұл тауарлы - ақша қатынастарының жоғарғы деңгейiне байланысты. Рим құқығы құлдарға да толық жеке меншiктi бекiтiп бердi. Рим құқығының келесi белгiсi - оның прогресивтiк - консервативтiк сипаты. Рим құқығы жылдам өзгерiп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында жөнге салып тұрады. Ол өзiнің iшiнде ескi зангерлiк институттарды, маниципация, квирит сияқты нысандарды көп уақыт сақтайтын.
Римде тек қана заң қызметкерлерi емес, бүкiл құқық сыйлы болатын. Құқықта осындай көзғарастағы қоғам көбiнесе дұрыс шешiмдердi сақтап отырды. Ол құқық нормасын бұзуға, жоюға асықпады.
ХII кесте заңдары ата-баба құқығы ретiнде жұрттың бәрi көретiн көрнектi жерге қойылатын. Ол заңдарды ешкiм "мен оқымадым, мен бiлмеймiн" деп айта алмайтын едi . Жаңа құқық нормасын шығарып жатса да, оның бұрынғы атын, негiзгi нысанын сақтауға тырысатын. Бұл әрбiр Рим азаматы құқық мықты тұрақты, жеке адамның құқығын, мүддесiн қорғайды деп сену үшiн iстелген нәрсе.
Рим құқығы өте динамикалық құқықа жататын. Бұған себеп бiрнешеу. Сот тәжiрибесiне қатысты құқық преторлардың жұмысымен байланысты болды. Олар теорияға ұмтылмайтын, сот iстерiн дұрыс шешiп, соған түсiнiк бергiсi келетiн. Бiрақ преторлардың тәжiрибесiнен шыққандықтан, Рим құқығының теориясы да өте қиын едi. Зангерлердің бiлiмi өте жоғары болатын. Iстеген қызметтерi де сыилы едi.
Рим құқықтық салтының дамуында абыздардың ролi маңызды болды. Солардың iшiнде понтификтер алқасының құқық нормасын қалыптастыру мен талқылау артықшылығы ерекше көрiндi. Понтификтер алғашқы рим юристерi десек артық емес. Понтификтер римдегi бүкiл құқық қызметiн бақылап отырды. Осы кезеңде заң актiлерiн жасау дiни сипатта өттi: құрбандық шалу, ант беру т.б. Ең ежелгi құқықтың қалыптасу көзiне құқықтық әдет жатты. Келесi құқық қалыптасу көзiне рим патшаларының заң шығармашылығын жатқызамыз. Бiрақ соңғы кезде зерттеушiлер осы жағдайды даулы кейiнде қалдыруда. Ежелгi кезеңде сенаттың (сенатус-консульт) шешiмi заң күшiне ие болды, тiптi магистраттар қаулысы да заң күшiне ие болды. Мысалы децемвирлердің төтенше комиссиясы шешiмi негiзiнде ХII кесте Заңы шығарылды.
Заңдарды талқылау б.д.д II ғасырдың соңына дейiн понтификтердің артықшылығына жатты, олар сот құпиясына өз монополиясын орнатты, оны қорғады. Құқықтың дiни сипаттан айырылуы және светтiк юриспруденцияның басталуына б.д.д. 302 жылы Клавдии Флавии салды. Ол понтификтер мұражайында құпия сақталып келген сот күнтiзбегi, талап белгiлерi және норма мен әдет ғұрып тақылаулары жазбасын жария еттi.
Б.д.д. III ғасыр мен б.д. III ғасырына дейiн ХII кесте Заңы шартты түрде әрекет еттi. Ол б.д. II ғасырында византи императоры Юстиниан реформалары нәтижесiнде ресми түрде күшiн жойды.
Рим құқығының жаңа кезеңiнде преторлардың эдиктiлерi сипатты құқық көзiне жатты. Оның негiзiнде цивильдi құқықпен қатар әрекет еткен жаңа екi құқық жүйесi пайда болды: претор құқығы және халық құқығы. Сонымен римде күрделi құқық жүйесi (үштiк жүйе) пайда болды.
Классикалық кезеңде перегриндер преторының эдиктiлерi маңызға ие болды (б.д.д. 242 жылы құрылды). Перегриндер преторы рим азаматтары мен шетелдiктердің арасындағы қатынастарды реттедi.
Римде иперия бекiткеннен кейiн преторлардың құқықтық жағдайы көп өзгерiске ұшырады. Преторлар формалды түрде эдиктiлер шығару құқығында қалды және олардың әрекетi императорлар билiгiне қайшы келе бастады. Бiздің заманымыздың бiрiншi ғасырында преторлар бұрынғы эдиктiлердi өзгертуiн қойды, яғни жаңа құқық нормалары жасалмады. Осы себептi император Адриан преторлық құқықты кодификациялауға көштi. Осы жұмысты атақты заңгер Юлианға (б.д. 125-138 ж) жүктедi. Юлиан құрастырған эдикт мәңгiлiк эдикт деген атқа ие болды. Осы кезеңнен бастап преторлық эдикт жаңа құқық нормасы көзi болудан қалды.
Империяның алғашқы жылдарынан-ақ халық жиналыстарының маңызы жойыла бастады. Халық жиналысы б.д. I ғасырының соңында заң шығаруды сиректеттi. Императорлар тұсында сенатус-консульт маңызы қайта өсе бастады. Адриан сенатқа заң шығару өкiлеттiгiн қайтарды.
Бiртiндеп императордың жеке заң шығару билiгi кеңейе түстi. Бастапқыда император заңдары (конституции) билiктің өкiлдiгi ретiнде қаралды, бiрақ б.д. II ғасырында императорға заң шығару билiгi берiлiп, негiзделдi. Осы уақытта императорлардың заң шығармашылығы құқық қалыптасуының маңызды көзiне айналды. Император заңдары бүкiл империя көлемiнде күшiнде болды.
Император билiгi актiлерi (конституции) мынадай негiзгi түрлерге бөлiндi:
1) Эдиктiлер - император билiгiне негiзделушi жалпы ережелер, сондықтар нақты император тiрi кезде күшiнде болды. Бiрақ II ғасырдан бастап оның орнын басушылар да сақтай бастады.
2) Рескрипты - құқықтық мәселелер бойынша императордың жеке адамдарға немесе магистраттарға берген жауабы немесе кеңесi.
3) Декреттер - сот iсi бойынша император қабылдаған шешiмдер, оның негiзiн императордың жеке юриспруденциясы құрады.
4) Мандаттар - прповинция бақарушыларға жолданған нұсқаулар. Онда перегриндерге бағытталған азаматтық немесе қылмыстық нормалар кездестi.
Бастапқыда император конституциилары жария сипаттағы әкiмшiлiк ұйымдастыру, қылмыс т.б.) мәселерге байланысты болды. Бiртiндеп ол бүкiл құқықтық реттеу сферасын қамтыды.
Құқытың дамуында Рим юристерiнің қызметi маңызы үлкен болды. Рим юристерiнің еңбектерi оқулық және тәжiрибелiк бағытта жазылды. Әсiресе цивильдiк және преторлық құқыққа тұсiндiрме кең таралады. Институциилар (оқу құралы негiзiнде жазылған), соның iшiнде Гай институциiн атауға болады. Осы еңбек негiзiнен азаматтық (цивилдiк) құқықты талдауға арналған, сонымен қатар преторлық құқыққа да қосымша бар. Все народы, которые управляются законами и обычами, пользуются ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Римдік құқығымен термині мен көне рим құқығы
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Рим мемлекетіндегі меншік құқығы
Әдеттегі құқық және заң
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Сотта істі қараудың жариялылығы
Рим құқығы бойынша мұрагерлік
Пәндер