Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер



Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айтқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласыңда тізгіңді өзі ұстайды". Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады.
Профессор Ю.К.Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдарында айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде
(теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ мемлекеттегі оның орны
қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты
әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен
көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол
былай деп айтқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі
тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласыңда тізгіңді өзі ұстайды".
Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет
өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а)
мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады.
Профессор Ю.К.Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше,
мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар
ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты
мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдарында айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды
тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл
орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды
тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды
тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі те-ориялық
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Савиньи "фикция теориясының" негізін
қалады. К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның
сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы
Гирке болса, органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде теорияда) осындай әр қилы пікірлер
кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін дәлелдей түседі
.
Заңды тұлға туралы ұғым.
“Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып,оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады“.
Азаматтық құқық заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы
заңының 2-бабы).
Осыңдай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік
қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және
заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық
емес ұйымдар туралы заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес
келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес
ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде
шектеулер қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер
мен шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын
кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында
бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни
бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға
пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне
құқықтары:
а) кұрылтайшыға (катысушыға) заңдық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құкығы жатпайтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз кұрылтайшылары меншік құқықтын немесе
өзге заттық құқығын сақтап калатын заңды тулғаларға шаруашылық жүргізу
құкығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымадар жасайтын
болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді.
Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап
қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар
мен өндірістік кооперативтер жатады.
Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан
қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы
үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқыктарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестікер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-ің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды, себебі "коммерциялық емес ұйым" заң кұжаттарында көзделген өзге
де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).
Заңды тұлғаларды құру жолы.
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер
негізінде, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте заңды тұлғаны құрылтайшысы нақтыда арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін жеке міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқыңдайды. Азаматтық
кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не кұрылтай
шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң
құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін.

Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның кұжаттары: 1)
мекеме үшін — меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже
(жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінін) заңды тұлға құру туралы
шешімі;
2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам
қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық - құқықтық нысанындағы
заңды тұлғалар бірлестігі үшін—құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай
шарты;
3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін — жарғы болып табылады
("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары
коммерциялық емес ұйымның өзінің, оңың құрылтайшыларының (қатысушыларының)
орындауы үшін міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса,
құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек
жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-
тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өңдірістік кооперативінің
құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге
тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтық кодексінің 41 - бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
оңда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтыңдығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міңдетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін
міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса,
құрылтайшы шарты;
2) егер оларды қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке
тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларғада тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында
оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жургізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрістер - Тарих
Заңды тұлғаның түсінігі
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
Жеке және заңды тұлға
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Құқықтық қатынастар
Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі
Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
Пәндер