Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары



КІРІСПЕ

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫМЕН САБАҚТАС САЛАЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау
2.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші салалардың даму барысын талдау
2.3 Ауыл шаруашылығын материалдық.техникалық жабдықтау жүйесінің дамуы

3. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ШАРУАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Кластерлер . агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды дамытудың негізі
3.2. Шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
3.3 Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі мен кірісін өсіру,
отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылық қабілетін дамыту, тұрлаулы
даму бағдарламасын іске асыру міндеттері заман ағымынан туындайтын өмірдің
күрделі міндеттерімен үндес болып табылады. Осы міндеттерді сапалы түрде
және де жоғары деңгейде шешу жолдарын белгілеу – негізгі мәселе. Сондықтан
да Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты
мақсаты деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында Республика Президенті
Н.Назарбаев: Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына
бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр - деп атап көрсетті 1.
Таяудағы онжылдықта бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті,
ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласын дамытуды, мұндағы шешілмеген түйінді
мәселелерге айрықша назар аударуды талап етеді. Осының барлығы да сайып
келгенде, ауыл шаруашылығы саласын дамыту Қазақстан экономикасы дамуының
басым бағыты болуы тиіс екендігін айқындайды.
Кез-келген қоғамның негізгі мәселесі – халықты азық-түлікпен
қамтамасыз ету, ал стратегиялық мақсаты – экономикалық өсуге қол жеткізу
болса, Қазақстан жағдайында бұл мақсат-міндеттерді сыртқы ортадан тәуелсіз,
өз мүмкіндіктеріміз арқылы шешуге болады. Ауыл шаруашылығы экономиканың
тамақ және жеңіл өнеркәсіптері сияқты басқа да салаларын дамыту үшін негіз
болып табылатындығы белгілі. Ал экономиканың барлық салалары өзара тығыз
байланысты болғандықтан, егер ауыл шаруашылығы дұрыс жолға қойылған болса,
оның шикізаты арқылы жұмыс жасайтын өңдеуші өнеркәсіп шетелдік шикізатқа
тәуелді болмайды. Сол сияқты ауылдық тауар өндірушілердің сұранысы мен
төлем қабілеті болса, машина жасау өнеркәсібі ауылға қажетті техника, құрал-
жабдықтар өндірісін ұйымдастырып, қара және түсті металлургия, отын-
энергетика кешендерінің де қалдықсыз жұмыс істеуіне ықпал етер еді.
Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу қазіргі
күндегі өте өзекті мәселелердің бірі саналады. Оларды реттеу үшін, әрине,
белгілі бір механизмдер қажет. Осылардың барлығынан туындайтыны –
ароөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеуге және оның
механизмдеріне арналған дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылығы саласын, ауыл
шаруашылығы шикізатын өңдеуші салаларды және аграрлық секторды материалдық-
техникалық жабдықтаушы салаларды қамтитын агроөнеркәсіп кешені сияқты
тұтас кешендегі шаруашылық байланыстарды реттеудің қазіргі жағдайын саралай
отырып, нарық жағдайларына бейімделген қолданыстағы реттеу механизмдерін
жүйелеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің
объективті қажеттілігін айқындау;
- ауыл шаруашылығы мен индустриалдық салалардың арасындағы
байланысты реттеу механизмдерінің мәнін ашу;
- ауыл шаруашылығы саласының және онымен сабақтаса дамитын
салалардың қазіргі жағдайын талдау;
- шаруашылық байланыстардың агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасқан
жүйесіне талдау жасау;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу
механизмдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық
байланыстарды реттеудің теориялық негіздері қарастырылды. Ауыл шаруашылығы
мен индустриалдық салалардың арасындағы байланыстарды реттеу
механизмдерінің мән-мағынасы ашылып көрсетілді.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде ауыл шаруашылығы саласының қазіргі
жай-күйіне талдау жасалынып, оның өзімен сабақтаса дамитын салалармен
байланысының даму барысы талқыланды.
Үшінші бөлім агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу
механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ, қарастырылып отырған мәселенің шетелдік
тәжірибесін саралау және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері жөнінде
ұсыныстар жасауға арналды.
Дипломдық жұмыста зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының
агроөнеркәсіп кешені алынды.
Жұмыста ауыл шаруашылығының, онымен сабақтаса дамитын салалардың дамуы
бойынша Қазақстанның заңнамалық және нормативтік актілері қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық негізіне Қазақстан Республикасының Ұлттық
статистикалық агенттігінің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері
алынды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей авторлардың еңбегіне
сүйендім: Ж.Ихданов, Ө.Қ.Есқараев, А.С.Сейдахметов, Ғ.Қалиев, Ө.Қ.Шеденов,
Ғ.Ж.Нұрышев, Ғ.Р.Мадиев және т.б.

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫМЕН САБАҚТАС САЛАЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау

Республиканың нарық экономикасына өтуді бастағаннан бергі өткеніне көз
салсақ, әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде аграрлық секторда
да қиыншылықпен өткені белгілі. Экономиканы ырықтандыру шаруашылық өмірінің
барлық саласына әсер етіп, нарықты, оның инфрақұрылымын, шаруашылық
жүргізудің экономикалық механизмдерін, тауар-ақша, бөлу, жер қатынастарын
ұйымдастыруға байланысты көптеген экономикалық проблемаларды шешуді талап
етті. Оларды шешу барысында республика экономикасында едәуір өзгерістер
жүзеге асты. Сол өзгерістердің республика экономикасында өзіндік орыны бар
аграрлық салаға қатысты оңды әсері, бұл – көп салалы экономика тұрақты
сипат алып, нарықтық қарым-қатынас шаруашылықтардың барлығында дерлік
орныға бастады, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің негізгі
элементтері жаңаша сипатқа ие болып, қолданыла бастады, нарықтық
инфрақұрылым дамуда. Дегенмен оң шешімін таппаған проблемалар әлі де
жеткілікті. Солардың салдарынан ауыл шаруашылығы экономика секторларының
ішіндегі ең дағдарысты салаға айналып отыр. Егер 1990 жылға дейін ауыл
шаруашылығы экономиканың серпінді дамыған саласы болып және оның жалпы ішкі
өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 34%-ға дейін жеткен болса, ал соңғы жылдары ауыл
шаруашылығы өндірісінің деңгейі үш есеге төмендеп кеткен.
Нарықтық қатынастарға өту барысында елімізде мемлекеттің аграрлық
саясаты қалыптасты. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ауыл
шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды және ауыл тұрғындарының
материалдық жағдайы мен әлеуметтік ахуалын көтеруді мақсат етеді.
Осы негізгі мақсаттарды орындау барысында республикада аграрлық салаға
қатысты заңдар мен нормативтік актілер қабылданып, бағдарламалар жасалынды.
Дегенмен ауыл шаруашылығында соңғы жылдары жүргізілген реформалардың
нәтижесі өндіріс құрылымын жетілдіруге, оның экономикалық механизмінің
қайта құрылуына байланысты резервтердің әлі де болса жеткілікті іске
қосылмағандығын көрсетті.
Реформаға дейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында өнім
өндірісінің табиғат жағдайларына тәуелді болуына қарай мамандандыру
аумақтары (зоналары) қалыптасқан болатын. Аймақтардың табиғи-климаттық
айырмашылықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасында ескеріліп
отырылды.
Астық дақылдарын өсіру мен сүтті және етті-сүтті мал шаруашылығы үшін
мал азығын өндіруге табиғат жағдайлары қолайлы Қазақстанның солтүстік
облыстарында ауыл шаруашылығы астық өндірісін сүт, ет өндірісімен үйлестіре
отырып мамандандырылды. Ал қуаңшылық территорияларда ауыл шаруашылығы мал
шаруашылығы мен астық өсіруге маманданды. Оңтүстікке қарай, барынша құрғақ
климат жағдайында ауыл шаруашылығы қой-ірі қара шаруашылығы мен астық өсіру
бағытында дамыды. Оңтүстіктің суармалы жерлерінде күріш, мақта, қант
қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, жүзім өсіру интенсивті сүтті-етті мал
шаруашылығымен үйлестіріле отырылып жүргізілді.
Реформа нәтижесінде мамандандыру құрылымында айтарлықтай өзгерістер
болды, ең алдымен шаруашылықтардағы егіс алқаптарының көлемі қысқартылды,
мал басының саны елеулі түрде кеміді. Айталық, кейбір аймақтарда сол
аймақта өндірілмейтін ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріле бастады, бұл әрине
өнім өндірудегі шығындардың өсуін тудырды. Бірақ біз бәсекеге қабілетті
өнім өндіргіміз келсе, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу мен малдарды өсіру
аумақтарының мамандандырылуын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес салмағы бойынша Алматы
облысы алдыңғы орындардың бірінде тұр. Бұл облыс өзінің географиялық
орналасуы және табиғи-климаттық жағдайы жағынан республикада ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу, сондай-ақ азық-түліктерді
республиканың өнеркәсіптік орталықтарына жөнелту жөнінде жетекші
аймақтардың бірі болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыстың зерттеу
объектісі ретінде Алматы облысы алынды.
Экономикалық әлеуеті жоғары Алматы облысы жалпыреспубликалық еңбекті
бөлуде елеулі орында тұр. Елде өндірілетін негізгі өндірістік қорлардың
10%-дан астамы: өнеркәсіп - 9%, ауыл шаруашылығы өнімінің -12 %-ы оның
үлесіне келеді. Жеміс және көкөніс өндірісінің үлес салмағы - 25%.
Республика бойынша тұтастай алғанда өндірілетін жалпы ауыл шаруашылық
өнімдері көлемінің 80%-темекі, 60%-жеміс-жидек, 40%-жүзім, 45%–көкөністі
құрайды. Облыс экономикасының дамуында ауыл шаруашылық өндірісі маңызды
рөл атқарады. Бұл сала халық шаруашылығы өнімдерінің жалып көлемінің 15%-
нан астамын береді. Дегенмен, облыстың ауыл шаруашылық өндірісінің
экономикалық мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді.
Облыстың ауыл шаруашылығы республиканың жалпы пайдаланылатын жерінің 17%-
ын және айдалған жерінің 6%-ын иемденеді. Үлкен өнеркәсіп орындары
Талдықорған қаласында, Талғар, Қарасай, Іле аудандарында ғана шоғырланған,
басқа аудандар негізінен тек ғана ауыл шаруашылығымен шұғылданады деп
айтуға болады.
Осындай деректер Алматы облысы республика экономикасына өзінің едәуір
үлесін қосып, өнеркәсіптегі сияқты, аграрлық секторда да орын алған
дағдарысты жойып, өндіріс көлемін арттыра беру жөнінде барлық шаралар
қолданылып жатқандығын дәлелдейді.
Бүгінде облыс шаруашылығында көп укладтылық сақталынып отыр. Облыста
фермерлік пен егіншіліктің, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашықтарының
белсенділігі жағдайында тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі сақталған. Қазір
облыста 400-ден аса ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 26 мыңнан аса шаруа
қожалығы жұмыс істейді. Сондай-ақ 300 мыңнан аса отбасы үй шаруашылықтары
мал мен құс өсірумен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады.
Агроөнеркәсіп кешенін қалыпты дамытудың 2006-2010ж.ж. арналған
Бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы аяқталды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің өсімі 4,8 млрд. теңгені құрап,
117,3 млрд. теңгеге жетті. Егіс алаңдарының оңтайлы құрылымдары қалыптасып,
885,2 мың гектарды құрады, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы алқабының 5,4%
құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлері бойынша облыстың
үлес салмағы республикада ең жоғары болып отыр. Өткен жылдың деңгейіне
қарағанда дәнді дақылдар өндірісінің көлемі – 2,5%-ға, күріш – 12,6%-ға,
қант қызылшасы – 10,6%-ға, майбұршақ - 22%-ға, күнбағыс - 37%-ға, картоп -
2,0%-ға, көкөніс - 2,1%-ға артты. Мал мен құстың барлық түрінен бас саны 3-
тен 29 пайызға, мал шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс 3-тен
12 пайызға дейін өсті. Облыс бойынша сүт сауу өнімділігі 3,5%-ға, жұмыртқа
өнімділігі - 4,5%-ға, әрбір қойдан қырқылған жүн - 2,6%-ға артты.
Бройлерлік құс шаруашылығын ынталандыру мақсатында құрама жем құнын
субсидиялау жөніндегі жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл құс
еті өндірісін 14 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.
2007 жылдың соңында шаруашылық категориялары бойынша мал басы мен құстың
санындағы үлес салмағы жағынан жоғары қосалқы шаруашылықтар мен шаруа
қожалықтары болды. Осы жылдағы облыста өндірілген мал шаруашылығы
өнімдерінің негізгі түрлерінде солар өндірген: еттің - 92,4%-ын, сүттің
92,7%- ын, жұмыртқаның - 49,1%-ын және жүннің - 89,1%-ын.
Алматы облысында бәсекеге қабілетті экономика құруға және тұрғындар
өмірінің сапасын арттыруға бағытталған 22 өңірлік бағдарлама жүзеге
асырылуда. Ауыл шаруашылығына қомақты мемлекеттік қолдау көрсетудің
арқасында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру және ауылдағы
тіршілік жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға жағдай
жасалды.
Облысқа 2007 жылы республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге сомасында
нысаналы трансферттер мен субсидиялар бөлінді.
Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімін алған 12
дайындау кооперативтері жұмыс істеуде, олар ауыл шаруашылығы құрылымдарына
621,7 млн. теңгеге несиелер беруге құқысы бар. Облыс орталығында, Алматы
және Қапшағай қалаларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып,
оған облыстың барлық өңірлері қатысты. Жалпы алғанда 2007 жылы облыс
бойынша жәрмеңкелерде 211,7. млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі сатылды,
бұл көрсеткіш 2006 жылғы деңгейден 31,1 млн. теңгеге артық. Облыс
орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мамандандырылған коммуналдық
базары ашылды, оның негізгі мақсаты – заман талабына сай сауда құрылымдары
арқылы, делдалдарсыз, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты түрде сатылуына
жағдай жасау, тауар өндірушілердің, сатушылардың және тұтынушылардың өзара
мүдделілігі механизмін қалыптастыру болып табылды. Бұл мақсаттарға
жергілікті бюджеттен 100,6 млн. теңге бөлінген болатын.
Инвестициялардың негізгі көлемі – 60,3 млрд. тенгесі немесе 57,5 %-ы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаты есебінен
игерілді. Жергілікті бюджеттен 4,4 млрд. тенге немесе 4,2%, республикалық
бюджеттен - 12,9 млрд. тенге немесе 12,3% игерілді. Шетелдік инвестициялар
16,9 млрд. тенге немесе 16,1%-ды, басқа қарыз қаражаттары - 10,4 млрд.
тенге немесе 9,9%-ды құрады.
Алматы облысының аграрлық секторының дамуына жасалған талдау
нәтижелері ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі, әсіресе мал
шаруашылығы өнімдерін өндіру қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында
шоғырланғандығын айқындайды. Бұл келтірілген деректерден мына төмендегідей,
кем дегенде екі қорытынды туындайды. Біріншіден, облыста ауыл шаруашылығы
өнімдерінің басым көпшілігі шаруашылық субъектілерінің қоғамдасқан
нысандарында емес, жеке нысандарында, яғни қосалқы шаруашылықтар мен шаруа
қожалықтарында басым өндіріле бастады. Мұндай бағыт еліміздің оңтүстік
аймақтарында орналасқан облыстары мен аудандарының бәріне дерлік тән
құбылыс. Екіншіден, шаруашылық субъектілерінде өндірісті қайтадан құрып,
оның құрылымын нарықтық қарым-қатынастар талабына сәйкестендіре икемдеуді
жаппай қолға ала бастады.
Алайда жеке қожалықтардың өмір талабына, нарықтық талаптарға сәйкес
серпінді дамуында олқылықтар мен кемшіліктер жоқ емес.
Олардың ең бастыларының қатарына мыналар жатады:
- табыс мөлшерінің тапшылығы; өндірілген өнімді сатудан түскен
табыстың ауқымы қанағаттандырмайды.
- материалдық-техникалық базаның кемшілігі, әсіресе техникалардың
басым бөлігінің тозуы;
- өндірілген өнімді ұқсату және сату жұмыстарының мардымсыздығы.
Ұзақ мерзімге сақтауды көтермейтін, тез бұзылатын, сөйтіп орынсыз ысырапқа
ұшырау мүмкіндігі жоғары өнімдерді жедел әрі жас кезінде сату аса тиімді,
бұл үшін шаруа қожалықтары арасында маркетингілік қызметті ұйымдастырып,
фермерлер өндірісіне өнімді мемлекеттік тапсырыс ретімен сатып алу жүйесін
өндіру туындайды;
- қаржы-қаражат жағдайларының оңалуындағы демеулік, оларды
мемлекет тарапынан тікелей ақшалай және заттай қолдау, ұзақ мерзімді
жеңілдетілген несие беру, салық және басқа да міндетті төлемдерден
“каникулдар” тағайындау т.б. шаралар жөніндегі құқықтық күші бар
нормативтік актілердің көпшілік жағдайда орындалмай қалып отыратындығы.
Осы аталып өткен мәселелер шаруа қожалықтарының ғана емес, ауыл
шаруашылығындағы барлық кәсіпорындардың өзекті проблемаларына айналып отыр.
2.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші салалардың даму барысын талдау

Агроөнеркәсіп өндірісіндегі ішкі және сыртқы байланыстардың кең
көлемін ауыл шаруашылығының оның өнімін дайындау, сақтау және өңдеумен
айналысатын салалармен экономикалық байланысы құрайды. Ең алдымен, бұл
үлесіне өңделетін ауыл шаруашылығы шикізатының 80 пайызы тиесілі болып
келген тамақ өнеркәсібіне қатысты.
АӨК-тегі саны жағынан ең көп салалар – бұл кешеннің түпкі өнімін
өндірумен тікелей байланысты өнеркәсіптің өңдеуші салалары. Бірақ ауыл
шаруашылығының кәсіпорындары өздерінің өзара қарым-қатынастарында түпкі
өнімді шығаратын кәсіпорындардың барлығына дерлік жете бермейді. Ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен қатар, осы өнімді
тасымалдау, сақтауды қамтамасыз ететін өндірістік инфрақұрылымның да АӨК
құрылымындағы маңызы ерекше.
Ауыл шаруашылығының өңдеуші салалармен және өндірістік инфрақұрылыммен
экономикалық қатынастарын мейлінше тиімді жүзеге асыру, бірінші кезекте,
өңдеуші өнеркәсіптердің жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарымен оған
өңдеуге және сақтауға келіп түсетін ауыл шаруашылығы шикізатының көлемі
арасындағы сәйкессіздікті жоюға бағытталады. Бұл өз кезегінде ауыл
шаруашылығы өнімдерінің ысырабын азайтуға мүмкіндік береді.
Өңдеуші кәсіпорындар шикізат нарығы және тауар нарығының негізгі
байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен шикізат нарығында өңдеуші кәсіпорын жалғыз тұтынушы немесе
азғана тұтынушылардың бірі ретінде көптеген ауылдық тауар өндірушілерге
"қарсы" тұрады, сөйтіп ол кәсіпорын монополист-тұтынушы ретінде көрінеді.
Өнімдер нарығында мұндай кәсіпорын азғана өндірушілердің бірі ретінде, яғни
монополист-өндіруші ретінде сипатталады.
Агроөнеркәсіп өндірісіндегі салааралық қатынастарды талдау, ауыл
шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін сату бағасындағы сатып алар
бағасының үлес салмағының 30%-дан аспайтынын көрсетеді, яғни көтерме және
бөлшек баға құрылымындағы шикізат құнының үлес салмағы кеміген (60-65%
нақты деңгейдің орынына 35-40%). Бұл – өңдеуші кәсіпорындар монополизмінің
айқын дәлелі деп тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.
Өнімдерді өткізуде тиімсіздік жағдайдың орын алуы тауар өндірушілерде
арзан шикізат сатқаннан гөрі дайын өнімді таратқан тиімдірек деген пікір
қалыптастырып, соның нәтижесінде республиканың түкпір-түпкірінде ұсақ
өңдеуші кәсіпорындар пайда болды. Ондай жағдай біздің зерттеу объектіміз
болып отырған Алматы облысында да орын алғанын айтып кету керек.
Облыстағы жұмыс істеп тұрған 580 өңдеуші ұсақ кәсіпорындар 3785 адамды
жұмыспен қамтып отыр, барлық шағын кәсіпорындардың қазіргі уақытта 75%-ы
жұмыс істеуде. Олар 2007 жылы 30 мың тоннаға жуық көлемде – ұн, 105,1 мың
тонна – нан өнімдерін, 1,2 мың тонна – макарон өнімдерін, 1 мың тонна –
жарма, 88 мың литр – өсімдік майларын, 196 тонна колбаса өнімдерін және
4220 тонна сүт өнімдерін өндірген.
Дегенмен ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі шағын кешендерді
пайдаланған жағдайда көбінесе өндірілетін азық-түліктердің сапасы туралы
мәселе басты орынға шығады. Технолог-мамандардың жеткіліксіздігі, соның
салдарынан өндірілетін өнімдердің сапасының төмендігі – шағын өңдеу
кәсіпорындарының жабылуының негізгі себебі. Ірі қуатты кәсіпорындарға
қарағанда шағын өңдеу кәсіпорындарында шикізатты терең өңдеуге мүмкіндік
болмайды, сол себепті оларда өнім өңдеуде қалдық көп қалып, ол өз кезегінде
өндірілген өнімнің бағасын қымбаттатуға себепші болады.
Шаруашылық ішіндегі өңдеуші кешендер мынандай жағдайда тиімді болуы
мүмкін: шаруашылық халық тығыз орналасқан ірі қалалардың маңында орналасып,
тұтынушылар сұранысы жоғары болған жағдайда; өңдеуші кәсіпорындар алыста
орналасып, оларға шикізаттарды жеткізу біршама шығындар мен бағаның
қымбаттауын туғызатын жағдайда; өндірілетін өнімдердің ерекше, бірыңғай
қасиеттерін ірі кәсіпорында қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезеңде; жақын
орналасқан өңдеуші кәсіпорындардың қуаты жеткіліксіз болған жағдайда.
Экономиканың аграрлық және индустриалды секторларының мүдделерін
үйлестіру арқылы ауыл шаруашылығы мен өңдеуші салалардың дамуында бірлікке
жету, соның негізінде халықтың азық-түлікке деген қажеттілігін толықтай
қанағаттандыру, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
аталмыш салалардағы әлеуметтік мәселелердің шешілуі көзделеді.
Ауыл шаруашылығы мен оның өнімін өңдеуші салалар арасындағы
қалыптасқан жағдайды шешудің бірден-бір жолы кластерлерді дамыту болса
керек. Жалпы, кластер термині (ағылшынша cluster - шоғырлану
мағынасында) бір үлгідегі нысандардың шоғырлануын білдіреді. Экономикада
кластер деп экономиканың белгілі бір саласына қарасты және салыстырмалы
түрде бір-біріне жақын орналасқан кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың,
университеттердің және басқа да ұйымдардың топтарын айтады. Сонымен бірге
кәсіпорындар мен ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Кластерлер құрудың артықшылығы, ең алдымен, оған барлық қатысушылардың
өзара тығыз қызметтестікте болуында, ол ресурстар, ақпараттар, және
технологиялар алмасуда және ең бастысы, проблемаларды бірлесіп шешуде
көрініс табады. Осылайша кластерге қатысушы компаниялар тұтынушылардың
үлкен бөлігін тарта және табысты молайта отырып, өзінің тиімділігін
арттырып, өз өнімдерінің сапасын жақсарта алады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бір-бірінен оқшауланған кәсіпорындарға
қарағанда, кластерге бірігуге қол жеткізген кәсіпорындар неғұрлым табысты
болып табылады. Осылайша, агроөнеркәсіп кешенінде де кластерлерді құрып,
дамыту оған кіретін салалардың алдында тұрған проблемалардың шешу
тиімділігін арттырып, жалпы кешеннің тұтастай дамуын ықпал етеді.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі кластерлерді құру мен дамыту мәселесі
жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылады.

2.3 Ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтау жүйесінің
дамуы

Агроөнеркәсіп өндірісіндегі өндірістік байланыстар жүйесінде ауыл
шаруашылығының материалдық-техникалық құралдармен жабдықтайтын өнеркәсіп
салаларымен және оған өндірістік-техникалық қызмет көрсету өрісімен
экономикалық байланыстарының маңызы зор. Ауыл шаруашылығын материалдық-
техникалық жабдықтау АӨК-тің басқа да салааралық байланыстары сияқты тауар-
ақша формасында жүзеге асады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының
материалдық-техникалық құралдармен жабдықтайтын өнеркәсіп салаларымен
байланысы делдалдар арқылы жүргізілуде.
Ауыл шаруашылық өндірісінің өзіндік ерекшелігі оны материалдық-
техникалық жабдықтауды ұйымдастыру мен жоспарлауда бірқатар өзгешеліктерге
себепші болады. Осындай өзгешеліктердің бірі – ауыл шаруашылығында
өндірістік кезеңнің жұмыс кезеңімен тура келмеуі. Мұнда өндірістік уақыт
екі кезеңнен құралады: бірінші кезең – тікелей адам еңбегінің әсерімен
жасалатын өндірістік процесс кезеңі, екіншісі – табиғи процестердің
әсерімен жасалатын кезең. Осы ұдайы өндіріс нәтижесінде ауыл шаруашылығында
оның қоғамдық сипатына байланыссыз, ұдайы өндіріс табиғи процеспен әрдайым
бірігіп, тұтасып кетеді. Бұл жағдайлардың ауыл шаруашылық өндірісі үшін
маңызды экономикалық салдарлары бар.
Материалдық-техникалық құралдарды ұзақ уақыт пайдаланбау салдарынан өндіріс
процесіндегі үзілістер олардың құнсыздануына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің
қымбаттауына алып келеді. Өйткені өндіріс құралдары құнының өнімге көшуі
оларды тікелей пайдаланған уақытта ғана емес, олар өздерінің құнын
жоғалтқан өндірістің барлық уақытында есептеледі.
Өндірістік кезеңнің жұмыс кезеңімен сәйкес келмеуі ауыл шаруашылығы
өндірісі мен материалдық-техникалық құралдарды пайдаланудың маусымдық
сипатын анықтайды. Ауыл шаруашылық өндірісінің маусымдық сипаты ауыл
шаруашылық машиналарының көпшілігін жылдың шамалы уақытында ғана
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ұзақ уақыт пайдаланбағандықтан
техникалардың физикалық және моральдық тозуын тудырады. Негізгі
өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен
жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.
Агроөнеркәсіптік кешенінің төменгі деңгейдегі техника және
технологиямен жабдықталуы агроөнеркәсіп кешені өнімдерін өндірудің өсімін
тежейтін негізгі фактор болып табылады.
Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінің техникамен жабдықталу
жағдайына тоқталайық. Лизингтік операциялардың нәтижесінде облыстың
ауылшаруашылық кәсіпорындарының машина-тракторлық парктері жоғары
өндірістік техникалармен қамтамасыз етілді.
Өсімдік шаруашылығында тракторлар мен комбайндар саны 1995 жылы 7451-
ден 2006 жылы 5895 бірлікке, астық жинайтын комбайндар – 1656-дан 1085
бірлікке, жем-шөп комбайндары – 455-тен 196 бірлікке, жүгері комбайны – 197-
ден 57 бірлікке, картоп жинағыш комбайны – 30-дан 16 бірлікке, қопсытқыштар
– 1366-дан 569-ға, дестелегіштер – 335-тен 58 бірлікке қысқарды.
Ауылдың материалдық-техникалық негізінің елеулі түрде "ойсырап"
кеткенін аталған мәліметтер айқын дәлелдейді. Пайдаланылып жүрген техника
осы қарқынмен азая беретін болса, алдағы уақытта ауыл шаруашылығында
орындалатын жұмыстардың едәуір бөлігін қол еңбегімен орындауға тура келері
сөзсіз. Сондықтан ең алдымен отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау
кәсіпорындарының жұмысын жолға қою – кезек күттірмейтін мәселе.
Ауылшаруашылық өнеркәсібін техникалық жабдықтау аграрлық сектордың
дамуының негізі болады. 2007 жылы ауылшаруашылық техникасы мен қайта өңдеу
кәсіпорындарына арналған жабдықтары лизингі саласындағы инвестицияларды
арттыру жоспарланып отыр. Лизингтік негізде Қазагрофинанс АҚ арқылы 780
млн. теңгеден астам сомаға ауылшаруашылық техникасының 131 бірлігі мен
агрегаттар сатып алу жоспарланып отыр.
Облыстың ауылшаруашылық құрылымдары ауыл шаруашылық дақылдарын жоғары
өнімді шетелдік техниканы қолдану арқылы өңдеудің жаңа технологияларына
біртіндеп өтуде. Хорш, Морис, Гриме, Амазоне, Лемкен және т.б.
сияқты аттары әлемге әйгілі машина шығаратын компаниялардың техникасын
сатып алу жоспарлануда.
Нарықтық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Облыста
14 МТС, 23 көтермесауда базары, 10 ауылдық кредиттік серіктестіктер жұмыс
істейді. 2007 жылы машина-технологиялық станциялармен ауылшаруашылық
құрылымдарына 71 млн. теңгеге қызмет көрсетіліп, кредиттік
серіктестіктермен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 365,1 млн. теңге
кредиттік қаржылар берілді.
Техниканың ескіруі, олардың санының азаюы ауыл шаруашылығы
өндірісінің төмендеуіне әкеліп соқтыруда. Қазіргі бар 5,9 мың түрлі
тракторлар, 1 мың астық комбайны, 2,9 мың жүк автомобилі агроөнеркәсіп
кешендерінің сұранымын қамтамасыз ете алмайды. Соңғы жылдары “ Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ” ЖАҚ және “ Казагрофинанс ” ЖАҚ арқылы
57 ДТ-75, 10 МТЗ-82 тракторлары, 4 СК-5 “Нива” комбайндары және түрлі
техникалар 137,4 млн. теңгеге алынды.
Лизинг арқылы техника алудың шарттары қатаң болғандықтан, ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілердің кез-келгенінің жағдайы көтермейді.
Облыстағы 26 машина-технологиялық станция сервистік қызмет көрсетіп
келеді. Олардың күшімен өткен жылы 66,9 млн. теңгенің қызметі
көрсетілді. Бұл МТС-терде де техника ескірген. 100 шаруа қожалығына 29
трактор, 9 жүк автомобилі, 11 соқа, 10 дән сепкіштен келеді, көріп
отырғанымыздай шаруа қожалықтарының көпшілігінде техника құралдарының
жоқтығынан МТС-ы жұмысынан көмек сұрайды.
Бүгінде ауыл шаруашылығын астық жинайтын техникамен қамтамасыз ету
мәселесі де өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі уақытта
республикада шамамен 40 мыңға жуық негізінен Ресейден шыққан ("Нива",
"Енисей", "Дон-1500") комбайндар мен "Джон-Дир-9500" американдық 6300
комбайн бар. Ал Алматы облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында олардың
саны 1999 жылдың соңында 1143 болды. Комбайндардың бұл саны егін ору
науқанын тығыз мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермейді.
Өзімізде комбайн жасау өндірісінің жоқтығы, елдің комбайндарға
мұқтаждығын алыс шетелден қамтуға тура келтіріп отыр. Бұл жағдайларда
республика үшін комбайндардың негізгі типтерін дұрыс таңдап алу қажет,
өйткені олар астық өңдеудегі машина жүйелерінің ішіндегі ең қымбаттары
болып табылады. Комбайндардың әлемдік нарығы олардың 300-ге жуық үлгілері
мен модификациялары бар, бұл бізге әрбір табиғи-климаттық зоналардың
ерекшелігіне сәйкес комбайндарды таңдап алуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық өндірістерінің, мемлекет және жеке
меншік көздерінің қаражаттары есебінен материалды-техникалық жабдықталуының
белсенділігі артуда. Бірақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы
айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17,6 млрд. теңге
көлемінде бағаланған.
Облыста ауылшаруашылық техникасын және оларға қажет құралдар қоры бар
1 зауыт жұмыс істейді. Бірақ зауыт ауылшаруашылық техникаларын шығармайды,
ал шығарылатын құралдар қорының түрі көп емес небәрі – 25 атаулы ғана.
Облысымыздағы ауылшаруашылық машина жасау кәсіпорындарының ТМД елдерінің
машина жасау кәсіпорындарымен жұмыс жасаудағы байланысын 8-ші кестеден
көруге болады.

Кесте 8 - Ауыл шаруашылық машиналарын жасау кәсіпорындары
Кәсіпорындардың аты, Өндірілетін техника
өндірілетін жері түрлері
Қазақстан Ресей Нива – Эффект
Вектор комбайндары.
АҚ Уральск агрореммашКомбайндық зауыт
Орал қаласы. Ростсельмаш
ООО Филиалдары
Ростов-на-Дону қаласы.
Қостанайлық дизельдік Қостанайлық филиал ААҚ Т-4, ДТ-75
двигательдер зауыты. АгромашХолдинг тракторларына Енисей,
Нива комбайндарына
двигательдер өндіру.
Қазақстан Украина ЮМЗ-8040.2 маркалы
1,4 т.с. тракторлар
классы.
АҚ Уральск агрореммашГП ПО А.М. Макарова
Орал қаласы. атындағы Оңтүстік
машина жасау зауыты
Днепропетровск қаласы.
АҚ Уральск агрореммашААҚ ПК-20 дәндерді дәрілеу,
Орал қаласы. ОП-2000 бүріккіштері.
Львовагроремаш-проект.

Жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қажетті ауылшаруашылық
техникаларымен қамтамасыз етілу мақсатында – ТМД елдерінің өндіруші
зауыттарының өкілдерімен ынтымақтастығы жалғасуда. Нәтижесінде Ресейден,
Украинадан, Белоруссиядан және басқа шет мемлекеттерден көп мөлшерде
тракторлар мен комбайндар алып келінеді.
Қазіргі кезеңдегі ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтау
жүйесінің дамуын талдау нәтижесі төмендегідей жалпы қорытындылар жасауға
мүмкіндік береді:
- техника, отын-энергетика, материалдық-техникалық ресурстар
бағасының жоғары болуына байланысты ауылдық тауар өндірушілердің төлем
қабілетінің төмендегі, соған орай ресурстар шығарушы сала кәсіпорындары
қуаттылығының толық деңгейде пайдаланылмауы;
- өндіріс құрал-жабдықтар нарығында бәсекелестіктің болмауы
салдарынан ресурс шығарушы сала кәсіпорындарының монополистік үстемдігінің
сақталуы;
- өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдері арасында
баға паритетінің сақталмауы;
- мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын техникалық жабдықтау
жөнінде сараптамалық бағдарламаның жоқтығы;
- ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін материалдық-техникалық
жабдықтау жөнінде біртұтас техникалық саясаттың жоқтығы.
Жоғарыдағы айтылған жағдайлардан туатын негізгі қорытынды: ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерінің төлем қабілетінің төмендігі, ұдайы қаржы
тапшылығы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдері арасындағы баға
қайшылығы - ауыл шаруашылығы саласын да, осы салаға материалдық-техникалық
жабдықтар шығаратын және материалдық қызметтер көрсететін салаларды да
тығырыққа тіреді.
Олай деуге себеп, бүгінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жанар-жағар
май, техника құнының жоғары болғандығынан өздерінің негізгі қорларын
жаңарта алмай тозығы жеткен техникамен жұмыс істеуді жалғастыруда. Ал бұл
жағдай өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірісін төмендетуге алып келеді.
Ауыл шаруашылығындағы барлық шаруашылық құрылымдарының тиімді жұмысын
қамтамасыз ету үшін техникалық жарақтану жоғары деңгейде болуы тиіс. Ауыл
шаруашылығы саласын материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету
мәселесінің оңды шешімін табуы агроөнеркәсіп кешенінің осы екі саласының да
қарқынды дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан осы салалардың
арасындағы шаруашылық байланыстарды бір арнаға түсіру және осы мақсатта ол
байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру мәселелері туындайды. Осы
мәселелерге дипломдық жұмыстың келесі бөлімі арналып отыр.
3. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ШАРУАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ РЕТТЕУ
МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Кластерлер - агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды
дамытудың негізі

Экономиканы кластерлеуге деген талпыныс отандық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Ал ол мемлекетіміздің экономикалық
саясатының, сонымен бірге, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму
стратегиясының да негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан
кластерлiк бастамаларды қолдау арқылы агроөнеркәсiптiк кешеннiң ұлттық
бәсекелiк артықшылықтарын дамыту мәселесі - бүгінгі күн тәртібіндегі
өзекті мәселелердің негізгісі. Осыған орай мемлекеттiк саясаттың
агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы алдағы кезеңдегi негiзгi мақсаты оның
салаларының табыстылығын және өнiмдiлiгiн арттыру негiзiнде
агроөнеркәсiптiк кешеннiң орнықты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнiмнiң
ұлттық бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту болып табылады. Қойған мақсатқа
қол жеткiзу үшiн 2005 жылы "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Заңда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық
аумақтардың басым дамуының құқықтық негiздерi қаланып, ауыл шаруашылығы
өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, аграрлық нарықтың тұрақтылығын
қамтамасыз етуге және ауыл халқының өмiр сүруiнiң стандартты сапасын
арттыруға бағытталған негiзгi ережелер, мемлекеттiк реттеудiң қағидаттары
мен тетiктерi белгiленген.
Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды
бөлігі – аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылатыны мәлім,
сондықтан сала тиімділігін арттыру мәселесі – шикізаттан қосылған құны
жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың
өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегін
агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге
келтіруді талап етеді.
Сондықтан да өткен жылы Президентіміз Н.Назарбаевтың Жолдауынан кейін
Қазақстан Үкіметі 2006-2008 жылдарға арналған ортамерзімді әлеуметтік –
экономикалық даму Бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламада экономиканы
дамытудың бірден-бір көзі ретінде танылып отырған кластерді дамыту нақты
белгіленді. Бұл стратегия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 6-
шы наурызында № 149-шы Қаулысымен бекітілген 2006-2010 жылдарда
агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту Концепциясын жүзеге асырудың 2006-
2008 жылдарға арналған алғашқы шараларының Бағдарламасымен және 2005 жылдың
8-ші шілдесінде ҚР қабылданып, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан күшіне енген
Қазақстан Респупликасының “Агроөнеркәсіптік кешеннің және селолық
аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу” туралы Заңымен тығыз байланыста.
Жоғарыда аталып өткен құжаттарда Үкімет кластерлерді экономикамызға
енгізудің проблемаларын жан-жақты талқылап, оның нақты мақсаттары мен
міндеттерін, шешу жолдарын, қаржыландыру көздерін, жүзеге асыру сатыларын
толықтай белгілеген. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей
кластерлер дамуы мүмкін: астық өңдеу жөніндегі, сүт өңдеу жөніндегі, ет
өңдеу жөніндегі кластерлер. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі болып
саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін және және жүнді өңдейтін
кластерлер дами алады. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені шеңберінде тігін
бұйымдарының кластері және тері мен аяқ киім өндіру жөніндегі кластерлер
құрудың мүмкіндігі зор.
Казагро Ұлттық агрохолдингінің  мақта, мал, жеміс-көкөніс
шаруашылықтарын және тағы басқа   кластерлер құру туралы жобалары  аграрлық
сектордың экспорттық әлеуеттілігін арттыру  үшін күшейткіш фактор ретінде
қарастырылады. 
Американдық Austin Associates консалтингтік компаниясының және
қазақстандық Маркетингтік және аналитикалық зерттеу орталығының
мамандарының қатысуымен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жобалау
жұмыстары жүргізілді. Жасалып жатқан жобаның мақсаты – экономиканың
әртараптандырылуы мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін
индустриалдық негіз болатын 5 немесе 7 келешегі бар кластерлерді
сәйкестендіру болып табылады. Осыған байланысты еліміздің мынандай
салаларында кластерді дамыту көзделуде: туризм, мұнайгаздық машина құру,
азық-түлік және текстильдік өнеркәсіп, көліктік-логистикалық қызметтер,
металлургия және құрылыс материалдары.
Экономиканың тұрақты дамуында азық-түлік өнеркәсібінің алатын орны
зор. Бұл сектор қайта өңдеу өнеркәсібі құрылымының төрттен бірге жуық
бөлігін құрайды. Сонымен қатар бұл сектордың ЖІӨ-гі үлесі 6,5 %-ды құрайды.

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен азық-түлік өнімдері
өндірісінің көлемі жылдан жылға ұлғаюда. Азық-түлік өнеркәсібінде кластерді
дамытуға қолайлы салалардың қатарына бидай өңдеуші, сүт, ет, жеміс-
жидектік, күріш, мақта салалары жатады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев кластерлік дамудың ауылшаруашылығына қатысы
туралы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
атты Жолдауында “Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу
саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті
индустрияландыруға айырықша назар аудару қажет. Жеке меншік сектордың
назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де атап айтқанда,
агроиндустриялдық саясат арнасын да осында тарту керек ” деп айтып өткен
болатын. Ауыл шаруашылығы салаларында кластерлерді дамыту ауылдардың
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне оң әсер етеді.
Технологияларды жаңаландыру мен құралдарды жаңғырту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Экономиканың инновациялық дамыту
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Ауыл шаруашылығы саласы
Пәндер