Дәнді дақылдарды стандарттау



Кіріспе
1. Дәнді дақылдарды стандарттау
2. Дәнді бұршақ дақылдары. Жалпы сипаттамасы
3. Ас бұршақ
4. Ноқат
5. Майлы дақылдар.Жалпы сипаттамасы
6. Күнбағыс
7. Май зығыр
8. Қыша, Рапс және Арыш

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Дәнді дақылдарды стандарттау
2. Дәнді бұршақ дақылдары. Жалпы сипаттамасы
3. Ас бұршақ
4. Ноқат
5. Майлы дақылдар.Жалпы сипаттамасы
6. Күнбағыс
7. Май зығыр
8. Қыша, Рапс және Арыш

Кіріспе

Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау, сертификаттау пәні
стандарттау, сертификаттаудың басты қағидалары мен әдістерін, ҚР Техникалық
реттеу жүйесінің іс – қызметін, заңнамалық және нормативтік- техникалық
базасын, халықаралық стандарттау қатарлы тақырыптарды қамтиды.
Ауылшаруашылығы өнімдерін, соның ішінде өсімдік тектес астық өнімдерін
стандарттау кезінде сапаға қойылатын талаптар белгілі бір сапа
көрсеткіштері арқылы анықталады.Кез-келген мақсатта пайдаланылатын астық
тобы мен ір түрлі өсімдік тұқымдарының негізгі сапа көрсеткіштеріне оның
балаусалығы, пісіп-жетілу белгілері болып табылатын сыртқы
түрі,иісі,дәмі, зиянкестермен зақымдануы,ылғалдылығы және бөгде
қоспалардың мөлшері жатады. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік стандарттарда
белгіленген. Сондықтан астық өнімдерін дайындап, мемлекетке сату кезінде
осы корсеткіштер ескеріледі. Белгілі бір мақсатта дайындаған кейбір
астық және дақылдар тобын бағалау үшін міндетті сапа көрсеткіштері
қолданылады. Нормативтік құжаттармен жұмыс істеу, стандарттар қорын
пайдалану, стандарт жобасын жасау, отандық НТҚ- ды халықаралық НТҚ- мен
үйлестіру, ауылшаруашылық өнімнің сәйкестігін растау іс- қимылын жүргізу,
өнімнің бірдейлігін анықтау қатарлы жұмыстарды атқара алатын болуы тиіс.
Жалпы сипаттамасы. Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі
бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да,
бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да
жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе
артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин,
триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен
жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне
қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В,
С, т.б.) де шоғырланған.Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз
мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан
қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың
сабаны мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ
дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады.

Дәнді дақылдарды стандарттау

Ауылшаруашылығы өнімдерін, соның ішінде өсімдік тектес астық
өнімдерін стандарттау кезінде сапаға қойылатын талаптар белгілі бір сапа
көрсеткіштері арқылы анықталады.Кез-келген мақсатта пайдаланылатын астық
тобы мен ір түрлі өсімдік тұқымдарының негізгі сапа көрсеткіштеріне оның
балаусалығы, пісіп-жетілу белгілері болып табылатын сыртқы
түрі,иісі,дәмі, зиянкестермен зақымдануы,ылғалдылығы және бөгде
қоспалардың мөлшері жатады. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік стандарттарда
белгіленген. Сондықтан астық өнімдерін дайындап, мемлекетке сату кезінде
осы корсеткіштер ескеріледі. Белгілі бір мақсатта дайындаған кейбір
астық және дақылдар тобын бағалау үшін міндетті сапа көрсеткіштері
қолданылады. Мысалы,астық немесе кейбір дақыл тұқымдарының
(бидай,қарабидай,сұлы,арпа)нормалық көрсеткіш ретінде олардың натуралық
салмағы алынады. Ал жарма өндіру үшін пайдаланылатын дақылдардың дәнінің
ірілігі, тұқым ядросының мөлшері мен қауыздылығы анықталады . Сондай-ақ
сыра қайнату үшін арпаның өнгіштігі мен көктеу энергиясын нормалайды. Бұл
көрсеткіштер спирт өндіруге пайдаланылатын қарабидай, сұлы және тары
дақылдары үшін де міндетті. Бидайдың шынылығы, дымқыл дән уызының сапасы
мен мөлшері сияқты арнайы көрсеткіштердің де маңызы зор. Олардың кейбірі
мемлекеттік стандартқа келтірілген. Жалпы астық өндірушілер үшін бұл
топтың барлық көрсеткіштері маңызды орын алады. Тіпті бір ғана көрсеткіш
базалық нормаға сәйкеспеуінен астық қабылдау орындары сатып алу
бағасына беггіленген қосымшаны төлемеуі жиі ұшырасады. Астық сапасының
қосымша көрсеткіштеріне оның химиялық құрамы оның ішіне кейбір заттардың
(белок, амин қышқылы, май) мөлшері микрофлораның құрамы,сандық мөлшері,
микотаксиндер мен ауыр металдар тағы басқа зиянды заттарды жатқызуға
болады.Бұларды пайда болған қажеттілікке қарай тексереді. Көбінесе нан
өнімдері мен тамақ өнеркәсібі салаларында, мемлекеттік бақылау
зертханаларында, ауыл шаруашылығы өнімдерінің технологиялық мал дәрігерлік
тағы басқа зертханаларында, денсаулық сақтау жүйесінің арнайы
зертханаларында тексереді. Адамзат үшін астық дақылдарының ішіндегі
тағамдық құндылығыөте жоғары және де ең көп қолданылатыны – бидай. Бидай
наны бөлек,крахмал,қант, май, витаминдерге бай.1 кг бидай нанында ұнның
сортына байланысты 2000-2250 калория , сондай-ақ адам ағзасына қажетті
минералды тұздар және амин қышқылдары бар.Калориялық жағынан ол қарабидай
ұнынан анағұрлым артық. Нан және макарон өнімдерінің сапасы мемлекеттік
стандарт бойынша нормаланады.Ең әуелі сапалы нан даярлау үшін сапалы
шикізаи болу қажет. Бидайдың сапасына қойылатын талаптар ҚРСТ 1046-2008
Бидай. Дайындау және өткәзу кезінде қойылатын талаптар, қарабидай
сапасына қойылатын ГОСТ 16990 Бидай. Дайындау және өткәзу кезінде
қойылатын талаптар стандарттары бойынша нормаланады.Осыған сәйкес ұнның
сапалық құрамына нормалар белгіленген.
Ұнның тағамдық құндылығы
алғашқы шикізат құндылығына, яғни астықтағы белоктың мөлшеріне байланысты.
Мысалы, жақсы нан алуға болатын, сапалы ұн өндіру үшін бидайда 25%, қатты
бидайға 28% дән маңызы болу қажет. Сондықтан да астықтың құрамындағы дән
маңызының сапасы мен көлемін жоғарылату, астықты жинау, сақтау кезінде сол
көрсеткішті төмендетпеу астық дайындаушылардың негізгі мақсаты болып
табылады. Бақашық қандаламен зақымдалған бидайдың дән маңызының
көрсеткіштері күрт төмендейді де одан алынған ұнның сапасы да нашар
болады. Жасалған қамыр жабысқақ, пісірілген нанның дәмі нашар, кеуектеніп
тұрады, тез кеберсиді. Егіс алқаптарынан жиналып, өңдеп, сақтауға әкелінген
астықтың құрамында әр түрлі қоспалар болуы ықтимал.Олардың түрлері мен
мөлшері тұқымдық материалдың тазалығына, дәнді дақылдың өсірілуі, күтілу,
жай-күйі, сондай-ақ қырманда бастыру сапасы мен тасымалдық жағдайына
байланысты болады. Астық құрамында ең көп кездесетін қоспалар – сабанның
ұнтақтары, құм, топырақ қиыршықтары, ұсақ тас түйіршіктері, металл және
әйнек сынықтары, арамшөп қалдықтары, бөгде дақыл түрлері және тағы басқа.
Күнделікті азық- түлікке кеңінен қолданылатын астық түрінің бірі –
жарма.

Дәнді бұршақ дақылдары. Жалпы сипаттамасы

Дәнді бұршақ дақылдары ( ас бұршақ,ноқат, май бұршақ, бөрі бұршақ,
ноғатық т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да бұршақ
тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары
мөлшерде ақсыл болады, ал бұл дәнді астық дақылдарымен салыстырғанда 1,5-
3,0 есе көп. Оның үстіне ақсылды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша
(лизин,триптофан жіне т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді және адам және
жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдары мен жемістерінде ағзаның
қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары және әр түрлі
витаминдер ( А В С және т.б.) де шоғырланған. Дәнді бұршақ дақылдары мал
шаруашылығындағы ақсыл мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.Дәнді бұршақ
дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады.
Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бірқатар морфологиялық
ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір
тамыршалардан түзеді, топыраққа 1,5-2,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ
тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын
бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі беріктілігімен
ерекшеленеді; біреулері ( ноқат, бөрібұршақ тағы басқа) тік өскен өалпын
сақтайды, ал басқаларында ( ас бұршақ, жасымық, ноғатық) жапырылғыш, мұның
өзі жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары құрылысына қарай үш
топқа бөлінеді: біріншісі – қауырсын жапырақты өсімдіктер ( ас бұршақ,
атбас бұршақ, ноқат және тағы басқа) екіншісі- үштік жапырақтылар ( май
бұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі – салала-саусақты жапырақтылар
(бөрібұршақтылар). Гүлдері – бұрыс пішіндес, бестік түптес, ақ түстен қызыл
және күлгін түске дейін. Жемісі – әр түрлі көлемде және пішінді бұршаққап,
тұқымының көлемі және түсі де әр түрлі.Өсу- даму кезеңінің ұзақтығы бойынша
дәнді бұршақ дақылдары екі топқа бөлінеді: қысқа ( ас бұршақ, жасымық және
тағы басқа) және біразырақ ұзақтау( ноқат, үрмебұршақ және тағы басқа).
Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарының суыққа төзңмділеу(ас
бұршақ, жасымық ) жылу сүйгіштеу (бөрібұршақтар, атбас бұршақ, ноқат) және
жылу сүйгіштер (май бршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады. Бұл дақылдардың
ылғалға да талаптары бірдей емес; ең ылғал сүйгіштерге май бұршақ,
бөрібұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ аудандарда
немесе тек суландырумен өсіреді; құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, ас
бұршақ, ноғатық саналатындықтан оларды Қазақстанның солтүстік және басқа да
облыстарында да үлкен табыспен өсіруге болады.Қазақстанды егіс көлемі
бойынша дәнді бұршақ дақылдарының ішінде бірінші орында ас бұршақ одан
кейін ноқат, ноғатық, май бұршақ және тағы басқа орналасқан. Тағамдық және
мал азықтық ақсыл өндірісіндегі, сонымен қатар топырақтағы азот теңдестігін
жақсартудағы үлкен маңызына қарамай дәнді бұршақ дақылдарының егіс көлемі
әлі де айтарлықтай болмай отыр, 1996 жылы қырық мың га жерде өсірілді
орташа астық өнімі 7,9 цга болды.

Ас бұршақ

Ас бұршақ бағалы, жоғары ақсылды дәнді бұршақ дақылы болып
табылады.Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарында орта есеппен
24-27 ақсылы және одан да жоғары,50-дан астам көмірсулары, негізінен
крахмал,айтарлықтай мөлшерде май,күлдік заттар мен витаминдер (А, Б, С,
және т.б) болады.Тұқымдары жоғары қоректілігімен және тәмдік сапасымен
ерекшеленеді.
Морфологиялық ерекшеліктері.Ас бұршақ бірнеше түрлерді
біріктіреді, барынша кең тарағаны егістік ас бұршақ;және ол негізінен азық-
түліктік мақсатқа өсіріледі.Тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары
күрделі,қос қауырсынды,гүл шоғыры-бұтақбас,жемісі бірнеше тұқымды
бұршаққап,тұқымдары ашық түсті.Биологиялық ерекшеліктері.Ас бұршақ суыққа
төзімді әрі ылғал сүйгіш өсімдік және өсіп жетілуінде мынадай негізгі
кезеңдерден өтеді: көктеу,сабақтың бұтақтануы,бүршіктену,гүлдеу, пісіп-
жетілу.қоршаған орта факторларына қоятын талаптары осы кезеңдерге
байланысты өзгереді.Ас бұршақтың ылғалға барынша жоғары талабы бүршіктену-
гүлдеу кезеңіне сәйкес келеді.Ас бұршақ үшін қышқыл, механикалық құрамы
ауыр,сортаңды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ
топырақтарда да ол нашар өседі.Солтүстік Қазақстанда және Республиканың
басқа облыстарында Рамонский 77, Неосыпающийся 1,Таловец 55 сорттары
аудандастырылған және кеңінен өсіріледі,сонымен қатар Кан,Омский
неосыпающийся (Солтүстік Қазақстан), Зерноградский неосыпающийся
(Қазақстанның Оңтүстік облыстарында) сияқты сорттарда өсіріледі.Қарқынды
өсіру технологиясының ерекшеліктері. Қазақстанда ас бұршақ үшін таза сүрі
жерден кейінгі бірінші және екінші жаздық бидай,сүрі жерде өсірілген күздік
дақылдар,тыңайтылған отамалы дақылдар,жақсы алғы дақылдар болып
есептеледі.Ас бұршақ бір танатта қайта өсіруді көтере алмайды,өйткені
аурулар зиянкестерден үлкен зардап шегеді.Топырақ-климат аймақтарына
байланысты оған топырақты негізгі өңдеу жазық тілгіштермен немесе терең
қопсытқыштармен іске асырылады, немесе соқамен аудара жыртылады.Себу
алдындағы топырақ өңдеу бидайдікіне ұқсас. Ас бұршақтың әрбір центнер
астығы мен соған тиісті сабаны топырақтан 6,0-6,5 кг азот,1,6-1,8 кг фосфор
және 2,0-2,5 кг калий шығындайды.Ылғалды аудандарды және суармалы жерлерде
өсіргенде ас бұршақ тұқымын нитрагинмен өңдегенде жақсы нәтижеге қол
жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында түйнектердің түзілуіне
мүмкіндік жасайды,ас бұршақтың азотты фиксациялауын күшейтеді.Бір мезгілде
піспеулігі,піскен бұршаққаптарының жарылғыштығы және шашылғыштығы,
сабақтарының жапырылғыштығы ас бұршақты жинауды қиындатады. Бөлектеп жинау
жақсы нәтиже береді. Бұршақ дақылдарын дестелегіштермен (ЖБА-3,5) ас бұршақ
тұқымының орташа ылғалдылығы 30-35-ға жеткенде немесе өсімдіктерінің орта
бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75-ы сарғайғанда оны дестеге салады.
Тұқымының ылғалдылығы 18-20-ға жеткенде (ашық ауа райында органнан 2-4
тәулік өтен соң) десерлер жиналып,дақыл бастырылады.

Ноқат

Ноқат азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіріледі.
Тұқымдарында көп мөлшерде ақсыл (31-ға дейін), көмірсулары (60-ға дейін),
май (4,5-ға дейін) т.б. бар. Тағамға пісірілген,кофе суррогаты түрлерінде
пайдаланылады. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр
тұқымдылары-мал азғыны жарамады. Оны малды азықтандыруға көк балауса
түрінде пайдалануға болмайды,өйткені өсімдіктерінің құрамында қымыздық және
алма қышқылдары болады. Морфологиялық ерекшеліктері. Ноқат (Cicer) көптеген
түрлерді біріктіреді, олардың ішінде кең тарағаны мәдени ноқат (Cicer
arietinum), бір жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі кіндік,сабағы тік өседі және
жапырылмайды, жапырақтары дара қауырсынды әрі түкпен көмкерілген,гүлдері
ұсақ,әрі түсті, қосжынысты,бұршаққаптары қампиған,қостұқымды және түкті.
Тұқымдары бұрышты-сопақ пішінді тұмсықты, ашық түстен қараға дейін және
1000 санының массасы 250-315 г дейін. Биологиялық ерекшеліктері. Әсіресе
гүлдеу және пісу кезеңдерінде ноқат вйтарлықтай жылу сүйгіш өсімдік,ол
бозқырауға төзімді, егін көгі қысқа мерзімде-11С дейінгі бозқырауды
көтереді.Өсуі және жетілуі үшін ноқатқа оңтайлы температура 18-
20С.Қазақстанда аудандастырылған ноқат сорттарының пісіп-жетіліуіне қажетті
белсенді температура жиынтығы 1500 – 1700С аралығында өзгереді.Солтүстік
Қазақстан мен Республиканың басқа облыстарарында ноқаттың
Юбилейный,Краснокутский 123,Волгоградский 10, Кинельский 17 сияқты
аудандастырылған және келешегі бар сорттары өсіріледі.Өсіру технологиясының
ерекшеліктері.Ноқатты ауыспалы егіс жүйесіндегі тыңайтылған отамалы
дақылдардын,таза сүрі жерге себілген бидайдан кейін орналастырған
дұрыс.Оның өзі көптеген жаздық дәнді дақылдарға жақсы алғы дақыл.Оңтайлы
себу мерзімдері:Солтүстік Қазақстанда 10-20 мамыр.Орталық Қазақстанда-5-15
мамыр,ал еліміздің басқа облыстарында-жаздық астық дақылдары мен ас
бұршақты сепкеннен кейін.Негізінен ноқатты кең қатарлы тәсілмен
(қатарлықтары 45 және 60 см) гектарына 0,4- 0,5 млн өнгіш тұқым
себеді,арамшөптерден таза танаптарға жай қатарлы тәсілмен ір гектарға 0,7-
0,8 млн өнгіш тұқым себуге болады,құрғақшылық жылдары оны 0,4-0,5 млн га
дейін төмендетеді.

Майлы дақылдар. Жалпы сипаттамасы

Тұқымдарынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы
дақылдарға жатады: күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция,
майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар
өсімдік майлары мақта өсімдігі,талшықты зығыр, кенешөп сияқты тоқыма
дақылдары мен май бұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да
өндіріледі,ал кейбір майлы дақылдары мал азығы ретінде де өсіреді
(күнбағыс,рапс ж.б.).Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр,
сабын, тері, тігін өнеркәсіптерінде ж.б. пайдаланылады. Тұқымдарынан май
өндіргеннен кейінгі қалдығы-күнжарасы-малды азықтандыруға жарамды.
Жекелеген майлы өсімдіктердің (майкене,майлы зығыр) сабақтарынан қағаз,
дөрекі маталар өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін (зығыр, перилла, арыш),
жартылай кебетін (күнбағыс, майбұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша) және
кеппейтін (жер жаңғағы, майкене) болып ажыратылады.Қазақстанда өндірістік
маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш, қыша,
мақсары және майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан (1925 ж.)
483,3 мыңга (1996 ж.) дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі
төмен деңгейде (2,9 цга) қалауда.

Күнбағыс

Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша
кең тарағаны (70%) күнбағыс. 1996 жылы ол 330 мың га жерде өсірілді, оның
ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың
га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түрінде
де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Температура өткізгіштік
Астық кептірудің қазіргі технологиясы
Ұн және нан өндірісінде қолданылатын ферменттер
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Астық түйірін кептіру
Бұршақ тұқымдастарынан арамшөптерді жою
Егіншіліктің пайда болуы және дамуы
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Жарма дақылдарын ақтау
Дәнді дақылдарды сақтау
Пәндер