Мүмкіндіктері шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.7

І. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1.Әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы ... ... ... ... .8.19
1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты... 20.28

ІІ. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
2.1. Мүмкіндігі шектеулі клиентермен әлеуметтік жұмыс технологиясы ... ... ... 29.35
2.2. Шет елдегі мүгедектерді реабилитациялау тәжірибесІ ... ... ... ... . 36.45
2.3. Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау ... 46.47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48.49
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50.51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52.53

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау қағидалары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 3-7

І. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1.Әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы ... ... ... ... .8-
19
1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты
мемлекеттің әлеуметтік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-
28

ІІ. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ЖҰМЫС

2.1. Мүмкіндігі шектеулі клиентермен әлеуметтік
жұмыс технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 29-35
2.2. Шет елдегі мүгедектерді реабилитациялау
тәжірибесІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 36-45

2.3. Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары
және оларды әлеуметтік қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46-47

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 48-49

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 50-51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52-53

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту
(реабилитациялау) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету
жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық
және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл
бөлу болса, екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның
құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі,
үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік реабилитациялау іс -
әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес ( ББҰ, 1975 ж.) мүгедек
- туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік, және ақыл-ой
мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе
жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерін өздігінше
қамтамасыз ете алмайтын адам.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау – олардың құқығын,
денсаулығын, әлеуметтік мәртебесін, әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-
әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
1992 жылы бесінші мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44
-сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік – денелік,
психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес
мүгедектігі бар адамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның
өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін
шектеулердің болуы ретінде анықталады.
Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына
сәйкес олардың тәуелсіз өмірмен тұруына мүмкіндік беру мақсатында
бейімдеуі қажет.
1989 жылы БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы
конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістігі бар балалар
өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып,
толық және салауатты өмір сүру үшін олардың құқықтары бекітілген. Мұнда
мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы,
еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата-
анасының қамқорын, адамдардың финанстық ресурстарын есепке алу арқылы)
жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар
оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін
максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы
айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс-әрекетпен айналысу,
мүміндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуде және
қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек бала үшін ең маңызды мәселе, ол өзінің отбасында немесе
қабылдап алған ата-анасының отбасында тұруы қажет деп айтылған. Мұндай
жағдайда мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс. Ал қажет болған жағдайда
олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен
өзгеше болмауы тиіс.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын ттас құжат БҰҰ қабылдаған
“Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі”
болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы
бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың
денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау
салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.
Өмір ғана құндылық ретнде қарастырылып қоймай, әлеуметтік қалыптасып,
аурусыз, қиналусыз өмір сүру де өмірдің сапасы ретінде қарастырылады.
Мүгедек мәселесін адамның әлеуметтік, мәдени ортасынсыз түсіндіру
мүмкін емес.(мысалы, отбасы, интернат т. б.) Мүгедектік, адамның
мүмкіндігінің шектеулігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл
мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік-
медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар
көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы үлкендер
мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экологиялық жағдайына да
байланысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруы мен
дамымауына сәйкес қана емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және
әлеуметтік ортаның арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдардағы
кері түсініктерден, адамдардаң жақтырмай қарауларынан да болады.
Мысалы, церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы
бейімдеу техникаларын қабылдау, жаттығу жасату, емдеу т. б. көрсетілмесе
ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі,
кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп,
интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Кейде балаға
қатысты отбасы мүшелері қатігездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының
финанстық қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік
көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл-күйлеріндегі
қиналыстарды балаға (мүгедек балаға) көрсетулері мүмкін.
Мүгедек баланы әлеуметтік реабилитациялау кезінде отбасының рөлі
ерекше орын алады.
Тарихи тұрғыдан “мүгедектілік” және “мүгедек” түсініктері “еңбекке
жарамсыз” және “ауру” түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да
мүгедектікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау
саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы “мүгедектіктің” шартын
мойындамай, оны дұры емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол
себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге
дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын
ауру түсінігіне теңестірілген. Сонымен құқықтың аясында және нақты
экономикалық , психологиялық білім беру және басқа да қажетті
технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан
қарастырылмаған.
Қазіргі кезде мүгедек өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның
әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің
салдарынан организм қызметтерінің қатты бүлінуі бар, денсаулығында
ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынды. Мүгедектілік халықтың әлеуметтік
жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Жалпы мүгедектілік
мәселесін шешу үшін оларды әлеуметтік реабилитациялау мен олардың шешу
жолдарын табу негізгі болып табылады.

Кез-келген қоғамда адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға
мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие
болады.
Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуын көздейтін, өркениетті
елдер қатарына қосқысы келетін әр мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын
ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік
жағдайы, оның ішінде мүгедектердің жағдайы қазіргі таңдағы кезек
күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.
Кез-келген уақытта болмасын бұл мәселелер ең алдымен шешілуді талап
етеді.
Әлеуметтік реабилитация – адамның құқығын, әлеуметтік мәртебесін,
денсаулығын, іс-әрекетке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған
шаралар кешені. Бұл үдеріс адамның әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-
әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге ғана емес, қандай да бір
себептермен бұзылған немесе шектелген әлеуметтік ортаның өмірлік іс-
әрекетінің жағдайларына бағытталған.
Әлеуметтік реабилитациялық іс-әрекет шеңберінде түрлі құрамдас
бөліктер бөлінеді, олардың ішінде медико-әлеуметтік, кәсіби-еңбектік,
әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-рөдік, әлеуметтік-тұрмыстық,
әлеуметтік-құқықтық және т. б. Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі адамдарды
әлеуметтік реабилитациялаудың мәні мен мазмұны тек денсаулықты, еңбекке
деген қабілеттілікті ғана емес, тұлғаның әлеуметтік мәртебесін, оның
құқықтық қағидасын, моральды-психологиялық тепе-теңдікті, өзіне деген
сенімділікті, қоғамға қосылуға деген қабілетті қалпына келтіруде жатыр.
Осы ретте мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялаудың негізгі
қағидалары мен құрылымына түсінік береді. Сондай-ақ мүгедектерге
әлеуметтік көмек көрсету туралы, сол туралы қабылданған заңдар жүйесі мен
қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың
бағдарламаларын атап өтеді. Жалпы әлеуметтік жұмыстың негізгі
айналысатын проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен
келтіреді.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау саласы бойынша енді ғана дамып
келе жатқан біздің еліміз үшін, әлі де қажетті жағдайлар мен тәжірибелік
көрсеткіштер керек екенін айтуымыз керек.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да шет
елдеріндегі әлеуметтік реабилитациялық іс-әрекет шеңберінде, мүмкіндігі
шектеулі адамдардың өмірлік іс-әрекетін қалпына келтіру, олармен
әлеуметтік жұмыс жүргізудің нақты заңдылықтары мен жауапкершіліктері
жөнінде маңызды проблемалар көрсетіледі.

Зерттеу объектісі: Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау. Пәні:
әлеуметтік реабилитацияның проблемалары және Қазақстан Республикасындағы
ерекшеліктері.

Теориялық маңыздылығы:Мүмкіндігі шектеулі клиенттерді
реабилитациялаудың және оларды жұмыспен қамтудың әкономикалық категория
ретінде мәнін ашу.

Тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік мәселесін шешуге,
мүмкіндіктері шектеулі клиенттердің әлеуметтік оңалуын жақсартуға үлес
қосу.

Зерттеу әдістемесі: Себеп-салдарын анықтау, талдау, тарихи, логикалық
және т.б. әдістемелер.

Күтілетін нәтижелер: Теориялық тұжырымдамалар. Мүгедектерге нақты
әлеуметтік көмек көрсетудің жолдарын ұсыну.

Зерттеліну дәрежесі: Шетел социологтарының ішінде зерттеуге үлес қосқан
Паула Пиетила, Топиас Кенккелия және т.б.көптеген ғалымдар.
Ресейлік ғылыми зерттеулері үлкен қызығушылық тудырады: Дементьева
Н.Ф., Холостова Е.И., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я., Повленко П.Д.және т.б.
көптеген ғалымдар.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемасыны қатысты Қазақстандық
қоғамдық ұйымдардың үлесі өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой-пікірлер
айтып жүрген Межибовская И.Б., Аманбаев А.А., Қалтаева Л.М., Медиев К.Р.,
Иманалиев К.И., Думбаев А.А. және т.б.

Бітіру жұмысының құрылымы: Көпшілік алдына қорғауға ұсынылып отырған
бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты,
объектісі, пәні, әдісі мен әдістемесі, теориялық және тәжірибелік маңызы,
қорғауға шығарылатын ережелер мен зерттеу нәтижесінің апробациясы
қарастырылған.
Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін
ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қатысты еңбектер жазған
ғалымдардың зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер,
халықаралық стандарттар мен нормалар, мерзімді басылымдарда жарық көрген
мақалалар қарастырылған.
Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады.Бірінші тараудың бірінші
бөлімінде,әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы, екінші
тарауда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік
саясаты қарастырылған.
Ал, екінші бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мүмкіндігі
шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы, екінші тарауда шет
елдегі мүгедектерді реабилитациялау тәжірибесі, Қазақстандағы
мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау туралы
қарастырылған.
Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау
мен оларды қорғаудың мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір
өзекті жағдайлар көрсетілген.
. мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау;
.еліміздегі мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау;

І.Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау қағидалары

1. Әлеуметтік реабилитацияның принциптері және құрылымы.

Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау (сауықтыру, еңбекке жарамды ету
институты) кешенді іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады, бұл кешен
ұйымдастыру, экономикалық, қала құрлысы, реабилитациялау сияқты
әрекеттерден тұрады. Ол мемлекеттік және муниципиалды органдар мен
әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау мекемелері және басқа
салалардың мемлекеттік емес органдарымен қарым-қатынас жиынтығы арқылы
жүзеге асады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың іс-әрекеті, мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларға қатысты әлеуметтік саясаттағы мүгедектерге деген
көмектің түрлі үлгілерін жүзеге асыру, оның негізінде индивидтің өзінің
жағдайына үйренуі ғана емес, сонымен бірге оптималды жағдайда өз-өзіне
көмек жасау дағдысын қалыптастыру және әлеуметтік байланыс жүйесін құруға
мүмкіндік беретін реабилитациялау іс-шараларынның бағдарламасы жатыр.
Мұндай іс-шаралар негізінде 1995 жылы заң шығарушы актілерде
қарастырылған негізгі реабилитациялық бағдарлама жатуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік реабилитациясының көлемі
мен мазмұны, жеткілікті деңгейде реабилитация субъектілері, қоғам, жалпа
алғанда мемлекеттің өзінің іс-әрекетінде осыған сәйкес ұйымдастырылатын
және жүзеге асатын әлеуметтік бағдарламалардың ұсынатын принциптерімен
байланысты.
Мүгедектерге арналған әлеуметтік саясат алғашқыда оқшаулау (изоляция)
және өтемақы (компенсация) принциптеріне негізделген. Оқшаулау принципі -
әлеуметтік тарих дауының ежелгі кезеңінен бастау алады. Бұрынғы кезде
бұл принцип мүгедектерді шеттетуге, оларға қатысты түрлі үрейлердің
қалыптасуына алып келді. Бүгінгі таңда ол ортақ жүйелерден бөлінген:
тұрақты, кейде өмірінің соңына дейін тіршілік етуге арналған арнайы
үйлер, ерекше оқу орындар, мамандандырылған кәсіпорындар және т.б.
мүгедектердің өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз етудің ерекше жүйесін
жасауда көрініс тапқан. Мұндай жүйеде мүгедектерге күтім жасау және
олардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады, бірақ бұл
бірінші кезекте қоғамның дені сау мүшелерінің көзқарасы тұрғысынан іске
асады. Осылайша мүгедектердің өздері қоғамнан шеттетіледі және оның
қамқорлығының объектісіне айналады.
Өтемақы (компенсация) принципі бойынша - мүгедектердің шығындарын
өтеуге ақшалай немесе басқа өтем түрінде: зейнетақы немесе жәрдемақы
төлеу, жеңілдіктер беруге (қоғамдық көлікті, дәрі-дәрмекті қолдануға,
пәтерақы төлеуге және т.б.) бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Осы
сияқты жеңілдіктер әрине керек, бірақ көмектің жалғыз механизмі бола
отырып, олар мүгедектердің қоғамға қосылуына мүмкіндік туғызбады және
оларға өмір сүрудің тым төмен стандарттарын қамтамасыз етті (күнелту
минимумы деңгейінде немесе одан да төмен). Сонымен бірге мүгедектердің
бір қатар қажеттіліктері тек қана ақшалай түрде көрініс таппауы мүмкін,
ал әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғамға қосылудың толыққандылығы
материалды фактормен жанама түрде ғана байланысты.
Мүгедектерге қатысты саясат идеологиясының өзгеруі, мүгедектіктің
әлеуметтік үлгісін қабылдауға өту, мүгедектерге және мүгедектікке қазіргі
заманғы қоғамның әлеуметтік құрылымының жетекші принципінің таралуына
әкелді. Бұд принцип бойынша барлық тұлғалардың құқықтары мен
мүмкіндіктері бірдей[4,24]. Осыған сәйкес мүгедектер қоғамның тек
қамқорлық объектісі ғана емес, сонымен бірге өздерінің өзіндік өмірлік іс-
әрекетінің субъектілері ретінде қарастырылады. Индивидтің әлеуметтік
құқықтары тумысынан және ажырағысыз бөлінбейді, олар арқылы қоғамның
мәдени-тарихи дәстүрлеріне, мемлекеттің мүмкіндіктеріне тәуелді белгілі
бір әрбір индивидке қолайлы әлеуметтік игіліктердің минимумы көрсетіледі.
Олардың ішіне тек күн көруді қамтамасыз етудің қарапайым қажеттіліктерін
қанағаттандыру ғана емес, сонымен бірге индивидтің әлеуметтік
қажеттіліктерінің барлығы да кіреді. Әрине, бұл қажеттіліктердің бар
болуы және оларды ұғыну, мүгедектің қоршаған ортаны, тіршілікті, өзін-өзі
және әлеуметтік әлемдегі өзінің орнын түсіну және бағалау мүмкіндігінің
дамуы арқылы шектеледі. Шын мәнінде бұл мүмкін болатын оңтайлықты және
оның кепілділігінің деңгейінің маңыздылығы біршама деңгейде объективті
және субъективті жағдайлармен байланысты, мемлекеттің және осы қоғамның
әлеуметтік-экономикалық қорларының көлемімен шектеледі.
Өздеріне арналған жәрдем қызметінің жұмысын ұйымдастыруға мүгедектерді
белсенді қатыстыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттік
әлеуметтік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған
принцип. Халықаралық құқықтық құжаттардың бірқатарында, оның ішінде
мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты
тәртібінде баяндалған, бұл принцип кейінгі кезде шетелдің бірқатар
реабилитациялық қызмет тәжірибесінде Өз өміріңді қалыптастыр, өзгерт
атты бағдарлама ретінде белсенді турде іске асты.Бұл бағдарламаға сәйкес
мүгедектер қаржыны қолға алады немесе оларды сауықтыру үшін мемлекеттен
немесе муниципиалды органдардан бөлінетін қаржыны жарату құқығын
береді.Олар өздеріне пайдалы деп есептейтін қызметтер немесе бөлімдердің
іс-әрекетін, қамқор және білікті қатынас жасайтын қызметкерлердің жұмысын
төлейді.[2,197].Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі шетел зерттеушілері
мүгедектердің өздері мүгедектерге қатысты саясатты және бағдарламаны
бағалаудағы ең жақсы сарапшы болып табылады. Алайда біздің пікірімізше
мұндай көзқарас шектен шығу болып есептеледі, бірақ болашақта мәні бар
екені анық.
Сонымен қатар шетелдік әлеуметтік жүйелердің тәжірибесінен бізге
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тәуелсіз өмір принципі келді,3 оның мәні
- мүмкіндіктерді максималды дамыту және өз-өзіне қызмет ету, өз-өзіне
көмектесу және өз-өзін қамтамасыз ету қабілеттерін қолдану болып
табылады.Түрлі ұйымдар мен мекемелердің мүгедектерге ұсынып жатқан көмегі
оның жағдайына және ахуалына бірдей болуы және өз еркімен немесе өз-өзіне
жәрдем беруге итермелеуі тиіс.
Тәуелсіз өмір - бұл тек әлеуметтік және шығармашылық дамуға,
мүгедектерді толыққанды қосуға арналған әлеуметтік-психологиялық ұстаным
ғана емес. Философиялық түсінік бойынша тәуелсіз өмір - бұл ойлау тәсілі,
басқа адамның адамдармен, қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынасына тәуелді тұлғаның психологиялық бағдары.3,45. Әлеуметтік-
саяси мағынада тәуелсіз өмір - бұл адамның қоғамның бөлінбес бөлігі болу
құқығы және қоғам өмірінің барлық аспектілерінде белсенді қатысу, таңдау
және өзін-өзі анықтау құқығына ие. Қазіргі заманғы жағдайда егемен,
тәуелсіз тұлға үшін жетекші әлеуметтік құндылық бір жағынан индивидтің
әлеуметтену деңгейіне, екінші жағынан қоғамның және қоғамдық
қатынастардың даму деңгейіне байланысты таңдау еркі болып табылады.Қоғам
мүшелері арасындағы өзара тәуелді байланыстар оларды таңдау еркіндігінен
және осы еркіндікке деген құқықтан айырмайды.
Тәуелсіз өмір идеологиясы мүгедектікті психологиялық, физиологиялық,
функциялды ауытқуларға байланысты пайда болған адамның жүру, көру, есту,
сөйлеу немесе ойлауының шектеулі мүмкіндігі ретінде қарастырады. Осы
қызметтерді жүзеге асыру үшін мүгедектікті алған адам әлеуметтік
қызметтерден жәрдем алуы тиіс. Адам құқығының теңдігін қолдайтын қоғамда
мұндай жәрдем қалыпты болуы тиіс.
1978 жылы Гербенг Делонг (жаңа ағылшын медициналық орталығы, Бостон)
тәуелсіз өмірді қолдаушылар қозғалысының идеологиясының негізіне айналған
үш торетикалық пайымдауды қалыптастырады және кейіннен бұлар тәуелсіз
өмір орталықтарының құрылымында қызметтерді құрудың негізгі элементтері
болды.
1.Тұтынушы егемендігі (суверенитет). Мүгедектігі бар адам - әлеуметтік
қызметтердің негізгі тұтынушысы және өзінің қызығушылықтарының басты
қорғаушысы болып табылады. Ол мүгедектікке байланысты әлеуметтік
мәселелерді шешуге тікелей қатыспау керек.
2.Өзін-өзі анықтау. Мүгедектігі бар адамдар өздеріне керекті құқықтар
мен артықшылықтарға жету үшін ең алдымен өздерінің қабілеттеріне және
іскерліктеріне сүйенуі қажет.
3.Саяси және экономикалық құқықтар. Мүгедектігі бар адамдар қоғамның
саяси және экономикалық өміріне қатысу құқығын алуы тиіс.
Әрбір индивид өзінің әлеуметтік ортасымен байланысты және оған әсер
ету микросоциумдағы өзгерістерге алып келетін болғандықтан, әлеуметтік
өзгерістер өзімен бірге тұлғалық өзгерістерді де ала жүреді. Сонымен
қатар маңыздылардың біріне мүгедектің шектеулі мүмкіндігі және әлеуметтік
ортамен тығыз байланыс принципі жатады. Әрине, орта индивидке көптеген
бағыттар бойынша, ортақ әлеуметтік байланыстар және сезімдер арқылы,
жақын жердегі әлеуметтік жүйе арқылы, қоғамдық көңіл-күй, көзқарас және
күту арқылы ықпал етеді. Стационарлық әлеуметтік мекемеде де индивидтер
өздерінің біркелкі, біріңғай және кедей әлеуметтік ортасының ықпалында
болады. Мүгедек тұлғасы нақты әлеуметтік жағдайларда қалыптасады.
Дегенмен мүгедектердің өздері саналы немесе бейсаналы өзіндік
әлеуметтік ортасын қалыптастырады, өзінің жүйесінің жақын буындарына көп,
ал жалпы қоғамға аз мөлшерде ықпал етеді. Бұл кіріптарлық, тәуелділік
құбылысында көптеген мүгедек отбасылардың қолайсыз эмоционалды күйінде,
кейбір мүгедектердің өздері араласатын адамдарды алдап-арбауға саналы
немесе бейсаналы ұмтылуында көрініс тапқан. Әрине, бұл мүгедектің қарым-
қатынас жасауы алдау мен арбау дегенді білдірмейді. Әрбір индивидтің
әлеуметтік қатынастары оның дене немесе психикалық жағдайынан тәуелсіз,
әлеуметтік рөлінің маңызды бөлігі болып табылады.[6,58]
Индивидпен әлеуметтік ортаның байланыс принципі - физиологиялық,
психикалық немесе интеллектуалды шектеулері бар тұлғалардың барлық
проблемаларын тек қана медициналық сұрақтарға айналдырудан сақтайды.
Зерттеудің бұл шеңберінде мүгедектің тұрғылықты жері, тәжірибе оқыту,
қарым-қатынас жасау жағдайлары, өзіне тән барлық қажеттіліктерді
қанағаттандырудың мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі кіреді.
Негіз болатындардың бірі - мүгедектің отбасы, әлеуметтік байланыстарын
зерттеу және сақтау приципі болып табылады.Өйткені, әрбір индивид үшін
оның отбасы жетілген, функционалды, әлеуметтендіруші және реабилитациялық
орта болуы тиіс. Объективті шектеулері бар балаларды, дене қызметтерінің
бұзылуы бар адамдарды, қарт адамдарды айтатын болсақ, олар тек отбасыда
ғана өзінің тіршілік іс-әрекетін жалғастыруда, әлеуметтік және
интеллектуалды теңдікті сақтауда жоғары көрсеткіштерге жетеді, қалай
дегенмен де мемлекеттік стационарлы мекемелерді мекендейтін адамдармен
салыстырғанда анағұрлым жақсы деңгейге жетеді. Интернат үйлерде
госпитализмнің әлеуметтік-психологиялық кешені қолданылады, функциялардың
қалпына келуі және ауытқулардың жөнге келуі ақырын жүреді, интеллектуалды
және дене қабілеттері жылдам төмендетеді.
Реабилитация шараларының кешенділік және жүйелік принципі маңызды,
себебі жеке жүйеленбеген шаралар толыққанды оң нәтиже алып келмеуі мүмкін
немесе кейбір жағдайларда теріс әсер етеді. Реабилитация бағдарламасының
аяқталмағандығы, кейбір бағыттардың жоқтығы индивидуалды, жеке
реабилитациялық потенциялды іске асыру мүмкіндігін қысқартады.Соңғы кезде
реабилитациялау үдерісіне қатысудағы индивидтің субъективті рөлі
мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдардың, қайырымдылық қоғамдардың
мүмкіндігі шектеулі адамдарға өзіндік қауымдастығының іс-әрекетініңің
мәні атап көрсетіледі, біздің жағдайда мүгедектерге арналған мемлекеттік,
әлеуметтік кепіл принципі жетекші болып қалуы тиіс. Бұл бір жағынан
біздің елді әлеуметтік мемлекет деп жариялаумен байланысты, осылайша
мемлекет өзінің азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатты болуының
жауапкершілігін өз мойнына алады. Басқа жағынан экономикадағы дағдарыс
нәтижелері, экономикалық құндылықтардың көбеюі, дені сау және
мамандандырылған жұмысшылардың өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ету
мүмкіндіктерінің төмендеуі, қоғамдағы еңбек түрткісінің қысқаруы,
мүгедектердің басқа азаматтарға қарағанда өзінің тіршілігін қамтамасыз
етуде, өзінің қажеттіліктерін яғни, қарапайымнан жоғары әлеуметтік және
рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиындықты бастан кешіреді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар көп жағдайда мемлекеттің жүйелі және жан-
жақты қолдауынсыз күн көре алмайды. Әлеуметтік реабилитация қымбат
тұратын және қоры үлкен үдеріс болғандықтан заңда көрсетілген әлеуметтік
кепілдер негізінде жүргізілуі тиіс.
Дегенмен, бұл айтылғандар мемлекеттік кепілдер мүгедекті асырауды
қамтамасыз ету дегенді білдірмейді, керісінше өзіне-өзі көмек беру және
өзін-өзі қамтамасыз ету ұстанымы прогрессивті болып есептелуі,
мемлекеттік кепілдер анықтамасы бойынша төмен болғандықтан ғана емес,
сонымен қатар тұлғаның белсенді саналы позициясы терең сауығуға, өзін
дамытуға және оң әлеуметтік көңіл-күйдің болуына септігін тигізеді.
Мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемді ұйымдастырудағы
рөлін талдағанда мүгедектерді реабилитациялауда бірінші кезекте кімнің
мүддесі қорғалады деген сұрақ тууы мүмкін. Берік дәстүрлер бізді
мемлекеттік мүдде басқа мүдделерден жоғары деп қарауды үйретті. Көп
жағдайда мүгедектер мен мемлекеттің мүдделері үйлеседі, дегенмен түрлі
тереңдіктегі қақтығыстар және мүдделердің үйлеспеуі де кездесуі мүмкін.
Демократиялық ыңғай әсіресе мүгедектерге қатысты реабилитация барысында
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдық
принципін ұстануды талап етеді.
Реабилитация үдерісінің бүтіндігіне қатысты нақты талаптарға
қарамастан бұл соңғы ыңғай салыстырмалы түрде бөлек және құрылымданған
элементтердің тұтастығын білдіреді және олар кеңістікте немесе белгілі
бір уақытта бір-бірінен бөлінуі мүмкін. Әлеуметтік реабилитация құрылымы,
пікірсайыстың негізгі пәні болып табылады. Л. П. Храпылина
реабилитацияның медициналық шаралары, реабилитацияның әлеуметтік
шаралары, кәсіби реабилитация1деп бөлуді ұсынады. А. И. Осадчихтың таңдау
құқығы шектелген жағдайда мүгедектікті адам іс-әрекетінің проблемасы
ретінде қарастырады және өзіне құқықтық, әлеуметтік орталық,
психологиялық, қоғамдық идеологиялық, өндірістік-экономикалық
аспектілерін енгізеді. Осы аспектінің әрбіріне реабилитацияның өзінің
бағыты жауап береді.[6,62].
Мүгедектерге әлеуметтік жәрдем беру туралы заң медициналық
реабилитациядан бастап жеткілікті түрде элементтердің қарама-қарсы
тұтастығын енгізеді. Реабилитациялық үдерістің нақ осы әлеуметтік
құрамдас бөліктерінің ерекшелігі аз. Дегенмен мүгедектердің ортақ
реабилитация жүйесінің басты буыны медициналық реабилитация болып
табылады. Медициналық реабилитация - жойылған, істен шыққан қызметтерді
қалпына келтіруге немесе істен шыққан қызметтердің орнын толтыруға,
сынған мүшелерді емдеуге, өршіп жатқан ауруларды тоқтатуға бағытталған іс-
шаралар кешені. Медициналық реабилитация емдеу үдерісімен тығыз
байланысты. Денсаулығы нашар мүгедекке медициналық қызмет көрсетуді іске
асыру барысында кейінгі реабилитацияның мүмкіндіктерін толық есептеу
қарастырылуы тиіс. Теоретикалық тұрғыдан ауруды емдеу міндетті
медициналық сақтандыру ( ММС ) қоры есебінен жүргізілуі тиіс.
Медициналық реабилитация кеселге шалдыққан мүшеге және мүгедектің
ағзасына түгелдей әсер етуден тұратын кешенді іс-шаралар жүйесі.
Медициналық реабилитацияның екінші тарауы қалпына келтіру және қайта құру
хирургиясы болып табылады. Ол кеселге шалдыққан мүшелерді қалпына
келтіреді, сонымен бірге ауру немесе зақым алу нәтижесінде алынған түрдің
бұзылуын жояды. Хирургиялық жолдан басқа жоғалған мүшелерді қалпына
келтіруге жасанды мүше салу арқылы қол жеткізуге болады.
Қорытар болсақ, мүгедекті медициналық реабилитациялау көптеген
жағдайларда өмір бойы іске асырылуы тиіс, себебі индивид ахуалының теріс
дамуын тоқтату үшін оған медициналық қолдау және сауықтыру шаралары
қажет. Емдеу-сауықтыру шараларының бүкіл кезеңімен бірге психологиялық
реабилитация жүреді, ауру адамның санасындағы реабилитацияның еш пайда
келтірмейтіні туралы ойын жеңуге көмектеседі.
Психологиялық реабилитация - шындық алдындағы қорқынышты жеңуге,
мүгедек адамның әлеуметтік-психологиялық комплексін жоюға, белсенді,
қайратты тұлға позициясын бекітуге бағытталған реабилитациялық іс-
әрекеттің дербес бағыты болып табылады.
Педагогикалық реабилитация - бірінші кезекте кәмелеттік жасқа толмаған
мүгедектерге қатысты тәрбиелеу және оқыту шараларынан тұрады. Бұл шаралар
ауру баланың шамасына қарай білімді, іскерлікті және өзін-өзі бақылау
дағдыларын, саналы мінез-құлықты, өзіне-өзі қызмет көрсетуді меңгеруге,
орта білімнің деңгейін немесе қосымша білімін алуға бағытталған.
Бұл іс-әрекеттің маңызды мақсаты, оның психологиялық құрамы, баланың
бойында өзінің мүмкіндіктеріне деген сенімді қалыптастыру, белсенді
тәуелсіз өмірге ұстаным беру. Сонымен қатар оның шеңберінде кәмелетке
толмаған мүгедекті кәсіби диагностика және кәсіби бағдарлау, оны еңбек
дағдыларына сай оқыту жүзеге асырылады.
Ересек мүгедектерге қатысты педагогикалық реабилитация дайындықты және
олардың қолы жететін іс-әрекетінің түрлеріне негізделген жаңа мамандыққа
қайта дайындауды енгізу керек. Сонымен қатар бұл адамдарға олар алған
білімдер мен дағдылар, жұмысқа орналасуға, олардың әлеуметтік мәртебе
және материалды молшылықты сақтауға деген сенімге иландыруды іске
асырады.
Қазіргі кезде елімізде мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау
бағыты енгізілуде. Бұл бағыт әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу және
әлеуметтік-орталық реабилитация бағыттары бойынша әлеуметтік жұмыс істеу
қабілеттерін қалпына келтіріп отырады.[6,65]
Мүгедектерді әлеуметтік-орталық реабилитациялау қажеттігі мүгедектің
күнделікті қолданатын, өзіне-өзі қызмет көрсету және қозғалу
мүмкіндіктеріне мән беріп отыруы қажет. Мүгедек адам күнделікті қарапайым
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басқалардың көмегіне зәру. Сондықтан
тұрмыстық қызметтерді ешкімнің көмегінсіз атқаруды қамтамасыз ететін
құрал-жабдықтары бар мүгедектің өмір сүретін ортасын, үйін ұйымдастыру,
екінші жағынан осы құрал-жабдықтардың қолданылуын мүгедектерге үйрету
болып табылады. Яғни,бұған кіретіндер: табалдырығы немесе баспалдақтары
мүгедектің коляскасы өте алатындай кең дәліздермен, саңыраулар мен нашар
еститіндерге арналған жарық сигналдармен, пәтерді жабдықтандырумен
қамтамасыз ету. Үйдегі жиһазды мүгедек ешкімнің көмегінсіз қолдана
алатындай биіктікте немесе көлемде болу тиіс. Мүгедектің күнделікті
атқаратын істері - тіс жуу, қырыну, түймелерді салу және т с .с.
қалыптасқан үйреншекті болып көрінетін көптеген ұсақ әрекеттер мүгедектің
көңіл-күйіне әсер етеді.
Интеллектуалды және психикалық шектеулері бар мүгедектерге бірінші
кезекте өзінің тұлғасына немесе басқа адамдарға зиян келтіре алмайтындай
жағдайлар жасалуы керек. Ары қарай ақпараттық пиктограммалар жүйесі
оларға әрекеттер ретін және оларды істеу тәсілдерін айтады ( мысалы,
тұрмыстық құрылғыларды қосу, тамақ даярлау, өшіру және т. б. ). Мұндай
категориядағы адамдарға саналы ойлау және өз өмірін жоспарлау қабілетінің
шектеулігіне байланысты әлеуметтік қызметкердің көмегі қажет. Өз
пәтерінен шыққаннан кейін де мүгедек көптеген шектеулерге кедесуі мүмкін.
Жаяу жүргінші жолдарын, жер үстіндегі және жер астындағы жолдарын
мүгедектің жүруіне мүмкіндік беретін тәсілдермен құру осындай талаппен
жасалады. Көзі нашар көретіндер мен саңырауларға арналған ортаны
жабдықтауға ерекше талаптар қойылады, көбінесе көше қиылыстарының айқын
жабылуы, дыбыс сигналдарымен, көздері көрмейтін адамдардың жүру
мүмкіндігін көрсететін жол белгілерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедектерге
арналған көлікті қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі. Жүре алмайтын
адамдарға арнайы автобустар немесе көтеру құрылғылары бар автомобилдерді
қолдану мүмкіндігі аз. Қазір коляскадағы мүгедектерді көтеруге арналған
құрылғылары бар ұшақтар, поездар немесе кемелер отандық мүгедектер үшін
арман болып тұр. Қоғамдық көліктерде саңырауларға арналған ақпараттық
жазу тақтайшалары жеткіліксіз. Шетелдегі мүмкіндігі шектеулі адамдарды
әлеуметтік реабилитациялау бағытының дамығандығы мүгедекке тәуелсіз
өмірді қамтамасыз етудің және ұзақтығымен ғана емес, онымен бірге осы
мақсаттарға бөлінген қаражаттың көп бөлінетіндігіне байланысты.
Бірақ соңғы жылдары мүгедектерді кейбір құрылғылармен қамтамасыз
етудің қарқынды дамуы ғана емес, сонымен бірге оларды осы құрылғыларды
қолдану дағдысын үйрету іске асты. Осы үдеріс барысында өзіне-өзі қызмет
көрсетуге деген түрткінің бекуі, максималды қол жететін тәуелсіздікке
және дербестікке деген ұстанымды тәрбиелеу жүреді.
Әлеуметтік реабилитация, жалпы әлеуметтік қызмет көрсету саласында
шетел терминологиясының occupational therapy яғни, еңбек терапиясы
терминін қолданады. Тарих барысында еңбек терапиясы термині әлеуметтік-
психологиялық реабилитацияда ең алдымен психологиялық ауытқулары бар
адамдарға сабақ ретінде қолданылған ( библиотерапия, ойынтерапиясы,
гарденотерапия және т.б. сияқты технологиялармен бірге қолданылған).
Сонымен қатар әлеуметтік бейімделмеген адамдармен (еңбекпен түзету
калонияларындағы жасөспірімдермен, жазасын өтеп жатқан ересектермен)
жұмыс мекемелерінің тәрбиелеу тәжірибесінде бұл термин өнімді еңбек іс-
әрекеті үдерісінде индивидтің бойындағы әлеуметтік оң қасиеттерді қалпына
келтіруге немесе қалыптастыруға, әлеуметтікке жат істерге деген ұстанымды
түзеуге, еңбек түрткісін оятуға мүмкіндік беретін тәрбиелік әсер етудің
осындай түріне атау ретінде қолданылады.
Мүгедектердің әлеуметтік-бейімделуі бір мақсатқа бағытталған шаралар
жиынтығынан тұрады, мүгедектің мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне сай
өндірістік ортаны, өндіріс талаптарына мүгедекті бейімдеу.
Стандартты өндірістік орта жағдайындағы әлеуметтік реабилитацияға
көптеген күш пен шығындар қажет, себебі жалпы ереже бойынша өндірістік
қуат жобалары және кәсіпорындардың инфрақұрылымы мүгедектердің
мұқтаждығынан алыс жатқан талаптар негізінде жобаланады. Көп жағдайда
ескірген техникалық құралдар және онжылдықтар бойы қалыптасқан кеңістік
шешімдері дені сау адамдардың да іс-әрекетін қиындатады. Мүгедектерге бұл
кедергілерді жеңу одан да қиын.
Өндірістегі жеке, бөлек ғимараттар арасындағы қашықтықтың, арнайы
көлік аялдамасынан, ол бар болса, мүгедектің жұмыс орнына дейінгі жолдың
ұзақтығының маңызы өте зор. Сенсорлы (сезімдік) шектеулер кәсіпорын
ішіндегі кеңістікті өзіндік ерекшеліктеріне қарай безендіруді талап
етеді. Жұмыс орнына және мүгедектердің жұмысшы орындарының өзіне деген
ыңғай, арнайы ұйымдастыруды немесе жабдықтауды қажет етеді, қосалқы,
қосымша үй жайлар, орындар (қоректендіру орындары, гардероб, әжетхана)
түрлі ауытқулары бар адамдар қолдана алатындай ұйымдастырылуы тиіс.
Өндістің бірқатар факторын кәсіби зияндылықққа тікелей жатқызуға
болады, немесе бұл зиянды факторлар дені сау адамға, жұмысшыға әсер
етпегенімен, жұмыс істеп жатқан мүгедектер үшін зиянды жағдай жасауы
мүмкін. Еңбек үдерісінің барлық физикалық өлшемдері әр түрлі жағдайларда
мүгедектерге зиянды және қауіпті болуы мүмкін, олар: температура, ауа
ылғалдығының көрсеткіштері, сәулелену, шу, ультрадыбыс, шаңдар, жарық
химиялық және биологиялық әсерлер. Мүгдектерге еңбек үдерісінің ауырлық
деңгейі, еңбектің қызулық деңгейі, интеллектуалды күш салулар, бір
сарындылық және т.б. сияқты факторлар зиянды ықпал етеді. Мүгедектерді
жұмысқа орналастыруға қажетті еңбектің оптималды және оңтайлы шарттарына
әрдайым қол жеткізе алмайды. Жұмыс орындарын қауіпсіздік талаптарына сай
қайта жабдықтау қиын болады.
Әрине мұндай іс-әрекет мүгедектердің еңбегін қамтамасыз етуге деген
шығындардың өсуіне алып келеді. Олар шығарып жатқан өнімнің өзі пайда
келтірмейді, сондықтан кәсіпкерлер өз еркімен мүгедектердің ісін
жалғастыруға ұмтылмайды. Ешбір пайда көздемей әлеуметтік реабилитация
мүмкіндіктерін құруға деген ішкі адамгершілік түрткі жұмыс берушілер
арасында басымдық сипатта емес. Сондықтан мемлекет ногрмативті-
экономикалық қозғаушы күштердің жүйесі арқылы кәсіпкерлерді мүгедектерге
арналған жұмыс орындарын жасауға, осы салада белсенділік көрсетпегендері
үшін жазалай отырып, мәжбүрлейді. Мұндай механизмдер тиімді жұмыс істеп
жатқан экономикада нәтиже береді. Дені сау және білікті мамандарды
жұмыспен қамтамасыз ете алмай жатқан жағдайда мүгедектерді жұмыспен
қамтамасыз ету потенциалы шектеулі болады.
Реабилитацияның болашағы бар бағыттарының бірі - мүгедектерді оқыту
және қайта оқыту, дайындау үдерісінде жаңа мамандықты немесе кәсіпті
беру, мүмкіндіктер немесе кәсіптері жойылған жағдайларда бұрынғы
мамандығы бойынша жұмыс дағдыларын үйрету.[6,72]
Мүгедектерді кәсіби бағдарлау мен кәсіби оқыту, есею үдерісінде оларды
терең кәсіби диагностика негізінде құрылады (мүгедек балалар үшін) немесе
медициналық реабилитация аяқталғаннан кейін оқытылады (ересек мүгедектер
үшін). Көбінесе қарапайым орта білімді және кәсіби дайындықты талап
ететін көп кәсіптер туралы сөз болады. Мұндай ыңғай дұрыс болады, егер
интеллект жағынан шектеулері бар адамдар немесе өзінің әлеуметтену
жағдайы бойынша сапалы білім алуға мүмкіндігі жоқ адамдар туралы сөз
болып отырса. Дегенмен көптеген жағдайларда мүгедектердің білім деңгейі
жоғары болуы мүмкін, ал қазіргі заманғы жұмыспен қамтудың түрлері
мүгедектің дене күшіне немесе ептілігіне емес, оның интеллектуалды
мазмұндылығына талап қояды. Сондықтан ақпараттық-компьютерлік
технологиялардың дамуы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
етудің жаңа мүмкіндіктерін қолдануды ашады.[5,41]
Мүгедектердің әлеуметтік-еңбек реабилитация мүмкіндіктерін кеңейтудің
тағы бір қоры - шығармашылық сабақтар саласы болып табылады. Қозғалыс
немесе интеллектуалды шектеулерге қарамастан жас және ересек
мүгедектердің шығармашылық реабилитациясының потенциялы едәуір болу
мүмкін (нағыз дарыны бар, психикалық проблемалары бар адамдарды
айтпағанда). Осы саланы іске асыру үшін мүмкіндіктерді жасау мүгедектер
үшін реабилитациялық іс-әрекеттің қосымша арнасын білдіреді.
Мүгедектерді білім арқылы реабилитациялау, мүгедектердің өздеріне
қажетті орта білімді қажет болғанда, арнайы немесе қосымша білімнің түрлі
деңгейлері мен түрлерін ашу, жаңа кәсіп алу үшін кәсіби дайындықты өту
үдерістерін енгізетін күрделі кешен. Білім реабилитациясы педагогикалық
біліммен астасып жатады, бірақ оның әлеуметтік мазмұны кең. Қазіргі
заманға сай және сапалы білімге ұмтылыс, индивидтердің дамуына және
толыққанды тіршілік етуіне лайықты серпін беретін әлеуметтік қорлардың
маңыздысы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға осы рұқсатты
бекіту олар үшін әлеуметтік дамудың потенциялын, өзін-өзі материалды
қамтамасыз ету, лайықты жұмыстың, жоғары әлеуметтік мәртебенің
перспективасын, болашағын жабады. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі
білімнің және қоғамға керекті бағыттылықтың болуы, біршама деңгейде
мүгедектікке ұшыраған индивидті қарапайым еңбектің жұмысшысы мәртебесіне
оның тұлғасын теңестіруден, біліктілігі төмен еңбекпен айналысу
керектігінен сақтайды. Сондықтан білімділік реабилитациялау функциялары
істен шыққан индивидтердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру және
жоғарлату жолы мен құралы болып табылады. Әрине, бұл жол интеллекті
жоғары сақталған, мәдениет жетістіктерін меңгеру қабілеттері бар, іс-
әрекеттің заманға сай түрлерімен айналыса алатын адамдар үшін оңтайлы.
Жалпы әлеуметтік-мәдени реабилитация - мүгедектерге материалды пайда
әкелмесе де, ақпаратты шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыратын
реабилитациялық іс-әрекеттің маңызды элементі.
Психикалық эмоционалды-шығармашылық саласының дербестігі, индивидтің
дене немесе интеллектуалды мәртебесінің қатаң байланыстарының жоқтығы,
тұлғаның осы жағының дамуын және мүмкіндігі шектеулі адамның іс-
әрекетінің дамуын ынталандыру функционалды шектеулері бар тұлғалардың
дене немесе ақыл мүмкіндіктерін реабилитациялауды айналма жолдармен
қарқынды етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-мәдени іс-әрекет адамдарды
қатынасқа, әрекеттерді жасауға шақыра отырып, олардың өзін-өзі бағалауын
қалпына келтіре отырып, маңызды әлеуметтендіруші фактор ретінде алға
шығады.
Әлеуметтік-мәдени реабилитациялау элементі ретінде бәсекелестік
механизмдері мүгедектерді спортпен реабилитациялауды қарастыруға болады,
бұл механизмдер шығармашылық реабилитация саласында әрекет етеді.Ортақ
сауықтыру әсерінен басқа спортпен айналысу және мүгедектерге арналған
арнайы жарыстарға қатысу қозғалыс координациясы деңгейін жоғарлатады,
қатынасты дамытады, командалық, топтық дағдыларды тәрбиелейді.
Әлеуметтік реабилитация элементтерінің тұтастығын қарай отырып, бұл
таңдауда индивидтің әлеуметтік қызмет мүмкіндіктерін қалпына келтіру
үдерісінің маңызды жағы жіберілгенін байқадық. Осы іс-әрекетті
теоретикалық қарастырғанда терминологиялық қайшылыққа қайтадан тоқтаймыз.
Әлеуметтік реабилитация - реабилитациялық іс-әрекеттің алғашқы нәтижесі
ретінде, бір жағынан жоғарыда аталған реабилитация бағыттарының
шеңберіндегі әрекеттер тұтастығы нәтижесінде ғана қол жеткізуі мүмкін,
оларды іске асыру барысында ғана индивидтің әлеуметтік қызмет етуге деген
қабілеттерін нағыз және толыққанды қалпына келтіруі мүмкін.Сондықтан
әлеуметтік реабилитация ұғымы түрлер мен бағыттардың қорытынды сапасын
білдіретін жалпылауыш болып табылады.
Екінші жағынан, реабилитациялық іс-әрекеттің аталған түрлерінің
мазмұнынан басқа белгілі бір арнайы бағыт бар, оның шеңберінде қатынасқа
деген қабілеттілікті қалпына келтіру сияқты әлеуметтік іс-әрекетке деген
қабілеттілік іске асырылады. Сондықтан әлеуметтік реабилитация термині
қандай мағынада қолданылатынын қайта-қайта айта беру қажеттігінен құтылу
үшін әлеуметтік қарым-қатынастық реабилитация немесе жай ғана қарым-
қатынастық реабилитация терминін мүгедектің әлеуметтік өзара әрекеттерін
қалпына келтіру ,оның әлеуметтік желілерін нығайтуға бағытталған іс-
әрекет бағытының атауы ретінде қолданылады. Осы іс-әрекет шеңберінде
бірқатар қызметтері істен шыққан мүгедектер үшін жаңа жағдайларда қарым-
қатынас жасау дағдыларына үйрету. Адекватты, бірақ жақсы, дұрыс өзін-өзі
бағалаудың негізінде мүгедек меннің жаңа бейнесін және дүние бейнесінің
жақсы тұстарын қалыптастырады, бұл басқа адамдармен қарым-қатынастағы
теріс эмоционалды әрекеттесуді, реакцияны тежейді.
Зақымданудан, жарақаттанудан кейінгі стресс немесе ауру кезеңінен
кейін тұлға арасындағы қатынас бұзылуы мүмкін, бұл қажеттілік қалпына
келеді. Бұл үдерістің маңызды ерекшелігі арнайы арналарды немесе қатынас
құралдарын, егер индивид оларға мұқтаж болса, қолдануды үйрету болып
табылады. Осы үшін мамандардың жәрдемі қажет немесе қарым-қатынасты
қамтамасыз етуге арналған арнайы құрал-жабдықтарды мүгедектерге беру
керек. Сонымен қатар қарым-қатынас жасау дағдыларының дамыту тренингі
пайдалы және қажетті, олар мүгедектің бойында әлеуметтік дағдыларды
қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау мекемелері қарым-қатынас инфоқұрылымы мен
ұйымдастыру жағдайларын жасау үшін күш салуы керек, мысалы, әлеуметтік
қызмет көрсету орталықтарында күндізгі бөлімдерді, мүгедектер клубын,
ықшам аудандардағы кездесу және қарым-қатынас орындарын ашу.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау үдерісінің
мазмұны мен құрылымын теоретикалық-әдістемелік талдауды саралай отырып,
бұл үдеріс бүтін және кешенді болып табылатыны туралы қорытынды шығаруға
болады. Бұл адам тұлғасының әлеуметтік болмыс тұтастығымен түсіндіріледі.
Әлеуметтік реабилитация үдерісін түрлі бағыттарға, түрлерге бөлу белгілі
мөлшерде жеке ұйымдар мен мекемелер талаптары мен шектері арқылы
түсіндірілетін әрекет болып табылады.
Ортақ ереже бойынша әлеуметтік қызмет жасауға қабілеттілікті қалпына
кетіру ретінде мүгедектікке дейін қандай қабілеттілігі болса, сол
деңгейде әлеуметтік реабилитация болуы мүмкін. Индивидтің дені сау,
ауытқуы жоқ дамуы кезіндегі әлеуметтік функционалды қорларын реабилитация
үдерісінде дамыту мүмкін емес, әлеуметтік қызмет көрсетудегі
индивидтердің мүмкіндіктері мен қажеттілік деңгейі әртүрлі.[9,135]
Әлеуметтік реабилитация - бастамасы бар, соңы, аяғы жоқ үдеріс.
Индивидуалды реабилитациялық бағдарламаны орындауды аяқтаумен, әлеуметтік
жәрдем құрылымдары мүгедекті материалды қолдаумен, пенсия мен жәрдемақы
төлеумен шектелуі мүмкін екенін білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік бақылау мен қадағалаудың негізгі
деңгейі оның тіршілік ету барысындағы кезеңдерде үдерістердің теріс
дамуын тоқтату және қажет болғанда дер кезінде көмек көрсету мақсатында
қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік реабилитациялау бойынша
жасалатын бүкіл іс-әрекет жүйелі және кешенді бола тұрып, аймақтық
деңгейде олардың әлеуметтік қорғау жүйесіне - денсаулық сақтау, білім,
еңбекпен, жұмыспен қамту сияқты іс-шаралар әлеуметтік саланың органдары
мен мекемелерінің тұтастығымен іске асады.[6,312].

1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты
мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Мүгедектілік – маңызды әлеуметтік проблема, оны әрбір қоғам шешуіне
тура келеді. Мүгедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға
байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік – экономикалық, экологиялық,
саяси, оның бәрі де мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Тaбиғи, тeхникaлық, әлeумeттік - гумaнитaрлық жәнe экономикaлық ғылымдaры бойыншa cтудeнттeрдің ғылыми - зeрттeушілік жaрыcы
Өнеркәсiптiк тауар өткiзу саясатының түрлерi
Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Өндірістік практика туралы есеп беру
Жылжытудың жалпы мақсаттары
Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек
Пәндер