Құқық және дін



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
1.1 Құқық түсінігі және оның қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дін және діни құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДІН
2.1 Құқық пен дiн байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Мемлекет пен дін ара.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

3 ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚ
3.1 Мұсылман құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.2 Христиан құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.3 Үнді құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.4 Иудей құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: Құқық және дін. Құқықтың діни қайнар көздері

Орындаған: Алдонғаров Абылай Ахтанұлы МП(К)-103

Жұмыс жетекшісі: Аға оқытушы, құқық магистрі

Турабаев Алишер Рысбайұлы

Комиссия төрағасы: Аға оқытушы Спанов А.Қ

Комиссия мүшелері: Аға оқытушы, құқық магистрі Танатарова З.Л

Бағасы: __________

Қорғалған күні: 1012. 2012 ж.

Астана , 2012

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
1.1 Құқық түсінігі және оның қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дін және діни
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .6

2 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДІН
2.1 Құқық пен дiн
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 8
2.2 Мемлекет пен дін ара-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .9

3 ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚ
3.1 Мұсылман
құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 10
3.2 Христиан
құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
6
3.3 Үнді
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.4 Иудей құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Құқық пен дін арасындағы байланыс анық байқалады.
Дін әрқашан да қоғам өмірінде елеулі орын алған. Ежелгі дәуірде, орта
ғасырларда дін мемлекет құрылымында ең басты оргондардың бірі болған.
Ал қазіргі таңда мешіт, шіркеулер мемлекет басқаруынан тыс болып тұр.
Дін халықаралық қатынастарға да, қоғамдық құрылысқа да өз жағымды не теріс
септігін тигізе алады. Дінді құқықпен, саясатпен байланыстырып зерттейтін
болсақ, біз діннің пайда болуын теологиялық тұрғыдан емес, саяси тұрғыдан
қарастыруға мәжбүр боламыз. Дін тек адам және Құдай арасындағы байланысты,
о дүниелік өмірді, діни жораларды қамтымайды. Дiн қазiргi әлемдi өздiгiнше
ұғындырады, адамдардың арасындағы нақты қатынасты реттейді. Діннің пайда
болуының өзі саяси сипатқа ие. Тарихқа назар салып қарасақ, дін белгілі бір
халықтың қиын саяси-әлеуметтік кездерінде пайда болды. Ол қоғамды реттеп,
ізгілікке итермелеп, халықты қосып, бір идеологияның үстемдігін орнатты.
Қоғамдағы діннің рөлін бекіту үшін мешіттер, шіркеулер салынды. Олар
бірінші кезекте дұға оқитын жер және сол дінді ұстанатын адамдардың басын
қосатын орталық. Көптеген мемлекеттерде мешіттердің, шіркеулердің
қоғамдағы рөлі өсіп, олардың саяси функциялары да ұлғая түсті. Еуропаның
тарихында, шіркеу – мемлекеттік билік органы болған кездер де болды.
Дін – адамның рухани, психологиялық, саяси дамуына үлкен әсер етті. Дін
– мемлекеттің, қоғамның, құқық пен заң жүйесінің дамуына өз ықпалын
тигізді.
Әлем мемлекеттерінің қырыққа жуығы өз конституциясында нақтылы дiннiң
ерекше құқықты жағдайларын бекiтті. Оның көбісі ислам әлемінің
мемлекеттері. Сондықтан, мұсылман құқығы концепциясы кең мағынаға ие
болып кетті. Осы курстық жұмыс барысында мұсылман құқығынан басқа,
христиан, иудей, үнді құқық жүйелері зерттелінеді.
Мұсылман құқығы және шариғат заңдарын бір ұғым ретінде қарастыруға
болады. Мұсылман құқығының негізгі қайнар-көздері : Құран, сунна, иджма,
қисяс. Ең басты қайнар көз, әрине – Құран. Ал қалғандары, Құранға
түсіндірулер, немесе толықтырулар.
Христиан құқығының ерекшелігі, заңдар мен ережелердің көбісі тек
дінбасыларға, шіркеу қызметкерлеріне арналған. Негізгі қайнар көздеріне:
канон құқығы мен шіркеу құқығы жатқызылады.
Үнді құқығы өзінің философиялық мағынасымен ерекшеленеді. Оның басты
принципі Құдайға табыну және Құдай алдында өз борыштарын орындау, Құдай
мен адам ара-қатынасы және байланысы адамның таза өмір сүруі, ар-ұят
маңызы.
Иудей құқығының ерекшеліктері көп. Мысалы, иудей дінін еврей ұлтынан
басқа ұлт өкілдері қабылдай алмайды. Олардың ойынша, еврей ұлты Құдай
таңдаған ұлт. Құқығының негізгі қайнар-көзі : Тора, Талмуд.
Сонымен, осы курстық жұмыс барысында осы діндердің құқықтық қайнар
көздеріне кеңірек тоқталып кетеміз.
Курстық жұмысымның мақсаты: діннің құқық пен заң жүйесінің дамуына
тигізген ықпалын зерттеу
Курстық жұмыстың міндеті:
- құқық пен дін байланысын ашып зерттеу
- мемлекет пен дін ара-қатынасын қарастыру
- әлемдік діндердің құқық жүйелерін зерттеу
- діннің пайда болуын, ағымдарын зерттеу
Зерттеу нысаны: құқық және дін ара – қатынасы
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы
және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес
келеді.

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
1.1 Құқық түсінігі және оның қайнар көздері

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей
қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың )
жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық
мазмұнының негізгі элементтері:
• қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
• қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
• қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
• мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп
басқару.
Құқық - әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырады. Олар қоғамның обьективті
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі. Бұл мемлекеттің даму тарихына,
идеологиясына , құқықтың қайнар көздеріне байланысты.
  Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және
көрініс табуының  мемлекет шығарған  немесе ол таныған ресми - құжаттық
нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру.
  Құқықтың қайнар көздеріне  ресми  сипат тән , оларды мемлекет таниды;
бұлар ондағы  нормаларды  мемлекеттің қолдауын  қамтамасыз етеді.
  Құқықтың  қайнар көздерінің түрлері:
      1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік  орган
қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған  және белгілі бір қоғамдық 
қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция,
заңдар мен заңға  сәйкес  актілер жатады.
      2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың  санасынан орын
алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи  
қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән
беріп , оларды  орындауды  өзінің мәжбүрлеу күші арқылы  кепілденуі. Әдет –
ғұрып нормаларына  заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен
беріледі:
 а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
 б) оларды сот шешімдерінде  және басқа да  мемлекет органдар 
актілерінде  іс  жүзінде тану арқылы.
      3 ) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа
алынатын  және жалпыға міндетті  заңды мағына иеленетін нақты бір заңды
істі шешудегі  соттық немесе әкімшілік шешім.
     4)  Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да  көп
субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
     5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі
бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма ,  міндетті прецедент немесе әдет
нормасы болмаған  жағдайда  заңгерлер   әділеттілік , ар – ождан , құқықтың
әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның ,
Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
    6)  Діни мәтіндер –  құқықтың тарихи формаларының бiрi, арнайы
қасиетті мәтендерде бейнеленген Құдайдың ерігі сипатталады.

1.2 Дін және діни құқық

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени
сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы
Құдайға сенімі. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын,
дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-
білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен
бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі
ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит
кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар
культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ
діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды
еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері
де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм,
ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық
Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне
тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің
тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда
діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы
түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік,
шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және
протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі –
сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік
діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы
және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі
мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен
кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес,
салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. [1]
Дін функциялары :
• Дүниетанымдылық – дін, дінге сенушілердің өмірін толықтырады, өмірлеріне
мән береді
• Компенсаторлық – дүниетанымдылық функцияға ұқсас, адам табиғатқа тәуелді,
адам өлімнен қорқады, өз әлсіздігін көреді және дін осылардың орнын
толықтырады, яғни адамның басын көтергендей, оған қосымша деп береді,
Құдайға сендіреді.
• Коммуникативті – сенушілердің бір-бірімен, Құдаймен, періштелермен қарым-
қатынасы
• Реттеуші- әрбір діннің өзіндік ұстанымдары, қағидалары болады, және
сенуші соларды ұстанады
• Саяси – кез келген ұйым, ортақтық басшылары дін арқылы қоғамды реттейді,
бір ұстанымға әкеліп, ортақ идеологияны орнатады
• Мәдени - дін – мәдениеттің дамуына орасан зор ықпал етеді
• Бөлуші – дін қоғамды қалай біріктіре алса, солай бөле алады. Діндер
арасында алауыздық туады, соғыс басталады, сондай – ақ белгілі бір діннің
өзінің ішкі құрылымында бөліну пайда болады. Бұл экстремистік бағытқа тән
белгілер
• Психотерапевті – дін психотерапия ретінде қолданылады .
Діни құқық – құқықтың негізгі тарихи формаларының бірі. Оның қайнар
көзі ретінде зайырлы мемлекеттік билік емес, арнайы қасиетті жазбаларда
айтылған Құдай ерігі болып келеді. Діни құқықтың қайнар көзі ретінде ,
қасиетті мәтіндерден басқа, шіркеу актілері, діни-құқықтық салт-дәстүрлер
бола алады.
Діни құқықтың ерекшелігі – дербес сипатында, яғни юрисдикциясының
аймақтық емес сипатында. Айталық белгілі бір діни құқықтың ұйғарымдары тек
қана осы дiни қауымның өкiлдерiне таралады, басқа дiнге сенушiлер олардың
әсерiнен босатылған.
Мұсылман құқығы, христиан құқығы, үнді құқығы және иудей құқығы
әлемдегі ең дамыған діни құқық жүйелері болып табылады. [4, 108б]

2 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДІН
2.1 Құқық пен дiн байланысы

Азаматтық қоғамда маңызды жер рухани-мәдениетті өмірге қойылады. Оның
құрама бөлігі дін болып табылады. Ол адамзаттың көп ғасырлык тарихында
адамдарды біріктіріпiп, тікелей немесе жанама жолмен мемлекеттің өмірі мен
жастардың тәрбиесіне ықпал етіп отырады.Қазіргі уақытта шіркеу мен мемлекет
арасындағы қарым-қатынас конституциялық құқықтың шамаларымен реттеліп,
шіркеудің мемлекеттен алыстауын анықтайды. Бұл дегеніңіз, мемлекеттік
органдар шіркеудің діни жұмыстарына, соның ішінде діни қосылыстардың
жұмыстарына араласпай және оларға мемлекеттік жұмыстар жүктемейді. Сонымен
қатар мемлекет олардын діни іс-әрекеттерін қорғап, наным-сенімдерінде
нейтралды тарап ұстануда.Қазіргі қоғамда дін, маңызды рухани-мәдениетті
институт сияқты өмір сүреді. Оның ықпалы тек рухани ғана емес қоғамның
саяси өмірінде де сезіледі. Өзінің діни қажеттіліктерін діндарлар шіркеу
арқылы қанағаттандырады.
Мемлекет шіркеумен жоғарыда айтып өткендей, жаңа қарым-қатынасты шіркеудін
тәуелсіз етуі арқылы орналастыруда. Шіркеудін жұмыстарына қол сұқпай, ол
барлық діни конфессияның тендігіне кепілдік бере отырып, мемлекет жаңа діни
қауымдардын пайда болуына мүмкіндік беруде .
Ар-ұжджанның еркіндігі деп адамның Құдайға кез-келген діннің тұжырымы
бойынша сенуі немесе мүлде Құдайға сенбеу деп тусінеміз. Кейбір елдерде
мемлекеттік діні бекітілген немесе сол бекітілген дінге өтуіне мәжбүрлейтін
мемлекеттерде жоғарыда айтылған еркіндік өте маңызды. Мемлекеттік діні
бекітілмеген елдердееркіндік атеистердін қорғанышы ретінде болса, ал
тоталитарлы атеистік мемлекеттерде онымен ресми дінге қарсы ұйымдар мен
шіркеуді қуалаушылылар жамылады.Дін таңдау еркіндігі дегеніміз әр адамның
қалаған дінін тандауға жане сол дініне сайкес әдет-ғұрып наным-сенімдерін
бұлжытпай орындауы. Бұл еркіндік, сонымен қатар өзінің мазмұны жағынан
біріншілердің қатарында. Бұл дегеніміз, яғни, адам құқығы жағынан, дін
таңдау еркіндігімен бірдей болғанымен, бұл тағыда діндернің өмір сүруіне
және олардың әрқайсысының ешқандай кедергісіз өз наным-сенімдерін таратуына
мүмкіндік береді. Дегенмен әдетте көрсетілген терминдер бірдей қолданылады.
Халықаралық азаматық және саяси құқықтар туралы пакт ар-ұждан мен дін
таңтау еркіндігін ойдың еркіндігімен байланыстырып, оған еркіндікке ие
болу немесе дін қабылдау немесе өз қалауымен түсінік алу және өз дінімен
түсінігін таратудағы еркіндік, басқаларды елмен бірге немесе жеке хабардар
етіп, ғибадаттың жіберілуінде, діни рәсімдер мен оқу-жаттығуларлардың
орындалуы кіреді. Ешкім дін қабылдауда ешқандай кедіргіге душар болау
керек.

2.2 Мемлекет пен дін ара-қатынасы

Шіркеу мен мемлекет арасындағы қарым қатынас, көбінесе мемлекеттің
қоғамдық-экономикалық, қоғамда қалыптасқан тарихи дәстүрдің даму сатысымен
анықтадалы.
 Демократиялық мемлекет жағдайында, мемлекет әдетте конституциялық
сатыда және барлық діндер мен шіркеулер күнделікті құқық теңдігі
тәжірибесі, ұждан мен дін бостандындықтарында танылады. Осы шарттар
негізінде шіркеу мемлекеттен бөлек, ал мектеп - шіркеуден. Діни негіздегі
дискриминация, яғни бір дінге сенген үшін, оны зерттеген үшін өкілдіктер
тумайды. Шіркеу халықтың мәдениетті, тарихи және адамгершілік дәстүрлерінің
сақтаушысы болып табылады.
Тотолитарлы және авторитарлы режимдерде, мемлекет пен шіркеу
арақатынасының үш негізгі моделін шығаруға болады:
А) мемлекет діни негізде сенушілерді қудалайды және діни әрекеттердің
барлығына тыйым салады. Бұл арақатынас 1967 жылы Албанияда болған.
Б) мемлекет дін мен мешітті мемлекет билігінің негізі деп таниды (Сауд
Арабиясы, Пәкістан, Иран). осы мемлекеттерде ислам мемлекеттік дін деп
танылған, ал шариат нормалары қоғамдық өмірдің түрлі жақтарын реттеу үшін
қолданылады.
В) Шіркеу мемлекетпен тікелей конфронтацияда орналасқан, діни нормалар
негізінде мемлекетке қарсы кампания жүргізіп жатыр. Мұндай жағдай 60-шы
жылдары Латын Америкада байқалды.
Діни бірлестіктердің статусы конституциялық дәне қазіргі конституциялық
заңшығармашылығымен реттеледі. Көптеген мемлекеттер шіркеудің мемлекеттен
бөлініп шығуын бақылайды және дінді тек адамның жеке мүддесі ретінде таниды
Қазіргі таңда, дамыған мемлекеттердің конституциялары діннің
бостандығын қолдайды. Біріқ, діни ұйымдар ешқандай экстремизмдік бағытта
болмауы керек, және ол Республика заңына бағынады. Барақ, кейбір
мемлекеттерде белгілі бір дінді ұстануға рұқсат берілмеген. Мысалы,
Швецияда ислам дінін ұстануға тиым салынған. Бұл қазіргі ислами
экстремистік бағыттардың көптеп кетуіне байланысты қолданған шара.
Дін қоғамды реттейді, және бір идеологияға біріктіреді. Бұл мемлекет
үшін тиімді. [16, 32б]

3 ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚ
3.1 Мұсылман құқығы

Мұсылман құқығы көптеген жағдайда шариат деп аталады. Шариат
мұсылмандық құқықтың және діннің нормативті ережесі.
Мұсылман құқығы – исламның әлеуметтік-дін дүниесін тануы –Аравия елінде VI
–VII ғасырда пайда болды. Мұхамед Пайғамбардың төңірегіне: Аббас, Хамза,
Абу Бакр, Омар, Осман, Әли - барлығы қырық шақты адам топтасады. Құранның
ажырамас бөлігі Хадис бар. Ол Мұхамед Пайғамбардың айтқан сөзі және оның
істеген істері туралы хабар береді. Хадистердің жиынтығы құраннан кейінгі
қайнар көз болып табылатын сүнналарды құрайды. XI – XII ғасырдың жартысынан
бастап мұсылмандарда сүнниттер және шииттер деген екі бағыт пайда болды.
Араб елінде VII ғасырда өмірге келген әлемге әйгілі діндердің бірі –
Ислам діні. Оның негізін салушы Алла тағала, ал оны уағыздаушы,
насихаттаушы Мұхаммед Пайғамбар. Ең бірінші пайғамбарлар қатары: Адам, Нұқ,
Ибраһим, Мұса, Иса,..., ал 25-ші пайғамбарымыз – Мұхаммед [3, б.25].
Ислам араб сөзі, қазақшаға аударғанда көнгіштік, өзін құдайға тарту
дегенді білдіреді. Ислам дінінің ерекшелігі - тек жалғыз Құдайға сену,
Аллаһ Тағалаға және оның қайратына сену. Осылай деп қасиетті кітап құранда
жазылған. Құран – мұсылмандардың басты кітабы (жалғыз кітап). Мұхаммед
пайғамбардан кейінгі Халифтар саны төртеу: Абу Бакр, Омар, Осман, Әли.
Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Омар Ибн Әл Хатап ( б.ғ.634 -
жылы) Халиф Абу Бакрден құранды жеке кітап түрінде шығаруға кеңес береді.
Халифтың ресми идеологиясы Ислам – араб мемлекеттерінің барлық құқығына
жауапты болды. Сол себепті құранның алғаш жазылған редакциясы Зейді Осман
түп нұсқасы төрт кітап қолжазбасы Халифаттың басты орталық қалалары Мекке,
Дамаск, Куфа мен Басыраға жіберілді
Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген.
Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі
кітап — Құран
2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы —
Сұнна.
3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма
4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік
құбылыстарын  сәйкесінше талдау – Қияс.
Құран - араб тілінен аударғанда Оқығанды сыртқа шығару дегенді
білдіреді. Құран бүкіл дүниежүзілік мұсылман қауымының қасиетті кітабы.
Құран 114 сүреден тұрады оның 90-ны Меккеде 24-і Мединеде түскен. Меккелік
және Мединалық сүрелер бір-бірінен мағынасы жағынан, тіл ерекшелігі
бойынша, жазылу ерекшелігі бойынша ерекшеленеді. Құран сүрелері 6666 астам
аяттан тұрады. Рамазан айының 27 күні Қадір түнінде ең бірінші Әл-Фатиха
сүресі түскен. Құран негізінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар тірі кезінде
ауызша болған және Құранды есте жаттап алған адамдарда болған. Мұхаммед
(с.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болғаннан кейін барлық аяттарды бір кітапқа
жинақтау қабылданды. Бұл жұмысты Абу-Бакр халифінен Эфид ибн Сабит бірінші
рет орындады. Өздерінің оқытушыларының аяттарын сахабалар Убайд ибн Коаб,
Аблаллах ибн Масуд, Абу Муса аль-ашъари жазбаша түрде жазды. Жалпы Құранда
әр түрлі құқықтар, ережелер және басқа да этикалық, заңи, шаруашылық
нормалары жазылған. Құран бұрынғы ортағасырлық арабтардың ғана емес басқа
мұсылман халықтарының  тарихи, әдеби, заңи кітабы болып саналады. [7, 48
б]
Құран мағыналық мазмұны бойынша, негізінен, 3-ке бөлінеді:
• иман, сенімге байланысты аяттар,
• шариат үкімдеріне қатысты аяттар,
1. Пайғамбарлар өмірі жайлы қиссалар. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) умми (оқу-
жазу білмейтін) кісі болған еді. Ол құдайлық аян келгенде уахи
хатшыларына сүре мен аяттарды түскен жерде жаздырып отырған.
Хатшыларына жазғандарын дауыстап оқуды талап етіп, қателессе дереу
түзеген. Құранның бөлек-бөлек түсуі оның оңай жатталуына мүмкіндік
жасады. Сахабалардың хат танитындары түскен мәтіндерді әрі жазып, әрі
жаттап алды. Хат танымағандар Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) намазда,
уағыз-насихатта оқыған Құранын естіп, жаттаған. Құранды сақтау
барысында жазуға қарағанда жаттау әлдеқайда қолайлы тәсіл болды. Құран
сахабалардың тақуалық өмірлерінен бастап, Алла жолындағы күрестеріне,
қоғамдық қарым-қатынастарына дейін жол нұсқап, тәрбиелеп отырды.
Осылайша Құран олардың өмірінің мәніне айналды.
Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Құранның мағыналық
аудармасынан гөрі мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абайдың “Адамды
сүй, Алланың хикметін сез!”, “Адамның хикмет кеудесі”, — деген сөздерінен
Құранды да, адамды да, әлемді де хикмет кітаптары деп біліп, оларды
ажырамас өзара бірлікте, тығыз үйлесімде танығаны аңғарылады. “Құран рас
Алланың сөзі-дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ”, — деген Абай Құранның
сөздік мағынасынан гөрі ішкі мәніне ұмтылуға үндейді. Құранның рухани
мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуде ондағы адам мәселесін зерделеудің
маңызы зор. Құран — адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын құдайлық рахмет
— мейірім көзі, (һұд, 17 аят) адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың
сөзі (Исра, 9). Қ. жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық,
әлеуметтік-экономикалық саяси-басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі
негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Құранда екі маңызды мәселе —
Алланың жалғыздығына сенім (таухид-монизм) және Алланың құдіреті, сол
құдіретімен жаратқан әлем, адам, олардың Алламен арасындағы байланыстары
жүйеленген. Құранда адамның көңілі (қалбы-жүрегі) — таным көзі немесе
танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған.
Бүгінде батыс – шығыс ғалымдарының көбі құранды құдайдың кітабы екенін
мойындап, таң қалуда. М.Р. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалам десе, С.
Харт Құран Кәрімнің Алла тарапынан пайғамбарымызға періштелер арқылы
жіберілгені ахихат, - дейді. Ал Виктор Имбердес болса, ол: Құран бүтін
заң негіздерінің қайнар көзі болатыны ахихат. Доктор Бухайле: Құранның
көптеген ғылыми жетістіктерінің негізін қамтығандарын толық зерттеп және
одан басқа да ахихаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын айтады.
Сүнне – Мұсылман құқығының басты қайнар көздерінің бірі болып саналады.
Араб тілінен аударғанда жол, бағыт, нұсқау дегенді білдіреді. Сүнне
негізінен исламның әр түрлі сұрақтарына байланысты және өмірдің -құрылысына
байланысты хадистерден тұрады. Хадистер VIII-IX ғасырларға дейін ауызша
беріліп келген содан кейін барып жазбаша түрде жазылған. Сүнне үш түрге
бөлінеді: Каул, Фил, Такрир болып. Сүнне терминінен Сүннет  ағымы
тарайды. ) Мұсылман құқығының ең басты қағидаларының бірі Құран мен
Сүнненің қатынасы жайлы кезінде көптеген мұсылман заңгерлері көп дауласқан.
Жалпы айтқанда бұл екі қайнар көздің қатынасы былай көрініс табады. Сүнне
Құранға қарсы емес, керісінше Құранмен байланыста. Сүнне Құран сөздерінің
түсіндірмесі. Мысалы: егер сот керекті норманы Құранның ішінен табалмай
қалса, онда ол Сүннеден қарайды, егер ол жерде де болмаса ол өзі шешім
шығара береді. Шешім шығаруды кез-келген шығара бермеген, шешімді муджтихад
атағын алғандар ғана шығаратын. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол
Мұхаммедтің іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-
Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар,
Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-
Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи,
ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар,
ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен
Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифаты
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Мемлекет дамуы кезеңдері
Араб халифатынын пайда болуы, құқығы
Қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеудің негізі
Араб халифаты туралы ақпарат
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Зайырлылық
Пәндер