Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы



Мазмұны

Кіріспе

1. Әдебиетке шолу
1.1 Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы.
1.2 Бидай және арпа дақылдарының бастапқы тұқым шығару үрдісіне сипаттама.
1.3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұқым шаруашылығына сипаттама.

2. «Алтын төбе» тәжірибелік бекетіндегі өсімдік шаруашылығының жағдайлары.

3. Облыстың табиғи.климаттық жағдайы.

4. Негізгі бөлім.
4.1. Материалдар мен әдістемелер.
4.1.1. Дипломдық жұмыста қолданылған материалдар.
4.1.2. Зерттеу жұмыстарының әдістемелік негіздері.
4.2. Зерттеулік жұмыстардың нәтижелері.
4.2.1. Бидай мен арпаның бастапқы және өндірістік тұқым шығару үрдістері.
4.2.2. Тұқымның сорттық және себістік сапасы.
4.2.3. Бидай мен арпаның сорттық тұқымын өндіру технологиясының ерекшеліктері.
4.2.4. Бидай мен арпаның тұқым тазалау, кептіру және сақтау ерекшеліктері.
4.2.5. Бидай мен арпа өнімін өндірудің агротехникалық негіздері.
4.2.6. Топырақ өңдеу ерекшеліктері.
4.2.7. Тыңайтқыштар
4.2.8. Тұқымды себіске даярлау және себістік мерзімдері.
4.2.9. Егістікті күту.
4.2.10. Өнім жинау.

5. Тұқым өндірудің ээкономикалық тиімділігі

6. Еңбекті қорғау

7. Табиғатты қорғау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезеңде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі көлеміндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі айтарлықтай (8,1-8,7пайыз). Ауыл шаруашылығы адам тіршілігіне қажетті азық-түлік өндіреді, мал шаруашылығын мал азығымен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы негізін жасыл өсімдіктер құрайды, сондықтан олар ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы болып табылады. Өйткені өсімдіктер күн сәулесінің қуатын пайдаланып, топырақ пен ауадағы органикалық емес заттардан органикалық заттар (көмірсулары, ақсыл, май, дәрумен, т.б.) түзеді. Адамзаттың азық-түлікке пайдаланатын өсімдік өнімдері ұдайы өндіріліп отыруға тиіс, себебі ауыл шаруашылығы өнімдері ұзақ уақыт сақтауды көтермейді, бұзылып істен шығады. Осыған сәйкес аграрлық өнеркәсіп кешенінің басты бір саласы - өсімдік шаруашылығы жоғарыда аталған міндеттерді ойдағыдай шешуде үлкен маңызға ие болады.
Өсімдік шаруашылығының ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде өнеркәсіп өндірісінен ерекшеліктері бар: басты ерекшелігі – маусымдық өсімдіктер жылдың жылы, аязсыз кезеңінде ғана өсіп-жетіліп жаңа өнім береді; қоршаған орта факторларына байланыстылығы (жылу, ауа, қоректік заттар, ылғал, күн сәулесі, т.б.) және дақылдардың өсіру технологиясына тәуелділігі.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа бір саласы – мал шаруашылығымен тығыз байланысты: өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз етсе, өз кезегінде мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыштар (көң,т.б.) береді, ал соңғысы өсірілетін дақылдардан мол өнім алуға, топырақ құнарлылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Жер шарында ауыл шаруашылығы өсімдіктері 1 млрд. га-дан астам егістік жерлерде өсіріледі, оның ең көбі – дәнді (астық және бұршақ) дақылдар 750 млн гектар, 110млн гектар майлы дақылдар (күнбағыс, майлы зығыр, майбұршақ, қыша, т.б.), 30млн гектардан астам талшықты дақылдар (мақта өсімдігі, талшықты зығыр, т.б.), 18млн гектар картоп, 3,5млн гектар шамасында қант қызылшасы, т.б.
Қазақстанда 2001 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 16,7 млн.га болса, оның ішінде дәнді дақылдар 13,2млн.га (оның 10,8 млн.га еліміздің басты дақылы - бидай) жерге, майлы дақылдар 349,5 мың га (оның ішінде күнбағыс – 255,4 мың га), мақта өсімдігі 184,7 мың га, картоп 162 мың гектар, қант қызылшасы 19,7 мың га егістік алқаптарда өсіріледі. Мал азықтық дақылдар 2,6 млн.га егістікке орналастырылды.
Дәнді дақылдардың егістік құрылымында еліміздің басты азық-түліктік дақылы – бидайдың үлесі 80 пайыз шамасында. Одан кейінгі орында арпа (16 пайыздан астам), әрі қарай сұлы, тары, жүгері, т.б. орналасқан.
Келтірілген деректер қаншалықты қомақты болғанымен, біздің елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келелі мәселелер жеткілікті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауына»(2002ж) сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының 2003-2005жж арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат базасының өсуі және мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайту көзделген. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, химияландыру, өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығын дамыту және т.б. шаралар қарастырылған.
Жоғарыда келтірілген жолдардың ішінде соңғысын саралау осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады. Тұқым шаруашылығы елімізде бұрынғы КСРО заманында құрылып, дами бастады. Тұқым шаруашылығы белгілі бір жүйеге келтірілген болатын. Бірақ кезінде дүние жүзіндегі ең ірі екі мемлекеттің біреуі болған Кеңес Одағы жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдарында терең экономикалық дағдарысқа ұшырады. Мұның арты әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге әкеліп соқты. КСРО ыдырағаннан кейін еліміздегі барлық жүйелер бұзылып, капиталисттік (нарықтық) жүйеге сәйкестеліп құрыла бастады. Ауыл шаруашылығының басты тіректері - совхоз бен колхоздар ыдырап, барлығы талан-таражға салынды. Олардың орнына жеке меншіктер құрылды. Өйткені нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады. Әміршіл-әкімшілік экономикаға тән «әкімшілдік адам» моделінің орнына ақыл ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де іскер, нартәуекелге бара білетін, өз қимылына жеке жауапкершілікпен қарайтын «экономикалық адам» келуі керек болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығына аз көңіл бөлінді. Міне, қазір енді сол бұрынғы жоғалтылған жетістіктерге қайта қол жете бастады. Тұқым шаруашылығы толығымен дерлік мемлекет бақылауына алынды. Мемлекеттік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар бере бастады. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады.
Аталған міндеттер мен шешу жолдары өздігінен орындалмайды. Әрбір диқан, ауыл шаруашылығы мамандары, агрономдар, басшылар – ғылым мен өндірістік тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Оразалиев Р.А. «Қазақстан бидайы», Алматы «Қайнар», 1984ж.
2. М.Г.Пруцкова. «Күздік бидайдың жаңа сорттары», Алматы, «Қайнар», 1974ж.
3. E.H.Roberts. Жизнеспособность семян. Москва «Колос» 1978г. перевод с английского.
4. Научно практические аспекты развития растениеводства и животноводства в Юго-Западном регионе Казахстана.
5. Рефератный журнал серия 3. 2007 18-23ст. Нац. центр научно-технической информаций РК.
6. Государственная программа развития сельских территорий РК на 2004-2010 годы. Астана 2003г.
7. П.А.Забазный. Краткий справочник агронома. Москва «Колос» 1983г.
8. 6-я международная научно-практическая конференция // «Качество урожая в зависимости от сорта семян» 61ст «Бастау» Алматы 2003 г.
9. Н.А.Майсурян.Практикум по растениеводству 6. «Колос» Москва 1970г.
10. Селекционные достижения Казахстана 1. алматы «Бастау» 2001г. 19-50ст.
11. Научные основы развития сельского хозяства на юге Казахстана. Алматы 2001г. 128-138; 6-18ст.
12. И.Сейітов, Т.Саудабаев, Ш.Әбдірашев. «Агрономия негіздері», Алматы, «Ана тілі» 1991ж.
13. Г.В.Коренев, П.И.Подгорный, С.Н.Щербак. Растениеводство с основами селекций и семеноводства. Москва «Колос» 1973г.
14. Қ.Әрінов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов, Н.Серікпаев, И.Жұмағұлов. «Агрономия негіздері», Астана «Фолиант» 2007ж. 107-190б.
15. И.Г.Строн. Промышленное семеноводства. Москва «Колос» 1980
16. Г.В.Гуляев, А.В.Сергеев. Справочник агронома – семеновода. Москва изд.2-ое пер. и доп. «Россельхозиздат» 1984г.
17. В.М.Кавун, К.А.Савицкий. Агротехника важнейших сельско-хозяйственных культур. «Высшая школа» Москва 1967г. 10-93ст.
18. И.А.Абугалиев. Справочник по семеноводству полевых культур. Алматы 1981г. «Қайнар»
19. В.А.Добрынин, А.В.Беляев. Экономика сельского хозяйства. Москва «Агропромиздат» 1990.г. 306-322ст.
20. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі. Алматы «Бастау» 2006ж. 60-159б.
21. К.К.Абуллаев, Б.А.Мустафаев. Современные агротехнологий зерновых культур на Северо-востоке Казахстана. Павлодар 2005г.
22. ICARDA Annual Report 2003y.
23. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік
қауіпсіздігі. – Шымкент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005, 243 бет, әдебиет атаулары 20.
24. Шайық.Ө.Ш, Батырбеков А.Д., «Шоқан тағылымы-12»//Оңтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидайдан мол өнім алу үшін агротехникасын жетілдіру. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2007ж. 76-79б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
1.1 Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы.
1.2 Бидай және арпа дақылдарының бастапқы тұқым шығару үрдісіне
сипаттама.
1.3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұқым шаруашылығына сипаттама.
2. Алтын төбе тәжірибелік бекетіндегі өсімдік шаруашылығының жағдайлары.
3. Облыстың табиғи-климаттық жағдайы.
4. Негізгі бөлім.
4.1. Материалдар мен әдістемелер.
4.1.1. Дипломдық жұмыста қолданылған материалдар.
4.1.2. Зерттеу жұмыстарының әдістемелік негіздері.
4.2. Зерттеулік жұмыстардың нәтижелері.
4.2.1. Бидай мен арпаның бастапқы және өндірістік тұқым шығару үрдістері.
4.2.2. Тұқымның сорттық және себістік сапасы.
4.2.3. Бидай мен арпаның сорттық тұқымын өндіру технологиясының
ерекшеліктері.
4.2.4. Бидай мен арпаның тұқым тазалау, кептіру және сақтау ерекшеліктері.
4.2.5. Бидай мен арпа өнімін өндірудің агротехникалық негіздері.
4.2.6. Топырақ өңдеу ерекшеліктері.
4.2.7. Тыңайтқыштар
4.2.8. Тұқымды себіске даярлау және себістік мерзімдері.
4.2.9. Егістікті күту.
4.2.10. Өнім жинау.
5. Тұқым өндірудің ээкономикалық тиімділігі
6. Еңбекті қорғау
7. Табиғатты қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Белгілер және қысқартылған мәндер.

МҮҚ – мемлекеттік үлгі қалып.
АӨК – агро өнеркәсіп кешені.
МШК – мүмкін шекті концентрация.

Анықтама

Дотация –
Сорт ауыстыру –
Сорт жаңарту –
Вегетация бойында егістікті ауру, зақымдалған, бөгде сорттық, дақылдық
өсімдіктерден және арам шөптерден тазалау – фитотазарту жұмыстары
жүргізіледі.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі көлеміндегі ауыл
шаруашылығы өндірісінің үлесі айтарлықтай (8,1-8,7пайыз). Ауыл шаруашылығы
адам тіршілігіне қажетті азық-түлік өндіреді, мал шаруашылығын мал азығымен
және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы негізін
жасыл өсімдіктер құрайды, сондықтан олар ауыл шаруашылығы өндірісінің
негізгі құралы болып табылады. Өйткені өсімдіктер күн сәулесінің қуатын
пайдаланып, топырақ пен ауадағы органикалық емес заттардан органикалық
заттар (көмірсулары, ақсыл, май, дәрумен, т.б.) түзеді. Адамзаттың азық-
түлікке пайдаланатын өсімдік өнімдері ұдайы өндіріліп отыруға тиіс, себебі
ауыл шаруашылығы өнімдері ұзақ уақыт сақтауды көтермейді, бұзылып істен
шығады. Осыған сәйкес аграрлық өнеркәсіп кешенінің басты бір саласы -
өсімдік шаруашылығы жоғарыда аталған міндеттерді ойдағыдай шешуде үлкен
маңызға ие болады.
Өсімдік шаруашылығының ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде
өнеркәсіп өндірісінен ерекшеліктері бар: басты ерекшелігі – маусымдық
өсімдіктер жылдың жылы, аязсыз кезеңінде ғана өсіп-жетіліп жаңа өнім
береді; қоршаған орта факторларына байланыстылығы (жылу, ауа, қоректік
заттар, ылғал, күн сәулесі, т.б.) және дақылдардың өсіру технологиясына
тәуелділігі.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа бір саласы –
мал шаруашылығымен тығыз байланысты: өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығын
мал азығымен қамтамасыз етсе, өз кезегінде мал шаруашылығы өсімдік
шаруашылығына органикалық тыңайтқыштар (көң,т.б.) береді, ал соңғысы
өсірілетін дақылдардан мол өнім алуға, топырақ құнарлылығын арттыруға
мүмкіндік жасайды.
Жер шарында ауыл шаруашылығы өсімдіктері 1 млрд. га-дан астам егістік
жерлерде өсіріледі, оның ең көбі – дәнді (астық және бұршақ) дақылдар 750
млн гектар, 110млн гектар майлы дақылдар (күнбағыс, майлы зығыр, майбұршақ,
қыша, т.б.), 30млн гектардан астам талшықты дақылдар (мақта өсімдігі,
талшықты зығыр, т.б.), 18млн гектар картоп, 3,5млн гектар шамасында қант
қызылшасы, т.б.
Қазақстанда 2001 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 16,7
млн.га болса, оның ішінде дәнді дақылдар 13,2млн.га (оның 10,8 млн.га
еліміздің басты дақылы - бидай) жерге, майлы дақылдар 349,5 мың га (оның
ішінде күнбағыс – 255,4 мың га), мақта өсімдігі 184,7 мың га, картоп 162
мың гектар, қант қызылшасы 19,7 мың га егістік алқаптарда өсіріледі. Мал
азықтық дақылдар 2,6 млн.га егістікке орналастырылды.
Дәнді дақылдардың егістік құрылымында еліміздің басты азық-түліктік
дақылы – бидайдың үлесі 80 пайыз шамасында. Одан кейінгі орында арпа (16
пайыздан астам), әрі қарай сұлы, тары, жүгері, т.б. орналасқан.
Келтірілген деректер қаншалықты қомақты болғанымен, біздің елімізде
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келелі мәселелер жеткілікті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына(2002ж) сәйкес
жасалған Қазақстан Республикасының 2003-2005жж арналған мемлекеттік
аграрлық азық-түлік бағдарламасында өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұлғайту,
қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат базасының өсуі және мал
шаруашылығының жемшөп базасын нығайту көзделген. Бұл міндеттерді шешудің
жолдары ретінде егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы
техникасымен қамтамасыз ету, химияландыру, өсімдіктерді қорғау, тұқым
шаруашылығын дамыту және т.б. шаралар қарастырылған.
Жоғарыда келтірілген жолдардың ішінде соңғысын саралау осы дипломдық
жұмыстың мақсаты болып табылады. Тұқым шаруашылығы елімізде бұрынғы КСРО
заманында құрылып, дами бастады. Тұқым шаруашылығы белгілі бір жүйеге
келтірілген болатын. Бірақ кезінде дүние жүзіндегі ең ірі екі мемлекеттің
біреуі болған Кеңес Одағы жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдарында терең
экономикалық дағдарысқа ұшырады. Мұның арты әлеуметтік-экономикалық және
саяси өзгерістерге әкеліп соқты. КСРО ыдырағаннан кейін еліміздегі барлық
жүйелер бұзылып, капиталисттік (нарықтық) жүйеге сәйкестеліп құрыла
бастады. Ауыл шаруашылығының басты тіректері - совхоз бен колхоздар ыдырап,
барлығы талан-таражға салынды. Олардың орнына жеке меншіктер құрылды.
Өйткені нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық
іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың
экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады.
Әміршіл-әкімшілік экономикаға тән әкімшілдік адам моделінің орнына ақыл
ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де
іскер, нартәуекелге бара білетін, өз қимылына жеке жауапкершілікпен
қарайтын экономикалық адам келуі керек болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығына аз көңіл бөлінді.
Міне, қазір енді сол бұрынғы жоғалтылған жетістіктерге қайта қол жете
бастады. Тұқым шаруашылығы толығымен дерлік мемлекет бақылауына алынды.
Мемлекеттік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша
көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік
тапсырмалар бере бастады. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете
алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады.
Аталған міндеттер мен шешу жолдары өздігінен орындалмайды. Әрбір
диқан, ауыл шаруашылығы мамандары, агрономдар, басшылар – ғылым мен
өндірістік тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып

Алтын төбе тәжірибелік бекетіндегі өсімдік шаруашылығының жағдайлары.
РМҚШ Алтынтөбе тәжірибе бекеті – Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт
ауданы, Алтынтөбе селосында орналасқан. Шаруашылық 1968 жылы ашылған
Алтынтөбе совхозының негізінде құрылған болатын. Шаруашылықтың басты
бағыттары ауылшаруашылық дақылдары мен мал азықтық дақылдарының элиталық
тұқымдарын шығару болып табылады.
Қазіргі уақытта шаруашылық келесідей материалдық техникалық базамен
жабдықталған: 14694 гектар егіс алқабы, 2 қырман, 3 астық қоймасы (астық
тазалайтын техникаларымен), бір орталық гараж, 4 жөндеу парктері және 1
орталық жөндеу шеберханасы, Беларусь маркалы 31 доңғалақты тракторлар, 12
шынжырлы тракторлар, 9 астық жиғыш комбайндар, 30 автомашиналар, ауыл
шаруашылығы машиналары мен жерді өңдеу құралдарының толық саймандары.
Аудан орталығы Қазығұрт селосынан 50 км қашықтықта, облыс орталығы
Шымкент қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан. Шаруашылық-климаттық
тұрғысынан аудан аумағы өте ыстық, құрғақ, жартылай шөлейтті және тау
аймағында орналасқан. Жер құрамында негізінен таулық-далалық және қаралау-
сұрғылт топырақтар басым.
Тәжірибе бекетінің негізгі бағыты – ауыл шаруашылық дақылдарының
элиталық тұқым шаруашылығы. Өсірілетін негізгі тұқым түрлері:
1.Дәнді дақылдардың элиталық тұқымдары
2.Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің элиталық тұқымдары.
3.Майлы дақылдардың элиталық тұқымдары.
4.Элиталық тұқым шаруашылығындағы ауыл шаруашылық дақылдарын
өндірудегі ғылыми негізделген технологияларын құру.
Қосымша жүретін жұмыстар:
1.Бау-бақша өсіру.
2.Мал азықтық жемшөп өндіру.
3.Ұн өндіру.
Мұндай жұмыстарды атқаруға шаруашылықтың келесідей артықшылықтары
бар:
1.Элиталық тұқымдарға сұраныстың молдығы.
2.Өз егіс алқаптарының болуы.
3.Барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылуы.
4.Басшылар мен қызметкерлердің қажетті дәрежедегі біліктіліктері.
Қызметкерлер. Қазіргі уақытқа дейін шаруашылықта 30 адам жұмыс
істеген. 2007 жылдан бастап өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты
жұмысшылар саны 55 адамға жеткен. Шаруашылық Оңтүстік Батыс ғылыми
өндірістік орталығымен және Қызылсарқырама СОС-пен тығыз қарым қатынаста
жұмыс жүргізеді.
Қаржылық жағдайы. 2005 жылға дейін шаруашылықтың кредиторлық қарызы
38 млн. теңгені құраған. Шаруашылық кризистік жағдайда деп бағаланған.
2005 жылдан бастап 3 жылдық жоспар бойынша (2005-2007) шаруашылық
қарыздардан толығымен құтылып, 2007 жылы таза пайдаға жетуді жоспарлаған.
Шаруашылықтың бәсекелестер алдындағы ұтымды жақтары – сапалы өнім мен төмен
баға.
Сыртқы қарыздарын төлеу графигі
№ Жыл Таза пайдаЖыл соңындағыКредиторлық Жыл соңындағы Жыл
табу кредиторлық қарыздарды кредиторлық соңындағы
жоспары, қарыздар, төлеуі, қарыздардың таза пайда,
млн.теңге млн.теңге млн.теңге қалған бөлігі,млн.теңге
млн.теңге
1 2005 13 45 8 37 -
2 2006 34 47 25 22 -
3 2007 55 32 40 - 8

Шаруашылықта өндірілетін өнім түрлері:
Күздік бидайдың Южная 12 сорты. Жаңа сорт, жұмсақ бидайдың бірнеше
сорттарын будандастыру (Красноводопадская25* Безостая1* эритроспермум 7020)
әдісімен шығарылды. Авторлары – В.Ф.Марко, Р.А.Оразалиев. сорттың сабақтары
бірқалыпты, төгілмейді, жеңіл бастырылады, минералды тыңайтқыш қолданылып,
ылғалдылық жеткілікті болса, өнім арта береді. Сорт ерте піседі (егілу мен
қамырлану аралығы 242-246 тәулік). Қуаңшылыққа шыдамды, қысқа төзімділігі
орташа, ауруға аз шалдығады. 1000 дәнінің салмағы -42-47гр. Биіктігі орташа
(103-118см), сабағы берік құламайды. Сорттың химиялық және нандық
қасиеттері жақсы. Белок 12,7, клейковина 27,2-31,2 пайыз.
Память 47 (қос жарналы) күздік және жаздық бидайы. Сорттың авторы –
В.Ф.Марко. масағы ұршық пішіндес, ұзындығы 9-11см, тығыщдығы – 10см
діңгекке 17-20 дана масақша. Қылтығы шашыраңқы, сояулы 4-6см. Масақ қабығы
ланцет пішіндес, тамырша жүйесі білінер-білінбес. Дән орташа ұзыншы
пішінді, 1000 дән салмағы 40-48гр, шыны түстес көп тұрса да төгілмейді,
жақсы бастырылады. Сабағы мықты, құламайды (4,5-5 балл), биіктігі 90-100см.
Кейбір жылдары піскен кезде масақ қабығы күңгірт түске боялады. Сорт тез
піседі, көктемде егілсе 105-120 тәулікте өсіп жетіледі, күздік көрсеткіш
240-242 тәулік. Нандық қасиеті жақсы, белок 14-16пайыз, клейковина 28-36,8
пайыз, ұнынынң мықтылығы 316-536е.а., 100г ұннан пісірілген нанның көлемі
1150мг.
Жаздық арпаның Бәйшешек сорты. Масақ тығыздығы орташа, екі қатарлы.
Масақ пен мұртша сабан түсті сары. Сорт ерте піседі, құлауға төзімділігі
орташа. Гельминтоспориоз және шық ауруын қабылдау дәрежесі орташа деңгейде.
Сорт қуаңшылыққа төзімді, өсіп жетілуінің алғашқы кезеңдерінен бастап тез
өседі. Бұл тәлімі жер жағдайында биомассаның тез жиналуына және
өнімділіктің жоғары болуына аса қажет. Сорттың ең жоғары дән өнімділігі
1979 жылы гектарына 44,4ц болды.
Шаруашылықтың өндірілген өнімінің барлығы тек ішкі нарыққа
шығарылады. Өндірілген өнім келесідей тұтынушыларға беріледі:
1.І-ІV репродукциялы тұқым өндіруге мамандандырылған шаруашылықтарға.
2.Тауарлық астық өндіретін шаруашылықтарға.

Облыстың табиғи-климаттық жағдайы.
Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Әкімшілік
орталығы – Шымкент қаласы.
Облыстың оңтүстігі - Өзбекстан Республикасымен, батысы Қызылорда,
солтүстігі Қарағанды, шығысы – Жамбыл облыстарымен және Қырғыз
Республикасымен шектеседі.
Облыс көлемі 117,4 шаршы км. Әкімшілік-шекаралық құрылымына облысқа
қарайтын 4 қала, аудандық 4 қала, ауыл шаруашылығымен айналысатын 11 аудан
және 3 қалалық аудан кіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысының шығыс бөлігі Тұран алқабында, ал батыс
бөлігі Тянь-Шань тауының бір бөлігінде орналасқан. Облыс жері бедеріне
қарай төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік-батыс-жазықтық, жазықтық-оңтүстік
және таулы оңтүстік-шығыс-таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан
облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің
орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс бөлігі, Шу өзенінің төменгі
ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының
көпшілік бөлігі және батыс Тянь-Шаньның бірқатар жоталары қосылады. Қаратау
жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге – солтүстік
және оңтүстік бөлікьерге бөліп жатыр.
Қаратау жотасының Сырдария өзені жаққа қараған оңтүстік-батыс
беткейлері жайпақ келеді, шағын өзендер суымен жақсы суарылады. Мойынқұмға
қараған солтүстік-шығыс беткейлері жайпақ келеді, шағын өзендер суымен
жақсы суарылады. Мойынқұмға қараған солтүстік-шығыс беткейлері көбінесе
тік, жартасты келеді де, өсімдіктері мен ағын сулары тапшы болады. Мойынқұм
мен Қаратаудың солтүстік аңғарларының аралығын тау бөктеріндегі сұр
топырақты енсіз жазық алып жатыр. Бұл бөлік егіншілікке, негізінен алғанда
суармалы егіншілікке жарамды келеді.
Облыстың қиыр солтүстігін Бетпақдала үстіртінің батыс бөлігі алып
жатыр. Үстірттің оңтүстік кемерінде Шу өзенінің кеуіп кететін төменгі
алқабы орналасқан.
Облыстың оңтүстік-батыс жағында Қызылқұм шөлі бар, ол оңтүстікке
қарай бірте-бірте Мырзашөлдің көтеріңкі жазығына ұласады, Шығыста облыстың
Киров атындағы каналдың суымен суарылатын негізгі мақталықтары орналасқан.
Қызылқұм шөлі мен Батыс Тянь-Шаньның бөктерлері аралығын оңтүстіктен
солтүстікке қарай кеңи түсетін Сырдария өзенінің аңғары алып жатыр. Соңғы
жылдары бұл аңғарда күріш егісі ұлғайтылуда.
Өзендердің бәрі де Сырдария мен Шу өзендерінің бассейндеріне жатады.
Ең ірі өзен – Сырдария, Облыс жеріндегі оның ұзындығы 540 километр. Қаратау
жотасының солтүстік-шығыс беткейлерінде тау бөктерлеріне барып жойылып
кететін шағын өзендер де бар.
Климат. Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы әр түрлілігімен
ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешеленеді.
Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар
аз жауады. Орташа температурасы 0С-тан жоғары болатын аязсыз күндерінің
ұзақтығы солтүстікте 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдық орташа
температурасы 8-14С аралығында болады.
Жылдың ең суық айы – қаңтар. Бұл айдағы орташа температура оңтүстікте
минус – 0С-тан солтүстікте минус 10С-қа дейін. Температураның ең төменгі
көрсеткіші кей жылдары 30-35С суықтықты көрсетеді. Ең ыстық ай – шілде. Бұл
айдағы орташа температура солтүстікте 24С, оңтүстікте 35Сшамасында.
Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-45С –ді көрсетеді. Шөл аймақта
жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150мм, жартылай шөл аймақта -250-300мм,
ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800мм. Жауын-шашын әр мезгілде әр
түрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда жауады
(5-7пайызы). Қысқы және көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80 пайызын
құрайды.
Топырақ. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи климаттық жағдайы
жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі. Сондықтан топырақтың әр түрлі
қалыптасуына әкеліп соғады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
академиясының Топырақтану институтының қызметкерлері жасаған топырақ
картасына сәйкес топырақтың 24 түрі бар. Олардың басым көпшілігі
төмендегідей:
1. Таулы қоңыр топырақ.
2. Қоңыр топырақ.
3. Күңгірт сұр топырақ.
4. Кәдімгі сұр топырақ.
5. Ашық сұр топырақ.
6. Қоңыр сұр топырақ.
7. Көгалды сұр топырақ.
8. Тоғайлы топырақ
9. Сортаң топырақ.
10. Тұзды топырақ.
11. Құмдар.
Ауыл шаруашылығы үшін ең маңыздылары қоңыр, сұр және шалғынды
сұр топырақтар. Шөл аймақ сұр қоңыр топырақты болып келеді. Сұр қоңыр
топырақтар тұзды және сортаң генетикалық түрлерге бөлінеді. Ауыл
шаруашылығында әлсіз дамыған сұр қоңыр топырақты жерлер жайылым ретінде
пайдаланылады. Бұл топырақтарды өңдеп, егіншілік жүйесін жүргізу мүмкін
емес.
Тау маңындағы ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақтың топырағы
кәдімгі сұр топырақты және теңіз деңгейінен 400-600м биіктікте орналасқан.
Бұл аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы орталық тұсының барлығын алып жатыр
және бұған Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Түркістан(бір бөлігі), Арыс(бір
бөлігі), Бәйдібек(бір бөлігі), Қазығұрт(бір бөлігі), Түлкібас(бір бөлігі),
Төлеби (бір бөлігі) аудандары кіреді.
Топырақ құрайтын жыныстар ылғалдылық жағдайына және жер бедері
ерекшеліктеріне байланысты кәдімгі эродирленген және аз дамыған генетикалық
түрлерге бөлінеді. Бұл топырақтар тұзданбайды. Сондай-ақ бұл белдеудің
агрошаруашылықта маңызы өте жоғары. Мұнда дәнді дақылдар және мал азығындық
дақылдар (жоңышқа) өсіріледі. Таулы аймақтың топырағы таулы қоңыр, қоңыр
және күңгірт сұр топырақты болып келеді.
Бұл аймақтың топырағы күрделі, рельефті және эллювиальді-
деллювиальды шөгінділер қалыптасқан, соның ішінде аз жетілген,
эродирленген, тасты-қиыршық тасты түрлері кездеседі (әлсіз, орташа, қатты
тастанған немесе қиыршық тасты және т.б.)
Ауыл шаруашылығына жарамдылығы жағынан бұл аймақ (таулы қоңыр,
күңгірт, сұр топырақ) мал жайылымы болып бағаланады. Тау қойнауында бау
бақша егіп, өркендетуге мүмкіндік бар. Тау бөктеріндегі және тау арасындағы
тегістіктер жер өңдеуге қолайлы, атап айтқанда, дәнді және азықтық дақылдар
егуге мүмкіндіктер мол.
Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы суармалы егіншілік үшін, жоғары
жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді.
Суармалы және тәлімі егіншілікті бірдей дәрежеде өркендетуге болатын
аралық алқаптар да бар. Егіншілікке қолайсыз биік таулы жерлерді жайылымға
ғана пайдалануға болады. Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды белдеу
орналасқан. Ол жауын-шашыны жеткілікті, егіншілік үшін тұрақты тәлімі жер
болып табылады. Беткі қабаты – таулы дала топырағы, сілтісіз қара қоңыр
топырақ. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде
әжептәуір айқын рельефті ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан.
Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр
топырақ жатыр. Ең оңтүстік бөлікте көгалды, тек суармалы егіншілік үшін
ғана жарамды көп карбонатты сұр топырақ басым келеді. Облыстың табиғат
жағдайының жалпы белгілері осылар. Ал енді Алтын төбе тәжірибелік бекеті
орналасқан Қазығұрт ауданына келетін болсақ, ауданның жер көлемі 4,1 мың
шаршы километр болып, облыс жерінің (аумағының) 6,1 пайызын құрайды. Аудан
халқының 2004 жылдың 1-шілдесіндегі саны 95,5 мың адам. 1 шаршы км жерге
орта есеппен 23 адамнан келеді.
Аудан орталығы – Қазығұрт ауылы облыс орталығынан 70 км қашықтықта
орналасқан. Шаруашылық-климаттық тұрғысынан аудан аумағы өте ыстық, құрғақ,
жартылай шөлейтті және тау аймағында орналасқан. Жер құрамында негізінен
таулық-далалық және қаралау-сұрғылт топырақтар басым. Топырақты өңдеу
қабатының тереңдігі 25-27 см. Топырақтағы қарашірік (гумус) мөлшері 1,5-2,4
пайыз. Топырақ құрамында фосфор мен калий минералдық тыңайтқыштарының
жылжымалы мөлшері жеткілікті болып табылады. Жердің құнарлылығын арттыру
мақсатында ең тиімді ауыспалы егіс жүйесі мен минералдық тыңайтқыштар
қолданылады. Құнарлылығы орташа, қыратты, жақсы суармалы жерлер Қаржантау
жоталарына дейін созылады (2824м). Қазба байлықтарынан Қаржантау
тауларында алтын, шыны шикізаты қорлары және минералды тұздар мен минералды
жер асты сулары бар.
Аудан құрамына 12 ауыл әкімшілгі кіреді және онда 61 елді мекен бар.
Ауданда мал шаруашылығы жақсы дамыған, ал егіншіліктен дәнді дақылдар және
өсімдік майларын алатын дақылдар егіледі.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы.
Халық шаруашылығында бидай және арпа дақылдары ерекше орын алады. Халық
үшін дәнді дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін азықтық
жем ретінде маңызы зор. Соның ішінде бидай – бүкіл әлемде 148 елдің негізгі
азық – түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше
орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60 пайызындайы бидайдан алынады
[1].
Азық – түлік өнімі ретінде бидайдың аса бағалы қасиеттері бар. Олардың

дәні – аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден
екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға
болады. Еуропадағы елдерде және ТМД-да адамға қажетті барлық калорияның 35
пайызы бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен
углеводтардың жарымына жуығын, В1 витаминінің 70-80 пайызы, РР және Е
витаминінің едәуір бөлігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды
бидай өнімі береді. Бидай наны азық түлік көзі ғана емес, сонымен қатар
ерекше катализатор болып табылады. Оны пайдалану нәтижесінде ас қорыту
жақсарады және басқа қоректер де жақсы сіңіп адам ағзасына тигізер пайдасы
көбейеді.[2]
Бидайдың 20-дан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны-
жұмсақ бидай (Triticum aestivum). Бидайдың бұл түрі космополит болып
табылады, өйткені бұл дақылдың алуан түрлі сорттары бар және олар жер
шарының барлық аймақтарында егіледі. Бидай өндірісінің тиімділігі, олар ауа
райының өте қатал жағдайларында, қар жаумайтын аймақтарда, құрғақ
алқаптарда, ылғалды аудандарда да өсіріледі. Жұмсақ бидай тағам
шаруашылығындағы нан өндіруде пайдаланылатын басты шикізат болып табылады.
Бірақ, жұмсақ бидайдың дәніндегі клейковина сапалы нан пісіруге жеткіліксіз
болып табылады. Тек жұмсақ бидай ұнынан пісірілген нан көтерілмейді,
сондықтан нан өнеркәсібінде жұмсақ бидай ұнына жиырма пайыздай қатты бидай
ұнын қосады. [2,3]
Қатты бидай (Triticum durum) халық шаруашылығында аса құнды болып
есептеледі, өйткені, барлық кеспе (макарон) және күлше (кондитерлік)
өндірістерінде тек қатты бидай ұны пайдаланылады. Жұмсақ бидай ұнынан
макарон өнімдерін жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды,
опырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де , тиімсіз түске енеді. Сондай-
ақ қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ жармасын өндіретін шикізат болып
табылады. 1978 жылдан бастап қатты бидайдың сатып алу бағасы арттырылған.
Ол қатты бидайдың жаңа сорттарын қосымша аудандастыруға және алынатын жалпы
астық мөлшерін арттыруға септігін тигізе алды. Мұндай бидай түрлері жер
бетіндегі барлық елдерде өсіріле бермейді, өйткені бидайдың бұл түрі
белгілі климаттық жағдайда ғана өседі. Қазақстанның климаттық жағдайы қатты
бидай өндірісіне өте қолайлы болып келеді. [1,4]
Бидай мен арпадан нан пісреді, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық
құнарлы азықтар, консервілер әзірлейді, сыра дайындауға, спирт, крахмал
алуға және соңғы уақыттарда қолға алынып жатқан био отын (био этанол) алуға
болады. Дәнді дақылдар – мемлекеттердің негізгі азық – түлік қоры және
шетке шығаратын өнімі. [5]
Арпа астығы халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Одан тағамдық
мақсатқа әр түрлі жармалар дайындайды, нан өндірісінде және ең басты
қасиеттерінің бірі сыра қайнату өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланады.
Сонымен қатар арпа астығы құнарлы мал азығы. Оның 1кг-да 1,2-1,3 азықтық
өлшем мен 100гр-ға дейін сіңімді протейн болады. [6]
Бидай мен арпа – негізгі азық түлік көзі болумен қатар, жоғары сапалы
мал азығы болып та саналады. Мысалы елімізде өндірілегн арпаның 60-80
пайызы шамасындай мал азығы үшін пайдаланылады. Олар құрама жем өнеркәсібі
үшін негізгі компонент болып табылады. Оллардың өздерінен және олардың
қалдықтарынан дайындалған жемнен үй жануарлары да, құстар да тез өсіп,
жақсы семіреді. [7]
Бидай мен арпа сабаны да едәуір бағалы ірі жемшөп қатарына жатады. Ол
басқа дақылдармен бірге сүрлемге де салынады. Сүттеніп пісе бастаған көк
күйінде орылып, малға берілетін бидай , қара бидай, арпа өсіп жетілгенге
дейінгі аса бағалы мал азығы. Бидай мен арапа сабанынан қағаз, картон, өнер
бұйымдары және басқа да заттар жасалынады. Бұл дақылдардың өндірісі
ешқандай қалдықсыз болып табылады және барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай
санитарлық дақыл болып табылады. [1,7]

1.2 Бидай және арпа дақылдарының бастапқы тұқым шығару үрдісіне
сипаттама.
Тұқым өндіру – ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі салалардың бірі,
нысандары сорт және тұқым, олардың сапасы мен құрылымы болып табылады,
бұлар барлық ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуда маңызды орын
алады. [8]
Жоғары сапалы жаңа және өндіріске енгізілетін сорттардың қажетті
көлемін көбейту, сондай-ақ барлық аудандастырылған сорттардың өнімділік
және сорттық сапасын сақтау тұқым өндіру шаруашылығының басты міндеті болып
табылады. Осыған байланысты сорт ауыстыру және сорт жаңарту жұмыстары
жүргізіледі. Мұнда мемлекеттік сорт сынау нәтижелері бойынша
шаруашылықтарда ескі сорттарды мол өнімді, жоғары сапалы жаңа сорттар
ауыстырады. Сондай-ақ көбейту кезеңдерінде олардың сорттық және биологиялық
қасиеттерін жоғалтуына байланысты сол сорттың тұқымы жақсы және сапасы
жоғары тұқыммен ауыстырылады. [9]
Өнімділігі аз сортты мол өнімді сортқа ауыстыру және жоғары сапалы
тұқым егу экономикалық жағынан өте тиімді. Мол өнім алуға климаттық жағдай,
топырақты өңдеу, егісті күтіп баптау, тыңайтқыш енгізу, өнімді дер кезінде
жинау, тұқым себу мерзімі, себу тереңдігі, себілетін тұқымның сапасы әсер
етеді. Жоғарыда айтылғандардың ішінде соңғысының үлесіне 20-30 пайызы
тиесілі. [9,10]
Белгілі бір топырақ және ауа райы жағдайына ұсынылған астық
дақылдарының, оның ішінде бидай, арпа өсірудің технологиялық шараларын,
атап айтқанда, алғы дақылды таңдап алу, топырақты негізгі өңдеу, тыңайтқыш
енгізу, топырақты тұқым себер алдында өңдеу, тұқым себу, арам шөптермен,
аурулармен, зиянкестермен күресу, суару, дер кезінде ысырапсыз жинау,
алынған өнімді тазалау және сақтау жұмыстары сортты өсіруге және оның
потенциалдық өнімділігін көтеруге бағытталған. [11]
Өндіріске тек жаңа, мол өнімді сорт енгізу өнімділікті 1 гектарға
шаққанда 2-3 центнерге көтереді. Мұндай қосымша өнімді жоғары текті
құрылымда таза сорт тұқымының бере алатындығы ғылыми-зерттеулер мен
өндірістік машықтар нәтижелерінде анықталған. [12]
Тұқым – мамандандырылған арнайы тұқым өндіру егістіктерінде барлық
агротехникалық шараларды сақтай отырып өсіріледі және ол тұқым тиісті
жағдайда тазаланып, кондицияға жеткізгеннен кейін сақталынады. [3,12]
Ірі шаруашылықтарда алғы дақылды таңдап алу және тұқым өндіру үшін
ауыспалы егістігі болуы шарт. Жаздық дақыл үшін көп жылдық, бір жылдық
шөптер және күздік дақыл үшін сүрі танап, отамалы дақылдар сияқты жақсы
алғы дақылдардан кейін астық дақылдарының тұқымдық егістіктерін орналастыру
керек. Мұнда өсіру жағдайлары, дәлірек айтқанда, тәлімі немесе суармалы
жерлер екені ескерілуі тиіс. Бір сорт егілген танапқа басқа сортты сеппеу
керек. [13]
Тұқымдық егістерді сол сорттың егістігінен кейін орналастыру тиімсіз.
Ауыспалы егіс жүйесіндегі алдыңғы дақыл себілетін танапты арам шөптерден,
зиянкестерден, аурулардан тазартуға, топырақтың құнарлығын арттыруға, оның
физикалық, механикалық қасиеттерін, микробиологиялық процестерінің
жақсаруына, ылғалдың жеткілікті жиналуына тікелей себепші болуы керек.
Танапты арам шөптен таза ұстау үшін сыдыра жырту, аудара жырту,
тырмалау негізгі топырақ өңдеу жұмыстарына жатады. [12]
Шаруашылық жағдайында негізінен жер жырту алдында суарған тиімді. Ол
аудару жұмысын жеңілдетеді, топырақ құрамын жақсартады, өсіп жетілу
кезеңінің барлық уақытына жеткілікті ылғал қорын жинақтап, сол арқылы
өскіндер түгелдей жер бетіне шығып, өніп-өсуін және күздік шынығуын
қамтамасыз етеді. [14]
Тұқым себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарына қопсыту және тырмалау
жатады. Дәннің біркелкі және тығыз қабатқа орналасу үшін тегістеу және
малалау жұмыстарының орны ерекше.
Тұқым себу кезінде себу мерзімі, мөлшері, тәсілі және тұқымның сіңу
тереңдігі ескерілуі тиіс. Өсіру аймағына байланысты қолайлы себу мерзімі 15-
қыркүйек пен 20-қазанға дейінгі аралық болып табылады. Өйткені өсімдік жылу
мен жарықтың жеткілікті кезеңі – күзгі уақытта жақсы жетіледі. Түптену
буыны төмен қалыптасып, өсімдік жақсы қыстап шығады. Тұқым себу ұзақтығы
әрбір тұқым өндіру танабында 1-2 тәуліктен аспауы тиіс. [15]
Мұндайда тар қатараралықты, кәдімгі қатараралықты себу тәсілдері
қолданылады. Себу мөлшері 2,5 млн.дана өнгіш дәннен (ылғалмен қамтамасыз
етілмеген тәлімі жер) суармалы жерлерде 4-5 млн.дана өнгіш дәнге дейін
ауытқиды. [3,15]
Тұқым өндіру шаруашылығындағы негізгі тиімділік көрсеткіштерінің бірі
тұқымның көбею коэфициенті болып табылады. Оны көтеру үшін себу жұмыстары
кең қатарлы тәсілмен, төмен себу мөлшерімен жүргізіледі. Сонда тұқым аз
жұмсалып, жақсы өсіп жетіледі.
Тұқымдық материал мемлекеттік өлшемдеу танаптарына, яғни жалпы себу
алаңдарына себу сапасы 2-кластан және сорттығы бойынша ІІ-категориядан
төмен болмауы керек. [15]
Міндетті технологиялық шаралардың бірі – тұқымды себер алдында
дәрілермен өңдеу. Себер алдында қолдануға арналған нұсқауларға сәйкес
дәрілермен тұқымды аз мерзімде өңдеу қажет. Тұқым сепкен соң танапты тісті
катокпен өңдеу тұқымды топырақпен тығыз байланыстырады және тұқымның сіңу
тереңдігінде ылғал режимін жақсартады, нәтижесінде егін көгі біркелкі
шығады. [16]
Тұқым өндіру егістіктерінде тыңайтқыш енгізу жүйесі топырақтың
агрохимиялық көрсеткіштері, дақылдың және сорттың биологиялық
ерекшеліктері, қолданылатын агротехникалық шаралар ескеріліп жасалынады.
Тыңайтқыш енгізудің тыңайтқышты тұқыммен бірге енгізу және үстеп
қоректендіру тәсілдері белгілі. Мұны негізгі өңдеу деп те атайды. Негізгі
өңдеумен бірге фосфор және калий тыңайтқыштарының, ал тұқыммен бірге фосфор
тыңайтқышының енгізілгені жөн, үстеп қоректендіру кезінде азот
тыңайтқыштарын берудің тиімділігі өте жоғары. [16]
Өсімдікті минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету өсіп-жетілу
кезеңдерінде оның дұрыс жетілуіне, сондай-ақ жақсы жетілген тұқым түзілуіне
мүмкіндік береді.
Егістікті күтіп-баптау жұмыстары жоғары сапалы тұқым өнімділігін
көтеруге және сорт тазалығын сақтауға бағытталуы тиіс. Ерте көктемде күздік
егістіктерді үстеп қоректендірген соң егін көгінің пайда болу кезеңінің
басында және түптену кезеңінде БИГ-3 тісті тырмасын қолдануға болады. Арам
шөптермен күресуде гербицидтер қолдану керек. [17]
Масақтану кезеңінде егістік одан басқа дақылдар түрлерін алып тастау
жолымен түрлік деп аталатын отау жұмысы жүргізіледі. Бидай егістігінде қиын
бөлінетін екпе өсімдіктер түрлері, арам шөптер, ауру өсімдіктер кездесуі
мүмкін. Бидайда қиын бөлінетіндерге: екпе дақылдар бойынша арпа және қара
бидай, арам шөптерден татар қарақұмығы, арпада – бидай, қара бидай мен арпа
және жабайы шалқан жатады. [17]
Дәннің қамырланып пісу кезеңінде, өсімдіктің сорттық белгілері анық
білінгенде, яғни масақ және қылтық түсі анық белгілі болғанда – сорттық
отау жұмысы жүргізіледі. [15]
Мұнда басқа сорт немесе басқа өсімдік қоспалары алынып тасталынады.
Сонымен бірге сол дақылдың аурулармен зақымданған өсімдіктері де жойылады.
Егін жинар алдында барлық сорттық егістіктерде бекіту жұмысы жүргізіледі.
Тұқым өндіру егістіктеріндегі жинау жұмыстарының сол сорттың қолайлы пісіп-
жетілу кезеңінде жүргізілуі керек. Жинау жоғары репродукция танаптарынан
басталады. Комбайндарды, басқа да жинау машиналарын, көшпелі және тұрақты
қоймаларды тазалауға басты назар аудару қажет. Әрбір сортты жинап алған
соң комбайнды сол танапта тазартып алу қажет. Тұқымдық егістіктерді қысқа
мерзімде шығынсыз, тұқым сапасын төмендетпей және оларды жарақаттамай
жинауды дұрыс ұйымдастыру қажет. Ол үшін шаруашылық өте жақсы және
техникалық тұрғыда дұрыс реттелген комбайн, тасымалдайтын және тұқым
тазалайтын машиналар бөледі. [15,18]
Тез, әрі дер кезінде тұқым тазалау жолымен кондицияға жеткізу олардың
сапалық көрсеткіштерін жоғарылатып, дұрыс сақтауға мүмкіндік береді.
Тазаланған және іріктелген, ылғалдылығы 14 пайызға дейінгі стандартқа
сәйкестендірілген, кондициялық сортты тұқым жақсы желдетілетін , құрғақ
қоймада азықтық және малазығындық астықтардан бөлек сақталынады.Тұқым
сақтайтын қойманы алдын ала тазалап, дезинфекциялайды, содан соң олардың
дайындығын тексеріп, акт жасалады. [16,18]
Тұқымдық астықтарды тек сортқа байланысты ғана емес, сонымен бірге
олардың репродукциясына, категориясына, класына және басқа да
көрсеткіштеріне (тазалығына, ылғалдылығына, зақымдануына және т.б.)
байланысты бөліп сақтайды. Тұрақты орында сақтаудың бос күйінде (еденде,
бункерде биіктігі 2-2,5м-ден артық емес) және арнайы ыдыстарда, қапшықта 6-
8 қатарлап сақтау секілді тәсілдері бар. Көбейтуге арналған элита
тұқымдарын пломба салынған қапшықтарда сақтайды. [19]
Әрбір тұқым партиясына дақылдың, сорттың аты-жөні, репродукциясы,
сорттық тазалығының категориясы, егіндік сапасының класы және алынған тұқым
партиясының салмағы жазылған жапсырма жапсырылады.
Сақталу мерзімінде тұқым сапасының өзгермеуін, өздігінен қызуын,
жабысуын, жәндіктермен және аурулармен зақымданбауын қамтамасыз ету керек.
Ол үшін тұқымның температурасын, ылғалдылығын, сыртқы түрін, түсін, иісін
бақылап, қойманы уақтылы желдетіп және тұқымды араластырып тұрады.
Шаруашылықтарда тұқымның сорттық және егіндік сапалары әрдайым бақылауда
болуға тиіс. Сорттық егістің сорттық тазалығы егіндік бекітілу және тіркелу
әдістерімен, не болмаса зертханалық және топыраққа егіп-өндіру бақылау
жұмыстары арқылы анықталады. [20]
Егіндік бекітуді (апробация) селекционерлер, не болмаса бастапқы
тұқым өндіру бөлімінің мамандары, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің
агрономы, әйтпесе мемлекеттік тұқым инспекциясының агрономының қатысуымен
арнайы агрономдар (апробаторлар) жүргізуі талап етіледі. [14]
Апробацияның мақсаты тек егістің сорттық тазалығын ғана анықтау емес,
сонымен қатар арам шөптердің кездесу шамасын, аурулар мен зиянкестердің
келтірген зиянын ескере отырып, тұқым өсіріп-өндірудің ең қолайлы
жағдайларын айқындау. [20]
Апробатор себілген тұқымның, оның сол немесе басқа сорт екенін
дәлелдейтін барлық сорттық құжаттарын, тұқым өндірудің агротехникалық
әдістемелерінің толық қолданылғанын және тұқымның дұрыс сақталғанын
тексереді.
Егін – жайда апробатор сорттық егісті көріп шығып, апробация
жүргізілетін жер көлемін белгілейді. Оның айтуымен, қажет болып жатса,
шаруашылық түрлік және сорттық отау және арам шөпті жою жұмыстарын
жүргізеді. Апробация жұмыс тәсілдеріне апробациялық масақ бау жинау, оны
талдап-анықтау және тұқымның сорттық сапасы туралы құжаттар дайындау
кіреді. [7]
Жеке дақылға масақ (астық) бауын теріп алатын егіс көлемі, өсімдікті
жинайтын жер көлемі және бау құрайтын өсімдіктердің (масақтың) саны
көрсетіледі. Масақ бауын өсімдіктердің сорттық қасиеттері толық айқындалған
кезеңде теріп алады.
Масақты дәнді дақылдар – бидай мен арпаның сорттық тазалығын дәннің
қамырланып піскен мерзімінде анықтайды. Бұл дақылдар үшін масақ бауы
алынатын егістің көлемі 450 гектардан аспауы керек. Егер егіс көлемі
бекітілген мөлшерден көп болса, онда танапты бөліп , әрқайсысына жеке
апробация жүргізіледі. Бұл дақылдың бауы 1500 масақтан кем болмауы керек.
Оны егістікте диагональ бойымен жүріп отырып, кемінде 150 орыннан, әр
тұстан 10 масақтан алып жинайды. [13,15]
Жай агроқұрылымдардың әр тұқымдық егісінен бір масақ бауы, ал тұқым
шаруашылықтарының егісінен екі бау екі диагональ бойынан алынады.
Бау жинау кезінде апробатор егістің арам шөп шамасын ұсынылған шкала
бойынша көзбен анықтайды.
Өткерілген апробация және апробациялық баудың талдап-анықтау
жұмыстарының нәтижелері бойынша Апробациялық акт және Қатардан шығару
актісі жасалады. Сорттық тазалығының көрсеткіші арқылы егістің категориясы
белгіленеді. Егер дәнді дақылдардың сорттық тазалығы 99,5 пайыздан төмен
болмаса, ол егіс 1-категорияға, 98 пайыздан кем болмаса 2-категорияға, ал
95 пайыздан төмен болмаса 3-категорияға жатқызылады. [9,15]

1.3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұқым шаруашылығына сипаттама.

Ауыл шаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім
алуға арналған әр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады. Тұқымдар
өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер,
соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа
көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. [3,16]
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден
белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себілсе, алынатын өнім төмендеп кетеді.
Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке
жасалған күтім де, жауған жауын-шашын да құр босқа зая кетеді. [18]
Біздің заманымызда да , ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған
уақытта да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл
шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік
шаруашылығының қарқынды дамыған заманында тұқымның маңызы әрқашан да арта
түседі. [12,14]
Тұқым өзінің сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы – олардың себуге
жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттың сапасы
сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сәйкес келеді;
өнімділік сапасы – нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру
қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз
байланысты. [15,19]
Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы тұқым – басқа
агротехникалық шаралармен қатар, ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік
шаруашылығын қарқындандырудың негізгі факторларының бірі. Сонымен қатар
дақылдар өсірудің аймақтық қарқынды технологиясы да тұқым сапасына маңызды
орын береді, өйткені ауыл шаруашылық дақылдарының аудандастырылған жақсы
сорттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық
басқа буындарының тиімділігі күрт төмендеп кетеді. [8]
Тұқым өндірістің аса маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ол
ауылшаруашылық дақылдары шығымдылығының мол және тұрақты болуын және
олардың өнімдерінің сапасының арта беруін қамтамасыз етуге тиіс. [11]
Оңтүстік Қазақстан облысы жақсы дамыған аграрлық аймақ болып
табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ – климат жағдайы және ауа –
райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашлығының барлық саласын дамытуға
қолайлы. Оңтүстік Қазақстан облысында 10 элита тұқым шаруашылығы бар. Оның
бесеуі мақта тұқымдарын өсірумен, бесеуі дәнді дақылдар тұқымдарын өсірумен
айналысады. Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері бойынша
облыстағы жалпы егіс көлемі 762,7 мың гектар. Дәнді және бұршақты – дәнді
дақылдар 226,5 гектар жерге, оның ішінде май сығатын дақылдар 82,1 гектар,
мақта 222,9 мың гектар, картоп 10,2 мың гектар, көкөніс 24,2 мың гектар,
бақша – 16,9 мың гектар егіледі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің басым
үлесі – дәнді және бұршақты – дәнді дақылдарға 29,2 пайызы, көп жылдық
шөпке - 22,7 және мақтаға 28,7 тиеді. Республикада барлық шаруа
қожалықтарының 41 пайызы (67,1 мың) және оларда жұмыс істейтін адамдардың
40 пайызы (159,8 мың адам) Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне
тиесілі.Олар қазіргі уақытта барынша толық кондициялы тұқыммен қамтамасыз
етілмеген. Тауарлық бидай өндірісінде жоғары өнім кепілі толық кондициялы
тұқымдық материал. Соңғы жылдары багарада егілетін дәнді дақылдар көлемінің
артуы байқалған. Осыған байланысты ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарына
айтарлықтай сұраныс көбейеді деп болжам жасалуды [4,20].
Облысымызда республикалық бюджеттен бөлінген қаржы егісттікке су
жеткізу, элита тұқым шаруашылығына, минералдық тыңайтқыштар алуға, өсімдік
қорғау шараларына, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде
бөлінеді. Ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңалау лизингтік негізде
техника алу жолымен жүзеге асырылады [20].

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Материалдар мен әдістемелер
2.1.1 Дипломдық жұмыста қолданылған материалдар. Дипломдық жұмысты орындау
барысында басты материалдар болып Оңтүстік Қазақстан облысында
аудандастырылған бидайдың Южный -12, Память 47 сорттары және арпаның
Бәйшешек сорты алынды. Бұл дақылдардың тұқым шығару үрдісіндегі дәстүрлі
технология элементтері сарапталды. Зерттеу жұмысымыздың басты нысаны болып
Оңтүстік Қазақстан облысындағы маманданған Алтын төбе асыл тұқым шығару
шаруашылығы қарастырылды. Жұмысты орындау барысында сол шаруашылықтың
ауыспалы егіс жүйесі, танаптары, техникалары, материалдық базасы, жылдық
есептері, кәсіби нұсқаулары, есеп-қисаптық жинақтары және коммерциялық
жоспарлары пайдаланылды.
Тұқым шығару жүйесінің технологиялық негізін зерттеу кезінде әр
кезеңдегі агротехникалық, аралық және межелік нәтижелер сараптауға алынды.

2.1.2 Зерттеу жұмыстарының әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмысты орындау
кезінде келесі әдістемелер пайдаланылды:
- бидай және арпа сорттарының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау
әдістемелері;
- тұқымның өнгіштігін анықтау әдістемесі;
- тұқымның тазалығын анықтау әдістемесі;
- тұқымның өсу энергиясын анықтау әдістемесі;
- элиталық тұқым егістігін апробациялау әдістемесі;
- элиталық тұқымды ору және кептіру ерекшеліктері;
- элиталық тұқымды себу және күту ерекшеліктері;
- элиталық тұқымды сатар алдындағы мөлшерлі қаптарға қаптау әдістемесі;
- элиталық тұқымды сату кезіндегі арнайы құжаттарды толтыру ережелері.
Жұмыс барысында Алтын төбе асыл тұқым шығару шарушылығындағы
ауыпалы егіс жүйесін құру ережелері пайдаландық. Тұқым питомниктеріндегі
өсімдітерді қоректендіру үшін минералды тыңайтқыштарды пайдалануда әр
гектарға тиесілі қоректік зат мөлшерін есептеу әдістемелері пайдаланылды.
Топырақтағы азот, фосфор және калий элементтерінің жылжымалы формалары
аудандық агрохимиялық зертханаларында анықталды.
Тұқым питомниктеріндегі өнімді жинау, алдында фитотазалау және алдын
ала бақылау әдістемелері шарушылық агрономының басқаруымен жүргізілді. Ол
жұмыстарға арнайы актілер толтырылды.

2.2 Зерттеулік жұмыстардың нәтижелері
2.2.1 Бидай мен арпаның бастапқы және өндірістік тұқым шығару
үрдістері.

Бидай мен арпаның өнімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі
болып ғылыми негізделген бастапқы және өндірістік тұқым шығару үрдісі
саналады. Тұқым шығару үрдісінің басты мақсаты аудандастырылған сорттың
тұқымын басқа сорттармен араластырмай, оның биологиялық және өнімділік
қасиеттерін жоғалтпай көбейту.
Аудандастырылған сорттың тұғырлы материалдарын сақтау және көбейту
(оригинаторлық қызмет) ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерінің
құзырында болады. Арнайы құзырлы элиталық тұқым шаруашылықтары элиталық
және 1 репродукциялық тұқымдармен қатардағы шаруашылықтарды қамтамасыз
етеді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы дәнді дақылдардың бастапқы тұқым
шығару үрдістерімен Қызыл Сарқырама селекциялық тәжірибелік бекеті және
Оңтүстік Батыс ғылыми - өндірістік орталығы айналысады. Элиталық және
бірінші репродукциялық тұқым шығару Алтын төбе және Қаратал элиталық
шаруашылықтарында жүргізіледі. Қазіргі кезде, бұл шаруашылықтардың
өндірістік қуаттылығы облыстағы сұранысты толық қамтамасыздандыруға
жеткіліксіз. Сондықтан, көптеген шаруашылықтар өзіне қажетті көлемде тұқым
шығарумен айналысуда.
Тұқым шығаруда сортауыстыру және сортжаңарту деген ұғымдар бар.
Сортауыстыру деп белгілі аймақта аудандастырылған сорттың орнына жаңа
өнімді және бейімді сортты енгізуді атайды. Бұл кезде бұрынғы, өндіріс
талабына сай емес сорт барлық тұқым шығару тізбегіндегі мекемелерден алып
тасталынады. Оның орнына жаңа сорттың тұқымын көбейту басталады. Жаңа сорт
барлық егістіктегі ескі сорттың орнын алу үшін жедел және сапалы тұқым
шығару жұмыстары жүргізілуі қажет. Жаңа сорттың тұқым шығару үрдісі арнайы
тұқым шығару мекемелерінде жүргізіледі. Бұл кезде қатардағы шаруашылыққа
сорттың басты қасиеттері сақталған тұқымдық материал жеткізіледі.
Сортжаңарту деп аудандастырылған сорттың жоғары сапалы тұқымын жыл
сайын арнайы шаруашылықтарда көбейтіп қатардағы шаруашылықтарды қамтамасыз
етуді айтады. Өндірістік жағдайда жыл өткен сайын тұқымның сорттық және
өнімділік қасиеттері төмендей бастайды. Бұл жай жалпы өнімділіктің
құлдырауына себеп болады. Сондықтан, тұқым шығару жұмыстары тиянақты,
жоғары агротехникалық талаптарды орындау дәрежесінде атқарылады. Қазіргі
замандағы тұқым шығару үрдісі аудандастырылған сортты 4-5 жыл ішінде барлық
белгіленген аймақтарға ендіріп үлгеруге мүмкіншілік береді (-сурет).
Ауылшаруашылығының даму үрдісінде өнімділікке үлкен көңіл бөлінеді.
Жоғары сапалы тұқым жоғары өнімділіктің кепілі. Өнім жоғары болған сайын
одан түсетін пайданың да үлесі өсе түседі. Жаңа өнімді сорттарды құнарлы
танаптарда және қолайлы агротехникалық тәсілдерді қолдану арқылы өсірген
тиімді. Бұл кезде сорттың потенциалды мүмкіншілігі толық пайдаланылады.
Бастапқы тұқым шығару үрдісі. Бидай мен арпаның бастапқы тұқым шығару
үрдісі жергілікті аймақта орналасқан ғылыми зерттеу институтында немесе
селекциялық – тәжірибелік бекеттерде атқарылады (1-сурет). Бұл жұмыстармен
ғылыми қызметкерлер немесе тәжірибелі тұқым шығару ісінің мамандары
айналысады. Бастапқы тұқым шығарудағы жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері
бар. Мұндағы жұмыстарда сорттың биологиялық және морфологиялық
ерекшеліктерін жақсы білу керек. Өйткені, бастапқы питомниктердегі
жұмыстардың сапалылығы тұқым шығару үрдісінің нәтижелілігін анықтайды.
Бастапқы тұқым шығаруда сорттың барлық биологиялық және өнімділік
қасиеттерін сақтау басты мақсат болып саналады. Алғашқы элиталық
өсімдіктерді жекелей сұрыптау өте жауапты және біліктілікті талап ететін
жұмыс.
Бастапқы тұқым шығару питомниктерін арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Астық тұқымдастар және тұқым себу мөлшерін анықтау
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Ауыспалы егістіктің құрамы
Арпа аурулары
Арпа дақылының зиянкестері
Дәнді астық дақылдарының қоректік құндылығы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Пәндер