Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi



Кіріспе
I Газ саласының қазіргі жай.күйін талдау
1.1 Жұмыс істеп тұрған және перспективалы газ кен орындары
1.2 Газ өндiру бойынша жұмыс iстеп тұрған өңдеу қуаттары
1.3 Қазақстан Республикасында табиғи және сұйытылған газды тұтынудың талдауы
II Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай.күйi
2.1 Табиғи және сұйытылған газдың халықаралық рыногы
2.2 Газдандырудың өңiрлiк бағдарламалары және газды тұтынудың iшкi рыногын дамыту
2.3 Теңізшевройл.барлық бағыттар бойынша әлемдік көрсеткіштер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I Газ саласының қазіргі жай-күйін талдау 4
1.1 Жұмыс істеп тұрған және перспективалы газ кен орындары 4
1.2 Газ өндiру бойынша жұмыс iстеп тұрған өңдеу қуаттары 7
1.3 Қазақстан Республикасында табиғи және сұйытылған газды тұтынудың9
талдауы
II Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi 12
2.1 Табиғи және сұйытылған газдың халықаралық рыногы 12
2.2 Газдандырудың өңiрлiк бағдарламалары және газды тұтынудың iшкi 15
рыногын дамыту
2.3 Теңізшевройл-барлық бағыттар бойынша әлемдік көрсеткіштер 19
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Соңғы жылдары дүниежүзiлiк мұнай-газ рыногының талдауы энергия
тасымалдаушылардың басқа түрлерiн өндiру мен тұтынуға қатысты газ
өнеркәсiбiнiң озыңқы дамуын көрсетiп отыр. Дүниежүзiлiк энергия
балансындағы көмiрсутектi газ тәрiздес отынның үлесi XXI ғасырдың орта
тұсына қарай 30% -дейiндi құрауы мүмкiн деп болжанады. Осының нәтижесiнде
энергетиканың дамуындағы алдағы кезең сарапшылар "метан" дәуiрi деп
сипатталып отыр.
Қазақстан үшiн, сондай-ақ энергия тасымалдаушы табиғи газ мейлiнше
перспективалы болып келедi, оның барланған және (Каспий қайраңындағы
ашылған жаңа кен орындарын ескерумен) бағаланған қоры 3,3 трлн. текше
метрдi құрайды, ал ықтимал ресурстары тағы 6-8 трлн. текше метрге жетедi.
Бұл ретте, республикада барланған газ қорының ерекшелiгi, iс жүзiнде
барлық кен орындарында және әсiресе жаңадан әзiрленiп жатқан аса iрi кен
орындарында газды өндiру мұнай мен конденсатты өндiрумен iлесе
жүргiзiлетiндiгi болып табылады. Сондықтан осы кен орындарын белсендi игеру
және мұнай өндiру көлемiнiң күрт өсiп кетуi соңғы жылдары қалыптасқан
үрдiсi өндiрiлуi одан сайын арта түсетiн iлеспе газдың көлемдерiн кәдеге
жарату қажеттiлiгiн туындатып отыр.
Соңғы жылдары газ саласын қайта қалыптастыру жөнiндегi қабылданылған
iс-шаралар, сондай-ақ халықаралық транзиттiң және табиғи газды iшкi
тұтынудың көлемдерiнiң өсуi, газ-көлiк компанияларының қатысты қаржылық
тұрақтылыққа қол жеткiзуiне, магистральды және жергiлiктi газ құбыры
жүйелерiн техникалық қайта жаңарту жөнiндегi жұмыс көлемдерiнiң ұлғаюына
қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Бiрақ, мұнайгаз кешенiнiң газдық құрамдаушысы салалық жүйеге
қарағанда көбiне жекелеген буындардың технологиялық және аймақтық бытыраңқы
жиынтығы болып қала беруде. Нәтижесiнде өндiрiлетiн газды өңдеу толық
шамада жүзеге асырылмайды, елдiң қажеттерiн өз ресурстары есебiнен өтеу
үшiн табиғи газды оның өндiру орнынан негiзгi тұтыну аймақтарына қайта бөлу
мүмкiндiгi болмай отыр.
Зерттеу тақырыбының мақсаты – газ технологиясын зерттеу және оның
ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының нысаны – газ технологиясының даму және қалыптасу
үрдісі
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- Газ технологиясының ғылыми тұрғыдан қарастырылуын анықтау;
- Газ ұғымының мәнін қарастыру;
- Газ саласының қазіргі жай-күйін талдау;
- Қазақстан Республикасында табиғи және сұйытылған газды тұтынудың талдау;
Осының барлығы өндiрiлетiн iлеспе газды кәдеге жаратудың жаңа
жолдарын iздеумен, газ өңдеу мен тасымалдау жөнiндегi жаңа қуаттылықтарды
енгiзумен, сондай-ақ сатудың дәстүрлi рыногын кеңейтумен байланысты
бiрқатар мiндеттердi шешу қажеттiлiгiмен шарттасады.
Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылуы мемлекеттiк органдар мен
шаруашылық субъектiлерi деңгейiнде тiкелей инвестициялар мен iшкi
қаржыландыруды тартумен газ саласының базалық жобаларын iске асыру үшiн
жағдай жасауға мүмкiндiк беретiн аймақтық бағдарламалар әзiрленетiн болады
деп күтiлуде.
Құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Газ саласының қазіргі жай-күйін талдау

1.1 Жұмыс істеп тұрған және перспективалы газ кен орындары

Саланы дамытудың негiзгi бағыттарын түсiну және қойылған мақсаттарға қол
жеткiзудiң тетiктерiн жасау үшiн, газ-көлiк кәсiпорындарының жұмысында орын
алып отырған проблемалар мен кедергi келтiретiн факторларды егжей-тегжейлi
талдау, сондай-ақ саланы дамытудың серпiнiн анықтау қажет болады. Соңғы
уақытта, әсiресе тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан
мақұлданғаннан кейiн қалай да табиғи және сұйытылған газды өндiру, өңдеу
және сатумен байланысты бiрқатар жобаларды түзетумен, тұтастай алғанда
саланың қызметiн көп көрiм жақсартқан, ұйымдастыру шаралары қабылданған
болатын.
Мысалы, газ саласын қалыптастыру үшiн Теңiз кен орындарында мұнай-газ
кешенiнiң екiншi буынын дамыту жөнiнде қабылданған шешiм маңызды болып
табылады. Қарашығанақ газ өңдеу зауытының (бұдан әрi - ГӨЗ) техникалық-
экономикалық негiздемесiн әзiрлеуден бастап iс жүзiнде осы кен орнында "Газ
жобасын" iске асыру басталды. 2009 жылғы қазанда "Қашаған" теңiз кен
орнының бағаланған запасы қабылданды, бұл газ ресурстарын 3,5 есеге дейiн
дерлiк өсiрдi [1,76б.].
2009 жылы республикалық бюджеттiң қолдауы кезiнде, оңтүстiк аймақты
газбен қамтамасыз етудi тұрақтандыру үшiн маңызды әлеуметтiк мәнi бар
Амангелдi газ кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жөнiндегi жұмыстар
басталды. Сондай-ақ, мемлекеттiк қаржыландыруды қатыстырумен Оңтүстiк
Торғай ойысындағы кен орындарында iлеспе газды кәдеге жарату жөнiндегi
жобаны iске асыру басталды. Жобамен кен орындарында және Қызылорда
қаласында электр энергиясын өндiру жөнiндегi қуаттылықтарды енгiзу, сондай-
ақ қаланы iшiнара газдандыру көзделедi .
Табиғи газдың экспорты мәселелерiн шешу үшiн көршi елдердiң
үкiметтерiмен Газ альянсын құру жөнiндегi және атап айтқанда, Ресей
Федерациясы Үкiметiмен газдың экспорттық жеткiзiлiмiн жүзеге асыру үшiн
"ҚазРосГаз" бiрлескен компаниясын құру жөнiндегi ынтымақтастық туралы
принциптi уағдаластықтар маңызды болды.
Жергiлiктi газ құбырлары операторларының кәсiпорындарын дағдарыстық
жағдайдан алып шығу үшiн, оған аймақтық газ-көлiк жүйесiн берумен, жаңа
"Аймақтық газ-көлiк жүйесi" (АГЖ) акционерлiк қоғамы құрылды [1,80б.]. Газ
жүйесi қызметiн одан әрi тәртiпке келтiруге Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 маусымдағы Газ-көлiк жүйесiне концессия шартының
шектерiнде цеденттер болып табылатын газ жүйесiнiң бұрынғы құрылымдарын
банкроттау туралы қабылдаған шешiмi, сондай-ақ Қарашығанақ кен орны бойынша
Өнiмдердi бөлу туралы келiсiмнiң шеңберiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару
үшiн "КапиталМұнайГаз" ЖАҚ-ын құруы ықпал ететiн болады.
Саланың нормативтiк базасын жетiлдiру, атап айтқанда Табиғи газды
тасымалдау жөнiндегi ережелерді бекіту жөнiндегi қабылданған шараларға
қарамастан көп жағдайда жаңадан қалыптасып келе жатқан рыноктық жағдайларға
газ саласының совет көздерiнен қолданыста келе жатқан құқықтық базаларының
сәйкеспеуі мәселесі мейлiнше өткiр Күйінде қалуда. Сонымен iс жүзінде
табиғи газ шығарылатын және тұтынылатын барлық елдерде газбен жабдықтау
мәселелерi арнайы заңдармен және басқа да заңға тәуелдi актiлермен
реттеледi. Мәселен, Ұлыбританияда "Бритш Газ" компаниясының монополиялық
қызметi 1986 жылдан бастап, "Бритш Газ" газ-көлiк жүйесiне кіруге қол
жеткiзу тәртiбi анықталған, газбен жабдықтау жүйесiндегi компанияның
өкiлеттiлiгi, газға бағаны реттеудегi мемлекеттік органдардың ролi
белгіленген мен газ тасымалдау тарифтерi белгіленген "Газ туралы" заңға
сәйкес анықталған және реттеледі.
АҚШ-та газбен жабдықтаудың әрбiр секторында мемлекеттiк реттеудi жүзеге
асыру бойынша Жоғарғы соттың бiрқатар арнайы заңнамалық актiлерi мен
шешiмдерi қабылданған. Анағұрлым маңызды заңдардың қатарына 1938 жылы
қабылданған "Табиғи газ туралы" заң жатады. Заңмен штат аралық газ-көлiк
компанияларының табиғи газдың экспорты мен импортын, көлiктiк тарифтерді
бақылауды, осы компаниялардың негізгі қорларының құндық бағалауын қоса
алғанда, газ құбырларын салуға рұқсат беруді қызметiн реттеу тәртiбi
көзделедi.
Мұндай заңдар Норвегия мен Францияда да қолданылады және барлау мен
өндiру саласында да, сол сияқты газды тұрба құбырлары бойынша
тасымалдаудағы операторлардың қызметiн де реттейдi. Ресейде магистралды газ
құбырын пайдаланушы шаруашылық субъектiлердiң көптеген мәселелерiн
реттейтiн "Мұнай және газ туралы" қолданыстағы заңға қосымша 1999 жылы
"Ресей Федерациясындағы газбен жабдықтау туралы" Федералдық заң қабылданды
[2,15б.].
Газ саласын 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасында ескерілген
барланған газдың көлемдері 1.8 трлн. шаршы м. құраған болатын. Бiрақ
жаңартылған деректердiң және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының кен
орындары бойынша газдың бағаланған қорын ескерумен 2002 жылғы 1 қаңтардағы
жай-күйi бойынша пайдалы қазбалардың мемлекеттік теңгерiмiнiң негіздерiнде
жиынтық қорлар 3,3 трлн. текше м. құрайды. Мысалы, тек "Қашаған" кен орны
бойынша ғана Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк Комиссияның 2002 жылғы 20
қазандағы қорлар жөнiндегi отырысының хаттамасына сәйкес газ қорлары 969.0
млрд. текше м. құрады. Бұл ретте газдың перспективалы және болжамдық
ресурстары 6.0-8.0 трлн. текше м. дейінгі деңгейде бағаланады, бұл
негiзiнен, Каспий теңiзi ресурстарын игерумен байланысты.
Газдың саланы дамыту үшiн негiздiк мәнi бар болжамдалатын ресурстарының
басты ерекшелiгi iс жүзiнде газдың барлық осы қорлары аса тереңдiгінен (5
мың метрден астам), көп құрамдылығынан және ең бастысы күкiртсутек
қосылыстарының жоғарылығынан алудың қиындығымен сипатталатын Каспий маңы
ойпатының қабаттарындағы тұзасты Түзiлiмдерде орналасқандығы болып
табылады. Сонымен бiр уақытта тереңдiгi аса үлкен емес және құрамында
Күкiрттi қосылыстар жоқ кен орындарында жергiлiктi аймақтарды газдандыру
үшін, мысалы Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан жергілiктi маңызы үлкен
бар газдың қоры онша көп емес.
Халықаралық сарапшылардың соңғы бағалары бойынша табиғи газдың
дәлелденген әлемдік қорының 37,6% (147,5 трлн. текше м.) бұрынғы Советтер
Одағының аумағында шоғырланған. Бұл ретте Қазақстан табиғи газдың барланған
қоры мен болжамдық ресурстары бойынша Тәуелсiз Елдер Достастығының жетекшi
төрт елiнiң қатарында тұр [2,24б.].
Қазiргі уақытта кен орындарының барлық санаттары бойынша шамамен газдың
әзiрленiп жатқан және алдын ала бағаланған қорымен 130-дай кен орны
тiркелген, оның: 21-газдық, 9-газконденсатты, 23-мұнай-газконденсатты, 31-
мұнай-газды және құрамында аз-мұз газы бар тағы басқалары. Бұл ретте
құрамында алынатын 80% астам көмiрсутек газ қорлары бар 44 кен орны
әзiрлену үстiнде.
Іс жүзiнде Қазақстан Республикасының барлық әзiрлену үстiндегi iрi мұнай
кен орындарында өндiрiлетiн мұнайдың құрамында күкiртсутегi мен басқа да
Күкiрттi қосылыстарда жоғары ерiтiлген газ бар. Мысалы Жаңажол-Өрiктау кен
орындары тобы бойынша осы улы газдың құрамы 2 ден 6% дейiн, Қарашығанақ кен
орнында - 3-тен 5% дейiн ауытқиды, ал Теңiз кен орнында күкiртсутегiнiң
концентраты 19% дейiн жетедi.
Сондықтан газ саласын одан әрi дамытудың басты бiр проблемасы
өндiрiлетiн мұнай мен газды күкiрттi одан алынған Күкiрттi одан әрi пайдаға
жаратумен, қайта өңделген осы өнiмдi тауарлық Күйге жеткiзу және оны сыртқы
рынокқа сатуға қосылыстардан тазарту болып табылады. Осы мәселенi шешудiң
бiр нұсқасы қабаттық қысымды ұстап тұру және көмiрсутегiнiң сұйық
компонентiн алудың тиiмдiлiгiн көтеру үшiн кен орындарының өнiмдi қабатына
күкiрттi газды керi айдау шараларын жүзеге асыру болып табылады [2,29б.].
Құрамында газ бар кен орындарының ұсынылып отырған талдауы Қазақстан
Республикасының газ ресурстарын - қолда бар қорлар өндiру көлемдерi және
оларды алу пайдалылығы бойынша шартты түрде үш топқа бөлуге мүмкiндiк
бередi:
- Күрделi коллекторлық қасиетiмен және әдеттегiдей құрамында күкiртсутек
қосылыстары жоғары болып келетiн табиғи газдың стратегиялық қорлары аса iрi
мұнай-газды кен орындарындағы Каспий ойпаты қабаттарының түзiлiмiнде
тереңде орналасқан;
- шығару тереңдiгі аса үлкен емес және күкiртсутегi қосылыстары жоқ өнiм
сатысындағы газы орташа қорлы болып келетiн кен орындарының өндiрiлiмi кему
сатысында;
- құрамындағы табиғи газдары еркiн болып келетiн кен орындары негiзiнен
ұсақ санаттарға жатады, жиынтық қорлары газдың жалпы қорларынан 1,5%
аспайтын таза газ кен орындары, бұл осы кен орындарының әзiрленiмiн iс
жүзiнде пайдасыз етедi [2,36б.].

1.2 Газ өндiру бойынша жұмыс iстеп тұрған өңдеу қуаттары

Республикада табиғи газдың едәуiр дәлелденген қоры барына қарамастан,
республикада газ өндiру әлi де болса мұнайгаз компанияларының iлеспелi
қызметi болып қалуда. Қалыптасқан тәжірибе бойынша мұнаймен iлесе
өндiрiлетiн газ әдеттегідей кен орындарында жағылады немесе тәуiр деген
жағдайда алдын ала дайындықтан кейiн меншiктi қажеттерге қолданылады.
Мәселен, 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 20,8 %, ал 2008 ресми
есеп бойынша - 21,8% құрады."Теңiз" және "Королевское" мұнай
кәсiпшiлiгiнде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгiнiң жүргiзген кешендi тексеруi барысында 127 зиянды
шығарындылары бар көздер табылған болатын және зиянды заттарды ауаға нақты
шығарындыларын талдаудың толық емес деректері бойынша 2003 жылғы 8 айда
ғана кен орындарында 600 млн. текше м., соның iшiнде қауiптiлiгi жоғары
сыныпты 6 млн. текше м. жуық Күкiртті қосылыстары алдын ала тазаланбаған
газды тiкелей жағуға жол берiлген. Алдын ала есептеулер осы кезеңде
атмосфераға 27 млн. шартты тонна зиянды заттар тасталуы мүмкiн екендiгiн
көрсеттi [2,48].
Талдау мұндай жағдайлардың нормативтiк құжаттарда кен орындарында
әсiресе құрамында зиянды компоненттерi бар газды жағу мәселелерi толық
шамада реттелмегеннен орын алып отырғанын көрсетедi. Мысалы "Қазақстан
Республикасының мұнайлы және газды кен орындарын әзiрлеудiң бiрыңғай
ережесiндегi" 6.2.26-тармағы жағу кезiндегi шектеулер Күкiрттiсутектерi бар
қабатты өнiмдi (газды) олардың халық қоныстанған немесе халық шаруашылық
объектiлерiндегi әуенiң жер үстi қабаттарындағы концентраты санитарлық
нормалардан аспайтын шарттар қамтамасыз етiледi". Сайып келгенде, осы
мәселеде мейлiнше анық регламенттеудiң болмауы, "Петро Қазақстан Құмкөл
Мұнай" және Қызылорда облысының басқа да жер қойнауын пайдаланушыларының
ұзақ уақыт бойы iлеспе газды үлкен көлемде жағуына мүмкiндiк бередi.
Газды өндiруге одан әрi шектеу қою мұнай өндiрудi арттыруды тым
кедергiлейтiн фактор болатындықтан, осының бәрi өндiрiлетiн газды кәдеге
жарату мәселесiн жылдамырақ құқықтық реттеудi талап етедi. Бұл газ өңдеу
қуаттылықтарын кеңейту және жаңа газ өңдеу қуаттылықтарын салу жөнiндегi
шараларды қабылдау қажеттігін негіздейдi.
Қазiргi уақытта республикада, жылына 6,85 млрд. текше м. дейiн жалпы
жобалық газ өңдеу қуаттылығымен үш газ өңдеу зауыттары (ГӨЗ) жұмыс iстейдi.
Жаңаөзен қаласында орналасқан Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚазГӨЗ) 1973 жылы
(бiрiншi кезең) салынған. Зауыт жергiлiктi жақын маңдағы, Өзен шоғы (Шығыс
Өзен, Батыс Теңге, Қарамыңдыбас), Жетiбай шоғы (Оңтүстiк Жетiбай, Тасболат,
Ақтас, Шығыс Нормаул) деп аталатын қайта өңдеу қуаттылығы 2,9 млрд. текше
м. мұнай кен орындарының iлеспе газдарын қайта өңдеуге арналған. 1979 жылы
Ақтау қаласындағы этан тасымалдау үшiн труба құбырларын салумен полиэтилен
өндiрiсi үшiн мұнайхимия зауытын шикiзатпен қамтамасыз ету мақсатында зауыт
жаңғыртылған болатын. Бiрақ өндiрiлетiн газдың құрамында этан аз
болғандықтан және химиялық кешенде апатқа жол берiлгендiктен бұл труба
құбыры сол Күйiнше пайдалануға берiлмей қалды [2,87б.].
"Теңiз" мұнай газ кен ауданында орналасқан Теңiз газ өңдеу зауыты (Теңiз
ГӨЗ) жылына 2,5 млрд. текше м. тазаланған газ өндiрудiң жылдық өнiмдiлiгiне
қол жеткiздi. Келесi жылдары мұнай өндiру көлемiнiң артуы және соның
салдары ретiнде алынатын газ көлемiнiң өсуi зауыттың екiншi кезегiн салуды
талап етедi. Теңiз кен орнынан алынатын iлеспе газ құрамында бутан-пропан
фракциясы қор болуымен сипатталады және әсiресе құрамында күкiртсутектiң
жоғары болуымен, сондай-ақ құрамында тазалау мен қайта өңдеудi талап ететін
көмiрқышқыл газы мен iлеспе құрамдары болуымен айрықшаланады.
2003 жылдың қыркүйегiнде қуаты жылына 1,4 млрд. текше м. табиғи газ
өңдейтiн екiншi Жаңажол ГӨЗ қатарға қосылды және 2004 жылы үшiншi зауыттың
оны пайдалануға 2005 жылы енгiзумен құрылысын бастау белгiленiп отыр. Бұл
iлеспе газ өндiрудiң барған сайын өсiп келе жатқан көлемiн оны кейiн
экспортқа жеткiзумен бірге толық кәдеге жаратуды қамтамасыз етедi. Соңғы
жылдары өндiрiлетiн газ негiзінен "CNPC - Ақтөбемұнайгаз" компаниясының
меншiктi мұқтаждықтарына электр энергиясын өндiру үшiн және тек iшiнара
360,0 млн. текше м. көлемiнде төмендетiлген баға бойынша (оның стандарттық
талаптарға сәйкес келмеуiнен) газ Ақтөбе облысының тұрғындарына сатылды
[3,10б.].
Сайып келгенде, үш газ өңдеушi зауыттың қуаттылығы елде өндiрiлетiн
газдың толық өңделуiн көпе-көрнеу қамтамасыз ете алмайды. Теңіз кен орнының
дамуы келешекте 8-10 млрд. текше м. дейiн өңдеуді талап етiлдi, Қарашаған -
өндiрiлетiн көлемге қосымша 10 млрд. текше м. дейiн және Қашаған кен
орындарын игеру кемiнде жылына 5-6 млрд. текше м. газды қайта өңдеудi талап
етедi. Осының бәрi келешекте газ өңдеу зауыттарының жұмыс iстеп тұрғандарын
кеңейтудi және сонымен бiр мезгiлде шағын мұнайгаз кен орындарының
әзiрленiмi кезiнде газ тазалау жөнiнде арнайы қондырғыларды салуды талап
етедi.
1.3 Қазақстан Республикасында табиғи және сұйытылған газды тұтынудың
талдауы

Газ жүйесiн дамыту жөнiндегi нақты жобаларды iске асыру, сондай-ақ газ
саласын реформалау жөнiндегi шараларды қарастыру үшiн негiзгi проблемалар
мен бәсеке рынок жағдайындағы энергия ресурстарының басқа түрлерi бойынша
қалыптасатын табиғи және сұйытылған газды жеткiзу мен тұтынуды
ұйымдастырудың қарама-қайшы үрдiстерiн Түсiну қажет.
Мұндай қарама-қайшылықтарға отынның басқа түрлерiмен салыстырғанда совет
кезеңiнен кейiн Күрт Түсiп кеткен және осы уақытқа дейiн сақталып отырған
табиғи және сұйытылған газды тұтынудың төмен деңгейiн жатқызуға болады. Бұл
ретте әлемдiк үрдiс тiптi газдың меншiк ресурсы жоқ елдердiң өзiнде энергия
тасымалдаудың осы түрлерін тұтынудың өсуi байқалатынында.
Елдiң газ тарату жүйесiнiң деңгейiнде газды ұжымдық тарату принципi
(әсiресе газ жеткiзу кезiнде) қолданылуы жалғасуда, жеткiзiлген газ үшiн
есеп жүргiзу мен төлем төлеу проблемасы шешiмiн тапқан жоқ. Дебиторлық
берешектiң өсуi жалғасуының нәтижесiнде тұтынушыларды тобымен газ
жеткiзуден айыру жиi болып тұрады. Осының бәрi газ жеткiзуде тұрақсыздықты
тудырады, қорытындысында табиғи газ рыногының одан әрi тарылуына және
бұрынғы абоненттердiң отынның басқа түрiне көшуiне соқтырады [3,45б.].
Егер 1990 жылдың басында энергия ресурстарының басқа түрлерiмен
салыстыра қарағанда табиғи газды тұтыну үлесi (отынның шартты бiрлiктеріне
аударғанда) 14,5% құрады, ал сұйық газ 1,0% болса, кейiнгi жылдары бұл
көрсеткiштер сәйкесiнше 7,3 және 0,4%-ға, екi есеге түсiп кеттi. Бiрiншi
кезекте бұл республикадағы тұтастай алғанда газды тұтыну саласындағы
абсолюттiк көрсеткiштердiң төмендеуiнен болды, мәселен, табиғи газ бойынша
1991 жылы 13,0 млрд. текше метр деңгейiнен 2002 жыл қорытындылары бойынша
1991 жылы 5,7 млрд. текше м. дейiн.
Қалыптасқан жағдайдың бiр себебi, ауыспалы экономика мен дағдарыс
құбылыстары кезеңiнде аралас нысанды меншiктегi жергiлiктi газ тарату
ұйымдары iс жүзiнде жалпы газ тасымалдау жүйесiнен шығарылып тасталды.
Бұның бәрi жергiлiктi газ таратушы компаниялардың қаржылық жай-күйiнiң
күрт нашарлауына, көп ретте олардың банкроттығына алып келдi. Жекешелендiру
бойынша қабылданған шаралар жағдайды айтарлықтай Түзете алмады, соның
салдарынан, өңiрлерде жаңа газ құбырларының құрылысы тоқтап қалды. Өз
кезегiнде жергiлiктi органдар да бұрынғы жылдарғы тәжiрибемен
салыстырғанда, жекелеген елдi мекендерге газ берудiң коммерциялық емес
жобаларын қаржыландырудағы өз белсендiлiктерiн төмендеттi. Сол мезгiлде
облыстарда бұрынғы қабылданған газдандыру бағдарламалары шектерiнде жалпы
ұзындығы 3800 шақырымдай жергiлiктi газ құбырлары құрылысының жобалық-
сметалық құжаттамасы жинақталып қалды. Бұл ретте республиканың тек үш
облысында ғана (Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау) облыстарды газдандыру
бағдарламалары әзiрленiп, сондай-ақ, жыл сайын жаңа газ құбырларын iске
қосу жүзеге асырылуда.
Соңғы жылдары газ өндiрудiң жыл сайынғы өсуi 10-12% кезiнде республика
бойынша газдың тұтынылуы көлемiнiң орташа өсуi бойынша 3%-тен аспай отыр.
Осыдан келiп экспорттық бағыттардың iс жүзiнде болмауынан өндiрiлген газдың
артылған көлемдерiн сату проблемасы шиеленiсе түседi.
Газды өңдеуде оны одан әрi коммерциялық сатып өткiзу үшiн ынталандырудың
болмауы газ өңдеу қуаттарын дамытуды кiдiртiп тұр. Осындай жағдай көп ретте
өндiрiлген iлеспе газдың жартысын амалсыздан жағып жіберудiң себебi болып,
ол мұнай мен газ өндiру өңiрлерiндегi экологиялық проблеманы одан әрi
шиеленiстiредi. Республикадағы соңғы жылдары жағылған газдың үлесi жылына 3
млрд. текше метрге жетiп отыр және де оның көп үлесi Теңiз кен орнына
тиедi. Осымен бiр мезгiлде, Қарашығанақ кен орнындағы өндiрiлiп 5 млрд.
текше м. астам газ Орынбор МӨЗ-на Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына
жеткiзiлетiн сол газ 1.5-2 есе төмен бағамен қайта өңдеу үшiн өткiзiледi
[3,67б.].
Осылайша, шығарылатын газдың өткiзу шектеулiгi, сондай-ақ бүгiнде оның
пайдаланылуының өте тиiмсiздiгi газ саласын дамытуды ынталандырмайды, және
де, оның үстiне мұнайды өндiрудiң одан әрi өсуiн, яғни сайып келгенде,
Қазақстан Республикасының барлық мұнай-газ кешендерiнiң дамытылуын
кiдiртедi.
Сонымен бiрге Қазақстандағы сұйытылған газдың өндiрiсi дағдарыс
жағдайынан шығып келе жатыр, сөйтiп, республика көптеген жылдардан соң
алғаш рет өз өндiрiсi есебінен қалыптасқан тұтыну рыногын жабу мүмкiндiгiне
ие болып отыр. Айталық, егер 2001 жылы 941,7 мың тонна сұйытылған газ
шығарылса, тұтынуының нақты көлемi өткен жылдың қорытындысы бойынша 430 мың
тоннадай деңгейiнде болғанда онда 2003 жылы - 1040,5 мың тонна сұйытылған
газ өндiрiлдi.
Осы кезеңде сұйытылған газды шығарудың негiзгі өсуi газ конденсатын
анағұрлым терең өңдеудi көздейтiн сұйытылған газ өңдейтiн жаңа қондырғыны
iске қосумен Теңiз кен орнының өңдеу жүргізiлген қайта құру есебiнен қол
жеткізiлді. Тек соның есебiнен сұйытылған газдың өндiрiсi 2001 жылы 6,6
eceгe ұлғайтылған болатын. Мұнайдың iшкi жеткiзiлiмдерi тұрақтануымен бiрге
барлық дерлік мұнай және газ өңдеу заводтарында сұйытылған газды шығару
көлемдерiнiң артуы байқалуда.
Сұйытылған газ энергия көздерiнiң iшiнде ең бiр қымбаты болып табылатыны
сөзсiз (құны тұтынушыға жеткiзудi қоса есептегенде тоннасы 280-300 АҚШ
долларына дейін жетедi), бiрақ, көбiне көп тұрмыста, әсiресе, табиғи газдың
жеткiзiлiмi жоқ өңiрлерде табиғи отынмен салыстырғанда бұл отын түрiнiң
тасымалдау мен пайдаланудағы артықшылығын ескере отырып, сұйытылған газдың
өндiрiсi мен рыногын реттеу мәселесi барлық газ саласының дамуындағы
маңызды бағытты құрайды.
Бәсекешiл ортаға икемделген газ саласының осы секторының қызмет ету
ерекшелiгiн және сұйытылған газдың экспортқа шығарыла бастауымен iшкi
бағалардың халықаралық бағалармен теңесуін ескере отырып, сұйытылған газдың
бағасының тұрақтануын және ел iшiнде энергия көзiнiң осы түрiнiң жеткiзiлу
көлемдерінің одан әрi артуын болжамдауға болар еді [3,112б.].
Оның үстiне жұмыс iстеп тұрған зауыттардың жоспарланған жаңғыртылуы және
жаңаларының құрылысы мен сұйық газды шығаратын қондырғыларды салу есебiнен
оның өндiрiс көлемдерiнiң күтiлетін ұлғаюын ескере отырып республикада
сұйытылған газдың бағасын төмендету үшін жағдайлар жасалады. Бұның бәрi
сұйытылған газды халықаралық рынокқа жеткiзудiң экспорттық әлеуетiн ұлғайту
үшiн жаңа мүмкiндiктер жасауға және сұйытылған газдың бұрынғы тұтыну
деңгейiн қалпына келтiруге мүмкiншiлiк бередi.

II Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi

2.1 Табиғи және сұйытылған газдың халықаралық рыногы

Табиғи газдың тасымалдау Қазақстанның сегiз облысының аумағымен өтетін
магистралды газ құбырларының жүйесi бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан
аумағындағы әкетушi және әкелушi газ құбырларын есептегенде магистралды газ
құбырларының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды. Қазақстанның
магистралды газ құбырлар жүйесi бұрын жалпы одақтық газ тасымалдау
жүйесiнiң бөлiгi ретiнде құрылды және сондықтан, оның қызметi табиғи газды
Орта Азиядан Ресейдiң солтүстiк облыстарына, Украина және Закавказье
республикаларына жеткiзуге бағытталған. Газ құбырлары қала өнеркәсiбi мен
халықтың сұранысын тек транзит газ құбырларының трассаларына жапсарлас
қалалар мен елдi мекендердi қамтамасыз ететіндей етiп жоспарланған.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетiн магистралды газ
құбырларының бiрде бiрiнiң республика аумағында өзара жалғаныстары жоқ, сол
себептi мысалы, батыс өңiрiнде өндiрiлетiн арзан газды елдiң оңтүстiк және
солтүстiк облыстарына жеткiзу секiлдi, артық мөлшердегі газды өңiрлер
арасында қайта бөлу мақсатында газ құбырларын пайдалану мүмкiндiгiн
бермейдi. Бұл оңтүстiк облыстар мен Алматы қаласының табиғи газды
тұтынушылары үшiн аса зәру проблема. Батыс облыстардағы газдың бағасынан 2-
3 есе асып түсетiн өзбек газының жеткiзiлiмiне қатаң тәуелдiлiк осы
өңiрдегi газ рыногының тарылуына әкелiп соқты. Қостанай облысының
тұтынушылары Ресей газ импортына аз тәуелдi болып отырған жоқ [4,145б.].
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін
өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы
экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ
саласының үлесі 20,8 %, ал 2008 ресми есеп бойынша - 21,8% құрады.2009
жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ
саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап
айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 1,2
проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады.
Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4
млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады. .
Қолданыстағы нормативтер бойынша магистралды газ құбырларының
амортизациялық мерзiмi шамамен 30 жылды құрайды. Алайда, Қазақстан
Республикасының аумағында газ құбырларын пайдалану ерекшелiгі сол -
құбырлар олардың ерекше қатал, сорлы жерлермен өтуi нәтижесiнде әсiре
жарамсыздыққа ұшырағандығы болып табылады. Осыған байланысты, жұмыс iстеу
мерзiмi бойынша газ құбырлары құрылымын талдау көрсеткендей, 30 жылға дейiн
қызмет ету мерзiмi бар 30-дан астам газ құбырларының үлес салмағы 30,4-ке
жетедi, ал газ құбырларының 51%-ы 20 жылдан 30 жылға дейiн пайдаланылады.
Алдағы жұмыстардың көлемiн елестету үшiн 2001-2002 жылдардағы кезеңдер
бойынша газ тасымалы жүйесiнiң апатсыз қызмет етуiне кепiлдiк беруге
мүмкiндiк жасамаған елдiң магистралды газ құбырларының техникалық жай-күйiн
ескеру қажет.
Газ магистралдары мен таратушы газ құбырларының жұмыс режимiн, әсiресе,
шұғыл континенталдық ауа райлы өңiрлерде ұстап тұру үшiн газ құбырлары
жүйесiндегі мiндеттi элементтер жер асты газ қоймалары (ЖАҚ) болып
табылады. Бiрақ, Қазақстан Республикасының газ-көлiк жүйесi шектерiнде
қызмет жасайтын үш ЖГҚ өзара байланыспаған және бұрын бұрынғы Одақ
жүйесiндегi бiрыңғай газ-көлiк жүйесiндегi қызметке арналған [5,56б.].
Газ тасымалы жүйесi жұмысының маңызды қыры компрессорлар жұмысы
кезiндегi атмосфераға зиянды шығарындылар әсерiн төмендету және газ
құбырларының жұмысының техникалық және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету болып табылады. Газ жүйесi объектiлерiн пайдалану процесiндегі зиянды
заттардың негiзгi көздерi компрессорлық станциялардағы (КС) газ айдаушы
агрегаттардан, газды суыту станцияларынан, түрлi қазандық және алау
қондырғыларынан атмосфераға шығарындылары болып табылады. Атмосфераға
шығарындылардың саны жүзеге асырылатын транзиттiң техникалық жай-күйi мен
көлемiне тәуелдi.
Газ таратушы газ құбырлардың техникалық жай-күйi. Газ құбыры жүйесiнiң
технологиялық құрамдас бөлiгі оның басты қызметi ең аз шығыстармен
тұтынушыға газды жеткiзу және өткiзiлетiн газдың қатаң есепке алынуын
қамтамасыз ететiн, орта және төмен қысымдағы деп аталатын газ құбырларының
өңiрлiк таратушы жүйелерi болып табылады. Алайда, газ таратушы құбырлардың
ағымдағы техникалық жай-күйi негізгі құралдар мен жабдықтардың тым тозуымен
сипатталады.
Газ тарату жүйесiндегi газды жоғалтулардың талдауы көрсеткендей газ сату
көлемiнiң 3-5% аспайтын шаманы құрайтын нормативтiк шығыстардан едәуiр асып
кететiнiн көрсетедi. Бiрқатар газ тарату компанияларында, мысалы, Оңтүстiк
Қазақстан облысында өз қажеттілiктерiне және шығындар деп аталатын газ
шығыны (СНиП) жеткiзiлетiн газдың көлемiнiң 30%-на дейiн жеттi. Оның үстiне
Жамбыл облысында газ құбырларының әбден тозуынан газ құбырлары трассасы
бойында тұтану қаупiн төндiретiн газдың әуеге шығу оқиғалары бiрнеше рет
тiркелдi.
Газ тарату құбырларын пайдалану байқау және апаттық өтiнiштердi
қанағаттандыру жиiлiгiн арттыру есебiнен қосымша шығыстарды талап етедi.
Жердегi жұмыстардың көлемi көбейедi, бұл қосымша құрылыс техникасын сатып
алу қажеттілiгі техникалық персонал штатының кеңеюi, апаттық қосалқы
тұрбалар мен тығындауыш арматураны сатып алумен iлесе жүргізiледi. Газ
құбырларының бұзылуы, әсiресе, жер сiлкiну қаупi бар аудандар мен таттану
белсендiлiгі жоғары топырақты жерлерде жаппай сипатталуы мүмкiн. Газ
құбырларының апаттық iстен шығуы газ шығынымен және қосарлы
коммуникацияларда, үйлердiң подвалдарында, құдықтарда және т.б. жарылыс
қауiптi қоспаларды жасаумен байланысты. Газ құбырларында жүргізiлетін
Күрделi жөндеулер тұтастай алғанда газ таратушы тораптардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газ өнеркәсібі
Газдандыру және магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жайкүйi
Магистралды газ құбырының технико - экономикалық дәлелдемесі
Газ және сұйықтың шығынын өлшеу
Газбен қамту жабдықтарын есептеу
Мұнай өткізгіш құбырлар
Магистральді мұнай құбырының желілік бөлігі
Мұнай мен газ өндіру саласында
Газды қаладағы газ тарату механизімі
«Техногаз» АҚ
Пәндер