Ежелгі және қазіргі моңғолдар: ортақтығы мен ерекшелігі



1. Жалпы жағдай

Еуразия кеңістігін мекендеген көшкінші халықтардың қай-қайсысының да шығу тегіне келгенде ресми тарих үнемі нақтылық танытпай, оны түйіні шешілмеген мәселелер қатарына жатқызып, бұл ретте бір мәмлеге келген ортақ тұжырымның әлі жоқтығын алға тартады. Моңғол халықтарының шығу тегі жөнінде де осыны айтуға болады.
Мұның бұлай болуын, әдетте, біз көшкіншілердің ежелгі тарихына қатысты нақты жазба деректің жоқтығынан, болмаса тапшылығынан деп білеміз. Былай қарағанда, оның солай екені де рас. Бірақ бар мәселе, шынымен, деректің тапшылығында, болмаса жоқтығында ғана ма? Ойласып көрелікші.
Біздің пайымдауымызша, мәселенің негізі, түптеп келгенде, ерте замандарда көшкіншілердің табиғи төл болмысын жете білмей, оларды тек “жабайылар”, “тағылар” деп қана қабылдаған ежелгі отырықшы елдердің таным-түсінігі арқылы қалыптасқан тұрпайы, жаңсақ тұжырымдарды кейін ғылыми шындық ретінде еуропалықтардың өзгелерге өктемдікпен мойындатуы – ой-сананы құрсаулап, барды көруден, жоқты іздеуден қалдырып, зерттеушілерді сол баяғы ескі бір сүрлеуді шиырлай беруге мәжбүр етіп қойғандығында жатыр.
Осының салдарынан көшкіншілердің ежелгі тарихының айқындалмаған ақтаңдақтарының, жазылмаған қатпарларының, шешілмеген шиелі түйіндерінің тым көп екендігі уақыт өткен сайын айқын ағарылып келеді. Қазіргі түрк-моңғол халықтарының тарихына қатысты айтылып жүрген пікірлер түйінінің бір арнада тоғыспай, әр тарапқа тартып, өзара қақтығысқа ұшырап, бір-бірімен шатысып жатуы да осыдан болса керек. Солардың бір тобы (Баскаков, Малов, Гумилев және т. б.) сиуңнуларды

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі және қазіргі моңғолдар: ортақтығы мен ерекшелігі

1. Жалпы жағдай

Еуразия кеңістігін мекендеген көшкінші халықтардың қай-қайсысының да
шығу тегіне келгенде ресми тарих үнемі нақтылық танытпай, оны түйіні
шешілмеген мәселелер қатарына жатқызып, бұл ретте бір мәмлеге келген ортақ
тұжырымның әлі жоқтығын алға тартады. Моңғол халықтарының шығу тегі жөнінде
де осыны айтуға болады.
Мұның бұлай болуын, әдетте, біз көшкіншілердің ежелгі тарихына қатысты
нақты жазба деректің жоқтығынан, болмаса тапшылығынан деп білеміз. Былай
қарағанда, оның солай екені де рас. Бірақ бар мәселе, шынымен, деректің
тапшылығында, болмаса жоқтығында ғана ма? Ойласып көрелікші.
Біздің пайымдауымызша, мәселенің негізі, түптеп келгенде, ерте
замандарда көшкіншілердің табиғи төл болмысын жете білмей, оларды тек
“жабайылар”, “тағылар” деп қана қабылдаған ежелгі отырықшы елдердің таным-
түсінігі арқылы қалыптасқан тұрпайы, жаңсақ тұжырымдарды кейін ғылыми
шындық ретінде еуропалықтардың өзгелерге өктемдікпен мойындатуы – ой-сананы
құрсаулап, барды көруден, жоқты іздеуден қалдырып, зерттеушілерді сол баяғы
ескі бір сүрлеуді шиырлай беруге мәжбүр етіп қойғандығында жатыр.
Осының салдарынан көшкіншілердің ежелгі тарихының айқындалмаған
ақтаңдақтарының, жазылмаған қатпарларының, шешілмеген шиелі түйіндерінің
тым көп екендігі уақыт өткен сайын айқын ағарылып келеді. Қазіргі түрк-
моңғол халықтарының тарихына қатысты айтылып жүрген пікірлер түйінінің бір
арнада тоғыспай, әр тарапқа тартып, өзара қақтығысқа ұшырап, бір-бірімен
шатысып жатуы да осыдан болса керек. Солардың бір тобы (Баскаков, Малов,
Гумилев және т. б.) сиуңнуларды түріктердің түп атасы деп есептесе, енді
бір тобы (Бичурин, Шмидт, Доржсурэн, Сухэбатор) оларды қазіргі моңғолдардың
шыққан тегі дегенге саяды.
Кезінде айтыс-тартыс қанша көп болғанымен, оның қорытындысы бәрібір
тарих ғылымында Ұлы Даланың тек шығыс бөлегін ғана еншілеген ежелгі түрктер
(прототюрки) мен ежелгі моңғолдарды (протомонголы) қазіргі жер бетіндегі
бүкіл түрк тектес халықтар мен моңғол тектес халықтардың ата-тегі деген
ұғымды орнықтыруына бөгет бола алған жоқ. Бір есептен, бұған да шүкіршілік,
әйтпесе, бұл халықтардың бәрі түрксіз, тек осы күнгі түсініктегі моңғол
тектес халықтар болып жүрулері де әбден мүмкін еді. Өйткені, ХІХ ғасырда
Ресей Ғылым академиясының академигі П.С.Паллас бастап, кейінірек оны
Я.И.Шмидт пен Н.Я.Бичурин қостап, жаңаша жыл санауға дейінгі ІІ
мыңжылдықтан осы ғалымдардың өздері өмір сүріп отырған кезеңге (ХІХ ғ.)
дейін Ұлы Даланың Орталық Азия бөлігін автохтондық құқығы бар бір халықтың,
тек моңғол тектес халықтардың ғана мекендеп келгенін дәлелдеп, әлем
жұртшылығын сендіріп қойған болатын.
Расында да, Орхон өзенінің бойынан табылған ескерткіштердегі құпия
жазулардың “кілті” табылып, ондағы тасқа басылған бұлтартпас тарихи айғақ
деректерді әлем танып-білмегенде, көне замандарда Шығыста жалпы түрк деген
халықтың болғандығынан бейхабар қалып, ондағы кейінгі түрк тектес халықтар
моңғол тектес халықтардың бір бұтағына айналып кете баруы да ғажап емес
еді. Әйтеуір, абырой болғанда, әлгі тас жазудың дерегі арқылы дүниежүзі
Орталық Азияның қақ төрінде, жаңаша жыл санаудан кейінгі VІ ғасырда түрк
деген халықтың “Мәңгі ел” деп аталатын аса ірі мемлекет орнатқанын және
оның ұлан-ғайыр аймаққа үш ғасырға жуық билік жүргізіп тұрғанын білді.
Осыдан кейін барып, тарихшылар бұрынғы моңғол атауының алдына енді келіп
түрік атауын тіркестіруге мәжбүр болды.
“Түрк-моңғол халықтары” деген жаңа тұрақты тіркес осылайша ғылыми
айналымға енді. Тарихтағы бүгінгі “түрктердің ата-тегі VІ ғасырда Алтайдан
шыққан, олар кейін жаулап алу арқылы Батысқа, еуразиялық кеңістікке
тараған” деген қате тұжырым да осыдан кейін бой көрсетті. Тарихи шындыққа
қиыспайтын осы жасанды, қате тұжырымдаманың негізінде қытай дерегінде
кездесетін “сиуңну” деп аталатын халық “түрктер”, “дунху” деп аталатын
халық “моңғолдар” деп танылып, бұған дейінгі даланың ауызша тарихында бір
үйдің егіз баласындай жұбы жазылмай, үнемі бірге аталып келген “татар-
моңғол” тіркесіндегі татар атауы жылы орнын түрікке беріп, өзі тунгустар
ауылына қоныс аударды. Осыдан кейін сан ғасырлар бойы көшпелі өмірдің тар
жол, тайғақ кешулерін бастан бірге өткізіп, бірде табысып, бірде шабысып,
жұптары жазылмай қатар келе жатқан тілдері ортақ, тағдырлары ұқсас, тамыры
бір егіз екі халық – татар мен моңғол еуропалық таным-түсініктің бет
қаратпас беделінің белден басуымен ақыры бір-біріне жат, бөгде халықтар
болып шыға келді. Әйтпесе, бұл күнде сиуңнудің “мұңғұл”, дуңхудың “татар”
екенін айқын ажыратып, тарихи шындықты өз болмысында талассыз таныған болар
едік. Амал не, бұл күнде олай болмай отыр. Соның салдарынан Шығыс
халықтарының бастау тарихы тұтастай қате негізге құрылып, бірді бірге
шатастырумен келеміз. Осыған орай ендігі әңгіме арнасын осы шатастырулар
мен олардың себеп-салдарына қарай бұрмақпыз. Алда ежелгі моңғолдар мен
кейінгі моңғолдар жөнінде жіктеліп айтылатын болғандықтан, әңгіменің
ұғынықты болуы үшін бұлардың ежелгілерін байырғы Шығыс тарихшыларының
деректеріндегідей – “мұңғұл”, кейінгілерін қазіргі қолданыстағыдай –
“моңғол” деп ен-таңбалауды жөн көрдік.

2. Ежелгі мұңғұлдар

Мұңғұлдардың шығу тегі жөніндегі әңгіме адамзаттық түпкі ортақ
бастаудан басталып, ал саралануы олардың өз алдына жеке халық болып
танылуынан өріс тартпақ. Бірақ, өкінішке қарай, жазба дерекке жадыланған
арғы-бергі зерттеушілер бұл халықтың көне тарихына қатысты зерттеу аясын
тек орта ғасырмен шектеп, олардың оған дейінгі ғасырлар бойы өздерінің
жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келген ежелгі төл шежіре-
тарихының дерегіне лайықты мән бермей, назардан тыс қалдырып келді. Соның
салдарынан болар, мұңғұлдардың ежелгі тарихы тек кешегі ХІІІ ғасырдағы
Моңғол империя­сының тарихы негізінде ғана қарастырылып жүр. Соған
байланысты деректік мәліметі Шыңғыс ханның ата тегінің жаратылуынан
басталып, кейінгі Моңғол империясына қатысты мағлұматтармен шектелетін
“Моңғолдың құпия шежіресі”, “Алтан тобчи”, “Ердэнийн тобчи”, “Шара туджи”,
“Цаган түүхэ” сияқты шығармалар мен шетелдік миссионерлердің,
саяхатшылардың, елшілердің, саудагерлердің әр кезеңде қалдырған жазбалары
халықтың шығу тегі жөніндегі бірден-бір негізгі дереккөз ретінде
қабылданып, түйінді тұжырым солар арқылы ғана жасалынды. Алайда мұндай
деректерді негіз ету арқылы мұңғұлдардың шығу тегін анықтау, тіпті, мүмкін
емес-тін. Өйткені аталған жазбалардың бірде-біреуінде ежелгі мұңғұлдар
жөнінде, олардың шығу тегі жөнінде нақты айтылған ешқандай дерек жоқ
болатын. Ал бұған, керісінше, мұңғұлдардың шығу тегіне қатысты өз
мүмкіндігіне қарай азды-көпті мағлұмат беретін еңбектердің де­ректері
ескерусіз қалдырылып, олардың тек кейінгі моңғол халықтары жөніндегі
мәліметтері ғана ғылыми айналымға түсіп, жан-жақты зерттелінді. Мысалы,
сондай еңбектердің бірі және бірегейі — Рашид ад-Диннің (1247-1318 ж.ж.)
әйгілі “Жылнамалар жинағының” (“Жами` ат-тауарихтың”) моңғол халықтары
жөніндегі деректерінің құндылығы ғылыми ортада аса жоғары бағаланғанымен,
оның мұңғұлдардың шығу тегіне қатысты дерегі ғылыми тұрғыдан талданбай,
ескерусіз қалдырылды. Дұрысында, бұл ауызша тарихтың құнды дерегін хатқа
түсіріп, бір жүйеге келтірген теңдесі жоқ, әлемдегі алғашқы еңбек болатын.
Жылнаманың авторы Рашид ад-Дин Фазлуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани –
Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс
ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы
арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға
телінгенімен, шын мәнінде, “Жылнамалар жинағы” (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық
еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан
бөгде жұртты жаулап алып, соған билік жүргізіп тұрғанымен, өздерінің
соларға сіңісіп, жұтылып бара жатқанын көріп, тілінен, дінінен, ата-бабаның
салт-дәстүрінен айырылып, парсылана бастаған мұңғұлдың кейінгі ұрпағы
өздерінің шыққан тегін таймай танып, төл тарихын барынша біліп өссін деген
игі ниетпен ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына
мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдесі жоқ
даңғайыр шежірешісі Болат-чансан бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол
кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах
Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған.
Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне
қатысты: “Все монголы, племена тюрков и все кочевники (букв.; обитатели
степей) происходить от его (Абулджа-хана. Қ.С.) рода” (Рашид ад-Дин.
Сборник летописей. Т.І. Кн.І. М.-Л. 1952. стр. 80),– деп, ақ қағазға қара
сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы “Абулджа-хан” деп отырғаны
бүкіл түрк халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы
Йафет. Даланың ауызша тарихының хатқа түскен осы дерегін бүгінгі жазба
тарихтың дерек беру стиліне көшірсек, онда бұл “барлық моңғолдардың да,
түрік тайпаларының да және барлық дала тұрғындарының да шыққан тегі бір,
бәрі бір халық – түріктер” дегенді білдіреді. Осылай деп және өзге емес,
бастау тегіне бүгінгілерден әлдеқайда жақын тұрған моңғолдардың өздері
бұдан жеті ғасыр, яғни 700 жыл бұрын жазып, қалдырып отыр. Бұл деректі және
олардың көктен алмағаны, ойдан шығармағаны, ата-бабаларының жадында сақтап,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген шежіре-тарихтың дерегіне сүйеніп айтып
отырғаны хақ. Сондықтан бұған әдеттегідей “ауызша тарих” деп мұрын
шүйірудің еш реті жоқ. Оның үстіне далалықтардың басқаны жаңылыстырса да,
өздерінің шыққан тегін ешқашан шатастырмайтыны тағы шындық. Мұның солай
екенін ежелгі мұңғұл тайпаларының шығу тегінің проблемалары мен этностық
тарихын ұзақ жылдар бойы зерттеген орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторованың:
“Для монголов того времени было характерно стремление сохранить в памяти
потомков деяния предков, заботливое отношение к родовым связям и традициям.
Знатоки генеологий, как известно, досконально изучившие все родственные
связи своих фамилий и их ответвлений на многие поколения, бережно
передавали эти знания детям. Именно поэтому родословные книги имеют
значение первоисточника” (Викторова Л.Л. Монголы: происхождение народа и
истоки культуры. М. 1980. стр. 11), – деп, әділ көрсетуі де құптай түседі.
“Жылнамалар жинағының” мұңғұлдардың шыққан тегін бұлайша “түрік” деп
көрсетуінде аңыздық жаңылыстың жоқтығына көз жеткізе түсу үшін осы орайда
мына жайларға да баса назар аудару қажет. Оның біріншісі – шығарманың
әйгілі Моңғол империясының дәуірлеу биігіне көтеріліп тұрған кезінде,
басқаша айтқанда, моңғолдардың асыл тектен жаралған “ерекше” халыққа
айналып, басқалардың, яғни моңғол еместердің өздерінің шыққан тегін,
қалайда ретін тауып, осы асыл тектен шығаруға, болмаса соған жақындастыруға
жанталаса ұмтылып жатқан кезінде жазылғандығы. Бұл ретте Рашид ад-Диннің:
“Найманы, жалаиры, онгуты, кереиты и другие племена, которые имели каждое
свое определенное имя, называли себя монголами из желания перенести на себя
славу последних; потомки же этих родов возомнили себе издревле носящими это
имя, чего в действительности не было” (Рашид ад-Дин. 1952. Ч.І. стр.75), –
деп ашып көрсетуі айтылған тұжырымның сол кездің шынайы шындығы екенінің
бұл­тартпас дәлелді айғағы. Егер “моңғолдың шыққан тегі – түрік” деген ұғым
сол тұста жалпы жұрт мойындаған, баршаға белгілі шындық болмаса, онда
мұңғұлдың шежіре-тарихының терең білгірі Болат-чансан бастаған
тарихшылардың “асыл текті” моңғолды сол кездегі өздері жаулап алып,
қалауынша билеп отырған бағынышты түрік тайпаларымен бір тектен жаратылған,
бір атаның (Абулджаның) ұрпағы деп көрсетуге де, солай деп жазуға да батылы
бармас еді.
Екіншісі – осы айтылғандарды одан әрі негіздей түсетін өз заманының
білікті тарихшыларының басын қосып, арнайы тапсырмамен моңғол халықтарының
тарихын жаздырудағы Ғазан ханның негізгі мақсатынан өрбиді. Өздері жаулап
алып, билеп-төстеп отырған бағынышты басқа халықтарға мұңғұлдардың сіңісіп,
өз тілінен, өз дінінен, ата-баба дәстүрі­нен айырылып, өгейсіп бара
жатқанын көріп, келер ұрпақ өздерінің шыққан тегінің қайдан екенін, ата-
бабаларының кімдер болғанын, не істеп, не қойғанын есіне түсіріп, біліп
жүрсін деген мақсатпен Ғазан ханның осы тарихты арнайы жаздырғанын Рашид ад-
Диннің өзі “Жылнамалар жинағының” кіріспесінде ашып айтады. Демек, осындай
айқын мақсатты көздеген, өзін “нұрдан жаратылған” атадан тараған “алтын
текті” Шыңғыс ханның тікелей ұрпағымын деп білетін Ғазан ханның өзімшіл
менмендікті жеңіп, мұңғұлдардың түріктерден шыққанын, өздері жаулап алып
отырған түрік тайпаларымен түбі бір туыс екенін мойындап, солай деп
жазылған кітапты ықыласпен қабылдауы – оның жұртқа мәлім тарихи шындықтан
аса алмағанын, адалдықпен ақиқатқа жол бергенін танытады.
Үшіншісі – “Жылнамалар жинағын” шығарушылардың бірінші томның бірінші
кітабына берілген анықтама-түсініктемені: “Первого тома “Сборника
Летописей” с повестованиями о появлении тюркских народов и об
обстоятельствах их разделения на различные племена” (Рашид ад-Дин. 1952.
стр.71), деп атап көрсетіп, ашып жазуы. Мұнда да тарихи шындықты мойындау
“мен мұндалайды”. Арнайы тапсырмамен моңғолдар тарихын жазуға арналған
шығарманың беташар кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың
түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, тек түрік халықтарына арналуы – сол
түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның
тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша
қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, бірінші кітап
түрік халықтарына арналмас еді, оған жоғарыдағыдай анықтама-түсіндірме
берілмес еді.
Осы айтылған жайларды екшей келіп, мәселенің байбына жетіп, тереңдей
үңілсек, даланың ауызша тарихының хатқа түскен басқа жанама деректерінің де
“мұңғұлдардың шықан тегі – түрік” екенін одан әрі айқын­дай түсетінін
көреміз. Бұл ретте “Жылнамалар жинағы” жалпы көшкіншілердің атасы деп
есептелінетін Абулджа (Йафет) ханның жайлауы Ортақ, Қазтақ, ал қысқы
жайылымы Бурсун, Какьян, Қарақорым болғанын және олардың Талас пен Қары-
Сайрам қалаларынан қашық емес екені жөнінде нақты дерек берсе (Рашид ад-
Дин. 1952. стр. 80-81), даланың ауызша тарихын өзінше жүйелеп, хатқа
түсірген Шыңғыс ханның ХVІІ ғасырда өмір сүрген тағы бір тікелей ұрпағы,
Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүр дәл осы деректерді одан әрі жетілдіре нақтылап,
“Жылнамалар жинағындағы” парсыша бұзылып берілген түріктік жер-су аттарын
төл қалпына келтіріп, түрікше қалай аталатынын дәл береді. Мысалы, ол
жаңағы Ортақ, Қазтақ деп аталатын таулардың көне түрікше атауы “Ор-тағ”,
“Кер-тағ” екенін, олардың қазір “Ұлығ-тағ”, “Кішік-тағ” деп аталатынын ашып
жазады (Кононов А.Н. Родословная туркмен. Сочинение Абул-Гази хана
хивинского. М.-Л. 1958. стр.40). Сондай-ақ осы еңбектен “Жылнамалар
жинағындағы” “Бурсун”, “Қарақорым” деп аталған жерлердің бүгінгі күнге
дейін ежелгі атауын өзгертпей, бастапқы күйінде бізге жеткен, қазіргі
Қазақстан жеріндегі өзімізге белгілі “Борсық” және “Қарақұм” деп аталатын
әйгілі құмдар екенін бірден танимыз. Оның шынында да осы құмдар екенін
Әбілғазының келесі: “Когда наступала зима, он зимовал в устье Сыр, в Кара-
кумах, и в Бурсуке” (Кононов А.Н. 1952. стр.40) деген дерегі де айғақтап
тұр. Әбілғазының бұл арада “он зимовал” деп отырғаны Абулджа-Йафеттің
тікелей ұрпағы, ежелгі мұңғұлдың атақты ханы – Қарахан.
Жоғарыда айтылған деректерден біз Рашид ад-Дин айтқандай “жалпы
көшкіншілердің атасы Абулджа (Йафет) хан” болсын, болмаса Әбілғазы
айтқандай “мұңғұлдың ханы Қарахан” болсын, бәрібір осы әңгімеге арқау болып
отырған ежелгі мұңғұлдардың басқа емес, сол көне замандарда қазіргі
Қазақстан жерін мекендеген түрк тектес халықтардың бірі екенін көреміз. Бұл
деректердің біз үшін құндылығы да осында. Өйткені бұл өз тарапынан қазіргі
зерттеушілерге бұрын қалыптасқан ізденіс бағытының жаңсақтығын көрсететін
екі бірдей мәселенің басын ашуға көмектеседі. Оның бірі – қазіргі зерттеуші
ғалымдардың моңғол халықтарының шығу тегін тек Орталық Азияны мекендеген
тайпалардың арасынан ғана іздеуінің қателігін көрсетеді. Бұдан мұңғұлдардың
(протомоңғолдардың) Орталық Азияға қазіргі Қазақстан жерінен барғанын,
ендігі жерде олардың шығу тегін ерте замандарда осы аймақтарды мекендеген
ежелгі түрік тектес халықтардың арасынан іздеу қажеттігі келіп шығады.
Екіншісі – осы қателіктің негізінде қытай деректерінде кездесетін “дунху”
деп аталатын халықты әлем тарихшыларының “протомоңғолдар” деп танып, онысын
тарихи шындық ретінде ғылымға енгізулерінің дұрыс еместігі. Бұл ретте,
тіпті, басқаны айтпағанда, байырғы Шығыс тарихшыларының бәрінің
еңбектерінде егіз халық ретінде жұбын жазбай қатар көрсетіліп келген татар
мен моңғол халықтарын кейін көне қытай шекарасына келгендегі тарихын
білмегендіктен, еуропалық таным-түсініктегі зерттеушілердің жалпы болжаммен
оларды бір-біріне жат халыққа айналдыруы, соның салдарынан моңғолдың
“дунхуға” телініп, ал татардың сол заманда қытайша қалай аталатынының
белгісіз болып қалуының өзі біраз жайды аңғартса керек. Бұл арада көне
қытайлықтардың татарлармен қарым-қатынасы болмады деуге тағы негіз жоқ.
Өйткені, Шығыс тарихшылары мұңғұл хандығы мен татар хандығының арасындағы
қақтығыстың татардың Байду ханының тұсында басталып, Сүйініш ханының
тұсында өршігенін, соғысқан сайын татарлардың жеңіліп, ығыса-ығыса ж.ж.с.
дейінгі ІV ғасырдың аяғында Қытай шекарасына жеткенін айтады. Н.Бичурин
Хондемирдің Оғыз-хан жөніндегі дерегін талдағанда: “Огуз-хан объявив себя
ханом, во-первых пошел войною на Татар-хан (дунху), который кочевал близ
границы Китая и его победил” (Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах,
обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. І М-Л, 1950. стр.57), –
деген дерек беріп, татарлардың Қытаймен көрші екенін және олардың дунху
екенін ашып көрсетсе, Әбілғазы хан: “...татарлардың көп санды рулары
Қытайға жақын Бююрнавар (Буир-нор болуы керек.– Қ.С.) жерін мекендеді,
қытай билеушілеріне бағынып, олардың қызметінде жүрген, сондай-ақ оларға
ауық-ауық қарсы шығып, көтеріліс жасаған кездері де болды. Бірақ қытай
билеушілері көтерілісшілерге қарсы қалың қол шығарып, оларды қайта
бағындырып, иеліктерін қаңыратып бос қалдырып отырды” (Абул-Гази.1996.
стр.34). деп жазады. Олай болса, Қытай шекарасына мұңғұлдардан да бұрын
жетіп, қытайдың жеті патшалығы тұсында олармен көрші болған және
сиуңнулардан да бұрын сол жеті патшалықтың бірі – Жыу (Чжеу) патшалығымен
соғысқан татарларды кім дейміз? Сондықтан тарихи тағдыры бір, сөйлер тілі
ортақ екі халықтың ежелгі қытайлықтар берген халықтық атауларын ендігі
жерде қазіргідей құбылтпай, шатыстырып біріне бірін телімей, сиуңнуды –
“мұңғұл”, дунхуды – “татар” деп атап, бір байламға келгеніміз жөн болмақ.

3. Сиуңнудың түрік аталуының себебі мен салдары

Бұл күнде ресми тарих ғылымында қытай дерегіндегі “сиуңну” деп
аталатын халықты “түріктер”, ал “дунху” деп аталатын халықты “моңғолдар”
деп қабылдау заңдылыққа айналған. Қазір бұған ешкім де күдіктенбейді.

Менің пайымдауымша, тарихшылардың сиуңну халқын “түріктер” деп
қабылдауына мынандай төрт себеп негіз болған тәрізді: біріншісі –
зерттеушілердің еуропалық таным түсінікпен скиф-сақ халықтарын бірыңғай
үнді-еуропа тілінде сөйлеген халықтар деп қабылдап, түрік тектес
халықтардың ата-тегін тек Орталық Азиядан ғана іздеуі; екіншісі – сиуңну
халықтарынан қалған деп танылған ондаған көне сөзді тілші ғалымдардың
бірауыздан түрік тіліне жатқызуы, яғни сиуңнулар түрік тілінде сөйлеген
деген қорытындыға келуі; үшіншісі – Н.Я.Бичурин айтатын “Азия
тарихшыларының” (Рашид ад-Дин, Хондемир, Әбілғазы және т. б.) даланың
ауызша тарихының дерегіне сүйене отырып, шежіре таратқанда Түрік ханның
кейінгі ұрпағы Оғыз ханның іс-әрекеті (Абульгазы Баһадур-хан. Родословное
древо тюрков. М-Т.-Б. 1996., стр. 18-21-б.) мен сиуңнудың атақты чәниүйі
Маудунның (Мөденің) бүкіл іс-әрекетінің (“Хән кітабы. Қараңыз: Сиуңну. Ал.
1998., 32-34 б.) бір-бірімен дәл келуі. Екеуі де әкелерін өлтіріп таққа
отырады, содан кейін екеуі де әуелі шығыстағы, сонсоң батыстағы көршілерін
жаулап алады, осыдан кейін екеуі де Қытайға шабуыл жасайды... Бұған жалғаса
береді. Осыларға қарап, Азия тарихшылары дерегіндегі Оғыз хан мен қытай
жазбалары дерегіндегі Маудун чәниүй екеуін бір адам деген пікірлердің
айтылуы;
төртіншісі – Осы Оғыз хан мен Маудун чәниүйдің кейінгі ұрпақтарының
бастан кешкен оқиғаларының да бірдейлігі. Мысалы, Оғыздың ұрпағы мұңғұлдың
Ел-ханының (Ил-ханының) билігі тұсында оның жұртын татардың Сүйініш ханы
шауып, адамдарын түгел қырғынға ұшыратады. Осы қырғыннан аман қалғандар бір
тауға қашып барып, оның адам аяғы жете бермейтін, жан-жағын биік шыңдар
қоршаған кең алқабын тауып, сонда тұрақтайды. Олар бұл жерді “Ергене-көң”
(дұрысы: “Ергенек-көң” болуы керек. – Қ.С.) деп атап, осында 450 жыл өмір
сүріп, әбден өсіп-өніп үлкен күшке айналған соң, сыртқа шығып, басқа жұртқа
танылады.

Осындай оқиға сиуңнудің чәниүйі Маудунның ұрпағы Үйчүйжиән (Ючйчугянь)
чәниүйдің де басынан өтеді. Оның елі де түгел қырғынға ұшырап, содан аман
қалғандары бір тауға қашып барып, сонда өсіп-өніп, кейін күшті елге
айналады.
Шығыстанушылар, міне, осы оқиғаны сабақтастыра қарап, екеуін бір
халықтың бастан кешкендері деп тауып, әлгі тауға қашып барып паналағандарды
кейін құрылған жалпыға белгілі Түрік қағанатының шаңырағын көтерушілердің
ата-тегі деп таниды. Бұған қытай тарихнамаларында нақты көрсетілген
жылдардың, яғни Үйчүйжиән чәниүйдің елі қырғын тапқан 93 жыл мен Түрік
қағанаты құрылған 552 жылдың аралығында өткен уақытпен Әбілғазы Баһадүр
ханның дерегінде көрсетілген уақыттың шамалас келуі де (552-93=459) себепші
болады (Абульгазы. 1996. 27-29 б.; Бичурин Н. Я. Собрание сведений о
народах... Стр. 128-129).
Осылардың бәрін сараптай келіп, қытай дерегіндегі “сиуңну” деп
аталатын халықты кейінгі зерттеушілер “бүгінгі түрк халықтарының ата тегі
(прототюрк)” деген қорытындыға келеді. Осы тұжырым ғылыми зердеден өтіп
сұрыпталған, тарихи ақиқаты анықталған тұжырым есебінде ресми тарих
ғылымына еніп, орнығады. Сондықтан қазір тарихшылардың бәрі сиуңнуларды
түріктер деп түсінеді, еңбектерінде солай деп жазады. Оған әзірге күдік
келтіріп, күмәнданып жатқан да ешкім жоқ.
Обалы не, қытай тарихнамаларындағы көшкіншілерге қатысты көне
деректерді, өзі айтатын Азия тарихшыларының еңбектеріндегі деректермен
салыстыра зерттеген Н.Я.Бичурин “сиуңну” мен “мұңғұлдың”, сол секілді
“дунху” мен “татардың” да бір халық екеніне ешқандай шәк келтірмейді. Осы
сенімнің ықпалы болуы керек, Н.Я.Бичурин кейін мұңғұл хандығы құлағанда,
оның жұртында қырғыннан аман қалған аз ғана адамның қашып барып, Алтай
тауының өздері “Ергене-көң” деп атандырған бір қуысын паналап, сонда төрт
жарым ғасырдай болып, өсіп-өнгендер “осы қуыстан шыққан соң, Тугю Үйінің
(мемлекетінің) негізін қалады” деген жаңсақ пікір айтады (Бичурин Н.Я.
1950. стр.226.).
Міне, Н.Я.Бичуриннің осы жаңсақ пікірін сол күйі шындық деп қабылдаған
қазіргі зерттеушілер Ергене-көңнен шыққандарды ортағасырлық түрктердің ата-
бабалары деп тарихқа енгізеді. Соған байланысты қазір тарихта “ортағасырлық
түрктердің шыққан жері – Алтай, әйгілі Түрік қағанатының шаңырағын
көтерушілер – осы Ергене-көңнен шыққандар” деген тұжырым тарихи ақиқат
ретінде орнықты. Алайда, мұның бәрі тарихи шындыққа кереғар, кезінде Н. Я.
Бичуриннің жаңсақ түсінігінен кеткен қате тұжырым еді.
Бичуриннің бұлай ой түюіне, біріншіден, тугюлердің (түріктердің) ата-
бабасын таудың бір қуысынан шығаратын көне қытай жылнамаларындағы аңыз
деректерінде айтылған жаймен сиуңнулардың қырғын табатын оқиға­сының үндес
келуі себеп болса, екіншіден, Солтүстік Сиуңну мемлекетінің жаңаша жыл
санаудың 93 жылы құлағаны мен Тугю Үйінің (Түрк мемлекетінің) 552 жылы
шаңырақ көтергенінің арасында 459 жыл өткені жөніндегі қытай жазбаларындағы
деректің татардың Сүйініш ханының қырғынынан аман қалған мұңғұлдардың
Ергене-көңге барып паналап, содан кейін өсіп-өнгендердің тау қуысынан
шығып, төңірегіне қайта танылғанының арасында 450 жыл өтті дейтін “Түркі
шежіресіндегі” дерекпен шамалас келуі еді. Айырмасы 9-ақ жыл!
Түрік қағанатының негізін қалаушылар – Ергене-көңнен шыққандар деген
түсініктің қазіргі тарихқа еніп, орнығуы, міне, Н.Я.Бичуриннің осы қате
тұжырымынан басталады. Солай дей тұрғанымызбен, әділдігіне жүгінсек, бұл –
Бичуриннің де қатесі емес, кейінгі біздің қатеміз. Себебі, Н.Я.Бичурин еш
жерде Ергене-көңнен шыққандарды түріктер демейді, керісінше, Ергене-көңге
барғандарды да, одан шыққандарды да мұңғұлдар дейді, сол секілді олардың
құрған мемлекетін де “Түрк қағанаты” демейді, “Тугю Үйі” дейді. Өйткені, Н.
Я.Бичурин ол кезде қытай жазбаларындағы “Тугю Үйі” дегеннің қазіргі таңдағы
бәрімізге белгілі Түрік қағанаты екенін білген жоқ. Бір Бичурин ғана емес,
қытай дерегіндегі тугюдің “түрік” екенін ол кезде әлем тарихшыларының бір
де біреуі білмейтін. Тугюдің “түрік” екені ХІХ ғасырдың аяғында, дәлірек
айтқанда, 1893 жылдың қараша айының 25-і күні атақты дат ғалымы Вильгельм
Томсен түріктің руникалық жазуының оқылу кілтін тапқаннан кейін, яғни Н.Я.
Бичурин өлген соң 40 жыл өткеннен соң ғана белгілі болды. Сондықтан да Н.
Я. Бичурин қытайша берілген осы “тугю” атауын өз түсінігі бойынша мұңғұлдың
“дулы­ға” (тукюе) деген сөзі деп жобалап, оны Азия тарихшыларының “Ергене-
кө­ңімен” мағыналас деп ұғады. (Бичурин Н.Я. “Собрание сведений о
народах...” М. – Л. 1950., 226-227-б.). Осыдан келіп ол “Тугю Үйі” дегенді
жа­ңаша жыл санау бойынша 93 жылы құлаған қытай жазбасындағы Солтүстік
Сиуңну мемлекеті мен Әбілғазы, Хондемир еңбектеріндегі Мұңғұл хандығының
орнына пайда болған мұңғұлдардың жаңа мемлекеті­нінің атауы деп пайымдайды.
Сөйте отырып, шындықтың олай болмауы керектігін ішкі түйсігі арқылы
сезінген ғалым: “странно, что в монгольском языке нет слова тюрки; а
персидский историк (Хондемир – Қ.С.), произво­дя монгольских владетелей от
Тюрка, называя их владения Тюркистаном, самих монголов не называет тюрками
и разделяет сей народ на татар и монголов” деп, өзі бұған кәдімгідей күдік
келтіреді (сонда, 227 б.). Бірақ біз Бичуриннің бұл күдігіне де, сондай-ақ
Әбілғазының Ергене-көңге барғандарды “мұңғұлдар” деп атап көрсеткенін де
және олардың содан шыққандағы билеушісі – “Бөрте Чино деген кісі еді”
дегеніне де қараған жоқпыз. Сондай-ақ “Түрік қағанатын құрушылардың аталары
тау қуысынан шықанда олардың билеушісі – Асиән-шы деген адам еді” (Бичурин
Н.Я. 1950. стр. 221.) деп ашып жазып отырған қытай тарихнамасы дерегін де
көзге ілмедік. Абай айтқан “адасқанның алды жөн, арты соқпақ” дегеніндей,
өзіміздің адасқан бағытымызды жөн көріп, бар деректің бәрін белінен бір-ақ
басып, “ортағасырлық түріктердің шыққан жері – Алтай”; “Түрк қағанатының
шаңырағын көтерушілер осы Ергене-көңнен шыққандар” деген тұжырымды тарихқа
енгіздік те жібердік. Ең ғажабы, неге олай істегеніміздің себебін айтып
түсіндірген де жоқпыз.
Ал тарихи шындық басқаша, бұған керісінше болатын. Сөз болып отырған
екі оқиғаның (көршілерінің тосын шабуылынан қырғын тауып, аман
қалғандарының бір тауға қашып барып паналап, сонда өсіп-өнетіндерінің)
ұқсастығынан басқа мұнда ешқандай ортақтық жоқ. Екі дерек екі басқа оқиғаны
баяндайды. Уақыт жағынан алғанда да бұлардың (екі оқиғаның) арасында үлкен
алшақтық бар. Қытай дерегіндегі Сиуңну (дұрысы: Солтүстік Сиуңну) мемлекеті
мен Әбілғазы дерегіндегі Мұңғұл хандығының күйреуі, жоғарыда айтқанымыздай,
жаңаша жыл санаудың 93 жылы болған. Мұндағы қырғыннан аман қалғандар қашып
Алтай тауына барып, “Ергене-көң” деген жерді паналайды. Бұл жөнінде “Соғы
Хан кітабы” (“Хыухәншу”) мынандай дерек береді: “(Юн-Юань билігінің)
бесінші жылы (93 ж.) Үйчүйжиән көтеріліс жасап, солтүстікке оралды. Патша
(император) әскери кеңестің бастығы Ваң Фуға (сиуңнудың приставы) Жін
Шәнмен бірге мың атты әскер алып, оларды қууға жіберді. Олар чәниүйді
оралуға үгіттеп бақты. Ақыры оны өлтіріп, әскерін (елін) қырып тынды”
(Сиуңну (Хән кітабынан). А. 1998. , 130-б. Бичурин Н. Я. ,1950. 128-129
б.). Осымен Солтүстік Сиуңну мемлекеті өмір сүруін біржола тоқтады.
Әбілғазы айтып отырған Ергене-көңнен шыққандар, міне, осы қырғыннан
аман қалып, өсіп-өнгендер. Олардың Ергене-көңнен шыққандағы билеушісі Бөрте
Чино – қытай дерегіндегі осы Үйчүйжиән чәниүйдің тікелей ұрпағы. Әбілғазы
оны Ел хан (Ил хан) дейді. Демек, Рашид ад-Дин мен Әбілғазылар да, қытай
тарихшылары да бір оқиғаны айтып отыр. Бірақ оның Түрік қағанатының
шаңырағын көтерушілерге түк қатысы жоқ. Кімнің кімнен тарағанын нақты ашып
берген “Монғолдың құпия шежіресінің” дерегі бойынша да мұңғұлдардың сол
кездегі билеушісі Бөрте-чино. Ал ол – кешегі ХІІІ ғасырдағы Моңғол
империясының негізін қалаған, “Шыңғыс хан” деген қаһарлы есімімен әлемге
әйгілі болған Есукейұлы Темучиннің жиырма екінші атасы. (Егер Бодыншарды
Бөрте-чиноның ұрпағы десек. Қ.С.).
Ал Түрік қағанатының негізін қалаушылардың ата-бабаларының қырғын
табуына келсек, бұл – жаңағы сиуңну-мұңғұлдардың қырғын табуынан үш жарым
ғасыр кейін, дәлірек айтсақ, жаңаша жыл санаудың 439 жылы болған оқиға.
Бұдан аман қалғандар Алтайға емес, Гаушанның (Гаочанның) батысындағы Алтын
тауға барып паналайды. Ол жөнінде: “Сүй кітабы” (“Сүйшу”) мынандай дерек
береді: – “Түрктердің арғы атасы Пин-лианда аралас-құралас (көшіп-қонып
жүрген) хулардан еді. Оны “Ашына” (Ашина) деп атаған. Кейін Вей
патшалығының Тай-ву (424-451ж. ж.) патшасы Жүйчүйді талқандаған соң, Ашына
500 үйлі жанды ертіп, жыужәндарға қашып барып, Алтын тауды мекендеді”
(Түрктер. Жыужәндар. Ал. 1999. 30-б.). Мұны “Жыу кітабының” деректері де
құптайды.
Бұдан Түрік қағанатының негізін қалаушылардың аталарының Алтайға емес,
Алтын тауға қашып барғаны анық көрініп тұр. Алтын таудың Гаушанның терістік
батысында орналасқанын “Сүй кітабы” да, “Жыу кітабы” да ашып жазған. Демек,
оның Алтайға түк қатысы жоқ. Ал “Ергене-көңнен” шыққандар Алтай тауына
барып паналаған.
Міне, осындай нақты деректермен негізделген басы ашық шындықты
мойындамай, түпкі бастауы бір болғанымен, өскен өрісі бөлек, тағдыры
ортақтас болғанымен, таралып танылуы бөлек екі халықты ендігі жерде бірін-
біріне сапырылыстырып, қойыртпақтай берудің ешқандай қисыны жоқ. Мұңғұлды
“түрік” деп шатыстыруымыз бәйтеректің діңін бұтағымен шатыстырып, діңі
қайсы десе, бұтағын; бұтағы қайсы десе, діңін көрсеткенмен бірдей, қолайсыз
дүние. Өйткені, түрік – түрк тектес халықтардың діңі, ал бұл арада сөз
болып отырған мұңғұл мен татар сол діңнен тараған көп бұтақтардың бірі
ғана. Ендеше халқымыздың шығу тегін іздегенде бүгінгідей сырт жұрттың
өзімшіл өктемдігімен зорлап таңып, қалыптастырған қате түсінікпен қытай
дерегіндегі “сиуңну” деп аталатын халықты түп негізіміз “түрік” деп танып,
өсіп-өнген діңімізді өзінен өнген көп бұтақтың бірімен шатыстырған
тірлігімізге сын көзбен қарап, жалған таным тәуелділігінен арылар күн жетті
деп білеміз. Төл тарихымызға төл танымның ақиқатымен қарау парыз. Сонда
ежелгі қытайлықтардың көне заманда мұңғұл атауын аударып, өз тілдерінде
“сиуңну” деп алғанын біліп, оны қазіргі ресми тарихта еш негізсіз, ешқандай
ғылыми дәлелсіз “ғұн” деп атап жүргеніміздің қате екенін де ажыратуға
мүмкіндік туады. Сиуңну атауының баламасы ғұн емес, мұңғұл! Ал мұны
ажыратудың төл тарихымызды өз болмысында танып-білу үшін өте маңызды екені
даусыз.
Осыған орай, ұғым нақтылығы үшін еске сала кететін бір нәрсе, әу баста
мұңғұл халқы да, татар халқы да түрк тілінде сөйлегенімен, түрк тектес
болмаған, сырттан келіп сіңісіп кеткен кірме халықтар секілді. Олар кейін
Түрік мемлекетінің құрамына еніп; соларға кірігіп түріктеніп кеткен болса
керек. Мұны, басқаны айтпағанда, олардың ежелгі Түрік мемлекеті ыдырағанда
алдымен бөлінуі де, сондай-ақ осы екі халықтың халықтық атауларының шығу
төркіні (этимологиясы): мұңғұлдың “мұңды құл”, “түнерген құл” (Әбілғазы),
татардың “бөтендік”, “бөтендер” (Қашқари, Баскаков) деген мағынаны
білдіретіні де дәлелдей түседі. Көшкіншілер қанша жерден өзара жауласып,
бірін-бірі шауып жатса да, өз тектестерін құл демеген.
Осыларды екшей келіп, ой қорытсақ, қытай тарихнамаларында берілген
“сиуңну” деген халықтық атауды ежелгі мұңғұл атауының тікелей аудармасы деп
тану тарихи ақиқатқа жол ашу болмақ. Мұнымыздың дұрыстығын орыстың әйгілі
шығыстанушысы Н. Бичуриннің сиуңнуді “злый невольник” (Бичурин Н.Я. 1950
стр. 39) деп аударуы да, Әбілғазының мұңғұлды “түнерген құл” (Абульгазы
Баһадур-хан. Родословное древо тюрков. М-Т-Б. 1996., стр. 17) деп
түсіндіруі де құптап тұрғандай. Демек, бұл да өз тарапынан осы күнге дейін
әрқайсысының оқшау тарихын жасап келген сиуңну халықтары мен мұңғұл
халықтарының негізі ортақ бір халық екеніне, қытай тарихнамаларындағы
сиуңну деген халықтық атаудың баламасы түрік те, ғұн да емес, мұңғұл
екеніне куәлік береді. Осыған байланысты ендігі жерде ресми тарихтан мықтап
орын тепкен, шынайы халықтық атауға түк қатысы жоқ, моңғолдың “кісі”,
“адам” деген мағына білдіретін “ғұн” атауын өзгертіп, халықты өзінің
бұрынғы төл атауымен “мұңғұл” деп атасақ, оның ешқандай айып-шамы болмауға
тиіс. Ал бұл, түптеп келгенде, зерттеушілеріміздің қалыптасқан қағида
шеңберінен шығып, түрк халықтарының төл тарихын өз болмысы тұрғысынан танып-
білуіне мүмкіндік туғызар жаңа ізденісіне кең жол ашу болмақ.

4. Қазіргі моңғолдар

Сиуңну империясының іштей ыдырап, өзара Оңтүстік Сиуңну және Солтүстік
Сиуңну мемлекеттеріне бөлініп кеткені тарихтан белгілі. Кейін соның
оңтүстіктегілері түгелдей қытайланып кеткенімен, солтүстіктегілері
тәуелсіздігі үшін бір жарым ғасыр уақыт арыстанша алысып, ақыры қытайлықтар
мен сиәнбиліктердің біріккен күшінің соққысына төтеп бере алмай, қазіргі
Тарбағатай тауының төңірегінде күйрей жеңіледі. Жеңілген Солтүстік Сиуңну
мемлекетінің чәниүйі жанында қалған аз әскерімен батыс жаққа ығысады. Нақты
қайда кеткені белгісіз, ол жөнінде дерек көздерінде ештеме жазылмаған.
Бұдан әрі тек қашқан чәниүйдің інісі, мемлекеттің батыс жағының билеушісі
(лули-бегі) Үйчүйжиәннің өзін “чәниүймін” деп жариялап, қарамағындағы
елімен Баркөлдің (Пулыйдың) жағасына келіп қоныс тепкені ғана айтылады.
Үйчүйжиән осы арадан Хән империясымен байланысқа шығып, бодандықты
мойындайды. Бірақ көп ұзамай, оны императормен табыстырып, араға дәнекер
болып жүрген ұлы қолбасшы Дыу Шиән қайтыс болады да, империяның сиуңнуларға
деген көзқарасы кілт өзгереді. Сол себепті Үйчүйжиән көтеріліс жасап,
солтүс­тікке қайта оралады.
Сиуңнулардың солтүстікке кеткенін естісімен, осы кезде бар билікті өз
қолына алған, қайтыс болған император Су-зунның жесірі Дыу Тай-хыу әскери
кеңестің бастығы Ваң Фуды сиуңнудың пристав Жін Шәнмен бірігіп, теріскейге
көшіп кеткен Үйчүйжиән чәниүйді жазалауға аттандырады. Олар чәниүйді қайта
оралуға үгіттеп бағады, бірақ айтқандарына көндіре алмайды. Содан соң
Үйчүйжиәннің өзін қапысын тауып өлтіріп, елін қырып салады. Сөйтіп Юн-юань
билігінің бесінші жылы, яғни жаңаша жыл санаудан кейінгі 93 жылы Солтүстік
Сиуңну мемлекеті жеке мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатады.
Ұзақ тарихты қысқаша қайырғанда, қазіргі моңғолдардың тарихы, міне,
осы кезден, 93 жылғы қытайлықтар жасаған қырғыннан аман қалған сиуңнулардың
қашып барып, Алтай тауының кең жазықты жайылымы бар бір қуысына паналаған
кезінен басталады. Бұл жерді Шығыс тарихшылары “Ергене-көң” деп атайды.
Мұңғұлдар осы жерді төрт жарым ғасырдан астам уақыт мекен етеді.
Ресми тарих ғылымы осы Ергене-көңнен өсіп-өніп шыққандарды кейін,
жаңаша жыл санаудың 552 жылы Орталық Азияда шаңырақ көтерген әйгілі Түрік
қағанатының негізін қалаушылардың атасы деп таниды. Бірақ біз мұны
еуропалық таным-түсінік бойынша жасалынған қате тұжырым деп білеміз. Оның
неге қате екенін жоғарыда нақты деректер арқылы шамамыз келгенше жан-жақты
дәлелдегендей де болдық. Енді оны қайталаудың қажеті жоқ.
Ергене-көңнен шыққандар – ежелгі мұңғұлдардың, яғни сиуңнулардың
ұрпақтары, кейінгі Моңғол елінің билеуші әулеті. Екінші Шығыс Түрік
қағанаты дәуірлеген кезде олар осы қағанаттың құрамына еніп, солардың бодан
халықтарының біріне айналады. Егер тарихи шындыққа жүгінер болсақ, Ергене-
көңнен шыққандардың және оның кейінгі ұрпақтарының Түрік қағанатының
негізін қалаушыларға қатысы бар болса, ол осы бодан болуы ғана.
Түрік қағанатының негізін қалаушылар – ежелгі қыпшақтардың ұрпақтары,
ал Ергене-көңнен шыққандар – ежелгі мұңғұлдың ұрпақтары. Рас, мұның екеуі
де түрік текті тілдес халықтар. Осыған қарап, тарихи сабақтастықты үзбеу
үшін Ергене-көңнен шыққандардың тарихын ерекшелеп бөлмей-ақ, ежелгі
мұңғұлдар (сиуңнулар) тарихының жалғасы ретінде қарастыра беруге де болар
еді. Бірақ нақтылық тұрғысынан алғанда, бұл шындыққа дәл келмейді. Өйткені
бұл ретте сабақтастық халықтық атау (этноним) тұрғысынан жалғасқанымен,
халықтың этникалық құрамы жөнінен келгенде кірікпей, біраз өзгешеліктерге
ұшырайды. Атап айтқанда, ежелгі мұңғұлдар (сиуңнулар) бірыңғай түрік текті
халықтардан құралса, кейінгі моңғолдар мұңғұл (Ергене-көңнен шыққандардың
ұрпағы. – Қ.С.), татар және тунгус-мәнжур тайпаларынан құралады. Осыған сай
бұлардың ежелгі мұңғұлдардан (сиуңнулардан) тіл ерекшеліктері де
айтарлықтай бөлек. Кейінгі моңғолдардың байырғы тарихын жан-жақты үңги
зерттеген Н.Я.Би­чуриннің: “... происхождение монгольского народа и Дома
Монгол (Моңғол мемлекеті. – Қ.С.), от которого сей народ получил народное
название, суть две вещи совершенно различные между собою” (Бичурин Н.Я.
1950. стр.380.) деген тұжырымға келуінің де негізі осында. Содан да болар
Ергене-көңнен шыққаннан кейін де олардың елі дерек көздерінде бірнеше ғасыр
бойына моңғол деген өз атауымен аталмаған, басқа атаумен басқа халықтардың
құрамында жүрген. Олар тек ХІІ ғасырда Бөрте – чиноның жиырмасыншы ұрпағы
Байшынқор –көкжалдың баласы Тумбинай – шешеннің жеті ұлының бірі – Қабуыл
қағанның тұсында ғана “Хамаг моңғол ұлысы” (“Жалпы моңғол ұлысы) деген
атаумен көрінеді. Моңғол халқының этноқұрамын саралай көрсеткен Рашид ад-
Диннің: “Народности, которых в настоящее время называют монголами, однако в
начале их название ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер
Қыпшақ хандығы
Үндістан тарихы
Яссауи мұрасы
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Мүшел есебі
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәлімет
Пәндер