Монолог және оның түрлері, функционалдық, стилистикалық қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5

І Тарау Кейіпкер бейнесін берудегі монологтың рөлі
1.1 Әлемдік әдебиеттану ғылымында монологтың зерттелуі ... ... ...6.9
1.2 Шығарманың тілдік композициясын құрайтын тұтастықтар ... .10.22
1.3 Көркем әдебиеттегі монологтың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.29

ІІ Тарау Монологтың түрлері және олардың өзіндік ерекшеліктері
2.1 Ішкі монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.36
2.2 Хабарлау түріндегі монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37.39
2.3 Драмалық монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40.42
2.4. Лирикалық монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.48
2.5 Шешендік монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49.54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55.56
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Монолог және оның түрлері, функционалдық, стилистикалық қызметі

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті

Студент: Бердіқұлова Жанар

Ғылыми жетекші: Бердібай Шалабай

Қорғауға жіберілді

“ ” 2007ж.

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д., профессор Б.Шалабай

Алматы 2007ж.
Диплом жұмысының жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

І Тарау

Кейіпкер бейнесін берудегі монологтың рөлі

1.1 Әлемдік әдебиеттану ғылымында монологтың зерттелуі ... ... ...6-9
1.2 Шығарманың тілдік композициясын құрайтын тұтастықтар ... .10-22
1.3 Көркем әдебиеттегі монологтың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-29

ІІ Тарау

Монологтың түрлері және олардың өзіндік ерекшеліктері

2.1 Ішкі
монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30-36
2.2 Хабарлау түріндегі
монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37-39
2.3 Драмалық
монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..40-42
2.4. Лирикалық
монолог ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...43-48
2.5 Шешендік монолог
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49-
54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 55-56

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
7

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Көркем әдебиеттегі кейіпкер психологиясын ашуда
көркемдік бейнелеу тәсілдерінің, оның ішінде монологтың алар орны айрықша.
Осы орайда, монологтың көркемдік қызметін ашудың маңызы зор деген тұжырымға
келеміз.
Бұл мәселе Б. Майтановтың, Г.Т.Шоқымның, Х.Кәрімовтың, М.Серғалиевтің,
Б.Шалабайдың зерттеу еңбектерінде біршама зерттелді.
Аталған еңбектерде монологтың қызметі, оның түрлері түбегейлі
көрсетілген жоқ. Сол ерекшеліктерді нақтылы тілдік фактілер арқылы арнай
зерттеу диплом жұмысының өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны. Дипломның басты нысаны етіп көркем шығармалардағы
тілдік материалдар алынды. Монологтың түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін
дәлелдеу мақсатында қазақ ақын - жазушыларының шығармаларын пайдаландық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты –
монологтың түрлері: ішкі, сендіру, драмалық, лирикалық, әңгімелеу түріндегі
монологтың жасалу жолдарын айқындап, стильдік тұрғыдан зерттеп, талдау.
Осы мақсатта мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- тілдік тәсілдердің мағыналық ерекшелігін талдау.
- кейіпкер психологиясын ашудағы тілдік-стильдік қызметін таныту.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы
Көркем әдебиеттегі монологтың түрлерінің көркем бейне психологиясын
ашу жолындағы көркемдік табыс есебінде лингвистикалық стилистика тұрғысынан
арнайы қарастырылып, олардың ерекшелігі мен өзгешелігі ажыратылып ашылды.
Әдеби шығармадағы монологтық тәсілдер жүйелі, ғылыми негізде сипатталады.
Зерттеудің әдістері мен материалдары.
Монологтың түрлерінің өзіне тән ерекшеліктерін айқындау мақсатында
өзара салыстыру әдісін, материалын түйіндеп, тұжырымдауда жүйелеу, талдау,
сипаттау әдістері қолданылады.
Жалпы көркемдік тәсілдер, оның ішінде монолог мәселесі қарастырылған
Л.Гинзбург, Л.С.Выгодский, М.М.Бахтин, В.В.Виноградов, Т.Г.Винокур,
М.Н.Кожина, Б.Майтанов, Х.Кәрімов, Б.Шалабай, Г.Шоқым т.б. тілші
ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алында.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Соңында пайдаланылған әдебиет тізімі берілді.
Дипломның негізгі мазмұны.
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, нысаны, зерттеудің мақсаты мен
міндеттері, теориялық және практикалық маңызы мен зерттеу әдістері және
т.б. мәселелер сөз болады.
Бірінші тарауда Монолог жайлы түсінік оның зерттелуі, монологтың
түрлерінің стильдік мәні сараланады.
Ізденушінің көркем шығармадағы монологтық тәсілдерді теориялық жағынан
зерттеп, оларды мысалдармен дәлелдеуі жұмыстың негізгі өзегі болып
табылады.
Екінші тарауда монологтың түрлеріне жеке-жеке тоқталып, ондағы тілдік
тәсілдердің қолданылуы стильдік тұрғыдан қарастырылады.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жинақталып, тұжырымдалып
берілді.

1.1 Әлемдік әдебиеттану ғылымында монологтың зерттелуі

Көркем проза адам психологиясының ішкі иірімдерін, күрделі де терең
ойлау жүйесін, сана мен сенім арпалыстарын ашу арқылы идеялық-эстетикалық
ізденістердің жаңа жолдарын айқындады. М.Әуезов: ...Орыс жазушыларында
анық сүйенетінім: Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма
ақтарғандай ақтармаған соң, жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға психология
араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы, [1. 129б.] -
деп тегін айтпаған. Монологтың кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік
қызметінің өзі міне осында, адам жанының сырт көзге сезіліп байқала
бермейтін ішкі қоймаларын, құпия-қалтарыстарын, жұмбақ-сырларын шынайы да
сенімді түрде бейнелей білуде жатса керек. Белгілі теоретик
Л.С.Выготскиийдің дәлелдегеніндей, шығарма мазмұнын өз ой-санаңнан, жан
дүниеңнен өткізіп, терең сезінбей, оны түсініп білу, яғни өнерді
психологиясыз тану екіталай[2. 23б.]. Жоғарыда айтылғандардан туатын
қорытынды көркем әдебиеттегі монолог тәсілін, оның кейіпкер психологиясын
ашудағы көркемдік қызметін арнайы зерттеудің зор мәні бар екенін
айқындайды.
Әдебиеттану терминдерінің түсіндірме сөздігінде монологқа былай
анықтама берілген: Монолог сөйлету (грекше – monologos, mono-бір, logos-
сөз) драмалық шығармалардағы, сондай-ақ әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің
ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі .
Монолог кейіпкердің өзі сырласқандай ойланып-толғанғандай болып айтатын
сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген
болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың
мағынасындағы сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін, психологиясын терең ашып
көрсетуге ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып,
оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай-күйі айқын аңғарылады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы ғана емес, жалпы әлемдік, бұрынғы
одақтық әдебиеттану ғылымында да тек соңғы кездерде (60-70ж.) көңіл
бөлініп, жүйелі зерттеле бастаған психологизм, психологиялық талдау өнері,
оның ішінде ішкі монолог пен ой ағысы тәсілдерінің көркемдік қызметі
бүгінгі таңда Майтановтың, Пірәлиеваның еңбегінде көрініс тапқан.
Әдебиеттану ғылымына келелі бір тақырып болып енген психологизм, ішкі
монолог мәселесінің зерттелуі батыста модернистік бағыттағы жазушылар
(М.Пруст, Дж.Джойс, Ф.Кафка т.б.) өмірге әкелген ой ағысы (поток сознания)
тәсілі мен орыстың реалистік әдебиетінде (Л.Толстой, Ф.Достоевский т.б.)
бой көрсеткен ішкі монолог тәсіліне тікелей байланысты. Бұл төңіректегі
ғылыми теориялық пікір орыс әдебиетінде тұңғыш рет Н.Чернышевскийдің ,
Л.Н.Толстой творчествосына қатысты 1856 жылы Современниктің 12 кітабында
жарияланған Детство. Отрочество. Военные рассказы деген мақаласынан
бастау алса керек. Осы мақалада алғаш рет Жан қозғалысы (диалектика
души), ішкі монолог деген терминдер қолданылады. Ал, Ф.Достоевский
шығармаларын теориялық тұрғыдан талдау барысында белгілі теоретик М.Бахтин
[5. 54б.] әдебиеттану ғылымына полифониялық роман жанры және екіұдайылық
(двойственность), екі дауысты сөз (двухголосое слово), ішкі диалог
(внутренний диалог), адам ішіндегі адам (человек в человеке) т.б. секілді
тың терминдер мен жаңа ұғым, түсініктер ендірді.
Негізі, полифония – грек сөзі. Ол – көп үнділік, алуан әуезділік
мағынасын білдіретін музыкалық термин. М.М.Бахтин бұл ұғымды әдебиеттану
ғылымы тұрғысынан тың ой елегінен өткізіп, өзінің Проблемы творчество
Достоевского (1929) атты еңбегінде ғылыми айналымға енгізген.
М.М.Бахтиннің түсіндіруінше полифония ұғымы дәстүрлі монолог типінен
түбегейлі өзгеше жаңа жанр – полифониялық романның және суреткерлік ойдың
айрықша типін анықтайды. Әлем әдебиетінде ішкі монологтың дәстүрлі
монологтан дербес бөлініп, мән- маңызының күрделенуіне және оның жаңа түр,
жұрнақ белгілерінің көрініс табуына сондай-ақ, ой ағысы тәсілінің тұтас
бір категория ретінде қалыптасуына батыс әдебиетінде М.Пруст, Ф.Кафка,
В.Вульф т.б., ал орыс әдебиетінде Л.Н.Толстой мен М.Ф.Достоевкий зор үлес
қосты. Әдебиеттегі психологизм мәселесіне, оның сан алуан құбылыстарына
қатысты жоғарыда аталған ғылыми-теориялық еңбектерден басқа
А.Н.Веселовскийдің Историческая поэтика атты еңбегі мен Выготскийдің
Психология искусства дейтін зерттеу жұмысының алар орны ерекше. Бұл
салада әсіресе психологиялық прозаның алғашқылардың бірі болып зерттеген
орыс зерттеушісі Л.Гинзбургтың О психологической прозе атты
монографиясының маңызы зор. Алайда, 30-шы жылдары социалистік реализм
әдісінің өріс алуына орай идеологиялық, таптық, тақырыптық т.б. мәселелер
алдыңғы қатарға шығып кетті де, жеке адам тағдыры оның жан жүйесіндегі,
ішкі рухани әлеміндегі сезімдік құбылыстар назардан тыс қалып қойды. Соның
салдарынан психологизм мәселесі 60-70-ші жылдарға дейін жүйелі түрде
зерттелген.
Жалпы, монолог тәсілі - әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен
дамыған, дәстүрі бай, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі
зор, дербес бейнелеу құралы. Оның ғасырларға ұласқан ұлан-ғайыр тарихының
өзі адамтану ілімі өрісі ерте кезден-ақ жер басқан тірі пенделерді,
ғалымдарды ойландыра бастағаны дәлелдейді. Жұмыр жер бетінде саналы
тірішілік иесі бой түзей бастаған сәттен бастап. Адамның табиғатты тануға,
оның небір ғажайып сырларын ұғынуға, ойлау процесінде, іс-әрекетінде ерікті
және еріксіз түрде жүзеге асырылып жататын құбылыстар құпиясын сезінуге,
білуге деген талпынысы еш толастаған емес. Әсіресе адам жаны туралы алғашқы
түсініктер ежелгі адамдардың діни наным-сенімі негізінде қалыптасқан. Ол
адамның көркемдік ойлау жүйесінде, мифология, халық әдебиеті – поэзияда,
ертегілерде, сондай-ақ, діни ұғымдарда көрініс тапқан. Білім-ғылым, ой-
сананың есеюіне дейінгі балаң түсініктердің қай-қайсысы да көне әдеби
нұсқалар, халық танымы, философиясы, психологиясы т.б. бойынша толып жатқан
ғылым салалары аясында қаншама зерттелінді, келешекте әлі де зерттеле
бермек. Адамдардың ертеден-ақ ішкі сезімдерін мифтік нышандар емін-еркін
билеп, жануарларға, жалпы табиғат туындыларына бағыштап сөйлеуге, олармен
сырласып, тілдесуге, әлдебір қайыр – үміт күтуге болады деген сәбилік
сенімдері төл әдебиетімізде, әсіресе ежелгі эпостарымыз бен ертегілерімізде
қалай келісті бейнеленген десеңші. Монолог, адам баласының ішкі ойы-үні,
жан қойнауы, иірімдері, құпия сырлары, адам санасында, ойлау үрдісінде
жүзеге асатын сан алуан құбылыстар бүгінгі таңда тек әдебиетшілердің,
жазушылардың ғана емес, жалпы адамзаттану ғылымдарының (атап айтсақ,
философия, психология, медицина, тіл білімі, эстетика тәрізді әрқилы
ғылымдар тармақтарының) зерттеу нысаналарына айнала бастауы тегін емес. Осы
дәуірге дейін егжей-тегжейлі зерттеліп жан-жақты сараланды десек те,
адамзаттық мәселелердің, адамтану ілімінің бізге беймағлұм құпия-
қалтарыстары жеткілікті-ақ. Өйткені , әрбір адам өзінше бір жұмбақ әлем,
тылсым дүние болса, адамтану ілімі де, оның ішінде адамның ішкі ойын-үнін,
адам санасында жүзеге асырылып жататын сан алуан құбылыстарды зерттеу де еш
толас таппақ емес. Қоғам, өмір өзгерген сайын адам психологиясы, таным-
түсінігі, ақыл-ой, санасы да өзгеріп отырары сөзсіз.
Күні кешеге дейін шын мәніндегі нағыз психологиялық туындылар
М.Әуезовтың Абай жолы романынан бастау алады деп келген қалыпты
пікірлердің бүгін белгілі болып отырған ақтаңдақтар арқылы өрісі кеңейіп,
ғылыми көкжиегі кеңейгені аян. Өйткені ХХ ғасыр басындағы прозада қазіргі
біздің түсінігіміздей күрделі, терең мүсінделген ішкі монолог жан-жақты
көрініс бермесе де, тек осы тәсілдің сол кезеңде бой көрсетуінің өзі және
мейлінше кемел көркемдік дәрежеде байқалуы ешқайсысымызды бейжай қалдыра
алмасы анық. Оның үстіне, күні бүгінге дейін қазақ прозасында еркін
игеріліп үлгермеген ой ағысы тәсілінің М.Жұмабаев әңгімесінде (Шолпанның
күнәсінде) белгілі бір сыршылдық талап шарттарына лайық, өзін-өзі
ақтайтындай шын суреткерлік белестен көрінуін кездейсоқ құбылыс дей
алмаймыз. Мұның бәрі тәжірибе жүзінде монолог, әсіресе ішкі монолог пен ой
ағымдарының төл әдебиетімізде ұлттық санамызда, ұлттық ойлау жүйемізде тым
әріден сыздықтатып тамыр тарта бастағанын, тарихи-генетикалық тегінің
құнарлылығын көрсетеді. Біздің бұл пікіріміз – төл әдебиетіміздегі ішкі
монологтың тек бастау-түбірлеріне барлау барысында келген ой-қорытуларымыз.
Әйтпесе ішкі монолог тәсілінің , оның сан алуан жұрнақтарының (түс көру,
оны жорыту, табиғатпен тілдесу, аңдарды адамша сөйлету, тілсіз тылсым-
тасқа, мазарға сыр ашу т.б.) сонау эпостарда қылаң берген бастапқы түрлік
байлығы мен бүгінгі ой ағысы психологизмі арнасындағы ұлан-асыр
ерекшеліктерді бір өлшеммен бағалауға мүлдем болмайтыны өз-өзінен түсінікті
де.
Қазақ прозасында, оның ішінде М.Жұмабаевтың (Шолпанның күнәсі-
әңгіме), Ж.Аймауытовтың (Ақбілек-роман) психологиялық туындыларында
тұсауын кескен ішкі монолог тәсілі М.Әуезов шығармаларында дәстүрлік
жалғасын тауып, тұтас бір категория ретінде танылды. Ғасыр басындағы
әдебиетте ішкі монолог тәсілінің соны серпіліс танытып, характердің еркін
өсу мәселесіне, ой-сананың алдыңғы қатарға шығуына себеп болуы кездейсоқтық
емес. Өйткені, қоғам өзгерді, өмір жаңарды, соған байланысты жаңа адам
психологиясын түсіну мақсат болды. Ал оны тану үшін жаңа тәсіл, жаңаша
ойлау жүйесі, стильдік шеберлік керек еді. Бұрынғыдай біреуді біреудің
көзімен көру, яғни кейіпкер тағдырын, ой-арманын бір ғана автордың
баяндауында емес, енді өзіңді-өзің, өз көзіңмен көре білу алдыңғы қатарға
қойылды. Ішкі ой еркіндігіне бас иген ірі интеллект иелері, біртума
суреткерлер өздері секілді заман қамын жейтін, өз елінің тағдырын өзі
түсінуге тырысқан кейіпкер әкелді. Оған М.Жұмабаевтың Шолпаны (Шолпанның
күнәсі), Ж.Аймауытовтың Ақбілегі, Қартқожасы (Ақбілек Қартқожа),
М.Әуезовтың Абайы (Абай жолы) т.б. дәлел бола алады. Осы орайдағы
талантты сыншы-әдебиетші А.Сүлейменовтің ..интеллект өз ретінде
психологияға таңба салады, ал психология, интеллект – адамның бүгінінің,
ертеңінің көрініс ағыны – суреткер творчествосын, стилін анықтайды, -
деген сөзі біздің ойымызды нақтылай түседі. Алайда, жаңашылдық, түр, тәсіл,
т.б. іздеуде түрлі сынақтарға (эксперимент) бару, творчестволық
ізденістерге түсу, дәстүрді жүдету емес, керісінше байыту болып табылады.

Монолог деген терминді пайдалана отырып, оның тарихи-генетикалық
ерекшеліктері мен даму эволюциясы туралы алғашқылардың бірі болып пікір
айтқан ғалым Қ.Жұмалиев[7. 14б] болды. Оның Қазақ әдебиеті тарихының
мәселелері және Абай поэзиясының тілі деген зерттеулеріндегі Абай -
қазақтың бірінші психолог ақыны атты мақаласының маңыздылығы ауыз
әдебиетіндегі ішкі монологқа, олардың көркемдік ерекшеліктеріне жасаған
ғылыми талдауы төл әдебиетіміздегі психологизм мәселесін зерттеудегі игі
бастама болды. Қ. Жұмалиевтің осы мақаласындағы пікірінен кейін С.
Қасқабасов, Ш. Ыбыраев т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде теориялық
тұрғыдан дәлелденіп,өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бүгінгі көркем прозада
жан-жақты толысып ,өсіп-өркендеген монологтың түп тамыры тереңде, сонау
көне ғасырда,мифтерде, бертін келе фольклорда жатыр деген біздің ойымызға
белгілі фольклорист ғалым Қасқабасов өзінің Қазақтың халық прозасы атты
монографиялық еңбегінде айтылған пікірлер тірек бола алады. Атап айтсақ,
С.Қасқабасов: ... Адамның жаратылыстан өзін бөлмей тұрған кезде туған
көптеген мифологиялық символдар, жануарға немесе табиғат обьектісіне арнап
сөйлеуге, олармен сырласып, тілдесугеболады деген түсінік кейін көркем
фольклорға ауысып, басқа бейнелеуіштік сипат алған - деп батыл тұжырым
жасайды [8. 56б.].
Міне бұлардың бәрі монолог тәсілінің, оның сан алуан түрлері мен
элементтерінің (түс көру, табиғатпен тілдесу, санасыз жануарға жүрек жарды
сырын ашу, аңдарды адамша сәйлету т.б.) біздің төл әдебиетімізде әсіресе
эпостарда әуелден барлығын және оның тарихи-генетикалық ерекшеліктерінің
байлығын дәлелдейді.

Шығарманың тілдік композициясын құрайтын тұтастықтар

Көркем әдебиет тілін зерттеумен шұғылданушы ғалымдардың кейбірі 60-
жылдардың басында шығарма тілі мен оның стиль ерекшеліктерін
байланыстыратын дәнекер бар деген бірден-бір дұрыс қорытындыға келе
бастады. Ондай дәнекер – шығарманың тілдік композициясын құрайтын
тұтастықтар. Олар автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөз.Бұл үшеуі –
көркем шығарма тіліне талдау жасауды жеңілдететін, мазмұн мен тілдік
амалдар арасындағы тәуелділікті байқауға көмектесетін негізгі стилистикалық
категориялар. Автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөз әрбір көркем
текстің өзіндік ерекшелігін, шығарманың тілдік композициясы негізін
құрайды.
Әдеби шығармадағы автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөздің
кестеленуі, синтаксистік құрылымы, лексикалық құрамы мағыналық жағынан әр
алуан. Көрнекті ғалымдардың шығарманың тілдік композициясын құрайтын
тұтастықтарға ерекше мән беруі тектен-тек емес. Мысалы, профессор Г.Винокур
төл сөз (диалог не монолог) бен қос үнді сөзді көркем тілді зерттеудің аса
айрықша маңызды проблемасы деп қарайды.
Көркем әдебиет тілінде шығарманың тілдік композициясын құрайтын
тұтастықтардың әрқайсысына тән белгілі функция қалыптасқан. Мысалы, автор
сөзі әдетте кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын, бет- пішінін, кескін-келбетін,
өткен өмірін, күйініш-сүйінішін, пейзажды автор атынан суреттеу үшін
қолданылады.(Автор сөзі мен кейіпкер сөзі ішкі монологтың ерекшеліктеріне
тоқталғанда қарастырылған).
Ал,қос үнді сөздің қажетті де маңызды белгісі – баяндаудың объективті
бағытына кейіпкердің субъективтік бағытының қосылатындығында. Яғни, ол
авторлық баяндау мен қатысушылар сөздерінің екеуінің де белгісі бар аралық
құбылыс есепті. Өйткені, мұнда кейіпкер сөзіне тән эмоция, экспрессия,
бояу, интонация кейде толық, кейде болмашы дәрежеде көрініс табады. Автор
сөзіне ұқсас болатыны – мұндағы сөз сөйлеушінің атынан емес, автордың
(шығарма авторының) атынан ІІІ жақта баяндалады.
Дегенмен, қос үнді сөздің өзіне тән айырым белгілері бар. Айталық
кейіпкер сөзі мазмұны жағынан да, кейіпкерге тиесілі, ешкімнің ортақтығы
жоқ. Кейіпкер сөзі арқылы оның мазмұнына өз бағасын білдіруге олардың
ешқандай мүмкіндігі жоқ, автор оны төл сөзге қосақтала айтылатын ремарканың
көмегімен ғана білдіре алады. Ал қос үнді сөзде сол екеуін біріктіру,
бірден білдіру мүмкіндігі бар. Қос үнді сөзбен автор әрі кейіпкер
көзқарасын, әрі өзінің бағасын да бірден бере алады, бірақ автор
тенденциясы әрқашан жасырын түрде, салған жерден байқала бермейтін дәрежеде
болады.
Егер кейіпкер ойы, сезімі өз атынан берілсе, төл сөз түрі оқушы
назарын кейіпкер ойының жалпы мазмұнынан гөрі қалай ойлағанына, сол
мазмұнның көріну ерекшелігіне көбірек аударған болар еді. Төл сөз түрі
әрқашан да айтылғанның дәлдігіне көңіл аударады, ал қос үнді сөз
кейіпкердің дәл де толық сөзі емес, қаһарман атынан автордың топшылауы.
Оның осы ерекшелігіне ғалым – жазушы М.Әуезов та назар аударған. Ол
Қорғансыздың күнінде қолданылған қос үнді сөзден кейін мұндайлық толық
қылып ойламаса да, әрқайсысын көңілімен жүйрік аралап өтті, - деп ескерту
жасайды.
Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда: іші құсаға толып, жас жүрегі
жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын тартты.
Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына салған баласы. Еш
уақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан емес.
Жүрегінде ар-ұят та, жігер-намыс та бірге өскен. Кедейлігінен,
қорғансыздығынан басқа міні жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала – бұл күнде
сол не көріп отыр?
Әкесі өлгеннен бергі: ә, құдай, біреудің зорлығын, қорлығын
көрсетпе!, - деп тілегі қайда кетті. Бұрынғы бейнет, бишаралық былай
тұрсын, мынау көрген мазақ не? Осынша қорлау, рәсуалау не? Әуелден бергі
қазына көруіне осы қаршадай баланың не жазығы болып еді?
Бүгінгі өмір бойында құлағы естімеген зорлық, зұлымдықты көруге не
жазық қылып еді? Қандай арамдық, не бұзық құлқы болып еді? Ешбіріне жауап
жоқ. Бірақ қайда жүрсе де артынан көлеңкесіндей қалмай жүрген бір сорлылық,
бір жылау.
Осы айтылған сөздің бәрін Ғазиза мұндайлық толық қылып ойламаса да,
әрқайсысын көңілімен жүйрік аралап өтті.
Одан әрі төл сөз қолданылса, кейіпкердің іштей ойланып қана қойғанын
не сол ойдың сөз жүзінде жарық көргенін, яғни айтылғанын айрып көрсету
міндетті болар еді. Автор үшін көп жағдайда оны ажыратып жатудың қажеттігі
шамалы, кейде тіпті артық, өйткені ол екеуінің маңызы автор идеясы
тұрғысынан кейде бірдей болады. Сондықтан қос үнді сөз – ойланған мен
айтылғанның қайсысы екенін ашып көрсетпеуге мүмкіндік беретін тиімді тәсіл.

Сол сияқты қос үнді сөздің таза авторлық баяндаудан да айырмашылығы
бар. Әдеттегі автор сөзінде субъективтік екі жақтылық жоқ, біз тек одан
автор үнін, сөзін, ашық бағасын, я жай хабарлауын ғана естиміз. Бұл да
мазмұн жағынан болсын, грамматикалық формасы жағынан болсын түгелімен
автордікі. Қос үнді сөзден не кейіпкердің, не автордың мұндай айқын иелігі,
дербес меншіктілігі байқалмайды. Ол сыртқы формасы жағынан авторға тән
болғанымен, кейде тең түсіп қабысып жататын, кейде бірі басымырақ болып
келетін екі түрлі интонацияны, екі түрлі көзқарасты өз бойына сиыстырып
тұрады. Оған қаһарманның да қатысы болады. Қос үнді сөздің автор сөзі мен
кейіпкер сөзінен негізгі айырмашылығы да стилистикалық артықшылығы да
осында.
Қос үнді сөзге тән тағы бір ерекшелік, ол ІІІ жақта берілетіндіктен,
авторлық баяндау ішіне сыналай енгізіліп, жалпы баяндаудың біртұтастығын
сақтап, оның әркелкілігіне жол бермейді. Қаһарманның ойына, сезім дүниесіне
ауысу, кейіпкер сөзін қолданғандағыдай шұғыл, ара жігі ашық өзгеріс болмай,
байқаусыз, елеусіз келеді. Ғалым А.Гинзбургтің тұжырымдағанындай,
Авторское повествование плавно входит как бы этого не замечая авторлық
баяндау мен қос үнді сөздің арасы (кейіпкер сөзі мен авторлық баяндаудың
арасына қарағанда) әлдеқайда жатық болады. Ол екеуі жымдасып, қиюласып
жатады. Сонымен қос үнді сөзді әдеби шығармадағы автор сөзі және кейіпкер
сөзімен бір деңгейлес баяндау тәсілі деп толық айта аламыз.
Қос үнді сөз – кең мағыналы, көп тармақты күрделі құбылыс. Қос үнді
сөздің қолданылуы баяндауды жандандырады, әсер күшін молайтады, оны
күрделендіреді. Олай дейтініміз, қос үнді сөз қызметі шығарманың
композициялық құрылымына, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне тікелей
қатысты. Қос үнді сөз арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық
жағдайы, көңіл-күй ашылады; белгілі бір оқиғаны баяндау немесе кейәпкер
образын бейнелеу жүзеге асады. Ондайда қос үнді сөз оқиғаның, автор
көзқарасының, кейіпкер ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі
экспрессивтік – эмоциялық қырларын; модальдық реңктерін және сол арқылы
туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді. Осыған орай қос үнді сөздің
көркем әдебиеттегі стилистикалық қызметі де әр түрлі болып келеді:
1. Қос үнді сөз – психологиялық бейнелеу тәсілі. Шығарма идеясының
небір нәзік тұстары, кейде автор мақсатының басты дәні көп ретте ішкі
сөздер ағымымен бейнеленеді. Ашық тілдесулердегі тәрізді үнсіз ой
жүйелерінде де образдың даму логикасына сәйкес, психологиялық дәлелдемені
керексінетін сюжеттік – композициялық бастаулар шешімі жатады. Және де
кейіпкердің сыртқы іс-әрекетінен байқала бермейтін, бірақ сонымен желілес
жүріп жататын сана астарындағы күрделі психикалық процесс сырын бейнелеу,
т.б. қос үнді сөз көмегімен жүзеге асып отырады.
Осы арада айта кететін бір жайт: әдебиет оқулықтарында, әдебиетші
ғалымдардың ғылыми монографияларында қаһармандардың ішкі жан дүниесіне
барлау жасап, оның дүниетанымын, психологиясын бар бойымен көрсету үшін
қаламгерлердің ішкі монологты пайдаланылатыны жиі айтылады. Сондай
еңбектердің бірінде ішкі монолог турасында былай делінген: Тегінде ішкі
монологтың авторлық түрлері бар. Ішкі монологтың авторлық түрлері үш
жағдайда байқалады. Атап айтса, ішкі монолог кейпкердің ой сезімін
жеткізетін автор сөзі тұрғысында беріледі. Екінші түрі-тура автордың өз
атынан айтылған монолог, үшінші түрі кейіпкер роліне көшкен автор сөзі,
ішкі монологы ретінде көрінуі ықтимал. Бұл жерде айтарымыз ішкі монолог
пен қос үнді сөздің арасына теп-теңдік белгісін қоюға болмайды. Себебі,
ішкі монолог (внутренний монолог, внутренняя речь) – лингвистикалық
категория емес, психологиялық категория. Ол түрлі-түрлі тілдік амал-
тәсілдердің көмегімен лингвистикалық (стилистикалық) категорияға айналады.

Міне, осындай кейіпкердің ішінен айтатын сөзі, өзін-өзі іштей саралау,
ойлау ағымын, т.б. яғни, ішкі монологты автор сөзі және кейіпкер сөзімен
қоса, қос үнді сөзбен де беруге болады. Бұған көз жеткізу үшін, төмендегі
үзінділерге назар аударайық.
Жылап тұрып өз ойыма келген нәрсе, - біреуді қанша жақсы білем
дегеніммен, еш уақытта да түгел танып болмайды екенсің ғой!.. Осы шешім
менің өте жақсы белімін дейтін адамым еді. Енді, мынау жырлап жылаған
түріне қарасам, білмеген сырлары да толып жатыр екен!.. Бұған дейін, мен
бұл адамды бар тетігі аузында тұратын, ол тетігін ағытса, ішкі сарайы
түгел көрінетін, көрінген сарайының ішінде қымбаты азғантай, бары сүреңсіз,
жұқалаң кісі ғой деп бағалайтын ем. Енді байқасам, аузынан шыққан
сөздерінің бәрі әрі ақылды және бояулы, әрі жүректің терең түкпірінен
ақтарылып жатқан ыстық және шын!.. Егер жырлата берсең, осы ақылды, бояулы,
шын сырлар тасты жарып аққан қайнар бұлақтың көзіндей таусылар емес!...
Бұл – кейіпкер атынан айтылған ішкі монолог болса, енді мұны қос үнді
сөз түрімен салыстырып көрелік. Мысалы:
Бекболат Сорпа ішіп отырғанын да, су ішіп отырғанын да айдаған жоқ:
ойы бөлініп қиялы әлдеқайда отырып еді:
Ақбілек орыстардан өлі қалды ма? Тірі қалды ма? Өлі қалса, сөз де жоқ.
Тірі қалса, үйіне кеп отырса, онда не болмақ? Орыстардың талқысынан қалған
қызды бұл ала ма? Алмай ма? Дүйім елге әйгілі боп, абыройы кеткен қызды
қалай алады? Екі сөздің бірінде құрбы-құрдасы бетіне басады ғой. О бір
сүйегіне басылған кетпес таңба ғой. Бірақ құдайшылыққа келгенде Ақбілек
сорлыда не жазық бар? Өз еркімен барған емес, тағдырдың көрмесіне кез
келді. Бұл алмаса, оны кім алады? Адам да алмайды, өтпей отырған бұл басқа
біреуді алар. Онысы әлде-қандай болып шығады? Ақбілекті өзі көріп айттырып
еді ғой. Ондай қыз бұл өңірде жоқ еді ғой.
Түйіп айтқанда, қос үнді сөз ішкі монологты бейнелеуге жарайтын
тәсілдердің бірі ғана емес солардың ішіндегі ең тиімдісі.
2. Қос үнді сөз – сюжеттік-композициялық тәсіл. Қос үнді сөз көркем
шығармада белгілі бір оқиғаны баяндап, сюжеттің белгілі бір моменттерін
дамытып, сюжеттік-композициялық қызмет атқарады. Бұл жөнінде зерттеуші
ғалым Л.А.Соколова: В действительности яыление называемое термином
несобственно-авторская речь, наряду с речью автора и персонажей относится к
числу основных стилистических понятии в художественном произведении
объединяемых общим термином способы изложение содержания. Они являются
основой композиций произведения деген болатын.
Бірқатар ғылыми зерттеулерде сюжеттік-композициялық атқаратын қос үнді
сөздерді өз ішінен бірнеше топтарға жіктеп көрсетеді. Айталық,
Н.А.Кожевникова, В.Г.Фещенко көрсетуінше көркем шығармадағы қос үнді сөз
баяндау және суреттеу түрінде беріледі, ал Н.Г.Бабаликашвили қос үнділік
баяндау, қос үнділік суреттеу, қос үнділік ойталқы және аралас қос үнді сөз
деп бірнеше түрге бөліп қараған. Көркем шығармада қо үнді сөз деп бірнеше
түрге бөліп қараған. Көркем шығармада қос үнді сөз тәсілінің осындай түрлі
формаларда көрінуі жалпы проза тіліне тән ерекшелік. Бұл жөнінде ғалым
Б.Шалабаев; ... суреттеу, әңгімелеу, ойталқы – монологтық сөйлеудің
құрылымдық – стилистикалық типтерін құрайды. Суреттеу – бейнелеудің
кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеу – мезгілдік дамуы, ал, ойталқы –
логикалық дамуы. Бұлардың көркем прозада таза түрде кездесуі сирек,
көбінесе араласыпкеліп отырады, осы баяндау типтерінің ерекшеліктері, бір-
бірімен қатынасының сипаттары көркем проза тілінің дамуын белгілейді – дей
келіп, - шығарманың композициялық құрылымы осы айтылған сөйлеу формаларының
(әңгімелеу, суреттеу, ойталқы) түрліше байланысып қиысқан өрмегінен тұрады.

Сөйлеу формалары көркем прозаның композициялық – тілдік қабатының ішкі
құрылымын құраса, оның сыртқы қабатын автор сөзі, төл сөз, ортақ төл сөздің
әртүрлі типтері құрайды.
Енді жоғарыда көрсетілген белгілердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталуды
жөн көрдік.
Қос үнділік суреттеу арқылы қоршаған орта, табиғат, өмір құбылыстары
кейіпкер көзімен, кейіпкер қабылдауына сәйкес толықтай, ерекше дәлдікпен
тәптіштей сипатталады. Соған сәйкес қос үнділік суреттеудің төрт түрін
ажыратуға болады. 1. Көркемдік-динамикалық суреттеу – суреттелуші объектіге
кейіпкер көзқарасының динамикалылығы мен эмоциялылығы. 2. Көркемдік-
статистикалық суреттеу-суреттелетін жағдай және оған субъективті көзқарас
текст шеңберінде өзгеріссіз түрде бірқалыпты бейнеленеді. 3. Бағалық-
түсініктемелік суреттеу – суреттелген жағдайдан кейіпкердің субъектілік-
бағалық позициясы айқын жағдайдан кейіпкердің субъектілік-бағалық позициясы
айқын көрінеді. 4. Лирикалық суреттеу – суреттелетін жағдайға кейіпкердің
сезім-күй қатынасы.
Қос үнділік баяндау арқылы кейіпкердің күрделі ой-толғаныстары,
дүниетанымдық көзқарастары, эмоциялық жай-күйі баяндалады. Баяндау
мезгілдік ендікте орналасу ретіне қарай үш түрлі болып келеді. 1.
Ретроспективті баяндау – оқиға баяндаудан бұрын, өткен жағдайда орын алады.
Ол көбінесе шығармада кейіпкердің өткен оқиғаларды жаңғыртып қайта баяндауы
немесе есіне түсіруі ретінде беріледі. 2.Синхронды баяндау – баяндау уақыты
мен оқиға уақытының сәйкес келуіне негізделеді. Бұл кейіпкердің нақты
жағдайдағы ішкі толғаныс процестерін қамтиды. 3. Проспективті баяндау –
оқиғаның баяндау мезгілінен тыс сипатталуы. Ол кейіпкердің болашақты көз
алдына елестетуі, ой-арманы, қиялы түрінде берілуі мүмкін.
Қос үнділік ойталқы арқылы кейіпкердің түрлі мәселелерге көзқарас-
қатынасы, эмоциясы, интеллектуалдық қабілеті ашып көрсетіледі. Оның
логикалық (бірінен-бірі туындап, толығып, дамып отыратын ойталқы) және
лирикалық (кейіпкер ішкі дүниесінің эмоциялық реңкі ой дамуымен сабақтаса
көрінеді) түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Аралас қос үнді сөз – жоғарыда аталған қос үнді сөз түрлерінің бірін-
бірі толықтырып, өзара алмасып қолданылуына негізделеді.
3. Қос үнді сөз кейіпкер сезіміне әсер еткен жағдайларды, құбылыстарды
өзгелерден оқшаулап көрсету үшін, күлкінің амалы ретінде де қолданылады. Ол
қаһарман көзқарасы мен автор бағасы арасындағы алшақтық дәрежесіне қарай,
кейде зәрсіз күлкі, нәзік юмор, кейде ирония болуы мүмкін.
Қысқасы, қос үнді сөздің қолданылу мақсаты әр алуан. Қос үнді сөз
мазмұнын мұқият зерделеген ғалым Е.Я.Кусько оны былайша түсіндіреді:
Несобственно-прямая речь – сложное и разноплановое явление. В ее
употреблении переплетаются явления лингвистического,
экстралингвистического, стилистического характера. Языковая структура
нередко обусловливается психологическими факторами, психологический фактор
определяет стилистическую значимость, стилистический значимостт обретает во
многих случаях соцально-философский смысль и идеологическую ориентацию.
Сөз соңында айтарымыз: біріншіден, қос үнді сөздің көркем шығармадағы
қолданылу мақсатын сөз еткенде, бір қос үнді сөздің өзінде әртүрлі
функциялардың араласып келе беретіндігін, бірақ бірі басым болатындығын
есте ұстаған абзал. Айталық, кейіпкер мінезін ашу, сезімін бейнелеу
мақсатымен қолданылған қос үнді сөздердің қай қайсысы да сюжетті дамытып
отырады. Екіншіден, қос үнді сөз қызметі әр автордың стильдік
ерекшеліктеріне, қала берді, нақты шығарманың композициялық құрылымына және
идеялық тақырыптық мазмұнына тығыз байланысты. Қос үнді сөздің қолданылу-
қолданылмауы, жеке жағдайдағы өзгешеліктері, жұмсалу мақсатының түрлі-
түрлілігі осы тұрғыдан қаралса ғана түсінікті болады.
Қос үнді сөзді құрайтын сөйлемдер құрылымы, айтылу мақсаты және
интонациясы жағынан авторлық баяндаудан ерекшеленіп тұрады. Мұнда ұзақ
монологтық, диалогтық репликаларға тән интонацияның қай-қай түрі де
кездеседі, оның алуан түрлі реңктері бір-бірімен үздіксіз алмасып отырады.
Осыған орай, қос үнді сөз арқылы берілген мазмұнға автор мен қаһарманның
қатысы, екі үннің сиысу дәрежесі әртүрлі болатыны түсінікті.
Олай болса, қос үнді сөзді өз ішінен айтылу мақсатына қарай үш топқа
бөліп қарастырамыз. Олар:
1. Автор баяндаушы ретінде шеттеліп, зө орнын уақытша қаһарманға
бергендей болады. Бұл жағдайда кейіпкер интонациясы күштірек шығады да, қос
үнді сөз авторлық баяндаудан ерекшеленіп, жігі ашылып тұрады. Мысалы:
Мына қатынның отырысы, тұрысы, лезде бәйбіше бола қал-ғаны,
дастарқанның басына, әкесіне жақын отырғаны – бәрі де Ақбілекке ұнамай
отыр. Бұл қатынды апа деп атауға ындыны қаламай, енді не деп атарын тағы
біле алмай отыр. Бірақ, апа демеске тағы болмайды, әкесіне қатын болды.
Ол қатынға бола емес, әкесінің көңілі үшін апа деу керек. Қатын алу
әкесіне лайық болды. Әкесіне лайық болған іске Ақбілек қарсы тұруға жол
жоқ. Осылай болуға тиіс. Міне, Ақбілектің жұбанышы
2. Автор мен қаһарман үні тең түсіп, қос үнді баяндаудың субъективті
екі жақтылығын күшейті түседі. Бір сөйлемнің өзінде екі түрлі кзөқарас
жымдасып, қиысып жатады. Қос үнді сөздің бұл түрі контекске сыналай
енгізіліп, білінбей автор баяндауына айналып кетіп отырады. Мұның өзі
баяндаудың біртұтастығын сақтап, оның әркелкілігіне жол бермейді. Мысалы:
Қара күшке құрбан сорлы! Заманың әлде не болады?
Екінші ауылға жеткенде, Қартқожаны босатты. Құлақ естігенді көз
көрді... Немесе
Жалын қалай шықты, солай қасқырлардың қарасы өше берді. Өлмегенге
өлі киік деген осы да. От сөніп қалса, Ақбілектің өмірі де сөнетін еді.
Отты тапқан адамның анасынан айналсаң болмас па?
3. Қос үнді сөз авторлық баяндау ішіндегі жеке сөз немесе тіркес
түрінде келіп, автор сөзімен біртұтас синтаксистік құрылымда көрінеді. Онда
автор үні әлдеқайда басым жатады. Сондықтан әрбір жеке жағдайда қаһарманға
тәндігін айрықша дәлелдеу қажет болады. Мысалы:
Байбек осындайда қысылған кедейлерге өсімге ақша, астық сатып,
солардың қызыл бұзауынан байыған бір жалмауыз...
Аздан соң, шелекке қайнатқан суды орталарына қойып, темір
тастағандарды батырып, кепкен нандарымен қытырлатып шай ішісті, шай ішіп
отырып, мылжыңдап көп сөйлесті...
Бұл келтірілген қос үнді сөздердің қай-қайсысында да баяндаудың екі
жақтылығы жойылып кетпейді (жойылып кетсе, баяндаудың ол жерін қос үнді сөз
деп тануға негіз де болмас еді), тек кейде әлсірейді, кейде күшейеді.
Ж. Аймауытов қолданысында қос үнді сөздің, әсіресе, І және ІІ тобын
жиі кездестіреміз. Оның себебі: біріншіден, жазушы шығармаларындағы іс-
әрекет, ой, көбінесе психологиялық күйініш-сүйініш, ішкі толғам арқылы
ашылады да, қаһарманның үні, ойлау, сөйлеу ерекшеліктері айқын сезіліп
тұрады. Екіншіден, психологиялық суреттер жасап отырып, автор кейіпкер
ойына ортақтасып, берілген оқиғаға өз көзқарасын анық білдіреді. Қос үнді
сөздің ІІІ тобын бейнелейтін жеке сөз бен тіркестер алдыңғы екеуіне
қарағанда өте аз.
Жазушы романдарында қолданылған қос үнді сөздердің авторлық контекске
енгізілу тәсілі және көлемі жағынан бірдей емес. Олардың бір тобы
қаһарманның ойланғанын, армандағанын, өткен оқиғаны көзіне елестеткенін,
т.б. қысқасы қос үнді сөз бар екенін білдіретін арнайы түсіндірмелер
көмегімен енгізіледі (мысалы: ... ойын тұман басты, көп ойлады, ойға батты,
ойына әлденелер келді, көп уайымдады, міне, оның жұбанышы, т.б.); ал енді
екіншілері ондай түсіндірмелер арқылы көмегінсіз, ешқандай ескертусіз
беріледі. Сол себепті сөйлемдік дәрежедегі қос үнді сөздердің екі түрін
ажыратамыз.
Авторлық түсіндірмелер арқылы енгізілгендіктен, қос үнді сөздің І түрі
өз алдына тұйықталып, шекарасы көбіне анық болып келеді. Бұл түрін ажыратып
алуды авторлық түсіндірмелермен қатар, модальдық-шақтық белгілердің де рөлі
бар. Авторлық түсіндірмелер қос үнді сөзден бұрын не оның көлемді болып
келгенде, бұларға қоса ортасында да авторлық түсіндірме берілуі мүмкін. І
түрі ІІ түрге қарағанда әлдеқайда көлемді, бірнеше сөйлемдер тобы, кейде өз
алдына жеке абзац, кейде автор бастап берген абзацтың жалғасы болып келеді.
Мысал келтірелік:
Әжесінен соңғы үлкен көріп, сыйлайтын, сыпайы сөйлесетін жеңгесін,
өзінен жасы үлкен апасындай жеңгесін, ағасының қойнында жатқан жеңгесін
Қартқожа қалай қатын қылып алады?
Осы сыпатты қос үнді сөздер Аймауытов шығармаларында кейіпкер ойының
терең иірімдерін, ең бір ширыққан сәттерін, т.б. беру үшін жиі қолданылады.
Соның нәтижесінде кейіпкер бейнесі оның мінез-құлқы, дүниетанымы айқындала
түседі.
Көркем шығармада кейіпкер ойын, есіне түсіруін басқа да тәсілдермен,
айталық, төл сөз түріндегі монологтық, диалогтық репликалар, я автор
айтылар ойды үнемді әрі шындыққа жарасымды беруде қос үнді сөзді қалайды.
Бұл да бір жазушының өзіндік стиль шеберлігімен шектеліп жататын жағдай.
Қос үнді сөздің ІІ түрі авторлық текске түсіндірменің көмегінсіз
енгізілетіндіктен, онымен тығыз бірлік құрап, араласып жатады. Қос үнді
сөздің бұл түрі арқылы кейіпкердің аяқталған, біртіндеп дамып отыратын
жүйелі ойы емес – болжамы, күдігі, таңдауы, т.б. сияқты эпизодтық
пікірлері, өмір құбылыстарынан алған әсері, сезімі беріледі. Сондықтан ол
қос үнді сөздің І түріне қарағанда көлемі жағынан шағынырақ болады, әдетте
бір не екі-үш сөйлемнің аспайды. Авторлық түсіндірме сөйлемдердің жоқтығы
баяндаудың екі жақтылығын күшейте түседі. Қос үнді сөздің бұл түрін
ажыратуда тек модальдық – шақтық белгілердің бірлігіне сүйенуге тура
келеді. Оны құрайтын сөйлемдер айтылу мақсаты, эмоционалдық бояуы, шағы
жағынан авторлық текстен ерекшеленіп тұрады.
Қос үнді сөздің осы түрінің ерекшеліктерін мына үзіндіден байқауға
болады:
Бір сабынға сөйлесіп, келісе алмады. Тағы бір сабынға келісіп,
ақшасын төлейін деп жан қалтасына қолын салып еді. Масқара! Күмажнік
түгілі, сымбылдай да жоқ. Алас ұрды. Қалтасын олай ақтарды, бұлай ақтарды.
Қойын, қонышын сыйпалады. Түк жоқ. Көзінен жас шығып кетті.
Қаһарманның осындай ойы, сезімі, әсері төл сөз арқылы берілсе, оның
сөз түрінде айтылғанын не тек ойланып қана қойғанын міндетті түрде айырып
көрсету керек болар еді. Ал автор үшін көп жағдайларда оны ажыратып жатудың
қажеттігі жоқ, өйткені ол екеуінің маңызы бірдей болады. Қос үнді сөз
ойланған мен айтылғанның қайсысы екенін ашып көрсетпеуге мүмкіндік береді.
Ол мына мысалдардан анығырақ көрінеді:
Қияға қарай өрлей бергенде, ер-тоқымды бір көк шолақ шыға келді.
Кісісі қайда? Неткен ат? Енді бір 20-30 қадам асуға өрлемей бергенде,
Қартқожа: Алла! деп, атынан ұшып түсті.
Бұ немене? ... Адам ба? Аң ба?...Кім болса да қатерлі. Ақбілек
сойылына тағы жармасты. Демін ішіне тартып, сілейіп қалды.
Бұл сөйлемдер арқылы қаһарманның бойын билеген қорқыныш сезімі, күдігі
әсерлі берілген. Осылардың кейіпкер сезініп қана қоймай, өзімен - өзі
сөйлескендей болып, айтып жіберуі де мүмкін-ау деп ойлауға келіңкірейді.
Авторлық баяндауда қаһарман айтуы мүмкін, соған тән жеке сөздер мен
тіркестер де қолданылады. Бірақ олар тырнақшаға аоынып, автордың өз сөзінен
бөлектелмейді, сондықтан оларда қос үнді сөзге лайық субъективтік екі
жақтылық бар деп танылады. Мұндай сөздер мен тіркестерді – қос үнді сөздің
(үшінші) лексика-фразеологиялық түрі деп ажыратамыз.
...Қартқожа жанталасып, мықшыңдап, тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар
көріп тұрса да, көрсегенсіп, сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен
ел, келмеді.
Осындағы кісіге иек сүйеп кеткен деп назалану авторға емес,
кейіпкерге тән. Олардың қаһарманға қатысын айқын модальдық – экспрессивтік
бояуынан ғана байқауға болады: сол сөздің не тіркестің кейіпкердің сол
шығармадағы төл сөздерінде кездесуі; қолданылған сөздердің семантика –
стилистикалық тегі, эмоциялық бояуы жағынан кейіпкердің көзқарасына,
дүниетанымына сай болып келуі; кейбір сөздердің әлденеше рет қайталанып
жұмсалуы; жеке сөздердің дағдыдан тыс қолданыстары, ерекше экспрессивтік
мәні, т.б. Әрине, бұл белгілердің лексика – фразеологиялық қос үнді сөзді
ажыратуға негіз боларлық дәлдігі әр түрлі дәрежеде. Мысал келтірелік:
Ол күні Қартқожа лағып теріс шығып кетіп, далаға түнеген. Ертеңінде
есін жинап, сұрай жинап, сұрай-сұрай бүкірді тапқан. Өлдім-талдым дегенде,
көздің жасын иіп бір бұзаулы сиыр бермек боп бүкірді, алып қайтқан.
Бүкірдің бүкіріне бас шұлғып, құдайдай табынып, түскен жерде алақанына
салғандай, мәпелеп алып келді. Үй іші де қыдыр келгендей қуанып қалды.
Немесе:
... Терезеден қараса, подвалға түсіп жатқан бір бөксені көрді. Үйден:
Қазақ, қазақ - деген дауыс шыққанда, бөксе басын суырып алды. Қартқожаның
өз болысы екен.
Бұл сөйлемдердегі бүкір, бөксе сөздері мағынасы, эмоциялық-
экспрессивтік мәні жағынан кейіпкер психологиясына лайық. Бұған автор
көзқарасы ирониялық.
Авторлық баяндаудағы кейбір сөздердің семантика – стилистикалық тегі
де олардың кейіпкерге тәндігін аңғартады. Мысалы:
...Қарқылдасқан, қайғысыз, қамсыз көп орыстың ортасындағы қара
мұрттың елібі де Ақбілекке жұмбақ болып көрінді.
Қатқожаның екі көзі болыс жақта. Болыстар аузы жабысыпжатыр. Анда-
санда байталыны бір қарап қойып, шыбығымен жер шұқып отыр.
Жоғарыдағы қара мұрт, аузы жабысып тіркестері суреттеліп отырған
жағдайға кейіпкер көзқарасын, түсінігін, сезімін қоса білдіреді. Оларды өз
сөзінің ішіне кіргізу арқылы автор бір жағынан баяндауға табиғилық,
қарапайымдылық берсе, екінші жағынан кейіпкер болмысын нақтылай түседі.
Қос үнді сөздің түр-түрін ұтымды қолданудың нәтижесінде жазушы
шығармаларында суреттелетін объективтік өмір шындығы тек автор көзқарасы
тұрғысынан ғана емес, кейіпкерлер түсінігі тұрғысынан да нанымды етіп
беріледі, шығармадағы драматизм күшейеді, сөйлеу тілінің алуан түрлі
эмоционалдық-экспрессивтік байлығын кең пайдалануға мүмкіндік табылады.
Қос үнді сөз қазақ көркем прозасында, оның ішінде әңгіме жанры
көлемінде дербес стильдік тәсіл ретінде қалыптасып, дамуы Б.Майлин,
М.Әуезов сынды әдебиет алыптарының шығармашылығымен тығыз байланысты
екендігін жоғарыда айтып өткенбіз. Ендеше, осы құбылыстың жазушылар
туындыларындағы қолданылу ерекшеліктерін Ж.Аймауытов стилімен салыстыра
сипаттағанды жөн көрді.
1. Аймауытов мәнеріне ұқсас, М.Әуезов шығармаларында да
(Қорғансыздың күні Кім кінәлі, Сөніп-жану, Кінәшіл бойжеткен,
Ескілік көлеңкесінде, т.б.) қос үнді сөздің тұйықталған бірінші түрі жиі
қолданылған. Олар ойлаудың ұзақ түрін бейнелеп, Б.Майлин әңгімелеріндегі
сияқты сюжеттік – композициялық қызмет атқарады. Ал екінші түрі сирек және
олардағы кейіпкер үні әлсіз, авторлық баяндаудан ажыратып алу қиын.
Бұл күнге шейін көріп келген әке – шеше зорлығының үстіне бүгінгі
түнде ең жек көрген адамының қорлығы, соққысы өмірдің барлық үмітінен
Ғазизаның көңілін суытқан. Бұл қорлық, бұл кемітудікөрген соң, өмірден енді
үміт қыларлық несі қалды?
Ішінен шыққан әке – шеш дозаққа салған соң, енді кіммен көмек табады?
Кімге жылайды? Кім сүйейді? Осы ойлар басына келгенде, Ғазиза өмірдің
барлық тірегінен айрылғанын сезді... (Кім кінәлі).
Ал Б.Майлин әңгімелерінен қос үнді сөздің алуан түрлі қолданыстарын
кездестіреміз. Автордың алғашқы туындыларында (Айранбай, Талақ т.б.)
қос үнді сөздің бір-ақ түрі (тұйықталға, көлемді І-түрі) қолданылған.
Қос үнді сөздің ІІ – түрін және кейіпкер айтуы мүмкін, соның
психологиясына лайық жеке сөздер мен сөз тіркестерін енгізу арқылы баяндау
стилін күрделендірудің алғашқы үлгілерін Қайнаға өтірік айтады,
Заман(1924), Күлтай болыс (1925), т.б. әңгімелерінен көреміз. І –
түрімен қатар, енді қос үнді сөздің бұл түрлері де бір шығармада бірнеше
рет қолданылып, белгілі стилистикалық қызмет атқара бастайды, шығарманың
негізгі идеясының не басты идеяларының бірінің ашылуына көмектеседі. Осыған
байланысты қос үнді сөздің Майлин әңгімелерінде қолданылу мақсаты да
кеңейе, түрлене түскен. Мысалы:
Қырық үйлі Қарықболдың ішінде Жайлыбайдан артық кім бар еді?..
Бір айналдырған құдай шыр айналдырады, шар айналдырса, тым
айналдырады. Ата бағынан, мол дәулетінен айрылып, ендігі мақсаты аштан
өлмей тамақ асырау болып отырған Жайлыбайға ауылнай мықты кесір болды.
Нәлекті көп салады, жиынның бәрін Жайлыбайдың ауылы істейді.
Жайлыбайдың бәйбішесі кең пейілді-ақ адам ғой, шыдайын десе жаны
төзбеген соң: Жұрт құдайды неге ойламайды екен. Бізде не қалды деп жүр
екен, - дейді.
Желіккен кедей бетің бар-жүзің бар дей ме (Заман).
2. Әуезов қос үнді сөзді бас кейіпкердің (мысалы, Кінәшіл
бойжеткендегі Ғайша, Кім кінәлідегі Ғазиза, Сөніп-жанудағы Сыдық т.б.)
ой – армандарын беру үшін пайдаланған. Майлин әңгімелерінде бір ғана
қаһарманның қатысы бар қос үнді сөздер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы
Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Тілдік бірліктер және сөйлеу мәселесі
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттама
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторлар
Оралхан Бөкейдің монологтары
Пәндер