Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу



Кіріспе

1 ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ... ... ... ..7.11

П ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы қылмысын тергеудің алғашқы кезеңі
2.1.Есірткіге байланысты қылмыс ісін дәлелдеуге жататын жағдайлар ... ... .12.13
2.2. Есірткі заттардың заңсыз айналымы бизнесімен шүғылданатын қылмыскерлерді ұстау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.16
2.3. Болжамдарды құру және тергеуді жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... .16.21
2.4. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарын тергеуде куәлардан жауап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.27
2.5. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен шүғылданатын қылмыскерлердің тұрғын.жайында тінту жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.30

Ш ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеудің кейінгі кезеңі
3.1. Есірткілердің және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен айналысатын тұлғаларды танытуға көрсету...31.32
3.2. Беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және нақтылау тергеу әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.35
3.3 Есірткілік заттардың заңсыз айналымының қылмыс ісін тергеу барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара байланысы.35.38
3.4. Есірткіге байланысты қылмысты болдырмау мақсатындағы ішкі істер органдарының шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38.39
3.5. Сараптаманы тағайындау және жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40.44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45.46
Қолданылған оқулықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.50

Тақырыбы: Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу
қылмысын тергеу

Мазмұны

Кіріспе

1 ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен
байланысты қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7-11
П ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы
қылмысын тергеудің алғашқы кезеңі

2.1.Есірткіге байланысты қылмыс ісін дәлелдеуге жататын
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .12 -13
2.2. Есірткі заттардың заңсыз айналымы бизнесімен
шүғылданатын қылмыскерлерді
ұстау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..13-16
2.3. Болжамдарды құру және тергеуді
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ...16-21
2.4. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен
байланысты қылмыстарын тергеуде куәлардан жауап
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-27
2.5. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен
шүғылданатын қылмыскерлердің тұрғын-жайында тінту
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..27-30

Ш ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен
байланысты қылмыстарды тергеудің кейінгі кезеңі
3.1. Есірткілердің және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен
айналысатын тұлғаларды танытуға көрсету...31-32
3.2. Беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және нақтылау тергеу
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..32-35
3.3 Есірткілік заттардың заңсыз айналымының қылмыс ісін тергеу
барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара байланысы.35-38
4. Есірткіге байланысты қылмысты болдырмау мақсатындағы ішкі істер
органдарының
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38-39
5. Сараптаманы тағайындау және
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40-44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..45-46

Қолданылған
оқулықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 47-50

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы " Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз
айналымы қылмысын тергеу" тақырыбына арналған. Бітіру жұмысы қазіргі
кезде өте өзекті мәселе болып келеді және шығармашылық, тәжірибелік
қызығушылықты тудырады. Есірткілер өте қауіпті және адамды бұзатын, оны
ауруға, өлімге алып келетін орта. Сол себептен, есірткіні сататын
адамдармен күресті, нашақорларды емдеуді барлық бағыттарда жүргізу керек.
Есірткілерді және есеңгірететін заттарды тұтыну соңғы жылдары қатты таралып
кетті. Есірткілермен байланысты қылмыстар, нашақорлардың ауыр қылмыстарды
жасауы көбеюде. Есірткілермен байланысты қылмыстардың күрделілігі, бұл
қылмыстарды көбінесе қылмыстық ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйымдасқан
қауымдастық мүшелерімен жасалатындығында.
Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттердің тізімінен түрады. Бірінші тарау бес тараушадан, ал екінші
тарау үш тараушадан тұрады,үшінші тарау бес тараушадан тұрады.
Бірінші тарауда есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз
айналымымен байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы,
болжамдарды шығару және тергеуді жоспарлау, есірткі заттардың заңсыз
айналымы бизнесімен шұғылданатын қылмыскерлерді ұстау және жеке тінту
жүргізу, қылмыскерлердің тұрғын-жайларында тінту жүргізу, ұсталған
тұлғалардан жауап алу мәселелері қарастырылған.
Екінші тарау: есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз
айналымымен айналысатын тұлғаларды танытуға көрсету, есірткі және жүйкеге
әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеуде
күәлардан жауап алу, беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және
нақтылау тергеу әрекеттері атты үш тараушадан тұрады.
Үшінші тарауда елімізде есірткелердің және жүйкеге әсер ететін
заттардың заңсыз айналымымен айналысытан тұлғаларды танытуға көрсету,
беттестіру, көрсетулерді өз орнында тексеру және нақтылау тергеу
әрекеттері, есірткілік заттардың заңсыз айналымының қылмыс ісін тергеу
барысындағы тергеуші мен анықтау органының өзара байланысы, сондай-ақ
есірткіге қатысты қылмысты болдырмау мақсатындағы ішкі істер органдарының
шаралары мен сараптаманы тағайындау және жүргізу тәсілдері қарастырылған.

КІРІСПЕ

Қазақстан Орталық Азия аймағында ерекше геосаясилық орын алғандықтан
бірқатар мемлекеттермен шектесетін шекаралары бар.Ол Өзбекстанмен,
Қырғызстанмен,Түркменстанмен Ресеймен, Қытаймен, Монголиямен шектесіп жатыр
және 2,5 млн. квадрат километр жер аумағы бар ең үлкен мемлекет болып
табылады. Бұл аумақ біраз уақыт ішінде өтпелі каридор іспеттес бола
бастады, ол арқылы Азиядан Европа мен АҚШ-қа көптеген есірткілік заттар
заңсыз өткізіле бастады. Мемлекеттің шекарасы ТМД мемлекеттерімен негізінен
ашық болғандықтан, қазіргі кезде “Алтын жарты-ай” аумағынан нақ осы
Қазақстан арқылы апиын, героин көптеп өткізіледі.
Қазақстандықтардың гүлденуі,өсіп дамуы, ұлттық қауіпсіздігі мен тұрмыс
жағдайының жақсаруы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу –
Үкіметтің алдына қойған басты міндеттің бірі болып табылады.
ҚР – сы Президентінің 23 желтоқсан 2003 жылғы № 1255 санды “ҚР-ның
мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру іс-шаралары жөніндегі”
Жарлығын басшылыққа ала отырып, ҚР Үкіметі 2004 жылдыі 3 наурызында №261
санмен “ҚРІІМ-нің ЕБҚК және есірткі айналымын бақылау жөнінде Комитетті
құру туралы” қаулы қабылдаған.
Көкнәрдің емдейтін де, есеңгірететін де қасиеті біздің ата-
бабаларымызға ерте заманнан белгілі болған. Мысалы, Гомердің “Одиссейінде”
адам жанын жаннатқа апаратындай күйге бөлейтін,
бір ғажайып ішімдік туралы жазған. Осыған қарамай нашақорлық Х1Х ғасырдың
аяғына дейін кең тарамаған. Нашақорлыққа салынудың асқынуы шприцті ойлап
тапқаннан кейін үдей түсті.
Есірткіден ақша жасауға болатындығын бірінші болып түсінгендер
ағылшындар,Вест-Индия компаниясына жататын британдық кемелер Х1Х ғасырдың
аяғында “Алтын –үш бұрыш – Қытай” тұрақты бағытымен есірткі тасып, байлыққа
шаш етектен кенелді.
Кейінгі кезде героинды дүние жүзіне таратушы Ауғанстан болып
табылады.Бұл елде ондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүріп жатқан сағысқа қару-
жарақ, ал оны сатып алу үшін көп қаржы керек. Оның ең ұтымды жолы есірткі
өсіріп, өткізу. СССР мемлекеті тарап, ТМД елдері құрылғаннан кейін
Ауғанстаннан есірткі тасу біршама жеңілдей түсті. Есірткіні Тәжікстан
арқылы бүкіл ТМД елдеріне таратып, одан әрі Европаға, АҚШ-қа жөнелтуге
мүмкіндік туды.Осыған байланысты ТМД елдерінде бар жоғы он жылдың ішінде
нашақорлардың саны 100 есеге артты.
Мемлекетте есірткіні шығарып дайындау үшін өсімдік шикізатының көп
болуы, еліміздегі есірткілік жағдайдың сипатына жылдан-жылға өз әсерін
тигізуде. Тек көлемі 150 га-дан асатын Шу өңіріндегі жабайы өсетін сорадан
мамандардың есептеуі бойынша 6 мың тоннаға дейін марихуана алуға болады.
Осы жайларға байланысты қазақстандық шикізат пен есіркіге қызығушылық күн
санап арта түсуде. Осыдан мынаны көруге болады, Ресейдің арнайы
қызметкерлерінің көрсетуі бойынша осы мемлекеттегі контрабандалық
марихуананың әр 5-10 кг. тек біздің елден әкелінеді екен.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың бағалауы бойынша
біздің мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер және
демократиялық мемлекеттігімізді құру барысында біршама өрбіген
криминогендік үрдістер байқалуда. Бұл реформалардың саясатына, коғамдағы
тұрақтылыққа, азаматтардың өміріне және тұрмысының жақсаруына қауіп
төндіреді. 1
Қоғам үшін негативті салдарлары аса ауыр болатын әлеуметтік
құбылыстардың ішінде есірткілерді және есеңгірететін заттарды таратумен,
сатумен, тұтынумен байланысты әлеуметтік құбылысты айтуға болады.
Есірткілер бұл өте қауіпті және адамды бұзатын, оны ауруға, өлімге
алып келетін орта. Сол себептен, есірткіні сататын адамдармен күрес
жүргізуді, нашақорларды емдеумен байланысты көп еңбек ету керек.
Есірткілерді және есеңгірететін заттарды тұтыну соңғы жылдары қатты
таралып кетті. Бүл мәселе қоғамдағы әлеуметтік- психологиялық жай-күйге,
ұлттың әлеуметтік-құлықтылық, генетикалық келешегіне орасан нұқсан
келтіреді. Сол себептен, БҰҰ есірткі заттар туралы 1961 жылғы Бірыңғай
конвенциясында есірткілер жеке адамдар үшін үлкен зиян және адамзат үшін
әлеуметтік, экономикалық қауіп көзі болып табылады делінген. 1. 58 б.
Қазақстан Республикасы есірткі сататын қылмыстық топтар үшін Оңтүстік-
Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азияда шығарылатын героиннің, апиынның және басқа
да есірткілердің Еуропаға тасымалдаудың кеңістігі болды.Ауғанстандағы
есірткі өндірісі бизнесінің ауқымды өсуі героиндер қойылатын каналдардағы
қысымды жоғарылатқан. Мұның өзі есірткі тұтынушылар үшін есірткі табуда,
алып келуде және өткізуде әртұрлі жолдар іздеуге мәжбүр етті. Бұл бағыттағы
есірткіні тасымалдауда темір жол және автокөлік транспорттары
қолданылып,”Жібек жолы” атауын алып отырмыз.
1996 жылға дейін республика бойынша героинге байланысты бірде-бір факт
анықталмаған және есірткі тұтынатындардың есебінде барлығы 20 мыңдай адам
тұрған, қазіргі уақытта 47 мың адам профилактикалық есепте, сонымен қатар
еліміздің әр өңірінен героиндар алынып жатады. Халықтың, ұлттың болашағына
тікелей қауіп төніп түр. Соңғы жылдары есірткілерді тұтынатын адамдар 10
есе өсті және олардың 23 бөлігі жастар. Қылмыскерлерден алынған
есірткілердің мөлшері ондаған есе өсіп кетті. Және бұл көрсеткіштер жыл
сайын өсіп жатыр.
Қазіргі кезде біздің республикамызда құқық қорғау органдарының есебі
бойынша 33000 астам адам нашақор ретінде тіркелген, оның ішінде 895 – і
кәмелетке толмағандар.
Есірткіге байланысты, сонымен қатар құрамында есірткі бар заттарды
қолдану әсерінен жасалатын қылмыс саны тоқтамсыз өсуде. Қылмыстық топтарды
және құрылымдарды көп жағдайда қылмыстық ортаның белсенділігі, билік
басындағы қылмыстық жолға түскен лауазымды тұлғалар, солардың ішінде құқық
қорғау органдарында істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлер басшылық
етеді.
Менің пікірімше, бұл зиянды әлеуметтік құбылыспен жан-жақты күресу
керек. Құқық қорғау органдарының барлық бөлімдері бұл қылмыстармен күрес
жүргізуде өзінің күштерін, мүмкіндіктерін біріктіру керек. Есірткі заттарды
сатумен байланысты қылмыстарды тергеуде криминалистикалық әдістемелік
ұсынымдарды даярлау қажет. Сонымен бірге, бұл қылмыстардың алдын-алу қажет.
Бұл мәселелердің көпшілігі осы диплом жұмысымда жан-жақты қарастырылған.

1. ТАРАУ. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз
айналымымен байланысты қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасы.

“Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы” деген атпен қылмысты тергеу
тәсіліне енгеніне шамалы ғана уақыт болды, бірақ ғылыми атаулар мен
қылмысты тергеу ісін ұйымдастыру тәжірибесіне кеңінен қолданылатын болды.
Қылмыстың белгілі бір тобының немесе түрінің өзіне тән ерекшеліктері туралы
жалпылама білімді өзіне сіңіре отырып, осыған ұқсас қылмыстардың сол,
немесе басқа түрін тергеу кезінде тергеушіге бағдар ретінде қылмыстың
криминалистикалық түсінігін басшылыққа алуға тура келеді. Кез келген
қылмысты тергеу, ең алдымен ұғып-білу әрекеті болып табылады. Бұл жерде
бұрын орын алған, нақты бір жағдайдың жайын анықтап білу қажеттілігі
туындайды.Қылмыс қоғамға жағымсыз құбылыс ретінде оның әртүрлі жағынан
сипатталуы мүмкін. Ол өзіндік әлеуметтік, әдет-ғұрыптық, психологиялық
қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізулік, криминалистикалық және басқа
да сипаттамалары бар. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы ғылыми
категория ретінде – бұл, белгілі бір қылмыс түріне (тобына) сипаттама
беретін, криминалистикалық мәні бар өзара байланыстағы белгілер мен
ерекшеліктердің жиынтығы, бұларды білу қылмыстың осы түрін (тобын) ашу,
тергеу және оның алдын алу нәтижелі болуы үшін қажет.

Қарастырылып жатқан қылмыстардың тобына келесі қылмыстар жатады:
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып
алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап); есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап);
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап);
қүрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз
өсіру (262-бап); есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың
заңсыз айналымы (263-бап); есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап); есірткі
заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау
ережелерін бұзу (265-бап). Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса
қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды
заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған
байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 259-265 баптарында осы тұрғыдағы
қылмыстар көрсетілген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті
әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты
қылмыстардың тікелей объектісі – халықтың денсаулығы болып табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі,
психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.
Табиғи есірткілік заттарға мыналар жатады:
а) апиын қызғалдағының туындылары: ұйықтататын қызғалдақ, мак
соломкасы, экстракциялық апиын, апиын, морфин, кодеин, героин;
ә) үнді коноплясының туындылары: каннабис, марихуана, гашиш, анаша;
в) кокаин кустының туындылары: кокаин жапырақтары,
кокаин пастасы, кокаин, крэк;
г) эфедраның туындылары: эфедрин, невритин
Жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткілер: фенциклидин,
псилоцибин, триметилфентанил және басқалар. Өзінің әсері бойынша олар
анальгетиктер, галлюциногендер, депрессанттар және т.б болып табылады.
Бұл сипаттамалар мынадай қылмыстарды топтастырады: есірткілік немесе
психотроптық заттарды заңсыз түрде дайындау, алу ,сақтау, тасымалдау,
жіберу немесе өткізу (ҚР ҚК 259 бап); есірткілік немесе психотроптық
заттарды ұрлау немесе қоқан-лоққы жасап алу (ҚР ҚК 260 бап); есірткілік
немесе психотроптық заттарды қолдануға итермелеу (ҚР ҚК 261 бап);
есірткілік немесе психотроптық заттарды заңсыз өндіру мен айналысу (ҚР ҚК
262 бап); есірткілік немесе психотроптық заттарды дайындауға арналған
заттарды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды заңсыз айналымға шығару (ҚР ҚК 263
бап); есірткілік немесе психотроптық, улы заттарды ұстау тәртібін бұзу (ҚР
ҚК 265 бап).
Қазіргі уақытта криминалистикалық әдебиетте қылмыстардың криминалистік
сипаттамасының бірнеше анықтамалары бар. Бұл криминалистік ұғым бойынша
әртүрлі аспектілеріне байланысты көзқарастардың сәйкес келмеуі зерттелетін
объектінің күрделілігі туралы куәландырады.
Профессор С. П Митричев криминалистік сипаттамаға криминалистік
маңызы бар белгілердің көп мөлшерін енгізу керектігі туралы айтады.
А.Н Васильев криминалистік сипаттамаға қылмыскердің әрекеттерінің және
қылмыс іздерінің пайда болу механизмі туралы, қылмысты жасау тәсілі және
дәлелдемелердің қайнар көзі туралы мәліметтерді, арасында жәбірленуші болуы
мүмкін тұлғалардың шеңберін анықтау үшін кажетті мәліметтерді енгізеді.
(10.118б.)
В. Е Коновалов және А. Н Колесниченко криминалистік сипаттаманы
қылмыстардың криминалистік маңызы бар белгілері туралы жүйе ретінде бұл
белгілер олардың арасындағы заңды байланыстарды бейнелейді деп көрсетеді.
А.А Исаев қылмыстардың криминалистік сипатттамасы қылмыстарды тергеу
әдістемесінің кұрылымында дербес жүйе бола отырып бұл мазмұнды толтырудың
тәсілі, құралы ретінде сипатталатынын көрсетеді. Криминалистік сипаттама
тергеу процесін талдау тәсілі ретінде қылмыстарды тергеу әдістемесінің
шеңберінде саралау процесінің маңызын дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді. (20.234 б)
Профессор Г.А Мозговых қылмыстың криминалистік сипаттамасы ғылыми
санат ретінде қылмыстардың белгілі бір түрін (тобын) сипаттайтын
криминалистік жағынан маңызды өзара байланысты белгілердің және
ерекшеліктердің жиынтығы ретінде анықтап, оларды білу қылмыстардың белгілі
бір түрін (тобын) табысты ашу, тергеу және алдын алу үшін қажет екенін
көрсетеді. Сонымен, криминалистік сипаттама тергеу әдістемесінің құрылымдық
элементі болып табылады және тергелетін қылмыстық оқиғаны талдауға
көмектеседі. Тергеуші криминалистік сипаттаманың элементтерін анықтап,
тергеу жағдайына сәйкес қылмыстардың белгілі түрін тергеу әдістемесіне
сүйене отырып, нақты осы қылмысты тергеудің жеке әдістемесін
белгілейді.(26.14 б.)
Есірткілердің заңсыз айналымы бұл ұйымдасқан қылмыстылықтың
спецификалық қылмыстық қызметі. Есірткілерді сату бизнесімен айналысатын
қылмыстық ұйымдар кәсіби ұйымдасқан қылмыстылыққа тән болатын келесі
белгілерге ие: нақты иерархия, қылмыстық ұйым мүшелерінің функцияларының
рольдік бөлу, басқарушы ядроның болуы, қатаң тәртіп және жасырын болу,
мемлекеттік аппараттың әртүрлі қызметтерінің шенеуніктерімен сыбайлас
жемқорлық байланыста болу, қылмыстық табыстарды заңдастырудың коммерциялық
арналардың болуы; қылмыстық қызметті сол арқылы жасыру. Есірткі бизнесінің
ұйымдары трансұлттық сипатқа ие болуы мүмкін. Қылмыстық қауымдастықтың
ұйымдастырушылары ретінде қылмыстық бизнестің басқа да салаларымен: ойын
бизнесімен, казинолардың, нәпсіқұмарлық сипаттағы притондармен айналысатын
қылмыскерлер немесе бұрын сотталған қылмыстық белсенділер болады. Сонымен
бірге, есірткі заттарды сатумен бұрынғы медициналық қызметкерлер, зерттеу
мекемелерінің қызметкерлері айналысады. Есірткі заттарды сататын ұйымдарда
арнаулы өндірістік құрылымдар, синтетикалық есірткілерді дайындау бойынша
лабораториялар, тасымалдаушылар және т.б болады.
Есірткілердің заңсыз айналымының келесі түрлері болады:
А) есірткілерді шетелден Қазақстанға алып келу және оларды Қазақстанда
сату;
Б) Қазақстанда есірткілерді дайындау және сату;
В) Есірткілерді Қазақстанда дайындау және шетелге сату;
Г) Қазақстан кеңістігі арқылы есірткілерді контрабандалық өткізу.
Есірткі заттарды сату бизнесімен күрес жүргізуде көршілес жатқан
мемлекеттердің құқық қорғау және кеден органдары қызметкерлерінің арасында
бірлескен әрекеттердің үйлестірілуін қадағалау керек. Есірткі заттар
айналымының барлық буындарын: өндірушілерді, тасымалдаушыларды, қабылдап
алушыларды, сатушыларды анықтау қажет.
Есірткі шикізатының және есірткілердің заңды өндірушілері
мамандырылған фармацевтикалық кәсіпорындар және олардың ұйымдары; заңсыз
өндірушілер – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіретін ауылдың
тұрғындары; өсімдік шикізатын немесе жартылай синтетикалық және
синтетикалық есірткілерді дайындау бойынша жасырын лабораториялар.
Есірткілерді ресми ұстаушылар: есірткілердің сатылуын және жіберілуін қатаң
түрде жүргізетін фармацевтикалық және медициналық мекемелер.(1.54 б)
Есірткі заттарды талан-таражға салушылар ретінде фармацевтикалық
кәсіпорындардың қызметкерлері, есірткілерді алуға ақшасы жоқ нашақорлар
болады.
Есірткілерді тасымалдаушылар өндірушілер және сатушылар арасындағы
делдалдар, сатушылардың өздері, есірткілерді тұтынушылар, көлік қызметінің
қызметкерлері, почта қызметкерлері болады. Көп жағдайда тасымалдаушылар
жүктің сипатын, оның қайнар көздерін білмейді. Олар таныс адамның, бөтен
адамның өтінішін орындайды.
Әдебиетте есірткі заттардың заңсыз айналымын бірнеше топтарға бөледі:
- есірткі шикізаттарын және есірткілерді дайындау;
- есірткілерді тасымалдау, сақтау және сату;
- есірткілерді тұтыну.
Бірінші топқа өсімдік шикізатының оның өсіру және сақтау орындары
бойынша қалдықтары (сабақтары, гүлдері, тозаңдары және т.б), технологиялық
процестің әртүрлі сатыларында қолданатын құрал-жабдықтар және заттар; кез
келген технологиялық материалдар және қалдықтар; дайын есірткілер; есірткі
синтезінің компоненттері, құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинау үшін
құрылғылар және инструменттер; рецептура, арнаулы әдебиеттер, жазбалар,
тасымалдаушылардың мекен-жайлары және телефондары.
Екінші топтың іздері қағаз және басқа қапшықтар, арнаулы контейнерлер,
көлік құралдарындағы, тасымалдаушылардың киімдеріндегі құпия жерлері,
есірткі заттардың іздері және басқа да микрообъектілер.
Келесі топ – есірткілерді ағзаға шприцпен енгізген іздері, есірткі
тұтынушының өміріндегі, оның жүріс-тұрысындағы өзгерістер.
Аталған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ерекшеліктері
осы істер бойынша дәлелдеу пәнінің спецификасын анықтайды.
Есірткілік заттармен заңсыз айналысатын тұлғалардың сипаттамасын
мынадай түрлерге бөлуге болады.
- есірткіні көтерме бағамен сатып алу және өткізумен айналысатын
тұлғалар.Олар әдеттегідей қоғамдық пайдалы еңбекпен
айналыспайды,қаржысына қарамай өмір сүреді. Есірткілік
өсімдіктердің өсетін жерлерінде таныстары бар немесе сол жерде
тұрады, кейбір жағдайларда сол жерге әдейі барып тұрады.
- Есірткіні қолданатын тұлғалар (нашақорлар)
- Есірткіні анда-санда қолданатындар, олар әдеттегідей кәмелетке
толмағандар немесе жасөспірімдер. Бұлардың ішінде есірткіні
қолдануды қызығушылықпен бастағандар, еліктеушіліктен
бастағандар, ересек достарының әсерінен бастағандар кездеседі.
ҚР ҚК 259 бабында ескерілген қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасының ең маңызды бөлшектері болып табылатындар, қылмысты жасау
себептері мен тәсілдері туралы мәліметтер.
Қылмыстың жасау тәсілі қылмыстың негізгі ерекше белгілерін айқындайды
және соған байланысты оның түсінігі, ол қылмысты дайындаудағы, жасау
кезіндегі және жасыру кезіндегі қылмыскердің жасаған әрекеттері.Қылмысты
жасау тәсілдерін білу, оны ашу, тергеу жәе алдын алу біршама жеңілге
түседі.Мұндай заңдылық тұрақты түрде көрініс беріп отырады, себебі
қылмыстың әрбір сатысында жеке әрекет осы қылмысқа тән өзінің іздерін
қалдырады.
Кез келген әрекет сияқты тәсіл де әр түрлі жағдайға байланысты өзгеріп
отырады. Қылмысты жасау тәсілдерінің өзгеріп отыруы объективтік және
субъективтік жағдайларға байланысты болады яғни:
- нысанды күзету жағдайының өзгеруі;
- қылмыс тобынан қылмысқа қатысушылардың бірінің шығып кетуі.
Субъективтік жағдай: қылмыскердің жеке басының сипаты;қылмыс жасау
тәсілін талғап алу; қылмыскердің өзіне тән қолтаңбасының болуы.
Осының бәрі қылмысты жасаған, тіпті көртеген қылмыс жасаған тұлға
туралы жорамал жасауға мүмкіндік береді. Кез келген әрекеттің белгілі бір
із қалдыру заңдылығы криминалистикалық сипаттамаға өзіне тән заттық іздер
мен олардың табылуы мүмкін деген орындарды қосуға мүмкіндік береді, ал ол
өз кезегінде қылмыскерлердің жүретін жолдары мен олардың құрбандары туралы,
қылмысты жасаған адамдардың белгілері туралы, қылмыс жасау құралдары мен
басқа да жайлар туралы ойластыруға мүмкіндік береді

2. ТАРАУ. ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ
АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

2.1. Есірткіге байланысты қылмыс ісін дәлелдеуге жататын жағдайлар.
Осы қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын қарастырғаннан кейін,
есірткіге байланысты қылмыстық істің дәлелдеуге жататын жағдайларына ерекше
көңіл аудару керек.
ҚР ҚК 117 бабына сәйкес есірткілік заттардың заңсыз айналымына
байланысты қылмыс ісін тергеу барысында мынадай жайларды дәлелдеу керек:
1.Есірткілік заттардың алынғаны, сақталғаны, өткізілгені, дайындалғаны
мен тасымалданғаны жайлы дәлелдер;
2.Есірткілік заттардың қай жерде, қашан және кімнен табылғаны
туралы;
3.Кімнің қылмыс жасағаны;
4.Есірткілік немесе психотроптық заттарды алу немесе дайындау
мақсаты;
5.Есірткілік заттарды алу тәсілі мен алу көзі туралы;
6.Есірткілік заттардың кімге өткізілгені туралы;
7.Есірткіні дайындаған орны;
8.Есірткіні қанша дайындалғаны мен көлемі туралы;
9.Есірткіні қолдану адамның денсаулығы мен өміріне қандай залал
қалдырғаны туралы.
10.Есірткіні аз мөлшерде заңсыз алу немесе сақтаудың қайталануы,
дәрігердің рұқсатынсыз қайтадан қолдану;
11.Жауаптылықтың сипаты мен деңгейіне әсер ететін жайлар туралы
(кінәні жеңілдететін немесе ауырлататын жайлар);
12.Есірткіні таратуға сонымен қатар осы қылмысты жасыруға
мүмкіндік туғызған себептер мен жайлар.
ҚР ҚІЖК –нің 481 бабына сәйкес есірткімен заңсыз әрекет жасаған
кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісі бойынша қосымша мынадай жайларды
анықтау керек: кәмелетке толмағанның жас мөлшері; оның өмір сүру жәе
тәрбиелік жағдайы; кәмелетке толмағанның денсаулығы мен жалпы ақыл-ойының
дамуы;ересек азғырушылардың және оларды есірткі заттарды қабылдауға
итермелейтін басқа да тұлғалардың болуы;интеллектуалдық, жігерлілік пен
психикасының даму деңгейі, мінез құлқының ерекшелігі, қажеттілігі мен
қызығушылығы.
Егер есірткі почтамен, посылкамен немесе бандеролмен, әуе, темір жол
көлігімен жүк ретінде жіберілген болса онда мыналарды анықтау керек:
есірткіні кімнің жібергені және кімге арналған; делдалдық болғаны немесе
болмағаны.
Есірткілік заттарды қолдануға азғыруға байланысты қылмыс ісін тергеу
кезінде дәлелдеуге жататын жайлар:азғыру тәсілі (көндіру, қорқыту,
бопсалау, жеке өнегесі т.с.); есірткі заттарды қолдану тәсілі; есірткіні
қолдануға келіскен адмның мінез - құлқы.
Есірткілік заттар басқа жақтан әкелінген болса, онда мынадай
жағдайларды дәлелдеу қажет: есірткіні кім және қандай мөлшерде қалай
әкелді;жүру жолдары мен тәсілдері.
Бұл жағдайлар тергеудің алғашқы сатысының құжаттарына енгізіліп,
бекітіледі. Бұл жағдайда ішкі істер органының қызметкерлерінің бірінші
жүргізетін әрекеттері мыналар:
- кінәліні ұстау;
- ұсталғанға жеке тінтуді жүргізу;
- куәландыру;
- тұрған жері мен жұмыс орнында тінтуді жүргізу;
- тергеулік қарау;
- жауап алу;
- сараптама тағайындау;
- криминалистикалық және басқа да есепке алу түрлерін қолдану.

2.2. Есірткі заттардың заңсыз айналымы бизнесімен
шүғылданатын қылмыскерлерді ұстау.

Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс
жасаған кездегі оның әрекетінің қаншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның
бойында қаруының бар-жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы,
сондай-ақ бұған дейін полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен
жоқ па екен, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе(, міне осы
мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зерттеледі. Осыған қоса, оның күнделікті
тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-құлқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні,
әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі.
Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл
болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін
дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді
тактикалык әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін
қажет. (4. 35б)
Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұстаған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау
органдарының қызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай қалады.
Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы қарсылық көрсетуі,
сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіңдігін де
ескерген жөн. Сондықтан сезік келтірушінің оқшауланып, жеке шыққан сәтін
пайдаланып кенеттен қолға түсіру керек. Ол үшін полицияның кем дегенде үш
қызметкері сезіктелушіге жақындап, оған ойда жоқта тап береді де, оны
қарусыздандырады, ал үшіншісі қаруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын дайын
тұрады. Өйткені, қылмыскер қарсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы
айғақтық заттарды, құжаттарды жоқ қылып жіберуге тырысуы әбден мүмкін.
Мұндайда, әрине қылмыстының күш-қайратын алдын ала ескеріп, оған сан
жағынан да, айла жағынан да басым күшті жұмылдыру қажет.
Есірткі заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын кылмыскерлерді
қылмыс үстінде ұстау жақсы дайындықты, әрекеттерді жоспарлауды қажет етеді.
Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау – оның кылмысқа
қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын
қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізушілік
мәжбүрлеу шарасы.
ҚР Қылмыстық кодексінің 132-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге
асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:
1. ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін
ұсталғанда;
2. көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол
адамды тура көрсетсе не ол адам ұсталса;
3. ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде
кылмыстың анық ізі табылған кезде;
4. жедел іздестіру кызметінің заңға сәйкес алынған
материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап
жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде
бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс
жасағандығына күдік келтірілген адамды ұстауға құқылы.
Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға
негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден
құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда
процессуалдық ережелерді сақтай отырып, ұсталған адамға дереу жеке тінту
жүргізуге қүқылы. Мысалы, өткен айдың басында “Алматы-Харгос”
автотрассасының бойында қылмыстық топ мүшесінің басқаруындағы “Мазда”
шетелдік автөкөлігі тоқтатылып, тексеру барысында оның автокөлігінің ішінен
аңшы қару пневматикалық пистолет, екі дана гранат, суық қарулар, винтовка
және Макаров пистолетінен патрондар алынған.
Есірткі заттардың заңсыз айналымымен айналысатын адамдарды ұстаудан
бұрын келесі әзірлеу шаралары қажет:
1. ұсталуға жататын, есірткі заттардын заңсыз айналымымен
шүғылданатын қылмыскерлердің тұлғасын зерттеу;
- ұстаудың уақытын және орнын белгілеу;
- қылмыскерді ұстау тобының сандық құрамын анықтау;
- ұстауға қатысатын тұлғаларға нұсқаулар беру;
5. ұстауға қатысатын қатысушыларды қажетті ғылыми
техникалык құралдармен, жеке қорғану құралдарымен
қамтамасыз ету.
Тактикалық жағынан жеке адамдарды және топ адамдарды ұстауды
ажыратады. Топтық ұстау кезінде есірткі заттарды сатумен айналысатын
бірнеше адамдарды ұстау ретінде саналады.
Топтық ұстау күрделі және қиын болып келеді, сондықтан қылмысқа
қатысушыларды бір-бірінен ажыратып, әрқайсысын бөлек ұстау ыңғайлы болып
келеді.
Есірткі заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын қылмыскерлерді
ұстаған кезде олардың тұлғасын зерттеу қажет. Ұсталатын адам туралы
жиналатын мәліметтер: қылмыскердің сыртқы бет-әлпеті, пішіні, ұстау кезінде
қарсылық көрсетіп қандай әрекеттерді жасау мүмкіндігі; дене құрылысы, дене
шынықтыру дайындығы қандай; шығыс жекпе-жек күрестерін біле ме, агрессивті
ме; өзімен бірге суық, ату қаруын алып жүре ме. Егер бұрын сотталған адамды
ұстау қажеттігі болса, онда оның жеке басы туралы мәліметтер қылмыстық
істің архивтерінен алынады.
Ұстаудың уақытын және орнын анықтаған жағдайда ұсталатын адамның өмір
сүру салты ескеріледі, оның уақытының күн тәртібі, жүрудің бағыттары және
құралдары. Тұрғын-жайдың жоспары, кіретін және шығатын жерлері, өрт кезінде
пайдаланылатын сатылар, жасырынып қалатын жерлер зерттеледі. Ашық
кеңістікте, далада ұстауға дайындықты әзірлегенде сол жердің рельефі,
жолдардың, орман екпелерінің орналасуы, есік алды аулалардың шығып кететін
жерлері; подъездің шығатын екі есігі бар үйлер зерттеледі.(4.273 б)
Есірткі заттардың заңсыз айналымымен шүғылданатын тұлғаларды ұстау
әрқашанда қызметкерлердің тобымен жүргізіледі. Ұсталатын қылмыскерлердің
тұлғасына, олардың қарсылық көрсетуіне, қарулануына, дене шынықтыру
дайындығына байланысты ұстауды жүргізуге ішкі істер органдарының Барыс,
Сұңқар секілді арнаулы бөлімдері қатысуы мүмкін. Ұстауға қатысатын топтың
саны кем дегенде бір адамға екі адамнан есептеледі. Ұстауға қатысатын құқық
қорғау органдарының кызметкерлері тиісті дәрежеде қарулануы керек. Егер
ішінде әйел адам болса, онда ұстауға әйел – жедел қызметкерін қатыстыру
қажет.
Ұстау қатысушылары ұсталатын адамға жасырын түрде келіп, жәй өтіп бара
жатқан адамдар секілді оған қандай – да сұрақпен, өтінішпен тікелей
қатынасқа түседі. Кейінірек тосыннан, кенеттен басу жүріп, қылмыскердің
әрекеттер жасау еркіндігі тойтарылады, қарсылық көрсетуге, қашуға, заттарды
тығуға, жасыруға бағытталған әрекеттері тойтарылады. Ұсталған адамды
қоршаған адамдардан оқшаулау және бірден арнаулы көлікке отырғызу
қамтамасыз етіледі.
Жедел топтың әрекеттері мұқият, ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған,
басқа бөгде адамдар зардап шекпейтіндей болуы керек.
Есірткілердің заңсыз айналымымен шұғылданатын қылмыскерді тұрғын-жайда
ұстау әлдеқайда қиын болып келеді. Бұл кезде ұстау тобының міндеті – ол
жерге ұсталатын адам білмейтін есіктер, подвал, үйдің төбесі, балкондар
арқылы кіру болып табылады.
Ұстау жүргізілгеннен кейін қылмыскерді жеке тінту басталады. Есірткі
заттар қылмыскердің киімінде тығылуы мүмкін, сондықтан оның қалталарын
тінтіп шығу керек. Есірткі заттармен байланысты қылмыстарды тергеу
тәжірибесі көрсеткендей есірткі заттар қылмыскердің киімінің жасырын, құпия
жерлерінде, ішкі қалталарында, бас киімнің ішкі жағында, куртка,
пальтолардың матасының ішкі жағында, белдіктің темірінде, аяқ киімде, кейде
әйел адамдардың көкірегінің ішкі киімінде, жыныстық мүшесінде болады. Әйел
адамдарда жеке тінту жүргізгенде сол жынысты ішкі істер қызметкері тінтуді
жүргізу керек.
Заңсыз есірткі және психотропты заттармен заңсыз айналысып жүргендер
көп жағдайда, есірткіні денесіне жасырады, міне осы жағдайларда тінтілушіге
куәландыру жүргізу қажеттігі туындайды. Бұдан басқа куәландырудың мақсаты
ұсталғанның есірткіні пайдаланғанына байланысты көңіл-күйінің қандай екенін
анықтау. Бұл жағдайда куәландыру маманның қатысуымен жүргізіледі.(31. 71
б)
Ұсталғанды куәландыру үшін, тергеушінің келтірген дәлелдері арқылы
жасалған қаулысы шығуы керек.
Куәландыру дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен жүргізіледі.
Куәландыру жүргізу кезінде міндетті түрде куәлар қатысуы керек. Егер
куәландыру ұсталғанды шешіндіру арқылы жүргізілетін болса, онда
куәландырушы, ұсталған адам қандай жыныста болса, ол да сол жыныстағы адам
болуы керек.
Соттық-медициналық куәландыру маманның, дәрігердің және куәгерлердің
қатысуымен жүргізіледі. (ҚР ҚІЖК 226 б.)
Куаландыру мақсатында мынадай әрекеттер жасалады:
- алақаннан, бармақтан, ауыз қуысынан алынған заттар қаралады;
- тырнақ астынан ұсақ заттарды қырып алады, ал қажетті жағдайда
тырнақты қырқып алады;
- ине салынған іздерді және олардың орналасқан жерін анықтау
мақсатында куәланушының денесі қаралыа шығады;
- есірткінің іздерін табу мақсатында куәланушының денесінен қан мен
зәр алынады.
Куәландыру жүргізілгені туралы хаттама жасалады. Куәландыру барысында
алынған үлгілердің барлығы, ережеге сәйкес хатталады.Өз уақытында
жүргізілген куәландыру өте маңызды, себебі ол тергеу бағытын анықтауға
үлкен көмегін тигізеді.(10.28 б.)

2.3. Болжамдарды құру және тергеуді жоспарлау

Адамның қызмет етуінің кез-келген саласында жоспарлау қызметтің нақты
мақсаттарын және міндеттерін қоюды, оларға жетудің жолдарын және
құралдарын, орындаушыларың және белгіленген әрекеттердің орындау
мерзімдерін анықтауды талап етеді. Жоспарлы түрде жұмыс істейтін, өзінің
қызметінің мақсаттарын дер кезінде және нақты анықтайтын тұлға табыскқа
жетеді.
Жоспарлау криминалистік қызметтің барлық бағыттарына тән. Тергеуді
жоспарлау тергеуді ұйымдастырудың тиімді тәсілі және шарты, бұл қызметтің
сапасын жақсартудың күшті алғышарты болып келеді.
Жоспарлау тергеушінің жұмысына мақсатқа бағытталғандық сипатын береді.
Жоспарлауды тек жазбаша жоспарды құру ретінде ғана түсінуге болмайды.
Жоспарды кұру жоспарлаудың нәтижелерін аяқтау және ресімдеу болып табылады.
Шын мәнісінде, жоспарлау – тергеудің ең бірінші қадамдарынан басталатын
және ол аяқталғанға дейін жалғасатын тергеушінің күрделі ойлау жүмысы. (7.
39 б)
Барлық ұйымдастыру шаралары тергеу жоспарында талқыланады және
жоспардан туындайды.
Тергеудің жоспарсыз жүруі іс бойынша ақиқатты дер кезінде
анықталуына кедергі жасайды, өйткені іс бойынша мәнді мән-жайлар
ескерілмеуі мүмкін немесе үстіртін зерттелуі мүмкін, ал заңмен көзделген
тергеудің әдістері және тәсілдері қолданылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда
өзара әрекет етуші субъектілерінің тұрақты ақпараттық қамтамасыз етілуі
мүмкін емес.
Жоспарлау топтың басшысына топтың әрбір мүшесі жұмысының мерзімдерін
белгілеуге және бақылауға көмектеседі, қажетті ақпараттың мақсатты
бағытталғандық түрде жинауды, оны бағалауды, қажеггі тергеу әрекеттерін
және жедел іздестіру шараларын дер кезінде жүргізуді, пайда болатын
ситуацияларды ескеріп, тергеу болжамдарын шығаруды және тізбекті тексеруді
қамтамасыз етуге көмектеседі. Жоспарлау топтың мүшелері арасында тергеудің
барысы және нәтижелері туралы өзара ақпаратпен алмасуды, тергеуші мен жедел
қызметкерлердің өзара байланысын күшейтуді қамтамасыз етеді, жедел
іздестіру әрекеттерінің нәтижелерін дер кезінде пайдалануға жағдай
жасайды.(19.86 б)
Іс бойынша тергеу жұмысын жоспарлау кезінде тергеушінің
тергеліп жатқан оқиғаға қатысты құбылыстарды және заттарды
мақсатқа сай және сын көзбен қабылдаудың маңызы өте зор. Осы
кұбылыстарды және заттарды зерттеу процесінде тергеушіде
тергеу бағытын таңдау шешімі, дәлелдеудің тәсілдері, әрбір фактіге
түсіндірме қалыптасады. Жұмысты жоспарлағанда дәлелдемелердің бір
тобынан, дәлелдемелердің екінші тобына зейін салудың маңызы зор.
Психологиялық жағынан тергеуші ситуацияға сәйкес қабылдаған шешімдерін
өзгертуге дайын тұру керек.
Тергеуді жоспарлау техникасының ең маңызды құрамдас бөлігі-бұл жоспар
құру. Жаңа мәліметтер пайда болған сайын, ол өзінің жұмыс істеу жоспарын
өзгертіп отырады. Тергеуді жоспарлау өз нысанына қарай жазбаша немесе
ауызша болуы мүмкін. Жоспардың ауызша түрі тергеудің ең басында оқиға
болған жерде кезек күттірмейтін әрекеттерді орындау кезінде кұрылады,
кейінірек тергеуші жазбаша жоспар құруға кіріседі. Онда өзінің болжамдары,
олардың әрқайсысы бойынша анықталуға жататын сұрақтар, мәселелер шеңбері,
болжамды тексеруге қажетті тергеу әрекеттері және іздеу шаралары көрініс
табуы керек, бұған қоса олардың мерзімдері және орындалу реттіліктері
көрсетілу керек. Әрбір шара, жүргізілетін әрекет нақты орындаушыға жүктелуі
керек.
Л.А Соя-Серко тергеушінің жұмысында жоспарлаудың маңызын көрсете
отырып жазбаша жоспар тергеушіні ұсақ-түйекті үнемі есте сақтаудан
босататынын, барлық зейінін тергеу әрекетінің өзіне, оның психологиялық
аспектісіне, дәлелдемелердің ізделуіне және тексерілуіне салынатындығын,
сондай-ақ жазбаша жоспарда пайымдауларындағы және жорамалдарындағы
қателіктер тез білінетіндігін айтады,
Тергеудің ең бастапқы кезеңінде жедел-тергеу топтың басшысы қылмысты
ашудың және тергеудің жалпы ортақ жоспарын кұрады. Жоспарда барлық ұйымдық,
тергеу және жедел әрекеттер көрсетіледі. Әрекеттерді тиімді үйлестіру үшін
жоспарда әрбір қызметкердің жұмыс істеу учаскелері және топ мүшелерінің
арасында міндеттер бөлінеді. Барлық тергеу әрекеттерінің және жедел
іздестіру шараларының жүргізілуін жедел тергеу топтың басшысы бақылайды.
Тергеу барысында тергеу әрекеттерін жоспарлауда тергеуші жедел
қызметкерлерден келіп түскен мәліметтерді ескереді. Өзара ақпаратпен
алмасуды күшейту, тергеушінің және қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің
келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен ортақ жоспар
құрылу тиіс. Жоспарда тергеудің негізгі бағыттары, дәлелденуге жататын мән-
жайлар, іс бойынша болжамдар мен оларды тексеру бойынша тергеу және жедел
шаралар көрсетіледі.
Бірлескен ортақ жоспарды құру кезінде барлығын ұсақ-түйегіне дейін,
берілген қосымша күштерді, техникалық құралдарды, көлік кұралдарын,
байланыс кұралдарын, ішкі істер бөлімінің басқа бөлімшелерінің әрекеттері
ескеріледі. Жедел тергеу топтың кейбір мүшелері алдымен өзінің жеке
жоспарын жасап, кейін тиісті нысанда, тергеудің ортақ жоспарына енгізуді
кейбір заңгерлер ұсынады. (16. 46 б)
Жедел тергеу топтың мүшесі – жедел қызметкер, осы топтағы жедел
қызметкерлердің басшысы жалпы жоспарға сәйкес өзінің жоспарын құрады. Жедел
қызметкердің жоспарын жедел қызметкерлердің басшысы бекітеді, оның қызметін
бақылайды, сондай-ақ өзі жеке жедел іздестіру шараларын жүргізеді. Жедел
топтың басшысы жедел іздестіру сипатындағы барлық құжаттарды жинақтайды,
талдайды және жүйелейді.
Жедел тергеу топтың тергеушілері ортақ жоспарға негізделіп әрқайсысы
өзінің жоспарын құрады. Олар барлық орындалатын тергеу әрекеттер және
қабылдаған шешімдер бойынша жедел тергеу топтың басшысымен кеңеседі.
Олар келесі қағидалар: жекелік, динамикалық, реалдық және нақтылық.
Кейде тергеу жоспарларына жоспарлаудың негізі ретінде тергеу
болжамдары енгізілмей, тергеу әрекеттерінің және жедел іздестіру
шараларының тізімімен ғана шектеліп қалады.
Тергеуді жоспарлаудың түйінді мезеттерінің бірі – болжамдарды құру, ол
дәлелдеу процесінің негізін кұрайды және жоспарлаудың логикалық орталығы
болады.
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі
тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің
белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмысты іс
қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу үстінде
шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай
тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстарды
жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап, белгілейді.
Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысты
болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде
тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың
қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ.
Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай
болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп
көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық
талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы,
қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары
жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау
арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған
іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу
болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне — жұмыс
гипотезасына жатады.
Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжамы жалпы
және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай
қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған
жерде өлік табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей
болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда
өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда
қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы
жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке
болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы,
қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т. б. сұрақ-
болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының
бәрі бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы
дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін
бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте
шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол
болжау бекітілмей қалған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін
кешіктіріп алады.(11.72 б)
Сонымен тергеу болжауы тергеудің белгілі бір кезеңдерінде
туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген
қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары
жөніндегі тергеуішнің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды
және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-
іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін
жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек
болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын
тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарасақ, ол
негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі
айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі — тергеу
болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу
жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі
сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-
пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп,
жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.
Есірткі заттардың заңсыз айналымы туралы ақпараттар азаматтардың
есірткілерді тұтыну туралы хабарламаларынан, есірткілердің және жүйкеге
әсер ететін заттардың заңсыз айналымы туралы фактілерінен, талан-таражға
салу немесе қорқытып алушылық туралы лауазымды тұлғалардың
хабарламаларынан, есірткі заттарды жалған рецептер бойынша алуға әрекет
жасаған тұлғалар туралы аптека қызметкерлерінен келіп түседі.
Мысалы, 2005 жылдың шілде айында Алматы облысы ІІб – сы
Департаментінің Талғар аудандық ІІБ-сы “Есірткі саудасына қарсы күрес
тобының” қызметкері, полиция капитаны Бағдат деген өзінің қызмет бабын
есірткі саудасының көзіне айналдырған деген күдікпен қолға түсті. Алғаш
өзін Талғар аудандық ІІБ-нің “Есірткі саудасына қарсы күрес тобының”
қызметкері деп таныстырған Бағдат бірден Розаға жармасып ”есірткі
саудасымен айналысайық” деп келгіштей берген соң, Талғар аудандық ҰҚК-не
жүгініп мән-жайды баяндап береді. ҰҚК-нің қызметкерлері Бағдатты қылмыс
үстінде қолға түсірудің амалын ойластырып Розаның келісімімен оның үйіне
дыбыс жазғыш үнтаспалар мен бейнетаспа құралдарын қондырып “қақпан” құрады.
Алматыдан арнайы шақырылған ҰҚК-нің қызметкерлері Бағдаттың айыбын
толығымен әшкерелеп, жататын бөлмесінен тінту барысында есірткі тектес
ұнтақтар төсегінің астынан ақтарылып жатты. Сот-криминалистік сараптамасы
№5189 1 тамыздағы қортындысы тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3,45
грамм екенін анықтап үлгерді. Бәрінен де қылмыскерді тырп еткізбей
әшкерелеген жасырын “бейнетаспалар” мен “үнтаспалар” жазылған куә жайлар
болды. Осылайша барша қызметтестерінің абыройын айрандай төккен полиция
капитаны Бағдат 12 жылға бас бостандығынан айрылды.
Аталған қылмыстарды тергеу кезінде келесі типтік болжамдар құрылады:
аталған объектілердің заңсыз айналымы ұйымдасқан топпен жүзеге асырылады;
есірткі заттар оларды дайындайтын адаммен сатылады; талан-таражға салу
немесе қорқытып алушылық пайдакүнемдік мақсаттарда ұйымдасқан топпен
жүзеген асырылған немесе нашақормен өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандыру
үшін жасалған.
Тергеудің алғашқы кезеңінде көп жағдайларда қылмысқа қатысушыларды
қылмыс үстінде ұстау жоспарланады, сонымен бірге ұсақ-түйегіне дейін жауап
алу, тінту, есірткілерді дайындау орындарын, оларды тасымалдау көліктерін,
есірткілерді сату және тұтыну орындарын қарау, қылмыскерлерде тінту
жүргізу, күәлардан жауап алу жүргізіледі.
Тергеудің кейінгі кезеңінде әртүрлі сараптамалар, куәлардан,
есірткілерді тұтынушылардан жауап алу, айыпталушыларды, тұрғын-жайларды,
қылмыс құралдарын танытуға көрсету. Сонымен бірге, мүлікке қамау салу,
әсіресе есірткі заттарды сату бизнесімен айналысатын қылмыскерлердің
мүлкіне қамау салу, соның ішінде шетелдегі жылжымайтын мүліктеріне, банк
есеп шоттарына, антиквариаттарына қамау салынады.
Кейбір жағдайда қылмыстық іс есірткілік затқа байланыссыз қозғалады.
Мысалы, А. Сабырхановтың үстінен қылмыстық істің қозғалуының басты себебі
үйді тонау жағдайы болды. Оның үйін тінту барысында заңсыз сақталған
есірткілік зат табылды, сонымен есірткі табылуына байланысты қылмыстық іс
қозғалды.
Тергеу ісіне көп қиындық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыру
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Пәндер