Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу



Кіріспе

1 Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының тарихы
1.1 Алматы облыстық мұрағатының қалыптасу кезеңдері
1.2 Мұрағаттың алғашқы қызметкерлері

2 Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс .шараларды жүргізу.
2.1 Мұрағат ақпараттарын қолданудағы негізгі бағыттары
2.2 Мұрағатта азаматтардың сұраныстарының орындалулары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқарған сөздер тізімі

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының тарихы
1.1 Алматы облыстық мұрағатының қалыптасу
кезеңдері
1.2 Мұрағаттың алғашқы қызметкерлері

2 Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу.
1. Мұрағат ақпараттарын қолданудағы негізгі
бағыттары
2. Мұрағатта азаматтардың сұраныстарының
орындалулары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқарған сөздер тізімі
Қосымшалар

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. “Біз өз халқымыздың тарихтағы өз бағыт-
бағдарын табу жолындағы күрделі ізденістерін айқын көзге елестете алуымыз
үшін өткенімізді білуге тиістіміз .
Біз аспаннан түскен, ауадан жаратылған жоқпыз, арттағы ұрпақтың
игілігі үшін атамекенді қаны мен терін аямай төгіп, азап пен арпалыста
алыса жүріп, аман алып қалған ата-бабалардың ұрпағымыз. Олардың бастан
кешірген абыройлы сәт тері біздің рухымызды асқақтатып, жеңістері мен
жәбірленген сәттері бізді де қателіктер мен адасушылықтардан сақтандырады
.
Уақыт талабына тек өткенді біліп, тарихқа қанығып барып , дұрыс жауап
таба аламыз. Цицерон айтқандай: “Тарих- тағдырымыз тәрбиешісі”. Есінен
айрылған адам соқыр және әлсіз . Мұрағат та сол сияқты. Ол болмаса адамзат
өткенге көз жіберу, бүгінгіні түсіну, ертеңгіні жасау мүмкінкіншілігіне ие
бола бола алмас еді.”.
“Мұрағат - өткеннің ескерткіші , онсыз адамзат құлықтық ден мүлдем
ада болған болар еді.
Мұрағат болмаса көптен-көп жазықсыз қаза тапқандардың аттарын білу
мүмкін емес еді”
Қазақстан Республикасаның бүгінгі таңдағы экономикалық дамуы ол
тікелей елбасымыздың ұстанған жаңа бағыттағы саясаты десек болады. Мінекей,
осындай жаңа бағыттағы саяси, экономикалық мәдени жүйеде елдің ел болып
қалуы тікелей оның мәдени құндылықтарына байланысты. Ал мәдени, тарихи
құндылықтың қайнар көзі мұрағаттарда екені мәлім. Ендеше мәдени
байлықтарымызды көздің қарашығындай сақтап келген мұрағаттардың өз тарихын
зерттеу біздің сол құндылықтарымызға көзқарасымызды көрсетсе керек.
Қазақстан Республикасының мұрағат ісін зерттеу; оның даму деңгейін
бағамдау ол әрбір мұрағатшы мамнның міндеті деп есептеймін. Себебі
мұрағатшылардың зерттеу - объектісі болып табылатын мұрағат ісі, оның
ішінде өзіміздің төл тарихымызға қатысты мұрағат ісінің даму тарихын
зерттеу ол болашаққа батыл қадам жасауға мүмкіндік береді.
Осындай өзектілікті туындатқан тақырыбымызды диплом жұмысы ретінде
қарастыру арқылы тым болмаса аса күрделі мәселенің бір шетін табуға
ұмтылдық.
Диплом жұмысының мақсаты - тақырыптың осындай өзектілігінен
туындайды. Мұрағат ісінің тарихы осы кезге дейін арнайы
қарастырылмағандықтан, оның көптеген мәселелері әлі күнге дейін беймәлім
қалып келеді. Дегенмен өзіміздің мұрағаттық деректердегі материалдар
негізінде және жаңаша аспектіде қарастыру – дипломдық жұмыстың басты
мақсаты болмақ.
Зерттеу міндеттері:
-Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының қалыптасу кезеңіне кеңінен
тоқталу,
- Мұрағаттың алғашқы қызметкерлері туралы мәліметтер беру.
-Мұрағат ақпараттарын пайдалануды ұйымдастыруды көрсету.
- Мұрағатта қоғамдық кездесу іс шараларын өткізу,
Зерттеу объектісі: Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының
тарихы. Оның қалыптасуы және дамуы.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің міндеттері және мақсаттарына сәйкес,
ғылыми таным әдістерінің өзара байланысты жиынтығы қолданылды. Оған тарихи,
жүйелілік тағы басқа әдістер кірді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тарихтың тұнып тұрған жері-ол мұрағат.
Сондықтан да жас еліміздің мұрағат ісін дамыту, ондағы барлық игі іс-
шаралар мен өзгерістерді қолға алу біздің, болашақ мұрағатшылардың міндеті
деп білемін. Міне, сондықтан да осы тақырыпты диплом жұмысына арқау етіп
алдым.Тек деректердің негізінде шынайы, өз тарихын жазу мүмкін болмақ. Ал
бұндай тарихи деректердің басым бөлігі – мұрағат қорларында сақтаулы.
Елімізде деректану ғылымының Мұрағат құрылысын зерттеу, ондағы әрбір тарихи
оқиғаларға және оның өрбу барысына баға беру үшін жан-жақты зерттеу
мұрағатшылардың алға қойған басты мақсаты болып табылады. Сондықтан отандық
мұрағат қызметкерлері өз қызметінің аясында ғылыми жұмыстармен айналысып
келеді. Дегенмен де мен диплом жұмысын жазуда негізінен 1921-2007 жылдар
аралығындағы құжаттарға көп сүйендім. Әсіресе, мұрағатта құжаттарды
толықтыру, адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру, құжаттардың сақталуын
қамтамасыз етуіне тоқталдым. Диплом жұмысы барысында сұраныстарға жауап
беру, кездесу кештеріне дайындалған баяндамаларды тағы басқа
құжаттарды қарастырдық.
Диплом жұмысының негізгі нәтижелері, ережелері және ұсыныстары:
-Диплом жұмысы өзінің жүйелілігімен және қызықты ақпарат беруімен
ерекшеленеді,
-Диплом жұмысын жазу барысында соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды қолдану,
өзекті тақырыптарды зерттеуі оның қолданыс аясын кеңейтеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қысқарған сөздер тізімінен,
қосымшадан тұрады. Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің
мақсаты мен міндеттері анықталған, оның тәжірибелік маңыздылығы
көрсетілген. Диплом жұмысының негізгі мәселелерінің ғылыми шешімі зерттеу
объектісінің дамуының өткені мен қазіргісін және құқықтық базасын талдауды
талап етті. Осыған байланысты диплом жұмысының негізгі мазмұны үш тарау
түрінде жасалды.
1-тарауда Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының рөлі. Мұрағат
ісіндегі өзгерістер мен қазіргі кездегі жаңа жаңалықтар қарастырылды.
Еліміздің тарихына жаңаша көзқарас және мұрағат құжаттарын жариялау
мәселесі, облыстық мемлекеттік мұрағаттың құрылуы бірінші тарауда негізгі
орынды алады. Сондай-ақ мұрағаттың алғашқы қызметкерлері осы тарауда
қарастырылды.
2-тарауда 1921-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары және
оларды шешу жолдары және мұрағат ақпараттарын пайдалануды ұйымдастырудың
негізгі бағыттарына жеке-жеке талдау жасалынды.
Қорытында зерттеу нәтижелері шығарылып, негізгі тұжырымдамалар жасалған.
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының қалыптасу тарихындағы өзекті
деп табылған жақтары барынша ашылған.
Қолданылған құжаттар тізімінде дипломдық жұмысқа қолданылған басылымдар
жүйелілік тәртіппен көрсетілген.
Қысқартылған сөздер тізімінде мұрағат саласындағы барлық қысқарған
сөздердің тізімі келтірілген.
Қосымшаға мұрағат қалыптасу тарихынан қысқаша хронологиясы, мұрағат
құжаттары негізінде жасалған мақалалар, мұрағат сақтау қорының өсу
динамасы , мұрағат қызметкерінің құрмет грамотасы диплом жұмысының
текстін растау ретінде кіреді.

1 Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының
қалыптасуы
1.1 Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты өзінің бастауын
( құрылған мерзімі дәл анықталмаған) облыстық
мұрағат қорынан алады. Онда мұрағат 1919 ж. жұмыс істей бастағаны және оның
штатында 4 қызметкері болғаны туралы мәліметтер бар. Ал, облыстық
мұрағат қорын құру туралы бұйрықта оның Түркістан АССР халық ағарту
комиссияратының Орталық мұрағат басқармасының құрамына 1921 жылдың 25
қаңтарында кірді деп көрсетілген.
Құжаттарды жинап сақтау Жетісуда революцияға дейін де болған. Олар
мұрағат ісіне ынталылардың іс- әрекеттерінің арқасында сақталынып қалды.
Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатқорларының
едәуір бөлігін құрайды.
1924 ж. қазан айында Орта Азия және Қазақстан республикаларының
ұлттық – мемлекеттік межеленуіне байланысты Жетісу губерниясы Қазақ АССР-
ның құрамына қосылды. Жетісу губерниялық мұрағат ( 1928 ж. бастап Алматы
округтық) Қазақ АССР-ның Орталық Аймақтық мұрағатының басқаруына өтіп, 1929
ж. соңынан 1933 жылдың желтоқсанына дейін соның құрамында болды.
1933 ж. қазан айының 26-да Алматы облыстық атқару комитетінің бөлімі
ретінде облыстық мұрағат басқармасы құрылды.Сонымен қатар,бұрынғы облыстық
мұрағаты округі қорлары негізінде Алматы облысының Мемлекеттік мұрағаты
құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағатының бірінші бұйрығы 1934 ж. қаңтар
айының 8-де шықты.
1935 ж. наурыз айының 9-да Алматы облысының аудандарында 16 аудандық
мұрағат құрылған.
1939 ж. ақпан айының 1960 ж. тамыз айына дейін облыстық мемлекеттік
мұрағат Қазақ ССР IIХК Алматы облыстық мұрағат басқармасының қарамағында
болды, 1960 ж. 19 тамызынан қайтадан Алматы облыстық атқару комитетінің
мұрағат бөліміне берілді. Ұзақ уақыт мұрағат құжаттары сақтауға қолайсыз
ғимараттарда орналасты.
1920 жылдары мұрағат құжаттары қазіргі Достық пен Толе би көшелерінің
қиылысындағы бұрынғы пансион ғимаратында тұрды. Қазақстан астанасы Қызыл
–Ордадан Алматыға көшірілуіне байланысты мұрағат қаланың әртүрлі
орындарында орын ауыстырып тұрды, ал 1930 ж. Темекі көпесі Ледяшевтің
аулусында (қазіргі Гоголь және Пушкин көшелерінің қиылысы) орын тапты. 1950
жылдың соңында, 1960 ж. басында облыстық мұрағат қаланың бұрынғы аухатты
кісілерінің бірінің үйінде орналасты . Бұл ағаш бөренесінен жасалған бір
қабатты үйдің астыңғы кең бөлмесінде (құжаттар сақталды) және үлкен бөлмеде
барлық мұрағат ұжымы, сонымен қатар зерттеушілерде жұмыс істеді.Үйдің
ауласында бұрынғы үй иесінің флигелі (асханасы) болды. Флигельде мұрағат
бөлімінің бастығының кабинеті орналасты. Ал үйдің өзі Фурманов көшесі мен
Гоголь көшесінің бұрышында орналасты. Ақырында облыстық мұрағат 1962 ж.
арнаулы салынған Абай даңғылы 39 үйдегі ғимаратта Орталық мемлекеттік
мұрағаттар мен Республика Мұрағат Басқармасымен бірге орналасты.Мұнда
мұрағат жалпы көлемі 1045 ш.м ұзындығы 11212 м. стеллаждары бар, құжаттарды
сақтауға қажет температура мен ылғалдылықты қамтамасыз ететін , жақсы
жабдықталған жеті сақтау қоймалары бар.
Республикада мезгілді болып тұратын әкімшілік- аумақтық өзгерістерге
(Талдықорған облысының бірнеше рет таратылуы және қайтадан құрылуы, кейбір
аудандардың бір облыстан екінші облысқа өтуі )кейбір мұрағаттар қоры бір
мұрағаттан екінші мұрағатқа ауысып отырды.
1962 ж. аудандық мұрағаттар таратылып , қорлары облыстық мұрағатқа
сақтауға түсті, сөйтіп облыстық мұрағат аудандық мекемелердің, майда
кәсіпорындардың ( артельдер, дүкендер , т.б ) қорларын да сақтайтын болды.
Бұл жағдай мұрағаттың шағын ұжымын әлеуметтік – құқықтық сұраныстарды
орындауда аса көп жұмыс атқаруға мәжбір етті . Кейбір жылдары мұрағаттан 3
мыңнан астам мұрағаттық анықтамалар берілетін еді . Кейде оларды орындауға
барлық мұрағат қызметкерлері және директоры қоса қатысатын .
Сонымен қатар, құнды құжаттарды сараптау, қорларды біріктіру немесе
бөлу, ғылыми ақпараттық анықтамаларды жетілдіру, құжаттарды есепке алу және
пайдалану жұмыстары атқарылды .
1977 ж. құрыла бастаған облыстық мұрағат бөлімшелері мұрағат қорын
сақтайтын орындардың жүгін жеңілдетті және халыққа жақындата түсті . 1981
ж. желтоқсанында жаңа құрылған Алматы қаласының Орталық мемлекеттік
мұрағатына қалалық мекемелер мен ұйымдардың қорлары берілді. 1985 ж.
шаруашылық есептегі аудандық жеке құрам бойынша мұрағаттар құрыла бастады,
олардың міндеті аудандық ауылдық бөлімдегі мекемелердің, ұйымдардың және
кәсіпорындардың жеке құрам бойынша құжаттарын жинау және сақтау ,
әлеуметтік – құқықтық сұраныстарды орындау, жергілікті мекемелермен
ұйымдардың іс жүргізуін қадағалау жұмыстары еді. Бұның бәрі облыстық
мұрағатқа облыстық дәрежедегі қорларды мемлекеттік сақтауға қабылдау
мөлшерін көбейту , оларды жетілдіру шараларын жасауға иәжбүр етті .
1992 ж. ақпан айынан бастап Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатты
Алматы облыстық әкімшілігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының
қарамағына, ал 1995 жылдың қазан айынан бастап Алматы облысының Әкімі
аппаратына берілді. 1996 жылы қаңтар айында мұрағаттар және құжаттама
басқармасы облыс әкімінің мұрағат бөлімі болып өзгертілді. Ол 1997 ж.
таратылып, 2000 ж. Алматы облыстық мемлекеттік мұрағат басқармасы болып
қайтадан құрылды, облыстық мемлекеттік мұрағат штатынан бөлінді .
2001 ж. 1 қаңтарында Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының
құрамында 15 бөлімшелері болды, олардың Қабанбай ауылында орналасқан
Үшарал, Қапшағай қаласында орналасқан Іле ауданы мен Қапшағай қаласының
құжаттарын сақтайтын Қапшағай бөлімшесінен басқалары аудан орталықтарында
орналасқан .
Алматы мемлекеттік мұрағаты облыс аумағында жұмыс істеген және
істейтін меншік түрінде қарамастан мекемелермен ұйымдардың қызметінде
жинақталатын құжаттарды сақтайды ( басқа мемлекеттік мұрағаттардың
профиліне жататын мекемелер мен ұйымдардың құжаттарын санамағанда ).
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатында негізінен облыстық мекемелер
мен ұйымдардың, кейбір таратылған аудандардың құжаттары, ал бөлімшелерінде
аудандардағы құжаттар жинақталған .
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты 1640 қордың, 523553 сақтау
бірліктерінің, мұрағат бөлімшелері – 3005 қордың, 751573 сақтау
бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етеді . Бұл құжаттарда
Қазақстан Республикасының ең көлемді аймағының бірі Жетісу өлкесінің тарихы
туралы ас мол және бай мәліметтер жинақталған . Онда облыстың саяси,
экономикалық , әлеуметтік, мәдени дамуы және бүкіл ХХ ғасырдағы облыстың
жағдайын баяндайтын құжаттар сақталуда .
Мұрағат қорында Кеңес өкіметінің қалыптасуы, азамат соғысы және
Қалпына келтіру кезеңдерінің тарихынан көлемді аумақты қамтитын мәліметтер
жинақталған, себебі Жетісу облысына ( губерниясына ) 1924 ж .дейін Қырғыз
елінің кейбір аудандарына енетін .
Көптеген мұрағат құжаттары 1924-1925 жж. Орта Азия және Қазақстан
республикаларының ұлттық – мемлекеттік межеленуін баяндайды
Өнеркәсіпті мемлекеттік меншіктеу, мемлекеттік және кооперативтік
сауданың, тамақ өнеркәсібінің өсуі халық шаруашылығының облыстық және
уездік Кеңестерінің, жергілікті шаруашылық бөлімдерінің, экономикалық
кеңестерінің, өнеркәсіп, жоспарлау және сауда мекемелерінің, ұйымдарының
қорларында көрсетілген .
Ауыл және деревняларды советтендіру, қазақ еңбекшілеріне патша
өкіметі тартып алған жерді қайтарып беру, 1921-1922 жж. Жер-су реформасын
жүргізу, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру,
қоныстандыру, тап күресі, колхоз, совхоздар құру, егістік және суарылатын
жерлерді көбейту, мал шаруашылығын дамытуға арналған құжаттар аса маңызды
орын алады Бұл құжаттар жер басқармаларының, бөлімдерінің, жерге
қоныстандыру партияларының, колхоз, совхоз қорларында бар. Олардың арасында
“ Қошшы” одағының уездік, болыстық, ауылдық комитеттерінің және шаруалардың
өзара жәрдем комитеттерінің қорлары ерекше бағалы .
Халық ағарту бөлімдерінің, мектептердің, техникумдардың, мәдениет,
денсаулық сақтау, кинофикация бөлімдерінің қорлары халық арасында
сауатсыздықты жою, саяси көпшілік, мәдени-ағарту жұмыстарын ұлттық
мәдениетті дамыту, халықтың материалдық жағдайын жақсарту, мәдени деңгейін
көтеру мәселелерін сипаттайды.
КСРО ыдырап, коммунистік партия таратылғаннан кейін партияның
бай мұрағаты халық игілігіне айналып, мемлекеттік мұрағаттар жүйесіне
қосылды. Облыстық мұрағаттың Талдықорған бөлімшесі партиялық құжаттарды
сақтауда. Өкінішке орай, Алматы облыстық партия мұрағатының құжаттары
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатқа берілген жоқ. Олар Қазақстан
Республикасы Президентінің мұрағатында сақталуда.
Соңғы онжылдықта біздің қоғамымыздың осы кездегі даму барысын
сипаттайтын құжаттар түсуде . Жеке тұлғалардың – жазушылар, ақындар,
Н.Әлімқұлов, Х.Әміровтың, ғалымдар-Л.Қ.Қылышевтың, У.Х.Шалекеновтың ,
мемлекет және қоғам қайраткерлері М.С.Фазыловтың, И.Б.Балтағұловтың , Г.А.
Ялымовтың , т.б . 28 жеке тұлғалардың қорлары аса құнды, толық құжаттары
еліміздің бай және маңызды тарихын толықтыра түсуде.
Облыстық мемлекеттік мұрағатта 2000-ға жақын фото , кино-видео және
аудио құжаттар сақталуда.
Аудандық бөлімшелердің қорларында да аса қызықты және мазмұнды
құжаттар сақталуда. Мысалы Панфилов бөлімшесінде 1917-1928 жылдардағы
жұмысшы , шаруа қызыл әскерлер депутаттарының Жаркент уездік – қалалық
атқару комитетінің кеңесінің қорлары, 1919-1993 жылдардағы Панфилов
аудандық Кеңесінің халық депутаттарының, 1906-1931 жылдардағы Түркістан
почта-телеграф округінің Жаркент уездік почта-телеграф конторасының, 1916-
1924жж. Жаркент уездік соғыс комиссияратының, 1918-1928жж. Жаркент уездік
денсаулық сақтау бөлімінің, 1915-1927жж. Жаркент уездік халық ағарту
бөлімінің қорлары сақтаулы.
Ақсу бөлімшесінде Жетісу облысының Қапал уездік комитетінің жер
мәселелерін үйлестіру мекемесінің 1917-1918жж. қоры, лепсі уезінің Черкасск
болыстық комитетінің қазақ жарлыларының “Қошшы” одағының1921-1927жж.
қорлары сақтаулы.
Үшарал бөлімшесінде Жетісу облысының ( губерниясының) Лепсі уездік
халық ағарту бөлімінің 1919-1928жж. қоры, 1922 ж. Жетісу облысы Түркістан
республикасының Лепсі уезінің жұмысшы, шаруа және қызыл әскерлер
депутаттарының, 1916-1923жж. Лепсі почта – телеграф конторасының Романовск
почта-телеграф бөлімінің қорлары бар .
Мұрағаттарда құжаттарға бағытталған белгілі ғылыми- анықтама жүйесі
қалыптасқан .Сексен мың карточкадан тұратын жүйелі каталог ,қорлардың
құрамы мен мазмұнын көрсететін қысқаша анықтама , облыстың колхоз,
совхоздарының тарихының, Алматы облысының 1932-2000 жылдардағы әкімшілік-
аумақтық бөліну тарихының анықтамалары, Алматы облыстық мемлекеттік
мұрағаты қорларының құрамы мен маңызы туралы 1991-1998 жж. қамтитын
жөнсілтері бар.
2001 жылдан бері облыстық мұрағат мекемелері толық компьютерленген,
олар үшін арнаулы мұрағат бағдарламалары дайындалып, қазіргі кезде
мұрағатшылар пайдалануда.
Облыс мұрағатшыларының жұмыстары облыстық мұрағат басқарма
қарамағындағы шағын типографияда өз қаржыларымен бастырылады.
Алматы обыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттарының негізінде облыс
көлемінде Қазақстан Республикасының елдерінің азаматтарының және
мекемелерінің сұраныстары жыл сайын 9000 әлеуметтік өмірбаяндық анықтамалар
беріледі .
Мұрағат құжаттары бұқаралық ақпарат құралдарында , фотоқұжаттық
көрмелерде, фотоқұжаттық жинақтар басылымдарында кең пайдаланады, облыстық
мұрағаттардың оқу залдары арқылы мұрағат құжаттарымен Қазақстанның және
өзгеде елдерінің зерттеушілілері пайдалануда.
09.06 2000 ж. облыс Әкімінің шешімімен облыстық мемлекеттік мұрағат
басқармасы құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағат басқармасы облыста мұрағат
ісін мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін атқаруға уәкілетті
мемлекеттік мекеме болып табылады.Басқарманың негізгі міндеттері: мұрағат
ісі, құжаттау мен құжаттаманы басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру , мұрағат ісін дамыту саласында салалық мемлекеттік басқаруды жүзеге
асыру , облыстық мұрағатта және оның бөлімшелерінде сақтаулы тұрған
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын
қамтамасыз ету , құжаттармен жұмыс істеуде ғылыми-әдістемелік және
тәжірибелік көмек көрсету. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын бастыруды
ұйымдастыру , мемлекеттік және ведомстволық мұрағат істерінің заңдылықтарын
сақтауда мемлекеттік тексеру жүргізу.
Алматы облыстық мемлекеттік мұрағат басқармасы Алматы облыс әкіміне
және Қазақстан Республикасы мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетіне бағынады.
Облыстық мемлекеттік мұрағат басқармасы облыстық мемлекеттік мұрағат
және оның Ақсу , Балхаш, Еңбекшіқазақ, Қапшағай , Қаратал, Кербұлақ,
Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Талдықорған, Текелі, Ұзынағаш , Ұйғыр
, Үшарал , бөлімшелеріне жұмысына басшылық жасайды.
2001 жылдың 01.01.күніне облыстың мұрағаттық мекемелерінде 4645 қор,
1275156 сақтау бірлігі жинақталған, бұл Шығыс Қазақстан және Қарағанды
облыстық мемлекеттік мұрағаттарының құжат саны бойынша үшінші көрсеткіш.
Облыстық мұрағат мекемелері жүйесінде кіші персоналмен бірге барлығы
85 адам (басқа облыстық мұрағаттармен салыстырғанда: Шығыс Қазақстанда
–291, Қарағандыда –238 ) қызмет істейді .
Мұрағат жұмысы ғылымның, техниканың, мәдениеттің әртүрлі салаларынан
үлкен тәжірибе , терең білімді талап етеді. Мұрағатшылардың көпшілігінің
еңбек өтілі 18-20 жыл және одан жоғары .
Облыстық мұрағат мекемелерінде әр кездері әкімшілік-аумақтық бөлінуін
анықтамалығын (1920ж.тамыз-1936 ж. желтоқсан) бірінші құрастырушы
Ф.Н.Базанова, ҚР Парламет Мәжілісінің депутаты В.И.Макалин, белгілі
өлкетанушы В.Н.Проскурин, мұрағат жариялаған , көптеген жинақтарды
құрастырушы И.Н.Бухонова, ҚР Президенті мұрағатының директорының орынбасары
В.М.Чупров жұмыс істеді.
Басқарма жанында алқа құрылған. Оның отырыстарында облыстағы мұрағат
ісінің көкейтесті мәселелері қаралады: облыстық мұрағат қоры құжаттарының
мемлекеттік есебі , оларды мемлекеттік сақтауға қабылдау, құжаттарға ғылыми
анықтамалық ақпарат жасау және жетілдіру, т.б. Сонымен қатар облыстық
мемлекеттік мұрағат басқармасының жанында сараптау тексеру - әдістемелік
комиссиясы жұмыс атқарады .
Басқарма бастығы – Боранбаева Сауле Исағалиқызы, мұрағаттағы еңбек
өтілі 30 жыл.
Басқармасы бастығының орынбасары – Досжанова Қымбат Тұрғанбайқызы,
тарих ғылымдарының кандидаты, мұрағаттағы еңбек өтілі 7 жыл.
Облыстық мемлекеттік мұрағат басқармасының мұрағатшыларының
еңбегі әртүрлі үкімет марапаттамаларымен марапатталды. Олардың арасында
облыстың 11 мұрағат қызметкерлері, ал республика бойынша 32 адам
“Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы” медалімен марапатталды.1934 жылы
қантарда осы мұрағат бюросы Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатты болып
өзіндік мекеме ретінде қалыптасты, аудандарда аудандық мұрағаттар
құрылды.
1997 жылы талдықорған облысын Алматы облысына қосуына байланысты
Талдықорған облысындағы барлық мұрағаттар осы Алматы облыстық мемлекеттік
мұрағаттың қарамағына енді.
Биыл тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай, мұрағат та қарап қалмай өзіне
тиесілі жұмыстарын жүргізуде. Соның бірі Тәуелсіздік тартулары көрмесі.
Бұл көрмеде 10 жыл ішіндегі облыс өміріндегі қол жеткізген жетістктер
бейнеленген. Ал, облысымыздың өмірімен, сонымен бірге көрмемен де
таныстыра кетейін.
Жергілікті жерде мемлекеттік мұрағат ісін жетілдіру, мұрағаттардың
материалдық техникалық базасын нығайту, мұрағаттардағы материалдарды
пайдалану және оның сақталу жағдайы жөнінде облыстық әкімдер мен Қазақстан
Республиикасы үкіметіне жүйелі түрде хабарлап отыру, ұсыныстар кою
жергілікті мұрағат басқармаларымен Облыстык мемлекеттік мұрағаттардың
басты міндеті болып саналады.
“Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы" негізінде Қазақстан ұлттық,
тарихына байланысты шетел мұрағаттарындағы, мұражайлар мен
кітапханаларындағы құжаттық материалдарды табу, анықтау және олардың
көшірмелерін алу, мұрағаттық матертериалдарды жариялаудың. арналған
бардарламасын жасау қажет.
Алматы облыстық мұрағат мекемелері деректі фото құжатты көрмелер
ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы хабарлар жариялап, жеке тұлғалар мен
мекеме, ведомстволардың сұраныстарына жауап бере алатын, ғылыми-практикалық
конференция өткізетін қуатты органдарға айналды. Бұл әсіресе әлемдік
дәрежеде өткен Абай, Жамбыл, Мұхтар мерекелері тұсында көзге түсті.
1940 жылы алматы облыстық мұрағат қызметкерлері жұртшылықтың 1076
ғана сұранысына жауап берсе, соңғы екі жылда Кеңес үкіметінің куғын-
сүргініне ұшырағандар мен әлеуметтік құқық мәселелері бойынша 325 мың 860
сұранысқа анықтама берді.
Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы
облыстық мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін алмасу
жөнінде келісім шарт жасалды.
Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық-техникалық базасын
нығайту, мұрағат ісін дамыту, келешекте реформалау мәселесі Мемлекет
Басшысына баяндалды. Осы мәселе Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет
және Білім, мәдениет, денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет орындарының мұрағат ісінің
маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттарының нәтижелі жұмыс жасауына
елеулі әсері тиді.
Соның нәтижесінде еліміздің мұрағат мекемелерінің қызметтерінде Халық
бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу елеулі орын алды. Оған 1998 жылдың
алғашқы жарты жылдығында-ақ республикалық, облыстық, қалалық, аудандық 34
ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгені нақты дәлел.

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының

бөлімшелері

Ақсу1981 ж құрылды. 271 қор, 56665 сақтау бірлігін сақтайды, мұрағат
директоры –Шарипова Қарлыға. Балхаш 1989 ж құрылды.78қор, 22108
Жылгелдиева Замзагуль. Еңбекшіқазақ1980 ж құрылды202 қор, 76218 сақтау
бірлігін сақтайды, мұрағат директоры-Баядилова Светлана
. Қапшағай 1977 ж құрылған102 қор ,28192 сақтау бірлігін сақтайды,
мұрағат директоры -Борзецова Людмила. Қаратал1978 ж құрылды23 қор,
36199 сақтау бірлігін сақтайды мұрағат директоры-Русакова Лидия.
Кербұлақ1992 ж құрылды Қор,7634 сақтау бірлігін сақтайды
Мұрағат директоры-Үдербаева Жарылқасын. Панфилов 1966 ж құрылды
108. 396 қор,84058 сақтау бірлігін сақтайды, мұрағат
директорМакарова Ғалия. Райымбек1986 ж құрылған қор,20087 сақтау
бірлігін сақтайды.
мұрағат директоры- Өзбекова Бибігүл. Сарқанд1989 ж құрылған
қор,28641сақтау бірлігін сақтайды мұрағат директоры-Карипова Маржан.
Талғар1955 ж құрылған қор,19120сақтау бірлігін сақтайды,мұрағат
директоры Алексеева Людмила. Талдықорған 1944 ж құрылған.
қор,268829сақтау бірлігін сақтайды, мұрағат директоры -
Мұқашева Рақима. Текелі1987 ж құрылған85қор, 20643 сақтау бірлігін
сақтайды, мұрағат директоры-Борисова Лариса. Ұзынағаш 1981ж
құрылған, 134 қор, 32028 сақтау бірлігін сақтайды, мұрағат
директоры-Шалғынбаева Жаннат. Ұйғыр 1987 ж құрылды, 143қор, 17758
сақтау бірлігін сақтайды, мұрағат директоры- Тұрыспекова Гульсара.
Үшарал1982 ж құрылған. 328 қор,70900 сақтау бірлігін сақтайды, мұрағат
директоры-Гайворонская Любовь.

Алматы облысының мұрағат мекемелерінің желісіндегі өзгерістер туралы
қысқаша мағлұматтар

25қаңтар 1921ж Жетісу облыстық мұрағат қоры құрылды.
16мамр1922ж Қор аты Түркістан АССР-ның халық ағарту
комиссариатының Орталық мұрағаттар басқармасының Жетісу облыстық
мұрағат бюросы болып өзгертілді.Қазан 1924ж Жетісу облысчтық
мұрағат бюросы Жетісу губерниялық мұрағат бюросы болып
өзгертілді, ҚАССР-ның орталық аймақтық мұрағаттың қарамағына өтті.
1928 ж Жетісу губерниялық мұрағат бюросы болып өзгертіілді.
1932 ж қазан айына дейін ҚАССР-ның орталық аймақтық
мұрағаттың құрамында болды.26 қазан 1933ж Облыстық атқару
комитетінің бөлімі ретінде Алматы облыстық мұрағат басқармасы
құрылды.Бұрынғы мұрағат басқармасы құрылды. Бұрынғы мұрағат округі
қорлары негізінде Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды.
9 наурыз 1935ж Алматы облысының аудандарында 16 аудан мұрағаттары
құрылды.
17 ақпан 1939ж Облыстық мемлекеттік мұрағат кеңес органдарынан
ІІХК (НКВД) қарамағына берілді , 1940 ж шілденің бірінен –Алматы облысы
бойынша ІІХК басқармасына , 1946 жылдың Алматы лблысы бойынша Ішкі
Істер Министірлігінің мұрағат бөліміне бағынатын болды.
16 наурыз 1944ж Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттарының
бір бөлігі жаңадан құрылған Талдықорған облысының мемлекеттік мұрағатына
тапсырылды.
1957ж Облыстық мемлекеттік мұрағаты Алматы қаласының мемлекеттік
мұрағатына тапсырылды.
19 тамыз 1960ж Облыстық мемлекеттік мұрағат Алматы облыстық атқару
комитетінің қарамағына берілді.
15 сәуір 1977ж Облыстық мемлекеттік мұрағатының Қапшағай бөлімшесі
құрылды. 15 шілде 1980ж Жеке құрам бойынша Еңбекші аудандық мұрағат
құрылды.

23 шілде 1981ж Облыстық мемлекеттік мұрағатының Ұзынағаш бөлімшесі
құрылды.
Сәуір 1982ж Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты құрылды, облыстық
мұрағат құжаттарының бір бөлігі ҚР ОММ-ға тапсырылды.
18маусым 1986ж Кеген ауылында, 23 желтоқсан 1988ж Шонжы ауылында.
17мамыр 1989ж Бақанас ауылында, 6 ақпан 1991ж Шелек ауылында, 17
қараша 1995ж Талғар ауылында, 1 қаңтар 1997ж Облыс әкімі
аппаратының мұрағат бөлімі таратылды және оның қызметі Алматы
облыстық мемлекеттік мұрағатына жүктелді.
12 ақпан 1997ж Мұрағат Алматы облыстық мұрағат қарамағына берілді.
22желтоқсан 1998 ж ҚР-ның Ұлттық мұрағат қоры мұрағат туралы заң
қабылданды.
9 маусым 2000 ж Алматы облысы әкімінің аппаратының мұрағат басқармасы
құрылды.

2. Мұрағаттың алғашқы қызметкерлері.

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының бастауында Брызгалов Иван
Львович ( 1859-1935 жж.) болды. Ол азамал соғысы жылдары
мұрағатты сақтауда үлкен роль атқарды . Алдымен жәй қызметкер, сонан соң
Жетісу облыстық мұрағат бюросының меңгерушісі болды. Тарихшы, ұстаз, қоғам
қайраткері . 1903-1907 жж. Верный қаласының әкімі болды.
Жеке адамның мұрағатындағы сақтаулы Иван Львович Брызгаловтың
қағаздарын оқып отырмын. Олар мұрағат ісіне қатысты екен. Кейбір
үзінділерін келтірейін: “Екатерина ІІ өзінің 1768 ж. 28 мамырдағы
жарлығымен мұрағатшылар өмірде парасатты, күдіксіз, айыбы жоқ, әділеттсіз
және бір жақты емес адамдар болуын талап етеді”. Мұрағатшылар еркімен
жалданған, жұмысты талап ететін деңгейде білетін, Мұрағат жұмыстарымен
жетік таныс, қол ұшын беруге, жазуға дайын адамдар екен Олар мәселелерді
шешуде ғажап тапқырлық танытатын, түп нұсқаны жеткізушілер және
мұрағаттарды даналаушылар. Тарихшылар өздерінің монографияларының алғы
сөзінде бұл даналаушыларға алғыстарын айтып, олардың ғылымға қосқан үлкен
үлесін жоғары бағалауға қажет санайды. Төменде келтірілген үзінділер Жетісу
мұрағатшысы И. Л. Брызгаловқа тікелей қатысты. Ол туралы мәліметтер
көптеген кітапхана және мұражай қорларында сақталуда. Ол өзінің
зерттеушісін күтуде. Біздің бұл очерктегі міндетіміз осы дарынды адамның
өмірбаянына аздап шолу жасау ғана.
Иван Львович Брызгалов 1859 ж. Тобольск губерниясының Туринск уезі ,
Усениновск селосында шіркеу қызметкерінің отбасында дүниеге келді .“Тарих”
курсы бойынша жоғары, “ магистрлік ” білім алды. Оқу кезінде Архангельск
губерниясының Соловецк монастырының мұрағаттарын өндеу
тәжірибесінен өтті. Ал негізгі ғылыми-педагогикалық қызметін Шығыс Сібірде
өткізді. Мұнда ол 1887 жылдан Тобольск мекткбінде, кейінірек он тоғыз жыл
Иркутскінің әртурлі оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарды.
Сибирь кезеңіндегі Брызгалов-тың қызметі негізінен Спиранский реформасынан
кейінгі халық ағарту жұмыстарына және остяктардың (ханттардың) өміріне
байланысты болды.
1902 жылдың желтоқсанында Иван Львович Брызгалов Жетісуға көшіп
келіп, облыс орталығы Верныйда (қазіргі Алматы) оқытушылық жұмыс істейді.
Революция және азамат соғысы жылдарында ол мектеп семинариясының, қыздар
гимназиясының директоры қызметтеріне тағайындалды, ал Кеңес үкіметі тұсында
қала әкімшілігінің халық ағарту бөлімін басқарды.
И.Л. Брызгалов қалалық шаруашылық мәселелерін жетік білетін еді.1903
жылдың тамызында ол 4 жылға қала басшысы болып сайланды. Дәл сол кездерде
Верный қазіргі уақытта тарихи және мәдени ескерткіштері болып жарияланған
үйлермен көркейтілді. Олар Вознесенский Соборы, құрамында семинардың
мектебі , пансион және ерлер гимназиясы директорының үйі бар
гимназия қалашығы бой көтерді. Брызгалов басшылық еткен жылдары қала
экономикалық қайта құру жолына түсіп, көп болмаса да толық
механизацияланған өндіріс мекемелерді, электр қуаттарының көздері, су
тартқыштар пайда болды. Мәдени орындары дами бастады , музыка мектебі
ашылды, симфониялық оркестр құрылды. Қалалық дума Италиядағы Милан
қаласынан Ла Скала опера театрының тәжірибелі капельмейстрі Луку Ланжелиді
шақырып, ол Верныйлықтарды Батыс Европа мен Россияның классикалық музыка
туындыларымен таныстырды.
Қорыта айтқанда , И.Л. Брызгаловтың Верный қаласының мэрі қызметін
атқарған жылдары көптеген жаңа бастамаларға, патриотизмге толы жылдар
болды. Оның қала басқарудағы тәжірибесі кеңес үкіметі тұсында да
кең пайдаланылды. Ол туралы Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаттағы –
Жетісу губерниялық комитетінің Түрксібстройға көмектесуі, Алматы қалалық
комхозындағы ( коммуналдық трестегі) Қазақ ССР ХКС жанындағы құрылыс
бюросы қорларындағы құжаттар куәландіра алды. 489 (т.4,70 іс) қорда
И.Л.Брызгаловтың 1926 ж. жеке істері сақталған.
Бұл қорды И. Л. Брызгаловтың “Алматы қаласының жер көлемін кеңейту
мәселелері” атты қолжазбасын көруге болады ( т. 1,іс702)
Құжаттарды талдау барысында И.Л. Брызгаловтың кеңестік мұрағат ісінің
басқаруында тұрғанын көрсетеді. 1919 ж. сәуір айында облыстық мұрағаттың
кітапхана және облыстық есеп бюросының бастығы қызметтерін қоса атқарды.
Жетісу облысы бойынша Орталық мұрағат басқармасының бірінші өкілі қызметін
атқарғанда сол еді . Ұлттық кітапхананың кітаптар сақталатын қолжазба
қорларында тұрған Орыс география қоғамның Жетісу бөлімінің мұрағаты да
тарихи құнды қор . Бұл жерде И.Л. Брызгаловтың қала және облыс шаруашылығы
, мұрағат қорын жасау , қорықтар ұйымдастыру жұмыстарына бағытталған ,
қызу, екпінді еңбектері байқалды.
1921 ж. Орыс география қоғамының Жетісу бөлімінің бірінші төрағасы
Э.О.Баум қайтыс болғаннан кейін және оның орнын басқан В.Н.Шнитниковтың
ұзақ жыл сапарда болуына байланысты Жетісу географиялық қоғамын
И.Л.Брызгалов басқарды. Облыстық мұрағатта (қ.715,
т.2,іс 4 ) осы қоғамның қалыптасуы, оның трағасының және мүшелерінің
қызметтері жөнінде құжаттар көреміз. Брызгаловтың қатысы ол кездерде
белгілі Верный қаласының заңгері Е.И.Войцеховский болды.Кеңес үкіметіне
дейінгі құжаттардың сақталынып қалғаны үшін оған да біз қарыздармыз.
Мұрағат қорларының сақталуы, тәртіпке келтірілуі Войцеховский, Брызгалов
және Ионовтардың ынта-жігерлерінің, қамқорлықтарының арқасында жүзеге асты.
Мұрағатқа қолайлы үйде табылды,ол бұрынғы пансион үйі, қазіргі Достық және
Толе би көшелерінің бұрышындағы үй (мұрағат және кітапхана меңгерушісі
И.Л.Брызгалов) бұрынғы Троицк шіркеуінің приход мектебінің үйі (қазіргі
география институты, мұрағат меңгерушісі М.Е.Ионов). Қазақстан астанасы
Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруіне байланысты мұрағаттар бастапқы кезде
қаланың әртүрлі жерлеріне орналасып, кейін темекі көпесі Ледяшевтың
ауласында орын тепті.Мұнда біріктірілген Қызыл Мұрағат орнасты.
Бұл кезде мұрағат істерін бастаушы И.Л.Брызгалов дүниеден озып еді. Оны
көрген адамдардың айтуынша, ол 1935 ж. жалғыздықта ауырып өмірден өткен.
Үкімет оның бұрынғы патша заманында қала әкімі қызметіндегі статистик
кеңесшісі болғанын кешірмеген болу керек. Ол Үлкен Алматы бекетінде өзінің
ескі таныстарының үйінде қайтыс болды. Тіпті үйде де емес, кәдімгі ағаш
сақтайтын сарайда,өкпе қабысқаннан ба, кәріліктен бе, мүмкін мүлде
ескерусіз қалғандықтан ба оның дүниеден өткені.
Мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қамқорлыққа алынбауы,
жеңілдіктерге ие болмауы қынжыларлық. Мүның келешекте мұрағат ісін дамытуға
елеулі кесірі тиетіні сөзсіз. Қазіргі мұрағат қызметкерлерінің көпшілігі
гуманитарлық білім саласындағы мамандар және егде тартқан адамдар. Оларды
кәсіби мамандықтары бар жастармен ауыстыру басты міндеттің бірі. Кәсіби
мамандардың жоқтығынан шет елдердегі қүжаттар былай тұрсын, республиканың
архив қоймаларында жатқан қытай, монғол, манжур, түрік, парсы, араб, т.б.
шет ел тілдеріндегі көне заман қүжаттары игерусіз жатырВладимир Николаевич
Проскурин, жазушы-өлке танушы,ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Мұрағатқа берілген баға өлшеусіз. Кезінде академик Е.В. Тарле "Құжатсыз
тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ" деген. Ал мұрағат сол тарих үшін
жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан да ол жеке тұлға мен коғамның,
мемлекеттің тыныс-тіршілігімен бірге тыныстап, өмір сүріп халқына,
мемлекетке, қоғамға қызмет етеді.
Сондай мұрағаттың бірі 1794 жылы өмірге келген Қазақстан Республикасының
мұрағаты.
Қазақстан мұрағатының тарихы соңғы үш-төрт жылға дейін В.И. Лениннің
"Россия Социалистік Федеративтік Кеңес Республикасында мұрағат ісін
орталықтандыру және қайта құру түралы Декретінен басталады"- деп
дәріптелді. Мұндай тұжырым Коммунистік партия идеологиясының өсерінен, не
мұрағат кұжаттарын терең зерттемеуден туды. Оған дәлел жеткілікті.
Тек Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін Орал облыстық
мемлекеттік мұрағат қызметкерлері ВА.Иночкин мен М. Ащығалиевтің Астрахань
мұрағатынан "Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында 1794 жылы ұйымдастырылды
және ханның жанында ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді" - деп жазылған
деректі құжатты тапқаннан кейін еліміздің мұрағатының тарихы 1994 жылы екі
ғасырға бір-ақ көтерілді.
Осы нақты деректерге байланысты Қазақстанда 1995 жылдың 25-29 қыркүйек
күндері Қазақстан мұрағатының 200 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция өтті.Конференцияда "Егеменді мемлекет жағдайындағы
Қазақстан мұрағаты" деген тақырыпта баяндама жасалып, жиырма бір хабарлама
тыңдалды. Сөйтіп Қазақстан мұрағатының екі ғасырлық тарихы әлемге танылды.
1990 жылы Одақтың таралуына байланысты Қазақстан мұрағаттарының рөлі
өзгерді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995
жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша (№ 2541) Қазақстан Республикасының
министрлер кабинеті жанындағы мұрағаттар мен құжаттама Бас басқармасы болып
қайта құрылды.
Дегенмен Қазақстан мемлекеттілігінің мәртебесі өзгеруіне байланысты
мұрағат мекемелерінің де жүйесі өзгеріске ұшырады. 1996 жылы 29-қазанда
президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Бас мұрағат басқармасы жойылып, оның
өкілеттілігі Орталық мемлекеттік мұрағатқа берілді. Сол кезден бастап,
яғни 1997 жылдың 28- сәуірінен Бас мұрағат басқармасы Орталық Мемлекеттік
мұрағат деп атала бастады. Басқару жұмысы жаңа арнаға түсті. Мұрағат
мекемелерінің құрылымы, штат кестесі едәуір ықшамдалды.
Қазақстан мұрағаттарының үлкен байлығы - жеке тұлғалардың құжаттары.
Жеке тұлға мұрағат қорын сөз еткенде Қазақстанның мұрағат мекемелері
деректі фото құжатты көрмелер ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы
хабарлар жариялап, жеке тұлғалар мен мекеме, ведомстволардың сұраныстарына
жауап бере алатын, ғылыми-практикалық конференция өткізетін қуатты
органдарға айналды. Бұл әсіресе әлемдік дәрежеде өткен Абай, Жамбыл, Мұхтар
мерекелері тұсында көзге түсті.
1940 жылы Қазақстан мұрағат қызметкерлері жұртшылықтың 1076 ғана
сұранысына жауап берсе, соңғы екі жылда Кеңес үкіметінің куғын-сүргініне
ұшырағандар мен әлеуметтік құқық мәселелері бойынша 325 мың 860 сұранысқа
анықтама берді.
Атап айтқанда: 1997 жылы 2 қазанда "Мұрағаттар мен кітапханалардағы
қолжазба мұраларды сақтаудың проблемалары" атты конференцияда Қазақстан
Республикасы мұрағат қорларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті
мәселелер деген тақырыпта хабарлама жасалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің "1998 жылды Халық бірлігі және
ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" Жарлығын және осы Жарлыққа
байланысты жылды өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20.12.1997 жылғы 141869 санды қауылысын Республиканың Орталық Мемлекеттік
мұрағаты өз қызметінің басты нысанасы етіп қабылдады. Атаулы жылды өткізу
жөнінде комиссия құрды. Жарлықты жүзеге асыру жөнінде нақтылы жоспар-шара
жасады. Оны жасауға елімізге танымал тарихшылар мен мұрағат қызметкерлері
қатысты. Ғылыми кеңесте 1998-2005 жылдар арасында жарияланатын, баспадан
шығарылатын мұрағат құжаттарының республикалық жоспары бекітілді. Жасалған
жоспар мен шара Республиканың мұрағат мекемелеріне жіберілді.
Соның нәтижесінде еліміздің мұрағат мекемелерінің қызметтерінде Халық
бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу елеулі орын алды. Оған 1998 жылдың
алғашқы жарты жылдығында-ақ республикалық, облыстық, қалалық, аудандық 34
ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгені нақты дәлел.
Алматы облыстық мұрағат қорының құжаттары ұйым күші мен қаражаты есебінен
мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырылуы тиіс. Тізімдеменің
қорытынды жазбасында көрсетілген іс саны мен нақты іс саны арасында
айырмашьлықгар шықса, тізімдемеге жаңа қорытынды жазба жасалып, онда
тапсырылған нақты iстердiң көлемi мен жоқ істердің нөмiрлері көрсетіледі.
Тапсыру істерді қабылдап алу актісімен ресімделеді. Актіге тіркелетін
анықтамаға жоқ істердің нөмiрлері, олардың жоқ болу себептері жазылып,
іздестіру шаралары көрсетіледі. Іздестіру нәтиже бермей, табылмай кеткен
iстерге жоғалғандығы туралы акт жасалып, оны ұйым басшысы бекiтеді.
Құжаттардың жоғалған түпнұсқалары олардың куәландырылған көшірмелерімен
ауыстырылады.

2тарау Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс - шараларды жүргізу
2.1. Мұрағат ақпараттарын пайдаланудың негізгі бағыттары мен үлгілері.
Алматы облыстық мұрағытыныңғылыми – ақпараттық қызметінде мұрағат
ақпараттарын пайдалану келесі бағыттар бойынша бөлінеді: басқармалық, халық
шаруашылық. Саяси, ғылыми, әлеуметтік – мәдени және әлеуметтік – құқықтық .
Бұл бағыттардыәрқайсысын жеке қарастырсақ.
Мұрағат ақпараттарын басқарма саласында пайдалану .
Басқарманың бөлімінде бұл ақпараттар әр – түрлі шешімдер қабылдаған кезде
керек. Яғни басқару объектісінің жағдайы мен оның қалыптасуы туралы
ақпараттар керек болғанда. Бұл шешімдер мемлекеттің экономикалық және саяси
өміріндегі маңызды құжаттар болып табылады:
- Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалықжәне саясидамуын болжауда.
- Халық шаруашылығының дамуын жоспарлау мен динамикасын анализдеуде.
- Басқару сфераснда мемлекеттік бақылау болғанда.
- Билік өкілеттілігін реорганизация лауда және басқарудың құрылымында.
Тұтынушылардың мұрағат ақпараттарын пайдалану формасы басқару
сферасындағы
жоспар, баяндама, анықтамалар, әр – түрлі есептердіңүлгілеріне сәйкес
келеді.
Мұрағат ақпараттарын халық шаруашылығы сферасында пайдалану.
Энергетикада - электр станцияларын жобалауда. Су ресурстарын тануда,
пайдалы қазбаларды және физика – геологиялық іздеулерде,құрылыспен
архитектурада,сондай – ақ архитектуралық және мәдени ескерткіштерді
реставрациялау жұмыстарында, қатынас жолдарын, су жолдарын қабаттауда
пайданылады. Бұл мұрағат ақпараттарын тұтынушылардың пайдалану
бағытындағы формасы – стастикалық кесте, жинақтар, анықтамалар, баяндамалық
жазбалар, диссертациялар,статьялар, ғылыми – техникалық әр-түрлі құжаттар.
Мұрағат ақпараттарын саяси бағытта пайдалану.
Бұл бағыта пайданылатын ақпараттар екі ел, екі топ ұлттар, әлеуметтік
таптар арасындағы құжаттар сипатында болады. Мұндай құжаттар
мемлекетіміздің халықаралық қатынастарда, ішкі және ұлттық саясатында
қолданылады.Тұтынушылардың мұрағат ақпараттарын пайдалану формасы:кітаптар,
брошюралар,статьялар, құжатар жинағы, плакаттар,радио және теледидарлы
бағдарлармалар, документальді филмьдер, әр түрлі дипломатиялық құжаттар
және сыртқы сауда сипаты (менорандумы, ноты, заявление, т.б).

Мұрағат құжаттарын ғылыми бағытта пайдалану.
Мұнда ақпарат негізінен қоғамдық дамудың, жаратылыстың, техникалық
және басқада ғылымның деректік көзін толықтыру үшін қолданылады.Осы бағытта
тұтынушылардың пайданылатын мұрағат ақпаратының формасы – монографиялар,
диссертациялар, ғылыми – танымал кітаптар және брошюралар, оқулықтар,
шолулар, кезеңдік басылымдардағы мақалалар құжаттар жинағы.
Әлеуметтік – мәдени бағытта мұрағат ақпараттарын пайдалану.
Бұл бағыттағы негізгі міндеттердің бірі ғылыммен мәдениеттің әр
саласынан хабардар болу. Мұрағат ақпараттары өнер саласында, өлкетанумен
әлеуметтік өмірде, тарихи оқиғаларды оқуда.Мемлекет және қоғам
қайраткерлерінің биографиясын, әр – түрлі елдің аймақтардың, мекемелердің,
ұйымдардың, кәсіпорындарды білуде (тануда) пайданылады.
Тұтынушылардың мұрағат ақпаратын пайдалану формасы – кітаптар,
мақалалар,музей экспозициялары, документальді фильмдер, теле және радио
бағдарламалар, әдеби шығармалар, өнер туындылары, диссертациялар т.б.
Мұрағат ақпараттарын әлеуметтік – құқықтық бағытта пайдалану.
Мұрағаттық ақпараттар мұнда азаматтардың қызығушылықтары мен заңдық
құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында пайданылады.Сондай – ақ мұрағаттың
ақпарат азаматтардың мүліктік және басқа да құқықтарын дәлелдеу, растау
үшін кең көлемде қолданылады.
Зейнетақының бөлінуіне, әр түрлі жеңілдіктер алу үшін, қоғамдық және
басқа қызметтерді бекіту үшін пайданылады.
Тұтынушылардың қолданатын мұрағаттың аппараттар – Мемлекеттік
мекемелердің іс қағаздарына сәйкес әр түрлі хаттар, өтініштер,
сұраныстар, шағымдар, құқылық ұйымдар.
Әр мемлекет мұрағатында бағыт анализі мен пайдалану формасы қызметі
нақты, толық мұрағат ақпаратын ұйымдастыруда болса, мұрағаттың ақпаратты
пайдалануда жаңа ізденістермен оны қолдану тұтынушылардың міндеті.
Мұрағаттық анықтамалар сақтауда тұрған құжаттар негізінде олардың
түрлерi, авторлары, даталары, тiркеу нөмірлері, тақырыптары, iздестiру
деректерi көрсетіліп жасалады және өтініштегі мәселеге қатысты мәліметтер
хронологиялық ретімен баяндалады.
Мұрағаттық анықтамада тырнақшаға ала отырып құжаттардан үзінділер
келтіруге болады. Ұйымның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң және жоғары
тұрған мемлекеттiк органының аттары анықтама мәтінінде толық келтіріледі.
Мәтiнде пайдаланылған құжаттар мазмұны бойынша орындаушының қысқартулар,
түсініктемелер, өзіндік тұжырымдар жасауына жол берілмейді. Мұрағаттық
анықтамаға мұрағаттық құжаттар көшiрмелерi мен олардың үзiндiлері қоса
берiлуi мүмкiн. Мұрағаттық көшірме мұрағаттық құжат мәтінінің немесе
бейнесінің нақты көшiрмесін беретін ресми құжат болып табылады.
Сұралған мәліметтер жоқ болса, өтініш білдірушіге оның білгісі келген
мәліметтері жоқ екендігін анықтайтын жауап беріледі де, қажетті
ақпараттарды қайдан алуға болатындығы туралы жөн сілтеледі. Жұмыстан шыққан
немесе басқа ұйымға жұмысқа ауысқан тұлғаларға кезінде алынбай қалған
ведомстволық мұрағаттағы жеке құжаттарының тұпнұсқасы жазбаша сұраным мен
жеке басты куәландыратын құжат бойынша берiледi.
Алматы облыстық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты
сақтауға тапсыру, ұйым жекешелендiрiлгенде, қайта ұйымдастырылғанда
(таратылғанда) құжаттар сақтайтын орынды анықтау. Қазақстан Республикасы
заңдарына сәйкес
Облыстық мұрағат мекемелерінің жұмысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік
мұрағат қорларында салалық жоспарлар оойынша 1994-2000 жылдарға және 2010
жылға дейін мұрағат қорларын сақтауды қамтамасыз ету және оны ұйымдастыру
ісін жетілдіруте бағытталады,
Мұрағатта сақталынатын құжаттарға колайлы жағдай туғызу мақсатында
жергілікті орындушы органдар мен бірлесе отырьш Алматы қаласының Алматы
облыстық мемлекеттік, орталық мұрағатына, Бостандық, Медеу аудандарының
мұрағатқа, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Аятөз және
Зайсандағы филиалдарына, осы облыстың Қатонқарағай аудандық мұрағатына,
Қостанай обылысының Қарабалық, Қарасу, аудандық мұрағатына, Маңғыстау
облысының Жаңаөзендегі филиалы мен Түпқарағандағы мұрағат қоймаларына жаңа
үй беру мәселесі шешілді. Рудный (Қостанай облысы) Абай, Осакороп
(Қарағанды облысы) Қызылқоға, Исатай (Атырау облысы) аудандық
мұрағаттарының қоймаларына қосымша үй 6өлінді.
, Алматы облыстары мен Алматы қаласы мен мұрағат үйлері жедел жөндеуден
өткізілді.
Мұрағаттарда өрт апатынан сақтаудың нақты шаралары жасалды. Әсіресе,
өрт сөндіру құралдарының қалқанымен СОТ, генераторымен Өртсөндіргіш
қоймалары жабдықталды, қызметкерлерді өрт сөндіру ісіне үйрету-оқыту іске
асты. Облыстық мұрағаттарының үлкен байлығы - жеке тұлғалардың құжаттары.
Дегенмен еліміздің 1000-ға тарта коғам, мемлекет қайраткерлері мен ғылымға,
мәдениетке, әдебиетке, өнерге, халық шаруашылығының салаларына ерен еңбегі
сіңгендердің өмірі мен шығармашылығына, қызметіне қатысты 130 мыңға жуық
істер мемлекетіміздің тарихын толықтыратын мол мұра архив қорында сақтаулы.
Олардың қатарында еліміздің түңғыш академигі, Қазақ ССР Ғылым Академиясын
ұйымдастырушы Қ.Сәтбаев, Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған
Т.Бигелдінов, Кеңес Одағының Батыры, аты әлемге аңыз болып тараған қолбасшы
Б.Момышүлы, Социалистік Еңбек Ері, жазушы Ғ.Мүсірепов, Социалистік Еңбек
Ері, сахна саңлағы С.Қожамқүлов, тарихшы Е.Бекмаханов, архитекторлар
М.Мендіқүлов, Г.Герасимов, қылқалам шеберлерлері Ә.Қастеев. А.Ғалымбаева,
қоғам, мемлекет қайраткерлері I.Омаров, Ө.Жәнібеков, ақын О.Сүлейменов,
композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, т.б. құжаттары құнды шежіре.
Облыстық мұрағат мекемелері деректі фото құжатты көрмелер
ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы хабарлар жариялап, жеке тұлғалар мен
мекеме, ведомстволардың сұраныстарына жауап бере алатын, ғылыми-практикалық
конференция өткізетін қуатты органдарға айналды. Бұл әсіресе әлемдік
дәрежеде өткен Абай, Жамбыл, Мұхтар мерекелері тұсында көзге түсті.

2.2. Мұрағат ақпараттарын пайдалануды ұйымдастыру формалары.

Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру формасының дамуын зерттеудегі
қолдануға қатысты ауытқу және абсолютті әдісі С.Л. Макарованыкі болып
табылады. Осы әдістерле мұрағат құжаттарын пайдалануды ұйымдастыруда
мұрағатта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облыстық мемлекеттік соттар мұрағаты
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Іс қағаздарды жүргізу
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
ҚР-дағы 2007 – 2009 жылдарға арналған саяси жүйе
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Қазақстандағы мұрағат ісі
Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді, мұрағат қызметін заңдық және нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу
Пәндер