Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігінің мәселелерінің негізгі мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясында қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара әрекеттестігі мәселелерінің шешілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Халықаралық қылмыстық құқық жалпы халықаралық жария құқығының негізгі салаларының бірі ретіндегі ерекшеліктері ... ... ...18
2.1 Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қалыптасу мәселелері ... ..18
2.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуындағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

3. Ұлттық қылмыстық құқық нормалары мен халықаралық қылмыстық құқық нормалары арақатынасы және өзара әрекеттестігінің негізгі мәселелері ... ... ... ...36
3.1 Ұлттық қылмыстық құқық пен халықаралық қылмыстық құқықтың әр түрлі құқық жүйесі ретіндегі негізгі айырмашылықтары ... ... ... .36
3.2 Халықаралық қылмыстың құрамын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен халықаралық қылмыстық құқықтың ұлттық қылмыстық құқықпен арақатынасы мен өзара әрекеттестігі ... ... ... .40

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Библиография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық
қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі

Орындаған:
ХҚ21 К5 топ студенті
Базарбаева А.А.

Ғылыми жетекші:
з.ғ.к., доцент
Қурмангали М.Ш.

Қорғауға жіберілді
Кафедра жетекшісімен, з.ғ.к., проф.
Досымбекова М.С.
____________________________
_____________ 2007 жыл

Алматы
2007
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың
арақатынасы мен өзара әрекеттестігінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы мен өзара
әрекеттестігінің мәселелерінің негізгі мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясында қылмыстық
құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара
әрекеттестігі мәселелерінің шешілуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. Халықаралық қылмыстық құқық жалпы халықаралық жария құқығының
негізгі салаларының бірі ретіндегі ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қалыптасу мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуындағы
ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 32

3. Ұлттық қылмыстық құқық нормалары мен халықаралық қылмыстық құқық
нормалары арақатынасы және өзара әрекеттестігінің негізгі
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 36
1. Ұлттық қылмыстық құқық пен халықаралық қылмыстық құқықтың әр түрлі
құқық жүйесі ретіндегі негізгі айырмашылықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .36
3.2 Халықаралық қылмыстың құрамын анықтау бойынша Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексімен халықаралық қылмыстық құқықтың
ұлттық қылмыстық құқықпен арақатынасы мен өзара
әрекеттестігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

ҚОРТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 50

Библиография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...53

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .56

КІРІСПЕ

Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы
мен өзара әрекеттестігі халықаралық қылмыстық құқығы ғылымындағы ең маңызды
және ең қиын сұрақтарының бірі. Елбасымыздың 2004 жылға халыққа Жолдауында,
басты мәселелеріміздің бірі болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау позициясынан алғанда, сот органдары мен құқық қорғау органдарының
қызметтерін жетілдіру болып қала беруде. Осыған қоса, қылмыстық құқық
саласының болашақтағы гуманизациясының маңыздылығы аталуда[1]. Бізге
белгілі болғандай, бұл міндеттер ұлттық қылмыстық заң мазмұнын халықаралық
құқық нормаларының, оның ішінде халықаралық және жалпы қылмыспен күрес
саласындағы конвенциялар мен талаптарға сәйкес келтірілумен бекітіледі.
Таңдалып алынған жұмыстың өзектілігі мемлекеттің қылмысқа арналған заң
шығару саласында, сонымен қатар ішкі және сыртқы қылмыстық құқығын тәуелсіз
жүргізіп отырған Қазақстан Республикасының геосаяси және экономикалық
жағдайынана орай теоретикалық және тәжірбиелік мәселелердің әртүрлілігімен
байланысты. 1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекет тәуелсіздігі туралы заңның
қабылдануымен Қазақстан халықаралық құқықтың толыққанды мүшесіне айналды.
Осыдан бастап Қазақстан халықаралық құқықтық-шығармашылық үрдістің
мүшесіне айналып, өзіне мемлекетте қылмысқа қарсы күресті реттейтін
халықаралық-құқықтық нормаларды және ұлттық қылмыстық құқықты қоса,
халықаралық міндеткерліктер жүктеді. Осыған байланысты ұлттық құқықтық және
халықаралық құқықтық нормалардың арақатынасы, олардың бір-біріне өзара
әсері маңызды сұраққа айналады.
Ғылыми зерттеудің маңыздылығы күрделі мәселелерді шешуде ұлттық
қылмыстық құқық пен халықаралық қылмыстық құқытың бір-біріне өзара әсері,
ара-қатынасының қажеттілігі, ұлттық қылмыстық заңдылықты жетілдіру мен
қалыптастыруға қажеттілігі, оның халықаралық-құқықтық стандарттарға сәйкес
унификациясы, сонымен қатар, ратификация немес қосылу нәтижесінде ұлттық
құқықтық жүйенің бөлігіне арналған халықаралық-құқықтық нормалар
импелементациясының өсіп келе жатқан маңыздылығымен байланысты.
Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасының теоретикалық аспектілерін,
екі құқықтың жүйенің заңи табиғатына сараптама жасауда және зерттеуде үлкен
рөлге ұлттық және халықаралық қылмыс арақатынасы мәселелеріне басты назар
аударған беделді совет және шетел авторлары ие болады. Олардың ішінде
аталған саланың дамуына аса үлкен үлес қосқан халықаралық құқық ғылымының
негізін салушы Ф.Ф. Мартенстің еңбегін, румын заңгері В.Пеллдың еңбегін
ерекше атап кетуге болады. Ресей ғалымдары В. Грабаря, И. П. Блищенко и И.
В.Фисенко, Л. Н. Галенской, Ю. А. Решетов, В. П. Панов, Р. А. Каламкарян,
И. И. Карпец және басқалардың еңбектері жұмыстың мазмұнын ашуға және
сараптама жасауға кең мүмкіндік береді. Ал отандық авторлардан болса М.
А. Сарсембаев, М.Б.Кудайбергенов және басқалар тақырыптың өзектілігін
жарқын түрде аша алған.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы ұлттық
қылмыстық құқығы мен халықаралық қылмыстық құқық арақатынасының
теоретикалық негіздерін анықтау, халықаралық-құқықтық нормаларының белгілі
бір нормативті-құқықтық ақпаратта қылмыспен күрес саласында, сондай-ақ
біздің Республикамыздың ұлттық қылмыстық заң шығару саласында халықаралық
құқықтық-қылмыстық нормалардың жүзеге асуына бағыттар және сілтемелер
берудің негізгі аспектілерін қарастыру болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін бітіру жұмысының алдына мынадай
міндеттер қойылды:
1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арасындағы өзара қатынас, байланыс
және арақатынас сипатын анықтау;
2. Ұлттық қылмыстық және халықаралық қылмыстық құқықты құқық жүйесінің
салалары ретінде заңи табиғатына салыстырмалы сараптама жасау;
3. Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қалыптасу мәселелерін атап
көрсету;
4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуындағы ролі
қарастыру;
5. Қылмыспен күрес мәселелерін реттеуде ұлттық-құқықтық және халықаралық-
құықтық реттеудің арақатынасындағы ерешеліктерді анықтау;
6. Қазақстан Республикасы ұлттық қылмыстық құқығының және халықаралық
қылмыстық құқықтың әсер ету формалары, механизмдері және заңдылықтарын
анықтау;
7. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын қолдану және жүзеге асыруда
сілтемелер мен бағыттар, ұсыныстар жасап шығару.
Зерттеу обьектісі болып қазақстандық қылмыстық заңдылықты қолданушы
теоретикалық және тәжірбиелік мәселелермен байланысты Қазақстан
Республикасының ұлттық қылмыстық құқығы және халықаралық қылмыстық құқық
арақатынасы мен бір-біріне әсерлесуі, жүргізілген зерттеу нәтижелері
бойынша теоретикалық қорытындылар және ұсыныстар жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәніне халықаралық қылмыстық құқық нормаларын және
біздің республикамыздың ұлттық қылмыстық құқық нормаларының ара қатынасын
мәселелерінің әртүрлі аспектілерін қарастыру; халықаралық қылмыстар құрамын
анықтау; халықаралық қылмыстық және ұлттық қылмыстық құқықтың заңи
табиғатына салыстырмалы сараптама жасау; олардың ара қатынас мен бір-біріне
әсер етуінің негізгі нүктедерін анықтау, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі мен әртүрлі халықаралық қылмыстар құрамы бойынша
халықаралық конвенция нормаларын жасау.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігі мәселесі халықаралық жария құқығы мен ұлттық
құқықтың арқатынасына тәуелді;
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігі Қазақстан Республикасы Конституциясы
ережелерімен реттеледі (3, 4 баптар);
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде
көрініс тапқан (1 бап , 4, 9 тарау);
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігінде халықаралық қылмыстар мен халықаралық
сипаттағы қылмыстар үшін жауаптылық Қылмыстық Кодексте белгіленген
санкцияларға сәйкес іске асырылады;
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігіндегі көптеген халықаралық қылмыстардың құрамы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көрініс тапқан;
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігі алғашында халықаралық қылмыстық құқық және
ұлттық қылмыстық құқық институттарын (мысалы: қылмыс түсінігі, т.б.)
қабылдаған болса, қазіргі кезде мемлекеттердің ұлттық қылмыстық
құқықтары халықаралық қылмыстардың құрамдарын қабылдауда;
✓ Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мен өзара әрекеттестігіндегі тенденция – халықаралық қылмыстардың
құрамы мемлекеттердің ұлттық қылмыстық заңдарында ары қарай көрініс
таба беруде.
✓ Деректерді жүйелеу, зерттеулерді ғылыми стандартқа сәйкес нәтижелі
жасау және диплом жұмысы алдына қойылған мақсатты орындау үшін
салыстырмалы-тарихи әдіс, историзм қағидасы қолданылған.
Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды, сілтемелер және
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы оның мақсаттары мен міндеттерін ашады.

1. Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы
мен өзара әрекеттестігінің жалпы сипаттамасы .

1.1 Халықаралық және ұлттық құқықтың ақатынасы мәселелерінің
негізгі мазмұны.

Ұлттық құқық және халықаралық құқық арақатынасы және өзара әсерлесу
мәселесі заңи ғылымда көп уақыттан бері өзекті мәселелердің біріне айналды.
Заңгерлердің құқықтың екі жүйесіне назары мемлекеттердің және олардың
арасындағы қатынастардың пайда болуынан бастап ұлғая түсті. Алайда қазірге
дейін аталған сұрақтар дұрыс анықталмаған және толыққанды зерттелдмеген,
сонымен қатар, көбінесе бұл тақырып, халықаралық құқықтанушылардан басқа
салалармен айналысатын ғалымдармен қарастырылды. Біздің пікірімізше оның
зерттелуі ең алдымен ғылыми бағыттарды анықтаудың негізгі міндеттерін
анықтаумен және оларды шешу жолдарын қарастырылуымен басталуы қажет.
Көптеген авторлар ұлттық және халықаралық құқық арақатынасын зерттеудің
жүйелік бағытын қолдану қажет деп есептейді. Бұл екі құқықтық жүйе
ұқсастықтары мен бір-бірін байланыстырып тұратын элементтерді қарастыруға
ықпал етеді. Жүйелік бағыт қоғамдық қатынастардың әсер ету жүйесінде
халықаралық және ұлттық құқықты зерттеуді талап етеді. Мұндағы ең басты
нүктелер болып халықаралық жүйені құраушы элементтер халықаралық құқық және
мемлекет табылады.
Арақатынас түсінігінің өзі философиялық көзқарастан қарағанда
құбылыстардың арақатынасы мен олардың арасындағы иерархияны анықтау болып
табылады. Бір қатарға тек бірыңғай құбылыстарды немесе бір категориядағы
мәселелерді жатқызуға болады. Осыған байланысты ұлттық қылмыстық құқық және
халықаралық қылмыстық құқық мәселелерін зерттеудегі ең басты зат екі
құқықтық жүйедегі концепцияны жасап шығару болып табылады.
Сонымен қатар, арақатынас бұ тек бір обьектінің екінші обьектіге
қарағанда артықшылығын ғана емес, олардың айырмашылығын білдіреді. Бұл
категорияларды тізбектеместен бұрын олардың тең мәнділігін орнату қажет.
Яғни, құқықтың екі жүйесінің бар екендігін дәлелдеу қажет. Сәйкесінше олар
салыстыруға, ортақ және айырушы белгілерінің критерилерін анықтауға, жән
осы критерийлердің заңи табиғатының ерекшеліктерін зерттеуге, оларды
құқықтық реттеуге, нормаларының орындалуына және қолданылуына жатады..
Егер ұлттық және халықаралық құқықтың приоритетілігі сұрағына келер
болсақ, онда бірінші кезенде халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа ешбір
әсері болған жоқ. Ең бастысы дамудың жоғары деңгейіне жеткен ішкі
мемлекеттік құқық болды. Халықаралық келісімдер және халықаралық
қатынастарды жеке салаларда реттеу дәстүрлері ұлттық заң шығарушылыққа
ешбір әсер еткен жоқ. Алғаш рет заңи ғылымда бір құқықтық жүйенің екінші
құқықтық жүйеден айырмашылығы сұрағы ХІХ ғасырдың соңында көтерілді.
Халықаралық құқықтың ғылымы үш түрлі ғылыми концепция жасап шығарды.
Бірінші концепция халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан үстемдігі
тақырыбын алды. Бұл концепция Г.Гегелдің ізбасарлары болып табылатын
неміс заңгерлерімен жасап шығарылды. Атақты ғалым А.Цорн заңи жағынан
ұлттық құқыққа қажетті мөлшерде нормаларды қамтитын халықаралық құқықты
ішкі мемлекеттік құқық ретінде қарастырды. Бұл концепция халықаралық
құқықтың заңи мәнін мойындамағандықтан нигилистік болып табылады.
Нигилистік теория бастапқы кезеннен-ақ әдебиеттерде сынға ұшырап, кең
қанат жайған жоқ. Мұндай пікірді сонымен қатар ғалым-заңгер А.Левонтин де
өз кезегінде айтып кеткен болатын. Оның пікірінше мемлекеттік органдардың
тәжірбиесінде ұлттық құқықты басымдылықпен мойындау үстем.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін австриялық заңгер Г.Кельзен
жоғары құқықтық тәртіп және ұлттық құқықтың әсер ету саласын анықтайтын
халықаралық құқық приматы концепциясының негізін жасап шығарды. ХІХ
ғасырдың аяғында Трипел дуализм концепциясын жасап шығарды. Концепцияға
сәйкес халықаралық және ұлттық құқық әртүрлі жеке құқықтық жүйелер атынан,
өзіне-өзі бағыну тәртібіне келмейтін әртүрлі салаларда қызмет ете бастады.
Дуализм концепциясы халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасын ашық
түрде көрсетті. Оның кемшілігі тек тек екі жүйенің арасындағы өзара
байланысқа толық түрде баға берілмегенінде. Болгар заңгері П.Радойнов
өзінің Международно-правовые проблемы социалистической экономической
интеграции атты кітабында реалистік дуализм концепциясын ұсынды. Онда
соңғы этапта коллизия қалай дегенімен халықаралық құқықты қолдайтындығын
көрсеткен, себебі басқаша жол халықаралық құқықты мойындамаумен
теңестірілген. И.И. Лукашук өзінің соңғы жұмыстарында ең бастысы қандай
құқық жоғары тұрғанын көрсету емес. Сондықтан негізгі назарды екі құқықтық
жүйенің иерархиясына емес, олардың өзара әсерлесу тәртібіне бөлу керке
деп атап көрсеткен[2]. Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасы мәселесін
осы тұрғыда қарастыру дұрыс болып табылады. Мұнда еске алып өтетін жайт
мемлекеттер өз өмірін жалғастырғанға дейін олардың ұлттық құқықтық жүйесі
арылмайды. Халықаралық қатынастарды құқықтық реттеудің маңыздылығына және
қажеттілігіне қарамастан бұл жүйелердің ешқайсысы бір-бірінен үстем рөлге
ие бола алмайды, себебі ондаған жылдар бойы негізін салған халықаралық
құқық егеменді мемелекеттер құқығын, ал жеке мемлекеттер халықаралық
құқықты мойындаудан қаша алмайды.
Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әсерлесу үрдістері бірқатар
заңдылықтармен сипатталады. Бұл заңдылықтардың біреуі өзара шарттасқан
халықаралық және ұлттық құқықтың болуы. Ұлттық және халықаралық құқық бір-
біріне паралельді әсер етуші құқықтық жүйе ретінде әсер етеді. Өз дамуында
ұлттық құқық қан халықаралық құқыққа тәуелді емес, сонымен қатар
халықаралық құқық та өзінің өмір сүруінде, функциялануында және дамуында
ұлттық құқыққа тәуелді. Жаһандық мәселелердің артуына байланысты
халықаралық құқық және ұлттық құқықтың бір-біріне әсері күшеюде. Тек
халықаралық құқық қана қазіргі кезенде саны жағынан артып келе жатқан
жаһандық мәселелердің шешілуіне өз әсерін тигізе алады. Ұлттық және
халықаралық құқықтың өзара әсерлесу заңдылығына құқықтық нормалармен,
идеялар және қағидалармен алмасу жатады. Себебі халықаралық құқық қайнар
көздері ұлттық құқық қайнар көздерімен тығыз байланысты.
Революцияға дейінгі кезеңдегі орыс ғалымдарының еңбектерінде
халықаралық қатынастар пәні және обьектілері жөнінде терң мағлұмат
берілген. Ф.Ф. Мартенс халықаралық келісімдердің пәні ретінде халықаралық
қатынастарды қарастырған. Кеңестік ғылымның халықаралық құқықтанушылары
халықаралық құқықтың обьектісі мәселесіне үлкен назар аударған (Кожевников
Ф.И., Левин Д.Б., Шуршалов В.М., Талалаев А.Н. және т.б.)Көптеген авторлар
халықаралық құқық обьектісі ретінде материалды және материалды емес
құндылықтарды, сонымен қатар мемелекеттегі тәртіпті жатқызған. Осы арада
кейбір ғалымдар халықаралық құқық пәні түсінігін тікелей халықаралық
қатынастар түсінігімен байланыстырған. И.И. Лукашуктың пікіріне сәйкес
халықаралық құқық обьектісі болып мемлекеттераралық қатынастар
табылады[3]. Халықаралық құқық халықаралық құқықтың заңи формасы ретінде
қолданылады. Сонымен қатар, ол өз формасына және мазмұнына ие. Өзінің
әлеуметтік мазмұны ретінде ұлттық және халықаралық құқық өз сипатына
байланысты субьект рөлін алады. Ұлттық құқық та, халықаралық құқықта
нормалар жүйесі формасын алады.
Егер нормалар ұлттық және халықаралық құқыққа қажетті ішкі форманы
алса, онда оның сыртқы формасы болып, яғни өз ойын жеткізу құралы болып
қайнар көздер алынады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық Соты Статутындағы
38 бабында халықаралық келісімде былай деп бекітілген: Халықаралық құқық
нормаларын сақтай отырып өзіне тиісті мәселерді шешуге тиісті болған сот
мына ережелерді ұстанады:
а) дауласып жатқан мемлекеттер арасында мойындалған жалпы және арнайы
халықаралық конвенция
б) құқықтық норма ретінде мойындалған жалпы тәжірбие дәлелі ретіндегі
халықаралық;
в) өркениеттер арасында мойындалған құқықтың жалпы қағидалары;
г) Статуттың 59 бабына сәйкес құқықтық нормаларды анықтауға көмекші
құрал ретінде әртүрлі ұлттардың құқық саласындағы жоғары квалификацияланған
мамандарының соттық шешімдері мен.
Қазіргі кезде халықаралық құқықтың қайнар көзі болып халықаралық
ұйымдардың резолюциясы сойындалған, себебі бұл ұйымдардың жарғыларына
сәйкес мемлекеттер барлық міндеткерліктерді орындауы қажет. Жалпы
теоретикалық жоспарда халықаралық құқық қайнар көзі мен ұлттық құқық қайнар
көзі арақатынасы автономды түрде өмір сүруші паралельді екі құқық жүйесінің
арақатынасына тең. Халықаралық-құқықтық нормаларды білдірудің екі тарихи
түрде кең таралған түрі бар: халықаралық келісім және халықаралық
дәстүр.Халықаралық құқықтың сипаты оны жүзеге асырудың мазмұны мен
формаларына байланысты. Халықаралық құқықтың эффективтілігі көбінесе
халықаралық-құқықтық нормалардың сапасына тәуелді. Қазақстандық халықаралық
құқық ғылымында ұлттық және халықаралық құқықтар жеке және тәуелсіз, бір-
бірімен тығыз қатынас орнатқан жүйелер деген көзқарас қалыптасқан. Біздің
конституциядағы бекітпелерге сәйкес халықаралық келісім ұлттық құқықтың
қайнар көздері қатарына жатады.
Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара әсерлесуі және
арақатынасындағы маңызды аспектілер болып халықаралық-құқықтық нормаларды
ішкі мемлекеттік заң шығарушы нормаларға трансформациялау мәселелері
табылады. Бірқатар ғалымдар өз еңбектерінде трансформация концепциясын
немесе халықаралық құқық нормасын ұлттық құқық нормасына көшіру үрдістерін
қарастырған (Усенко Е.Т., Миронов Н.В., Левин Д.Б.). Олардың пікірінше
басты трансформация кезеңі бұл конституция халықаралық құқықты мемлекеттік
құқық ретінде мойындағанда жүзеге асады[4]. Трансформация түсінігі мемлекет
заң шығарушы нормаларын халықаралық келісім нормаларына сәйкестендірумен
сипатталады.
Азаматтық және саяси құқықтарды қарастырушы халықаралық пактте
мемлекеттің заңи негізінде кейбір жағдайлардың қарастырылмауына байланысты
пактпен мойындалатын жүзеге асуы қажет болған заңдар конституциялық
үрдістерге сәйкес кейбір амалдар күшке ене алады (ст.2 п.2)[5]. Сондықтан
да имплементация методын таңдау конвенцияға мүше-мемлекет құқығында.
Мысалы, нәсілдік дискриминацияның барлық түрін жою туралы халықаралық
конвенция конвенция мүшесі мемлекеттен нәсілдік артықшылық пен кемшілік
туралы мағлұматтар тартушы идеяларға, нәсілдік дискриминация, зорлық
актілері, және нәсілдік дискриминацияны уағыздаушы ұйымдарды қылмыстық
жауапкершілік тартуды талап етеді[6]. Белгілі бір іс-әрекеттерге
трансформацияланбаған халықаралық құқық конвенциясын қолдану және жазаға
тарту мүмкін емес. Сондықтан тек конвенция бекітілімерніе сәйкес туынды
имплиминтация ғана қолданылады. Заң шығаруға жауапкершілік орнату- жасалған
іс-әрекеттерге жауапкершілікке тарту ұлттық қылмыстық заңмен орнатылуы
мүмкін.
Миронов трансформация үрдісі ішкі мемлекеттік форманы құрушы құқықтық
үрдіс деп қарастырады. Ұлттық құқықтығ көзқарасы бойынша үлкен маңызға
трансформациялық жолды дұрыс таңдау, яғни белгілі тәртіптегі нормативті
актті қолдану ие. Мұнда анықтаушы рөлін қайта орнатылатын норманың нақты
мазмұны және сипаты алады. Бұл өз кезегінде трансформацияны жүзеге асырушы
мемлекеттік органның компетенциясымен тығыз байланысты. Халықаралық құқық
және ұлттық құқық жүйелерінің арақатынасын зерттеу бұл мәселенің
халықаралық қатынастар жүйесінде әлі шешілмегеніне байланысты белгілі бір
қиыншылық туғызады.. Сонымен қатар, халықаралық құқық жүйесін құрудың
негіздемесі әртүрлі болып табылатын ұлттық құқық жүйесімен байланысты.
Фельдман Д.И. халықаралық құқық жүйесінің ерекшелігі ұлттық жүйелерде
қолдатылатын көптеген конструкциялардың халықаралық құқық жүйесінде жұмыс
атқармауы немесе онда спецификалық ерекшеліктерге ие болып, ұлттық құқық
жүйесімен салыстыруға ерекше бағытты талап етуінде деп көрсетеді[7].
Сонымен қатар жалпы теоретикалық мәселелерді халықаралық заңи жүйеден бөлек
қарастырмау қажетілігін еске сақтаған жөн. Атақты ресей авторы Г.И.Тункин
халықаралық заңи жүйенің пайда болуына әсер еткен себептерді сараптай
келе, ол халықаралық құқық, халықаралық ұйым ұсыныстарынан және халықаралық
келісушіліктен тұратынын атап көрсетті[8].
Халықаралық құқықтық нормалар халықаралық нормаларды жүзеге асыру
нәтижесінде пайда болатын құқықтық қатынастардың құрылуы, қолданылуы сияқты
сипаттардан құралатын өзіндік табиғатқа ие деп В.М.Шуршалов өз еңбегінде
атап көрсетті[9]. Осыған қарамастан құқықтың екі жүйесі нормаларының
дербестігі мен автономдылығ келісімді түрде жүріп, өзара әсерлесуге
қабілетін сақтап қалуы керек. Осыған байланысты үлкен маңызға ие
теоретикалық мәселе – халықаралық-құқықтың иерархиялық арақатынасын атап
көрсету қажет. Құқықтық нормалардың иерархиялық арақатынасы құқықтың ішкі
құрылымынан дамиды. Барлық құқық өз табиғатында иерархиялық болып табылады,
және бұл иерархия өсіміне байланысты дами түседі. Бұл тең дәрежеде
халықаралық құқыққа да, ұлттық құқыққа да тән.
Ұлттық құқықта нормалардың иерархиясына олардың пайда болу тарихы
негізгі рөлді атқарады. Халықаралық құқықта норма приматы оның мазмұнымен
анықталады. Тәртіп бойынша ұлттық құқықтың нормасы өзіне императиваны қосып
алады. Халықаралық құқыққа ұлттық құқықтан қарағанда координациялық тәртіп
нормалары сәйкес келеді. Құқық теориясында құқықтық норма құрылымы оның
түріне тәуелді деген көзқарас қалыптасқан. Үш элементтен құралатын
логикалық-заңи нормаларды бөліп қарастырады. Олар: диспозициялар,
гипотезалар және санкциялар, тек қан гипотезалар мен диспозияциялардан
құралатын нормалар. Халықаралық құқықтың нормалары тәртіп бойынша бір
(диспозициялар) немесе екі (гипотезалар мен диспозициялардан) құралады.
Бұл халықаралық-құқықтық нормалардың үнемі ішкі мемлекеттік нормалардан
қарағанда жоғары тенденциялармен сипатталуының куәсі бола алады. Дербес
құқықтық категориялар бола отыра ұлттық және халықаралық құқық бір-бірінен
иерархиялық тәуелділікте бола алмайды,- деп жазады Н.В.Миронов[10]. Алайда
егер халықаралық құқық приматының ұлттық құқықтан үстемділігі туралы
қағидаға сүйенсек халықаралық құқық нормалары иерархияның ең бастысына
айналады. Бұл ұлттық құқыққа да, халықаралық құқыққа да тиісті. Мұндай
нормалардың коллизиясында иерархиялық жағынан жоғары норма тәжірбие жүзінде
жүзеге асыру болып табылады. Халықаралық құқықтың нормативті массиві тек
нормалардың, институттардың және салалардың иерархиясынан ғана емес,
халықаралық қатынастар бойынша және олардың әртүрлі әлеуметтік негіздері
бойынша реттелетін нормалардың жиынтығы болып табылады. Жалпы халықаралық
құқық барлық мемлекеттер және олардың субьектілері үшін міндетті болып
табылады және салыстырмалы түрде алғанда нормалар жиынтығының көп мөлшерін
қамтиды. Нормалардың басым бөлігі субьектілердің әсер ету тобы боынша
шектелген. Халықаралық құқықтың бұл құрылымдық ерекшелігі ұлттық құқық
құрылымынан ерекшелендіре отырып, оны толықтырады.

1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясында халықаралық
қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мәселелерін шешу

Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мәселесі халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасына тәуелді сипатқа
ие. Жоғарыда қарастырылып өткендей халықаралық құқық ғылымында екі
құқықтық жүйе бір-біріне бағынышты емес, дербес деген көзқарас қалыптасқан.
Алайда, халықаралық құқық және ішкі мемлекетті құқық халықаралық қатынастар
мүшелерінң ынталарымен пайда болатын тұрақты әсерлесу үрдісінде. И.П.
Блищенко, Р.А. Каламкарян пікірлеріне сәйкес құқықтың үстемдігі
концепциясы жалпы құқықтық жүйеде халықаралық құқықтың үстемдігін барлық
мемлекеттермен мойындауды қарастырады[11]. Бұл концепция халықаралық
келісімдердің құқығы жайлы халықаралық конвенцияның 27 бабында көрініс
тапқан. Бұл бапқа сәйкес келісімге қол қойған жақ келісімді
орындамаушылыққа сылтау ретінде ішкі құқықты қолдана алмайды[12].

Халықаралық құқықтың Қазақстандық ұлттық құқықтан артықшылығы
Конституцияда ішкі мемлекеттік заң алдында халықаралық құқықтың
приоритеттілігін бекіту арқылы; Қазақстан Республикасының өзінің
халықаралық міндеткерліктерін орындауарқылы; қылмыспен күресе мемлекеттің
ынтымақтастығын реттейтін ұлттық қылмыстың заңи нормаларын ақтау.
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабы 4 қатарында көрсетілген.
Яғни, онда: Республика ратификациялаған халықаралық келісімдер
мемлекеттегі заңдар алдында жоғары үстемдікке ие, және жүзеге асуы үшін
арнайы заңдар қабылдауы керек болған жағдайлардан басқа кезде дереу күшке
енуі шарт. Негізгі заңда, сонымен қатар ҚР жүзеге асырылып жатқан құқық
Конституция екендігі, және оның заңдарына сәйкес басқа нормативті-құқықтық
актілер, халықаралық келісімдер, Республика міндеткерліктері жүзеге асады.
Конституциялық Кеңес ҚР Конституциясы 4 бап 1 тармағындағы көрсетілген
жүзеге асырылып келе жатқан құқық астында дәл қазіргі кезде өзгертілмеген
және халықаралық міндеткерліктерден айырмаған нормативті құқықтық актілер,
және Қазақстан Республикасының міндеткерліктері жатады. Бұрын тәртіпке
енгізілген нормативті құқықтық актілердің өзгертілген немесе толықтырылған
жағдайында, жаңа актілердің қабылдануы жағдайында бұл актілердің нормалары
жүзеге асырылып келе жатқан құқық тізіміне кіреді де, ескірген нормалар
оның тізімінен шығады. Қайта қабылданған нормалар Конституцияның 77 бап, з
тармағында көрсетілген шарттарды орындау арқылы енгізілуі қажет[13].

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 1 бабына сәйкес ол тек
Қылмыстық Кодекстен ғана тұрады, қылмыстық жауапкершілікті жүктейтін басқа
заңдар алдымен қылмыстық заңдар тізіміне қосылуы шарт. Сонымен қатар,
Қылмысты Кодекс Қазақстан Республикасының конституциясына, халықаралық
құқықтың жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларына сүйенеді. Осы арада
заң шығарушы қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде мемлекет
Конституциясын, республиканың халықаралық міндеткерліктері мен келісімдерін
Конституция бақылауы астына қалдыра отырып тікелей жарияламастан ұлттық
деңгейде мойындайды. Жоғарыда айтылып кеткендей қылмыстық құқықтың қайнар
көзі халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалары мен нормалары
жатады. Осыған қарамастан, Конституцияның 4 бабында бекітілген Қазақстан
Республикасы ратификациялаған қылмыстық-құқықтық сипаттағы нормаларды
қамтитын халықаралық келісімдер үстемдігі Қазақстан территориясында жүзеге
асырылмайды. Бұл ең алдымен, көптеген мүше-мемлекеттердің қауіпті
қылмыскерлермен күресетіндігі жайлы, алайда қандай белгілермен
күресетіндігін көрсетпеумен байланысты, екіншіден, олардың белгілерін
анықтағанымен келісімдер ереже бойынша санкциялар орнатпайды; үшіншіден,
егер келісімдер жазалау түрін ұсынғанымен, олар көрсетілген анық бір мерзім
мен мөлшердің болмауына байланысты қолданылмайды. Сондықтан да қазақстан
Республикасы ратификациялаған қылмыстық-құқықтық сипаттағы нормалар
тәжірбие жүзінде тек ұлттық қылмыстық кодекске белгілі бір жағдайлардың
енгізілуінен кейін жүзеге асуы мүмкін. Мемлекет белгілі бір конвенцияға
қосыла өзінің ұлттық заңдылықтарын өзгертіп отыруы шарт.

Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі болып қылмыстық заң танылады.
Аталған баптың бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінен тұрады.
Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы кодекске
енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс. Сонымен қатар аталған баптың
екінші бөлігіне сәйкес осы кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына
және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына
негізделеді. Барлық заңдар, Ресублика қатысушысы болып табылатын
халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарымен
міндеттеріне қатысты нормативті құқықтық актілері ресми түрде жариялау
оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.( ҚРның Конституциясының 4
бабы)
Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық құқықтық сипаттағы
бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану құқығы
заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмеді туралы т.б) қамтыған.
Егер Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп
айтсақ, ал қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық
саясаттың, қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң атқару және құқық
қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қылмыс құрамдарына
қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Қылмыстық құқықтың нормалары репресивтік сипаты адамның құқықтары мен
бостандықтарының тезистерімен, бірінші көзқараспен қарағанда әлсіз
уағыздалады. Алайда Конститутцияның 12-бабы бесінші бөлігі, қылмыстық
құқықтың да мемлекет атынан тиым салу белгілерін бекіткен, яғни адамның
және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс
пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс.
Конституция, мемлекет пен қоғамның дұрыс қызмет атқарып өмір сүруі ең
маңызды керек міндетті атқарады, яғни адамның өмір сүруге, өміріне қол
сұғуына, бостандығына құқығы бар болуына, меншікті қорғау кепілдігі, заңды
салықтарды төлеу міндеті болуы т.б. Бір жағдайда Республика Президентінің
импичменті негіздерін белгілеуде Конституция нақты қылмыс құрамын
анықтайды: Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс
әрекеті үшін тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді
делінген.
Конституцияны қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде анықтауды басқа
заңдар, соның ішінде сот немесе ҚК әсіресе баға беруге мәжбүр етеді.
Мынадай қорытындыны 4-ші баптың екінші бөлігіне сүйеніп, Конституцияның ең
жоғарғы заңды күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей
қолданылады деп айтуға болады. Сонымен қатар Конституцияның 78-бабына
сәйкес, соттардың Конституциясымен баянды етілген адамның жеке азаматтық
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де
азаматтық нормативтік құқықтық актілерді қолдануға қақысы жоқ. Егер сот
қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт
Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келтірді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және
осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныс пен Конституциялық
Кеңеске жүгінуге міндетті.
Қылмыстық құқықтың келесі қайнар көзі болып, жалпы жұрт таныған
халықаралық құқықтың нормалары боып табылады. Халықаралық келісімдер
қылмыстық құқықтық сипаттағы шарттар, Қазақстан территориясында
қолданылмайды, біріншіден, халықаралық келісімдер ( конвенциялар) қылмыспен
күресуде олардың, яғни қылмыс белгілерін ашып көрсетпестен мемлекет олармен
күресуде ынтасын ғана білдіреді; екіншіден, қылмыстың белгілерін
анықтағанымен де, келісімдер ережеде көрсетілгендей қылмыстың санкциясын
белгілемейді (1970ж әуе кеңістігі көлігін заңсыз қолға түсірумен күресу
Конвенциясы әрбір мемлекет келісімге сәйкес осындай қылмыстар үшін ең қатал
жазаның түрін қолдануды міндетке алады деп белгіледі); үшіншіден,
халықаралық келісім жазаның түрін белгілегенмен де, олардың жазасының
мөлшірі мен мерзімі анықталмағандықтан қолдануға болмайды.
Сонымен, қылмыстық құқықтық норманы құрайтын халықаралық келісімдер
(конвенция шешімдері), тәжірибеде тек қана Қылмыстық кодекстің ережелеріне
енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Мемлекет, конвенцияның
ережелерінеқосыла отырып, өзінің ұлттық заң атқарушылығына сәйкес
өзгкртулер енгізе алады. Кейбір қылмыстық құқықтық нормалар тікелей сілтеме
жасайды, мысалы, ҚК 6 бабы үшінші және төртінші бөлігі, 7 баптың екінші,
үшінші және төртінші бөлігі, 158 және 159 баптар т.б. Сондықтан
халықаралық құқықтық нормалары, Қазақстанның қылмыстық құқығында формальді
емес, керісінше материалды қайнар көзі болып табылады.
Қылмыстық құқықтың қайнар көдері ретінде, жеке талдауды талап ететін
мәселенің бірі соттық прецедент (үлгісі) болып табылады. Ұзақ уақыт
аралығында қылмыстық құқықтық құқық ғылымында қылмыстық құқықтың қайнар
көздерінің қатарына соттық прецедентті қолданбау тезистері орын алған,
бірақ нақты өмірде, тергеу немесе сот тәжірибесінде оларды қолдану,
қылмысты дәрежелеуге және төменгі тұрғыдағы соттың жоғарғы сот
инстанциялары тәжірибесін пайдалануы құқықты қалыптастырудың бір тәсілі
екендігі дәләлдей алады. Сщттық прецедентті арнайы түрде қабылдаудың
алғашқы қадамы Конституцияның 4 бабы бірінші бөлігінде орын алды,яғни
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес
заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары
мен Республиканың басқа да міндеттемелкрдің, сондай ақ Республика
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады. Соттық прецедентті, қылмыстық құқықтың
материалды көзі болып табылатындығын мақұлдауға болды себебі, Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулылары қылмыстық заңды талқылануы ерекше, арнауды
орын алады.
Адам мен адамзаттың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен
мемлекеттің Заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау,
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай ақ қылмыстардың
алдын алу болып табылады. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, бұл
міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодекте қылмыстық жауаптылық негіздері
белгіленеді, жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер
қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге
де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Сонымен қылмыстық құқытың негізгі міндеттері жоғарыда айтылғандай
әлеуметтік бағалы мүдделерді қорғау және қылмысты алдын алу, болдырмау (
профилактика). Қылмыстың алдын алу заңды негізгі мақсаттардың бірі ретінде
сақтандыру функцияларымен тығыз байланысты болады. Осы екі міндеттердің
мазмұны, қоғамдық қатынастарды қорғау, басқа да жаңа қылмыстарды болдырмау,
қылмыстық құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын
қолдануды сипаттайды.
Заң әдебиеттерінде, қылмыстық құқықтық тәрбиелік міндеттерді жүзеге
асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Азаматтардың заңға бағынышты болуы,
моральдік қарым қатынас тәртіптерін реттеу, барлық құқықтық салалрдың
алдында тұрған міндет.Сондықтан қылмыстық құқық, азаматтық, әкімшілік
тағы басқа құқық салада тұрғандарға тәрбиелік мәні бар әсер ету
шараларын қолдануы қажет. Қылмыстық кодекстің 2 бабында Қылмыстық
кодекстіңосы аталған міндеттері тікелей көрсетілмеген. Алайда, ҚК 38 бабы
екінші бөлігін талдай отырып, яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа да
адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыруда тәжірибелік шаралардың
бар екендігін нақты аңғаруға болады. Бұл мақсаттарға жетуді әрине нәтижесі
бар тәжірибелік әсер етудің ықпал етуі себептерімен байланысты екендігін
көреміз.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 1 бабына сәйкес адам мен азаматтық
құқықтары, өмірі мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылады.
Міндеттерді жүзеге асыру қылмыстық жауаптылықтың негіздерін
белгілеу арқылы жүзеге асырылады, қылмыс жасауға бағытталған адамдаға
жазалау қатерімен тиым салынған заң арқылы қылмыстық құқықтық ықпал
ету шаралары белгіленген.
Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасын Қазақстан Республикасының
қылмыскерлерді беру туралы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек жайлы екі
жақты және көп жақты келісімдерге сәйкес қылмыскерлерді тапсыруында
көруімізге болады. Көп жақты келісім мысалы ретінде азаматтық, отбасылық
және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы
Минск конвенциясын алуға болады. Конвенцияның 56 бабы Келісімге қол қоятын
жақ аталған Конвенцияның шарттарына байланысты талап ету арқылы бір
мемлекет территориясында жүрген қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе
қылмыстық жазаны өтеуге міндетті болған тұлғаларды беруге
міндеттенеді[14].
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігі
тек әртүрлі, бірақ бір-біріне қайшы келемейтін, шешім ұлттық құқық
тұрғысынан да, халықаралық құқық тұрғысынан да дұрыс деп саналғанда және
осы арада ешбір мемлекет немес адам мүдделеріне зиян келтірілмеген жағдайда
мойындалады. Біздің көзқарасымыз бойынша халықаралық құқықтың ұлттық
құқықтан приоритеттілігін сақтау үшін заң жасаушылар заңды қабылдамастан
бұрын олардың халықаралық құқыққа сәйкес келетіндігін анықтап алуы қажет.
Сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің қылмыстық саясаты алдында халықаралық-
құқықтық стандарттардың анық үстемділігін көрсету қажет. Қазақстандық
қылмыстық құқықты жалпы мойындалған қылмыстық құқық қағидалары мен
нормаларына сәйкес ету үрдісі халықаралық құқықтың ұлттық құқық алдында
приоритеттлігі концепциясының жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.
Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын жүзеге асыру ішкі мемлекеттік
құқықты трансформациялау арқылы жүзеге асады. Мемелекеттің ұлттық қылмыстық
кодекстерінде үнемі конвенционды қылмыстар аталмыш жаңа халықаралық
қылмыстар құрамы пайда болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының жаңа
қабылдаған Қылмыстық Кодексінде қылмыстық жолмен қол жеткізген ақша
құралдарын немесе мүлікті заңдастыру; геноцид; агрессиялық соғысты
жүргізу үшін жоспар жасау және дайындық жүргізу; агрессиялық соғыстың
басталуына себеп болатын пропогандалар мен ұсыныстар; терроризм сияқты
халықаралық қылмыстар мен халықаралық сипаттағы қылмыстар қосылды. Бас
назарды 1975 жылы 1 тамызда Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Кеңесінің Қорытынды актісінде мемлекеттік заңдар және административтік
ережелер халықаралық құқықтың заңи міндеткерліктеріне сәйкес жүзеге асуы
қажеттілігі туралы талапқа аудару керек.[15] Сонымен қатар, халықаралық
қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мен өзара
байланыстылығына халықаралық қылмыс немесе халықаралық сипаттағы қылмыс
жасағанымен жауапкершілікке тек ұлттық соттардың алдына тартылатындығын
ескеру қажет. Сондықтан да көп жағдайда қылмыстық заң халықаралық құқықтың
нормалары мен қағидаларына қайшы келмейді.

2. Халықаралық қылмыстық құқық жалпы халықаралық жария құқығының негізгі
салаларының бірі ретіндегі ерекшеліктері.

2.1 Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі мен қалыптасу мәселелері.

Мемлекеттің дамуындағы ең негізгі жағдай, ішкі қызметіне қатысты,
қылмыспен табысты күрес болып табылады. Қылмыстың басым бөлігі мемлекеттік
қана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтық тәртіпке әсер етеді. Сол
себепті де қылмыспен күрес бірлескен күш пен халықаралық ынтымақтастықтың
негізгі формаларын талап етеді. Қазіргі жағдайда мұндай ынтымақтастыққа
бірқатар факторлар әсер етеді.
Біріншіден, халықаралық қылмыс саны жиі өсуде. Халықаралық терроризм,
әуе транспортындағы қылмыстар, есірткілерді заңсыз тасымалдау, қару жарақты
жасырын тарату және т.б. қылмыс түрлері кең қанат жаюда.
Екіншіден, мұндай қылмыстарды жасау тәсілдерінің жетілуі, бір
мемлекеттің күші қылмысты ашу барысында қиындық туғызып отыр. Ғылыми
техникалық жетістіктер жалған ақша жасаушылық, террористік актілер және
т.б. қылмыстарды жасыруға негативті әсер етуде.
Үшіншіден, шекаралары жоқ трансұлттық қылмыстық қауымдастықтардың
пайда болуы. Ұйымдастырушылық қабілеті мен жүйелі тәртіптермен қатар мұндай
қауымдастықтардың әр түрлі мемлекеттерде бөлімшелер бар, белгілі қаржылық
және техникалық мүмкіндіктері бар. Қылмыстық жауапкершіліктен бас тартуға
мүмкіндік беретін құқық қорғау органдарымен қылмыстық іске жататын келісім
шарттар орнатады.
Мемлекеттер ынтымақтастығы барысында жекелеген қылмыстардың сапалық
бағалау мәселелерін, алдын алу және бұлтартпау шараларының үйлестілігін,
заңдылығын анықтау, жазалардың заңдылығын қамтамасыз ету, қылмыстық істерге
құқықтық көмек беру және т.б. мәселелерді шешеді.
Халықаралық қылмыстық құқық осы қатынастарды реттейді. Яғни, принциптер
мен нормалардың жиынтығы, реттейтін мемлекеттердің қылмысты алдын алу
шарасындағы ынтымақтастығы, қылмыстық істерге құқықтық көмек көрсету және
қылмыстарға жаза қолдану, халықаралық шарттарды алдын ала қарау болып
табылады.
Халықаралық құқықтың саласы ретінде халықаралық қылмыстық құқық 19
ғасырда қалыптаса бастады, құлдық, жалған ақша жасаушылық, есрткі
қылмыстары, соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзушылық, және т.б. шараларға
қарсы мемлекеттердің тәжірибелік күресінде жетіле түсті. Халықаралық
қылмыстық құқықтың аясы ең алдымен сотқа тістімәселелермен, кеңістіктеі
қылмыстық құқық нормаларының ұлттық іс қимылымен және оларды басқа
мемлекеттердің территорияларында тарауға мүмкіндік бермеумен және т.б.
нормалармен шектелді.
Халықаралық қылмыстық құқықтың жетілу қажеттілігін өткен ғаырдың
аяғында Н.М. Коркунов халықаралық қылмыстық құқықтың үйлесім тәжірибесі
атты еңбегінде дәлелдеді. Ф.Ф. Мартенс Өркениетті халықтардың қазіргі
халықаралық құқығы атты оқулығында осы құқықтың саласына жеке тарауды
арнайды. В. Грабарь мынадай ой түйеді: халықаралық қылмыстық құқыққа
барлық мемлекеттердің игіліктері мен мемлекеттердің жекелеген бөліктеріне
әсер ететін қылмыстар мен күресуге бағытталған қылмыстық құқықтың
бастаулары мен нормалары енеді.
Халықаралық қылмыстық құқықты қалыптастыру кезінде құлдық, құл сату,
жалған ақша жасаушылық, пираттық, терроризм, балалар мен әйелдер саудасы,
есірткілерді заңсыз тарату, парнаграфиялық өнімдерді тарату және т.б..
Қылмыстар мен жазалаулар туралы халықаралық хаттаманың маңызы үлкен.
1927 жылғы қылмыстық құқықты үндестіру жайлы халықаралық конференция осы
қылмыстарды халықаралық сипаттағы қылмыс түлері деп белгіледі (Варшава қ.).
Халықаралық қылмыстық құқықтың жүйеге келтіруінің бастауы 1945 жылы
қабылданған әскери трибуналдық Жарғысы болды. Жарғы бойынша халықаралық
қылмыстар жүйеге енгізлді. 1946 жылы Токио Трибуналы жарғысында, 1993
жылы халықаралық Трибуналдың Югославия жөніндегі жарғысында және 1994 ж.
Халықаралық қылмыстық Трибуналының Руанда жөніндегі жарғысында аталған жүйе
едәуір жетілдірілі.
1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық құқық комиссиясы адмзат
бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы Қылмыс Кодексінің рет саны бойынша
үшінші жобасын қабылдады. Кодекс екі бөлімнен, жиырма мақаладан тұрады.
Жалпы жиынтығы он бес бет. Кодекс қызметінің сферасын, жеке тұлғалардың
жеке жауапкершілік принципін, қылмысқа бірге араласу үрдісін, мемлекеттің
жауапкершілігін, қылмыстық бұйрық түсінігін, соныме қатар қылмыстық іс
жүргізу мен жазаларды тағайындауды анықтайды. Он бесінші бетте агрессия,
геноцид, адамзатқа қарсы қылмыстар (адам өлтіру, қырып жою, азаптау, езіп
жаншу, саяси, нәсілдік, діни және этникалық сылтаулармен аңду, халықты
депортациялау және басқа да адамгершіліксіз әрекеттер), Біріккен Ұлттар
Ұйымы қызметіне қарсы қылмыстар және әскери қылмыстардың актілеріне
халықаралық қылмыстық жауапкершілік анықталған.
Қазіргі таңда қарастырылып отырған ынтмақтастықта әр түрлі
қатынастарды реттейтін үш жүзге жуық халықаралық келісім шарттар бар.
Олардаң ішінде әмбебеп келісім шарттар да, басқаларымен салыстырғанда,
Халықаралық қылмыстық құқық нормалары бар. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының
теңіз құқығы жөніндегі хаттамасында құлдарды тасымалдауға, пиратыққа,
есірткілерді тасымалдауға, ашық теңіздегі санкцияланбаған мәлімдемелерге
және тағы сол сияқты жауапкершілік орнатлған. 1961 жылы есірткі құралдары
туралы жалғыз хаттаа негізінен есірткілерді бақылау шараларын реттейді.
Сонымен қатар осы құралдардың заңсыз айналымымен күресу нормалары
бекітілген. Осы қатарда аталған халықаралық трибуналдар жарғылары, және
адамгершілікке қарсы қылмыстар хаттамасы бекітілді.
Халықаралық қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көздері жекелеген
қылмыс түрлерімен күресу жөніндегі мемлекетаралық келісімдер, қылмыстық
істерге бірлескен құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру
жөніндегі келісім шарттар болып табылады.
Халықаралық қылмыстық құқықтың құқықтық негізі ретінде ұлттық сот
прецеденттері, халықаралық трибуналдар үкімдері, сонымен қатар бірқалыпты
нормалары қызмет ете алады. Мысалы, мынадай халықаралық дәстүр кең тараған,
халықаралық қылмыс жасаушы тұлғаның мемлекеті, көрсетілген қылмыстармен
күресу хаттамасының мүшесі ретінде. Осы жерден түйетін нәрсе, аталған
әрекеттердің қылмысы мен жазаланушылығы халықаралық қауымдастықпен
мойындалған, сол себепті де барлық мемлекттердің қылмыстармен күресу
жауапкершілігі императивті норма болып табылады.
Халықаралық қылмыстық құқықтың арнайы принциптері. Адам құқықтарының
жалпыға брдей декларациясында, 1966 жылы азаматтық және саяси құқықтары
туралы Пактіде және тағы басқа актілерде көрініс тапқан. Бұл принциптер
белгілі: қылмыспен күресу барысындағы мемлекеттер ынтымақтастығы;
халықаралық заңдылық; заң мен сот алдындағы теңдік; соттың істі қарау
жариялылығы; соттың тәуелсіздігі мен бейтараптығы; кінәсіздік презумпциясы;
азаптауға тиым салу; өлім жазасына тиым салу және шектеу; бас бостандығынан
айырылған тұлғаларға адамгершілікті көзқарас, және тағы сол сияқты 1946
жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы қарарында, Нюрнберг
трибуналының үкімін жалпы мойындау ретіндегі халықаралық құқық принциптерін
растайды. Олардың ішінде мыналарды атаса болады: агрессиялық соғыстарға
тиым салу; халықаралық құқыққа қарсы қылмыстық жазаның заңдылығы;
халықаралық қылмыс жауапкершілікке тартылған тұлға, азаматтығы жазаланатын
мемлекетте қылмыстан босатылмайды; Мемлекет және Үкімет басшылары
Халықаралық қылмыстық құқықта тиым салған жауапкершілікті әрекеттерден
босатылмайды; халықаралық қылмысқа мерзімнің ескіруін қолданбау және тағы
басқалары.
1973 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы адамзат баласына
қарсы қылмыстар мен әскери қылмыс жасаушыларды табу, тұтқындау, ұстап беру
және жазалауға қатысты Халықаралық ынтмақтастық принциптерін қабылдады. Бұл
принциптер қылмысты алдын ала тексеру, сатыларына қатысты.
Ұлттық қылмыстық құқықпен салыстырғанда Халықаралық қылмыстық құқыққа
бірқатар ерекшеліктер тән.
Біріншіден, Халықаралық қылмыстық құқықтың реттеу пәні Халықаралық
қылмыспен күрес барысындағы мемлекеттер ынтымақтастығы болып табылады.
Екіншіден, Халықаралық қылмыстық құқық кешенді сипатқа ие, яғни, оның
қайнар көздерінің қатарына қылмыстық құқық нормалары, қалмыстық іс және
қалмыстық атқару құқығының нормалары енеді. Сонымен қатар оның негізінде
қылмыстың алдын алу шаралары жатқандықтан, Халықаралық қылмыстық құқыққа
халықаралық криминология енеді.
Үшіншіден, қылмыстық және жазалаушылық нормалары кей уақыттарда кері
күшке ие болады. Бұл халықаралық трибуналдардың жарғылардың материалдық
нормаларына қатысты, жарғылар азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің
15ші бабына қарсы келмейді. Кез келген тұлғаның әрекеті, қателігі, жүзеге
асыру барысында құқықтың жалпы принциптеріне сәйкес қылмыстық құқық болып,
халықаралық қауымдастықпен мойындалса, тұлғаның сотқа тартылып және
жазалануына ештеңе кедергі бола алмайды.
Төртіншіден, оның субьектілеріне физикалық тұлғалар ғана емес,
мемлекеттік заңды тұлғалары да жатады. Аталған Қылмыстық Кодексі жобасының
төртінші бабында ерекше белгіленген: Адамзат қауіпсіздігі мен
бейбітшілігіне қарсы қылмыс жасаушы тұлғаның соттық тергеу ісі мемлекетті
жауапкершіліктен босатпайды. Сонымен қатар, Халықаралық қылмыстық құқыққа
мемлекеттерге ғана емес, жекелеген физикалық тұлғаларға тиым салуды орнату
және қылмыстық жазалаудағы қоқан лоқы мақсатында бағытталған келісім
нормалары тән.
1949 жылы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева хаттамасының бірқатар
баптары және 1977 жылы толықтыру хаттамаларын мысалға келтіруге болады.
Хаттамаларда хаттамалық нормаларды бұзған тұлғаның қылмыстық
жауапкершілікке мемлекетті тарту міндеті баяндалған.
Өзіндік талдап түсіндіруде қылмыстық іске қатысу, бірлесу, қылмыстық
істердің сотқа жататындығы және тағы басқа жалпы мойындалған институттар
бар. Қазіргі кезеңге дейін Халықаралық қылмыстық құқық нормалары жүйеге
келтірілмеген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бір қарауларында
мемлекеттредің халықаралық қылмыстық құқық саласындағы ынтымақтастық
қажеттілігі, халықаралық қылмыстық құқыққа байланысты арнайы бағыттарды
жасау және оның жүйеге келтірілуінің аяқталуы қажеттігі көрсетілген.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық қылмыспен күрес жөніндегі
мемлекеттер арасындағы ынтымақтасық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы доктрина
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Қылмыс пен жаза
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы
Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәндер