Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының тарихи музейлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ..14
1.3. Музейлердегі қор және экспозициялық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... .17


2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ
2.1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.2. Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің этнографиялық музейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи.этнографиялық “Ақтұмар” музейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Археология және этнология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ
ТАРИХИ МУЗЕЙЛЕРІ

АЛМАТЫ 2007
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН
МАҢЫЗЫ

1.1. Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ..14
1.3. Музейлердегі қор және экспозициялық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи
музейі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2. Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінің этнографиялық музейі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..35
3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-
этнографиялық “Ақтұмар”
музейі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..52

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...54

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда еліміздің дамуы саяси және
экономикалық тұрғыдан тұрақтанды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі
кезеңде мәдениетті дамытуға, ұлттық дәстүрлер мен рухани қазыналарды қорғау
арқылы ұлттық ерекшеліктердің сақталуына кең жол ашылды. Жаңа заман
талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына
қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл
басты міндет - біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу-ағарту
жұмыстарының негізгі бағыты.
Жоғарғы оқу орындарында оқып жүргендер, ертеңгі күні бүкіл
республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси мәселелерін,
міндеттерін шешеді, сондықтан олар жан-жақты профессионалдық дайындықтан
өтуі тиіс.
Жоғарғы оқу орындарындағы музейлер бағытының ең басты міндеті
материалдық және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту, қолдау және жоғарғы
оқу орнынының қалыптасуы мен дамуын көрсету, жетістіктерін насихаттау болып
табылады.
Музей мен жоғарғы оқу орындарының байланысының мәні қандай? Тарихи
музейлердегі негізгі істерін бастамас бұрын ең алдымен жалпы музей қызметін
талдап өтейік.
Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани
мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рол атқарады. Әсіресе,
ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрдің ерекшеліктерін оқып- үйренуге оның көмегі зор. Музей заттарды
адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді.
Музей - табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне
заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы
және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам
мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан
да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру
мүмкін емес. Жоғарғы оқу орындары мен музей бір-бірін толықтыра отырып, жас
тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетеді. Музейдің студенттер мен
бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар
студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық-ой өрісін дамытып,
студентке ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде
жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар:
- музейді ұйымдастыру үшін қор жинау;
- басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату;
- тарихи-мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археолагиялық қазбалар
жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету;
- экспозиция және көрме жасауға қатысу;
- конференциялар, кештер, кездесулер, жарыстар, ашық сабақтар
ұйымдастыру;
- халық арасынан ауызша мәлімет жинау. Бұл студенттерді әртүрлі
әлеуметтік топ өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға тәрбиелейді;
- музей қорындағы заттарды сақтау, қорғау студенттерді жауапкершілікке,
ұқыптылыққа үйретеді.
Жоғарғы оқу орындарының музейлері Қазақстанның музей жүйесін
толықтыра түседі. Қазіргі күнде Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының
екеуінің біреуінде музей ұйымдастырылуда. Әрине, ол музейлердің бәрін бір
зерттеу жұмысында талдап өту мүмкін емес. Берілген зерттеу жұмысында Алматы
қаласындағы келесі жоғарғы оқу орындарының музейлері талданды. Оның ішінде
педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орнынының тарихи музейлері:
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи
музейі;
- Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінің этнографиялық музейі;
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-
этнографиялық “Ақтұмар” музейі.
Жоғарғы оқу орындарының музейіндегі экспонаттарды сақтау, қорғау,
экспозицияны жасау жалпы музей ісі талаптарына сай болуы керек. Бірақ басқа
музейлерден айырмашылығы, оқу орындарының тәрбиелеу жоспарына тікелей
қатысты. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің жұмысы оқу орындарының
өмірімен тығыз байланысты.
Музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары,
ғылыми-ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып
табылады. Музей беретін мәліметтің шынайлығы келушінің алған білімін бекіте
түседі. Ал, мұндай мәлімет әсіресе, жас адам үшін өте бағалы. Музей
жастардың саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық
талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсер
етеді.
Музей пәні-әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және
музейлер жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ,
қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстардың дамуын зерттейді. Музей тарихи
қоғамдық институт ретінде, музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі
салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музей зерттеуінің негізгі
бағыттары музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау,
қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау,
зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін
келтіру толық анықтама болып табылады. Аталмыш жағдай музей заттарын
зерттеп, жүйелеуде маңызды рол атқарады. Музей-ең алдымен таным, тәлім-
тәрбие орны, ғылыми ағартушылық орталық.
Тәуелсіз мемлекетімізде экономиканы өркендетумен қатар дәстүрлі
мәдениетті жаңғырту қатар жүргізіліп келеді. “Мәдени мұра” бағдарламасын
іске асыру үшін өткен мен болашақтың куәсі іспеттес музейлерге, тарихи-
мәдени ескерткіштерге көп көңіл бөлінуде. Біздер-студенттер, тәуелсіз қазақ
елінің әрбір азаматы, ел боламыз десек, онда біз міндетті түрде ата
тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған
ата мұраларымызды айрықша қастерлеуіміз керек.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында
музейлер ашудың қажеттілігі, ерекшеліктері, міндеттері мен маңызын және
Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарындағы көрнекті тарихи музейлердің
қалыптасу, даму тарихын зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып
есептелінеді. Осы зерттеу жұмысында бұл музейлер музейтану тұрғысынан
қойылған талаптарға толық жауап бере ала ма, жоқ па, олар қазіргі күні
Қазақстанның музей жүйесіне сай ма, сай емес пе деген мәселелер талданды.
Қазіргі күнде музейдегі менеджмент және маркетинг жұмыстарына ерекше мән
берілуде. Зерттеу жұмысына негіз болып отырған музейлерде осы жұмыстар
қалай іске асуда, музейдегі педагогикалық жұмыс қандай дәрежеде жүргізілуде
деген мәсәселелерге талдау жасалды.
Зерттеу жұмысын жазу барысында алдыға қойған міндеттер:
- Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің ұйымдастыру
дәрежесін анықтау;
- әрбір жоғарғы оқу орны музейлерінің құрылымының ерекшеліктерін
айқындау;
- жоғарғы оқу орнынының музейлеріндегі заттарға сипаттама беру;
- музейде жіберілген кемшіліктерді айқындау;
- жоғарғы оқу орындарының музейлерінің басқа қоғамдық мекемелермен
байланысын талдау;
- музейлердің оқу-ағарту, білім-беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуін
талдау;
- тәрбиенің формалары мен әдістері туралы жалпы түсінік беру;
- жалпы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру мен
олардың жұмыс мәселесі бойынша проблемаларды анықтау;
Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыруда алда тұратын
проблемаларды тиімді шешу жолдарын көрсету, осы жұмысты жазудағы басты
міндет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырыпқа байланысты арнайы
зерттеулер жоқтың қасы. Бұл республикамызда әлі де музейтану жұмысы
толығымен қолға алынбағанын көрсетеді.
Жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттердің басым көпшілігі
кеңес дәуірі кезінде жазылған. Осы әдебиеттер ішінен “Музей историй ВУЗа”
ғылыми мақалалар жинағын ерекше атап өтуге болады 1. Онда жоғарғы оқу
орындарының музейлерінің әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарының спецификасы,
жоғарғы оқу орындарының музейлерін құру негізінде талданған. Бірақ еңбек
кеңестік сарында жазылған және онда Қазақстанның жоғары оқу орындарының
тарихы қамтылмаған.
Аталған еңбектерден басқа аса маңызды еңбектердің бірі “Актуальные
проблемы вузовских музеев” атты ғылыми мақала жинағы 2. Мұнда жоғарғы оқу
орындарының музейлерінің профилі, ұйымдастыру жұмыстары, қор және
экспозициялық жұмыстарын жүргізу тағы басқа жайлы мәліметтер берілген.
Жоғарғы оқу орнынының қорларына экспонаттарды жинау жолдары, оларды сақтау,
қорғау жайлы, кеңестер мен мәліметтер беріледі. Бұл кітап оқу -тәрбиелік
жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі.
“Музей высших учебных заведений” атты ғылыми мақалалар жинағынан
алатын мәліметтерде өте құнды 3. Бұл еңбектен жоғарғы оқу орындарының
музейлерінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тәртібі және ұйымдастыру
жолдары туралы мәліметтер береді.
Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық
әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде: К.Г.Левыкина, В.Хербтың
редакциялығымен шыққан “Музееведение. Музей исторического профиля” 4,
Т.Ю.Юреневаның “Музееведение” атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн
5. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады.
А.И. Михаиловскаяның “Музейная экспозиция” атты еңбегінде экспозицияны
құруға қойылатын талаптар жазылған 6. Ал Столяров А.В. “Музейная
педагогика” атты еңбегінде музей педагогикасының алғаш пайда болуы мен
дамуы қызметі жөнінде мәліметтер алуға болады 7.
Сонымен қатар қазақ ғалымдарының еңбектерін атауға болады. Мысалы,
М.Жұмабаевтың “Педагогика” еңбектерінен оқу, білім және тәрбие жөнінде мол
мәлімет алуға болады 8.
Жалпы музей ісінің теориясы және музей экспозициясы жайлы қазақ
тілінде әдебиет өте аз. Бұл мәселеге байланысты, К.Н.Райымханова мен
Д.Қатранның “Музей ісінің теориясы мен практикасы” атты еңбегінің құндылығы
өте зор 9. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми-
ағарту жұмыстары кең көлемде жазылған.
Музейлер қазақ халқының тарихын, өнерін, бұйымдарын көрсетуде ерекше
орын алады. Осы мүмкіндік арқылы көрерменнің еліне, өнеріне деген
сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырады. Бұл кімді болсын мәдениетке
жетелейді.
Тақырыптың деректік көзі: Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған
деректе, үш жоғарғы оқу орнынының Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің тарихи музейі мен Абылай хан атындағы халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетінің музейі және Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық институтының тарихи-этнографиялық музейлерінің
заттары, қорлары сол музейлердегі инвентарлық кітаптар, картатекалар,
музейдің жылдық есептері, экскурсия жүргізушілерге арналып жазылған
әдістемелік мәтіндер, сонымен бірге этнографиялық заттардан: зергерлік
бұйымдар, ыдыс-аяқтар, ұлттық киімдер, киім бөлшектері көрсетілген. Музей
меңгерушісінің жүргізген жазбалары және жоғарғы оқу орындарының музейлерін
ұйымдастырушылармен жүргізілген сұхбаттар пайдаланылды. Олар:
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің музейінің
меңгерушісі – Рахманғалиев Қайырхан Бекенұлы.
- Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінің музейінің меңгерушісі - Көшекенова Базаргүл
Садықиынқызы.
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының меңгерушісі-Сәуле
Мерекеева.
Жұмыстың теориялық-методологиялық негізі: Бүгінгі таңда Қазақстандық
ғылымда кең таралып отырған бағыттың бірі ғылыми жұмыстардың методологиялық
жұмыстарын жетілдіру өзекті мәселе болып жатыр. Сол негізінде дүниежүзілік
ғылыми еңбектерде кең таралған методологиялық бағыттардың Қазақстан
ғылымына икемдеу шараларды атқаруда. Адамзат тарихының көне іздерінен
барынша хабар беретін музей ісінде де ғылыми құндылықтары мен бірге зерттеу
жұмысының методологиялық негізі қолға алынуда. Осы зерттеу жұмысы негізінде
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындарының тарихи музейлеріне байланысты
теориялық және методологиялық негізін қалыптастырған зерттеушілердің
еңбектеріне сүйендім. Олар “Музей историй ВУЗа” 1, “Актуальные проблемы
вузовских музеев” 2, “Музей высших учебных заведений” атты ғылыми
мақалалар жинағын қолдандым 3. Жұмысты жазу барысында қолданған
әдебиеттердің салыстыру, талдау әдістері қолданылды. Сол негізде жұмыс
тарихи принцип жүйесінде құрылымдық талдау, салыстырмалы талдау әдістерін
қолдану арқылы жүзеге асты.
Жұмыстың хранологиялық шеңбері: 1999-2007 жылдарында Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихи музейі мен Абылай хан
атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің музейі
және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарихи-
этнографиялық музейлерінің қазірге дейінгі тарихы мен қызметі
қарастырылады.
Бітіру жұмысымның жаңалығы: Жұмысымды зерттеу барысында осы уақытқа
дейін зерттелмей келген Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университеті , сонымен қатар Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық институтының жанынан ашылған музейлер тарихын және де студент
жастарға білім- беру, тәрбиелеу мақсатындағы және қоғамдағы алатын орны
туралы мәселелердің тұңғыш рет арнайы зерттелуінде.
Тақырыптық құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау үш тармақшадан тұрады. Мұнда негізгі қарастырылған
мәселе жоғарғы оқу орындарын да алғашқы музейлерді ұйымдастыру мен
музейдің бүгінгі күнде алатын тәрбиелік орны туралы, қор және экспозициялық
жұмыстарын жүргізу барысы қарастырылды.
Екінші тарау үш тармақшадан құрылып, жоғарғы оқу орындарының
музейлерінің құрылу тарихы мен музейдің этнографиялық заттарын қорғау мен
сақтауды теориялық тұрғыдан салыстырмалы түрде көрсету болып табылады.
Қорытынды да берілген зерттеу жұмысымның нәтижесі, қазіргі таңдағы
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының музейлерінің жұмысын жақсарту
мақсатындағы талап-тілектер, ұсыныстар келтірілген.
Қосымшада жекелеген музейлердің суреттері берілген.

1. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МЕН МАҢЫЗЫ

1.1. Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері
Жоғарғы оқу орындарының музейлері оқытушының бастамасымен немесе
студенттердің үйірмесі негізінде құрылады. Студенттер өздерінің қызығатын
мәселесін зерттей келе, музейдің бағытын анықтайды. Осы маңызды кезеңде
тарих пәнінің оқытушылары қатысу көмегі өте үлкен. Жоғарғы оқу орындарының
музейлерін құру – ол бүкіл оқу орнынының ұжымының қажырлы еңбегі. Әрине,
оқытушы музейдің педагогикалық бағытын, білім беру, тәрбиелеу
үрдістеріндегі орнын белгілеп, оқушылардың музей белсенділерін құрып,
экспонаттар жинауымен қатар шешілетін үлкен мәселе ол-музей бөлмесін
жабдықтау. Бұл проблеманы оқу орнынының әкімшілігімен бірігіп шешуге болады
1, 39.
Музейді құру барысында студенттер арасында түсіндірме жиналыстар
өтеді. Осы жиналыстарда болашақ музейдің бөлімдері, бөлімшелері анық-талып,
оларда экспозицияланатын материалдар сараланады. Осындай жұмыстар кезіндегі
оқытушының басты рөлі-студенттер ақыл кеңес беріп, оларды ұйымдастыру
жұмыстарын жүргізу. Осы жұмысты атқару барысында оқытушы, музейді құруға
қызығатын студенттер тобын бөліп алып, жергі-лікті, мүмкін болса,
республикалық дәрежедегі мемлекеттік, өлкелік тарихи музейлерге экскурсияға
апарып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, консультациялар
алу керек. Бұл ұйымдастырылған кездесулер студенттердің болашақ музей жайлы
дұрыс түсінігінің қалыптасуына үлкен көмек көрсетеді. Тәжірибелі мамандар
студенттерге жалпы музейді, экспозицияны дұрыс жасау тәртібі, экспонаттарды
таңдау, жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұйымдастыру жөнінен мағлұматтар
береді.
Студенттер ғылыми еңбектермен, басқа да музей жұмыстарымен танысып,
теориялық білім алғаннан кейін, музейді жасауға кіріседі. Ең алдымен музей
кеңесі құрылады. Музей кеңесі қолда бар материалдар мен оқу орнынының
мүмкіндігін ескере отырып, музей бағыты мен экспозиция мазмұнын белгілейді.
Ақырғы шешімді педагогтар кеңесі қабылдайды 2,12. Ол шешім студенттерге
жарияланғаннан кейін, істелетін жұмысқа бағыт беріледі. Ендігі алдында
тұрған үлкен міндет музейге қор материалдарын жинау. Студенттердің
талпынысы оқытушылар тарапынан қолдау тапқан жағдайда көрсеткіш жоғары
болады.
Жоғарғы оқу орнындарының музейлерінің қорларына экспонаттар жинау
әдістері әртүрлі болып келеді. Музей қорына материал жинауды әртүрлі
тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Оның бір жолы, барлық студенттерге
музейге ел арасындағы “бүкіл көне заттарды” әкелу жайлы ұсыныс жасау немесе
тек студенттерге емес, қаланың, ауданның т.с.с. тұрғындарына хабарландыру
жасау. Мұны газеттерге ашық хат жолдау арқылы жүзеге асыруға болады 3,21.
Жинаудың мұндай тәсілі музей қорын әлдеқайда бағыттады. Әрине бұл жолдың
өзіндік қиындықтары да бар музейге керексіз заттар да көп түсуі мүмкін.
Сондықтан экспонаттарды таңдағанда мұқият болып, оған эксперттік комиссия
құру керек.
Келесі бір тәсіл-студенттердің жеке коллекциясын жинап, оны музейге
тапсыруы. Коллекция жинау өте пайдалы: ол студентердің ғылымға деген
қызығушылығын арттырады, тиянақтылыққа үйретеді, төзімділікке тәрбиелейді.
Сонымен қатар, бұл коллекциялар музейдің экспозициясына сай коллекциялар
болу керек.
Жоғарғы оқу орындарының музейлеріне метериал тарихи-мәдени жерлерге
экспедицияларға бару, археологиялық қазбалар жүргізу, экскурсиялар мен
саяхаттар кезінде де жиналады. Қорлар тез толу үшін материал жинау үздіксіз
жүріп тұру қажет.
Қосымша қорға келетін болсақ, ол студенттер күшімен, жоғарғы оқу
орнынының қабырғасында жиналады. Студенттер өз қолдарымен макеттер,
суреттер, сызбалар, модельдер жасайды. Кез-келген жинақтау жұмысының
нәтижесі оның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты.
Музей қорларының жылдам, әрі тез толуы үшін келесі талаптарды
орындау керек 4,30.
Бірінші талап - музейді ұйымдастыруда мақсат пен тақырыпты нақты
белгілеу. Нақты белгіленбеген жағдайда, жинақтау жұмысын жүргізу барысында
көптеген керегі жоқ заттар жиналуы ықтимал.
Жинақтау жұмысының тақырыбы әртүрлі болады:
1. археологиялық ескерткіштер;
2. этнографиялық заттар;
3. пайдалы қазбалар үлгілері;
4. туған өлкенің батырлары т.б.
Екінші талап – студенттерді жинақтау жұмысына дұрыс дайындығы.
Бірінші кезекте, оқытушы студенттермен алдыдағы жұмыс туралы лекциялар,
әңгімелер, консультациялар өткізіп, өзіндік жұмыс жасау үшін әдебиеттер
береді.
Келесі кезең материалдарды жинау жұмысының жоспарын жасау 5,48.
Осы жоспардың жобалаған түрі мынадай болады:

Материалдарды Қайда жүргізіледі Кім жинайды Қандай материал
жинау мерзімі жинау керек

Мысалы, материал тарихи бағыттағы музей үшін жиналса, онда “қандай
материал жинау керек” деген бағананы былай толтыруға болады:
1) Заттай ескерткіштер – еңбек құралдары, үй тұрмысына қажетті ыдыс-
аяқ, әшекейлер, монеталар, медальдар;
2) Жазба ескерткіштер – жазба және баспа кітаптар, газеттер,
журналдар, ноталар, әртүрлі құжаттар, хаттар, протаколдар, мақтау қағазы;
3) Картографиялық материалдар – карталар, схемалар, жоспарлар,
сызбалар;
4) Көркемөнер ескерткіштері – картиналар, суреттер, мүсіндер;
5) Фото және кинодокументтер – фотосуреттер, кинопленкалар,
негативтер, пленкалар.
Жоспар құрылғаннан кейін, экспедицияға керкекті заттар жиналады:
палатка, киім–кешек, дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар, күрек т.б., жазба
кітапша, карандаш, лупа, шпагат, өлшеуіш құралдар.
Жоғарғы оқу орнынының тарихы жайлы өте көп материал жинауға болады:
оқытушылар, студенттер жайлы, студенттік өмір жайлы, оқу орнының мәдени,
қоғамдық өмірі т.б. Сондықтан материал жинаудан бұрын жоғарғы оқу орнынының
музейінің экспозициясы қандай негізгі кезеңдері қамтитынын анықтау керек
3,50.
Экспозицияны мынадай бөлімдерге бөлуге болады:
Бірінші бөлім – “Жоғарғы оқу орнынының құрылуы”.
1) Жоғарғы оқу орнынының суреттері (жаңадан салынған кездегі және
қазіргі көрінісі).
2) Жоғарғы оқу орнында сабақ берген алғашқы ұстаздар ұйымы,
студенттер, алғашқы түлектер.
3) Жоғарғы оқу орнынының ашылуы туралы деректер, фото материалдар.
4) Жоғарғы оқу орнынының ғимаратын салған адамдар.
5) Жоғарғы оқу орнынының қызметін суреттейтін фотосуреттер т.б.
Экспозицияның екінші бөлімі – “Жоғарғы оқу орнынының тарихы”.
Бұл бөлімде жоғарғы оқу орнынының жұмысының жан – жақтылығын
көрсететін материал жинаған дұрыс.
1) Сабақ барысы – оқытушылар, студенттердің фотосуреттері, оқулықттар
және оқу құралдары т.б.
2) Аудиториядан тыс жұмыс – үйірмелер, саяхаттар мен экскурсиялар
кезінде фотосуреттер, студенттердің жинаған материалдары, өздері
жасаған макеттер, модельдер т.б.
3) Жоғарғы оқу орнынының қоғамдық жұмысқа араласуы – қоғам, мәдениет
қайраткерлерімен, жазушы, ақын, соғыс ардагерлері, өнер адамдарымен
ұйымдастырылған кездесулер, кештерде түсірілген фотосуреттер, кей
жағдайда, олардың музейге тапсырған сыйлықтары, олардың еңбектері
(кітаптары). Олармен кездесу кезінде түсірілген видеопленка өте
қызықты экспонат болып шығады.
Үшінші бөлім – “Жоғарғы оқу орнынының жетістіктері”.
Мұнда студенттердің түрлі жарыстарға қатысқанда алған мақтау
қағаздары, дипломдар, алғыс хаттар, оқу орнын бітірген түлектердің
жетістіктері, басқа қоғамдық ұйымдармен байланысы, үздік студенттер туралы
мәліметтер беріледі.
Бұл тек жобалаған бөлімдер, әрине, әр жоғарғы оқу орнынының өзіндік
тарихы бар, соған байланысты бөлімдер де әр түрлі болады. Бір жоғарғы оқу
орнында бірнешеу кейбіреулерінде аздау, ең бастысы олар жүйесіз
фотосуреттер көрмесіне айналмай, нақты кезеңдері болуы тиіс.
Жинақтау жұмысының жетістікке жетуі үшін қажет үшінші талап –
студенттердің арасындағы қатаң тәртіп 4,35. Ең алдымен жиналған
материалға ұқыптылықпен қарау. Әрбір зат дұрыс сақталып, оқу орнынының
музейіне бүлінбеген күйінде тапсырылуы керек:
- түсірілген фотосуреттерді жеке – жеке конверттерге салып, папканың
ішіне жинау керек;
- минеорологиялық коллекцияның материалы болса, оны матамен немесе
мақтамен орап, жәшіктің ішіне ретімен орналастыру қажет;
- құжатты ақырындап тегістеп, қатты басып, жинау керек т.с.с.
Кейде иелері заттарды тазаламайды, кір басқан күйінде береді. Ондай
заттарды бүлдіріп алмай, ақырындап тазалау керек. Әйнек және форфор ыдысты
жылы суда жуып, металл және ағаш заттарды құрғақ шүберекпен сүртіп,
киімдерді ұқыпты түрде жуу керек.
Тарихи музейге материал жинау арнайы ережелерді ұстануды талап етеді
- экспедиция кезінде заттарды қалай қазып алу керек, бұзылмау қалпын қалай
сақтау керек т.б.
Саяхаттың алдында, белгіленген территория, жеке шаруашылық емес па
соны анықтап алған дұрыс. Егер территория біреудің иелігінде болса, арнайы
рұқсат қағаздар алу керек.
Халық арасында жұмысты бастамас бұрын, жергілікті қоғамдық және
мемлекеттік ұйымдармен байланыс орнату керек. Мұндай жерлерде кімге дерек
жинау үшін бару дұрыс болатындығын айтады. Музейге ескерткіштерді алғаннан
кейін, олар жайлы мәліметттерді толық жазып алу керек. Мәлімет жазатын
журналдың жобасы мынадай болады.
Бірінші бағана – реттік саны. Оны жазу үлкен қиындық тудырмайды.
Журналдағы нөмірді шатастырып алмай, заттарға қою керек. Нөмір заттарға
әртүрлі жолдармен қойылады. Егер тігу мүмкін болса, ол тігіледі. Тігу үшін
жіп қолдану керек. Сым темірді ешқашан қолдануға болмайды – ол затты
тырнауы немесе тотпен кірлетуі мүмкін.
Көптеген заттарға тіркеу санын іле алмайсың. Мысалы, табақша, мата,
фотосурет, т.б. Ұсақ монеталарды жеке қағаз дорбаларға салады, нөмірді
тущпен конвертке жазады. Металдан, керамикадан, тастан, ағаштан жасалған
заттарға нөмірді тушьпен немесе түрлі – түсті карандашпен, ал қағаз
заттарға карандашпен жазады. Музейге түскеннен кейін кейбір нөмірлер өшіп
қалмау үшін қайта жазу керек – металл, керамика, тастан жасалған заттарға –
эмальді краскамен, ағашқа тушьпен.
Нөмірді қалай, қандай жерде жазу ережесі бар: орамал, дастарқан,
беторамал, матаға – бір бұрышына; картинаның – рамкасына; жәшік,
коробкаларға – ішіне; орындықтар мен ұзын отырғыштарға – отырғыштың астына;
фотосуреттер, суреттерде, гравюраларда, плакат, документтерде – артқы сол
жақ бұрышына. Егер құжат қағаздың екі жағында да жазылса, онда нөмір
шеткеі шетіне жазылады. Егер шеті жоқ болса, докуметті конвертке салып,
нөмірді соған жазу керек. Есте сақтайтын нәрсе, нөмір өте кішкентай
қарыппен, анық жазылуы тиіс, ол заттың өзін де оның сыртқы көрінісін де
бұзбау керек.
Екінші бағана - заттың аты. Заттың атын толық жазу керек. Кейде әр
облыстың ерекшелігіне қарай кейбір заттардың аталуы бөлек болады. Мұндай
жағдайда заттың жергілікті атауын, одан кейін қысқаша түсіндірме жазу
керек. Заттың атауынан басқа, бұл бағанаға оның қысқаша суреттемесін жазуға
болады. Оның мақсаты – берілген затты бізге түсінікті ету. Бірақ суреттеуді
толық жасамай, қысқаша мәлімет беріп өткен дұрыс. Кейде бұл зат не үшін
қолданылатынын да жазуға болады.
Келесі бағана – заттың тұрған ортасы. Оны толтыру қиындық
туғызбайды. Егер археологиялық ескерткіш болса, табылған жерін жазу керек,
қандай қорған, оның қай бөлігі.
“Зат кімнен алынды немесе кім тапты” деген графаны толтыру
барысында, затты берген не тапған адамның аты-жөні, мамандығы жазылады 1,
9.
“Зат қашан табылды” толтыру қиын емес, ал “Заттың уақыты” бағанасын
толтыру сақтықты, туралықты қажет етелі. Жиналған материалдардың уақытын
2005 жыл жиналған деп жазса, документтердің уақытын анықтау да оңай,
өйткені оларға күні жазылады, ал археолагиялық заттардың уақыттын анықтаған
кезде, мамандардың көмегіне жүгінуі дұрыс
Студентер өздерінің жазбаларын жеке дәптеріне жазып алып, оны
оқытушысына не жетекшісіне көрсетіп алған соң, журналға жазады.
Мәліметтерді, затты алған соң, кейінге қалдырмай сол кезде жазу керек.
Заттай деректермен қоса студенттер жергілікті халықпен әңгімелесіп,
ауызша деректер де жинайды. Белгілі бір оқиғаға байланысты мәліметтерді сол
оқиғаны көқзімен көқрген адамнан алу өте қызықты. Әңгімені 2-3 адам
жүргізеді: олардың біреуі әңгіме жүргізеді, екеуі жазады. Әңгімелесу
барысында өзін қызықтыратын сұраулардың жауабын алуға тырысу керек.
Әңгімені жазып алғаннан кейін, оны қайта оқып тексеру керек.
Әр экспедициядан кейін баяндамалар жасалады, жоғарғы оқу орындарында
көрмелер ұйымдастырылады. Басқа музейлермен байланыс орнатылады. Олардың
қызметкерлері жиналған материал негізінде студенттерге музей жасауға
көмектеседі.
Қорыта келгенде, қазіргі кезеңде тарихи-мәдени, ғылыми көптеген
халықтың мәдени мұраларын зерттеу ұлттық мәдениеттің қалыптасуы, дамуы
болып табылады.

1.2. Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің тәрбиелік мәні
Жоғарғы оқу орындарында студенттер болашақ өз ісінің нағыз мамандары
болып шығады. Олардың жасаған жұмыстары институттың өмірінде қалады. Міне,
осындай жұмыстарды сақтау арқылы біз болашаққа үгіт-насихат жүргіземіз.
Сонымен қатар студенттердің жұмысын, іс-шараларын танытушы, сақтаушы орын
болып табылады. Осындай жұмыстарды тек қана жоғарғы оқу орындарының
музейлерінде ғана жасауға болады.
Музейде әртүрлі кештер ұйымдастыруға болады. Студенттер семинар,
докладтарға музей материалдарын пайдалануға болады. Мысалға айтатын болсақ,
музейден институт тарихымен студенттердің ғылыми конференциясындағы
материалдар, алғашқы бітірген түлектер, соғыс ардагерлері т.б. жайлы
мәліметтер алуға болады.
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінде де шолу экскурсияларынан басқа,
оқу экскурсияларымен лекциялар өткізіледі.
Студенттер экскурсаводтың айтқандарын зейін қойып тыңдап,
экспонаттарды қарап, экскурсоводқа сұрақтар қояды. Олар музейден көп
мағлұматтар алып шығады 1,15.
Жоғарғы оқу орындарының музейлері студенттерге рухани, мәдени,
білім, тәрбие, т.б. жағынан көп мағлұмат береді.
Ал тәрбие кең мағынада алғанда, қандайда болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал
енді, адамзат туралы айтқанда, адамның баласын, кәміл жасқа толып, өзін-
өзіне қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым
иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әр кімнің өз
тәжірибесі жетпейді. Сол үшін басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу
керек. Сол басқа адамның тәрбие майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке
бір пәнімен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Тәрбие пәні педагогика
деп аталады 4,48.
Қазіргі жастар өзінің ата-анасының заманынан басқа заманда өмір
сүріп отырғаны рас, бірақ әр ұрпақ өзінің өткен тарихымен сусындап,
бүгінгісін жақсартып отыруға ат салысулары қажет.
Тәуелсіз мемлекетімізде жастарды көп мәдениеттілік құндылықтарға
тәрбиелеу ісі қазіргі кезеңде тарихи-мәдени мұраларын музей материалдары
арқылы тікелей байланыстырып, оның толыққанды болуына қатысты мәселелерді
шешу қажеттігі туындады. Музей материалдарындағы тарихи-мәдени белгілері
дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-
пікір, білім, тәжірибелер. Оның негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи
тәжірибе мұраларына сүйене отырып, студенттерді, өнер-білім машықтарын
меңгеруге, болашақта белгілі бір маман иесі болуға, сол сияқты т.б. ізгі
адамгершілік қасиеттерге баулу.
Музейлерде жүргізілетін жұмыс – жас ұрпаққа халықтың таным-наным,
ұлттық мінез-құлық, қадір-қасиеттерді табиғи түрде бойына сіңіре білу
сияқты жұмыстарды атқарады.
Ұлттық рухты бейнелейтін музейдегі материалдарға мыналарды жатқызуға
болады.
- ғасырлар қойнауынан бастау алып, қалыптасқан, жетіліп нығайған ана
тілі;
- ұлттық әдет-ғұрыптар;
- ұлттық рухты айғағтайтын заттар мен шынайылық құбылыстар.
Ұрпақ тәрбиесінде музей – халық педагогикасымен тығыз байланыста.
Қазіргі кезеңде тарихи-мәдени, ғылыми көптеген халықтың мәдени
мұраларын зерттеу ұлттық мәдениеттің қалыптасуы, дамуы және қазіргі
бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық және әдістемелік мәселелері
жөнінде жиынтықталған жалпы ойларды тұжырымдауға мүмкіншіліктер береді.
Қазақ мәдениетінің тарихы – халық тарихының ең маңызды құрасдас
бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесімен халықтың ойлау айшықтары
көрініс тапқан. Қазақ мәдениеті – халықтың тарихымен жан – жақты түсінуі
үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал 6, 45 .
Тарихи ескерткішсіз дәстүр болмайды. Дәстүрсіз мәдениет болмайды. Ал
мәдениетсіз тәрбие жоқ. Тәрбиесіз руханилық жоқ. Руханилықсыз жеке тұлғаны
тәрбиелеу мүмкін емес. Білім беру мен тәрбие жүйесінде көп мәдениетті музей
материалдарын жүйелей қолдану – бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің
бірі.
Музейдегі рухани мәдениеттің халықтың педагогикасымен сабақтастығы
тәлім-тәрбие дүние танымын, өмір заңдылығы мен (философиямен) тығыз
байланысты. Дәл осы тұрғыда музей – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық
және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль
атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдениет, заттық, әскери, еңбек жетістіктерін,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып үйренуге оның көмегі зор.
Музей ісі – ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Соңғы кезде
қолданбалы музейдің мәселесіне көп көңіл бөлуде. Себебі, музей жұмысында
ғылыми-жинақтау, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпақты
тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда.
Музей – халық мәдениетінің мұрасы ретінде адамгершілік қасиеттерді
баланың бойына дарыту имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу басты қағида болып
табылады 7,28.
Музей не үшін ұйымдастырылады деген сұраққа жауап беретін болсақ:
студенттер музейді көріп, тамашалау үшін, музей экспозициясымен таныса
отырып, өздеріне көптеген мәлімет алу үшін, рухани дүниесін байыту үшін,
ең аяғында өздері естіп, оқып жүрген кейбір мәліметтерді көзбен көріп,
білімдерін нақтылау үшін. Ал егер музей есіктері жабық тұрса, онда мұндай
игі шаралардың іске асыруылуына кедергі туады.
Тәрбиелеу методтары педагогикалық әңгімелесу уақытта қалыптасады.
Оқытудың белсенді әдістері (семинар, дискусия және т.б.) 8,5.
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің ұйымдастырылуы білім беру
тәсілдері мен ғылыми таным тәсілдерінің жақындасуына ықпалын тигізеді.
Материалдарды жинау, оларды өңдеу, жан-жақты зерттеу,
экспозициялау студенттердің ойындағы өз бетімен жұмыс жасау, танымдық
қабілетін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын меңгеруге көмектеседі 9,15.
Музейдің мәдени-көпшілік жұмыстары музей коммуникациясының бір саласы
ретінде жан-жақты білімді, қоғамдак белсенді, эстетикалық талғамы зор,
қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге ұмтылуға бағытталады. Әсіресе экспозиция
мен көрмелерді ұйымдастыру арқылы жастағы, әлкуметтік және әртүрлі жастағы,
әлеуметтік және әртүрлі категориядағы, әр мамандщық саласындағы адамдарға
қызмет етеді. Музейдің негізгі жұмысы – тарих арқылы тарихи-мәдени
ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы патриоттық рухта тәрбиелеу болып
табылады. Көпшілікті музей мәдениетіне тарту, тарихынды сүю, еліңе деген
мақтаныш пен отаншылдық және рухани құндылықттарпмен тан.ысу деген сөз.
Музей қоғамдық-әлеуметтік мәнін жете түсініп, оны тәрбиелік мақсатта
толығымен пайдалану үшін музей педагогикасы пәні қолданылады. Музей
педагогикасы – аралас ғылыми пән, ол музей жұмысының коммуникациялық
формаларын, музей ісін ұйымдастыруды педагогикалық ттьұрғыдан қарыстырады.
Музейдің педагогикалық зерттеу пәні – музейдің жұмысын педагогикалық
жағынан ұйымдастыру әдістерін, түрлерін, жұмыс бағытын қарастырады. Музей
педагогикасы музейлік педагогикалық процестердің құндылықтарын іс жүзінде
және педагогикалық басқару ісінде қолдануды қарастырады.
Әртүрлі әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетін топтардың
аудитория ерекшеліктерін анықтап, музейге келушілердің құрамына қарай
дифференциалды шешіммен жұмыс ұйымдастырады, әртүрлі профильдегі музейлер
жұмыстың тәжірибесін саралап, жинақтап, ғылыми әдістемелік нұсқаулар, ақыл-
кеңестер ұсынады.
Басқа да педагогикалық жұмыспен айналысатын мекемелермен бірге жұмыс
істеудің формаларын ойластырып, орайластырып, жетілдіреді. Педагогикалық
жұмыстың негізгі мақсаттары мен мәселелерінің бірі қоғамға белсенді,
шығармашылық қабілетті адам тәрбиелеу. Музей педагогикасында экскурсия,
музей сабағы, тақырыптық дәрістер сияқты жұмыс формалары қолданылады.
Келушілердің қызығушылығын анықтайтын, музей ақпаратын толыққанды жеткізе
білетін шаралардың жаңа формаларын жетілдіреді. Музейге ұйымдаспаған түрде,
яғни жеке отбасымен, бірлеп-екілеп келетін адамдармен де жұмыс істеудің
әдістерін қарастырады. Музей педагогикасының бір міндеті – музей
педагогтарын даярлау, яғни олардың құрамына –экскурсаводтар, метогдистер,
социологтар да кіреді. Музейде тәрбие жұмысының түрлері мен формалары
көптеп қолданылады.
Олар музейде экскурсиялар (экспозиция мен көрмелерде), тарихи-мәдени
ескерткіштерге саяхат жасау. Тақырыптық кештер конкурстар, викториналар,
клуб пен үйірмелердің жұмысы, мәдениет университеттерін ұйымдастыру сияқты
жұмыс формалары қолданылады.
Сонымен, жоғарғы оқу орындарының ішінен ашылып отырған музейлер
тәрбие, білім беру жағынан маңызы жоғары.

3. Музейлердегі қор және экспозициялық жұмыстар
Жоғарғы оқу орындарының музейлерінің қорлары негізгі және қосымша
болып екіге бөлінеді. Музей жұмысы музей қорларының негізінде жүргізіледі.
Музей қоры деп музейдің иелігіндегі мен оларға қатысы бар ғылыми қосалқы
материалдардың жиынтығын атайды.
Қордың жалпы құрамы музейдің бағытыны байланысты болуы керек. Жалпы
музей қоры барлық музей жинағын қамтитын негізгі қор және ғылыми қосалқы
қор болып бөлінеді.
Жоғарғы оқу орнынының музейлерінің қорлары негізгі және қосымша
болады. Негізгі қордың құрамына саяси көркемдік маңызы бар тарихи
материалдары және рухани мәдениеттің түпнұсқа ескерткіштері жатады.
Қосымша қор студенттердің қолымен жасалып, негізгі қорды
толықтырады. Олар негізгі қор экспонаттарын анықтап, кейде түп нұсқаның
орнын ауыстыруға қолданылады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде
толығымен көрсету үшін, тек еңбек құралдарын көрсету жеткіліксіз. Оларды
жасау технологиясын, қолдану әдісін суретте көрсеру экспозицияны түсінікті
қылады. Топырақ түрлерін қарау арқылы белгілі ауданның жер бедерін түсіну
мүмкін емес: оған қосымша ретінде аудандағы топырақтың жерге орналасуын
көрсететін карта – схема жасау болады. Бұл жерде карта – схема, сурет
қосымша қордың материалдары болып есептелінеді 6,21.
Музейді құру кезінде негізгі қор мен қосымша қор экспонаттарын бөліп алу
керек. Көп жағдайда, бір зат қосымша қорға да негізгі қорға да кіреді.
Мысалы, топырақ картасы – жоғарғы оқу орнында табиғат бөлімі бар музей
құрылса, қосымша қор материалы болады, ал егер музей жоғарғы оқу орнынының
тарихына арналып құрылса, осы жоғарғы оқу орнынының студенті жасаған
топырақ картасы – негізгі қорға кіреді.
Студенттердің музей қорымен жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:
1. Оқытушының музейді жасауға қатысқысы келетін студенттермен музей
қорлары жайлы әңгімелесу;
2. Материал жинау;
3. Жиналған материалдармен танысу, олардың ғылыми маңыздылығын анықтау,
негізгі және қосымша қорды құру;
4. Экспозициялық жұмыс.
Студенттермен әңгіме жүргізу кезінде негізгі қорға қандай материалдар кіру
керек екендігін айтып, оның маңызын түсіндіру маңызды. Негізгі қорға
кіретін экспонаттарды келесі топтарға жіктеуге болады:
а) заттай ескерткіштер;
б) жазба ескерткіштер;
в) көркем өнер деректері.
Заттай деректер. Деректердің бұл тобында археологиялық материалдар
негізгі орын алады. Егер жоғарғы оқу орнынының тарих пәнінің оқытушысысының
мамандығы археолог болған жағдайда, ол өзі жүргізген археологиялық қазбалар
кезінде табылған заттай ескерткіштерді музейге тапсыруына болады. Бірақ,
әдетте, музейдің негізгі қорына археологиялық ескерткіштер орнына жасалған
көшірме материал ретінде түседі. Сонымен қатар, жекелеген адамдардан сыйлық
ретінде экспонаттар толтырылады.
Мұндай жағдайда студенттер оқытушының көмегімен археологиялық
әдебиеттермен толық танысады. Мемлекеттік музей қызметкерлерімен
консультация жүргізіледі.
Заттай деректердің түрлері:
- еңбек құралдары, ауылшаруашылық құралдары, қолөнер шеберлерінің
құралдары;
- қару-жарақ түрлері, ат-әбзелдері;
- күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей
бұйымдар, жиhаз түрлері);
- нумизматикалық материалдар (монета, орден, медальдар);
Жазба деректер. Бұл топқа ғылыми, көркем әдебиет, мемуарлар,
әкімшілік құжаттар жеке адамның құжаттары жатады. Оларды кітаптар,
қолжазбалар, газет, журнал, листовкалар, хаттар, протоколдар, актілер, т.б.
бөлуге болады.
Көркемөнер деректері – көркемөнер туындылары, фотосуреттер,
картографиялық материалдар, документтік сипаттағы материалдар – басылым
үлгілері, журналдар. Осы топқа мүсін, карикатура, плакаттар кіреді. Бұл
деректің уақыты, шыққан жері, авторы, мазмұны белгілі болса – ғылыми
құндылығы жоғары болады 10,23.
Фотосуреттер – құнды тарихи дерек болып табылады. Олар адамдардың,
жердің, архитектуралық құрылғылардың тарихи оқиғалардың нақты көрінісін
сақтайды. Иллюстрациялық журналдардағы суреттерді де фотосуреттерге
жатқызуға болады.
Графикалық материалдар (карта, план, техникалық сызбалар,
диограммалар) да дерек болып табылады.
Құжаттық сипаттағы материалдар ауылшаруашылық жағдайы, сауда
байланысы, белгілі кезеңдегі киім үлгісі жайлы дерек береді. Сондықтан олар
да негізгі қорға кіреді.
Қосымша қордың материалдарын екіге бөлуге болады:
1. Музейге қойылған түпнұсқа экспонаттарға толықтыру анықтама беретін
қосымша қор материалдары құрайды. Мұнда құнды музей заты деген
қасиеті жоқ, түп дерек көзі бола алмайтын материалдар кіреді (карта,
диограмма, сызбалар);
2. Заттай деректердің көзбен қабылдаудың түрін жасайтын қосымша қор –
макеттер, картина, диограмма, модельдер.
Макеттер, картина, диограмма жоқ болса, қосымша карта жасау керек.
Картаны жасау үшін студенттердің бір тобы тақырыпқа байланысты
әдебиеттерді, деректерді жинастырып, танысады. Осы бөлім негізінде картаның
нұсқасы жасалады, белгілер арқылы. Картаны жасау үшін контурлық картаны
негізге ала отырып, саяси, әкімшілік шекараларды белгілейді. Картаның бір
бұрышына олардың түсініктерін жазып қою керек. Карталарды қазіргі уақытқа
сай қылып жабдықтап, электронды түрде жасауға болады.
Диограмма және сызбалар – экспозицияның өте қажетті элементтері.Олар
қандайда бір құбылыстың дамуын, белгілі бір мекеменің ұйымдық құрылымын
салыстыруға қолданылады. Диограмма мен сызбаларды өз қолдарымен жасайды.
Модельдер мен макеттер – түпнұсқаларды ауыстыру үшін қолданылыды.
Сондықтан аса ұқыптылықты талап етеді. Модельдер заттың сыртқы көрінісін
толығымен беру керек. Оларды жасаған кезде мамандардың көмегіне жүгіну
керек.
Панорама, суреттер, диорамма – жоғарғы оқу орнынының музейлерінде
толығымен тәжірибеленеді. Өткені, олар студенттердің шығармашылық
қабілеттерін дамытады. Оларды жасау бейнелейтін оқиғаны терең зерттеуді
талап етеді.
Ал музей заты 6 дерекке бөлінеді:
1. заттық дерек – белгілі тарихи оқиғалар, тарихи деректерді
деректендіретін еңбек құралдар, күнделікті тұрмыстық заттар жатады;
2. бейнелік дерек – екіге бөлінеді бейнелік немесе сызбалық;
3. жазба деректер – қолжазба, жылнамалар т.б.;
4. фотоқұжаттар дерек – фотоопорат арқылы түсіретін бейнелік суреттер;
5. кино дерек – белгілі адамның техника арқылы түсіріп алынатын
деректер,
6. фоно дерек – дыбыстық дерек.
Музейдегі жарықтық тәртіп Музей заттарының ескіруіне әсер ететін
негізгі себептердің бірі–жарық сәулесінің түсуі болып табылады. Сондықтан
музейдегі жарықтық тәртіптің маңызы зор. Ол музей заттарына жарық
сәулесінің түсуін реттеп, бақылап отырады. Музейдегі жарықтық тәртіп
заттардың табиғи ескіруін тежеу үшін қажет. Бұл тәртіп бойынша заттарды
тұрақты жарық сәулесін мүлдем түсірмей немесе жартылай, кейде белгілі бір
көлемде түсіру арқылы сақтауға болады. Ол музей заттарының қандай
материалдан жасалғанына байланысты анықталады.
Жарық - электромагниттік толқындық жарық таратушы. Қысқа толқындар
ультракүлгін сәулелерді, ал ұзын толқындар инфрақызыл, жылы сәулелер
тудырады. Бұл сәулелерді көз қабылдамайды 11, 24.
Жарықтың әсерінен заттар фотохимиялық және физикалық өзгерістерге
ұшырайды. Фотохимиялық өзгеріс заттарға ультракүлгін және көзге көрінетін
сәулелердің әсерінің нәтижесінен болады. Ол заттардың сарғайып, түрінің
ағаруынан немесе толық түссізденіп кетуінен көрінеді. Табиғи жарық
ультракүлгін сәулелерге бай. Ал жасанды жарық ішінде люминесценттік шамдар
қауіпті.
Заттардың физикалық өзгеріске ұшырауы табиғи және жасанды жарықта
болатын инфрақызыл сәлелердің әсерінен болады.
Әр түрлі материалдан жасалған заттарға жарық әртүрлі әсер етеді.
Жарыққа төзімділігі жағынан заттарды үш топқа бөлуге болады:
- жарыққа төзімділігі жоғары: металдан, түссіз тастан, гипстен, түссіз
шыныдан жасалған заттар;
- жарыққа төзімділігі орташа: сүйектен, теріден, былғарыдан, ағаштан
жасалған заттар және майлы бояулы кескіндеме туындылары ;
- жарыққа төзімділігі төмен заттар: фотсуреттер, акварель, қағаз, мата;
Заттарға жарықтың әсері тек материалына ғана емес, сонымен қатар,
оның түр-түсіне де байланысты. Зат күңгірт, қара түсті болған сайын оның
жарықты сіңіру қасиеті арта түседі. Барлық материалдар үшін күн сәулесінің
тіке түспеуінен басқа жарықтан қорғауды талап етпейді.
Ал орташа төзімділікте заттар үшін жарықтық тіртіп әр түрлі болады.
Ағаштан жасалған бұйымдар – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, қатпармен
жауып қою керек. Ал майлы бояу кескіндеме туындысының бояулы қабаты
күлгінденеді, сүйек сарғаяды.
Жарық сәулесіне сезімтал барлық заттарды қараңғы орындарда, арнайы
жарықтан қорғайтын әйнектермен қапталған қор жабдықтарында сақтайды.
Биологиялық тәртіп. Музей жинақтарының дұрыс сақталуы оларды
биологиялық зиянкестерден қорғауды ұйымдастыру деңгейіне де байланысты.
Өйткені, зең түскен саңырауқұлақ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кеміргіштер
сияқты биологиялық зиянкестер музей заттарын қатты зақымдаулары,
бүлдірулері мүмкін. Сондықтан, музейде олардың пайда болып, тарап кетуіне
кедергі жасайтын жағдайлар жасаулы қажет.
Егер музейдегі температура – ылғалдылық тәртібі бұзылса, заттар шаң-
тозаңданып кетсе, музейдің айналасы ластанатын болса, музейге жаңа түскен
заттарды дезинфекциясыз қабылданса биологиялық зиянкестер үшін ыңғайлы
жағдай туады.
Заттарға зең түскен саңырауқұлақтың жұғуы ауа арқылы немесе ауруы бар
заттар арқылы жүреді. Ауадағы ылғалдылықтың жоғарылауы оның пайда болуының
негізгі себебі болып табылады, ал температура тек саңырауқұлақтардың өсуіне
әсер етеді . Әсіресе, ол температура +20о - +25оС және ауа лығалдылығы 70%-
дан жоғары болса, өрши түседі 9, 26-27.
Заттардың шаң-тозаң басуын да микроорганизмдердің пайда болып,
көбеюіне ыңғайлы жағдай жасайды. Зеңденген саңырауқұлақтар заттарды
механикалық және химиялық жағынан да зақымдайды. Заттарда әр түрлі түстегі
дақтар қалады. Оларды кейде рестоврация барысында қалпына келтіру мүмкін
емес. Зеңделген саңырауқұлақ түскен заттарды тез арада басқа заттардан
бөліп алып, жеке ұстау қажет. Әрине, олардың жағдайын дұрыс анықтау үшін
арнайы лобораториялық зерттеулер қажет 12, 96.
Зеңденген саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жабдықтарын 2%-зы
формальдегидтің спирттік ертіндісімен жиі сүртіп отыру керек.
Мата, қағазды зеңденген саңырауқұлақтан тазалау үшін формалин,
тимолмен дезинфекциялайды. Оларды музей практикасында ерітінді және бу
түрінде де қолданады 4,178.
Музей жинақтарын саңырауқұлақтарда басқа әр түрлі жәндіктері де
зақымдайды. Оларды ұш топқа бөлуге болады: ағаш зиянкестері, тері, былғары,
жүн зиянкестері және қағаз, кітап зиянкестері.
Температуралық-ылғалдылық тәртіп. Музей заттарының зақымдануы
температура мен ауа ылғалдылығының деңгейінен және оның өзгеруінен болады.
Температураның өзгеруіне байланысты заттардың құрамы өзгереді, осының
нәтижесінде олардың әр түрлі бөліктерінің арасындағы механикалық
байланыстар бұзылады. Температураның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру
Ақтөбе облыстық музейлердің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Музейлердің қор жұмысы
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Қазақстан музейлерінің дамуы
Пәндер