Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері



Кіріспе

1 Етістікті сөз тіркесінің байланысу формалары
1.1 Етістікті сөз тіркесі туралы жалпы түсінік
1.2 «һибат.ул хақайиқ» ескерткішінің ғылыми сипаттамасы мен зерттелу нысаны.

2. Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
2.1 Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
2.2 Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тіліміздің сөздік құрамындағы сан алуан құбылыстарды,
өзгерістерді, оның тарихын жан-жақты зерттеу үшін ең алдымен тілдік
фактілердің, көне заманнан сақталған ескерткіштеріміздің болуы шарт.
Тіліміздің көптеген дәуірлеріндегі жай-күйін білдіретін жазба материалынсыз
ешқандай да тіл тарихы жасалмақ емес. Олай болса, бұл саладағы ең алғашқы
міндет-тілдің әрбір тарихи дәуіріндегі сыр-сипатын көрсете алатын
материалдар бар ма, болса, ол қайсылар деген сұраққа жауап беру.
Тақырыптың өзектілігі: ХІІ ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер –
біздің заманымызға келіп жеткен жәдігерлердің бір бөлігі ғана. Бұларды
жасауға қазақ этносын құраған тайпалардың да белсене араласқаны сөзсіз.
Демек, орта ғасыр ескерткіштер тіліне қазіргі тіліміздің қаншалықты қатысы
бар екенін анықтау негізгі міндеттердің қатарына жатады. Бұл екінші жағынан
белгілі бір тілдің өзеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолқабыс
жасайды. Көне түркі тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің соның ішінде қазақ
тілінің де өзіндік табиғатын танып, олардың ішкі заңдылықтарын ашу
барысында тарихи-жәдігерліктерді оқып-зерттеу – ерекше мән-маңызы бар
өзекті мәселе.
Ата-бабамыздың тілін, әдебиетін, тарихын танып-білуде ертедегі
түркі халықтарының жазба әдеби ескерткіштерін зерттеу, оқып үйрену, тілдің
сырын ашу игілікті іс. Түркі тілдерін, олардың бастау алар көздерін ашпай
тұрып, қазақ тілінің, яғни ана тіліміздің тарихы, тіл туралы сөйлеу бос
әурешілік болар еді. Атақты түркітанушы П.М.Мелиоранский біздің заманымызға
келіп жеткен жазба мұраларды жоғары бағалап, өзінің Араб филолог о
турецском языке деген еңбегінде: Отдавая таким образом полную
справедливость важности изучения овременных живых наречий турецкого
(тюркского – П.М.) языка, мы тем не менее должны признать, что главным
материалом для исследования истории языка все -таки являются различные
писанные источники- рукописи, надписи, мнетные легенды и др.-деген болатын
1.2.
Орта ғасырдағы ескерткіштер мен жаңа түркі тілдерінің өзара
сабақтастығын айырып ажыратуда ХІІ ғасырдағы әдеби мұраларымыздың берері
мол.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған тілші
ғалым Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда Тілдің міндеті – ақылдың
аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін
түйгенінше айтуға жарау.
Ендеше, тілдің маңызды міндеттерін атқару үшін халықтың өзіндік
рухани тәжірибесінен туындайтын жетістіктермен тарихи атамұра жазба
ескерткіштері тілін қай саласынан болмасын жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Барлық туыстас түркі елдерінің, тіпті шығыс мәдениетінің одан қалды орыс
халқының, бүкіл европа елдерінің түркітанушылық ой кешуіне үңіліп, қол
жеткен асыл қазынаны мақтан етіп қана қоймай, өз халқының ұлттық дәстүріне
негіздей отырып, тиісті үлестерін қосып, жетілдіріп, әлемге әйгілі ХІІ
ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып
зерттеу және оны ары қарай дамыту маңызды міндеттердің бірі ХІІ ғасырдағы
жазба ескерткіштер тіліндегі, нақты айтқанда һибат-ул хақайиқ жәдігері
нұсқаларындағы етістікті сөз тіркестері және орта ғасыр ескерткіштері тілі
мен қазіргі қазақ тіліне ортақ белгілері мен айырмашылықтары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: жұмыстың негізгі мақсаты – ХІІ
ғасырдағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі етістікті сөз тіркестерін жан-
жақты сипаттай отырып, олардың қазіргі қазақ тіліндегі етістікті сөз
тіркестері мен сабақтастығын, даму барысындағы өзгерістерін анықтау.
Алға қойылған мақсаттарымызға байланысты мынандай міндеттер туындады:

- түркітанушылардың пікірлері негізінде етістікті сөз тіркестерінің
лингвистикалық табиғатын ашу;
- ғасырдағы жазба әдеби ескерткіш тілінде атап айтқанда һибат-ул хақайиқ
жәдігері тіліндегі етістікті сөз тіркестеріне фонетикалық, лексика-
семантикалық, грамматикалық және статистикалық сипаттама беру;
- ХІІ ғасыр ескерткіші һибат-ул хақайиқ тілі мен қазірігі қазақ тіліне
ортақ етістікті сөз тіркестерінің мағыналық ерекшеліктерін ашып айқындау;

- ХІІ ғасыр ескерткіші һибат-ул хақайиқ тілі мен қазіргі қазақ тіліне
ортақ етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық айырмашылықтарын көрсету;

- Етістікті сөз тіркесінің дамуын, қылыптасуын нақты мысалдармен түсіндіру.

Зерттеу нысаны: ХІІ ғасыр жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі, нақты
айтқанда һибат-ул хақайиқ жәдігері нұсқаларындағы етістікті сөз
тіркестеріндегі және орта ғасыр ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тіліне
ортақ белгілері мен айырмашылықтары;
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері: негізгі тілдік материал
ретінде көне түркі сөздігі (ДТС) пайдаланылған және С.Е. Малов, В.В.Радлов
сияқты түркітанушылармен қатар, бұл салада қалам тербеген қазақ
зерттеушілерінен Ғ.Айдаров, С.А. Аманжолов, М. Томанов, Б.Сағындықұлы
сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: бұл жұмысты жоғарғы оқу
орындарында қазақ тілінің тарихи грамматикасын, көне түркі ескерткіштері
тілін , орта түркі ескерткіштеті тілін түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасын оқытуда, жиілік сөздік жасауда пайдалануға болады. Сонымен
бірге филология факультеттерінің студенттеріне арнаулы курс немесе арнайы
семинар ретінде оқу бағдарламасына енгізуге болады.
Жұмыстың зерттелу әдістері: зерттеуде негізінен диахрондық әдіс
қолданылған. Сонымен бірге түрлі мәселелерді анықтау үшін тарихи зерттеуде
қосымша ретінде салыстырмалы тарихи әдіс пен сипаттамалы әдіс те
пайдаланылған. Етістікті сөз тіркесіндегі қосымшаның мағынасын анықтау үшін
салыстыру әдісін де, қолданылу жиілігін анықтау мақсатында санау да
(статолингвистикалық) әдіс қолданылады.

1 Етістікті сөз тіркесінің байланысу формалары

Тіл –қоғамдық құбылыс. Адамзат қоғамы үнемі қозғалыста, дамуда
болатындығы секілді тіл де ғасырлар бойында өзгерістерге ұшырап, толығып,
дамып, жетіліп отырады. Тілдің синтаксистік қызметінің дамуы неден
көрінеді,нені қамтиды деген сұраққа мына пікір жауап беретін сияқты:
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму ең алдымен сөздердің, сөз
таптарының бір-бірімен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстарын,
синтаксистік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал-
тәсілдердегі, формалардағы құрылыстардың грамматикалық формалардың мағынасы
мен функциясындағы құбылыстардан байқалады. Мұндай құбылыстардың
нәтижесінде сөздердің бір кездегі грамматикалық топтарының басқа топтағы
сөздер мен немесе өзді-өзімен синтаксистік байланысында кездеспейтін жаңа
қатыныстар, жаңа тіркестер туып қалдырады.
Сөз тіркесінің негізгі объектілерінің бірі – байланысу амалдары мен
байланысу түрлері.Сөз тіркесінің байланысу формалары мен түрлері,
синтаксистік қатынастарына қарағанда оның байланысу тәсілдері әзірше
тюркологияда да, қазақ тіл білімінде дерек оқулық көлемінде ғана айтылып
келеді.
Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысы туралы айтқанда, сөз
тіркесінің бағыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарлары оның тәртібі,
шылаулар, жалғаулар және интонация арқылы байланысады деумен шектелсе,
екінші бір топ ғалымдар, бұған қоса аналитикалық, синтетикалық деп қоса
көрсетеді. ( Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Әбілқаев 164б.
С.Аманжолов,А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев 728б. Ш.Әуелбаев, Қ.Қаблеева 66-68б.
Х.Арғынов 21-22б.)
В.В.Виноградов сөз тіркуесінің басыңқы сыңары туралы айта келіп, былай
дейді: Нередко различают словосочетания именные (субстантивные и
адъективные) глагольные очень важно. Есть синтаксические связи, типичные
для отдельных частей речи. Например, для глагола сочетания в винительном
прямого объекта, для имен существительных с родительным определительным
субъекта и объекта а также с согласуемым прилагательным- деп автор
біріншіден басыңқы сыңардың түрлерін жоғары бағаласа, екіншіден кейбір сөз
таптары үшін арнайы байланысу формаларының да қалыптасқанын дұрыс көрсетеді
2.13.
А.М.Пешковский Тіліміздегі кез-келген екі сөз қатар тұру арқылы сөз
тіркесін құрай алмайды, олар сөз тіркесі болу үшін мағыналық жағынан
байланыста болуы тиіс - дейді 3.34.
Сөз тіркесінің негізгі белгілерінің бірі – байланысу формалары десек,
бұл мәселе бір қалыпқа түспеген. Бұл жерде байланысу формаларының орнына
байланысу амалдарын ауыстырып қолданушылық бар.Сонда біздің байланысу
формасы дегенді екіншісі байланысу амалы деп түсінеді. Бұл пікірді
А.А.Коклянова да қолдайды 4.46.
Байланысу формалары жайлы сөз еткенде алдымен әрбір тілдің өзіндік
ерекшеліктеріне қараған жөн. Осы жағынан қарағанда Е.И.Убрятова,
М.Балақаевтар байланысу формаларын басқаша қарастырды. Бұлар қабысу,
меңгеруге, қиысумен бірге матасуды енгізді.
Әрбір тілдік категорияның өзіндік заңдылықтары болатыны сияқты, сөз
тіркесінің де өзіндік заңдылықтары бар.
Тілдің басқа салалары сияқты оның синтаксистік құрылысы да даму
барысында көзге түсіп, өзгеріп отырады. Мұндай өзгерістердің қоғам
өміріндегі құбылыстармен тығыз байланысты екендігі айтылып жүр.
Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен,
яғни байланысу формасының, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен
көрінеді дедік. Олай болса, сөз тіркесінің байланысу формалары мен
тәсілдеріндегі өзгерістер шындап келгенде, әрбір сөз табы құрамында келіп
пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, сөз
тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде әрбір сөз табының тарихи дамуымен
тығыз байланысты.

1. Етістікті сөз тіркесі туралы жалпы түсінік
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі, әрі кең
грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса
өрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық
формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызыметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексика-семантикалық мағыналары мен формаларының байлығы
оның өзіне тән әр алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және
грамматикалық категорияларынан айқын көрінеді.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да,
синтаксистік қызметі де сол етістіктің өзге формалары мен және өзге сөз
таптарына тән өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде айқындала түседі.
Себебі, әр форманың мағынасы да, қызметі де көбінесе сөйлемде, белгілі сөз
тіркесінің ауқымында айқындала түседі.
Грамматикалық формаларының көптігі мен мазмұнының байлығы
қызметтерінің қарымдылығы мен сан-салалығы жағынан етістіктер тіліміздегі
сөз таптарының ішінде ерекше орын алады. Етістіктің бұл ерекшелігі етістік
формаларының бәріне тән, бәріне ортақ жалпы сипаттары оларды етістік деп
аталатын үлкен катогориялардың айналасына топтайтын жалпы белгі болса, әр
формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды алды-алдына саралап, бір-бірінен
ажырататын семантикалық және грамматикалық сипаттарының көрсеткіші ретінде
қызмет етеді.
Етістікті сөз тіркесіндегі етістіктің басыңқы сыңарда жұмсалуы туралы
қазақ тілінде онша алшықтық жоқ. Сондықтан бұл мәселемен тікелей айналысқан
ғалымдар С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, әсіресе, М. Балақаев, Р. Әмір, Т.
Сайранбаев Ә. Аблақов, М. Серғалиев т.б. етістік, оның басыңқы сыңары
туралы едәуір үн қосты.
Етістікті сөз тіркесі жайында белгілі ғалым М. Томанов етістіктердің
тіркесу қабілеті мол. Олардың бұл қасиеті сөйлем құрамында ғана емес сөз
тіркесін құрау, жұмсалу ерекшеліктерінен де көзге түседі. Етістіктер
тіліміздегі барлығы мен дерлік тіркесіп, әр түрлі синтаксистік және
мағыналық қатынастар да жұмсалатын сөз тіркестерін құрайды. Сөз
тіркестерінің мағыналық қатынас тұрғысынан тексеруде оның морфологиялық
құрамы мен грамматикалық тұлғасы, синтаксистік байланыстары мен қатар оның
құрамындағы сөздердің лексикалық қасиеті де сөзге алынады. Бұл ретте сөз
тіркесінің белгілі мағына да жұмсалуы оның құрамындағы сөздердің лексикалық
ерекшеліктерімен ұштасып жатады деген принцп басшылыққа алынады деп атап
көрсетті.
Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде де сөз тіркесін жасауда
етістік алғашқы орындар да тұрғаны мәлім. Ондағы етістіктердің құрамы,
жасалу жолдары бірнеше ғалымдардың еңбектерінде көрсетілді. Белгілі ғалым,
зерттеуші С. Аманжолов етістіктің құрамын былай көрсетіп өтеді: негізгі
етістіктер: адыр(айыр), алқын(алқыну), айд (айт) т.б. Туынды етістіктер –
а, -е, жұрнағы арқылы: сан – сана(сана), тіл – тіле(тіле), -ла, -ле: ат –
атла(аттан), боғуз – боғузла(бауызда); -ік(-ық, -қ), іч-ічік (бағын), -л(-
ыл, -іл) тіріл (тіріл жинал). Етістік негізгі туынды түбірлер: -н(-ын, -ін,-
ун,-үн): қылын(қылын), боғузлан(бауыздан), тутун(тұтын), - л(-ыл, -іл),
адыр – адырлы (айырыл), йағ – йағыл(жақында), -т,(-ыт, -іт): бас –
басыт(бастыр), йүгүр – йүгүрт(жүгірт); -з(-ыз,-із): удыз; -қ,(-ық, -ік):
тасық(тасы), ічік(бағын) жұрнақтарымен жасалады. Бұл жерде біздің
айтатынымыз сонау орхон-енесей жазба ескерткіштері тілінде де етістікті
сөз тіркестерін құраудағы етістіктің рөлінің басым болғандығын көрсету.
Орта ғасыр ескерткіштер тілінде де етістіктер беделді болды. Қандай
дастанды алып зерттегенде де сөз тіркесуінде, сөздердің құрамында жалпы сол
ескерткіштің тілінде, жазылуында етістіктің көп екендігі, қолданыс аясының
кең екендігі даусыз.
Қазіргі қазақ тілінде синтаксис саласында еңбек еткен ғалымдарымыз
етістікті сөз тіркесіне мән беріп, оның ішкі мағыналық байланысын да аша
түскен.
Етістік – сөз тіркесін құрауда басты тұлға. Олар өздеріне қатысты
сөздерге әр түрлі құрамда келіп басыңқылық қызмет атқарады. Осы негізде
етістіктер сан есімдермен тіркескен кезде дара және күрделі түрлерінде
кездеседі. Дара етістіктер жеке бір түбірден жасалады. Етістіктің негізгі
және күрделі түрлері де сөз тіркесінің басыңқы сыңары ретінде жұмсалады.
Етістіктің негізгі және күрделі түрлері де сөз тіркесінің басыңқы сыңары
ретінде жұмсалады. Күрделі етістіктер әртүрлі жасалуы мүмкін. Сондықтан
А.К. Қасенова Как по употреблению так и по выражаемым значениям особое
место в гла гольной системе казахского языка занимают сложные глаголы
состоящие по двух или более слов. Их первые компоненты считаются основными,
а остольное компоненты могут быть выражены как глаголами так и другими
частями речи- дейді. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де күрделі
етістіктер кездеседі: битирдим (жазып шықтым), бил иақын(біліп ал) т.б.
М.Балақаев етістіктің басыңқылық ролін дұрыс көрсетеді 5 123. осы
негізде жалпы етістіктің қызметін Г.Д. Санжеев былай көрсетеді: Говоря
мемофорически, иимя это существо однорукое которые своей единственной рукою
не в состояний сцементировать многостороннее соедиение слов, словосчитание
и предложение. Глагол – это существо многорукое одно только и может
организовать в единое целое все вазможные формы соединений слов в
предложения, словосочетания, фразеологические единицы и.т.б. деген
6.196.
Олай болса жалпы сөз тіркестерінде етістіктің қызметі өте күшті. Ол
қабыса, меңгеріле байланыстарда басты тұлға.
Кейбір ғылыми еңбектерде етістіктің басыңқылық қызметін айту үшін
олардың түрлі құрамына назар аударады. Сонда кейбір ғалымдар етістіктің
басыңқылық қызметіне түрлі етіс, көсемше, есімше котегориялары әсер етеді
деп көрсетеді.Негізінде етістіктің басыңқылық қызметін сөз еткенде оның
етіс, шақ тағы басқа котегорияларына көңіл аудару оның негізгі қасиетін
толық аша алмайды. Мұндай кезде етістікті тек түбір ретінде алған дұрыс
сияқты.
Жалпы етістіктердең басыңқы сыңарда жұмсалуын үш түрлі бағытта
қарастыру бар.
Біріншіден, етістіктерге тән негізгі етістікпен көмекші етістіктердің
түйдектелуі, былайша айтқанда, күрделі етістік шақ, есімше, көсемше, рай
т.б. топтарының әрқайссының да жеке басыңқы сыңарда жұмсалуын тізіп сол
бойынша оның басыңқылық қызметін көрсету бар.
Екіншіден, етістіктің басыңқы сыңарда жұмсалуында олардың мағыналық
топтарына қарай негізделіп берушілік те орын алады.
Үшіншіден, етістік сөз тіркестерін байланысу формасына қарай қабыса
байланыса байланысатын етістікті сөз тіркесі, меңгеріле байланысқан
етістікті сөз тіркесі оның негізінде олардың бағыныңқы сыңарлары мен
тіркесу қабілетін сөз таптары бойынша көрсету бар. Міне, осы сияқты
мәселелер төңірегінде етістікті сөз тіркестері сөз болуда.
Етістіктер қимыл-қозғалысты білдіреді. Сондықтан, олар ойды
тиянақтауда, ойды түсінікті жеткізуде басты тәсіл осы ерекшелігін еске
алсақ, басыңқы қызметінде таза етістік тұлғалары жұмсалғанда ғана оларды
етістікті сөз тіркесіне жатқызу керек. Толық мағынасы бар етістіктердің
барлығы да етістікті сөз тіркестерін құрайды. Олар бағыныңқы сөзге ғана
көрінбейді. Етістіктің ұйымдастырушы қызметі тек сөйлемнің соңында, оның
кейбір тұлғалары сөйлемнің ішінде де басқа сөздерде өзіне бағындырып,
басыңқы қызметте келеді.
Қорыта келгенде етістік сөздер сөйлемнің құрамын, құрылысын
белгілеуде ерекше орында тұрады.

1.2 һибат-ул хақайиқ ескерткішінің ғылыми сипаттамасы мен зерттелу
нысаны.
Түркі халықтарының мәдени тарихында Қарахан мемлекеті елеулі орын
алады. Тарихшылардың жобалауынша, бұл мемлекет 932-1165 жылдардың
аралығында өмір сүрген. Оған Шығыс Түркістанның бір бөлігі, Жетісу, Шаш,
Ферғана қараған. Х ғасырдың аяғында қараханидтер Бұхара мен Самарқантты
жаулап алады. Сөйтіп, бұларға ежелгі Соғды территориясы түгелдей бағынышты
болады. Мәдени орталықтар шоғырланған екі өзен аралығы – Мавераннахрға
билік жүргізеді.
Қарахан мемлекеті халқының этникалық құрамы әртүрлі болған.
Қоғамдық, саяси- әлеуметтік өмірде қарлұқ, чығыг, арғу, яғма тайпалары
айырықша роль атқарған.
Мемлекетті хандардың ханы – Тамғачхан басқарған.Оған бағынышты
өлкелер мен обылыстардың билеушілері илек- хан деп атаған. Тарихта
мемлекеттің негізін салушылар қараханидтер әулеті болып есептеледі.Бұл
атауды ғылыми термин ретінде әдебиетке орыстың белгілі шығыс зерттеушісі
профессор В.В.Григорьев енгізген. Қара-хан – осы мемлекетті билеген алғашқы
хандардың бірі.
Бүкіл елдің бір орталықтан басқаратын белгілі бір билеушісі
болғанымен жергілікті жерде анархия, бытыраңқылық күшті болған. Соған
қарамастан мәдениет пен әдебиеттің өсуіне қолайлы жағдай жасалған.
Қараханид мемлекетінің ірі орталықтары – Қашғар, Баласағун, Үзген
қалаларында ірі архитектуралық құрылыстар, әртүрлі мәдени орталықтар пайда
болған. Оларға ірі ғалымдар, оқымыстылар, жазушы, ақындар шоғырланған.
Көрші елдердің тілдерінен ( мысалы: монғол, қытай т.б.) түркі тлдеріне діни
шығармалар, әр түрлі мазмұндағы әдебиеттер аударылған.
Бұл дәуірден біздің заманымызға келіп жеткен ірі ескерткіш – Құтадғу
билиг ( Бақытқа бастайтын білім). Дидактикалық сарындағы бұл әдеби
шығарманы Йусуф Баласағуни 1069-1070 жылдары жазып шығып, сол кездегі
тамғаш-хан Буғра Ханға тарту еткен.
Ғылыми маңызы жағынан теңдесі жоқ екінші бір туынды- Махмуд
Қашқаридың Дивну луғат ит- турк (Түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі.
Құтадғу ескерткіште сол кездегі түркі халықтарының тілі туралы үлкен
лингвистикалық мағлұмат берілген.
Қараханид дәуіріне қатысты қаралып жүрген үшінші әдеби ескеркіш-
Ахмед Йүгнеки Һибат-ул хакаийк (Ақиқат сыйы) атты дастаны.
Зерттеушілердің жобалауынша, ХІІ ғасырдың аяғы, ХІІІ ғасырдың бас кезінде
жазылған. Осы соңғы ескерткіш еңбегімізге арқау болып отыр.
һибат-ул хақйаиқ мораль, этика, адамгершілік тақырыбына арналған.
Негізгі мақсаты – ақыл-кеңес беру, үгіт-насихат айту.Шығарма авторы
бұрыннан келе жатқан үлгілі-өнегелі сөздерді мысалға келтіре отырып, өзінің
қорытындыларын, тұжырымдарын айтады. Бұл әдеби мұраның сыртқы құрылысы
мынандай: сол кездегі қабылданған әдеби дәстүр бойынша әуелі жаратушы алла
дәріптелген;Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт досына мақтау сөз
айтылған.Одан кейін автор өзінің кітабын Тат Испаһсалар Бектің есімін
тарихта мәңгі қалдыру мақсатымен жазғандығына тоқтала келіп, оның жақсы
жақтарын санамалап берген.
Кітаптың негізгі бөлігінде мына мәселелер сөз болады: білімділіктің
пайдасы, надандықтың зияны дәлелденеді, аузына келгенін сөйлей салған
кісінің көп опық жейтінін, аузын баққанның жөн екенін, өтірік пен шынның
қандай айырмасы бар екендігін түсіндіреді; бұл дүниенің опасыздығы,
тұрақсыздығы, баянсыздығы әңгімеленеді; сараңдықтан сақтандырып,
жомарттыққа үндейді; тәккаппарлық пен кішіпейілдіктің сырын ашып береді;
дүниеқоңыз, ашкөз адамдардың жиіркенішті қылықтарын баяндап, одан аулақ
болуға шақырады; адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді
бойға сіңіруді үгіттейді; ең соңында қоғамдық өмірдің бұзылғандығына
қынжылғандық білдіреді; ақын үлгі-өнеге, ақыл-кеңеске толы кітабының
аяқталғанын айта келіп, өзінің көзінің әз екендігін, артында атын қалдыру
үшін түркі тілінде осы кітапты жазғандығын ескертеді.
Кітаптың соңына белгісіз ақын мен әмір Сейфадиннің төрт-төрт жолдан
сегіз жолдық өлеңі, ХҮ ғасырдағы Батыс Түркістан билеушілерінің Арслан Хожа
Тарханның атынан жиырма жолдық өлең тіркелген. Бұларда ақын Ахмед Йүгнеки
туралы азын-аулақ мағлұмат айтылады.
Ғылымға һибат-ул хакайиқтың алты нұсқасы белгілі.
Бірінші нұсқа (А) Стамбул қаласындағы Айа-София кітапханасында 4012
номермен сақтаулы. Мұны Самарқантта белгілі каллиграф Зейнул- Абидин бин
Султан Бахт Джурджаний Хусейни 1444 жылы ұйғыр жазуымен көшірген. Бұл
көшірме ескерткіштің біздің заманымызға келіп жеткен нұсқаларының ең
ескісі болып есептеледі.
Сырты былғарымен қапталып, өз алдына жеке кітапша болып түптелген.
Өте сапалы қағазға жан-жағы әшекейленіп, ұқыпты көшірілген. Тақырыптары,
мысалға келтірілген аят,хадис, бәйіттер араб тілінде араб жазуымен
берілген. Көшірменің бір беті жоғалған.
Екінші нұсқа (В) да Стамбул қаласындағы Айа-София кітапханасында 4757
номермегн сақталады. Мұны аталған қалада Шейхзада Абдур-Раззақ бақши 1480
жылы көшірген. Үлкен бір жинақтың бас жағына түптелген. Сыртқы құрылысы А
нұсқасына ұқсайды, біраөқ ұйғыр жазуы жолма-жол араб жазуымен
транкрипцияланған. Соңында екі жол бәйіт қалдырып кеткені болмаса, ең толық
нұсқа.
Үшінші нұсқа (С) біріңғай араб жазуымен көшірілген (Біз осы нұсқаны
жариялап отырмыз). Бұл да Стамбулдың Топ-Қапы сарайындағы кітапханада 35552
номермен бір жинақтың арасында сақталады. Қашан, қай жерде, кім көшіргені
белгісіз. Бұл нұсқада небары 18 жол бәйіт қалып кеткен. Ғалымдардың
жобалауынша ХІҮ ғасырдың аяғында яки ХҮ ғасырдың басында көшірілген.
Төртінші нұсқа (Д) Узункөпрү де Сейіт Али деген кісінің жеке
кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етілген.Бірақ кейіннен
жоғалып кеткен. Бұл нұсқа жайында жекелеген зерттеушілердің бірен-саран
мақаласы ғана бар.
Бесінші нұсқа (Е) Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған. Араттың
айтуына қарағанда бұл нұсқаның төрт-ақ беті сақталып, өзгесі жоғалып
кеткен. Мұнда белгілі бір жүйелілік байқалмайды, ұйғыр әліппесінің ара-
арасына һибат-ул хакйиқтан үзінділер келтірілген.
Алтыншы нұсқа (Ф) Берлиндегі Пруссия ғылым академиясында Т.І.ТМ 287
шифрмен ұйғырша жазбалар арасында сақталған бір-ақ парақ қағаз. Үзінді
ұйғыр жазуымен көшірілген.
Бұлардың ішінде алғашқы үш нұсқаның ғылыми құндылығы жоғары.
һибат-ул хакайик түрколог ғалымдар тарапынан едәуір дәрежеде
зерттелген. Бұл ескерткішті ғылым дүниесіне бірінші рет танытқан түрік
ғалымы Неджип Асым. Бұдан кейін оған М.Көпрүлү, В.Радлов, Т.Ковальский,
Й.Дени ерекше көңіл бөліп Қараханид дәуірінің аса бағалы мұрасы ретінде
бірнеше ғылыми мақалалар жазған.
Ахмет Йүгнекидің аталған дастанының зерттелу барысында түрік ғалымы
Рашит Рахмати Араттың еңбегі өте зор. Ол біз жоғарыда санамалап өткен
нұсқалардың кітапханаларда сақталған текстерінің суретке түсірілген
көшірмесін тұтасынан жинақтап кітабының соңына қосымша ретінде берген.
Сөйтіп, кейінгі зерттеушілер үшін өте игі іс атқарған.Ескеткіштің түрікше
аудармасын, транскрипциясын, сөздігін жасаған. Өзінен бұрыңғы
зерттеушілердің пікірін жинақтап, өз топшылауларын айтқан. Байқаған
лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін сөз еткен.
Р.Арат қозғаған басты мәселелер мыналар.Ең алдымен Ахмед
Йүгінекидің дастанының атын А нұсқасына сүйеніп Атевет-ул хакайик(Ақиқат
қақпасы) деп есептейді. Ақын өз шығармасын арнаған Тат Испахсалар Бек кім
деген сұраққа жауап іздеп, оны Шығыс Түркістан емес, Батыс Түркістандағы
әмірлердің бір деп табады.
Р.Араттың бұл пікірі шындыққа жуықтайды. А нұсқасында аталмыш әмір
туралы мынандай мағлұмат бар: Амири л- азам малики т-турки ва л- ажам
малики риқаби л- умам Мухаммад Дад Испаһсалар Бек (Биік мәртебелі әмір,
түркілер мен парсылардың билеушісі, дәулеті халыққа белгілі Мухаммед Дад
Испаһсалар Бек). Парсылар, парсы тектес Орта Азия халықтары ажам деп
аталған.(Шығыс Түркістанда парсы тектес халықтардың тұрмайтыны белгілі.)
Сондықтан Р Араттың жоғарғыдағы пікіріне қосыламыз. Йүгінек сөзінің
жіңішеке айтылатынын ескерсек, тілдік тұрғыдан Қазақстанның оңтүстігіндегі
ежелгі Жүйнек елді мекенінің дәл осы атау екендігіне күмәндануға болмайды.
ХҮ ғасырдың бас кезінде Орта Азиядағы белді әмірлердің бірі болған
Арслан Хожа Тархан Ахмед Йүгнекидің һибат-ул хакайик атты дастанының өз
заманына келіп жеткен көшірмелерін мұқият салыстыртып, түп нұсқасына
мүмкіндігінше жақындаттырып, қайта көшіртеді. Бұл әмірдің де қай жерді
билегені белгісіз. Р.Арат тарихи мәліметтерге сүйеніп, Түркістан (Яса)
шахарының солтүстік-батысындағы Сауран қаласын билеген деп жорамал
жасайды.
Бұл жерде дастанның соңына тіркелген өзге ақындардың өлеңдері туралы
пікірімізді айта кетелік. Жоғарыда атап өткен аты белгісіз ақынның төрт
жолдық мазмұны мынандай:
Ақынның көзі туа көрмейтін еді,
Бұл он төрт баппен сөзін аяқтады.
Жүк артқан пілдің арқасында алтын болса,
Бұл сөздің азы соған ұқсас болғай.
Келтірілген үзіндіден көрінетіндей, белгісіз ақын Ахмед Йүгнекидің
замандасы болған, өйткені ақынның көзі туа көрмейтінін ол ашып айтады.
Түкатти бу он дөрт баб ичра сөзи (Бұл он төрт баппен сөзін аяқтады) деген
сөзіне қарағанда, белгісіз ақын Ахмед Йүгнекидің дастанын алғашқы
көшірушілердің бірі болған. Біздің заманымызға укеліп жеткен нұсқаларда
дастан он төрт бөлімге анық жіктеліп тұрған жоқ. Белгісіз ақын он төрт бап
екенін атап көрсетеді.
Әмір Сейфаддиннің атынан жазылған төрт жолдық өлеңде Ахмед Йүгінекидің
Ақындардың ақыны, жақсылардың жақсысы екендігі айырықша атап көрсетілген.
Бұл сөзден оның басқа да шығармалары бар екендігі және кезінде аты шулы
болғандығы аңғарылады.
Арслан Хожа Тарханның айтқандарынан деп аталатын соңғы қосымшада
Адиб Ахмедтің туған жері Йүгнеки екендігі, әкесінің аты-жөні Махмуд
Йүгнеки, кітабының аты һибат-ул хакайик екендігі айтылады. Дастанның
қашқар тілінде әдеби нормада жазылғандығы ескертіледі. Көп елдерде ақынның
айтқандары түсінбестіктен бұрмаланатыны атап өтіледі.
Сөйтіп, біздің заманымызға Ахмед Йүгнекидің өз дәуірінде жасалған
бірде-бір көшірме келіп жетпеген. Жоғарыда аталған нұсқалардың барлығы
Арслан Хожа Тархан редакциялатқан варианттың көшірмелері. Бұдан мынандай
қорытынды жасауға болады: қайтадан редакциялатқан ХҮ ғасырдағы шағатай
тілінің эллементтері ескерткішке еніп кеткен. Одан кейінгі көшірмешілер де
өз тарапынан азын-аулақ өзгерістер енгізген. Мұны алдын-ала
текстологиялық зерттеулер жүргізгенде анықталды. Міне, осыдан келіп һибат-
ул хакайик кейінгі заманның тіл элементтері араласқан. Бірқатар
зерттеушілердің бұл ескеркішті Қараханид әдебиеті мен шағатай әдебиетінің
аралығында көпірлік қызмет атқарады деген Е.Э.Бертельстің есептеуіне де
көшірмешілердің осы редакциялық өзгертулері негіз болса керек. Біздің
ойымызша, бұл пікір әлде де анықтай түсуді қажет етеді.
Р.Арат өзге ғалымдардың пікіріне қосылып, ескеркіш ХІІ ғасырдың
аяғы немесе ХІІІ басында дүниеге келген деп есептейді. Ал С.Е.Малов шамамен
Х ғасырда жазылған болуы керек деп жорамалдайды 7.258. һибат-ул
хакайикта араб пен парсы элементтері, сөз орамдары Құтадғу билигке
қарағанда көбірек.Яғни бұл ХІ ғасырдан кейін болған құбылыс. Егер біз
һибат-ул хакайикты ХІІІ-ХІҮғасыр ескеркіштерімен салыстырсақ,
керісінше,онда араб және парсы элементтері әлдеқайда аз екендігін
байқаймыз. Оның үстіне һибат-ул хақайиқтағы біраз архаихмдік ерекшеліктер
ХІІІ-ХІҮ ғасыр ескерткіштері түгіл ХІ ғасырда жазылған Құтадғу билиг пен
Дивану луғат ит-туркте де кездеспейді.Бұл фактілер ескерткіштің жазылу
кезеңі ілгеріде деп айтуымызға мүмкіндік береді.
Мына бір фактіні еске түсірген жөн. Ахмед Йүгнеки өзінің дастанында
қоғамдық өмірдің аза бастағанын, діннің бұзылғанын қынжыла баяндайды.Бұл
Қараханид мемлекетінің ыдырап, бытыраңқылыққа ұшырап, қара қиданьдарға
бағынатын кезеңнің алды емес пе екен? Азған елді басып алу оңай Қара
киданьдар 1137-1216жылдардың аралығында Орта және Орталық Азияға, оның
ішінде қараханидтерге толық билік жүргізген.
һибат-ул хақайиққа совет ғалымдары да назар аударған. Е.Э.Бертельс.
С.Е.Малов, Э.Н.Наджип, Ә.Құрышанов аталған ескеркіштен азын-аулақ үзінділер
жариялап, біршама мағлұмат берген, зерттеу барысында сипаттап жазған.
һибат-ул хақайиқпен арнайы шұғылданған өзбек ғалымы Қ.Махмудов. Ол
осы ескеркіштің материалдары негізінде кандидаттық диссертация қорғады.
Қ.Махмудовтың бұл еңбегінде ескерткіштің фонетикасына, морфологиясына
сипаттама берілген.Текст араб жазуымен транслитерацияланған және өзбекше
аудармасы жасалған.
А.М.Щербак Шығыс Түркістанның Х-ХІІІ ғасырлардағы жазба мұраларының
тілі жөнінде грамматикалық очерк жазған. Мұнда өте құнды ғылыми пікірлер
айтылып, келелі тұжырымдар келтіріледі. Жүйелі болмағанмен һибат-ул
хақайиққа да қатысты жерлер баршылық.17.231.
Ескерткіштің қысқаша зерттелу тарихы міне осындай. Алайда шешілмеген
мәселелер әлі көп. Ескеркіштің диалектілік негізін атап айтқанда, қай тайпа
тілінде деп есептеуге болады және оның қандай ғылыми дәлелі бар? Өз
тұсындағы, бұрынғы, кейінгі ескерткіштермен ара қатысы қандай? Көшірмелер
енгізген өзгерістерді анықтауға бола ма? Ескерткіш жазылған дәуірдегі ауыз
екі тіл мен әдеби тілдің айырмашылығы қаншалықты дәрежеде дәлелдеуге
болады? Ескерткішке қазіргі тілдердің қатысы қандай? Жанама қатысы бар
мұрагер тілдердің ескеркіш тілінен айырмашылығын қалай түсіндіруге болады?
Міне, осы сияқты толып жатқан проблеммалардың басы ашық тұр. Сондықтан
ескерткіш одан әрі зерттеуді қажет етеді.
Ғылыми көпшіліктің қадесіне жарау үшін ең алдымен жазба ескерткіш
жариялану қажет. Түркологияның осы бір маңызды саласы борйынша Қазақстанда
істелген жұмыс жоқтың қасы. Әрине, біз бұл жерде ескерткіштер туралы
монографиялық зерттеулерді сөз етіп отырғанымыз жоқ.
Жоғарыда, Зерттелу тарихынан деген тараушада, Ахмед Йүгнекидің
аталған дастанын ғылыми жұртшылыққа танытқан ғалымдардың есімін атап өттік.
Олардың ішінде бұл ескерткішпен арнайы шұғылданғандар- Н.Асым, Р.Арат және
Қ.Махмудов.
Неджип Асымның һибат-ул хақайиқты бірінші танытушы ретінде ғылыми
еңбегі өте зор. Алайда оның зерттеулерінде елеулі кемшіліктер мен
олқылықтар болғанын түрколог ғалымдар бір ауыздан ескертеді.Мысалы,
Ә.Н.Наджип былай деп жазады: Издание Неджипа Асыма снабжено
соответствующим научным апаратам- словарем и грамматическим очерком, но оно
не лишено недостатков научного и технического порядка. Допущенные в нем
ошибки объясняются в основном тем, что издание этого списка было
осуществлено тогда, когда другие списки оставались нейзвестными8.14.
Түркияда Р.Араттың, Совет Одағында Қ.Махмудовтың һибат-ул хақайиққа
қайта оралуы да осы себептен.
Енді біздің еңбегіміздің аты аталған зерттеушілердің еңбегінен қандай
өзгешелігі бар екендігіне жауап берелік.
Бір ескеткіштің бір нұсқасымен екінші нұсқасының арасында көп болсын аз
болсын бір қатар айырмашылықтар болатыны ғылыми жұртшылыққа белгілі. Осы
себептен де тарихи жазба ескерткіштердің әртүрлі нұсқалары бірнеше
зерттеушінің назарына ілігіп жүр. Мысалға Хорезмидің Махабат намасының
ұйғыр жазуымен көшірілген вариантын А.М.Щербак зерттесе, араб жазуымен
көшірілген вариантын А.Н.Наджип зерттеген.
Осы тұрғыдан келгенде һибат-ул хақайиқтыңС нұсқасы бірінші рет ғылыми
аппаратпен жабдықталып отыр. Р.Арат А нұсқасын, Н.Асым мен Қ.Махмудов В
нұсқасын басшылыққа алған. Ескерткіштерді тарихи-салыстырмалы әдіспен
зерттеу үшін, әсіресе оларды өзара текстологиялық жағынан салыстыру үшін
барлық нұсқалардың жариялануы абзал.
Р.Арат А нұсқасын транскрипциялағанда ғылыми принцп ұстанбаған. Осылай
болуы ықтимал деген жорамалмен А,В,С нұсқаларының үшеуінде де кездеспейтін
сөздерді, фонетикалық, граммкатикалық өзгешеліктерді транскрипциялаған
текстіне негізіп жіберген. Оның үстіне А нұсқасында жоқ, бірақ В,С
нұсқасында бар сөздерді, тіпті толық текстерді ешқандай сілтеме жасамай
қоса салған. Осыдан келіп бұл транскрипция тексті бірде-бір нұсқаға сәйкес
келмей қалған. Мұның басқа зерттеушілер үшін методикалық зияны үлкен.
Сондықтан біз дүние жүзіне белгілі, көрнекті ғалымдардың принцпін ұстанып,
текстке ешқандай өзгеріс енгізілмеген.
Р.Арат ескерткіштің түрікше сөздігін жасаған. Алайда әр сөз сөзбе-сөз
аударылған да ескерткіштен мысал-текст – иллюстрация келтірілмеген.Сөздің
сан алуан мағыналары, реңктері болатыны белгілі.Бұл сөздік бойынша оны оны
айыру мүмкін емес.
Ал Қ.Махмудов өзі сөздік жасамаған, Н.Асымның сөздігін өзбек тіліне
аударып бере салған. Ал Н.Асымның сөздігіне лайықсыз көп сөздер қалып
кеткен, сандаған сөздердің мағынасы ашылмаған.
Осы жоғарыдағы кемшіліктерге байланысты һибат-ул хақайиқтың толық
сөздігін жасау қажет екендігін тапқан.
Ескі қыпшақ тілінің, қала берді қазақ тілінің, һибат-ул хақайиққа
тікелей болмағанымен жанама қатысы бар. Қазақ тілі мен ескерткіш тіліндегі
айырмашылықты ғылыми түсіндіру үшін ең алдымен сол өзгешеліктердің өзін
тізіп көрсету керек. Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан С нұсқасындағы басты-
басты айырмашылықтарды фонетикалық, морфологиялық және семантикалық жағынан
сипатталды.

2 Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері

Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық діңгегі етістік болады
да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топталады.Сөз таптарының
қай- қайсымен салыстырсақ етістіктің сөз құрау қабілеті өте мол екендігін
байқаймыз. Етістіктер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер,
көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің
етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары сол сияқты,
мағыналық қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер
етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі.Бұл ретте етістік пен есім
сөздердің өзара байланысы қабысу болады.Мұнда сөздер қабысу жолымен
құралады. Қабысу жолымен тіркескен сөздер өзара ешбір грамматикалық
қосымшасыз байланысады.Әдетте қабыса байланысудың басты шарттары деп
сөздердің орналасу тәртібі мен интонациясын атайды.

Қабысу жолымен тіркескен сөздер тұтас бір
әуенмен ұласып айтылады да, бір ғана фразалық екпінге бағынады. Сөйтіп, бұл
жағдайдағы интонация мағыналық болмай, тек байланыстырушы дәрежеде ғана
болады.
Профессор Р.Әмір қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері жайлы айта
келіп, етістікке тіркесетін сөз таптарын атап көрсетеді.Олар: сын есімдер,
сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер деп көрсетеді 9.158.
Тіл білімінде сөз тіркесі құрамындағы сөздердің өзара септік жалғаулары
арқылы байланысуы меңгеру деп аталады.Бұл жағдайда басыңқы сөздің ыңғайына
қарай бағыныңқы сөз септік жалғауларының бірін қабылдап, басыңқымен
байланысатын болады. Профессор А.Н.Кононов байланыстың бұл түрін бір жақты
көрінетін байланыс деп атайды 10.23. Бағыныңқы сөздің басыңқының
ыңғайына қарай тұлғалануы профессор А.Н.Кононовтың осы пікіріне негіз
болғанға ұқсайды.
Қазақ тілінде меңгерудің екі түрі бар:
1) дара меңгеру;
2) ортақ меңгеру.
Меңгерудің бұл екі түрінің арасындағы негізгі айырмашылық сөздердің меңгеру
қабілетіне байланысты. Кейбір сөздер дербес меңгереді, басқа бір сөздерде
ондай қабілет болмайды. Соңғылар көп жағдайда басқа сөздермен бірігіп барып
меңгере алады. Сонда меңгеруші сөз екі сөзге бірдей қатысты болып отырады.

Ендігі кезекте осы етістіктер меңгеруінің дамуына тоқталсақ, белгілі
ғалым А.В.Десницкая табыс септігінің пысықтауыш қызметін атқару дертінен
біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықтауыш қызметін атқаруға көшуі, соған
орай оның сабақты етістікпен тіркесетіндей болып нормалануы етістіктердің
меңгеруін қалыптастырды деп есептейді.Осы айтылған пікірді біз де толығынан
қуаттаймыз.Өйткені Орхон- Енисей ескерткіштер тілінде табыс септігінің салт
етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалуы кездесіп
отыратын құбылыс. Мысалы: Көгмен Йышығ тоға йоруп қырқыз бодунығ уда
басдымыз ҚТб.,35 Көгмен жотасынан асып, қырғыз халқын ұйқыда жатқанда
бастық.Аны субуғ баралым Т.,27 Анна өзенімен барамыз. Осы келтірілген
мысалдарға назар аударатын болсақ, курсивпен терілген сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарлары қимыл-әрекеттің кеңістіктегі бағытын, мекенін, іске асу
тәілін білдіретін салт етістіктер. Сондықтан да бұлар табыс септігіндегі
сөздермен емес, жанама септіктермен тіркесуге тиісті. Бірақ осыған
қарамастан, жоғарыдағы салт етістіктер табыс септігі тұлғасындағы сөздермен
тіркескен, соған орай табыс жалғаулы сөздер толықтауыш емес пысықтауыш
қызметін атқарады. Мұндай құбылысты біз осы типтес етістіктердің әлі де
болса салт, сабақтылық мағынасы жағынан толық жіктеліп болмағандығынан,
табыс септігінің толықтауыш қызметін атқаратындай болып қалыптаспағанынан
деп білеміз. Белгілі бір септіктің өз қызметінен тыс басқа септіктер
қызметін атқаруы жоғарыда көрсетілген табыс септігінен ғана емес, өзге
септіктер бойынан да табылады.Мысалы, ежелден келе жатқан көне септіктердің
бірі- барыс септігін алатын болсақ, бұлар тіркес құрамында тұрып өзіне тән
төл мағынасынан тыс қимыл-әрекеттің басталар орнын, бір нәрседен ажырау
және себептік мағыналар білдіріп, шығыс жалғаулы сөз тіркесі қызметін
атқарады.Мысалы: Анта өтрұ қаныма өтүнтүм Т.,12 Онан соң қағанымнан
өтіндім. Қара өқуз балдуқа қорқмас БЛТ.,Ш,427 Кәрі өгіз балдақтан
қорықпас. Егер осы тіркестерді қазіргі тілдік нормадан қарайтын болсақ,
бұлар өзара барыс жалғауы емес, шығыс жалғауы арқылы байланысуға тиісті.
Мұның себебін біз шығыс септігі табыс, барыс, жатыс септіктерінен кейін
қалыптасқан, сондықтан оның міндетін жоғарыдағы септіктердің бірі
атқарғандығынан деп білеміз.
Етістіктер меңгеруінің дамуы әрбір септік жалғаулы сөз
тіркесерінің өзгерістерге түсу, жетілу жолдарын ашып көрсету барысында
айқындалады. Етістіктердің қабыса және меңгеріле байланысу жолдары келесі
тараушаларда ашып көрсетілген.

2.1 Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Етістіктермен қарым-қатынасқа түскен сөз тіркесінде бағыныңқы мүше
қүрамында сөз таптарының барлығы да жұмсала береді. Олардың ішінде, орын
тәртібі арқылы қабыса байланысатындары – үстеулер (кеш келу, жоғары
көтерілу, шапшаң сөйлеу), еліктеуіштер (сақ-сақ күлу, шарт сыну), сын
есімдер (жақсы оқу, көңілді жүру), сан есімдер (екі шұқып, бір қарау),
есімдер (бұлай айтты, солай берді, қалай айтты), етістіктің көсемше түрі(
еңкейіп кіру).

Сын есімді етістік сөз тіркестері тарихы
Сапалық сын есімдердің етістіктермен тіркесі көне тілде де, жаңа
тілдегі сияқты, олардың пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда ғана мүмкін
екенін атап айту қажет. Жалпы сөз тіркесі құрамында сын есімдердің жұмсалу
ерекшелігін және олардың семантикасын еске алғанда, олардың (әсіресе сын
есімдердің) етістікпен байланысып, сонымен тіркесіп келуін тарихи тұрғыдан
сөйлем құрылысының ерекшелігімен, соның құрамына ғана тән құбылыспен
байланыстыру қажет сияқты. Аналитикалық ойдын дамуымен байланысты қимылды
әр түрлі сапалық жағынан сыйпаттап айту қажеттігі туған кезде қазіргі тілде
үстеулер атқаратын қызметте көне дәуірде сын есімдердің де қолданылғандығы
сол тілдің фактыларынан байқалады. V - VIII ғасырларға қатысты ескерткіштер
тілінде айқын қалыптасқан үстеулер жоқтың қасы, бірақ сол қызметте, мәнде
қолданылып қалыптаса бастаған сөздер бар. Оған көз жеткізу үшін
ескерткіштер тілінің фактілеріне жүгінелік: қарағу эдгүті үрғыл (Т) -
қарауылды мықтап қой, қатығды сағындым (КТ) - қатты қайғырдым. Иұқа қалың
болсар, тоблағүлүқ алп өрміс, йінчге йоған болсар, үзгілік алп эрміс (Т.)
-Жұқа қалың болса, топтағанда мықты болады, жіңішке жуан болса, үзу қиын
болады. Талуйқа кічіг тегмедім (КТ) - Теңізге аз-ақ жетпедім. Чыған будынығ
бай қылтым, аз будунығ үкүш қылтым (КТ) - Жарлы халықты бай қылдым, аз
халықты көп еттім. Осы сөйлемдер құрамында етістіктермен қабыса байла-
нысқан эдгүті, қатығды, қалың, алп, йоған, кічіг, бай, үкүш
сөздері - біздің қазіргі түсінігіміздегі үстеулер емес,үстеу мәнінде
жұмсалған басқа сөздер. Эдгүті, қатынды сөздері туынды, бірақ сөз
тудырушы -ты -ды қосымша тап қазіргі біздің тіліміздегі сын есім
жасайтын қосымшасы емес, одан мұның қызмет ауқымы әлдеқайда кең. Бұл - бір
кезде тілде еркін қолданыс тапқан қимыл есім формасы (қазіргі жедел еткен
шақ формасымен негіздес). Ал қалың, алп, йоған сөздері қазіргі тіл
құрамында кең қолданылатын сын есімдер екені айқын (жоғарғы тіркестерді
қазіргі қазақ тілі нормасына сәйкестендіріп, йоғын болсар - жуаңдаса,
қалың болсар -қалыңдаса, үзгілік алп эрміч - үзу қиындайды, - деп айтуға
болар еді). Кічіг, бай, үкүш сөздері - үстеу мәңінде қолданылған сын
есімдер.
Сын есімдермен қабыса байланысқан етістіктер бірнеше жұрнақтар арқылы
жасалады. Мысалы:-ар, -ур жұрнағы арқылы
жасалған етістіктердің сын есіммен тіркесуі һибат-ул хақайиқ
ескерткішінде кездеседі: қылағылық қылур(қылықты етеді), хирадлық му
болур(ақылды днуге болама), дыраңсыз кечар(тоқтаусыз етеді), т.б. Олар
басқа жағдайда зат есім шылауында атрибуттық , қатынастағы есім сөз
тіркесінің бағыныңқы компоненті қызметінде де жұмсалған (үкүш кісі елтіг,
т. б.). Бұл жайлар мынадай байламға негіз болады: әдетте сөз тіркестері
ыңғайында зат есімге қатысты айтылатын сын есімдер сөйлем құрамында ойға
қатысына қарай логикалық екпінге орайласа орналасу арқылы етістіктермен де
байланыста қолданылатын болған. Бұл, бір жағынан, тіл құрамында жаңа
синтаксистік топтың пайда болуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, сөздердің
жаңа грамматикалық класының қалыптасуына жағдай жасады.
Сын есімдер мен үстеулердің тарихи жағынан мұндай функциялық
байланыстылығы олардың семантикалық ұқсастығына, ыңғайластылығына келіп
тіркеледі. Н. К. Дмитриевтің үстеуді признак признака деп анықтауы осыған
меңзейді 11.268.
Қазіргі тілде де кейде үстеу мен сын есімді ажырататын критерий
ретінде олардың қандай синтаксистік қоршауда жұмсалуын негізге алу
қажеттігі байқалады. Айталық, егер сөз көбіне есімге қатысты, сонымен
тіркесіп қолданылса, сөздің бұл қолданысы қалыпты болса, сын есім ретінде
ұғынылады да, көбіне етістікпен тіркесіп айтылатын болса, қалыпты қолданысы
қимылдың әр түрлі сынын білдіру болса, үстеу деп қарау кажет. Қазақ тілінде
бірнеше сөз табына ортақ болып келетін кейбір тұлғалардың бірде сын есім,
бірде үстеу деп қаралуының өзі осы екі таптың тарихи төркіндерінің ұштасып
жататындағына байланысты. -Ын түлғалы сөздердің біразы сын есім деп
қаралады: жатын (жер), жегін, жайын, бүтін, ал бірсыпыра осындай
сөздер үстеулер тобына жатқызылып жүр: астыртын, үстіртін, жасырын,
т. б. Дұрысында осы сөздердің қайсысы да етістіктермен де, есімдермен де
бір тіркесте болып айтыла береді, бірақ сын есім деп танылып жүргендер
есімді тіркестер қарамағында жиі қолданылады да, бұл оның қалыпты қолданысы
болып табылады, үстеу деп танылып жүргендер етістік тіркестер құрамында жиі
айтылады, қимылдың әр түрлі сынық белгісін білдіреді. Ал бұлардың
синтаксистік қызметінің осы ерекшелігі екі түрлі грамматикалық класқа
бөлінуінің басты өлшемі болып орнығып кетті.
Туынды сын есімдердің де етістікпен тіркесу қабілетіне ие болуы қашан
да олардың синтаксистік қызметінің өзгеруімен байланысты болып келеді.
Қатыстық сын есімдерде (жұрнақ арқылы жасалған), сапалық сын есімдер де
адвербализацияланып (үстеу қызметінде жұмсалып), не субстантивтеніп
етістіктер жетегінде айтылуға икемді. V - VIII ғасыр жазбалары тілінде
-сыз, -дақы тұлғалы туынды сын есімдердің етістіктер жетегінде айтылуы
біршама жиі ұшырасады: Балықдақы тағықмыс, тағдақы інліс (КТ) -Каладағылар
көтерілді, таудағылар төмен түсті. Көгмен йір эдбідісіз қалмазуы (КТ),
Көгмен жері иесіз қамасын... Сонымен қатар, сол ескерткіштер тілінде -тег
қосымшалы сөздер де етістіктер жетегінде жиі қолданылған: қағын сүсі бөрі
тэг эрміс,, йағасы кон тэг эрміс (КТ) - Хан әскері бөрідей еді, жауы қойдай
еді. Орта ғасырлық жазбалар тілінде -ғы, -лы тұлғалы сын есімдердің
етістіктермен тіркесіп қолданылуы ұшырасады: асғы булур (МК) - пайдалы
болар, Иазықлы эрмен көргенімден (МК) -Жазықты едім көргенімнен. Ескере
кететін бір жайт- сын есімдердің (негізгі және туынды түрлерінің) зат
есімдер сияқты көмекші етістікпен (әсіресе -е) тіркесіп келуі, аналитикалық
етістік жасап, бір сөздің я сөз тіркесінің бір сыңары мәнінде қолдана
бастауы, аналитикалық етістіктердің көне түркі тілінде, көне дәуірдің
өзінде қалыптаса бастап, кейін тілдің грамматикалық құрылымынан берік орын
алғандығын байқатады. Туынды сын есімдердің етістікпен тіркесін жалпы шолып
қарағанда, мынадай ерекшеліктер байқалатын тәрізді; ең алдымен, туынды сын
есімдердің етістікпен тіркесі ойды саралап, мәнерлеп айтумен байланысты
дамыған құбылыс болса керек. Бірақ туынды сын есімдердің барлығы бірдей бұл
қызметке ие бола алмайды, мағыналық жағынан үйлесетіндері ғана етістіктер
жетегінде үстеулік мән береді. Ескі түркілік -лығ қосымшалы туынды сын
есімдер мүндай қызметте ұшыраспайды. Оның үстіне, туынды сын есім
топтарының етістіктермен тіркесуі бірден қалыптаса қалған заңдылық болмаса
керек. Жоғарыда келтірілгендей, V - VIII ғасырға қатысты ескерткіштер
тілінде туынды сын есімдердің кейбір тұлғалары ғана етістіктермен
тіркесетін болса, кейбіреуінің мұндай синтаксистік қызмет атқаруы көбінесе
XI - XIV ғасырға қатысты жазбалар тілінде ғана ұшырасады. Жоғарыда V- VIII
ғасыр жазбаларынан балықдақы тағықмыс, тағдақы інліс деген мысал
келтірілді. Бұл жерде айрықша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркестері туралы
Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Сын есімді тіркестер
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Синтаксис
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Пәндер