Қазақстан Республикасының лизинг бизнесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6
1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ..3.6
1.1. ЛИЗИНГІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘНІ ... ..3.6
1.2. ЛИЗИНТІҢ ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
1.3. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... .8.11
1.4. Лизинг халықаралық тәжірибеде Халықаралық лизингтік компаниялар

ІІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.24
2. ҚР. ЛИЗИНГ БИЗНЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.24
2.1.ҚР. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ..17.24
2.2. ЛИЗИНГ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН КӨТЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ... .24.28
2.3. ҚР ЛИЗИНГ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... 28.31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32.33

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР----------------------------- ----------------------------------- ------
-----2

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
-------3

І БӨЛІМ------------------------------ ----------------------------------- ---
------3-6

1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-------------------------- 3-6

1.1. ЛИЗИНГІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘНІ------3-6

1.2. ЛИЗИНТІҢ ЖІКТЕЛУІ--------------------------- ---------------------6-8

1.3. ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ-------------8-11

ІІ БӨЛІМ------------------------------ ----------------------------------- ---
----17-24

2. ҚР. ЛИЗИНГ БИЗНЕСІ---------------------------- ---------------------17-
24

2.1.ҚР. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ----
--------------17-24

2.2. ЛИЗИНГ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН КӨТЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ------------------
----------------------------------- --------------------24-28

2.3. ҚР ЛИЗИНГ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.-----------28-31

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- -----
31-32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ----------------32-33

КІРІСПЕ

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық
шаруашылығының салаларының кәсіпорындарының қаржылары болып
табылады. Міне осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар
жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс
кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-
экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың
қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның
нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі
экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі
құралдардың физикалық және моральды тозуы. Бұл мәселені
шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше
түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық
экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды
пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды
өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы
қатарлы тиімді қаржыландыру түріне айналады.
Осы курстық жұмыста Қазақстанның лизинг арқылы
инвестицияларды тартудың тәжірибесін; лизингтің пайда болуы,
табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың
қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі факторларға
талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден,
Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен
қалыптасып, игерілген жоқ, екіншіден, лизинг арқылы экономиканы
инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Зерттеудің
негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін зерттеу
және оның шетел тәжірибесін ескере отырып Қазақстандағы даму
жолдарын іздеу.

І БӨЛІМ. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің пайда болу тарихы және мәні

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда
“жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден
айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және
алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг
алушы және жабдықтаушы болады.
Бірақ біздің ойымызша лизингтің мәнін толығымен келесі
анықтама ашады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндірімке, сауда-
саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға
лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға
беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен
ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын
келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан
кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала
беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік обьектісі
ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және
сатушы арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін
қажетті келісім-шарттар жиынтығы.
Лизинг обьектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды,
машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер
учаскелерін және т. б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға
болады.. бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг
обьектісі болып табылмайды.
Лизингтік мәмілеге келесі субьектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші – лизингтік мәмілені іске асыру барысында
меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг
обьектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге,
уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік
құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға
беретін жеке немесе заңды тұлға.
- Лизинг алушы – лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг
обьектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар
негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе
заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен сату – сатып
алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға
белгіленген уақытта лизинг обьектісін сатушы жеке немесе
заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) – лизинг обьектісін
сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға.
Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субьектілерді көрсетуге
болады. Оларға:
- Сақтандыру компаниясы – лизинг мәмілесін іске асыру
кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды
тұлға. Лизингтің кезкелген субьектісі Қазақстан
Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы
мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен
құрылған кәсіпкерлік қызметтің субьектісі бола алады.
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай
отырып, лизингке берілетін обьектілерді келесі топтарға
бөлуге болады:
• Транспорттық (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол
вагондары және т. б.);
• Байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және т.б.);
• Ауыл шаруашылық құрал жабдықтары;
• Құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т. б.);
• Басқа да құралдар.

Лизингтің пайда болуы
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. д.. 2000 жылдай
бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т.
Кларк б.э.д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи патшаның
заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды көрсеткен. Рим
империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан
Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде
1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның
телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек
етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг корп.” Атты алғашқы лизингтік
компания 1962 жылы “Дойче лизинг ГМБХ” деген бірінші лизингтік
компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан
бері европа лизинг нарығы дамып келеді.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
Лизингтің кеңінен тарауының басты себебі – оның қарапайым
ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ, ұсақ
кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле
жасалған мерзім бойына лизинг обьектісі лизингке берушінің
меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда
несиелік тәуекел деген болмайды;
- Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни
кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын
жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік
өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша
алған қолайлы себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына
байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып,
мүлікке салынатын салықты жалға беруші өзі төлейді. Сөйтіп,
лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды;
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан
әсіресе инфляциядан ештеңе ұтпайды;
- Ұйымдастырудың күрделілігі;
- Лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген
құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында
болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын
толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады;

1.2. Лизингтің жіктелуі

Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне
байланысты болады.
Олар келесідей сипатталады: жалға алынатын обьектіге қатысы
бойынша; лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша; лизингке
берілетін мүліктің түрі бойынша; лизингтік мәмілеге қатысушылардың
құрамына байланысты; лизингтік мүліктің өтелуіне байланысты;
лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты;
салықтық, кеден және амортизациялық жеңілдіктер мен
преференцияларға қатысына байланысты; лизингтік төлемдердің ретіне
байланысты.
Жалға алынатын мүлікке қатысы бойынша лизинг:
– Таза лизинг – бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық
шығындарды лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек
таза немесе нетто төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік
нарықтағы қызметтердің көбісі таза лизинг болып табылады.
– Толық лизинг – бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау
бойынша барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық
лизинг ең қымбат лизинг болып табылады, себебі лизинг
берушінің мүлікті ұстау бойынша, қажетті шикізаттарды әкелу
бойынша шығыстары өседі.
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:
– Бір жолғы (срочный) лизинг – яғни мүлікті беру бір рет қана
жүзеге асырылады.
– Қайталанылатын (возобновляемый) лизинг – бұл жағдайда бір лизинг
келісім-шартының мерзімі біткен кезде, лизинг келісім шарты жаңа
кезеңде жасалады. Сонымен бірге белгілі бір уақыттан кейін
обьектінің тозуына және лизиенг алушының қалауына байланысты
жаңа мүлік берілуі мүмкін. Қайталанылатын лизингтің тағы бір
түрі –Бас лизинг – лизингтің бұл түрі лизинг
алушыға жаңа келісім-шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік
тізімін толтыруға мүмкіндік береді.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы бойынша лизинг:
– Тура лизинг- бұл жағдайда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке
береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге
жатқызуға болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.
– Жанама лизинг – бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал
арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге ұқсас
болып келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және
жабдықтаушы көрініс табады.
– Бөлек (раздельный) лизинг немесе көп жақты лизинг – лизингтің
бұл түрі күрделі, үлкен объектілерге (әуетехникасы, теңіз
кемелері, теміржол техникасы, бұрғылау қондырғылары) қаржы
салымдарын жасау үшін қолданылады. Лизингтің бұл түрі топтық
немесе акционерлік лизинг деп аталады. Себебі мұнда бірнеше
лизинг беруші, банктер жұмыс істеуі мүмкін.
Мүлік түріне байланысты лизинг:
- Жылжымайтын мүлік лизингі – ғимараттар мен құрылғылар;
- Жылжымалы мүлік лизингі – автомобиль, самолет, кемелер, техника,
құрал-жабдықтар;
Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг:
- Толық өтелетін лизинг яғни лизинг келісім-шартының мерзімі
аралығында мүліктің толық немесе толыққа жақын амортизациясы
есептеліп, лизинг берушіге мүліктің толық құны өтеледі.
- Толық өтелмейтін лизинг – бұл жағдайда лизинг келісім-шартында
көрсетілген мерзімде, мүлік тек белгілі бір дәрежеде ғана
амортизацияланып, оның тек бір ғана бөлігі өтеледі.
Өтеліну белгілеріне байланысты лизинг:
- Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда,
оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық
өтемеуімен сипатталады.
- Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен
немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі
үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды
банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты
лизинг:
- Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып
келуімен байланысты сипатталады.
- Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр
елден болып келуін сипаттайды.
- Сыртқы лизинг – экспорттық және импорттық болып бөлінеді.
Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте
шетел лизинг беруші болып табылады.
Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Субъектілері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.
Егер де лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті
болса, яғни лизинг объектісі Қазақстан Республикасының
резидентінің меншігінде болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты
Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Ал, егер керісінше
болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты сыртқы экономикалық
қызмет облысындағы заңдарымен реттеледі.

1.3. Лизингтік операциялардың түрлері

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде
лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде
негізгілері болып:
- шұғыл лизинг;
- қаржы лизингі;
- қайтарылатын лизинг;
- үлестік лизинг;
- тура лизинг;
- сублизинг.

Шұғыл лизинг
Шұғыл лизинг – ағымдағы жал туралы келісім. әдетте бұл
келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз
болады. Яғни, келісім-шартта көрсетілген жал төлемдері активтің
толық құнын өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет
беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі – лизинг алушының
келісім-шартты уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымен бірге бұл
келісімде лизингке берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет
көрсету және басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар
қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын құралдар
(компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және
техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл
және жүк автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі
уақытынан бұрын келісім-шартты тоқтату моральды ескірген
құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен
ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы
бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның
одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары тумайды.
Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық
персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы және
төлемдерінің жоғары болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдерді сату қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айыппұлдың төленуі;
- мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа
шарттары.

Қаржы лизингі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын
иүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің
уақытынан бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім
мүлік иесінің құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету
бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс
деңгейін қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды
орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жалға
алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл
лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы негізгі
құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда бұл лизинг кезінде мүлік иесінде
тәуекл едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің
ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас келеді. Себебі құрал-жабдықтар
құнының толық өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға
алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп
атау құқығын қарастырады.
Қаржы лизингінің объектілерінежылжымайтын мүлік (жер, ғимарат,
құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып
табылады.

Қайтарылатын лизинг
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде
қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3
тұлғаға сатады да, сол сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді
жал келісім-шартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте
коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік
компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі
ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
өз алдына инвестар сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке
ала отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай
келісімді негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде,
кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсатында жүргізіледі.

Үлестік лизинг
Үлестік лизинг – қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл
түрі екі жақтың қатысуын қарастырады. әдетте инвестор түрінде
банк, сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді.
Бұндай келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-
шартын жасайтын лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен
сатып алады. Алынған займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын
мүлік немесе негізгі құрал болып табылады. Тартылған қаражаттар
болашақ кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен өтеліп отырады.
Сонымен қатар лизингтік компанияның салықтық және займды өтеу
кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік туады.
Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне қымбат бағалы
активтер (пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар, құрал-жабдықтар)
жатады
Тікелей лизинг
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажет
құрал-жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы
келісім-шарт жасасады. Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг
объектісін өндіруші бір тұлға болады. Яғни келісім-шарт тікелей
өндірушімен жасалынады. әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде
сататын ірі компанияларға ІВМ, Хеrох, GАТХ, көптеген әуекемелерін,
теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар жатады.
Мысал үшін, “Даймлер-Крайслер” және ВМW концерндері ірі лизингтік
компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар
арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.

Сублизинг
Сублизинг – сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг
объектісін пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше
қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг
объектісін лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3
тұлғаға уақытша пайдалануға береді. № 78-11 05.07.2000ж. “Қаржы
лизингі туралы” ҚРЗ-на сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін
төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тиым
салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша
рұқсаты міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі
болғандықтан, ол да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге
асырылуы керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретінде
лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы тек сублизинг келісім-шартының мерзімі аралығында ғана
көрсетуге болады.

1.4. Лизинг халықаралық тәжірибеде
Халықаралық лизингтік компаниялар

Көптеген елдерде лизингтік компаниялар өздерінің құқықтарын
қорғау және бизнесін дамыту үшін Ұлттық лизингтік ассоциациялар
құрды. Ресей Федерациясында мұндай ұйым “Рослизинг” деп аталады.
Ресей лизингтік компанияларының лизингтік ассоциациясы.
Еуропада “Leascurope” – Euronean Federation of Equipment Leasing
Companu Associations деп аталады. Ол 1972 ж құрылған. Штаб пәтері
Брюссельде.
Азияда “Asialease” (Азия лизинг) – Asia leasing Associations,
Штаб пәтері Сингапурде, 1982 жылы құрылды.
Оңтүстік Америкада “Felalies” (Филализинг) – Latin-American
Leasing Federation. Хатшылығы Мексикада, 1983 жылы құрылған.
1984 ж. Осы 3 федерация және АҚШ лизингтік компанияларының
ассоциациясы “Дүниежүзілік лизинг кеңесін” құрды.
Соңғы 15 жылда дүние жүзінде лизингтік операциялар 5 есе
өскен. LondonFinansialGroup көрсеткіштері бойынша 1994 ж. Млрд АҚШ
$ құрады.

Аймақтардағы лизингтік операциялардың көлемі
(млрд АҚШ$)
Аймақтар 1980 1985 1989
GMAC АҚШ 17,634 17,500
GE Capital АҚШ 17,374 10,528
Orix CorparationЖапония 8,986 6,988
Lombard North
Central Nat Ұлыбритания 7,632 6,937
West Group
Sociate GeneraleФранция 5,356 5,517
Debis Financial
Services Германия 5,354 4,655
AT and Capital АҚШ 4,566 4,250
BOT Financial
Corp АҚШ 4,459 3,241
IBM Credit Corp АҚШ 3,600 2,800
NWS Bant Ұлыбритания 3,581 2,135

Еуропадағы лизинг бизнесі.
Еуропадағы лизинг қызметінің динамикасы.
(млрд ЭКЮ)
Құрал-жабдықтардың жалпы төлемі

Өсу пайызы Уақыты Көлемі
100 1999-1998 21,5-29,1
80 1997-1996 31,4-44,1
60 1995-1994 59,6-70,6
40 1993-1992 79,1-80,9
20 1991-1990 75,5-67,3
0 1990-1989 67,3-71,5

Еуропадағы лизинг құрал-жабдықтар 2002 ж. (млн евро)

Мемлекет 2002ж 2000ж Өзгерістер Мем. үлесі Инв лиз. Орын
жалпы көлемі үлесі
Германия 19223 19877 -3,3 26,86 15,8 1
Ұлыбритания 18853 17056 10,5 26,34 33,3 2
Франция 8886 91003 -2,4 12,42 - 3
Италия 6804 6279 8,4 9,51 13,1 4
Испания 2744 2558 7,3 3,83 13,5 5
Нидерланды 2652 2570 3,2 3,71 13,0 6
Швеция 1813 1367 32,6 2,53 20,0 7
Швейцария 1752 530 230,6 2,45 15,8 8
Австрия 1739 1882 -7,6 2,43 13,3 9
Бельгия 1325 1271 4,2 1,85 11,4 10
Португалия 1101 1422 -22,6 1,54 19,0 11
Ирландия 1050 978 7,4 1,47 46,0 12
Чехия 817 482 69,5 1,14 19,8 13
Норвегия 726 405 79,3 1,01 7,5 14
Дания 630 456 38,2 0,88 - 15
Венгрия 529 490 8,0 0,74 19,3 16
Финляндия 326 268 21,6 0,46 9,0 17
Греция 181 - - 0,25 - 18
Марокко 141 133 6,0 0,20 13,4 19
Люксембург 124 108 14,8 0,17 10,0 20
Словения 85 72 18,1 0,12 - 21
Словакия 65 - - 0,09 8,9 22
Болгария 7 - - 0 2,0 23
барлығы 71573 67307 6,3

Кестеде көрсетілгендей Еуропаның 4 мемлекеті лизинг құрал-
жабдық көлемінің 75% құрайды. Олар: Германия, Ұлыбритания, Франция,
Италия.
Еуропадағы лизинг бизнесінің лидерлері Германия және Ұлыбритания
болып табылады.

Қаржы лизингі операциялары бойынша бухгалтерлік есеп кестесі
(мысал)
№ Шаруашылық операциялардың Кореспонденттік шоттар
мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4
Лизинг берушіде
1. мүлікті сатып алу
1.1 Сатып алушының негізгі қорларды60 51,52
сатып алғаны үшін төлемі.
1.2 ҚҚС 19 60
1.3 Негізгі қорларды қабылдау 0,8 60
2. лизингке өткізу
2.1 Негізгі қорлардың құрамына 01лиз 08
кіргізе отырып бірден лизингке
өткізу
2.2 Есепке ала отырып ҚҚС есептеп 68 19-1
шығарып тастау
3. лизингтік компан. шығыс
есебі
3.1 Лизинг жұмыстарын жүргізуге 20,26 және басқалар
кеткен шығындар
3.2 Негізгі қорларды сақтандыру 87 65
бойынша
3.3 Амортизаторлық аударымдар 20 02
4. реализация есебі
4.1 Лизингтік төлемдердің көрінісі 62 46
4.2 ҚҚС 62 68
4.3 Реализация шотына лизингтік 46 20,26
шығындарды айналыстан шығару
4.4 Лизинг бойынша шығын көрінісі 80 46
4.5 Лизинг алушының лизинг бойынша 51,52 62
төлемдерінің көрінісі
4.6 ҚҚС 68 51
5. лизинг мүлкінің
қайтарылуы
5.1 Мүліктік негізгі қорлардың 01 01
құрамына аудару
5.2 Тозу құнының аударылуы 02лиз 02
6. келісім-шарттың бітуіне
қарай мүлікті қайта сатып алу
6.1 Негізгі қорлардың қалдығын 47 01лиз
есептен шығару
6.2 Тозу қалдығын есептен шығару 02лиз 47
6.3 Лизинг бойынша пайданың 80 47
көрінісі
6.4 Қарыз көрінісі 62 47
6.5 Лизинг мүлкінің қалдық құнының 51,52 62
төлемі
7. келісім-шарттың
аяқталуына дейін мүлікті қайта
сатып алу
7.1 К-ш бойынша қалған күндер 62 46
төлемі
7.2 Негізгі қорлардың қалдық құнын 47 01лиз
есептеу
7.3 Тозу қалдығын есептеп шығару 02лиз 47
7.4 Қарыздың көрінісі 62 47
7.5 Лизинг мүлкінің қалдық құнынан 51,52 62
түскен қаражаттар
Лизинг алушыда
8. лизинг мүлкін қабылдау
8.1 К-ш бағалауы бойынша лизинг 81 65
мүлкін қабылдау

9. лизинг бойынша
шығындардың көрінісі
9.1 Негізгі қорды сақтандыру 20 76
бойынша
9.2 Негізгі қорды жөндеу 19-7 76
9.3 Лизинг төлемдерінің түсімі 76 51,52
9.4 ҚҚС - 007
10. лизинг мүлкін қайтару
10.1 Негізгі қорларды қайтару - -
11. мүлікті қайта сатып алу
11.1 Мүліктің баланстық шотын 01 001
есептеу
11.2 өзіндік қордың құрамына 76 51,52
мүліктік алу
11.3 Лизинг мүлкінің бағасының 55 46
қалдық төлемі




ІІ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың
қызметіне талдау.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының нарығындағы 15
лизингтік компаниялар жұмыс жасауда. Астана қаласында 4 лизингтік
компания (Астана финанс, Астық лизингтік компаниясы, Қазагрофинанс
және Агромашлизинг), Қарағанды қаласында 1 (Қарағанды лизинг
компаниясы) және Алматыда 10 (Центрлизинг, Альфа-лизинг, Нұр-лизинг,
Халық лизинг, Темірлизинг, Казтранслизинг, Альянслизинг, БТА лизинг,
АТФ лизинг және Медикал лизинг групп ) лизингтік компаниялары
жұмыс істейді.
“Центрлизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• келісім-шарттың минималды соммасы - 35000$
• лизингтің мерзімі – 37 айдан 7 жылға дейін
• лизингтің ставкасы – 17-ден 23%-ға дейін жылдық
• аванстық төлем - 30% лизинг құралының құнынан.
• лизинг құралын сақтандыру – міндетті, (лизинг алушының
шотынан)
Компания лизингтің жобаларын барлық салада қаржыландырады.
Центр лизинг компаниясы жеңілдіктермен қаржыландыруға мүмкіндігі
бар: құрал-жабдықтар, авто және арнайы техника Оңтүстік Кореядан
әкеледі.
Қаржыландыру Кореяның экспорт импорт банкісімен жүзеге
асырылады. Лизинг құралы импорт болғанда да қаржыландырылады.
Мұндай жағдайда лизингтің ставкасы 12% жылдық лизингтің мерзімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Лизинг бизнесі
«Банк ісі» лекциялық курсы
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
Лизингтік операциялар есебі
Лизинг шартының орындалу тәртібі
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
Банктің кіріс операциясының есебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Пәндер