Лизинг туралы жалпы түсінік



Жоспар

Кіріспе

1. бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік .
1.1. Лизинг мәні мен маңызы.
1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері
1.3. Коммерциялық банктердің лизинг операциясын жүргізу іс .әрекеті.

2 . бөлім. Қазақстан Республикасының лизинг компаниясының дамуы.
2.1. АҚ “Вираж . Лизинг” компаниясының құрылымы және атқаратын қызметтері.
2.2. АҚ “Вираж.Лизинг”компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі және қатысушылардың рөлі.

3 . бөлім. Қазақстанда лизингтік операциялардың мәселелері және оларды шешу жолдары.
3.1. Лизингтік операциялардың жетілдіру жолдары.

Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.
Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізде белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі блоып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады
Пайдаланған әдебиеттер.

1. “Қаржы лизингі туралы” Қазақстан Республикасының заңы, Енгемен Қазақстан 12 шілде 2000 жыл.
2. “ Коммерциялық банктер” оқулық
Мақыш.С. Алматы 2002 ж.
3. Оралбаева Ж “ Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары” Қаржы – қаражат 2004 ж № 2 б 91 – 96.
3. Валитов Ш.М., Кириченко Е.Г.
“Лизинг как инструмент расширение возможностей реального сектора экономики” 2005 ж № 4 стр 47 – 55.
4. Иссык Т. “Проблемные аспекты развития лизинга в РК” Экономика и статистика 2003 ж № 1 с 28 – 32.
5. Оралбаева Ж.З.
“Лизингтік келісімдердегі тәуекелдіктерді ескере отырып лизингтік қатынастарды басқару мәселелер” Аль Пари 2004 № 4 б 35 – 43.
6. Доспамбетов А.Б. “Развитие лизингового рынка в РК” Сборник научных трудов 2003 г с 185 – 193.
7. Иссык Т. “Новое о лизинге” Финансы и кредит 2004 г с 28 – 32.
8. “Банковское дело” Справочное пособие Под ред К.Э.Н. Бабычевой Ю.А. Экономика 1994 г.
9. Интернет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1- бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік .
1.1. Лизинг мәні мен маңызы.
1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері
1.3. Коммерциялық банктердің лизинг операциясын жүргізу іс -әрекеті.
2. - бөлім. Қазақстан Республикасының лизинг компаниясының дамуы.
2.1. АҚ “Вираж – Лизинг” компаниясының құрылымы және атқаратын
қызметтері.
2.2. АҚ “Вираж–Лизинг”компаниясының Қазақстанда лизингті дамыту ерекшелігі
және қатысушылардың рөлі.
3 – бөлім. Қазақстанда лизингтік операциялардың мәселелері және оларды
шешу жолдары.
3.1. Лизингтік операциялардың жетілдіру жолдары.
Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму
жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты
назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның
жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.
Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі
қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда
батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық
банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізде белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі
сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және
инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық
белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-
жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің
бірі блоып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының
жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын
төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің
бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы
лизинг болып табылады

1–бөлім. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1. Лизинг мәні және маңызы.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “ жалға беру”
дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға
беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш
қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал –
жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-
сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін
қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады.
Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген
кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг
операцмясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы
“Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондардф
сатудың орнына жалғ,а бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг
корп.” Атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан – Францискада (АҚШ)
құрыдлған. Еуропада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік
компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа
лизинг нарығы дамып келеді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар
екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі
ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін –
өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай
түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе ьарлық тараптардың әр елден болып
келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші
болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы 11-12 суреттерде түрлі сызба түрінде
берілген.

4
Жабдықтаушы
(Өндіруші)

2
Лизинг беруші
(лизинг компаниясы)

4
1 3
Лизинг алушы
(өндірістік
кәсіпорын)

1 - құрал –жабдыққа тапсырыс беру; 2 – құрал-жабдық үшін төлем; 3 – құрал-
жабдықты жеткізу; 4 – лизингтік төлемдер.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін
қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады.
Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 %- ға
жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші
лизингке беретін активтер құнының 80 %- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше
несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер
мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Банк

7
1
2

Жабдықтаушы

3 4 6
Лизинг компаниясы
(лизинг беруші)

5
Өндірістік кәсіпорын
(лизинг алушы)

2 – сурет.
1 – банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие
беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін
жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал жабдығын
сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында
лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал жабдықпен
жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік
төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін
төлемдерін төлейді.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен
есептеледі:

ЛТ=АА+ НТ+ КТ+ ҚТ+ ҚҚС

Мұндағы:
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге
комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін
қосылған құнға салынатын салық.

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
АА= БҚ * На
100
Мұндағы:
БҚ – мүліктің баланстық құны;
На – амортизациялау нормасы (%)

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

НТ= НР * НС
100
Мұндағы:
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.

Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
НР= Қб - Қа
Мұндағы:
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;

Қа – мүліктің жыл аяғындағы құны.

Комиссиондық төлемінің (КТ) мөлшерінің формуласы:

КТ=НР * Кс
100
Мұндағы:
Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

ҚТ=Шi + Шқ + Шж + Шб
Мұндағы:
Шi – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының
басты себебі – оның қарапайым несиелерден мындай артықшылықтарының
болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды
несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша
лизинг обьектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы
банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ
айтқанда,несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын
басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 % -ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа
мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамайөақ, жаңа құрал-жабдықты
пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік
береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты,
өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып салынатын салықты жалға
берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына
ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе
инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпай
қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссяны
көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі
операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг
беруші мен лищинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы
арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келі алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді.
Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал жабдықтың белгілі
бір қалдық құнының қалуы.
Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс.
Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр –түрлі тәуекел
жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг
берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерден қамтуға
тиіс:
1.Обьектісі.
2.Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.
5.Тәуекелдер,жауапкершілік,техникал ық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян,қолайсыз жағдайлар.
9.Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін төлемақы өсімі.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. құрал –жабдықты қайтару.
15. салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (келісімшарт кепілдеме алуына байланысты күшіне енеді
және т.юб.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы,баланс).
21. Тараптардың қолдары.
23. Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25.Банктердің кепілдемесі.
Қазақстанда лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады.
Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме – делдалдық фирмалардың және “Қаз-контракт”
корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және
жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешкніндегі облыстық және
аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі бнктердің лизингтік операциялары;
3)жаңадан құрылғвн арнайы лизингтік фирмалар;
4)лизингтік халықаралық формалары – экспорттық, импорттық және басқа да
шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және Республика аумағындағы
шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар,
айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (05.07.2000) ұзақ мерзімді
лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру,
лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл
заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және
сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепідемесімен жүзеге
асырылуға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де
оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизинг беруші лизинг лизинг келісіміне тұру жөнінде оңды шешім қабылдаған
жағдайда тұтынушылық өтінішін және оның төлем қабілеттігін зерттеу
негізінде жабдықтаушы фирмамен сатып алу, сату келісім жасауға міндетті ,
болашақ лизинг алушы мен жабдықтаушының арасында келісілген коммкрциялық
және техникалық жағдайлар негізінде және осы жағдайдға сәйкес келісімнің
жеткізу обьектісіне тапсырысты жіберуге міндетті.

1.2. Лизинг беруші мен алушының құқықтары мен міндеттері.
Лизинг беруші лизинг мәміле обьектісінің меншік иесі болып табылады. Ол
жабдықтаушының жеткізілетін обьектінің дайындығы жөнінде хабарлағаннан
кейін, оның жинақтылығын және сапалығын тексеруге құқы бар. Ол пайдалануға
берілген, обьектіні қабылдау актісіне қол қоюға міндетті. Егер қабылдау
кезінде жеткіліксіздік табылған жағдайда , ол жабдықтаушыға белгілі
мерзім ішінде оны жоюға тапсыруы міндетті. Егер осы міндеттеменің
орындалмаған жағдайда, жөнделмейтін обьектіні жабдықтаушының есебінен
ауыстыру жүргізілуі тиіс. Лизинг беруші, егер жабдықтаушы жеткіліксіздікті
жоя алмаған жағдайда, сатып алу – сату шартын бұзу туралы жариялауға құқы
бар.
Лизинг берушінің негізгі міндеттемесі болып лизинг мәмілісіндегі
обьектінің төленуі болып табылады. Пайдалануына енді деген антқа қол
қойылғаннан кейін лизинг беруші, лизинг алушының алдындағы
жауапкершіліктен босатылады, өйткенілизинг алушы, лизинг берушінің
кеңесімен немесе өз еркінімен обьект мәмілесін және нақты жабдықтаушыны
қалауынша таңдады. Лизинг беруші, жабдықтаушының кепілдік қызметінің
міндеттемесіне де, обьектінің қажеттілігі мен тұтыну ерекшеліктеріне де,
пайдалануға беру кезіндегі тигізілген залалына да жауапкершілік
алмайды.
Лизинг алушы, егер шартта көзделген жағдайда, өзінің заңмен куәландырған
жарғысының көшірмесін, өзінің барлық экономикалық жағдайы туралы негізгі
информацияларды мерзімді және форма бойынша даму перспективасын лизинг
берушіге міндетті түрде танытуы тиіс. Керек уақытта немесе жағдайда
лизинг берушінің талап етілген жағдайда осы информацияны немесе жабдықты
паййдаланылуы жөнінде мәліметтер бірнеше рет талап етілуі мүмкін. Егер
лизинг алушының қаржылық және заңды жағдайы өзгерсе, ол осы өзгерістер
туралы лизинг берушіге хабарлауы міндетті.
Лизинг алушы, жабдықтаушының берген техникалық нұсқауларға және
рекомендацияға сәйкес ұстауға, оны жұмыс жөнінде керекті өндіргіш
ремонт жасауға өз есебінен міндетті. Белгілі бір өзгерістер енгізу
жөнінде
тек қана лизинг берушіге жазбаша келісімі арқылы ғана рұқсат етіледі.
Ол жазбаша келісімсіз жабдықтың құрылымын үшінші тұлғаға таныстыруға
құқы жоқ, сонымен қатар жабдықтың қолданылуы жөнінде басқа да
информацияларды және лизинг келісімінің мазмұнын беруге құқы жоқ.
Лизинг алушының лизинг келісімінің мерзімінің бітуіне жақын мынадай
құқы бар бар:
- лизинг берушіге қайтару;
- сол шартқа сәйкес лизинг келісімін жаңарту;
- басқа шартқа сәйкес лизинг келісіміне тұру;
- жабдықттаушының өз меншігіне алу.
- Өзінің жасаған таңдауы туралы лизинг қолданушы, лизинг берушіге
алдын ала келісімде белгіленген мерзімге дейінгі хабардар етуі
міндетті.

Лизинг беруші құқылы

1. Өзіне тиесілі төленбеген лизинг төлемдерін, сондай-ақ шығынның орнын
толтыруды талап етуге;
2. лизинг шартына сәйкес лизинг шартының талаптарын орындалуына бақылау
жасауға;
3. илзинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін
бұзғани жағдайда мерзімі кешіктірілген уақытқа төлем жасауды және
шығынның орнын толтыруды талап етуге;
4. осы Заңда көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын
талап етуге.
Лизинг беруші міндетті:
1. лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының
талаптарына лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып
алуға.
2. сатып алу сату шартын жасаған кезде лизинг ныснансын белгілі бір
сатып алушыға лизинг беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша
хабарлауға.
3. лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген
талаптармен беруге міндетті.
4. лизинг берушінің лизинг шартында және Қазақстан республикасының
заң актілерінде көзделген және Заңға қайшы келмейтін басқа да
құқықтары болуы және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

Лизинг алушы құқылы

1. лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және
пайдалануға;
2. лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына оны жеткізу
мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған
шарт тиесті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап
қоюға;
3. лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулі түрде бұзған
жағдайда лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы
өз міндеттемелерін орындағанға дейін төленуге тиісті
лизинг тлемдерін тоқтата тұруға.
4. лизинг беруші лизинг шартын біржақты тоқтатқан жағдайда ол аванс
ретінде төлеген лизинг төлемдерін басқа да салаларды кері
қайтаруды
талап етуге.
5. лизинг нысанасын жеткізілмеген, едәуір кешіктіріліп жеткізілген
немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтіретін
жойылмайтын кемшіліктерімен жеткізілген жағдайларда лизинг шартында
көзделген талаптармен лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг
нысанасын ауыстыруды талап етуге , шартты бұзуға;
6. лизинг беруші лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиісті
дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге.

Лизинг алушының міндеттері

1. лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртіппен қабылдауға;
2. лизинг төлемдерін дер кезінде төлеп тұруға;
3. лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес
пайдалануға ;
5. лизинг нысанасындағы қалыпты тозуды және тараптар келісім алған
өзгерістерді ескере отырып, лизинг беруші лизинг нысанасын оған
қандай күйде берсе , сондай күйінде күтіп ұстауға;
6. егер шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмеген болса, лизинг беерушінің нысанына қол жеткізуін
қамтамасыз етуге міндетті;
7. лизинг алушы лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген және осы Заңға қайшы келмейтін басқа да
құқықтарға ие болуы және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

3. Коммерциялық банктердің лизинг операцияларын жүргізу іс әркеті.
Лизингік мәміленің жасалынуы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
Ең 1- кезеңде алдын-ала дайындау жұмыстары жүргізіледі, яғни лизингтік
қарым-қатынастардың көп болуы және олардың күрделілігіне байланысты
әрқайсысын жеке-жеке нақты талдау қажет.
Осы кезеңде келешектегі лизинг алушының мәлімдемесі тіркеледі және
клиенттің несие алу қабілеттігі туралы және қаншалықты лизингтік жобаның
диімді екенін есептелініп сол туралы қорытынды жасалынады. Бұның барлығы
жабдықтаушыға жіберілетін зказда көрсетіледі.
Лизингті басқару ұйымында екінші еекінші кезең басты рөльді атқарады. Бұл
кезеңде лизингтік мәмілені заңды түрде бекітеді және келесідей құжаттарды
дайындайды.
- лизингтік обьектіні сату және сатып алу келісім шарты;
- лизингтік обьектіні эксплуатациялаудағы қабылдау актісі;
- лизингтік келісім;
- лизингтік мүлікке берілетін техникалық қызмет көрсету туралы келісім
шарт.
- Лизингтік обьектіні сақтандыру туралы кеілісімшарт.
Лизингтік процестің үшінші кезеңі – обьектіні өз меншігіндегі қолдану
туралы кезең болып табылады. Сонымен бірге, лизингтік операцияларды
бухгалтерлік есеп және есеп берумен бірге қатар жүреді.
Бұл кезеңде лизинг берушіге лизингтік төлемдер жүргізіледі және
лизингтік мерзім біткен кезде, әрі қарай лизингтік обьектіні қолдану
туралы қатынастар жүргізіледі.
Жалпы ұзақтығы 180-күннен 360 күнге дейін. Бұл жоғарыда көрсетілген
лизингтік процессті ұйымдастыратын ұйым тек қана ірі компанияларға тән,
яғни лизингтік нарықта инфрақұрылымы кең көлемде болатын және
бәсекелестікті жеңіп алуды көздейді.
Лизингтік процессте ең басты орын алатын лизингтік жобаны тәуелсіз
экспертизаға берілуінде. Осының нәтижесінде мүмкіндігі жоғары лизинг алушы
таңдалынады.
Жалпы алғанда шетелде лизингтік роцессті жүргізу барысында нақтылық пен
жеделділік пен сипатталады.
Осы Заң қаржы лизингі процесінде туындайтын қатынастарды реттейді және
лизинг қызметі негізінде инвестициялар тартуға бағытталған.
1- бап Қаржы лизингін құқықтық реттеу
1. Қаржы лизингі туралы заңдар Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан
Республиасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан
Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше
ережелері қолданылады.
2-бап. Негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланған:
Қаржы лизинг (бұдан әрі- лизинг) инвестициялық қызметтің түрі, ол
бойынша:
1) лизинг беруші сатушыдан лизинг шартын белгіленген лизинг нысанасын
өз меншігіне сатып алуға және оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға
белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен уақытша иеленуге және
кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға беруге міндеттенеді. Бұл орайда
лизинг нысанасы лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жөнінен
лизинг нысанасының барлық немесе елеулі құнының кемінде 80
ппроцентінің амортизациясы мерзімімен шамалаған немесе одан ұзақ болады.;
2)лизинг алушы лизинг шартын жасау күйіндегі баға бойынша лизинг
нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігінің (кемінде 80
процентінен) өтелуі (амортизациясы) ескңеріле отырып есептелетін лизинг
шартына сәйкес төленуге тиісті жүйелі кезеңдік төлемдерді төлеп отыркға
міндеттенеді. Бұл орайда лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан
кейін немесе ол аяқталғанға дейін лизинг алушы лизинг шартында
көзделген толық соманы төлеген жағдайда, егер сондай ауысу лизинг
шартында көзделген болса, лизинг нысанасы лизинг алушының меншігіне
ауысады;
Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе өз ақшасы есебінен лизинг
нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары
негізінде лизинг алуда беретін лизинг мәмілесінің басқа қатысушысы
ретінде іс-қимыл жасауға құқығы жоқ.
Лизинг алушы – лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар
үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы.
Лизинг мәмілесі – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен
міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген
іс – қимылының жиынтығы.
Лизинг қызметі – лизинг берушінің лизинг шартының талаптарын орындау
жөніндегі қызметі;
Тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тоқтататын, бірақ пайдалану
процессінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын
мүлік;
Сатушы – лизинг нысанасын сатып алу сату шарты және (немесе) лизинг
шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг
алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігінде өткізетін лизинг
мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг
алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады.
Сублизинг - шарттық қатынастар, оларға сәйкес лизинг алушы лизинг
берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын үшінші бір тұлғаға ақыға
уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді;
Лизинг мәмілесіне қатысушылар – лизинг беруші, лизинг алушы және лизинг
нысанасын сатушы ретінде іс-қимыл жасайтын жеке тұлғалар.
3. - бап. Лизинг нысандары мен түрлері.
Осы заңмен лизингтің мынадай негізгі нысандары мен түрлері реттеледі:
Лизингтікң нысандары:
1)Ішкі лизингті жүзеге асыруда лизинг беруші, лизинг алушы жіне сатушы
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.
2) Халықаралық лизинг . Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг
беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып
табылмайды.
Лизингтің түрлері:
1) Қайтару лизингі – лизингтің бір түрі, ол бойынша сатушы лизинг
нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде
лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады;
2) Банк лизингі - лизингтің бір түрі , ол бойынша лизинг нысанасына
техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші
жүзеге асырады.
3) Толық лизинг - лизингтің бүл түрі, ол бойынша лизинг нысанасына
техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг
беруші жүзеге асырады;
4) Таза лизинг - лизингтің бұл түрі, ол бойынша лизинг нысанасына
техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы
жүзеге асырады.
4-бап. Лизинг нысанасы
1. Үйлер, ғиммараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік
құралдары, жер учаскелері және кез-келген басқа да тұтынылмайтын заттар
лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерінің жекелеген санаттарын лизинг
нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін.
Лизинг шарты
1. Лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушымен келісілген лизинг
нысанасын сатушыдан өз меншігіне атып алып, оны лизинг алушыға ақыға
уақытша иеленуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Лизингтiк құқықтық қатынас. Факторинг. Франчайзинг
Лизингтік операциялар есебі
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Банктік лизинг кезеңі
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Лизинг ұғымы мен лизинг операциялары
Пәндер