Ақшасыз есеп айырысулардың есебі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ақшасыз есеп айырысулардың мәні, маңызы, сипаты ... ... ... .5

ІІ. Ақшасыз есеп айырысулдарды есепке алу нысандары ... ... ... ... .7

2.1.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2.2.Инкассалық өкілдермен есеп айырысу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.3.Чектермен есеп айырысу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.4.Векселдермен операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.
Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.
Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім шарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақгағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.
Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке түрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Р.Президентінің заң күші бар Бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлығы, 24маусым,2002ж,2732
2. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары . (аудармашы Трусина В.И.)—М.,1992
3. Халлықаралық бухгалтерлік есегі және аудит стандарттары (құрастырушы РапопортМ.М), — М., 1992
4. Бухгалтерлік есеп стандартына эдістемелік нұсқаулар.Қазақстан Республикасы-1997ж.
5. Вещунова Н.Л. Основы бухгалтерского учета (задачи и вопросы).Москва: Инфра-М, 1995
6. Гупало В.И. Шнейдман Л.З. Бухгалтерский учет. Сборник нормативных документов. Москва :Финансы и статистика, 1987
7. Жакипбеков С. Тауарлы-материалдық қорлар есебі: Оқу құралы.-Алматы. 2000
8. Ихданов Ж. Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану Алматы: Қазақстан, 1985
9. Козлова Е.П., Парашутин Н.В., Бабченко Т.Н., Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет. Москва: Финансы и статистика, 1994
10.Либерман Л.В. Учет материальных ценностей. Москва: Финансы и статистика, 1989

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ақшасыз есеп айырысулардың есебі.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ақшасыз есеп айырысулардың мәні, маңызы, сипаты ... ... ... .5

ІІ. Ақшасыз есеп айырысулдарды есепке алу нысандары ... ... ... ... .7

2.1.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..7

2.2.Инкассалық өкілдермен есеп айырысу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ...12

2.3.Чектермен есеп айырысу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...14

2.4.Векселдермен операциялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 32

Кіріспе

Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына
сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет
үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда
болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем
борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның
соңғы кезеңі - есеп айырысу.
Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз
нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар
арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған
банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.
Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында
қолданылатын заңдылықтар мен келісім шарттарда қарастырылған, клиентке
банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және
банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы
келісім шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-
кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот
ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк
клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны
есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-
қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақгағаны үшін пайыз төлейді және
шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.
Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық
төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке
түрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану
тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік
келісімшарт екі тарап келісетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.

І. Ақшасыз есеп айырысулардың мәні, маңызы, сипаты

Төлем мәні бөлігінде акша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат
атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ Код –төлем мәні бөлігінде - төлемнің
кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.
Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші
банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде
шетел валютасында ақша аударымына өтінішті (7-қосымша) ұсынады. Мұндай
өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем
құжаты болып табылады.
Алушы-банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның
жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен
аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап
етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі
бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау
күнін' көрсетеді.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының
акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік
шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен
байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.
Алушы-банк телем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын
орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс.
Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші қаржысының есебінен
немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.
Телем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:
-алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе
немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;
-алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде
ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді);
-төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде
алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту
туралы хабарлама алмаса;
Қазақстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-
банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген
жағдайларда.
Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем құжаттары
акцептелген болып саналады:
-бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жөнелтушіге
хабарласа;
-бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып,
жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны алса
(банктік шотты дебеттесе).

ІІ. Ақшасыз есеп айырысулдарды есепке алу нысандары.

2.1.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі.

Қазақстан Республикасы заңдылығымен немесе бенефициар
және бенефициар банк арасындағы келісімде қарастырылған
басқа да жағдайларда.
Төлем құжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы банк арасындағы
келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін.
Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін:
-егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен кам-
тамасыз ете алмаса;
-егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және алушы-
банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғау әрекетін бұзып
жолданса;
Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем
және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелері
және біздің Республиканың бекітілген төлем тапсырмасын құру және ұсыну
талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші
орындамаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары
орындалмаған жағдайда.
Егер алушы-банк төлем құжатын акцептеуден бас тартса, онда төлем
тапсырмасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жөнелтушіге тиісті жазбаша
немесе электронды хабарлама жолдауы тиіс. Ол үшін алушы-банк пен жөнелтуші
арасында қарсылық туралы хабарламаны женелту тәртібі қарастырылады, бұл
кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады.
Төлем құжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды:
-жөнелтушінің банктік шоты тұтқындалған болса немесе
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығына сәйкес
оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылса;
-егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасындағы көрсетілген деректемелер
сәйкес болмаса.
Егер бенефициар емес алушы-банк жөнелтушінің банктік шотында аударым
жасауға ақшалай қаржысы жеткілікті бола тұрып, төлем тапсырмасын орындамаса
және алушы-банк өзінің акцептен бас тартатындығын уақытында хабарласа, егер
бұл Қазақстан Республикасының заң актілерімен қаралмаса, онда араларында
болған келісімге сәйкес жөнелтуші аударым сомасының мөлшерінен айып
төлейді.
Мемлекеттің заң актілеріне, алушы-банк және жөнелтуші арасындағы келісімге
сәйкес, алушы банк төлем тапсырмасын акцептеуден негізсіз бас тартқандығы
үшін жауапқа тартылады.
Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен жүргізіледі:
жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге сәйкес,
акцептелген төлем тапсырмасының сомасына алушы банкке төлем жүргізуге және
санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға байланысты
шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бұл кезде жөнелтуші төлем
тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі
пайда болады. Алушы банкке жөнелтуші төлемі алушы банк жөнелтуші шотын
дебеттегенде жүргізіледі.
Төлем құжатын бюджет және басқа да ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен
заңдылығында қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері
қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25
қарашадағы № 133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет көрсетуші
банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне сәйкес).
Төлем кұжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі
корреспонденциясы құрылады:
1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда
келесі өткізбе құрылады:
-Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары ақша жөнелтуші
-Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары бенефициар
2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк
қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар
арқылы жүргізіледі:
-Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары Кт 1051 Банктің Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты Немесе Кт 1052
Банктің басқа банктердегі корреспондентгік есепшоты
3.Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық
ақы ұстайды:
-Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары Кт 4601 Банктің аударым
операциялар бойынша көрсеткен кызметі үшін есептелген комиссиялык кірістер
Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың жөнелтушіге жеткізілген өнім,
орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы
қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары
негізінде берген талабы (8-қосымша).
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар
банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада
ұсынылады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада (9-
косымша).
Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассолаушы
банк міндеттемесін алады.
Инкассолаушы банк міндеттемесі төлем талап-тапсырмасын инкассоға1 алумен
байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе колданыстағы заңдылық
негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассолаушы банк өзіне келесі
міндеттемелерді қабылдайды:
-төлем талап-тапсырмасын телемге немесе акцептке кезекті ұсыну;
бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы
төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;
-төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бене-
фициарға хабарлау.
Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассолаушы банк төлем талап-
тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей
қызметтің орындалуын анықтайды. Инкассоға инициатордан инкассолаушы банктің
төлем талап-тапсырмасын қабылдау инкассолаушы банктің операциялық күні
ағымында жүргізіледі және оны инкассоға қабылдау кезінде тізілімнің барлық
данасына күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші-банк аталған құжатта
төлем талап-тапсырмасын алған күні мен алу уақытын белгілейді.
Бенефициар банк барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын тексеріп, төлем
талап-тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы банк
белгісімен бенефициарға қайтарылады. Жөнелтуші-банк төлем талап-тапсырмасын
алып, оларды тіркейді, барлық данасына алу күнін (жоғары, оң жақтан) қояды
және акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды.

2.1. Инкассолық өкілдермен есеп айырысу есебі

Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алу
жүргізіледі, бұл кезде инкассолық өкім деп аталатын құжат қолданылады,
сондай-ақ салық қызметі және кеден ұйымдарының инкассолық өкімі
қолданылады.
Ақша жөнелтушінің банкіне акша өндіріп алу туралы сот анықтамасы
қаулыларының шешімдерінің, өкімдерінің, аталған өндіріп алуды сендіретін
сот бұйрығы немесе көшірмесі, атқарушы парақтар және бұйрықтарға қоса
инкассолық өкім ұсынылады. Салық қызметі органдары мен кеден органдарының
инкассолық өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Ұлттық банк бекітеді.
Инкассолық өкімде жөнелтуші келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алуға
құқық беретін заң актісінің сәйкес нөмірі мен күні көрсетіліп, төлем мәні
жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкассолық өкімінде
косымша бюджеттік жіктелу коды, операция түрі көрсетіледі. Бұл кезде
өндіріп алудың дұрыстығына, сондай-ақ ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақша
алуға негіз болған сілтемелерге өндіріп алушы жауапты. Банктер ақша
женелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық
білдірген арызын қарамайды.
Егер келісім акцептелмеген болса, онда ол акцепт мерзімі аяқталғанға
дейін қайтарылып алынады. Бұйрықты орындау немесе акцептелген бұйрықты
қайтарып алу оны алушы-банк орындағанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Жөнелтуші алушы банкке бекітілген бланк нысанында жазылған қайтарып алу
өкімін жолдау арқылы бұйрықты тоқтатуына болады. Қайтарып алу туралы өкімде
төлем құжатының күні, оның нөмірі, сомасы және алушы-банк бекіткен басқа да
деректемелері көрсетілуі тиіс. Электронды тәсілмен жолданған өкім,
жөнелтуші мен алушы-банк арасьшдағы бекітілген келісімге сәйкес
санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртібі сақталған жағдайда, жолданған
болып табылады. Қағаз жеткізушіде ресімделген төлем құжатын қайтару туралы
немесе оны тоқтату туралы өкімді төлем құжаттарын жөнелтуге өкілетті, төлем
құжаттарына қол қоюға құқылы тұлғалардың қолы және мөр болуы тиіс.
Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарынын талаптарына және
жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімге қайшы келетін бұйрықты
қайтару туралы өкімдерді қабылдамауы тиіс, Алушы-банк немесе бенефициар
банк төлем тапсырысын қайтару туралы өкімді уақтылы алмаса ақша аударымын
жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бүл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк
түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты
орындауды тоқтата тұру туралы өкім жөнелтушінің жолдауы арқылы тоқтатылуы
мүмкін.

2.3. Чектермен есеп айырысу есебі.

Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға
болады. Чек банк клиентінің (чек берунгінің) банкке ақша қаражатын өз
шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы блаштс жазылган
жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.
-Батыс тәжірибесінде чек кімніц есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше
түрге бөледі;
-арнайы - тек осы кісіге төлеңіз;
-ордерлік - осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз;
-ұсынушы - ұсынушыға төлеңіз.
Ордерлік чек - ұстаушыға индоссамент - жолдау жазу көмегімен басқа тұлғаға
ақшаны алу құқығын ұсынуға мүмкіндік береді. Индоссаменттің 4 түрі
қарастырылады.
-банктік индоссамеит. Чек ұстаушы чектің сыртына өз қолын қояды, оның
нәтижесінде чек ұсынушы құжаты болып табылады және әрбір заңды иесі ол
бойынша банктен ақша алады;
-атаулы индоссамент. Ұстаушы чек сыртына өз қолын қояды
және чек бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады;
-мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртында чекті
басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша
алу мүмкіндігін шектейді;
-айналымсыз индоссамент. Егер чекті ұстаушы чек төлен-
беген жағдайда арыз жасау мүмкіндігін болдырмауды немесе
шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде айналымсыз деген сөзді
қолданады.
Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолдануға байланысты
чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану туралы келісім
жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет
тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану
туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін.
Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген
чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен
банктік 2221 Клиенттердің арнайы салымдары шотында жүргізіледі, бұл
аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек кітапшаларын рәсімдеу
кезінде чек жіберуші банктін өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға
міндетті:
-чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның
жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;
-чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе
қойылған сыртқы бетін толтыруға:
-чек берушінің аты-жөні немесе атауы;
-чек берушінің (жеке тұлғалар ушін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның
(заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан
бергені;
-чек беруші банктің жеке банктік коды;
-чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);
-чек кітапшасын колдану мерзімі;
-чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу
жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып,
санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен
жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);
-чек кітапшасының берілу күні;
-өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;
Чек кітапшасының әрбір бланкіне:
-мөртаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке
кодын және оның атауын қоюға;
-чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе онық мүддесін
көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;
-салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін кою;
-чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек
кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және
мөр бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар құжатты
қабылдауға;
-чек кітапшаларын тіркеу журналына тиісті жазбалар
жасауға;
-чектерді колдану туралы келісімде көзделген жағдайларда
бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рүқсат етіледі.
Есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекітілген үлгідегі, чек
саны және чектермен есеп айырысуда қажетті жалпы сома көрсетілген өтінішті
ұсынады. Осы деректер иегізінде әр чек сыртында көрсетілген бір чек лимиті
койылады. Чек алуға өтініш кәсіпорын жетекшісінің, аға бухғалтердің қолымен
және мөрмен бекітіледі. Сонымен қатар, өтінішпен қоса клиент банкке аталған
ақша сомасын өзінің есеп айырысу шотынан 2221 Клиенттердің арнайы
салымдары шотына қосу үшін төлем тапсырысын әкеледі, бұл қаржылар
деттонирленген соң клиент бұл чектерді ала алады.
Бұл кезде мынадай өткізбе құрылады:
-Дт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
-Кт 2221 Клиенттердің арнайы салымдары
Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара есеп айырысу кезінде алынған тауарлы-
материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ басқа да
жағдайлар үшін қабылданады.
Чектер келесі түрлерге бөлінеді:
- есеп айырысу чек кітапшаларының чектері; аманатшының чек кітапшаларыныц
чектері.
Есеп айырысу чек кітапшаларының чектері занды тұлғалар арасында өзара есеп
айырысу үшін қолданылады.
Банк клиентке чекпен қоса сәйкестендірме карточка (чектік карточка)
ұсынады.
Чектік карточка клиентке санына қарамастан чек берілген әр кезекте бір
данада беріледі және әрбір берілген чек бойынша чек берушіні
сәйкестендіреді.
Егер кезекті чек беру кезінде лимит сомасы чек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Дебиторлық қарыздар, оның түрлері
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Есеп айырысу операцияларды және олардың жіктелуі
Дебиторлық берешектің есебі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Ақшалай қаражаттар және олардың элементтері
Кәсіпорынның ақша қаражатының есебі
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Пәндер