Абай Құнанбаев (1845-1904)



Абай Құнанбаев
(1845.1904)
Құнанбай ауыл шарасына толып емін.еркін елді билеп, бет қаратпай кең жайлау алқа көлде көшіп жүрген бір күзінде, шүйгін жер, үлкен қамысты көлдің жағасы Қасқабұлақта 1845 жылы ескіше 10 августа, Құнанбайдың Күнкеден кейін екінші әйелі, келіндей алған, тоқалы Ұлжан тағы бір ұл табады. Алғашқы ұлын Тәңірберді ( Тәкежан) қойыпты, ал кейін осы туған ұлының атын Ибраһим қояды. Шыр етіп жерге түскен нәрестебаланы қуанып қойнына салған әжесі Зере бәйбіше, Ибраһим деп атауға тілі келмей еркелетіп Абай атандырған. Үлкен шешесі Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден жалғыз Құдайбергенді туады, Құдайберді, Тәкежан екеуі де Абайдан үлкен болатын. Бұдан соңғы ел ішінде жер көріп жүргенде Жуан таяқ Қарабатыр ауылының Бекен дегеннің өңлі қызы . үшінші әйелі Айғыздан Халиолла (Халел) және Смағұл туады. Жасы егде тартып, қартайған кезде үйленген өте сұлу тоқалы Нұрғаным Бердіқожа қызынан бала болмайды. Абайдың « Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ»,. деуінің себебі осыдан. Абай әкесіне тартып тумайды. Екі шекесі торсықтай, маңдайы кере қарыс, көзі ботаның көзіндей, өңі қара торы, құлағы шұнақ болады, өзі орта бойлы, кеуделі болады. Жас кезінде ел аралаған бір сыншы Абайды көргенде:
Басы көнектей,
Бөксесі сенектей,
Екі құлағы шұнақтай,
Кеудесі аққан бұлақ екен..
депті. Шешесі Ұлжан Тұрпан қызы орта бойлы, қара торы, денелі, байсалды, мейірімді, мысқылшыо, тілді әйел болған. Ал әкесі Құнанбайдың мінезі мен келбеті мүлде өзгеше . ұзын бойлы, ақ сұр , көзі өткір, қатал, берік, мінезі бір ұрт, қайтпайтын, қайрымсыз болады.
Жас шағындағы Абайдың тәрбиесі әкеден көрі жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан және кәрі әжесі Зере бауырында өтеді. Кішкентай немересі Абайға аналық мейірімдері түскен Зере мен келіні Ұлжан оны «Абайым», « Абайжан» деп көздерінің қарашығындай мәпелеп өсіреді. Сондықтан да Абай әсіресе көп әйелді семьядағы отбасы, ошақ қасы ұсақ ұрыс, жаман әдеттерінен аулақта тәрбиеленеді. Бір жағынан әкесі Құнанбайдың тоң мойын, қатал, өзімшіл мінезі, екінші жағынан Зере мен Ұлжан сынды аналардың мейірімді, бауырмал, жұмсақ мінезі Абай өміріне қыс пен жаз сияқты болады. Үй адамдарының, ата. ананың басындағы әр түрлі мінездері Абайға жастайынан ой салады. Зерек, ұғымды, зейінді бала кішкене күнінен.ақ өз ауылында, ағайын.туғандар арасында, ел ішінде сан алуан тартыс, қым . қиғаш уақиғаларына сын көзімен қарап, өзінше мән беріп, өз ақылымен

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Құнанбай ауыл шарасына толып емін-еркін елді билеп, бет қаратпай кең жайлау алқа көлде көшіп жүрген бір күзінде, шүйгін жер, үлкен қамысты көлдің жағасы Қасқабұлақта 1845 жылы ескіше 10 августа, Құнанбайдың Күнкеден кейін екінші әйелі, келіндей алған, тоқалы Ұлжан тағы бір ұл табады. Алғашқы ұлын Тәңірберді ( Тәкежан) қойыпты, ал кейін осы туған ұлының атын Ибраһим қояды. Шыр етіп жерге түскен нәрестебаланы қуанып қойнына салған әжесі Зере бәйбіше, Ибраһим деп атауға тілі келмей еркелетіп Абай атандырған. Үлкен шешесі Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден жалғыз Құдайбергенді туады, Құдайберді, Тәкежан екеуі де Абайдан үлкен болатын. Бұдан соңғы ел ішінде жер көріп жүргенде Жуан таяқ Қарабатыр ауылының Бекен дегеннің өңлі қызы - үшінші әйелі Айғыздан Халиолла (Халел) және Смағұл туады. Жасы егде тартып, қартайған кезде үйленген өте сұлу тоқалы Нұрғаным Бердіқожа қызынан бала болмайды. Абайдың Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ,- деуінің себебі осыдан. Абай әкесіне тартып тумайды. Екі шекесі торсықтай, маңдайы кере қарыс, көзі ботаның көзіндей, өңі қара торы, құлағы шұнақ болады, өзі орта бойлы, кеуделі болады. Жас кезінде ел аралаған бір сыншы Абайды көргенде:
Басы көнектей,
Бөксесі сенектей,
Екі құлағы шұнақтай,
Кеудесі аққан бұлақ екен.-
депті. Шешесі Ұлжан Тұрпан қызы орта бойлы, қара торы, денелі, байсалды, мейірімді, мысқылшыо, тілді әйел болған. Ал әкесі Құнанбайдың мінезі мен келбеті мүлде өзгеше - ұзын бойлы, ақ сұр , көзі өткір, қатал, берік, мінезі бір ұрт, қайтпайтын, қайрымсыз болады.
Жас шағындағы Абайдың тәрбиесі әкеден көрі жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан және кәрі әжесі Зере бауырында өтеді. Кішкентай немересі Абайға аналық мейірімдері түскен Зере мен келіні Ұлжан оны Абайым, Абайжан деп көздерінің қарашығындай мәпелеп өсіреді. Сондықтан да Абай әсіресе көп әйелді семьядағы отбасы, ошақ қасы ұсақ ұрыс, жаман әдеттерінен аулақта тәрбиеленеді. Бір жағынан әкесі Құнанбайдың тоң мойын, қатал, өзімшіл мінезі, екінші жағынан Зере мен Ұлжан сынды аналардың мейірімді, бауырмал, жұмсақ мінезі Абай өміріне қыс пен жаз сияқты болады. Үй адамдарының, ата- ананың басындағы әр түрлі мінездері Абайға жастайынан ой салады. Зерек, ұғымды, зейінді бала кішкене күнінен-ақ өз ауылында, ағайын-туғандар арасында, ел ішінде сан алуан тартыс, қым - қиғаш уақиғаларына сын көзімен қарап, өзінше мән беріп, өз ақылымен топшылай бастайды. Әкесі Құнанбай тарапынан болып жатқан қатал мінезді байымдап бірте-бірте жирене түседі.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде де, тұрмысында да патриархалық дәстүр басым болғандықтан халықтың дамуы артта, мешеулікте қалды. Ел қамын ойлап, ел бірлігін көздеген ел иесі болмады. Керісінше жеке рулар, аталар бірімен бірі жауласқан болды. Олар жерге, қонысқа, мал өрісіне, жайлауға, суға таласты. Әлді бай, жуан, ауыл, күшті рулар кедейлерді, әлсіз ауыл нашар руларды ықсырып жаз қонысын, қыс қыстауларын тартып алып жатты. Осының салдарынан жер дауы, жесір дауы, барымта, құн сияқтыру қоғамына тән қайшылықтар, леді жегідей жеп жатты. Бұл жайлар елдің рухани күшін әлсіретіп, әлеуметтік сана-сенімінің оянуына зор бөгет болып отырса, халықтың да ілгері басуына тұсау болды.
Міне Абайдың балалық шағындағы қазақ елінің әлеуметтік түрсипаты осындай болытын. Зерек бала өз айналасындағы жан түршігерлік қайғылы қалдері көзімен көрді, алыстағыны құлағымен естіді. Сондықтан өзі туған ортадан көріп- білген өмір шындығы өсе келе творчестволық еңбегінде көп орын алды. Ол балакүнінде-ақ ескі әдеп-ғұрыптың шірік салтына қабағын түйе қарап, жабырқай түсті. Халықтың тұңғиыққа батырып, тұншықтырып отырған мылқау күштер елдің еңсесін көтертпейтін дерт екенін Абай сезе бастады. Сол мылқау күштің ұйтқысы болған әкеге Абай өзге балалардай қарамады, әкеден гөрі, елге, халық қамына, ел мүддесіне бейімдеоді. Әке қойнынан кәрі ана төсегі - туған отанын әлде қайда артық санады, еліне еңбек етуді негізгі өмірлік мақсат деп санады.
Бірақ, әкесі Абайға өзгеше қарады, ол болашақ ақыл иесі дарынды баланы ерте таныды, менің орнымды басса, менің жолымды қуып, туымды ұстаса осы Абай ұстайды деген сенім өте күшті болды. Сондықтан оны өз мүддесіне сай етіп тәрбиелеу мақсатын көздеген Құнанбай Абайды 10 жасынан ауылдағы Ғабитқан моллаға оқытты.одан соң Семей қаласындағы Ахмет Риза деген имамның медресесіне оқуға түсірді. Абай медреседе 3 жыл оқыды, бірақ медресе оқушыларға терең білім бере алмады. Басын қатырды. Медресе жөніндегі сол кездегі патша өкіметінің есепті мәліметінде бұл жағдайды мойындап: Адамдар уақыттың көбін құранды оқып жаттаумен өткізеді. Тек анда-санда, оқтатекте шығыстың классик ақындарының шығармаларымен, және араптың оқу кітаптарындағы есеп, география, тарих пәндерімен үстірт танысады.бірақ бұл пәндердің медреседе оқытылу түріне қарағанда зор қиыншылықпен ғылымның маңызын аңғаратын еді. География болса әрқилы түсініксіз мәліметтермен толтырылған, тарих кітабында да мұсылман жұрттары туралы ертегі, лақаптар арқылы олардың ұлы келешегін бояп, көптіріп көрсету, есеп болса арифметикалық төрт амалын шығарудан басқа ештеме айтылмаушы еді- дейді.
Абай қаладағы тұрғын халықтар мен қыр сахарасындағы көшпелі қазақ ауылдарының тұрмысындағы үлкен айырмашылықты да аңғарды. Қазақ тұрмысына біртіндеп ене бастаған орыстың өндіріс заттарын шойыннан, мыстан, шыныдан жасалған ыдыстар, мата, шам, сағат, самоварларды, сол тәрізді толып жатқан бұйымдарды әкесі Құнанбай аулынан көріп еді. Бірте - бірте сол кезде сауда орталығына айналған Семей қаласындағы орыстардың өзгешелігімен танысты. Осы танысу оған зор әсер етті. Әтең орыс тілін үйренсем-ау, орысша оқысам-ау деген игі тілекті. Көкседі. Ол арманына өз бетімен, өз талабымен ғана жететіне сенді, ешкімге ақылдаспай-ақ Ахмет Ризаның медресесінің қатал тәртібін бұзып, жасырын бір жағынан орыс мектебіне оқуға кірді, аз уақыт оқыса да өзіне біткен ақылдылық , даналық, зеректік арқасында орыс тілін тез үйренді. Орыс мектебіне түсу ұлы ақынның келешектегі өмір жолының қақпасын ашқандай болды. Абай қайта медресені қөқсеген жоқ, ол келешекті дұрыс болжаған саналы жас медресемен мүлде қош айтысты, ескі ақындармен, қайраткерлерше шығысқа сүйеніп оны бетке ұстауынан бас тартты, ол орыс халқының мәдениетіне бет бұрды. Өйткені артта қалған шығыстан, алдыңғы қатардағы орыс елінің мәдениеті басым екенін сол күнде-ақ сезді.
Абай ертеден-ақ сөзге шешен, біреудің кемшілігін дәл көргіш, қолма-қол сынап, бетіне айтып салатын мысқылшыл болады. Жастық шағында сері жігіт, құсбегі болғаны да мәлым.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім,-деді.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) жайлы ақпарат
Абай дана Абай дара
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Абай Құнанбаев - өмірі, шығармашылығы
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Абай Құнанбаев-ақын
Абайтану ғылымы
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Абай Құнанбаев
Пәндер