Туризм түсінігінің қалыптасуы мен туристік саланың дамуы



Туризм түсінігінің қалыптасуы мен туристік саланың дамуы
"Туризм" және "турист" деген терминдер әдебиет беттерінде XVII ғасырдың соңында пайда болды, XIX.XX ғасырларда кең қолданыла бастады. Біршама зеттеушілердің айтуы бойынша, "туризм" сөзі латынның "TOURUARE" . айналу және француздың "TOURISME", "TOUR" . яғни серуен, сапарға шығу деген мағына білдіретін сөздерінен шыққан. Солай бола тұрса да, ең алғаш бұл сөз XVIII ғасырда Британ аралында осы елге келетін англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Франция, Англия, Германия жастарының оқуларын толықтыру үшін жіберіліп тұрды. Саяхатты "grand tour" десе, саяхатшыларды туристер деп атаған.
Берлиннің туризмді зерттеу институтының журналында "Arhiv fur Fremdenverkehr" (1930.1931 ж.ж) атты мақаланың алғы сөзінде ресми түрде ғылыми әдебиетте "туризм" деген түсінік XX ғасырдың 30.жылдарында пайда болды.[ 1 ] Туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде оған берілген әртүрлі анықтамаларды кезіктіруге болады. Мысалы, В.Унцикер туризм деп тек табыс табуға арналмаған, тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар "әртүрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды да" туризмге жатқызды. КСРО.да бірінші болып 1952 жылы В.В Добкович: "Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезеңдерінде біздің еліміздің әртүрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери ескерткіштерімен танысуды айтамыз",. деп туризмге қазіргі уақытқа лайықты анықтама берген болатын.
Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы Үлкен Кеңестік Энциклопедия берді:
"туризм . бос уакыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы". XX ғасырдың 30.жылдары поляк географы С.Лещинский туризм туралы түсінікті толықтап, "туристік.сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы", . деп анықтама берді.
Туризм географиясы облысына еңбегін сіңіріп, атағы шыққан В.С.Преображенскийдің айтуынша, "туризм" термині арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Туризм түсінігінің қалыптасуы мен туристік саланың дамуы
"Туризм" және "турист" деген терминдер әдебиет беттерінде XVII ғасырдың соңында пайда болды, XIX-XX ғасырларда кең қолданыла бастады. Біршама зеттеушілердің айтуы бойынша, "туризм" сөзі латынның "TOURUARE" - айналу және француздың "TOURISME", "TOUR" - яғни серуен, сапарға шығу деген мағына білдіретін сөздерінен шыққан. Солай бола тұрса да, ең алғаш бұл сөз XVIII ғасырда Британ аралында осы елге келетін англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Франция, Англия, Германия жастарының оқуларын толықтыру үшін жіберіліп тұрды. Саяхатты "grand tour" десе, саяхатшыларды туристер деп атаған.
Берлиннің туризмді зерттеу институтының журналында "Arhiv fur Fremdenverkehr" (1930-1931 ж.ж) атты мақаланың алғы сөзінде ресми түрде ғылыми әдебиетте "туризм" деген түсінік XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болды.[ 1 ] Туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде оған берілген әртүрлі анықтамаларды кезіктіруге болады. Мысалы, В.Унцикер туризм деп тек табыс табуға арналмаған, тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар "әртүрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды да" туризмге жатқызды. КСРО-да бірінші болып 1952 жылы В.В Добкович: "Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезеңдерінде біздің еліміздің әртүрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери ескерткіштерімен танысуды айтамыз",- деп туризмге қазіргі уақытқа лайықты анықтама берген болатын.
Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы Үлкен Кеңестік Энциклопедия берді:
"туризм - бос уакыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы". XX ғасырдың 30-жылдары поляк географы С.Лещинский туризм туралы түсінікті толықтап, "туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы", - деп анықтама берді.
Туризм географиясы облысына еңбегін сіңіріп, атағы шыққан В.С.Преображенскийдің айтуынша, "туризм" термині арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:
- демография мен халық географиясы және әділет ғылымы оқитын халық қозғаласының ерекше түрі;
- экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік- мәдени қажеттілігін өтейтін салалардың біреуі;
- социология мен рекриациялық география айналысатын тұрақты жерден бос уақытты өткізудің түрі.
Қазіргі туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін - жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.
Тарихи даму процесінде "туризм" және "турист" деген түсінікке біраз өзгерістер енгізілді. Қазіргі халықаралық туризмде "тур" сөзі алдын-ала жоспарланған маршыруты, мерзімі, көрсететін қызметтер тізбегі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді. Практикалық жағынан туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы "турист " деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сұрыптау Комитеті берді (1937 ж). Ол халықаралық түсінікке ие болды және аз түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары "турист" ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950ж; Лондон, 1957 ж), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963 ж), туризм туралы парламент аралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989 ж) талқыланды. Бұл оның теориялық және практикалық жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болуы керектігін көрсетеді.
Ағылшын тілінің вэбстерлік сөздігі tourist сөзіне "өз ләззаты үшін және мәдени ой-өрісін жоғарлату үшін саяхаттайтын адам", - деген түсініктеме берді.
Қазіргі шақта халықаралық тәжірибеде кең қолданылып жүрген анықтама 1963 жылы Рим конференциясында енгізілген және Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) қолдаған келесі анықтама: "Туристер - бұлар өзінің тұрақты елі емес, ақша табатын іс- әрекеттермен айналыспайтын, басқа бір елге қандай да болмасын бір мақсатпен келуші адамдар". Бұл анықтама мыналарды қамтиды:
- туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды атайды және олардың саяхат жасау мақсаттарын мынандай топтарға бөлуге болады: а) бос уақыттарын көңіл көтеруге, каникулға, оқуға, спорт немесе діни қажылыққа пайдалану; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен немесе конференцияға келушілер.
- экскурсанттар немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз болатындар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда).
Ал, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13-маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңында төмендегідей анықтамалар берілген:
"Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты".
"Турист - жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналаспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға".
Жалпы туристік терминдер мен түсініктердің дәл мағынасын анықтаумен әртүрлі ұйымдар, олардың ішінде Ұлттар Лигасы, БҰҰ, ДТҰ және экономикалық даму мен әріптестік ұйымы айналысады.
Қорыта айтқанда, туризм адамның саяхаттауға, демалуға, экскурсияға шығуға және т.б деген қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған. Сонымен, адамдардың бос уақытының кезеңдік және обьективті шегін кеңейту, оны мазмұнды және пайдалы демалыспен толықтыру, жалпы ой-өрісті дамытуда туризмнің басты мақсатын көреміз. Саяхаттың көптеген ғасырлық тарихы, географиялық ашулар, жаңа аудандарды өндірістік игеру, әлемдік шаруашылық байланыстың кеңейуі нәтижесінде көптеген ғылыми әдебиеттер, күнделіктер, есеп берулер жиналды. Олар адамның мәдениет, техника және ғылымның әртүрлі салаларында білімінің толығып, шыңдалуына негіз болды.
Туризм тарихы дегеніміз - саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап, күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В.Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде. Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973ж) бөлген кезеңдері келтірілген:
1) XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм
а) ежелгі туризм
б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм
в) XVII және XVIIIғасырлардағы туризм
2) XIX - XX ғасырлардағы - II Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм
3) Қазіргі заманғы туризм
Дегенмен, туризмнің даму тарихын кезеңдерге бөлу жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны туризмнің даму тарихын 4 ірі кезеңдерге бөлу. Олар:
− Көне заманнан XIX ғасырдың басына дейінгі кезең немесе "туризм тарихының алды" деп атайды;
− XIX ғасырдан XX ғасырдың басыны дейінгі "элитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Туризм менеджментінің тиімділігі
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Туризм пәнінің мақсаты мен міндеті
Туризмнің даму тарихы
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Іскерлік туризм туралы
Туризмнің терең тарихы
Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Пәндер