Дене пропорциясы мен өлшемі



Педиатрлар балалардың дене дамуын бақылап, оның өсу деңгейін қадағалайды. Бұл дәрігерлерге балалардың дене дамуын басқа балалардың өсу деңгейімен салыстырып, мәлімет алу мақсатында алынған нәтижелерді белгілі бір топқа жатқызуға және даму барысындағы кемшіліктерді көрсететін мөлшерден тыс ауытқуларды анықтауға көмектеседі. Даму мәселелерімен шұғылданатын психологтар да биологиялық өсу жағына назар аударады, алайда оларды биологиялық өсу жаңа дағдыларды меңгерумен қаншалықты байланысты екені қызықтырады.
Өсу ерекшеліктері туралы негізгі тұжырымдар ешқашан бір балаға ғана арналып жасалмайтынын есте ұстаған жөн. Кез-келген баланың өсуі оның геніне, оның тамақтануына, ойын мен дене жаттығуына қанша уақытын арнайтынына байланысты. Біз 4-тараудан көргеніміздей, азықтық заттардың ұзақ уақыт жетіспеуі балалардың дене және моторлық дамуына көп әсер етеді. Ерте балалық кезеңдегі жеткіліксіз тамақтану баланың когнитивті дамуына тікелей жіне жанама ықпал етеді. Бұл жағдай қарапайым бірізділікке қарағанда күрделірек, яғни толыққанды тамақтанудың жеткіліксіздігі – ми жасушаларының бұзылуы – когнитивті дамудың тежелуі. Жеткіліксіз тамақтану ми жасушаларының бұзылуына ақиқат себеп болады, оның қайта қалпына келуі де, келмеуі де мүмкін. Алайда ол өзгермелі және реципрокті процеске жол береді, оның барысында бала баяу дамиды және қоршаған ортаны аз зерттеп, одан аз үйренеді, осы арқылы когнитивті даму баяулайды. Сонымен қатар жеткіліксіз тамақтану дене өсуі мен негізгі дағдылардың дамуын тежейді, ол ата-ананың күткен үмітін ақтамайды, яғни когнитивті дамуды тежейді.
Дене пропорциясы. Балалық кезеңде дене пропорциясы кенеттен өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, жаңадан туылған сәбилердің басы дене бөлігінің төрттен бірін құрайды. 16 жасқа қарай басы өз көлемінен екі есе өскеніне қарамастан бойының сегізден бір бөлігін ғана құрайды. Дененің

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Дене пропорциясы мен өлшемі

Педиатрлар балалардың дене дамуын бақылап, оның өсу деңгейін
қадағалайды. Бұл дәрігерлерге балалардың дене дамуын басқа балалардың өсу
деңгейімен салыстырып, мәлімет алу мақсатында алынған нәтижелерді белгілі
бір топқа жатқызуға және даму барысындағы кемшіліктерді көрсететін
мөлшерден тыс ауытқуларды анықтауға көмектеседі. Даму мәселелерімен
шұғылданатын психологтар да биологиялық өсу жағына назар аударады, алайда
оларды биологиялық өсу жаңа дағдыларды меңгерумен қаншалықты байланысты
екені қызықтырады.
Өсу ерекшеліктері туралы негізгі тұжырымдар ешқашан бір балаға ғана
арналып жасалмайтынын есте ұстаған жөн. Кез-келген баланың өсуі оның
геніне, оның тамақтануына, ойын мен дене жаттығуына қанша уақытын
арнайтынына байланысты. Біз 4-тараудан көргеніміздей, азықтық заттардың
ұзақ уақыт жетіспеуі балалардың дене және моторлық дамуына көп әсер етеді.
Ерте балалық кезеңдегі жеткіліксіз тамақтану баланың когнитивті дамуына
тікелей жіне жанама ықпал етеді. Бұл жағдай қарапайым бірізділікке
қарағанда күрделірек, яғни толыққанды тамақтанудың жеткіліксіздігі – ми
жасушаларының бұзылуы – когнитивті дамудың тежелуі. Жеткіліксіз тамақтану
ми жасушаларының бұзылуына ақиқат себеп болады, оның қайта қалпына келуі
де, келмеуі де мүмкін. Алайда ол өзгермелі және реципрокті процеске жол
береді, оның барысында бала баяу дамиды және қоршаған ортаны аз зерттеп,
одан аз үйренеді, осы арқылы когнитивті даму баяулайды. Сонымен қатар
жеткіліксіз тамақтану дене өсуі мен негізгі дағдылардың дамуын тежейді, ол
ата-ананың күткен үмітін ақтамайды, яғни когнитивті дамуды тежейді.
Дене пропорциясы. Балалық кезеңде дене пропорциясы кенеттен
өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, жаңадан туылған сәбилердің басы дене
бөлігінің төрттен бірін құрайды. 16 жасқа қарай басы өз көлемінен екі есе
өскеніне қарамастан бойының сегізден бір бөлігін ғана құрайды. Дененің
төменгі бөлігінің тез ұзаруы ерте балалық кезеңнен басталады, балалар бұл
кезде сәбилікпен байланыстыратын дене толықтығын біршама азайтады. Дене
пропорциясының өзгеруімен қатар 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларда дене
салмағы мен бойы тез өседі. Осы кезең барысында дені сау балалар жыл сайын
салмағына 2 кг, бойына 8 см қосады. Алайда дене дамуының басқа да
бөліктеріндегідей олар ерте балалық кезіндегі қосқан граммдары мен
сантиметрлері саны мен бойының өсу қарқыны бойынша өте ерекшеленетінін
ескеру керек. Ата-анасына баланың тамақтануын күшейтіп және дене
жаттығуларымен күштеп шұғылдандырып өз балаларының өсуін жылдамдатудың
қажеті жоқ.
Баладағы ауырлық орталығы ересек адамға қарағанда жоғары орналасқан,
оның денесінің жоғары бөлігінің салмағы басым. Осы аталған себептен балаға
өз денесінің қимылын басқару қиынырақ. Олар тез тепе-теңдігін жоғалтады,
жүгіргенде тоқтап, құламай қалуы сирек. Үлкен допты қағып алуы мен оны
тартып алуға қарсылық көрсетуі де қиын. Баланың дене бітімі өзгеруіне қарай
ауырлық орталығы жамбас бөлігіне қарай ауысады.
Қаңқаның дамуы. Баланың сүйек жүйесінің дамуы оның дене күшінің өсуіне
байланысты дамиды. Сүйектер оның туылғанға дейін басталып және жұмсақ
тіндерді немесе кеміктерді сүйекке айналдыратын оссификация процесі арқылы
жасалып дамиды. Сүйек жетілудің қай сатысында екенімен анықталатын қаңқа
жасы саусақ сүйектерін рентгенге түсіру арқылы бағаланады. Рентген
түсірілімі сүйектердің оссификациясын немесе есею дәрежесін көрсетеді.
Жасына толған балаларда қаңқа жасында 4 жылдық айырмашылық болуы мүмкін.
Мысалы, 6 жастағы балаларда ол 4 пен 8 жастың арасында өзгеруі мүмкін.

Бас миының дамуы

Нейрондардың, яғни жүйке жүйесін құрайтын 100 немесе 200 миллиард
айрықша жасушалардың дамуы эмбриондық және фетальдық кезеңде бастау алып,
туылатын кезде аяқталады. Нейрондардың ажырау қызметін орындайтын және
жүйке импульсін беру тиімділігін арттыратын глиальды жасушалар өмірінің 2-
жылы барысында өсуін жалғастырады. Нейрондар мөлшерінің, глиальды жасушалар
санының және синапстар күрделілігінің тез өсуі (байланыстың нейрон аралық
аумағы) сәбиліктен бастап 2 жасқа дейінгі кезеңде мидың қарқынды дамуына
себеп болады, ол бүкіл ерте балалық жас бойында дамуын (өсу екпінін сәл
азайтып) жалғастырады. Мидың қарқынды дамуы біршама икемділік немесе
пластикалық уақыты болып табылады, оның барысында бала ересек жасындағыға
қарағанда ми зақымдануынан кейін тез және үлкен сенімділікпен қалпына
келеді, ересектерде пластикалық қасиет болмайды.
Ерте балалық жаста болатын орталық жүйке жүйесінің жетілуі (ОЖЖ) де
миелинизацияны (ажыратушы жасушалар – миелинді қабықшалардан қорғаныс
қабатының түзілуі, ол ОЖЖ-ның тез әсер ететін жолдарын жабады) қарастырады.
Жүйке рефлекстері мен көру мүшелерінің өткізгіш жолдарын миелинизациясы
ерте балалық кезеңде өтеді. Бұдан кейін іс-қимыл жолдарының қорғанысы
артады, ол күрделі іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін қажет, ең соңында
зейінді, көру-үйлестіруді, есте сақтау мен үйренуді басқаратын талшықтар,
жүлгелері мен құрылымдарының қорғанысы артады. Бас миының дамуымен қатар
ОЖЖ-нің жалғасқан миелинизациясы мектеп жасына дейінгі және одан кейінгі
жастағы баланың когнитивті және қимылдық қабілеті мен сапасының өсуімен
реттеледі.
Сонымен қатар әр баланың керемет жинақтаған тәжірибесі нәтижесінде
жүретін мамандану бірнеше нейрондардың синапстар санын арттырады және
жояды, немесе басқа синапстарды көшіреді. Элисон Гопник пен оның
әріптестері түсіндіргендей, жаңа туылған сәбидің миындағы нейрондар орташа
алғанда 2500 синапс шамасында болады, ал 2-3 жасқа қарай әр нейронның саны
ең шектік шама – 15 000-ға жетеді, ол өз кезегінде ересек адамның миы үшін
көп саналады. Зерттеушілер былай дейді:
Біз есейгенде бұл жүйке жүлгелері қандай күйде болады? Ми синапстар санын
тұрақты көбейтпейді. Оның орнына ол көптеген қажетті байланыстарды құрайды,
сосын оның көпшілігін жояды. Ескі байланыстарды жою жаңа байланыстар құру
сияқты өте маңызды құбылыс. Көптеген мәліметтер тасымалдайтын синапстар
күшті келеді және әлсіз синаптикалық байланыстар үзілгенде олар
өміршеңдігін сақтап қалады. 10 жас пен пубертат жасының басталуы аралығында
ми өзінің ең әлсіз синапстарын аяусыз жойып, тек тәжірибеде пайдалылығы
дәлелденген синапстарды ғана сақтап қалады.
Мидың ерте дамуы туралы білімнің пайда болуы көптеген зерттеушілерді
когнитивті қабілеттің бұзылуының, материалдық жағдайы төмен және білім алу
мүмкіндігі аз ортада өмір сүруі салдарынан дамуының тежелуі пайда болу
қаупі жоғары аймақтағы балаларға арналған түзету іс-шаралары ең ерте сатыда
басталуы тиіс. Мысалы, Head start (басты старт) дәстүрлі бағдарламасы
мидың мүмкіндіктер терезесі деп аталатын кезең барысында, яғни өмірінің
алғашқы 3 жылы барысында басталады. Крег, Шэрон Рэмей мен оның әріптестері
жас сәбилер қатыстырылған басты жобалар кеш басталған интервенцияға
қарағанда жақсы әсер етеді деген пікірге келді. Әрине осы және басқа
авторлар бұл жағадайда ең бастысы сапа екенін ескертеді. Балалардың арнайы
орталықтарға баруы үздік нәтижелер көрсетуіне себеп болады, бұл амалды бала
мен отбасының өмір сүруіне, әлеуметтік және когнитивтік дамуына,
денсаулығына байланысты дұрыс тамақтану және де басқа қажеттіліктері
саласында жеткілікті пайдалану керек. Бағдарламадан өтуі бойынша алынған
басым нәтижелер көлемі Рэмей зерттеушілерінің пікірінше мынадай факторларға
байланысты болып келеді.
• Өмір сүру ортасының мәдениеті бағдарламасы баланың даму деңгейіне
сәйкес келуі.
• Сабақ кестесі.
• Оқытудың қарқындылығы.
• Тақырыптың ауқымы (бағдарлама көлемі).
• Жеке қауіптің немесе бұзылуының бағдары.
Бұл өмірінің алғашқы 3 жылы қиын кезең дегенді білдірмейді және
аталған кезең өтісімен терезе жабылып қалады деген сөз емес. Ересек жастағы
жүретін сапалық өзгерістер де пайдалы және көптеген зерттеушілер айтып
кеткендей үйрену мен соған сәйкес мидың дамуы бүкіл өмір бойы жалғасады.
Мидың ерте дамуы туралы біздің білімімізді жетілдіру барысында кез-келген
бала үшін оның қандай тәуекел тобына жататынына қарамастан алғашқы 3 жылдың
маңызды екенін білеміз. Зерттеушілер аталған кезеңнің қай сәтінде қандай
бастан өткерулер мен жинақтаған тәжірибелердің маңызы зор екені туралы
тұжырым жасағанға дейін ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам денесінің пропорциясы
Адамның дене құрылысы
Адам денесінің морфологиялық белгілері. Пропорциясы, дене бітімі, келбеті
Антропология ұғымы
Өлшемдік антропологиялық стандарттар
Дене бітімі
Адам денесінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы
Арнайы сурет
Стиль және сән
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Пәндер