Меншік түрінің эволюциясы



Кіріспе

І.тарау. Меншік құрылымы және оның заңдылықтары
І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұны
І.2. Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу формалары
І.3. Меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету Механизмі

ІІ.тарау. Меншік түрінің эволюциясы
ІІ.1. Экономиканы трансформациялау бағыттары туралы
ІІ.2. Меншік түрі және меншік қатынастарын жаңартудың теориясы мен практикасы
ІІ.3. Қ.Р. жекешелендірудің іс.тәжірибелік мәні және маңыздылығы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Меншік заңдары, меншік түрінің эволюциясы

Мазмұны:

Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------
3

І-тарау. Меншік құрылымы және оның заңдылық-
тары------------------------------- ------------------------------
5

І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық
мазмұны ----------------------------------- -------------------------5.

І.2. Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу форма-
лары------------------------------- ----------------------------
13

І.3. Меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету
Механизмі-------------------------- -------------------------21

ІІ-тарау. Меншік түрінің эволюциясы ----------------33

ІІ.1. Экономиканы трансформациялау бағыттары
туралы----------------------------- ------------------------33

ІІ.2. Меншік түрі және меншік қатынастарын жаңартудың
теориясы мен практикасы------------------------- ---------41

ІІ.3. Қ.Р. жекешелендірудің іс-тәжірибелік мәні және
маңыздылығы ----------------------------------- -------------52

Қорытынды-------------------------- ------------------------64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------69

Кіріспе
Экономикалық теория және қоғамдық практика үшін бүгінгі күні аса
маңызды өзекті мәселелердің бірі - өркениетті рыноктық қатынастардың
негізін қалаушы меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері болып табылады.
Адамзат қауымының әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын,
соған сәйкес іс-әрекет ететін әлеуметтік құралдардың бірден-бірі меншік
құбылысы.
Меншік экономикасының және экономикалық теориясының ең маңызды, әрі
күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл
қоғамдық қондырғыны қамтитын объективтілік қатынас ретінде экономика, құқық
бойынша ойшылдарды бұрында қызықтырған. әртүрлі өркениет өкілдері
“Экономикалық билік кімге тиеселі?”дгенен сұрақтарға әрқашанда көңіл
бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына бірегей меншік кез-келген
экономикалық құрылымның, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықтағы өзара
тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау
және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы
тиіс. Мұндай талап ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда
көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп өзінің билігі шеңберінде қолдайды, әрі
қолданады.
Біздің дәуіріміздің ерекше этапы XX ғасырдың 20 жылдары басталған
социолистік эксперименттердің ғасырдың соңына қарай бұрынғы Кеңестер Одағы
және Шығыс Еуропа елдерінде дағдарысқа ұшыпап, тарихи сахнадан кетуімен
анықталады. Жетпіс жылдан астам кеңестік дәуір тарихымыздың жалғасы іспетті
орасан зор қоғамдық күйзелістен шығудың бірден-бір жолы рыноктың
экономикасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жолда меншікті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды қатынастар жүйесіне бұрын-
соңды болмаған әлеуметтік өзгерістерді алып келді. Экономикалық теория
ғылымы тұрғысынан қоғамдық құрлыс дағдарысынан, әміршілдік экономикалық
жүйеден туындайтын, прогрессивті дамуға кедергі келтіріп жүрген “байырғы”
үлгілерге жататын бірқатар мәселелер бар.
Мәселен, социализм деп дәріптеген қоғамда барлығы халықтікі деп
меншікті мемлекеттендіру, бір орталықтан әкімшілік әдіспен басқарылатын
экономикалық жүйе адамдардың қоғамдық байланысқа деген бейтараптық
көзқарсын жоғарғы денгейлерге дейін жеткізіп күшейтті. Еңбекті ұйымдастыру,
басқару жүйесі әміршілдік сипатқа ие болып “бір адам еңбектеніп, жетеуі
бақылаушы” болатын жүйе қалыптасты. Осы себептерден еңбек өнімділігі,
сондай-ақ өндіріс тиімділігі көрсеткіштері төмендеп қана қоймай, құлдырау
траекториясына түсіп кетті. Бұл процестер теңгермешілік қағидаларының теріс
салдарымен үдемелі түрде күшейе түсті.
Еңбекте атқарылуы тиісті жұмысқа ынталылық күрт төмендеді. Осының
әсерінен халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру, қажеттіліктерінің
қанағаттандырылуы дәрежесі кеміп, дамыған елдерден анағұрлым төмен денгейде
қалыптасты.
Біздің таңдап алған бітіру жұмысының өзектілігі жоғарыда келтірілген
пайымдаулар арқылы дәлелднді деп санаймыз. Бітіру жұмысының негізгі міндеті
меншік заңдары әрекетін және меншіе түрінің эволюциясын айқындау болып
табылады.
Бірінші тарауда меншік құрылымы және оның заңдылықтарын анықтап
көрсету, срның ішінде
- “меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұнын ашып
дәлелдеу;
- меншік заңдары мен шаруашылық жүргізу формаларын айқындау;
- меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет механизмінің қызхметін
сараптау мәселелері туралы жазылатын болады.
Екінші тарауда меншік түрінің эволюциясын талдап көрсету барысында
- экономиканы трансформациялау заңдылықтары;
- меншік түрлері және меншік қатынастарын жаңартудың теориялық
негіздері;
- Қазақстан Республикасында жекешелендірудің іс-тәжірибелік мәні
және маңыздылығы туралы ой-пікірлерімізді ортаға салмақпыз.
Қоғамдық жүйені түбірімен өзгертетін меншік қатынастарының
диалектикасының қайшылықты даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, шиеленіскен
дағдарысы мен оның иелерін табу, яғни меншіктеу, жекешелендіру арқылы
өндіріс нәтижелеріне мүдделі шаруашылық жүргізуші тұлғаларды анықтап табуды
мұрат етеді.

І-тарау. Меншік құрылымы және оның заңдылықтары.

І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұны.
Меншік түсінігі көп қырлы, терең түсініктердің қатарына жататыны
белгілі, сондықтан оны тек қана экономикалық емес, сонымен бірге
философиялық, тарих, құқық және саясаттану ғылымдары да зерттейді.
Сондықтан да меншік қатынастары жүйелі түсінік болып табылады. Осыған
байланысты әр бір қоғамдық ғылымдар қарстырылып отырған категория мазмұнына
өзіндік сипат береді де терминологиялық көп түсінік пайда болып, проблемены
шешу қиыншылықтары туындайды. Мысалы, “Меншік құқығын” заң ғылымының
анықтамасы қоғамдық мақсаттарға сәйкес өзгереді. “Меншік”түсінігі саяси
жағдайларға байланысты да көптеген өзгерістерге ұшырайды.
Меншіктің қоғамдық өзгерістеріне төтеп беретін ең икемді анықтамасын
оның тұрақты қоғамдық функциясы негізінде беруге болады.
Меншік қатынастарының ежелгі тарихы бар. Адамзат қоғамы өз
шаруашылығының кез-келген даму кезеңдерінде әр түрлі иеліктер тапшылығына
кездесіп отыратындықтан меншік қатынастары объективті қажеттілік болып
табылады.
Жалпы экономикалық түсінік бойынша меншік дегеніміз затқа қатынасы
процесінде адамның затқа және адамның адамға қатынасы болып табылады.
Басқаша айтқанда меншік мазмұнында субъективті-объективті және субъективті-
субъективтік қатынастар бар болып шығады.
Меншік тек қана зат және адамның затқа қатынасы емес. К.Маркс
жекеленген индивид жерге меншік иесі болуы былай тұрсын, сөйлей де алмас
еді деп жазады. Пруданның пікірі бойынша меншік – бұл ұрлық. Бірақ адам
өзінен-өзі ұрлай алмайды, басқалардың меншігін ұрлайды, яғни белгілі бір
жатсындыру және иемдену қатынастарына түседі.
Дәлірек, саяси экономикалық анықтама бойынша “меншік” өзгерістің
материалдық негіздерін жатсындыру және иемдену бойынша шаруашылық жүргізуші
барлық субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады.
Дәл осы жатсындыру мен иемденудің қайшылықты бірлігі меншіктің
материалдық мазмұнын құрайды, сондықтан меншік феноменін оның бір жағымен
ғана, яғни иемдену қатынастарымен ғана өзгерту қателік болар еді. Сонымен
бірге игіліктердің шектеулілігі қандай болмасын субъектінің меншік
объектісін иемденуі оны басқа бір субъектіден жатсындыру арқылы ғана жүзеге
асыратындығын есте ұстаған жөн. Бұдан басқа жатсындыру-иемдену қатынастары
субъектілерді қоғамдық еңбек бөлінісі мен кооперацияларға кіруді талап
етеді.
Қоғамда жинақталған байлықтың үлкен бөлігі бірнеше мемлекеттің, ал ел
ішіндегі байлықтың азаматтардың аз ғана бөлігінің қолында болуын қалайша
түсіндіруге болады? Ол ол ма “алтын миллиард” теориясы бойынша ресурстардың
шектеулілігі жағдайында тұтынудың жоғарғы денгейі планета тұрғындарының
бестен бір бөлігіне ғана, яғни бір миллиард адамға ғана жететін көрінеді.
Бүкіл ел көлемінде кедейшілікті жеңудің нақты мүмкіндіктері бар ма? Ел
ішіндегі әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну мөлшеріндегі өзгешеліктерді
жоюға бола ма?
Осы және басқа да сұратарға ақылға қонымды жауаптарды меншіктің
экономикалық мазмұны объективті зерттеу ғана жауап бере алады.
“Меншік” категориясының экономикалық мәнін түсіну үшін өндірістік құрал-
жабдықтарын, халық тұтынатын заттарға меншік айырмашылықтарының маңызы зор.
Субъектінің меншігіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының болуы ғана, сондай-
ақ олардың саны мен сапасы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
сәйкестігі осы объектінің шектеулі материалдық ресурстарды иемдену үлесін
анықтайды. Дегенмен меншіктің экономикалық мәнін түсіну үшін мұның өзі
аздық етеді. Субъекті меншігінде өндіріс құрал-жабдықтарының болуы шектеулі
ресурстарды иемденудің потенциалды мүмкіндігі ғана болып табылады. Бұл
арада екінші шарттың меншік иесінің құрал-жабдықтарын өнімді пайдалану
шартының маңызы зор.
Басқаша айтқанда, өндіріс құрал-жабдықтарының иесі шаруашылық жүргізуші
субъект болуы қажет. Бұл бір ғана адамға немесе бір топ тұлғаларға тиеселі
өндірістік құрал-жабдықтарды ұдайы өндіріс процесіне қатысуы қажет деген
сөз, яғни жаңа тұтынушылық қасиеттері, қосылған құны және бағасы бар жаңа
тауарлар өндірілуі тиіс.
К.Маркстің анықтауы бойынша меншік дегеніміз өндіріс жағдайларында
меншік ретінде қатынас және ол өндіріс арқылы ғана жүзеге асады.
Сондықтан меншіктен “бағалық әсердің” бөлінуін меншік қатынастарының
экономикалық мәнін анық білдіруші деп қарастыруға болады. Бұл бағалық
әсердің алынуы өндіріс құрал-жабдықтарының өнімді пайдаланылуымен тікелей
байланысты.
Меншіктің экономикалық мазмұнының мәнін нақты жағдайларға қатысты
анықтайтын болсақ, онда меншіктің мәні кез келген әлеуметтік-экономикалық
жүйеде қосымша өнім формасында болатын меншіктегі өндіріс құрал-жабдықтарын
ұдайы өндіруден алынатын экономикалық тиімділік болып табылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына меншікті пайдаланудан қосымша өнім алу үшін
ең аз дегенде екі объективті жағдай қажет. Біріншіден, өндіріс құрал-
жабдықтары жалдамалы жұмысшылардың белгілі-бір саны және сапасмен
біріктірілуі тиіс; екіншіден, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс құрал-
жабдықтары, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар ұдайы өндіріс процесіне қатысуы
тиіс, яғни өндірілетін өнімді, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтары мен
жұмысшы күшін өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесіне тұрақты түрде
қатысуы қажет.
“Бағалық тиімділік” немесе қосымша өнім формасындағы табыс өндіріс
құрал-жабдықтары және жұмысшылар еңбегінің өзара күрделі әрекетінің
нәтижесі болып табылады. Меншік қатынастары әртүрлі объектілерге қатысты
қалыптасады. Өнеркәсіптің, ғылыми-техникалық процестің дамуымен олардың
құрамы мен құрылымы да сапалық өзгерістерге ұшырайды. Игіліктер мен қызмет
көрсету түрлерінің өздерінде экономикалық қатынастар болмайды, бірақ
олардың сапалық белгілері, пайдалық сипаттары және қанағаттандыру
қасиеттері, сондай-ақ өндірісті тиімді ұйымдастыру қажеттілігінде
экономикалық қатынастар орын алады.
Меншік объектілері арасында шешуші басым түрлері бар және қоғам
ішіндегі соларды иемдену үшін тойтарыс, бәсеке жүріп жатады. Осы
объектілерді монопольды иемдену экономикалық билікке қол жеткізеді, ал
оларды монопольды иемденуден ажырату меншік қатынастарының жаңа жағдайына
алып келеді. Жоғарыда айтқанымыздай меншік объектілерінің жалпы
құрылымындағы анықтаушы ролін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік атқарады.
Соңғы уақыттарға дейін өндіріс құрал-жабдықтарының меншік объектілері
ретіндегі басым роліне ешкім де күмән келтірмеген болатын. Дегенмен, соңғы
жылдары өндіріс құрал-жабдықтары меншік объектілері ішіндегі басымдылыққа
ие деген тұжырым тарихи өтпелі кезең шеңберінде ғана, заттық-өнімдік деп
аталатын кезең ішінде ғана басымдыққа ие болав алады деген пікір орын
алуда. Ғ.Т.П-ның дамуымен байланысты акцент ақпараттық және ғылыми білімге
ауысады, себебі соңғылары қазіргі өндірісте ең бағалы ресурстар болып
табылады деген пікір етек ала бастады. Нәтижесінде ақпараттық және
интелектуалды меншіктің маңызы күшейе түсті. Осындай едәуір өзгерістерге
байланысты кейбір ғылымдар меншік өзінің әлеуметтік-экономикалық мінін
жоғалта бастады деген пікірді айтып жүр. Басқалары болса жалпы меншік
феноменінің мәні жойылған жоқ, өндіріс құрал-жабдықтарының мәні
төмендеуіне, яғни меншік объектісінің басым түрінің тарихи ауысуы орын
алуда деген пікір қосады. Біздіңше аталған тұжырымдаманың қай-қайысы да
артық айтылған пайымдаулар қатарына жатады. Мәселе мынада, ақпараттық және
ғылыми білімдер өздігінен экономикалық тиімділікке қол жеткізбейді. Пайданы
көбейтіп, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылату үшін білім ең алдымен
жаңа, өнімділігі жоғарырақ өндіріс құрал-жабдықтарына жұмсалуы керек.
Білімнің жоғары еңбек сиымдылығы және коммерциялық құндылығы оларды тиімді
пайдалану ісін күрделендіре түседі. Сонымен бірге ақпараттық және
интелектуалдық меншіктің маңыздылығы артқан сайын олардың мәнін, сондай-ақ
көріну формаларын тереңдете зерттеу қажеттілігі туындайды.
Мамандар интелектуалдық меншіктің негізгі үш түрін ажыратады: 1) жеке
меншік, оған құқық потент немесе бүкіл лицензияны иеленумен бекітіледі; 2)
қоғамдық меншік, бұған мемлекет немесе бүкіл қоғам ішіндегі білімдер мен
идеялар жиынтығы жатады және олар тіпті қысқа мерзімде де болмасын заңды
тұлға қарамағына берілмейді; 3) меншіктің аралық формасы, бұған ұзақ
мерзімге потент немесе лицензиямен бекітілмейтін иновациялық ғылыми-
техникалық ақпарат жатады, бірақ түрі өзгертілген өнім нұсқауын жасау
қаупі туады.
Интелектуалық меншік формаларын дамытуда ғылыми идеялар мен
жаңалықтардың генераторы шығармашылық тұлға мен мемлекет және капитал
арасындағы қатынастарды реттеу маңызды рол атқарады, оларсыз бұл идеялармен
жаңалықтарда коммерциялық жүзеге асыру ісі мүмкін болмай
қалады.Интелектуалдық меншік формаларының дамуы оларды иеленушілер
арасындағы құқықты бөлісу ісін едәуір күрделендіре түседі. Бұрын бір ғана
тұлғаға тиеселі иемдену, пайдалану, басқару, бақылау құқықтары, сондай-ақ
табысқа, мұрагерлік бойынша беру арқылы беру т.с.с.функционалық белгі
бойынша көптеген тұлғаларға бөлінеді, себебі оларжың әрқайсысы қандай бір
болмасын дәрежеде жиынтық капиталды пайдалануға қатысы бар.
Сондықтан меншік қатынастарына (экономикалық құқық) меншік
субъектілерінің жаңа тұлғалары тартыла береді. Аталған қатынастарға
қатысушылар санының күрт өсуі бір жағынан Ғ.Т,п-ның орта және шағын
бизнесті дамытуға жасалған жағдайларына байланысты болса, екінші жағынан
шаруашылық жүргізудің акционерлік формасының дамуымен байланысты болып
отыр.
Қазіргі Қазақстанға көп субъектілі меншік қатынастары және меншік
объектілерін кеңейту процестері тән болып отыр. Меншік объектілерінің
кеңейе түсуіне оның қатарына маңызды өндіріс факторы жердің, сондай-ақ
тұрғын үйлердіғ енгізілуі де себеп болып отыр.
Тұтыну заттарына меншіктің өндіріс құрал-жабдықтары болса пайда түрінде
табыс әкелетіні белгілі. Керісінше жеке меншік көлемінің (котедждер,
замктар, автомабильдер, ұшақтар, яхталар және т.б.) арта түсуі оларды
сақтау және қызмет көрсету үшін орасан зор ақшалай шығындарды қажетсінеді.
Егер жинақталған жеке мүліктің иесі тұрақты ақша көздерінен айырылып қалған
жағдайда сол мүліктердің өзінен бас тартады.
Меншік және меншікке байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастар осы
жүйені ұйымдастыруда едәуір рөл атқарады.Меншік қатынастары мен адамдардың
экономикалық, кәсіпкерлік қызметке ынтасы тікелей байланысты. Ол ол ма
меншікке байланысты қатынастар қоғамдағы нақты билікті анықтайды, мұның
мысалын революциялық қозғалыстар кезінде орын алған кезеңдерде билік пен
меншік мәселесі әрдайым алдынғы қатарға шығады. Қазіргі қоғамдағы жан
түршігерлік қозғалыстар да меншікпен байланысты.
Капиталистік жүйе “меншік иесі – меншік иесі емес” қатынастардағы
әлеуметтік-экономикалық шиеленісті шегіне жеткізеді. Мұның өзі түсінікті
процесс, себебі капиталистік қоғамды шаруашылық жүргізуші субъектілердің
басым бөлігін өндіріс құрал-жабдықтары иелеріне экономикалық жағынан
тәуелді жалдамалы жұмысшылар құрайды. Олар үшін жұмыс орнын жоғалту қауіпті
тұрақты қатер десе де болады.
К.Маркстің капиталистік жеке меншікті жою қажеттілігі туралы
революциялық қорытындылары сол кездегі ресми экономикалық ғылымның өткір
сынына ұшырады. А.Маршаллдың (1890ж) пікірі бойынша, және оған көптеген
ғалымдар өзінің үнін қосты “Таптар арасындағы мейірімділік” үндеуі
қабылданды. Дж.кейнс өзінің негізгі еңбегінің (жұмыспен қамту, пайыз және
ақшаның жалпы теориясы) алғысөзінде өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік-
экономикалық жүйені сол қалпында алып қарастырғанын мәлімдейді. Осы дәстүр
жолын таңдаған қазіргі “Экономикстің” американдық авторлары да “меншік”
проблемасына тоқталмайды.
Бұл, бірақ Батыс елдерінің экономикалық болмысында өндіріс құрал-
жабдықтарына меншік және жалдамалы жұмысшылар жоқ дегенді білдірмесе керек.
Рыноктық экономикасы дамыған елдерде орта есеппен алғанда жұмысқа
жарамдылардың 15 пайызын кәсіпкерлер құраса, 88 пайызына жуығын жалдамалы
жұмысшылар құрап отыр.
Ғылыми әдебиет, мемлекеттің экономикалық қызметі батыс қоғамында бұл
проблеменың бар екендігін және оны зерттеп тиімді практикалық шешімдер
қабылдау қажеттілігін мойындайды.
Ұтымды экономикалық шешімдерді қазіргі рыноктық экономикаға сәйкес
қабылдаудың негізін меншіқ құқығы қалайды.
Меншікке құқық меншік иелерінің құқық мөлшерін дәлме-дәл анықтауға
шамасы жетіп отыр. Меншік иесінің құқықтық мүмкіндіктері экономикалық
тиімді қызмет етудің бірден-бір кепілі болып табылады, себебі олар
экономикалық ортаға айқындық әкеледі және шаруашылық жүргізуші
субъектілерді өз еңбегінің нәтижесінің тұрақты түрде көруінің алғышарттары
болып табылады. Заң шеңберіндегі құқық , біріншіден, меншік иелерінің
иқұқығын қорғайды, екіншіден, меншік қатынастарына қатысушы барлық
субъектілердің мүдделерін келістіреді; үшіншіден негізгі құқықтық шеңбер
аясында ел экономикасынң барлық денгейлерінде қалыпты қызмет етуі үшін
заңдық нормаларға қажетті түзетулер енгізіп отырады.
Меншік құқығы Рим құқығының терминологиясына сәйкес иемдену, пайдалану,
билеу атауларымен анықталады. Баршаға міндетті ереже жүйесіне сәйкес
иемдену, пайдалану, билеу құқықтарынорнықтыратын және қоғамдағы аталған
қатынастарды заң жүзінде рәсімдейтін субъект мемлекет болып табылады.
Иемдену – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етілген және
кепілдендірілген өз шаруашылығында нақты мүмкіндіктің болуы мүмкінділігі.
Пайдалану – бұл заңға негізделген, яғни заңмен қамтамасыз етіліп және
кепілдендірілген нақты мүлікті пайдалану мүмкіндігі. Көрсетілген иемдену
және пайдалану құқықтары мүлікті нақты иелік етуге байланыстьы.
Билеу – бұл заңғанегізделген, яғни заңмен қамтамасыз етілген және
кепілдендірілген мүліктің тағдырын анықтау мүмкіндігі. Бұл құқық төрт
формада жүзеге асады:
1) мүлікке иелікті өзгерту арқылы;
2) мүліктің жағдайын өзгерту арқылы;
3) мүліктің қолданылуын өзгерту арқылы;
4) мүлікті басқа біреуге сенімді басқаруға тапсыру арқылы. Белгілі
ұғымға байланысты мүлікті билеу меншік құқығының негізгі ережесі
болып табылады.
Осы төрттік өздігінен меншік құқығының мазмұнын толық ашуға
жеткіліксіз. Меншік құқығының мәні мен заңдық ерекшелігі олардың тізімінде
емес, санатында болса керек. Заттық құқықтардың ішінде меншік құқығы
толығынан қамтитын құқық болып табылады, сондықтан ондағы затқа шаруашылық
иелігін жүзеге асыру дәрежесі мейлінше толық жүзеге асырылады. Меншік
қатынастарының заңдық нормалары объектіні мүлік ретінде ғана қарастырады.
Ол меншіктің заңды және жеке тұлғаларға қатысты статистикасын белгілейді
және мүліктің заңды иесін анықтап, оның тәуелсіздігін кепілдендіреді. Құқық
мүлік қозғалысын заңды түрде реттейді, оның айналымын, сондай-ақ өзгерісін
немесе мүлікке құқықты қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Құқықтық байлық
динамикасы мен оның белгілі механизмін көрсетпейді. Ал бұл болса
экономикалық ғылымының функциясы болып табылады. Құқық мынандай сұрақтарға
жауап бермейді: байлық өсімі негізгі неде, қоғамда жасалған материалдық
игіліктер мен қызмет көрсетулер қалайша бөлінеді, қоғамның әр түрлі
әлеуметтік топтары арасында байлықты бөлісуде неге үлкен айырмашылықтар
бар? Бұл және басқа да осындай сұрақтарға экономикалық жауап іздейді және
табады.
Экономикалық ғылымда меншік қатынасының экономикалық және заңдық
аспектілерінің арақатынасы пікір-таластарға жол береді. Меншік
қатынастарының аталған екі аспектісі туралы сөз болғанда, бұрынғы
экономикалық әдебиеттерде олрдың өзара байланысы үстірт және бір мағаналы
болып келгенін атап айту қажет. Меншік қатынастарының заңдық және
экономикалық өзара әрекеті негізінен олардың бір-біріне сәйкестігі дәрежесі
бастапқы және қайталама мәртебесі туралы болып келеді.
Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарын
“безендіруші
Ретінде қарастырылып келді, құқықтық экономикалық қатынастарға қатысты
бағынушы сипатын дәлелдеу етек алды.
Ал шын мәнінде меншік құқығын өмірге экономикалық қатынастар алып
келген деген тұжырымдамада ақиқат бар.
Дегенмен, құқықтық және экономикалық қатынастардың өзара
байланыстарының күрделі жүйесін тек қана осы жері арқылы түсіндіруге
меншіктің құқықтық формасының сапасына назардың төмендеуіне әкелді және
оның меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі ретіндегі жүзеге асу
денгейіне әсерін әлсіздендіреді. Дұрысы экономикалық меншік қатынастары
белгілі бір дәрежеде дербес қозғалысқа ие қатынастар, сонымен бірге өзара
байланысты және өзара әсер етуші қатынастар болып табылады.
Егер құқықтық даму эволюциясын және оның меншіктің экономикалық
қатынастарымен өзара әрекетін қарастырып болсақ, онда құқықтық қоғам
болмысындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкестендіріп отыратын,
әсіресе өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастары өзгерістерін жетік
қадағалайтынын байқаған болар едік.
Мұндай қорытынды меншіктің құқықтық ғылымының негізгі екі бағытын
континенталдық және англо-саксондық дамуын сараптағанда мәлім болды.
Меншік континенталды құқығының классикалық негізін Наполеон кодексі
құрайды; жеке меншік “қасиетті және оған қол сұғуға болмайды”, сонымен
қатар ол “біртұтас және бөліндейді”. Меншік құқығының бір объектісіне
бірқатар тұлғалардың құқығы мойындалмайды.
Континенталық құқық шеңберінде акционерлік қоғамдар құру
қарастырылмайды, ешқандай әріптестік коорпоративтік құрылымдарға орын жоқ.
Осы және басқа ла себептерге байланысты меншіктің потенциалды құқығы
қоғамның индустриалдық дамуы үрдістеріне сай келмей қалды. Бұл
сәйкессіздіктің орнын меншік құқығы саласында англо-саксондық бағыттың
пайда болып дамуы толтырады.
Меншіктің бірнеше тұлғаларға бөлініп басқарылуы аталған бағыт бойынша
экономикалық қалыпты жағдайы деп есептелінеді және мүліктен мейлінше
жоғарғы пайда табу бағыты болып саналады. Айталық жерді жалға беру, оны
сатып алу –сатудан әлдеқайда тиімдірек, жабдықтарды сатып алудан гөрі
оларды лизингке алу да пайдалы, трастар сенімді басқару және операциялар
мүлікті жеке басқару мен салыстырғанда өзінің ұтымды есептілігін көрсетп
жүр.

І.2. Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу формалары.

Меншік әрдайым белгілі-бір формада болады. Меншік формалары туралы
мәселе – күрделі, отандық әдебиеттің оған қатысты терминологиялық
шатасуларға жол беріліп келеді, бұл әрине меншіктің жаңа пайда болған
түрлеріне байланысты туындайтын болып жүр. Ең жиі кездесетін
шатасуларменшік формасы мен шаруашылық жүргізу формаларын анық ажырата
білмеуде деп айтар едік.
Меншік формасы нақты меншік иесімен байланысты, яғни өндірістік құрал-
жабдықтарын иеленуші шаруашылық жүргізуші субъектілермен тікелей байланысты
болып келеді. Егер осы көрсетілген қағиданы басшылыққа алатын болсақ, онда
қазіргі рыноктық экономика жағдайында меншіктің екі негізгі формасынажырата
білу керек. Олар жеке және мемлекеттік меншік.
Ал, шаруашылық жүргізу формасы дегеніміз – меншік қатынастарын жүзеге
асыру формасы болып табылады. Ол меншік иесінің мүддесіне сай тиімді қызмет
атқаратын және сол үшін меншік пайдаланудың тиімді, ұйымдық-экономикалық
қатынастарын таңдап алумен сипатталады.
Рыноктық экономика жағдайында дами түскен өндіріс құрал-жабдықтарына
меншіктің жеке капиталистік формасы тек қоғамдық меншікпен ғана емес,
сонымен қатар мемлекеттілік меншікпен салыстырғанда өзінің артықшылығын
көрсетті.
Жеке меншіктің тарихи ролінің ең маңыздысы екі аспектісін ерекше атауға
болады: 1) ол өзінің мәнәне сәйкес нақты меншік иесін табады; тәуелсіз
қожайын, кәсіпкер – міне бұлардың бар болуының орасан зор экономикалық мән-
мазмұны бар; 2) мемлекет, саяси биліктен тәуелсіз, дербес меншік
қатынастары субъектсін жасау азаматтық демократиялық қоғамды қалыптастыру
және дамытудың қажетті “құралы” болады. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке
меншік оларды ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде тиімді
пайдаланудың қуатты экономикалық ынталандырушы күш болып табылады. Өндіріс
құрал-жабдықтарының атаулы, адрестік иесінің болуы меншік үшін шаруашылық
жүргізуші субъектіні қалыптастырады. “Меншік” және “тиімділік” түсініктері
жиі қатар, бірге қолданылады. Меншік иемденуден алынатын табыс (пайда)
меншік қозғалысының барлық кезеңдерінде шығындарды төмендетуге бағытталған
шараларды жүзеге асырумен байланысты.
Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік – рыноктық экономиканың негізгі
белгісі рыноктық қатынастар жүйесіндегі басты элемент болып табылады. Жеке
меншік тек қана мүдделі, ынталы, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді
ұдайы өндіру үшін жауапкершілігі мол иемденушіні қалыптастырып қана
қоймайды, сонымен бірге рыноктық экономикалық тиімді дамуын анықтайтын
бәсекелестік ортаны да құрайды.
Жеке меншік институтының әрқашан-ақ қарсыластары болған, ол әсіресе
К.Маркстің өткір сынына ұшыраған болатын. Дегенмен өндіріс құрал-
жабдықтарына қоғамдық меншікке ауыстыру эксперименті сәтті болады деуге
негіз жоқ. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншікке негізделген кеңес
экономикасы өзінің тиімсіздігін көрсетті.
Х.Хиггс редакциясын басқарған саяси экономия сөздігінде “меншік
институтының адам табиғатына сіңісіп кеткені соншалықты, сондай-ақ бұл
институттың пайдалылығыныңмөлшері соншалықты жоғарғы болуы онытеориялық
қолдауды ешбір қажетсінбейді”.
Жеке меншікті қорғаушы авторлардың көпшілігі оны басқа бір нәрсемен
алмастырудың мүмкін еместігін алға тартады. Бүгінгі таңда жеке меншіктің
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор әсерін көптеген
ғалымдар мойындайды. Қазіргі әңгіме жеке меншіктің мақсатқа сай емес
екендігі туралы емес, байлықты қоғамдық мүдделерге сәйкес болуы жөнінде
болып отыр. Мамандардың күннен-күнге көбейе түскен өнімдері байлықты бөлу
ісін ақсатпау, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікті сақтап қалғанның
өзінде де мүмкін боларына көз жеткізіп отырған жағдай бар.
Отандық экономикалық әдебиетте “ өзіндік меншік” түсінігін
кездестіруге болады. Бұл түсінік меншіктің отбасы мүлкі болатын жағдайын
түсіндіру үшін қолданылады, яғни аталған мүлік пайда табу мақсатында өнімді
пайдалануға жатпайды, сондай-ақ оны пайдалану үшін жалдамалы жұмысшылардың
қажеті де жоқ.
“Жеке” меншік термині тек қана капиталистік шаруашылық жүргізу жүйесін
сипаттау үшін қолданылады және өндіріс құрал-жабдықтарын өнімді пайдалану,
жұмысшы күшін жалдау және оны экономикалық пайдаланумен байланыстырады.
Мүлікке өзіндік меншік бұрынғы Кеңес Одағында заң шеңберінде болып келді.
Кейбір өндіріс құрал-жабдықтарында өзіндік меншік те пайдаланылуда болды.
Тек қана еңбек нәтижелерін сатуға болатын жұмысшылар жалдауға қатаң
тиым салынды. Сондай-ақ шағын капиталистік кәсіпорындар ұйымдастыруға жол
берілген жоқ. Бұндай тиым салу көбінесе идеологиялық емес, прагматикалық
сипатта болды. Яғни еңбек және материалдық ресурстарды, халықтың ақшалай
табыстарын т.с.с. мемлекеттік басқару қажеттілігінен туындайды.
Жұмысшы күшіне меншік көзқарасында да теория мен практиканың белгілі
бір алшақтығы байқалады. Кеңестік экономикалық әдебиетте жұмысшы күші
социолизм жағдайында тауар емес, себебі жұмысшы құрал-жабдықтарының иесі,
сондықтан ол өзінің еңбек ету мүмкіндігін өзіне сата алмайды делінді. Соның
өзінде де “адам факторын” өндіріс құрал-жабдықтарымен біріктірудің
жалдамалы формасы практика жүзінде орын алғаны белгілі. Бұл сферада
рыноктық қатынастар да бой көрсеткен болатын. Өзінің жеке қажеттілігін
атқару үшін жұмысшыларды жалдауғы тиым салынған жоқ.
Қазіргі батыс экономикалық әдебиетінде жеке және өзіндік меншік
арасындағы айырмашылықтар жойылып біткен. “Жеке” меншік түсінігі сипаты
және пайдалану тәуелсіз қолданылады. Екі түсініктің бірдей болуы меншіктің
жалпы экономикалық мәнін объективті зерттеу ісін қиындатады және өндіріс
құрал-жабдықтарына меншіктің ерекше ролін атқарушы күрделендіре түседі.
Өзіндік және жеке меншік формаларын шатастырудан кейбір ғалым-экономистер
“қазіргі әлеуметтік теориялардың іргелі кемшілігін” көреді. Бұл қорытындыны
олар ғылыми-техникалық және ақпараттық революция нәтижесінде өзіндік меншік
“екінші екпін” алда себебі аталған нәтижелерге интелектуалдық еңбек пен
өзіндік меншіктің ролі арта түседі дейді. “Меншіктің мемлекеттік формасы”
категориясы меншік жөніндегі қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі болып
табылады. Бұл жағдайда өндіріс құрал-жабдықтары, сондай-ақ еңбек
нәтижесінде мемлекеттің иелігінде болады. Меншіктің мемлекеттік формасының
жеке меншіктен басты айырмашылығы иемдену жеке тұлға пайдасына емес, ерекше
меншік иесінің пайдасына – мемлекет пайдасына шешеді. Өндіріс құрал-
жабдықтарына мемлекеттік меншік барлық елдерде белгілі бір рөл атқарады.
Мемлекеттік меншік болуының негізінде объективті себептер жатыр. Меншіктің
бұл формасын шектейтін жеке формасына альтернатива ретінде қарастырудың
қажеті жоқ, оны меншіктің жалпы жүйесінің объективті қажетті элементі
ретінде қарастырған жөн. Қазіргі қоғамда мемлекеттік меншікке қарағанда
жеке меншіктің тиімсіздеу болатынын сфералары бар екендігін ешкімге де
құпия емес.
Меншіктің мемлекеттік формасын төтенше жағдайларда (соғыс, экономикасын
соғыстан кейін қалпына келтіру) ешнәрсе алмастыра алмайды.
Ресурстарды шоғырландыру және басқаруды орталықтандыру қажеттілігі
жағдайларында меншіктің формасы өзінің жоғарғы тиімділігін көрсеткеніне
экономика тарихы куә. Сондықтан соғыс жылдары және соғыстан кейінгі
шаруашылықты қалпына келтіру кезеңдерінде мемлекеттік меншік масштабы
кеңейе түседі.
Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық болмыс тұрақтанып, күрделене түскен
жағдайларда меншіктің мемлекеттік формасы теріс қасиеттерді бойына жинақтай
бастайды, монополизмнің күшеюіне байланысты экономикалық өсуді тежейді,
бюрократиялық үрдістер күшейеді, экономика мен саясатты бөліп қарастыру
мүмкін болмай қалады. Аталған негативті үрдістер меншіктің мемлекеттік
формасын негізсіз кеңейтуден туындайды, бұл тенденциялардың жағымсыз әсері
қазіргі жағдайларда -ҒТП жетістіктерінің маңызы арта түскен кезде
бастамшылықтың, жеңілдіктің, икемділіктің және бәсекелестіктің аса қажет
жағдайда тежегіш факторына айналып келді.
Рыноктық экономикасы бар елдерде мемлекеттік меншік әдетте қоғамдық
жүйенің ұдайы өндірісте қызмет көрсетудің барлық жағын қамтитын
инфрақұрылым салаларында басым болады (білім беру, денсаулық сақтау, іргелі
ғылым, транспорт, байланыс т.с.с.).
Рыноктық экономикада меншіктің мемлекеттік формасы болуы қадеттілігін
барлық экономистер жақтайды. Пікірталас меншіктің осы екі формасының
арақатынасы туралы және олардың салыстырмалы экономикалық тиімділігіне
байланысты өрбиді.
Әлемдік экономикалық іс-тәжірибені жинақтай қарастыратын болсақ бірдей
үлес болған уақытты таба алмаймыз. Әр бір елдегі мемлекеттік меншіктің
үлесі объективті және субъективті факторлар жиынтығымен анықталады. Олардың
қатарына елдің экономикалық даму денгейі, тарихы және географиялық
жағдайлары, мемлекеттік саясат, нақты әлеуметтік-экономикалық және саяси
ұстанымдарды жатқызады.
Меншіктің екі формасының салыстырмалы тиімділігіне келетін болсақ, онда
батыс елдерінің экономикасының мемлекеттік сектор шаруашылықтың әртүрлі
салаларында қызмет атқара отырып, толықтай алғанда рынок заңдары бойынша
дамиды, яғни меншік формасынан тәуелсіз, бәсекелік орта өз мүмкіндіктерін
көрсетеді. Батыс елдерінің көптеген экономистері қазіргі рыноктық
экономикада меншіктің кез-келген формасының тиімділігі шаруашылық жүргізу
әдістері және басқарушылық кәсіби денгейімен анықталады дейді. Сонымен
бірге түпкі есепте мемлекеттік меншік экономикалық тиімділік көрсеткіштері
бойынша жеке меншікке ұмтылады, мұның өзі жеке меншікпен салыстырғанда
бақылау мүддесінің кепілдігі арқасында туындайтын мәселе болып табылады.
Шаруашылық жүргізу формалары меншік қатынастарын жүзеге асырудың нақты
формалары болып табылады.Нақты формалар туралы айтқанда олар меншік
субъектілерінің экономикалық мүдделерін ең қолайлы түрде қамтамасыз ететін
ұйымдық-экономикалық қатынастардың белгілі бір сипатында болатындығын атап
өту ләзім.
Меншіктің жеке формасы шаруашылық жүргізудің өзіндік формасында жүзеге
асуы мүмкін. Бұл жағдайда өндіріс құрал-жабдықтарының иесі жалғыз қожайын
болады, сондықтан еңбек нәтижесі мен қосымша өнімді иемдену құқығы да түпкі
есепте соның еншісіне тиеді.
Меншіктің жеке формасы шаруашылық бірлестіктері – кооперация,
серіктестік, одақтар т.с.с. болып қызмет атқарады.
Қазіргі рыноктық экономикада шаруашылық жүргізудің ең көп тараған
формасы акционерлік немесе кооперативтік болып табылады. Шаруашылықты
жүргізудің бұл формасы экономикалық ғылымда меншіктің ұжымдық формасы деп
аталады.
Меншіктік қатынастарда әр түрлі заңды тұлғалардың қатысуына байланысты
оларды кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар, акционерлік
қоғамдар т.с.с. айтатындықтан бұл жерде меншік формасы туралы емес,
шаруашылық жүргізу формалары туралы айту дұрыс шығар. Көрсетілген
формалардың көптеген өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан олардың барлығы
иемденудің жеке меншік шеңберінде қызмет атқарады.
Мешіктің өзіндік формасынан акционерлік формасына дейінгі эволюциясы
иемденудің “ұжымдық” формасының қалыптасқанын білдірмесе керек. Біріншіден,
заңдық көзқарас бойынша “меншіктің ұжымдық формасы” деген түсініктің
ешқандай мәні жоқ, себебі заң жүзінде “ұжым” меншік құқығының субъектісі
емес және бола да алмайды. Заң бойынша меншік жеке болуы мүмкін (жеке және
заңды тұлғалардың меншігі) немесе мемлекеттік меншік болуы ықтимал.
Екіншіден, экономикадағы ең ірі меншік иесі коорпарациялар болып табылады
және ондағы меншікке иелікті өздерінің жиналысы арқылы акционерлер билейді,
ал нақты шешімдерді ірі меншік иелері мен басқарушылар қабылдайды.
Фолрмальды түрде меншік барлық акционерлер негізінде болғанмен, іс жүзінде
ұсақ акционерлердің ролі байқалмайды.
Шаруашылық жүргізудің акционерлік формасы жұмысшыларға басшы
тағайындау, өндіріс жоспарын қалыптастыру, табысты және пайдалану нормасын
бөлу, өндірісті дамыту, әлеуметтік қорғау т.с.с. мәселелерді шешу құқығын
бермейді.
Акционерлік кәсіпорында иемдену еңбек бойынша емес, капитал бойынша
жүзеге асырылады. Пайданы бөлісуге қатысу жүйесі жалдамалы жұмысшылар мен
кәсіпорын иелерінің арасындағы ынтымақтастықты орнықтыру тәсілі ролін
атқарады. Акционерлік қатысу жүйесі меншіктің жаңа формасы емес, меншікті
жүзеге асырудың жаңа шарты болып табылады және иемденудің жеке меншік
формасы күйінде қала береді. Жұмысшылар әлеуметтік статусы (мәртебесі)
өзгеріске ұшырамайды.
Қазіргі рыноктық экономикада капиталдың аралас формасы кеңінен таралып
отыр. Олар негізгі капиталды иемденудің мемлекеттік және жеке меншік
формаларының орналасу желісі болып табылады.
Меншіктің мемлекеттік және жеке формасына негізделген шаруашылық
жүргізудің акционерлік формасын қалыптастырумен қатар қазіргі рыноктық
экономикаға отандық коммерциялық банктердің, сондай-ақ шетелдік өнеркәсіп
және қаржы капиталының қатысуымен корпоративтік құрылымдардың пайда болуы
тән болып отыр.
“экономикалық әдебиетте меншіктің аралас формасы” және аралас рыноктық
“экономика” анықтамаларын шатастырып алу көріністерін байқауға болады.
Меншіктің аралас формасы туралы біз жоғарыда айттық. Ал, аралас рыноктық
экономика рыноктық экономикалық ең көп тараған типі болып табылады, мұнда
өзін-өзі ұйымдастырған рыноктық механизм мен қатар меншіктің реттеуші
ролінің де едәуір үлесі бар. Атап айтқанда мемлекет рыноктық қатынастар
субъектілер үшін “ойын ережесін” қалыптастыруды және белгілі бір мөлшерде
оны қолдайды және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің атқаратын
ролін оның бірқатар негізгі функцияларының қалыптасуына алып келеді. Түпкі
есепте меншіктің аралас формалары рыноктық механизмге мемлекеттің
араласпауы жағдайында да өмір сүре береді.
Шаруашылық жүргізудің әр бір формасы өзінің өндірістік ұйымдастыру
жүйесімен, басқарумен, табысты бөлумен т.с.с. белгілерімен сипатталады.
Шаруашылық жүргізу формасын таңдау негізінде негізгі капитал иелерінің
экономикалық жүйедегі мүдделерін ұтымды оңтайландыру принципі жатуы тиіс.
Шаруашылық жүргізудің қандай болмасын формасының экономикалық
тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштер ретінде тиімділік
(рентабельдік) нормасы, пайда нормасы, жұмысшылар жалақысының денгейі мен
динамикасы, жұмыспен қамту және т.б. көрсеткіштер алынады.
Түпкі есепте шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделері
жиынтығын қамтамасыз ету – шаруашылық жүргізудің қолданыстағы немесе жаңа
формасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатудың шешуші шарты
болып табылады.
Негізгі капиталға меншік формасы мен салыстырып қарағанда шаруашылық
жүргізу формалары көбірек және жиі өзгерістерге ұшырап тұрады.
Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу формалары негізінде оның даму
ерекшеліктерін сараптауға болады.
Меншік экономикалық қалыптастырудың бүкіл жүйеде таба отырып, оның
негізгі құрлысын айқындайды. Осы арқылы әр түрлі өндіріс тәсілдері үшін
даму көзіне айналады.
Адамзат қоғамындағы иемденудің ерекшелігіне байланысты өз еңбегңнің
өнімдерін иемденудің алғышарттары ретінде сипатталады. Меншікті иемдену
еңбек тәсілімен үнделеді. Бұдан, меншік пен еңбектің ұқсастық (айырмашылық)
заңы шығады. Өмір сүруді қамтамасыз ету, қалыптасқан қажеттіліктер мен
мүдделердің қауым денгейінде қанағаттандырылуының өзі қауымның объективті
өмір сүру негіздерін, іс-әрекетін нақты формаларды айқындайды. Жеке адам
және оның еңбекке қабілеті қауымнан тыс өмір сүре алмайды, бірақ еңбек
нәтижесінде үлес пен еңбек қабілеті арасындағы айырмашылық қажеттіліктер
мен мүдделердің көзге көрінбес жігін, қайшылығын айқындаумен қатар еңбектің
заттық шарттары мен еңбектің өзінің бірлігін анықтайды. Еңбек пен
өндірістің материалдық және адамдық жағдай-шарттарының дамуында елеулі
айырмашылықтар пайда бола бастайды. Құқықтық және әлеуметтік меншік
негіздері өзіндік үстемдікке ұмтылады, экономикалық құбылыстарды реттеуге
жағдай жасайды.
Адам өмірін ұдайы өндіру – меншіктің мәні мен мазмұнын құрайды. Осы
анықтама арқылы меншікті мәнсіз түсінік емес, нақты элементтер жүйесі,
заңдылықтары айқындалуы мүмкін ғылыми ұғым ретінде танып-білуге болады.
Экономикалық жүйелердің прогрессивті сипатын тек қана меншіктің сыртқы
көріну формасымен байланыстыру кеңестік жүйедегі мемлекеттік меншікті жалпы
халықтық, қоғамдық меншіктің ең жоғарғы сипаттағы түрі ретінде жеке
меншікк, басқа меншік түрлерін жасанды түрде қарсы қою идеологиялық сипат
алып, меншік қатынастарының диалектикалық бай ланыстарын терістеуге
алып келді.
---------
К.Маркс., Ф.Энгельс. Шығармалар. 2 бас. 46т. 446-447 б-б.
Ал меншік диалектикасы болса оның сыртқы түрлері қайшылығының көздері,
сондай-ақ экономикалық құбылыстардың мәніне сәйкес ұғым атаудың ішкі
қайшылықтарының мән-мазмұны мен анықтамасын көрсетеді.
Кез-келген экономикалық түсініктер жүйесіндегі қайшылықтар себеп-
салдарына байланыс арқылы өзара тәуелді дамитын құбылыстарды көрсетеді.
Рынок заңдылықтары шаруашылық жіктеуін объективті құбылысқа айналдырады.
Құбылыстың сыртқы көріну формасы мен ішкі мәні сәйкес келе бермейді.
Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген натуралды шаруашылық
пен қарапайым тауыр өндірісін салыстыру едәуір айырмашылықтарды көрсетеді.
Оқшауланған дербес өнім өндірушілер өз қажеттіліктерін өздері өтейді, ал
олардың жеке меншігі тек өзіне ғана қызмет етеді. Ал, қарапайым тауар
өндірісі болса рыноктық айырбас арқылы басқалардың қажеттілігін
қанағаттандырады да қоғамдық мәнге ие болады.

І.3. Меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету механизмі.

Кез келген меншік түрін дербес зерттеу объектісі ретінде қарастыру және
зерттеу нысаны ретінде салыстырмалы сараптау олардың өзіне тән ішкі
қайшылықтарының, яғни даму көздерінің бар екендігін көрсетеді. Мәселелердің
мәнісі философиялық, экономикалық, әлеуметтік, сондай-ақ заңгерлік
анықтама, қағидалардың сәйкес келе бермеуінде болмаса керек. Аталған ғылым
түрлері жалпы таным процесінің белгілі-бір қабығын ғана көрсетеді. Негізгі
мәселе меншіктің қандай болмасын түрлеріне тән өзіндік ішкі қайшылықтарының
бар екндігін түсініп білуде болса керек. Ал. Ондай қайшылықтардың сыртқы
көріну формасы өзіндік қасиет-негізіне байланысты ерекше сипат алатыны
белгілі.
Осы пайым негізінде алатын болсақ қауымдық меншіктің ішкі қайшылығы
бірлескен еңбек Нәтижесінде өндірілетін өнімді тез бөлу қағидаларының
қалыптасуы арқылы туындайды. Адамдардың еңбекке қатысты қабілеті әртүрлі
денгейлерде жүзеге асатындықтан нәтижелері де әр түрлі болып келеді. Ал,
теңгермешілік қағидалары адамдардың тұтынушылық мүдделері мен жеке мүдделер
қайшылығы туындап, қалыптасады. Әлеуметтілік қайшылық бейнесіне енген
мүдделер тартысы жеке меншіктің туындап, даму бағытындағы кезеңдерін
көрсететін болады. Қауымдық меншікпен оқшаулану құбылысы дербес (өзіндік)
және жеке меншік формасында жүзеге аса бастайды.
Соның өзінде қалыптасқан объективті жағдайларға байланысты өндіріс
құрал-жабдықтары мен факторларының элементтеріне жеке меншіктің дамуы
құбылысы әртүрлі болуы әбден мүмкін. Мысалы, жерге жеке меншік
құбылыстарының өзіне тән даму тарихы бар. Ол әлеуметтік қауымдастықтың
жоғарғы формаларында белгілі бір шектерде ғана жүзеге асады. Қауымдық жер
үлесін жеке отбасыларына бөліп беру әртүрлі заңдық негіздерінде мүмкін
болады. Бұны еңбекке жарамды мүшелер санына немесе отбасындағы жан басына
шаққандағы егістік, шабындық жерлерді әрбір жан басына бөлу құбылысынан
көруге болады 1.
Ал жалпы аумақ қауым меншігінде қала береді. Мемлекеттік форма, жер
актілері бұл құбылыстарды әлеуметтік негіздерге сүйене отырып жерге жеке
меншік ретінде қарастырып, бекітеді. Ал, өндіріс құрал-жабдықтары және
басқа да өндірістік және өндірістік емес қорлар, сондай-ақ еңбек
нәтижелерін бөлу табиғи құқық негізінде және еңбекке қабілеттілік
шектерінде жүзеге асып, мүрагерлік арқылы заңдастырылады.
Келтірілген мысалдар меншік түсінігінің ғылыми анықтамасын негіздеу
барысында оның құрылымындағы элементтерді жіктеу (сыныптау) қажеттілігін
көрсетеді. Ішкі құрылым элементтері даму көздері ретінде қайшылықтардан ары
экономикалық құбылыстар болса, онда иемдену ұғымы да мәнсіз қатынас түріне
айналып кеткен болар еді.
Меншік ұғымының ішкі қайшылықтарын терістеу және керісінше сықтқы
көрініс қайшылықтарын әсірелеу экономикалық саясаттың субъективті негіздер
арқылы қалыптасуына жол ашып береді. Қоғамдық шаруашылық жүргізудің әдіс-
тәсілдерін сыңаржақтылықпен пайымдауға, оларды идеологиялық қажеттіліктерге
сәйкес біржақтылықпен өзгертуге итермелейді.
Отандық даму тарихы кедей-шаруаларды ұжымшарларға күштеп енгізу,
шаруашылықты жоғарыдан нұсқау арқылы ірілендіру, өндірісті индустрияландыру
орасан зор жобаларға иек артуы т.с.с. кезеңсіздіктерді меншік
қатынастарының даму заңды-
-----------------
Толымбеков С.Е. Қазақстандағы XҮІІІ-XX ғ.ғ.б.д. көшпелілер қоғамы.
–Алматы, Наука; 1971.
лықтарын ижете түсінбеу, сондай-ақ әсіре-қызыл солшылдардың науқасы
деп бағалаған дұрыс болар.
Меншік жүйесіндегі қайшылықтар жүйесі дамудың көзі ретінде шаруашылық-
мүлік қатынастарының, басқару және мемлекеттік реттеу шаралараларының,
сондай-ақ еңбекке қабілеттілік қатынастарының көрінісі – адам құқығын
өркендетудің кешенді шаруаларын бағалауға мүмкіндік береді. Осы негізде
әлеуметтік және жеке адам қатынастарының тарихи-логикалық даму
заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Осыған байланысты меншіктің
экономикалық категория ретіндегі ішкі қайшылықтарын, яғни даму көздерін
нақты атауға болады. Ғылыми сараптау тарихы қалыптасқан, өркениет
мәдениетінің белгілі кезеңдеріне тән әлеуметтік Қауымдастықтардың қоғамдық
болмысы мен қоғамдық санасынан туындайтын үш табын негіздеп береді.
1. Қажеттіліктер мен мүдделердің қаншалықты бірлігінің жүйесі.
2. мүдделер мен өзгерістер факторларының өзара тәуелді байланысы.
3. Қажеттіліктер мен өндіріс факторларының өзара тәуелділігімен даму
ерекшеліктері.
Бірінші мәселенің шешщімі, тіпті жеке адам тұрғысынан алып қарағанның
өзінде күрделі зерттеулерді талап етеді. Бұл мәселе бойынша қоғамтану және
адамтану ғылымдары әлі де түпкілікті шешімін таппаған сұрақтар баршылық.
Қажеттіліктің (материалдық, рухани, әлеуметтік) мүддеге айналуының
заңдылығы адамның санасы мен сезімінің, тәрбиесі мен психологиялық
ерекшеліктеріне және қоршаған ортаға байланысты кешенді қатынстарының
туындысы болып табылады. Мүдделілікті іс-әрекеттің ішкі қозғалысы деп әрбір
адамның іс-әрекетінің бағыты бөлек көрсетілген.
Бір адам еңбекпен, ал екіншісі біреуді қылмыстық жолдармен мал
таппақшы.Бұл процеске қоғамдық сапаның, сондай-ақ әлеуметтік қауымдастықтың
даму ерекшеліктерін қосатын болсақ, онда меншік тұлғаоарының қажеттіліктері
мен мүдделерінің күрделі қозғалысын көруге болады. Қажеттіліктер мен
мүдделердің өзара тәуелді байланысы әртүрлі бағытта, атпап айтқанда
----------------
Байжұмаев Б. Меншік қатынастарын оқып-үйренудің методикалық мәселелері.
–Алматы, ҚазМУ; 1993.

спиральды серпінді қозғалысқа сәйкес дамиды. Мүдделердің қалыптасқан
дәрежесі деңгейі өндірістік қатынастар жүйесі арқылы қажеттіліктердің
дамуына, түп өзгерістеріне серпінді қозғалыс береді. Мысалы, отбасы
мүддесіне, оның қажеттіліктерне әсер жай ғана арифметикалық қосынды емес,
геометриялық прогрессия денгейіндегі қозғаушы фактор ретінде қарастыруымыз
қажет. Ру, тайпа, ұлт мүдделерінің жеке адам қажеттіліктеріне әсері туралы
сараптаудың күні бүгінге дейін толық математикалық моделі жоқ екендігін
ескеру қажет. Сол себепті қажеттіліктер мен мүдделердің қайшылықты бірлігі
адам өмірін ұдайы өндіру арқылы жалпы меншік ұғымының және қатынастардың
аса маңызды әлеуметтік жағын, сондай-ақ мән-мазмұнын айқындайды. Бұл
қатынас адам сапасында әлеуметтік қауымдастықтың туындысы ретінде
бейнеленеді. Адам өзін адам ретінде тек қауымдастықтың шеңберінде ғана
танып-біледі, сол арқылы ғана ерекшеленеді, өзін-өзі игереді, немесе
тәрбиелейді. Өзін-өзі игеру, меңгеру дегеніміз меншіктің негізгі элементі,
адамның табиғаттан айырмашылығының көрінісі ғана сонда жеке адамдық пен
қауымдастықтың қатынасы арқылы көрінеді.
“Мен” және “меншік” ұғымдары әр денгейдегі адамның әлеуметтік болмысы
деп айтуға әбден болады. Бұл құбылыстар, қажеттіліктер және мүдделер өмір
сүру ортасына сәйкес, яғни жерге, еңбекке қабілетіне қатынастарының
қайшылықты сипаты ретінде көрінеді.
Жалпы қажеттіліктер мен мүдделердің қайшылықтары үйлесімділік (ұқсастық-
айырмашылық) заңын негіздеу қажеттілігі туындайды. Бұл заң адам санағындағы
потенциялдық қатынас ретіндегі адам болмысын идеалды бейнеден нақты жеке
адамның өзіне сәйкес ерекшелігін айналдырады. Іс-тәжірибе немесе өмір сүру
жағдайларына сәйкес меншік қатынастарында адам факторының белсенді ролін
көрсетеді.
Мүдде –дегеніміз, біріншіден, қажеттіліктерді бейнелеу арқылы іс-әрекет
моделін айқындау. Екіншіден, қажеттіліктерді нақты өндіріс жағдай
шарттарымен (факторларымен) үйлестіру қажеттілігі. Қажеттіліктер мен
мүдделердің ұқсастық(ерекшелік) заңды негізіндде нақты әлеуметтік
заңдылыққа айналады. Ал, өндіргіш күштердің дамуы еңбек мазмұнына әсер ету
арқылы меншіктің құрылымын өзгертеді.
Меншіктің даму заңдылықтарына әсер етуші заңдардың бірі
қажеттіліктердің орта түсу заңы болып табылады. Меншік тұлғаларының күрделі
шаруашылық құрылымы және материалдық, рухани, әлеуметтік қажеттіліктер
түрлерінің біреуімен көп деңгейлі күрделі қатынастар жүйесі қалыптасады.
Қоғамдық процесс нәтижесінде олардың арақатысы өзгеріп, әлеуметтік-рухани
қажеттіліктердің арта түсуі жеделдейді, сөйтіп, бірте-бірте шешуші күшке
айналады. Бұл заңдылық адам мүддесінің меншік иесі немесе еңбек факторына
жіктелумен одан әрі күрделене түседі. Ендігі уақытта идеалды қайшылықтар
“қажеттілік-мүдде-еңбек” сипатында нақты бейнеленетін болады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастары және ерекшеленген жұмыс
күшіне меншіктің әлеуметтік болмысы “мүдделер жіктелуі” құрлысын
негіздейді. Мұның өзі экономикалық, әлеуметтік заң болып табылады.
Қажеттіліктер мен өндіріс факторлары арасындағы қайшылықтардың бірлік
сипатын көрсету үшін келесі пікірлерді келтіруге болады.
- иемдену, оның жүзеге асу тәсілдерімен тікелей қатынаста дамиды
1.
- белгілі бір өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтығын иемдену
дегеніміз жеке адамдардың қоғамдасуын дамытумен тең 2.
Бұл екі қағида қоғамдық еңбек бөлінісі дамуына сәйкес жеке адамдардан
материалдық, жеке адамдық фактордық мен тұтынудың қанағаттандырылу дәрежесі
және сапасы арасында қайшылық арта түседі, мүдделер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы
Мемлекет иелiгiнен алу – меншiк қатынастарын қайта құрудың шешушi бөлiгi
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Бөлу теориясы: өткен мен бүгінгі
ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТАБЫСТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КУРСОВАЯ
Меншіктің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы экономикалық ілімнің даму эволюциясы
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ
Табыс
Пәндер