Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ... ... ... ... ...5.
1.1 Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы түсінік ... ... ... ...5
1.2 Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды химиялық өндірісте қолдану ... 10
2.2 Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды энергетика өндірісінде пайдалану.13
2.3 Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды мұнай және газ өндірісінде қолдану ... ..15
2.4 Шикізатты кешенді пайдалануда қолданылатын аз қалдықты технологиялары ... .17
2.5 Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму ... ... ...20

3 ӨСКЕМЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОМБИНАТ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР24
3.1 “Казцинк” өнеркәсібіндегі тазарту қондырғыларының қысқаша сипаттамасы ... ..24
3.2 “Казцинк” өнеркәсібінде орнатылатын аз қалдықты технологиялар ... ... ... .28
3.2.1 Кондуктометриялық концентратометр “АЖЭ . 8Б” ... ... ... ... .28
3.2.2 Сериясы 1010 көп қызмет атқаратын ультрадыбысты әмбебап өтім өлшеуіш...29
3.2.3 “Экотест.120” анализаторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

4 ҰСЫНЫЛАТЫН АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ...35
4.1 Ұсынылатын ағындарды тазалау нұсқасының экономикалық нәтижелілігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География факультеті

Геоэкология және табиғи орта мониторингі
кафедрасы

Дипломдық жҰМЫС

Қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологияларды Өндірісте пайдалану Өзектілігі

Орындаушы:
5 курс студенті
Альджанова Н.К

Ғылыми жетекші
б.ғ.к., доцент __________
Сабырбаева Х.С.
(қолы, күні)
Нормабақылаушы
г.ғ.к., доцент ___________
Таланов Е.А.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ___________
Павличенко Л.М.
(қолы, күні)

Алматы, 2006

РЕФЕРАТ

Жұмыс тақырыбы: “Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте
пайдалану өзектілігі”. Бет саны – 43, кесте саны – 8, сурет саны – 12,
пайдаланылған әдебиет көздері - 24.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қалдықсыз және аз қалдықты технологияларға
түсініктеме беру, бұл технологиялардың бүгінгі таңда өндірісте пайдаланылу
өзектілігін көрсету, ғылыми-техникалық революция нәтижесінде қоршаған
ортаның оптималды жағдайына келуі үшін аз қалдықты технологиялардың
маңыздылығын айқындау, еліміздің экономикасы мүмкіндігімен пайдалануға
болатын аз қалдықты технологиялардың мысалы ретінде “Казцинк”
металлургиялық кешенінде ақаба суларды тазалау сапасын арттыратын қалдықсыз
және аз қалдықты технологиялардың экономикалық нәтижелілігін көрсету,
қоршаған ортаның ластануымен күрес барысының тәжірибесімен байланысты
қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды ендіру міндеттілігін айқындау.
Жұмыстың өзектілігі: қоршаған ортаның ластануын азайтудың, табиғи ортаны
қалпына келтірудің бірден бір жолы – аз қалдықты және қалдықсыз
технологияларды енгізу. Жұмысты орындау барысында аз қалдықты және
қалдықсыз технологиялардың әртүрлі өндірістерде пайдаланылуы, Өскемен
металлургиялық комбинатында ақаба суларды тазалау сапасын көтеретін
қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар ұсынылды, ол технологиялардың
экономикалық нәтижелілігі есептелді.
Кілтті сөздер: қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар, өндіріс
қалдықтары, ресурсты сақтау, табиғатты тиімді пайдалану, тазарту
қондырғылары, қалдықсыз өндіріс, химиялық өндіріс, мұнай жән газ өндірісі,
энергетика, ақаба сулар, шикізатты кешенді пайдалану.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологиялар ... ... ... ... ...5.
1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы

түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӨНДІРІСТЕ
ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды химиялық
өндірісте қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды энергетика
өндірісінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды мұнай және газ өндірісінде
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
4. Шикізатты кешенді пайдалануда қолданылатын аз қалдықты
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
5. Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму ... ... ...20

3. Өскемен металлургиялық комбинат ӨнеркӘсібінде ақаба суларды тазалауда
пайдаланылатын қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологиялар ... ... ... ...24
1. “Казцинк” өнеркәсібіндегі тазарту қондырғыларының қысқаша
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2. “Казцинк” өнеркәсібінде орнатылатын аз қалдықты
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..28
1. Кондуктометриялық концентратометр “АЖЭ – 8Б” ... ... ... ... .28
2. Сериясы 1010 көп қызмет атқаратын ультрадыбысты
әмбебап өтім өлшеуіш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3. “Экотест-120” анализаторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

4. Ұсынылатын аз қалдықты технологиялардың экономикалық нӘтижелілігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ...35
4.1 Ұсынылатын ағындарды тазалау нұсқасының экономикалық нәтижелілігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

КІРІСПЕ

Адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен
биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна
түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер
туғызады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-
шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды,
олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың
даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына
байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған,
сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тастауға, көмуге, зиянсыз түрге
айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.
ХХІ ғасырда ғаламдық экологиялық проблемалардың қатарында табиғи
ресурстардың көптеген түрлерінің сарқылу қауіптілігі және сонымен
байланысты өндірістік-тұрмыстық қалдықтардың үлкен көлемінің жинақталуы
нәтижесінде қоршаған ортаның қарқынды түрде ластануы маңызды орын алады.
Бұл жағдайда экологиялық ресурс сақтау проблемаларына ерекше көңіл аудару
керек. Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қана
қоймай, қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта
ластанудан қорғалынады.
Қоршаған ортаның ластануымен күрес барысының тәжірибесінде қалдықсыз және
аз қалдықты технологияларды ендірудің міндеттілігі туды. Аз немесе
қалдықсыз технологиялар кешені ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің
шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік
кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы
басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады. Қалдықсыз өндіріс дегініміз
- өндіріс қалдықтары минимумға келтіріліп немесе толығымен екінші ретті
материалдық ресурстарға өңделген кездегі технологиялық процестердің
формасы.
Дипломдық жұмыс мақсаты: қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды
өндірісте пайдалану өзектілігін көрсету, ғылыми-техникалық революция
нәтижесінде қоршаған ортаның оптималды жағдайына келуіне аз қалдықты
технологиялардың маңыздылығын айқындау, Өскемен металлургиялық
комбинатында ақаба суларды тазалайтын аз қалдықты технологиялардің
экономикалық тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмыс міндеті:
- аз қалықты және қалдықсыз технологияларға түсініктеме беру;
- қалдықсыз технологиялардың өндірісте пайдаланылу түрлерін көрсету;
- аз қалдықты технологиялардың пайдаланылу барысындағы экономикалық
нәтижелілігін есептеу;
- қалдықсыз және аз қалдықты технологиялардың өндірісте пайдаланылу
маңыздылығын айқындау.

1. Қалдықсыз жӘне аз қалдықты технологиялар

1.1 Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар туралы түісінік

Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі өндірістердің экологиялық
эффективтілігін қамтамсыз ету жолдарында маңызды өзгерістерге әкеледі.
Экологиялық эффективтілік дегеніміз – қоршаған ортаға тиетін әсерді
минимизациялау. Бүгінгі таңда ластану салдарымен күресуге бағытталған
уақытша сипаттағы шаралардың орнына ұзақ мерзімді шараларды қолданады.
Қоршаған ортаның ластануымен күрес барысының тәжірибесінде қалдықсыз және
аз қалдықты технологияларды ендірудің міндеттілігі туды. Қалдықсыз деген
ұғым – салыстырмалы ғана шама. Табиғаттың өзінде де қалдықсыз ешнәрсе жоқ.
Бұл терминнің түсінігі өндіріс пен өнеркәсіп технологияларын дамытып,
энергия мен шикізатты толық игерумен байланысты.
Қалдықсыз өндіріс – қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығармайтын
шаруашылық қызмет үшін шартты түсінік. Кез келген өндірістің дерлік
пайдаланған энергия түрінде болса да қалдықтары болады.
Н.Ф. Реймерс қоршаған орта есебімен табиғи жүйенің дамуының экологиялық
заңына сүйене отырып, табиғи ортаның оқшауланған түрде өзіндік дамуының
абсолютті түрде мүмкін еместігін анықтаған. Термодинамика прициптеріне
негізделе отырып, абсолюютік қалдықсыз өндіріс болу мүмкін емес, ол
“мәңгілік” двигательді құрумен тең болар еді деп ұйғарады [5].
Табиғатта тек үш технологиялық сатыдан тұратын аз қалдықты технология
болады:
1) ресурс сыйымдылығы және елеусіз қалдықтар;
2) өндірістің айналымдылығын құру (бір өндірістің қалдықтары екінші
өндіріске шикізат болу мүмкін) ;
3) улы қалдықтарды утилизациялау немесе көму.
Барлық осы үш саты біртұтас өндірістік процесті құрай алады.
Ресурсты сақтау, ресурс өндірісі секілді, табиғи-ресурстық әлеуетті
орнықты түрде сақтау және қайта қалпына келтіруге (толығымен немесе
бөлшектеп) бағытталған. Ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың әр түрлерінің
жойылу, бөлшектеп немесе толығымен сарқылу қаупі туған кезде жүзеге
асырылатын әртүрлі мелиоративті және басқа шаралардың көмегімен атқарылады.
Ресурсты сақтау процесі табиғатты тиімді пайдалану принциптеріне және
ресурсты сақтайтын технологияларды пайдалануда негізделеді (сурет 1).
Қалдықсыз технология дәйекті түрде мүмкін емес, теориялық түрде
қалдықтардың барлық түрлерінің минимумы кезінде мүмкін. Тәжірибелік
қолдануда бір өндірістің қалдықтарын басқа өндіріске шикізат ретінде (сирек
кездесетін металдардың “таза” металлургиясы) қолдануға рұқсат ететін
өндіріс технологиясы ғана іске асады. Алайда шикізатты пайдаланғанда мүлдем
қалдықтың болмауы көп жағдайда орын алмайды. Энергиялық қалдықсыздық мүмкін
емес.
Аз қалдықты технология қатты, газ тәрізді және жылу қалдықтардың
минимумымын алуға рұқсат етеді [7].
Ресурсты сақтау технологиясы – табиғи жағдайлардың минималды түрде
бұзылуымен жүзеге асатын табиғи ресурстар және олардан жасалған өнімдерді
пайдаланудың минимизациясы.
Экологиялық технология – табиғатқа тән процестер типімен, кейде оның
жалғасы ретінде (ғарыштық кеме жағдайларындағы жасанды орта, топырақты
өңдегендегі үйіндісіз егін шаруашылығы және т.б.) құрылған технология.
Қайтымды сумен жабдықтау – пайдаланған судың технологиялық және
шаруашылық-тұрмыстық айналымдарға (тазалаудан кейін немесе тазалаудан
бұрын) қайтадан (кейде көп мәрте) түсуі.
Сусыз технологиялар технологиялық процестен суды толығымен немесе
бөлшектеп шығаруға есептелген [9].
Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жою - өндіріс, тұрмыстық және ақаба су
қалдықтарын екінші текті шикізат ретінде басқа өнім алу үшін пайдалану
(сонымен бірге, реутилизация, мысалы, макулатурадан қағаз дайындау).

Ресурсты сақтау

Сурет 1.

Табиғи ресурстарды басқа ресурстармен алмастыру – ресурстың бір түрін,
оның тапшылығы немесе басқа себептері жағдайларында (ағаш жанармайын тас
көмірмен немесе табиғи газбен алмастыру), басқа ресурстармен алмастыру.
Биоалуантүрлілікті сақтау – Жердің биосферасын өсімдік және жануарлардың
биологиялық алуантүрлілігін сақтау жағдайларын қамтамасыз ету.
Ландшафттарды қорғау, қорықтарды ұйымдастыру – ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың әр түрлерін ұйымдастыру үшін “жабайы” табиғаттың эталондары
ретінде адам аяғы баспаған (аз өзгертілген) жер және аквальды
ландшафттарды сақтау [1].
Ресурсты сақтау өндірістің экологизациясымен тығыз байланысты. Өндірістің
экологизациясы дегеніміз – белгілі бір аумақтың табиғи ресурстарын
пайдалану нәтижелілігін көтеретін аз қалдықты және қалдықсыз
технологияларды және басқару шешімдерін экономика саласына енгізу бойынша
мақсатталған әрекет.

2. Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай
шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда
тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 2 -суретте өнеркәсіп
қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне
байланысты топтастыруда сулы ерітінділер шламдарға араласқан (органикалық
және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер
жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары,
органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен болмайтындар) жатады.
Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қана
қоймай, қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта
ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялар кешені
ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз
өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені
орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде
пайдаланылады [2].
Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда
пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты
бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады.
Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді
сулар ағынға жіберіледі.
Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша жер қойнауынан жыл сайын 100 млрд.
тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. т. мұнай және газ,
2 млрд. т. көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92 млн. т.
минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. т. улы химикаттар пайдалынылып, олар да
жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн тоннаның үстінде көміртек оксиді,
53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т. көмірсутектері, 146 млн. т
күкірт диоксиді, 250 млн. т шаң тәрізді қалдық ретінде шығарылынылады. Ал,
су қоймаларына жыл сайын орта есепппен 32 млрд. м.3 тазаланбаған су,
әлемдік мұхиттарға – 10 млн. т. дейін мұнай тасталынылады. Осы жағдайларға
байланысты қоршаған ортада пайда болатын қолайсыз өзгерістер қайтымсыз
түрге айналып отыр [15].
Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының
арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану
мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек.
Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе
өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса,
экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз
әсер де жойылып отырады.
Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтарды екі топқа бөледі -
өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.
Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе
түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың,
материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар
шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда
және байытқанда шыққан, бірақ та өндірістік процестің бағытталған
мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді.
Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат
ретінде басқа өндірісте немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс
қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба
суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады [21].
Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну
қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында
белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға
асырылмайтын болып бөлінеді.
Пайдаға асырылатындарға - өңдейтін технология болғанына байланысты
өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат,
шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдалынылатын
қалдықтар жатады.
Қазірге кезде өңдеу жүргізетін технологияның жоқтығына және алынған
өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан
қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтындарға жатқызады [13].
Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық
жолмен өңдегенде немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл
өнімдерге мемлекетттік стандарт белгіленеді және баға қойылады.
Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын
және жанбайтын топтарға бөлінеді.
Қалдықтарды агрегатты күйіне байланысты топтастыру

Сурет 2.

Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар,
кестер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар және т.б. жатады. Бұларды
өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.
Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макулатура,
тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар,
пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді
жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық
цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады
немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің
нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі [4].
Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының,
тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға)
немесе теңіз түбінің терең ойпаңдарына қайтадан шықпайтындай етіп
орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп
көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі
болып табылады.
Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз қолданылатын шара, себебі бұл
жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады.
Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы
олардың көлемін азайтуға болады.
Улы қалдықтардың әр уақытта қауіптілік (уақыттылық) класын негізге ала
отырып, оларды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылданды
[8].

1. ҚАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНУ

2.1 Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды химиялық өндірісте қолдану

Бүгінгі таңда химиялық өндірісте пайда болатын қалдықтардың көлемі
азаймауда, ол өз кезегінде табиғатты қорғаудың жаңа талаптарына сәйкес
келмейді. Сондықтан технологиялық процестерді бастапқы материалдарды
өндіргеннен кейін оларды кешенді түрде қайта өңдеу мақсатымен жетілдіріп,
қалдықтар көлемін азайтып, оларды қоршаған ортаға елеусіз әсерін тигізетін
немесе екінші рет өңдеуге келетін формаға келтіру керек, яғни аз қалдықты
және қалдықсыз технологияларды шығару керек. Қоршаған ортаны қорғау
мақсатымен технологиялық процестерді жетілдіруде негізгі түсініктерді
қарастырайық.
Қалдықсыз өндіріс дегініміз - өндіріс қалдықтары минимумға келтіріліп
немесе толығымен екінші ретті материалдық ресурстарға өңделген кездегі
технологиялық процестердің формасы. Қалдықсыз өндірісте тұйық және
энергиялық ағындары бар негізгі компонеттері бойынша тепе-теңдікке
келтірілген технологиялық сызбаларды пайдалану қажет. Технологиялық
сызбалардың тепе-теңдікке келтірілуі электрохимиялық өндіріс мысалында
келтіріледі: NaCl электролизі кезінде негізгі соңғы өнімдер болып
табылатын NaOH және Cl2 түзіледі. Сонымен бірге бірінші өнімдегі қажеттілік
едәуір жоғары және хлор бойынша технологиялық сызбаның тепе-теңдігі үшін
өндіріс құрамына электролиз нәтижесінде түзілген артық хлорды пайдаланатын
хлорорганикалық және басқа өнімдерді алу процестері кіреді [10].
“Қалдықсыз өндіріс” термині салыстырмалы шама, өйткені іс-жүзінде
қалдықтардың толығымен дерлік жойылуы мүмкін емес. Дегенмен бұл термин
пайдалы, өйткені химиялық-технологиялық процестерді өңдеушілерді жаңа
құрылатын өндірістердің экологиялық эффективтілігін арттыруға бағдарлайды.
Қалдықсыз өндірістерде технологиялық циклдар ластаушы барлық ауа, газ
немесе су ағындары қоршаған ортадан оқшауланып, тұйық тізбектерде сақталып
және олардан міндетті түрде арнайы тазарту қондырғыларынан шығатындай етіп
ұйымдастырылған.
Ластанудан тазарту процесі – негізгі өндірістік процестерден кейін
ілесіп жүретін қосымша процестер, ал қалдықсыз технологиялық сызбада
олармен тығыз байланысты. Мұнымен қалдықтарды негізгі өндріс
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет ететін пайдалы өнімге қайта
өңдейді, басқа өнеркәсіптерге шикізат немесе жартылай фабрикаттар болып
табылады. Қалдықтарды тазалау жіне қайта өңдеудің қосымша процестері
негізгі өндірістің жалғасы болып табылады, ал мұндай процестерді жүзеге
асыру үшін қажетті қондырғылар барлық өндірістік кешеннің арнайы
спецификалық бөлігі болады [11].
Шикізатты кешенді пайдалану – қалдықсыз және аз қалдықты
технологияларды құрудың негізгі принципі. Шикізатты кешенді пайдалану
жағдайында негізгі технологиялық операцияларға жатады: негізгі өндіріске
қажетті емес пайдалы заттарды алу; бұл заттарды негізгі өндіріске немесе
басқа өнеркәсіптерге түсетін құнды өнімдер немесе жартылай фабрикаттар.
Өндірілетін химиялық өнімдердің көлемін арттыру, оның түрлеін
көбейту, сонымен қатар бұл өнімнің сапасын көтеру үшін табиғи шикізатты,
энергияны максималды түрде толық пайдаланып, қоршаған табиғи ортаға
минималды әсерін жүзеге асыру керек. Бұл мәселені шешуде амалдардың
маңыздылары:
1) еріген және өлшенген ластаушы қоспалардан су жүйелерін қазіргі кезде
қолданылатын тазарту әдістері негізінде тұйық технологиялық жүйелерді
құру;
2) химиялық өндіріс қалдықтарын жою жүйелерін өңдеу және енгізу;
3) өнімдердің дәстүрлі түрлерін алу үшін жаңа технологиялық процестерді
құру [12].
Әрбір өндірістік жүйеде қоршаған ортаны қорғау процестерін жетілдіру
жолдарын таңдау техникалық шешімдердің экономикалық негізінен, сонымен
бірге белгілі бір аймақтың табиғи ерекшеліктерінен тәуелді. Мысалы, біздің
еліміздің оңтүстік аймақтарында, химиялық өндірістер көп орналасқан
аймақта, су ресурстары тапшы. Мұндай жағдайларда бастапқы мақсат болып
қайтымды су айналымдарын енгізу табылады. Қала шегінде орналасқан химиялық
өнеркәсіптерде бір қатары ұшқыш компоненттер қалдықтарын, көбінесе
еріткіштер буларын қысқарту керек. Еріткіштертердің адсорбциялық
рекупирациясын енгізген кезде тек атмосфераға қалдық тарамай, олардың
едәуір бөлігі негізгі өндіріске қайтады. Сонымен әрекет етіп жатқан
өндірістерде аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды құру жолдары мен
әдістері бұл өндірістердің спецификасына негізделеді.
Қалдықтар негізінен химиялық өндірістің технологиялық процесінде,
технологиялық газдарды, өндірістік ақаба суларды тазалағанда, жөндеу
жұмыстарында және т.б. пайда болады. Өндірістік газ тәрізді қалдықтарды
жоюдың және оларды тауарлық өнімге қайта өңдеудің әртүрлі әдістері
шығарылған. Мысалы, күкірт қышқылы зауытында қалдық газдарынан күкірт
диоксидінің жұтылуы нәтижесінде атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар
алынатын қышқылдың жалпы көлемінен пайыздың жүздеген үлестеріне дейін
қысқарады. Мұндай қалдықтарды қысқарту үшін күкіртті газдарды
утилизациялайтын әртүрлі технологиялар қолданылады: адсорбцялық, аммиактік,
содалық, қышқылды-каталитикалық және т.б. Мысалы, қышқылды-каталитикалық
әдісі марганец ионының қатысуымен жүретін күкірт қышқылы ерітіндісінде
күкірт диоксидінің тотығуына негізделген, мұнымен өнеркәсіптің өндірістік
айналамында қолданылатын ерітілген күкірт қышқылы алынады:

2SO2 + O2 + 2H2O Mn2+→ 2H2SO4
Сонымен қалдық газдардан күкірт қышқылының жұтылу технологиясын енгізген
кездегі күкірт қышқылының өндірісі аз қалдықты ғана болмай, сонымен қатар
шикізаттың қосымша көзі алынады [13].
Күкіртті флотациялық байытқан кезде қалдықтардың төрттен бір бөлігі
жойылады. Бұл қалдықтарды 50 %-ға дейін азайтатын утилизация жүйелері
өңделіп енгізілуде. Қалдықтардың жартысы минералды тыңайтқыштар ретінде
пайдаланылатын болады, ал қиыршық тас құрылыс материалдары үшін
қолданылады. Қалдықтардың көп көлемі калий рудаларын қайта өңдегенде және
байытқанда шығады (қатты галитті қалдықтар және сазды-тұзды шламдар). Бұл
қалдықтардың көлемі игерілген руданың 70 %-ын құрайды және ондаған миллион
тоннамен өлшенеді. Қазіргі кезде бұл қалдықтардың негізгі массасы шлам
қоймаларына, тұз үйінділеріне немесе жер асты қоймаларына бағытталады.
Минералды және органикалық тыңайтқыштарға мұндай қалдықтардың едәуір бөлігі
кіреді. Құрамы 95 %-ы натрий хлоридінен тұратын галитті қалдықтар ас,
техникалық және азық тұздарын алу үшін пайдаланылады [14].

2. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды энергия өндірісінде
пайдалану

Энергетика – қоғамның ғылыми-техникалық прогресін анықтайтын экономиканың
базалық саласы. Оған халық шаруашылығының барлық басқа энергиялық
ресурстармен қамтамасыз ететін экономика салаларының жиынтығы кіреді.
Энергиялық ресурстарды сақтауда жылу энергетиксына, гидро энергетикаға және
энергияның екінші текті формаларын пайдалануға ерекше назар аудару керек.
Әлемдік экономикада жылу-энергиялық ресурстардың негізгі түрлері болып
табылады: көмір, мұнай, табиғи газ, гидравлика және т.б. (кесте 1).

Кесте 1 – Әлемнің жылу энергиялық тепе-теңдігінің құрылымы
(1966-2010), % [15]

Бірінші текті 1966 1970 1976 1988 1991 1996 2010
энергия тасығыштар жылға
болжам
Көмір 41,3 30,6 32,4 32,9 28,0 27,0 28,0
Мұнай 38,0 48,2 44,9 39,2 39,4 39,5 37,0
Табиғи газ 18,4 18,7 20,0 23,0 22,8 23,5 24,5
Гидроэнергия, 2,3 2,5 2,7 4,9 9,5 10,0 10,5
атомдық,
геотермалды және
т.б. энергия
Әлемде: барлығы 100 100 100 100 100 100 100

Сөйтіп, әлемдік энергетика құрылымында мұнай, табиғи газ үлесінің арту
жағына қарай тепе-теңдік көрсеткіштерінің біртіндеп өзгеруі байқалады.
Энергетика саласында қалдықсыз және аз қалдықты технологиялардың негізгі
көріністері 3-суретте бейнеленген.

Энергетика саласында аз қалдықты және қалдықсыз
технологиялар

Сурет 3.

ЖЭО-да қатты жанармайды үнемді жағу. Тас көмір, шымтезекте жұмыс
жасайтын бу қазандықтарының пайдалы әсер коэффициентін арттыруды білдіреді.
Күл және шлаутарды балластық және құрылыс материалдары ретінде пайдалану
[16].
ЖЭО-да мұнай өнімдерін үнемді жағу. Электроэнергия алу үшін мұнай
өнімдерін (мазутты) жағуды тек аэрозольды бөлшектердің жаппай түсуі
нәтижесінде ауа алабының ауытқулық ластануына себепші қалың тұман, тұмша,
штильдер құбылыстарымен байланысты ауа райылық жағдайларында жүзеге асыру
ұсынылады.
ЖЭО-да табиғи газды үнемді жағу. Табиғи газ – электр энергиясын
алудың ең таза көзі. Энергияның сарқылатын көзі ретінде оны пайдалану
табиғатты үнемді пайдаланудың ережелері мен нормативтерін қатаң сақтауды
талап етеді.
ГЭС-да су массасын пайдалануды реттеу. Гидроэнергетика – ағын судың
күшімен энергия алу. Перспективада оның үлесіне су ресурстарының шектелуі
салдарынан 5 %-ы ғаға тиесілі болады [17].
Биожанармайды пайдалануды шектеу. Биожанармайды пайдалануда
негізделген энергетика. Биомассаны жасанды түрде алуды көздейді (тез өсетін
ағаштарды, су балдарларын, құрақты және т.б. өсіру). Биожанармайдың негізгі
массасы тұрмыстық мақсаттардарға пайдаланылады.
АЭС-да ядролық реакторлардың оптималды жұмысы. Атомдық
электростанциялар жұмысының режимін сақтау.
Энергияның дәстүрлі емес көздерін ұтымды пайдалану. Жел энергиясын,
геотермалды көздерді және т.б. пайдалану регламентін жасау керек.
Энергетика – қоршаған ортаға әсер етуші күшті факторлардың бірі.
Энергетиканың ландшафттарға әсер етуін шектеу эффективтілігі жоғары
сүзінділер, ЖЭО-да газ тәрізді жанармай түрлеріне өту және т.б көмегімен
қала және өнеркәсіп орталықтарының ауа алабының ластануын азайтуды
қарастыру қажет. Энергетиканың қала және басқа елді мекендерге жан-жақты
жағымсыз әсерді азайта отырып, энергиялық қажеттіліктерге жанармай
шығындарын күрт азайтуға рұқат ететін ірі тізбектік энергиялық жүйелерді
құру және ұсақ электростанцилар санын қысқарту ақталды.
Энергиялық ресурстарды қорғаудың маңызды жағы өндірістік өнімнің
энерго сыйымдылығын қысқарту бағдаламасын, экологиялық таза, энергия
сақтайтын технологияларды енгізудә жүзеге асырудан тұрады [18].

3. Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды мұнай және газ өндірісінде
қолдану

Қоршаған ортаға әсер жер қойнауларының қалпына келмейтін ресурстарын
игеру процесінде сияқты, табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне әсер ету
құралы арқылы байқалады. Мұнай және табиғи газды игергенде жер асты және
грунт суларының деңгейі төмендейді, ішкі пласттық қысым азаяды, топырақ-
өсімдік жамылғысының тұтастылығы бұзылады. Мұнай және газды көп мөлшерде
өндіруімен түзілген ішкі пласттық қысымның күрт төмендеуіне байланысты
Солтүстік Каспий маңында техногенді жер сілкіністері байқалуда.
Грунт жолдарының бұғылау қондырғыларына және пайдаланалытаын
скважиналарға қарай жөнсіз орналасуы энергиялық топырақ эрозиясына әкеледі.
Игерілген мұнайдың ашық мұнайлы амбарларда (шұңқырларда) сақталуы – бұл
жерлерде топырақ-өсімдік жамылғысының толық жойылуына себепші. Каспий
теңізінің трансгрессиясы нәтижесінде көптеген мұнай скважиналарының
сағаларын су басып кеткен. Қазақстанда Каспий теңізі қайраңында мұнайды
бұрғылау процесінде ихтиофауна және теңіз жануарларының жойылумен (ХХ
ғасырдың 90 жж. аяғында теңіз ластануымен байланысты Каспий итбалығының
жаппай қырылуы) жүретін мұнайдың теңізге авариялық тасталмауы мүмкін
емес. Қазақстан Республикасындағы ірі мұнайгазоконденсатты кен орындар:
Теңіз, Құмкөл, Қашаған және т.б. [19].
Мұнай өндіргенде құрамы 99 %-ы метанан тұратын табиғи газ іліспелі өнім
болып шығады. Табиғи ресурстардың бұл түрі әлем экономикасында маңызды роль
атқарады. Табиғатты ұтымсыз пайдаланудың ең айқын көрінісі болып мұнай
өндіргенде пайда болатын табиғи газды жаппай жандыру табылады.
Мұнай және газ өндірісінде ресурсты сақтау технологиялары саласында
негізгі шаралар сарқылатын және қайта қалпына келмейтін ресурстарды үнемді
пайдалануға бағытталған (сурет 4) [20].

Мұнай және газ өндірісінде ресурсты сақтау

Сурет 4.
Мұнайды игеру коэффициентін жоғарылату. Мұнайды игергенде мұнай
пласттарының құрамындағы 45-50 % ғана мұнай алынады. Қалған мұнай тау
жыныстарында қалып қалады. Мұнайды толық игеру технологиясын жетілдіру
керек.
Пласттық қысымды қалпына келтіру. Мұнай скважиналарына суды айдау
мұнай кен орынның пайдалану мерзімін арттырып, мұнайдың “берілу” пйызын
жоғарылатады.
Ілеспелі газды пайдалану. Мұнайды игеру процесінде скважинадан жоғары
ілеспелі (табиғи) газдың көп көлемі шығады. Технологиялық және басқа
себептерге, қауіпсіздік техникасын сақтаумен байланысты скважинадан
шығатын газды жандырады. Қазақстандағы газ фаеклдері көптеген мұнай кен
орындарында кезедеседі, ол өз кезегінде тапшы табиғи ресурстаржы тиімсіз
пайлануын көрсетеді [21].
Табиғи газдың конденсациясы. Табиғи газды пайдалану оны жағу және
тұтынушыларға жіберу процесінде жүзеге асады (мысалы, Қазақстандағы
Маңғыстау түбегіндегі газ өңдеу зауыты газды мұнай химиялық өндірісте
пайдаланады).
Табиғи газ қоймаларының қондырғылары. Табиғи газды сақтау үшін каспий
маңы ойпатын құрайтын тұзды қабаттағы пласттарындағы кеңістіктерді
пайдалану. Мысалы, Азғыр полигонында жүргізілген жер асты ядролық
жарылыстардың нәтижесінде 1966-1979 жж. түзілген калий тұздарының
қабаттары.
Мұнай және газды игеру жерлерін рекультивациялау. Мұнайды игеру
жерлерін технологиялық және биологиялық рекультивациялау бойынша шаралар
кешенін жүзеге асыру.
Мұнайды игергенде төгілуіне жол бермеу. “Жер амбарларында” авариялық
төгілген мұнайдың сақталуына жол бермеу. Шұңқырларда сақталған мұнай,
топырақ грунттарын ондаған метрге дейін сіңіріп, оларды шаруашылық
айналымнан шығарады.
Мұнай және газ алабын пайдалануды оптимизациялау.
Мұнайгазоконденсатты алабын тиімді (ұзақ мерзімді және толық) пайдалану
жобасын жүзеге асыру қажет.

4. Шикізатты кешенді пайдалануда қолданылатын аз қалдықты технологиялары

Шикізатты кешенді пайдалану – оның шешімі қоршаған ортаны қорғауды
біршама жақсартуға көмектесетін ресурстарды үнемдеудің ең бір маңызды ауыл
шаруашылықтық мақсаты. Шикізатты осылайша пайдалану негізінен тау жынысын
құраушыларға бөлінуімен, яғни шикізатты байытумен өзіндік фракциялардың
үлкен санына сұйық және газ тәрізді заттарды бөлумен бағалы ақырғы өнімдері
түрінде оның құрама бөліктерінң бөлінуімен күрделі шикізаттың химиялық
өңдеуінің тереңдеуімен жүзеге асады.
Бүгінгі таңда тау жыныстарының, минералдардың, органикалық заттардың көп
компонентті қоспалардың едәуір мөлшері кешенді өңделуге ұшырайды. Мұнда бір
тау жынысынан әрқилы металдарды, металл емес элементтерді, қышқылдарды,
тұздарды, құрылыс материалдарын алуға болады. Осылайша қоршаған ортаны
ластайтын өндіріс қалдықтарының көлемі азаяды (үйінділер көлемі, шламм
мөлшері азаяды). Көптеген жағдайда шикізатты кешенді пайдалану әрқилы
өндірістердің комбинерлеуіне әкеледі [22].
Шикізатты кешенді пайдаланудың мысалы ретінде едәуір қорлары Кольск
түбегінде орналасқан апатитті-нефелинді тау жынысының өңделу сызбасын
келтіруге болады (сурет 5).
Тау жынысын ұсақтайды және флотация әдісімен апатит және нефелинге
бөледі. Нефелинді фракция нефелиннен, апатиттен, титан-магнетиттен және
сирек металдарды қоса алғанда аз мөлшерді минералдардан тұрады. Нефелиннен
сода, алюминий, галий, цемент алады, ал қалған компоненттер (мысалы,
ванадий, титан) осы уақытта дейін алынбаған және мекемелер жанында қоршаған
орта күйін төмендететін үйінділерге лақтырылады. Апатиттен фосфорлы
тыңайтқыштарды, фторидтерді, гипсты алады. Апатит және нефелинді химиялық
өңдеу алюминий зауыттарында және минералды тыңайтқыштарды өндіретін
мекемелерде жасал6ан және жүзеге асады [3].
Органикалық заттардың қоспасы борлып табылатын табиғи материалдарды
кешенді пайдалану мысалына көмірді коксо-химиялық өңдеу, мұнайды, шымтезеек
және ағашты өңдеу жатады. Бүгінгі таңда жанармайдың әрбір түрінен жүздеген
бағалы өнімді алады. Бұрын көмірді кокстағанда осы процестің жалғыз өнімі
кокс болды, яғни газ жағылды, атмосфераны жану өнімдерімен ластады, ал
смоланы су қоймалар және топырақты ластай отырып, ласқтырды. Бүгінгі
таңдағы коксо-химиялық мекемелерде коксты газдан ароматты көмірсутегілерді,
аммиакты басқа құнды өнімдерді бөледі, мұннан кейін газ бөлігі фракцияларға
(сутегі, метан, этилен) бөлумен терең салқындатылады. 300-ден астам
органикалық заттарды құрайтын смоланы компоненттерге бөледі және құнды
өнімдерді алу мақсатында өңдейді. Осылайша, қоршаған ортаның потенциалды
ластаушылары көптеген жаңа химиялық өндірістердің шикізатты көздеріне
айналды. Бір шикізатты кешенді пайдалану негізінде бірнеше өндірістерді
комбинерлеу қоршаған ортаны қорғау талаптарын есепке ала отырып,
өнеркәсіпті өндірістің прогрессивті формасы болып табылады. Шикізатты
кешенде пайдалануда комбинерлеудің бірнеше формалары бар [17].
Негізгі өндірістің қалдықтарын пайдалану мен мекемелердң комбинерлеудің
типтік мысалы – түсті металлургия зауыттарының химиялық,бірінші кезекте
күкірт қышқылы зауыттары бірігуі. Металлургиялықпен біріккен күкірт
қышқылының өндірісі соңығысының қалдықтарына, яғни флотациялық колчеданнан
және құрамында күкірт диоксиді бар пеш газраныа базаланады. Комбинерлеу
техникалық прогреске, яғни қоршаған ортаны қорғау қатынаста прогрессивті
мекемелерде жаңа техника және технологияна ендіруге әрекет етеді. Күкірт
қышқылды мекемелерді металлургиялық мекемемелермен комбинерлегенде
құрамында күкірт диоксиді бар газдарды алу үшін жандыру жүйесін жетілдіру
қажет. Сондықтан да түсті металлургия концентрациясын жағу үшін аппаратура
жіне коммуникацияны герметтей отырып, сәйкес тазарту қондырғылары бар
қайнату қабатындағы белсенді пештерді пайдаланады және нәтижесінде қоршаған
ортаның күйі жақсаратын басқа шаралар өткізеді [1].

Апатитті-нефелинді жынысты кешенді пайдалану сызбасы

Сурет 5

Қалдықсыз өндіріс химиялық шикізатта құралатын барлық компоненттері толық
максималды технологиялық пайдалануда құралады.
Қоршаған ортаны қорғауды жетілдіру перспективті технологиялық
процестермен тығыз байланысты, ол едәуір уақытты және капиталды шығынды
қамтамасыз етеді. Сондықтан да күн мақсаты - шикізатты кешенді пайдалану
үшін өндірісті комбинерлеу. Осындай оптимизацияда шектеу болып ресурстардың
жалпы көлемі табылады. Ал мақсатты функциясы оның қабілеттілігін және
өзіндік тазаруын есепке ала отырып, табиғи ортаға оның жүктелуін
минимизациялау [4].

2.5 Улы өндіріс қалдықтарын зиянсыздандыру, өңдеу және көму

Халық шаруашылығының барлық салаларында пайда болған қалдықтарды
бақылауда ұстап, тиісті жолдармен жиынтығы 6-суретте келтірілген.
Қатты қалдықтарды қолдануға бағытталған процестерді қиындататын олардың
кейбір қолайсыз қасиеттері 6-суретте берілген.
Қалдықтарды зиянсыздандыу төрт әдістен тұрады: жағу, химиялық немесе
биологиялық жолмен бейтараптау, көму арқылы жүргізіледі.
Әртүрлі жылу физикалық қасиеті бар қалдықтарды жағуға арнайы арналған
қондырғылардың конструкциялары жасалған. Кейбір өнеркәсіптерде жағу процесі
қазандықтың күш беріп жанғыш затқа айналдарыды. Жанғыш қалдықтардың бәрі
жағылады. Қалдықтарды жағуды 1000-1200 0С шамасында жүргізген орынды,
себебі бұл жағдайда атмосфераға бөлініп шығатын ластаушы заттардың көлемі
минимумға дейін төмендейді [9].
Бірқатар елдерде қауіпті қалдықтарды жағуға өте жоғары температураны
ұстай алатын цементтік пештер қолданылады. Негізінде цементтік пеште
химиялық тазартуға пайдаланылған өнеркәсіп ерітінділері, баспа бояулары,
бояу сұйылтқыштары мен олардың қалғындылары, қолданылған майлар және
жанғанда көп жылу бөлетін органикалық қалдықтар жағылады. Қалдықтарды
көмудің орнына жою үшін жағу әдісін қолданған тиімді келеді, себебі оларды
жаққанда бөлінген жылуды цемент шығаруға пайдаланса, осыған жұмсалатын
біраз отынның мөлшері қысқартылады.
Жанбайтын улы қатты және паста тәрізді 2 және 3-кластық қалдықтарды
зиянсыздандыру оларды тығыздап қалыңдығы 1 м-дей саздан немесе бетоннан
жасалған шұңқырларға көму арқылы жүзеге асырылады [21].
Қазақстанда ең кеңінен қолданылатын әдіске бір қалдықтың түрін екінші
қалдықтармен зиянсыздандыру жолдары жатады. Мысалы, байыту фабрикалараның
қышқылды ерітінділері арнайы тұндырғыш-тоғандарға бір-бірін бейтараптау
үшін бірге жинайды.
Сонымен қатар қазіргі кезде коксохимиялық зауыттардан шығатын күкіртті
смолалы заттарды бейтараптауға азот тыңайтқыштарын өндіретін зауыттардың
әкті шламдары қолданылып жүргені белгілі. Ал көмірді кокстауда бөлініп
шығатын құрамында күкіртті сутегі бар газ аммиак суымен бейтараптанады
[20].

Қалдықтарды меңгеруге бағытталған жолдар

Сурет 6

Өңдеуге қолданылатын технологиялық процестердің жүру барысының қиындауына
соқтыратын қатты қалдықтардың қолайсыз қасиеттері

Сурет 7

Әдетте улы емес жанбайтын қаттты қалдықтар ашық жерде сақталынады немесе
жай көміледі.
Құрамында 1-3 қауіптілік кластарына жататын заттары бар қалдықтарды
көмуге тыйым салынған, сондықтан полигонға жіберер алдында өнеркәсіптің
өзінде оларды сусыздандырып пасталық түрге айналдырады [1].
Өте улы қалдықтарды, әсіресе, құрамында мышьяк пен кадмий барларын,
зиянсыздандыру мен көму ерекше назар аударуға жатады. АҚШ-та түсті
металлургияның мышьягі бар қалдықтары цементпен араластырылып, су
өткізбейтін жыныстарда орналасқан арнайы полигондарда көміледі. Жапонияда
құрамында кадмийі бар қалдықтарды пісіру арқылы суға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар жайында
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар
Өндірістік қалдықтар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық процестер
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Нан –өндірісінднгі қалдықсыз технология
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Пәндер